- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Емханада жұмыс жасайтын медициналық бикенің міндеті
- •Учаскелік дәрігерлік пункттегі медициналық бикенің міндеті
- •Аурудың алдын алу емханалық бөлімшелердегі медициналық бикенің міндеті
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Ситуациялық есептер
- •Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
- •Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау
- •Көктамырға егу жасау (венепункция).
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Күре тамырдан қан алу.
- •Люмбальді пункция
- •Стернальді пункция
- •Ситуациялық есептер.
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Қойылған мақсатты атқару
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Ентігу симптомы.
- •Ісіну симптомы
- •Ескету қажет:
- •Талма кезіндегі алғашкы көмек
- •Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.
- •1. Тәбеттің бұзылуы.
2. Сағат саны: 270 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: тыныс алу мүшелері және жүрек-қан тамыр жүйелері ауруларымен ауыратын науқастарды күтудегі емшараларды орындау іс-әрекеттері.
тәрбиелік: науқастарды бақылау және күтуді үйрету, науқасты позициялық дренажға үйрету, ылғалдандырылған оттегіні беру.
дамыту: шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйрету және дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас, рольдік ойындар, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы, фантом, маникендер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)
- бүйрек және асқазан-ішек жолын рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау.
- тексеруді өткізуге көрсеткіш және кері көрсеткіш.
- процедураны өткізу кезінде жеке қауіпсіздік техникасын сақтау.
- зерттеуді өткізу кезінде медбикенің қатысуы.
-рентгенді сәуле туралы түсінік.
-рентген сәулелерінің қасиеті.
-организмге және тканьдерге рентген сәулелерінөткізу.
-рентгеноконтрастты зат.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
- Тыныс мүшелері анатомиясын
- Тыныс мүшелері физиологиясын
- Тыныс мүшелерінің жиі кездесетін сырқаттары
- Тыныс мүшелері зақымдарының белгілері
- Тыныстың патологиялық түрлері
-науқастың жағдайын кадағалау;
-АҚ кысымын өлшеу, пульсті есептеу;
Тыныс мүшелері адам ағзасын оттегімен және ағзадан көміртегін шығарумен қамтамасыз етеді. Тыныс мүшелерінің жиі кездесетін сырқаттарына пневмония, бронх демікпесі, бронхоэктатикалық сырқат, өкпе эмфиземасы және пневмосклероз, өкпе ісіктері, туберкулез. Салыстырмалы жиі кездесетін өкпе тініндегі деструктивті сырқаттарды да (өкпе абсцесі мен гангренасы) жатқызуға болады.
Тыныс мүшелері зақымдарының жиі кездесетін белгілері: ентігу, жөтел, кеуде тұсында ауырсыну, қақырық тастау, қан түкіру, өкпеден қан кету.
Сау адамда тыныс алу ритмді, дем алуы мен шығаруы біркелкі. Тыныс жиілігі қалыпты кезде минутына 16- 20 – рет болады. Тыныс алудың жиілеуі (20 – дан жоғары ) – тахипноэ, төмендеуі ( 16 – дан төмен ) – брадипноэ, тыныстың уақытша тоқтауы – апноэ – деп аталады.
Тыныс алудың патологиялық түрлеріне
Чейн – Стокс, Куссмауль, Биот тыныстары жатады.
Чейн – Стокс тынысы кезінде науқаста бірінеше тыныстан кейін уақытша тыныстың тоқтауы ұласады ( 0, 5 – 1 ), ал сонан соң сирек әрі беткейлі тыныс пайда болып, ол бірте – бірте максимальды тереңдікке дейін жиілеп, тереңдейді.
Куссмауль тынысы – бұл сирек, бірақ шулы және терең тыныс.
Биот тынысы кезінде тыныс қимылдары уақыт арасында үзіліп тұрады ( апноэ ), ол бірнеше секундтан 0,5 минутқа дейін созылады.
Ентікпе, бұл – тыныс алудың күші мен ритмінің бұзылуымен сипатталатын жағдай. Ентігу кезінде тыныс жиілігі мен тереңдігі өзгерісімен айқындалатын тыныс реттелуінің бұзылысы дамиды. Тыныс бұзылысының үш түрін бөледі: инспираторлы, экспираторлы, аралас.
Инспираторлы ентігу қиын дем алумен сипатталады, шулы дем алу пайда болады. Ол көмейдің тарылуында, дауыс желбезегі спазмында, ірі бронхтарды ісікпен қысуында дамиды.
Экспираторлы ентігу. Қиын дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Майда бронхтар мен бронхиолалардың қуысы тарылуында, бронхиальды демікпе, обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы сияқты сырқаттарда дамиды.
