Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мейрбике 3 к 5 сем.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
863 Кб
Скачать
☆

1. Тәбеттің бұзылуы.

Тәбеттің бұзылуы АІЖ-ң асқорыту безінің қызметі бұзылғанда байқалады.

Тәбеттің болмауы (анорексия) – психикалық өзгеріс, науқас тамақтан бас тартады,

Тәбеттің жоғарылауы – тамақты көп қабылдап дене салмағының артуына алып келеді. Нервті стресс, жүктілік, кейбір дәрілік заттарды қабылдау, гармональды өзгерістер себеп болады.

2. Езудің ойылуы - организмде темір және витаминдердің жетіспеушілігінен пайда болады.

3. Ауыздан жағымсыз иістің келуі. Стоматит- ауыз қуысының шырышты қабығының, қызыл еттің, тілдің қабынуы: арнайы антисептикалық ерітінділермен шайғанда иіс жоғалады. Темекі тарту.

Өңеш-жұтқыншақты асқазанмен біріктіріп тұратын асқорыту жорлының бөлімі. Асты жұтуда қатысады, өңештің бұлщықетінің перистальтикалық жиырылуын қамтамассыз етеді.

4. Дисфагия - жұтынудың қиындауы, өңеш ауруының белгісі. Науқас ауырсыну, қысымды сезіну, кернеу, астың, өңеште тұрып қалуы сияқты сезгілерді сезінеді.

5. Кекіру-ауыз қуысына асқазаннан немесе өңештен газдың күтпеген еріксіз бөлінуі. Кекіру кезінде жағымсыз иіс келеді.

6. Ғыжылдау-төс астында немесе іш үсті аумағында кейде жұтқыншаққа дейін жететін, асқазан ішіндегіні өңешке тастауымен негізделетін күйдіруді сезіну.

7. Лоқсу. – төс асты аумағындағы кеуде, ауыз қуысындағы өзгеше ауырлық сезімі, кейде қусудың алдында болады және жалпы әлсіздік , тершендікпен, гиперсоливациямен, аяқ қолдың мұздауымекн, терінің бозаруымен, АҚ төмендеуімен қабаттасып жүреді.

8. Қусу. Күрделі, рефлекторлы акт болып асқазанның бұлшық еті, диафрагма, қарынның алдынғы қабырғасының қатысуымен болады. Қусу нерв жүйесінің, артериальды гипертензия, улану, тілдің шыршты қабатының тітіркенуі, жұмсақ таңдай, асқазан ішек жолыны ауруларының белгісі болуы мүмкін. Қусу, лоқсу және сілекейдің ағуымен басталады. Асқазан ауруларындағы қусу науқасқа жеңілдік тудырады. Мидың қан айналуы бұзылғанда (инсульт, гипертониялық криз, ми ісігі) қусқаннан соң жеңілдік болмайды.

Ауырсыну симптомы. Ауру тамақты қабылдағаннан байланысты. Қарындағы ауру тек қана асқорыту жүйелерінің ауруларында ғана емес, жүрек ауруында, тыныс алу, неврологиялық аурулардада кездеседі. Асқазанның ауруы кейбір дәрілерді қолданғанда, тамақ қабылдағанда, акт дифекацияда, физикалық күш түскенде, денесінің қалпын өзгерткенде болуы мүмкін.

Іш қату симптомы. Іш қату, нәжістің ішекте ұзақ уақыт сақталуы (48 сағаттан ). Іш қату ішектің бұлшық етінің және перистальтикасының әлсіреуінен пайда болады.

Іш өту симптомы. Іш өту – сүйық нәжіс. Себебі: астың ішекте қортылуының бұзылуы, ішекте қабуныу процестің пайда болуы және іш айдайтын дәрілерді қолдану.

Тенезм симптомы. – дефикацияға жалған ауырлық шақыру, мысалы, проктитте, дезинтерияда,

Метеоризм симптомы. Науқастар қарынның ісінуін, ауырлықты сезінеді. Себептері: ішекте газдың жиналуы, ішектің қозғалу функциясының бұзылуы, ішек қабырғаларында газ сорылуының төмендеуі, метеоризм клетчаткамен бай азықтармен қолданғанда, оларды қорытылу кезінде газдың көп бөлуіне жағдай жаратылады (капуста, қара нан), асқазан асты безінің функциясы төмендегенде, ішек микрофлорасының құрамы өзгергенде, ішек буралғанда.

Асқазан, ішектен қан кету симптомы. Асқазан жарасы, эрозия, асқазанның ісігі, бауыр циррозы, өңеш венасынын варикозды кеңеюі, ішектердің әр түрлі аурулары – ісік, геморрой, жаралы колит пайда болады. Асқазан ішектен қан кету жасырын түрде болуы мүмкін – қан кету басынан «кофе қоюы» қусу, қан аралас қусу немесе нәжістің қан аралас бөлінуі (мелена).

