- •1. Жылдық жиынтық табыс: түсінігі, құрылымы.
- •1.Мемлекеттің салық салу саясаты.
- •1.Екі жакты салық салудың проблемалары.
- •2.Көлік құралдарына салынатын салық.
- •1.Бірыңғай жер салығы және оны төлеушілер.
- •1.Салық салудың принциптері.
- •2.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
- •1.Резидент және резидент емес салық төлеушілер.
- •2.Корпорациялық табыс салығы.
- •1.Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер.
- •2.Резидент және резидент еместерге салынатын салықтар ерекшеліктері.
- •1.Өнімнің озіндік құнының элементтері.
- •1.Екі жакты салық салуды жою туралы халықаралық келісімдер.
- •Табыс салық көзі ретінде
- •Акциздер
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Салық қызметінің мәртебесі мен құрылымы
- •Азаматтың мүлкіне салынатын салық
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық салу және таза ұлттық өнім шығару
- •Шаруа қожалықтарына арналған аср
- •Салықтардың мәні және олардың негізгі түрлері
- •Лаффер қисығы
- •Қр территориясындағы шетелдік заңды тұлғалардың салықтық есебіне койылатын негізгі талаптар
- •Бонустар, роялти
- •Прогрессивті, пропорционалды және регрессивті салық
- •Оңайлатылған декларация негізіндегі аср
- •Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
- •Дискрециондық фискалдық саясат
- •Қосылған құнға салынатын салық
- •Резидент емес жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
- •Шекті және орта салық мөлшері
- •Бір жолғы талон және патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •Жеке табыс салығы: объектілері, ставкасы
- •Бюджеттік федерализм
- •Шетелдік заңды тұлғаларға салынатын салық
- •Міндетті төлемдер
- •Салықтың функциялары
- •Резиденттік және территориялық критерийлер (салық салу үшін)
- •Салық салынатын табысты түзету
- •Тікелей және жанама салықтар
- •Шағын бизнеске арналған арнаулы салық режимі (жалпы ереже)
- •Әр түрлі бюджет деңгейінің құрылуы
- •Роялтиді белгілеу тәртібі
- •Үстеме пайда салық төлеушілері
- •Мүлік салығын есептеу әдісі
- •Қосылған құн салығы бойынша есепке қою
- •Ққс ұғымы, салық салу объектісі, төлеушілері
- •Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт
- •Ойын бизнес саласындағы қызметке салық салу
- •Акциз төлемдерінен босатылған товарлар (импортталған)
- •Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •Қаржы лизингі
- •Жылдық жиынтық табыс
- •Тіркелген активтер бойынша шегерімдер
- •Салықтың мазмұны және мәні
- •Бюджеттік федерализм және бөлу
- •А.Смиттің салық салу принциптері
- •Корпорациялық табыс салығы
- •Салық салудың принциптері
- •Жер салығы
- •Табыс, салықтың қайнар көзі
- •Рейганомика. Лаффер қисығы
- •Амортизация түсінігі, мөлшері, группалар
- •Мемлекеттік баж және кедендік төлемдер
- •Әлеуметтік салық: түсінігі, ставкасы
- •Салық функциялары
- •Преференциялар және жеңілдіктер
- •Жеке табыс салығының ставкасы
1.Салық салудың принциптері.
Салық салу принциптері салық теориясының басты элементі болып табылатынын ұмытпауымыз қажет.
Салықтар жөніндегі ілімнің тұңғыш қарлығаштары, саяси экономикалық, теорияның ең ірі классиктері Адам Смит, Вильям Питти және т.б. болатын.
