Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отв салы0.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆
  1. ҚР-ң коституционалды салық салу принциптері

  2. Табыс, салықтың қайнар көзі

  3. Рейганомика. Лаффер қисығы

1-сұрақ. 3-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.        2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

      4-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші салық міндеттілігін, салық агенті - салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

      5-бап. Салық салудың айқындылығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

      6-бап. Салық салудың әділдігі принципі

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.        2. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

      7-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты біртұтас болып табылады.

      8-бап. Салық заңнамасының жариялылығы принципі

      Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

2-сұрақ. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін қарастырсақ, өте салмақты орын алатынын көреміз. Өйткені осы салада материалдық өндіріс пайда болады, яғни жаңадан өнім жасалып айналысқа жіберіледі. Оның бәрі жалпы түрде ұлттық табыстан көрсетеді, ал ұлттық табыс мемлекеттік бюджеттің қайнар көзі болып табылады- себебі ұлттық табыс – салықтың көзі.

Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық. Салық төлеушілер- салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік коорпоративтер, коммерциялық ұйымдар). Оның ішінде:

-ҚР-сы Ұлттық банкісінен басқа резиденттер және резидент емес заңды тұлғалар;

-Кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар;

Салық салу объектісі болып салық салынатын табыс саналады. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жылдық жиынтық табыс- заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде түрлі көздерден алынған табысы. Бұған кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады.

Заңды тұлғалар үшін табыс салығының ставкасы мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

—         Жалпы заңды тұлғалар үшін – 30%

—         Негізгі құралдар жабдығы болып табылатын заңды тұлға оны тікелей пайдаланудан алынған табысынан — 10%

—         Арнайы экономикалық аймақтарда жұмыс жасайтын заңды тұлғалар үшін — 20%

Табысты төлеу көзінен салықты ұстау арқылы, жылдық жиынтық табыс туралы декларация беру жолымен, патент негізінде төлейді.

3-сұрақ. Рейганомика - 1981 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейганның міндет атқарудың алдында айтқан әлуметтік-экономикалық бағдарламасы, АҚШ-та және шет елдерде кең таралды.

Ұсыныс экономикасы теориясы. 1970-1980-жылдары танымал болған бұл бағыттың негізін салған болып американ экономисі Артур Лаффер (1941 жылы туылған) табылады. Бұл теория 1970-жылдары орын алған энергетикалық дағдарыстан кейнстік талдау әдістері негізінде нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің айтарлықтай әлсіреуіне байланысты орын алды. Неоклассикалық батыстық бағыт экономиканы сауықтырудың жаңа әдістерін іздестірумен болды. Лаффердің және оның жақтастарының көзқарастары тұрғысынан, экономикалық дамудың факторы деп сұранысты емес, ұсынысты қолдау және кәсіпкерлердің инвестициялық қызметін ынталандыру керек дейді. Негізгі қағидасы болып мемлекеттің экономикаға араласуын барынша төмендете отырып жеке кәсіпкерлікке көмек беру табылады. Мемлекеттік қаржылар басты құрал ретінде қарастырылады, яғни салық мөлшерлемелерін төмендету жолымен кәсіпкерлікті дамытуға маңызды түрде көңіл бөлінеді. Лаффердің теориясы және оның тәжірибелік қорытындылары сол кездегі АҚШ Президенті Рональд Рейганның «Рейганомика» атты мемлекеттік саясатында көрініс тапты.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.  Лаффер қисығы – бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшер-лемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып және өз табыстарының бір бөлігін жасырып «көлеңкелі» бизнеске кетуі мүмкін. 100%-дық салық мөлшерлемесі кезінде экономикалық қызмет толығымен тоқтайды. Лаффер қисығы 14.1-суретте көрсетілген. Сонымен, Лаффер әсері – бұл кәсіпкерлік табысқа салынатын салықтар-дың тым жоғары болуына байланысты инвестициялық белсенділіктің жоғалуы мен еңбекке ынтаның төмендеуі салдарынан ресми экономиканың көлеңкелі экономикаға өтуі. О рдинат бойында салық мөлшерлемесі (R), абцисс бойында мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (Y) бейнеленген. Онда салық мөлшерлемесі белгілі деңгейге дейін (R1) көтерілгенде мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері (Y1) молаяды. Ал салық мөлшерлемесі одан жоғарлағанда мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер азаяды, өйткені еңбек етуге және кәсіпкерлік қызметке ынта төмендейді, кәсіпкерлердің көпшілігі «көлеңкелі экономикаға» кетеді. Сурет 14.1 Лаффер қисығы

№__29__билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]