Асқазан ішектен қан кеткендегі негізгі белгілер. Мұндай қан кету асқазан, ішек, бауыр, өңеш тағыда басқа аурулардың симптомдары болады: қан аралас қусу, «кофе қоюын» қусу тұз қышқылы гематин араласып шығады. Тоқ ішектен қан кеткенде нәжісте ашық түсті қан (гемотохезис) пайда болады. Өңештен қан кеткенде қусық массаларына ашық түсті қан қосылады. Нәжістің мелена тәрізді (қара түсті) болуы ішекте қаннан әр түрлі ферменттердің және бақтериялардың пайда болуынан болады. Өзгермеген ашық түсті қанның нәжісте болуы асқазаннан қан кеткенін дәлелдейді. Ал ішектен қан кеткенде, тоқ ішектің ісігінде нәжіс аралас ал геморройда дефикация кезінде қан қосымдысы бөлінеді.

Бауыр және өт жолдары клиникалық симптомдар.

  1. аурысыну оң қабырға оң иық жаурынға, жауырдың аралығында таралуы

  2. диспептикалық бұзылыс

  3. жедел қабыну процесінде температураның көтерілуі

  4. тердің қышынуы

  5. сарғаю

  6. тері, шыршты қабаттар сары түске енеді

  7. нәжістің ашық түске, зәрдің қоңыр түске енуі

Клизма дегеніміз тоқ ішектің төменгі жағын емдеу және диагноз қою мақсатында түрлі сұйықтықтарды енгізу. Клизмалардың тазалау, сифонды, қоректендіру, дәрі-дәрмек және тамызғыш сияқты түрлері болады. Дені сау адам ішін әрдайым тәулігіне бір рет және бір уақытта босатып отырады. Кейбір аурулармен ауырғанда дәрет жүрмей қалады (іш қатып қалады). Мұндай жағдайда сырқатқа іш жүргізетін дәрі, диета белгілеп, сондай-ақ клизма қояды.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)

Қан түкіру кезінде, ентігу, тұншығу, талып қалу, гипертониялық криз кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету схемасы.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

  1. Бауыр ауруының негізгі белгілері:

А) сарғаю, демікпе, жүрек дүрсілі, тері қышуы;

Б) қанауға бейім, көгеру, тұншығу, төс астындағы ауру:

В) сарғаю, зәрдің қараюы, түссіз, терінің қышуы

Г) арықтау, температураның жоғарылауы, бас айналу

  1. Асцит – бұл:

А) қанның сұйық бөлігінің плевральды қуысқа түсуі

Б) тері жамылғысының көгеруі

В) аяқтың ісінуі

Г) қанның сұйық бөлігінің құрсақ қуысына жиналуы

Д) дененің ісінуі

  1. Бауыр шаншуының ұстауы мынаған тән

А) гепетитке

Б) холециститке

В) өттің тазаруына

Г) бауыр циррозына

4. Бауыр циррозына тән белгілер:

А) жүдеу

Б) қан кету

В) бауыр мен көк бауырдың үлкеюі

Г) асцит

Д) бәрі дұрыс

5. Аш ішектің ұзындығы

а) 5-7 м

б) 2-3 м

в) 10-12 м

г) 1-2 м

6. клизма түсініктемесі

а) тоқ ішекке сұықтық жіберу

б) тоқ ішекке дәрілік заттарды енгізу

в) аш ішекті зерттеу

г) аш ішекке сұйықтық жіберу

7. клизма қоюға көрсеткіштер

а) операциядан кейін

б) метиоризмде

в) эндоскопиялық тексеруден алдын

г) тік ішекке шам қояр кезінде

8. Өттің тас ауруында ас қабылдау иньтервалы:

А) күніне 3 рет

Б) күніне 4 рет

В) әр 4 сағат сайын

Г) емдік ашығу

Д) ас қабылдау интервалының маңызы жоқ

9. Өт тас ауруына тән белгі:

А) оң жақ қабырға астындағы өткір ауру

Б) бас ауру

В) лоқсу, құсу

Г) іштің сыздап ауруы

Д) бел тұсындағы ауру

10. Бауыр мен өт жолдарының ауру науқастарының тамақтану рационынан мыналар шығарылады:

А) майлы қуырылған

Б) ұннан жасалған

В) тәтті

Г) рацион өзгермейді

Жауап эталоны:

1-в, 2-г, 3-в,4-д, 5-а, 6-б, 7-г, 8-в, 9-а, 10-а.

Ситуациялық есептер:

  1. Стационарға оң жақ қабырға астының өткір ауруы оң иық пен жауырынға берілетін сырқат түсті. Сіздің сырқатқа күтіміңіз қандай болады?