Аралас ентігу.
Кезінде дем алу мен шығару бірдей қиындайды. Бұндай ентігу өкпенің тыныс беткейінің айқын азаюында дамиды. Ол жедел пневмония, пневмоторакс кезінде уақытша, ал өкпе эмфиземасы кезінде үнемі ұсталып тұрады. Ентігу негізінде тыныс мүшелері сырқаттарында дамитын тыныс жетіспеушілігі жатады. Кенеттен дамыған ентігу, ағзада оттегі жеткіліксіздігі мен көміртегі жиналуымен сипатталатын жағдайды тұншығу дейді. Ұстама түрінде дамитын тұншығуды демікпе (астма ) деп атайды. Бронхиальды демікпе кезінде дамитын тұншығу себебі майда бронхтар спазмы, шырыш қабат ісінуі мен қою қақырық жиналуы.
Бұл кезде дем алу қиын, ұзақ әрі шулы.
Жөтел – тыныс жолдарынан бөгде денелер мен шырышты, қақырықты шығаруға бағытталған қорғаныс – рефлекторлы акт болып табылады. Жөтел рефлексі қақырық септігін тигізеді. Жөтел қақырық шықпаған кезде құрғақ ,ал шықса ылғалды саналады. Құрғақ жөтел тембры жоғары болады.Төсектегі жағдайды ауыстырғанға байланысты шыққан қақырық өкпедегі қуысты процесті көрсетеді. Тағам қабылдауға байланысты дамыған жөтел кеңірдек пен өңештің арасында байланыс барын көрсетеді, бұндай байланыстар өңеш қатерлі ісігі бронхқа ашылуында дамиды. Жөтел үздіксіз болуы мүмкін, плевра, өкпе және бронх созылмалы қабынуларында кездеседі. Ол ауызын толтыра қақырық тастаумен сипатталады. Ұстама тәрізді жөтел коклюш немесе тыныс жолдарына бөгде заттар түскенде дамиды.
Қақырық – жөтелу немесе қақыру кезінде түсетін тыныс жолдарының патологиялық секреті. Сипатына қарай қақырық шырышты, серозды , іріңді, аралас, қанды болады.қақырық пайда болуы өкпеде немесе бронхтарда патологиялық процесс дамығанын көрсетеді. Тыныс жолдары сырқаттарының белгісі ретінде бағалау үшін қақырықтың түсіне, көлеміне, консистенциясына, иісіне және құрамындағы заттарға көңіл бөлу керек.
Кеуде тұсында ауырсыну плевра қабынуы кезінде дамиды, өкпеде қабыну дамығанда және плевриттерде дамиды. Плевральды ауырсынуға дем алған кезде ауырсыну тән. Ауырсынуды басу үшін науқас беткейлі тыныс алуға мәжбүр болады және жөтелуге қорқады. Ол өзіне ыңғайлы жағдайда, ауырсынатын жағында жатады, бұл кезде плевра үйкелісі төмендеп ауырсыну басылады.
Қан түкіру - қақырықта жіпше тәрізді немесе ал қызыл қан пайда болуы өкпеден қан кетуді көрсетеді.
Өкпеден қан кету кезінде жөтелгенде қан шығады, ол ал қызыл түсті, көпіршікті, сілтілі реакциялы болады. Өкпеден кеткен қаннан асқазан қаны ерекше болады: қан тағаммен араласқан, қошқыл түсті, қышқыл реакциялы, кейде ұйып қалған болады. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан қан кетуден ажырату үшін ауыз қуысын, тамағын мұқият қарау керек. Қызыл иектен, мұрын – жұтқыншақтан, бадамша безінен кеткенг қанды сұйықтық қоңыр түсті болады.
Оксигенотерапия дегеніміз оттегін емдеу мақсатында қолдану.
Көрсеткіштері: цианозбен (көгерумен), оттегінің тіндердегі парциальды қысымының төмендеуімен өтетін жедел немесе созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Оттегін берудің мынандай тәсілдері болады:
оттегі жастығымен – көбінесе үй жағдайында қолданылады, науқасқа оттегін түтік немесе мундшукты арқылы береді;
мұрын катетері арқылы – медициналық мекемелерде қолданылады, сығылған оттегі бар баллон немесе палаталарға оттегін орталықтандырып беру пайдаланылады, бұл кезде катетерлер мұрынға құлақ сырғалығы мен мұрын қанаттары аралығына тең болатын тереңдікке енгізіледі;
маска арқылы – бетке масканы қойғанда, ауыз бен мұрынды жабады, оның тыныс алатын және тыныс шығаратын каналдары болады. Тыныс алатын каналдың тубусы жұқа резеңкеден жасалған қаппен біріктірілген, онда тыныс шығарғанда оттегі жиналады, ал тыныс алғанда ол өкпеге белсенді тартылады.