Кезінде салық жүйесін құрудың төрт қағидасын Адам Смит ұсынған болатын. Олар күні бүгінге дейін (әрине дамыған елдерде) салық салуды ұйымдастыру принциптері ретінде қолданылады.1.Бірінші қағида — салық әрбір салық төлеушінң тапқан табысына сәйкес алынуға тиісті;2.Екінші қағида — салық мөлшері мен оны төлеу мерзімі заң жүзінде күні бұрын және дәл белгіленуі қажет;3.Үшінші қағида — ыңғайлылық қағидасы, яғни әрбір салық төлеушіге қолайлы уақытта және осы салық төлеушіге ыңғайлы әдіспен алынуға тиісті;4.Төртінші қағида — үнемділік қағидасы, яғни салық алу кезінде салық төлеушінің шығындары мейлінше аз болуға тиісті.Салық салу кезінде, аталмыш принциігіерді басшылыққа алу барысында мемлекет тарапынан белгілі қағидаларды қолдану тәртібі туындаған болатын.Қазіргі кезде қолданылатын салық салу принциптері тікелей салық салу жүйесіне бағынышты (байланысты) болады. Белгілі ғалым Қарағүсова Г.Ж. өзінің еңбегінде салық салу принцпптерінің ең қолайлы деген түрлерін атап көрсеткен:1.Салық салмағының тең болуы, яғни әркім мемлекет қорына » әділ үлесін » қосуға міндетті;
2.Салық жүйесінің қарапайым және анық болуы, яғни салық төлеушілерге түсінікті болуы қажет;3.Салық салудың теңділігі және әділеттілігі, яғни әлеуметтік-экономиқалық мақсаттарға жету үшін, мүмкіндігінше әртүрлі жеңілдіктерді азайту;4.Салыктарды басқару және заңдылықты сақтау жөніндегі әкімшілік шығындар мүмкіндігінше аз мөлшерде болуы қажет.
Қазіргі кезеңде, мемлекет алдында тұрған бірден-бір күрделі мәселе -салық салмағын (айырмашылығын) халық арсында ойдағыдай етіп бөлу. Әзірше осы мәселе жөргінде екі принцип барын білуіміз қажет.
Біріншісі, тапқан (алған) игіліктерге негізделген яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің бәрі оның азаматтарына кәдімгі тауар ретінде берілуге тиісті. Бірақ мемлекеттен алынатын игілгктердің сапасы әртүрлі болуы мүмкін, ал сол үшін бәрі бірдей төлейді. Нарық кезеңінің көрінісі ретінде, қоғамымызда байлар мен кедейлердің пайда болғаны баршаға мәлім. Сондықтан мемлекеттен берілетін жәрдем ақыларды, субсидияларды тек табысы төмен, тұрақты табыс көзі жоқ адамдарға беру қажет.Екіншісі, төлеу қабілеттілігі принцппіне негізделген. Бұл жерде салық айырмашылығы салық төлеушілердің нақты табыстарына және тұрмыс деңгейлеріне байланысты болады.
2.Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланганы үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын Және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін:
барлауға арналған контрактты;
пайдалы казындыларды өндіруге арналған контрактты жасаскан жеке немесе заңи тұлға болып табылады.
Қол койылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасасқан әрбір контракт үшін айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерлерінде жеке белгіленеді.Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлиіерін жер койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстық нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі немесе жер койнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер койнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі.Қол койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
3.Камералдық бақылау, мониторинг. Камералдық бақылау - салық төлеуші табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау. Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Камералдық бақылаудың мақсаты – салық органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тiркеу есебiне қою және салық есептілігiн ұсыну және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу арқылы салық төлеушiге дербес жоюға құқық беру. Мониторинг (ағылш. monіtor – қараушы,сақтандыру) – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау. Авиациялық Мониторинг – экологиялық процестерді әуеден ұшақтар, тік ұшақтар және ұшатын аппараттар арқылы бақылау. Ғарыштық Мониторинг – экоқұбылыстарды ғарыштық құралдардың көмегімен бақылау. Бұл қоршаған ортаның өзгеру өзгешелігі мен ластану ошағын жедел анықтауға; экологиялық өзгерістің амплитудасы мен ондағы қарқынды процестерді бақылауға; техногендік жүйелердің бір-біріне әсер ету әрекетін анықтауға мүмкіндік береді.
№7 Билет
