Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мейрбике 3 к 5 сем.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863 Кб
Скачать
☆

2. Сағат саны: 270 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Студенттерге энтеральді және сыртқа қолданатын дәрілік заттардың негізгі тобын, медикаменттермен дұрыс жұмыс істеуді үйрету.

тәрбиелік: Оқушыларда дәрілік заттарды сыртқы және энтеральды жолмен енгізу әдістері кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда дәрілік заттарды сыртқы және энтеральды жолмен енгізу қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)

  • Дәрілік заттардын негізгі топтары

  • Организмге дәрілердін түсу жолдары, олардын басылымдылғы және жетіспеушілігі

  • ЕПҰ емдеу бөлімшесінін дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережелері

  • Жалпы талаптар, бөлісмшеде ұсынатын дәрілерді сактау

  • Наркотикалык,психотроптык және катты әсер ететін дәрілерді сақтау ережелері

  • Емдеу бөлімшелерінде наукастарға дәрілерді тарату ерекшеліктері және ережелері

  • Дәрігердің тағайындау кағазы

  • Дәрімен емдеуді тіркеу және бакылау.

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:

  • энтеральды әдіс, өткізу.

  • дәрі-дәрмек заттарды сыртқы тәсілмен енгізу әдісі:жағу, уқалап жағу, емдік пластырды қолдану, присыпка, көз, мұрын, құлаққа мазь жағу және тамшы тамызу.

  • осы әдістердің жақсы жақтары және кемшіліктері.

  • энтеральды енгізу әдістері кезінде қолданатын дәрілік заттардың түрлері.

  • сан.эпидемиологиялық талапқа сай және енгізуге қолданатын инструментарилер

  • науқастың дәрілік заттарды қабылдауын бақылау.

  • дәрілік заттарды таратуға медбикенің жұмыс орнын , құралдарды , медбике қолдарын дайындау.

  • қолданылған құралдарды тазарту.

  • медбикенің жеке қауіпсіздік барьерлері.

Дәрілік терапия емдік шаралардың ең маңыздысы болып табылады. Емнің жетістігі көп жағдайда мейірбикенің тағайындалған дәрілік затты науқасқа білікті және сауатты енгізуіне байланысты болады. Аураханада емделіп жатқан науқастарға дәрілік заттарды жаздырып алу арнайы талап қағаздарына жазылады. Дәрігер күнделікті бөлімшедегі науқасты қарап, оған қажетті дәрілік заттарды және олардың мөлшерін, қабылдау реттілігі мен енгізу жолдарын медициналық картаға жазып отырады. Бақылаушы мейірбике күнделікті Науқастың медициналық картасынан арнайы дәптерге немесе тағайындау парағына көшіріп жазып алады.

Дәрілік заттарды енгізу тәсілдеріне байланысты бөлу қажет. Барлық ампуладағы және флакондағы стерильді ерітінділер емшара бөлмесінде: шыны шкафтың бір қатарында – антибиотиктер мен оның ерітінділері, келесі қатарында тамшылатып құятын ерітінді флакондары 200-500 мл, қалған қатарларында А (улы) және Б (әсері күшті) тізіміне кірмейтін қораптағы ампулалар (витамин, дибазол, папаверин, магний сульфат ерітінділері) тұрады. А және Б тізіміне кіретін дәрілік заттар арнайы шкафтарды (сейфте) сақталады. Сейфтің ішкі жағында олардың тізімі көрсетіледі. А тізіміндегі дәрілік заттарды (наркотикалық анальгетиктер, атропин, және т.б) және Б тізіміндегі заттарды (аминазин және т.б) бөлек жабылатын бір сейфте сақтауға болады.

Сыртқа және ішке енгізуге арналған дәрілік заттар бақылаушы мейірбикенің жұмыс орнындағы шкафта «Сыртқы қолдануға арналған» «Ішкі қолдануға арналған» деген жазулары бар әр түрлі сөрелерде сақталады. Дәріханада дайындалған сыртқы қолдануға арналған дәрілік формалардың этикеткасы сары, ал ішке қолдануға арналғандардың этикеткасы ақ болады. Дәрілік заттар қажетті препаратты тез тауып алуға болатындай етіп орналастырылуы қажет. Бұл үшін тағайындалуына байланысты жүйелендіріп, жеке ыдыстарға салған жөн. Мысалы антибиотиктер

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)

бөлімшелердің мейірбикелік бекеттерінде дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптармен танысу

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. Дәрілік заттардың негізгі топтары

a) жұмсақ

b) қатты

c) сұйық

  1. ұнтақ

  2. барлығы

2. Қатты дәрілер тобына жатады

a) дражже

b) балауыз

c) ертінді

d) мазь

e) барлығы

3. Науқасқа тағайындалған ем көрсетіледі

a) амбулаторлық картада

b) тағайындау парағында

c) ауру тарихында

d) эпикризде

e) барлығы дұрыс

4. Тағайындау парағында көрсетіледі

  1. дәрінің түрі

  2. дәрінің аты

  3. дәрінің дозасы

  4. енгізу түрі

  5. барлығы

5. Көзге дәрі тағайындайды

  1. лор дәрігер

  2. неврапатолог

  3. окулист

  4. гинеколог

  5. хирург

6. Дәріні энтеральды енгізу жолына жатпайды

  1. тіл астына салу

  2. буынға жағу

  3. көзге тамызу

  4. жұлын каналына енгізу

  5. құлаққа тамызу

7. Дәріні энтеральды енгізу жолына жатпайды

  1. тіл астына салу

  2. буынға жағу

  3. көзге тамызу

  4. жүрек қуысына енгізу

  5. құлаққа тамызу

Ситуциялык есептер

1.Науқастың құлағына 3 тамшы отипол тамшысын тамызу тағайындалған. Осы емшараны қалай орындайсыз?

2.Науқастың оң жауырынының астында аллергиялық жаралар бар, оған диклофенак жақпа майын жағуға болама?

13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%) Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

13 – сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Жасанды тамақтандырудың әдістері