Гипербариялық оксигенация – арнайы барокамераларда жоғары қысым кезінде оттегімен емдеу.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)
Қан түкіру кезінде, ентігу, тұншығу, талып қалу, гипертониялық криз кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету схемасы.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 40 мин (40%)
Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
ТЕСТТЕР:
1. Тыныс мүшелерінің негізгі қызметі:
А) ағзаны өттегімен қамтамасыз ету
В) Көміртегі алмасуына қатысу
С) тілдерге және денеге қоректік заттарды жеткізу
Д) Зарасыздандыру
2. Ортопноэ термині нені білдіреді?
А) Горизонтальды жағдай
В) Вертикальды жағдай
С) Сол жақта
Д) Төмен қарағанда
Е) Барлығы
3. Көрсетілген шаралардың қайсысы өкпе ісінуін
де транссудаттың тартылу беткейін және көлемін азайтады?
А) Аяқтарға жгут қою
В) Жартылай отырғызу
С) оттегі және этил спирті қосындыларын ингаляция жасау
Д)Зәр жүргізетін заттар енгізу
Е) Жүрек гликозидтерін енгізу
4. Науқасты бақылау кезінде тыныстың қандай көрсеткіші зерттелмейді?
А) ООС
В) Тыныс көлемі
С) Тыныс түрі
Д) Тыныс жиілігі
5. Тыныс сиреуінің қандай түрінде (брадипноэ) дәрігер бақылауы керек?
А) 12 – ге дейін
В) 12 - 16
С) 16 -20
Д) 20 - 40
Е) 40 – тан жоғары
6. Тыныс жиілеуінің қандай түрінде (тахипноэ) дәрігер бақылауы керек?
А) 12 – ге дейін
В) 12 – 16
С) 16 – 20
Д) 20 – 40
Е) 40 – тан жоғары
7. Тұншығу – бұл:
А) Тыныстың жиілеуі
В) Кенеттен ауа жетіспеушілік сезімі
С) Тыныс алу ритмінің бұзылуы
8. .Қан жүйесіне жатады, мынадан басқа: а) жүрек
б) көк тамырлар
в) өкпе
г)артериялар
9. Жүрек канша камерадан тұрады: а)2
6)3
в)4
г)5
10. Кіші кан айналым шеңбері қажет:
а) канды оттегімен байту үшін
б) оттегіні тіндер мен мүшелерге өткізу үшін
в) жүрекке кан жеткізу үшін
г) миды қанмен камтамасыз еиу үшін
11. Үлкен кан айналым шеңбері қажет:
а) канды О2-мен байыту үшін
б) О2-ні тіндермең мүшелекрге жеткізу үшін г) жүректі қанмен камтамасыз ету үшін
12. Кіші қан айналым шеңбері басталады:
а) сол карыншадан аорта аркылы
б) он карыншадан екпе бағаны аркылы
в) сол жүрекшеден өкпе артериясы аркылы
г) төменгі және жоғарғы куыс венасы арқылы он жүрекшеден
13. Үлкен кан айналым шенбері басталады
а) сол карыншадан аорта аркылы
б) он карыншадан өкпе арқылы
в) сол жүрекшеден өкпе артериялары арқылы
г) төменгі және жоғарғы куыс веналары аркылы оң жүрекшеден.
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:
Сіз кардиология бөлімінде жүмыс істейміз. Сізді бірден суык тер және әлсіздік пайда болғаннан наукаска шақырды, наукас бозарған. Пульсі жиі, ырғакты, өлсіз толады, кернеуі әлсіз. АҚ кысымы 70-20 мм сын.б. Бүл пульс калай аталады. Сіздің әрекетініз ?
Мейірбикені бірден төс артында кысып ауырсыну, оның сол кол мен жауырынға берілуі пайда болған, наукас көршісіне шакырды. Онын әрекеті кандай болды.
Кардиология белігіндегі наукасты туыстарымен кездесуден кейін бас ауру (желке түсында), бас айналу, жүрек айну пайда болған мейірбнке өрекетІ?
Хирургиядаң тәжірибеде жүрген К деген студент кан көру кезінде бозарып, есін жоғалтып, күлап калды. Не болды? Мейірбике әрекеті ?
13. Сабақты қорытындылау: 8 мин (8%)
оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру: 8 мин (8%)
16 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.