  2. Клизма жасау үшін науқасты мейірбике оң жақ бүйіріне қарата жатқызады, қолына қолғап кеймеді. Бұл дұрыс жағдай ма?

13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

18 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс.

Стомаларды күту.

2. Сағат саны: 270 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды ішек қызметі бұзылған кездегі медбикелік күтіммен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды клизма жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда ішек қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, клизма жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)

-жүрек дүрсілі кезіндегі медбикелік процесс;

-жүрек түсында ауырсыну кезіндегі медбикелік процесс;

-ентігу кезіндегі медбикелік процесс;

-түншығу (жүрек астмасы) кезіндегі медбикелік процесс,

- перифериялық ісіктер, асцит кезіндегі медбикелік процесс;

-АҚ кысымы бірден көтерілгенде немесе түскенде, талмада медбикелік процесс;

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:

  • Ішек қызметі жүйесі ауруларындағы медбикенің этикасы, деантологиясы

  • Ішек қызметі бұзылуының байқалуы

  • Іштің ауруы, тенезма, қыжылдау, дисфагия, кекіру, диспипсия, лоқсу, құсу, тәбеттің

  • бұзылуы, метиоризм.

  • Стома туралы түсінік

  • Стома түрлерін

Ішекке газ толып, оның шығуы қиындағанда, науқастың асқазан-ішек жолдарын эндоскопиялық зерттеуге дайындағанда жүргізіледі. Бірақ асқазан мен ішектен қан аққанда, жуан ішектер мен артқы тесіктің жіті қабынуы мен жараларында, тік ішек төмен түсіп кеткенде, артқы тесік аумағындағы сызаттары мен шытынауында, қатерлі ісіктерде, қан аққан көтеуде бұл емді қолдануға болмайды.

Орындалу ретттілігі:

              1. Ақжелкенді ауыстырып алжапқыш, қолғап киеді.

              2. Кушеткаға клеенка мен жаялық төсейді.

              3. Науқасты бір бүйіріне жатқызады.

              4. Қолды тазартады.

              5. Бикстен газ шығарғыш түтікті шығарады.

              6. Сол қолмен бөксені ашып, оң қолмен еппен айналдыра вазелин жағылған түтікті 20-30 см тік ішектің артқы тесігіне кіргізеді.

              7. Түтіктің сыртқы ұшына суы бар ыдысқа салады.

              8. Газдың шыққанын байқағаннан кейін түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа төрт бұрыштан орайды.

              9. Әрбір 20-30 минут сайын науқастың жағдайын бақылайды.

              10. 1 сағаттан кейін түтікті шығарып (артық уақытқа қалдыруға болмайды, ойық жара пайда болуы мүмкін) зарарсыздандырады.

              11. Артқы тесікті орамалмен сүртеді, қажет болса вазелин жағады.

              12. Егер газ түгелдей шыкпаса, емді 2-3 сағаттан кейін тәулігіне 2-3 рет (артық болмайды) қайталайды.

              13. Қолды тазартады.

Тоқ ішектің жиырылу қозғалысын күшейту арқылы төменгі бөлігін үлкен дәрет пен газдан босату үшін және дәретті сұйылту мақсатында жүргізіледі. Бірақ асқазан мен ішектен қан аққанда, тоқ ішектер мен артқы тесіктің жіті қабынуы мен жараларында, тік ішек төмен түсіп кеткенде, артқы тесік аумағындағы сызхаттар мен шытынауында, қатерлі ісіктерде, қан аққан көтеуде, операциядан кейінгі бірінші күндері бұл емді қолдануға болмайды.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)

Тоқ ішектің жиырылу қозғалысын күшейту арқылы төменгі бөлігін үлкен дәрет пен газдан босату үшін және дәретті сұйылту мақсатында жүргізіледі.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

  1. Бауыр ауруының негізгі белгілері:

А) сарғаю, демікпе, жүрек дүрсілі, тері қышуы;

Б) қанауға бейім, көгеру, тұншығу, төс астындағы ауру:

В) сарғаю, зәрдің қараюы, түссіз, терінің қышуы

Г) арықтау, температураның жоғарылауы, бас айналу

  1. Асцит – бұл:

А) қанның сұйық бөлігінің плевральды қуысқа түсуі

Б) тері жамылғысының көгеруі

В) аяқтың ісінуі

Г) қанның сұйық бөлігінің құрсақ қуысына жиналуы

Д) дененің ісінуі

  1. Бауыр шаншуының ұстауы мынаған тән

А) гепетитке

Б) холециститке

В) өттің тазаруына

Г) бауыр циррозына

4. Бауыр циррозына тән белгілер:

