Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отв салы0.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆
  1. Корпорациялық табыс салығы

  2. Салық салудың принциптері

  3. Жер салығы

1-сұрақ. Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едэуір орын алады ( тиісінше 32,7% және 23%-ға жуық (2008 ж).

81-бап. Төлеушілер

1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.

3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.

82-бап. Салық салу объектілері

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

2-сұрақ. Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережесін қарастырады. Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар. Салықтардың созылымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни мемлекет өзінің күнделікті суранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады. Салық салудың салық кодексімен басқару принципі былайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады. Салық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады. Салық салудың шындық принципіне сәйкес әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

Салық салудың үнемділік принципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.

Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері салық

кодексінде белгіленген салық салу принцтеріне қайшы келмеуі тиіс. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптеріне негізделеді, атап айтқанда.

  • бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі,

  • екінші, салық салудың айқындылығы,

  • үшінші, салық салудың әділдігі,

  • төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы,

  • бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.

  1. Салық салудың міндеттілік принципі.

Салық төлеушілер салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтардың негізі борышы, парызы болып  саналады.

  1. Салық салушылардың айқындық принципі Қазақстан Республикасының

салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері. Әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы тиіс.

Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелерін туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібі салық заңдарында белгіленген.

  1. Салық салудың әділдік принципі. Қазақстан Республикасының салық

салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Кез келген салық төлеуші үшін салық салу жүйесі әділетті түрде шешілуі қажет. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

  1. Салық жүйесінің біртұтастық принципі Қазақстан Республикасының

салық жүйесінің Қазақстан республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

  1. салық заңдарының жариялылық принципі. Салық салу мәселелерін

реттейтін нормативтік құқықтық актілерін ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптерін экономист Адам Смит ұсынған еді.

Олар мыналар:

—         салық әрбір төлеушінің табысына қарай салынуы тиіс;

—         салықтардың мөлшері мен төленетін мерзімі алдын ала, әрі нақты белгіленуі тиіс;

—         әрбір салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;

—         өндіріп алынатын салықтың шығындары мейлінше аз болуға тиіс.

Бұл принциптердің қолданылуы салық салудың сора-қылықтарды жойып, салық салу жүйесін ретке келтірді. Сондықтан Адам Смит: «Салық төлеушілер үшін құлдықтың емес, бостандықтың белгісі» — деп жазды. Америка Құрама Штатының тәуелдіксіз декларациясы авторларының бірі Франклин: «Өмірде салықпен өнімнен қашып құтыла алмайсың» — деп атап көрсетті.

Салықты уақтысында төлеу міндет болып саналады. Себебі, уақытысында төленбеген салықтардың айыппұлы мен өнімпұлы өте жоғары болады. Осы дәстүр біздің еліміздің азаматтарында қалыптасса, өз ісімізді бір қадам алға жылжытар едік.

3-сұрақ. 372-бап. Жалпы ережелер

1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекендер жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.

2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;

2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

3. Жердің мынадай санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;

4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.

Аталған жерлер (босалқы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, олар осы Кодекстің 385-бабында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

4. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

5. Жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

373-бап. Төлеушілер

1. Мынадай:

1) жеке меншік құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объек¬тілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер (бұдан әрі - заңды тұлғалар) ретінде қарастырылады.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемін¬де алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі:

тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;

үй маңындағы жер учаскелері;

өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

5) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша – «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;

7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшала¬рында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Жер салығының мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектердің ата-анасының біреуі, діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны анықтау Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңында (2001) белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер телімін бағалау құнына 0,1 пайызды ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

№__28__билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]