2. Сағат саны: 270 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды жүрек тамыр жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіспен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік жұмыс жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда жүрек тамыр жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)
Ентікпе кезінде мейірбикелік үрдіс
Жөтел кезінде мейірбикелік үрдіс
оксигенотерапия түсініктемесі
• оксигенотерапия көрсеткіші
• оксигенотерапия өткізу әдістері (бирокамера, оггектік жастық, оттектік баллон)
• мұрын катетр және маска арқылы оттекті беру техникасы
• оксигенотерапия жүмыс істеу барсында техника қауіпсіздігін сақтау ережелері
• оксигенотерапиядан соң болатын асқынулар
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
-жүрек дүрсілі кезіндегі медбикелік процесс;
-жүрек түсында ауырсыну кезіндегі медбикелік процесс;
-ентігу кезіндегі медбикелік процесс;
-түншығу (жүрек астмасы) кезіндегі медбикелік процесс,
- перифериялық ісіктер, асцит кезіндегі медбикелік процесс;
-АҚ кысымы бірден көтерілгенде немесе түскенде, талмада медбикелік процесс;
Жүрек дүрсілі.
Жүрек жиырылуының жиілеуін наукастар жүрек дүрсілі деп кабылдап, бүл көбінесе жүрек патологияның дамуының бірінші белгісі болып табылды.
Кейде жүректің жиырылуыньш жиілеуі жүйке жүйесі регуляциясы калыпсыз дені сау адамдарда кездеседі, мүндай жағдайларда валериана тамырының препараттары және үйлесімді дене еңбегі эффективті болып келеді.
Егер жүрек дүрсілі наукаста жайсыз жағдай (дискомфорт) тудыратын болса, оған міндеггі түрде алғашкы медициналык көмек көрсету кажет.
Жүрек дүрсілі кезіндегі алгашқы көмек.
Наукасты тыныштандыру
науқасты ыңғайлы калыпка отырғызу
таза ауаның келуін камтамасыз ету
кысып турған киімдіріп босату
пульс жиілігі мен сипатын аныктау
егер жүрек дүрсілі бұрын болған болса, оған наукас кандай ем, қандай дәрі колданғаньш, жүрек дүрсілі өздігінен кеткен - кетпегенін сұрау қажет.
кайталанатын жүрек дүрсілі кезінде дәрігер консультациясы кажет болады.
Жүрек түсынын ауырсыну симптомы
Жүрек тамырларының спазмы немесе тарылуы әсерінен пайда болатын жүрек бұлшык етінің қанмен камтамасыз етілуінің жеткіліксіздігінен жүрек тусында аурысыну пайда болады. Мундай жағдай стенокардия устмасында болады. Бүл кезде ауырсыну төстІн артына немесе төстің сол жағына таралып, сол қолға немесе жауырьша беріледі, басып, кысып түрғандай ауырсьшу болып, әлсіздікпен, өлім алдындағы коркынышпен, кейде дене дірілімен тершеңдікпен бірге жүреді. Ауырсыну бірнеше минуттан бірнеше сағатка дейін созылады. Жүрек түсында ауырсынуы бар наукас жедел медиідиналык көмекті және күтімді кажет етеді.
Жүрек түсы ауырсыну кезіндегі алғашқы көмек.
Наукасты тыныштандырып, ыңғайлы калып беріңіз, оған толык физикалык және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз, таза ауа келуін кадағалап, кысып түрған түймелерін босытыныз, пульсін, артериалды кан кысымын өлшеңіз.
наукасқа тіл астына валидол дәрісін беріңіз
егер валидолдың зффективтілІгі болмаса, ал үстама жалғасы берсе, наукасқа тіл астына нитроглицирин таблеткасын (немесе 1-2 тамшы 1% нитроглицирин ерітіндісін + кантпен немесе валидол таблеткасымен) беріңіз. Наукасты нитроглицирин кабылдаудан бас аурудьщ болатындығы жөнінде ескертініз.
дәрігердің шақырылуын кадағалаңыз.
жүрек тұсына және төс үстіне кыша, наукастьщ аяк - кольша грелка койыңыз.
егер ауырсыну ұстамасы кайытпаса, 5-10 мин салып кайта берілген нитроглицириннің эффективтілігі болмаса дереу дәрігер консультациясы және жедел госпитализация қажет етіледі, себебі жедел кан айналым бүзылысы әсерінен жүрек бүлшық етінде өзгеріс тууы мүмкін (инфаркт миокарда)
наукаска қатаң төсек режимін камтамасыз етіңіз
тыны салу, пульс жиілігін, АҚ қысымын өлшенуін, дене кызуынын өлшенуін камтамасыз етіңіз (ауырсыну үстамасынан кейін пайда болған дене кызуын миокард инфарктының белгісі болуы мүмкін) мүмкіндігіне наукаска оттегі беріңіз.