А) жүдеу

Б) қан кету

В) бауыр мен көк бауырдың үлкеюі

Г) асцит

Д) бәрі дұрыс

5. Аш ішектің ұзындығы

а) 5-7 м

б) 2-3 м

в) 10-12 м

г) 1-2 м

6. клизма түсініктемесі

а) тоқ ішекке сұықтық жіберу

б) тоқ ішекке дәрілік заттарды енгізу

в) аш ішекті зерттеу

г) аш ішекке сұйықтық жіберу

7. клизма қоюға көрсеткіштер

а) операциядан кейін

б) метиоризмде

в) эндоскопиялық тексеруден алдын

г) тік ішекке шам қояр кезінде

8. Өттің тас ауруында ас қабылдау иньтервалы:

А) күніне 3 рет

Б) күніне 4 рет

В) әр 4 сағат сайын

Г) емдік ашығу

Д) ас қабылдау интервалының маңызы жоқ

9. Өт тас ауруына тән белгі:

А) оң жақ қабырға астындағы өткір ауру

Б) бас ауру

В) лоқсу, құсу

Г) іштің сыздап ауруы

Д) бел тұсындағы ауру

10. Бауыр мен өт жолдарының ауру науқастарының тамақтану рационынан мыналар шығарылады:

А) майлы қуырылған

Б) ұннан жасалған

В) тәтті

Г) рацион өзгермейді

Жауап эталоны:

1-в, 2-г, 3-в,4-д, 5-а, 6-б, 7-г, 8-в, 9-а, 10-а.

Ситуациялық есептер:

  1. Стационарға оң жақ қабырға астының өткір ауруы оң иық пен жауырынға берілетін сырқат түсті. Сіздің сырқатқа күтіміңіз қандай болады?

  2. Клизма жасау үшін науқасты мейірбике оң жақ бүйіріне қарата жатқызады, қолына қолғап кеймеді. Бұл дұрыс жағдай ма?

13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет

19 – сабақ

1 Сабақтың тақырыбы: Клизмалар: тазарту және сифонды

2. Сағат саны: 270 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды тазарту және сифонды клизмамен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды клизма жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда ішек қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік көмек көрсету, клизма жасау қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)

-жүрек дүрсілі кезіндегі медбикелік процесс;

-жүрек түсында ауырсыну кезіндегі медбикелік процесс;

-ентігу кезіндегі медбикелік процесс;

-түншығу (жүрек астмасы) кезіндегі медбикелік процесс,

- перифериялық ісіктер, асцит кезіндегі медбикелік процесс;

-АҚ кысымы бірден көтерілгенде немесе түскенде, талмада медбикелік процесс;

10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:

  • Ішек қызметі жүйесі ауруларындағы медбикенің этикасы, деантологиясы

  • Ішек қызметі бұзылуының байқалуы

  • Іштің ауруы, тенезма, қыжылдау, дисфагия, кекіру, диспипсия, лоқсу, құсу, тәбеттің

  • бұзылуы, метиоризм.

  • Клизма туралы түсінік

  • Клизма түрлерін

  • Тазарту клизмасы туралы түсінік

  • Сифонды клизма туралы түсінік

  • Клизма — Тазарту клизмасын жасау үшін арнайы грелкаға 4—6 стакан (температурасы 25—35°С) су құяды. Су ағызатын түтікте ауа қалып қоймауын қадағалау керек, бұл үшін шүмекті ашып, азырақ суын ағызады. Грелканы 1,5—2 м көтеріп, шегеге іледі. Кереуетке клеенка төсеген жөн. Науқас сол жақ бүйіріне, төсектің Шетіне таман, тізесін бүгіл жатуға тиіс. Түтіктің вазелин жағылған ұшын еппен бұрай итеріл тік ішекке енгізіл, одан кейін шүмекті ашады. Түтіктің ұшын суырып алғаннан кейін науқас бірден дәретке бармай 5—10 минут шыдауға тиіс. Балалар клизмасы үшін әдетте резеңке баллон қолданылады. Судың мөлшері баланың жасына байланысты мынадай болады:

  • 1 айға дейін - 2 ас қасық

  • 1-ден 3 айға дейін - ⅓ Стакан

  • 3-тен 6 айға дейін - ½ стакан

  • 6 айдан .,2 жасқа дейін - 1 стакан

  • 2-ден 5 жасқа дейін - 1,5 стакан

  • 5-тен 9 жасқа дейін - 2 стакан

  • 9-дан 12 жасқа дейін - 2,5 стакан

  • Клизманы дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қойған жөн.

Сифон клизмасымен тазарту: Тоқ ішекті дәреттен, улардан, шырыштар мен іріңдерден, басқа да зиянды заттардан босату мен ішектің жүрмеуінің диагнозын анықтау үшін жасайды. Асқазан мен ішектен қан аққанда, тоқ ішектер мен артқы тесіктің жіті қабынуы мен жараларында, тік ішек төмен түсіп кеткен жағдайда, артқы тесік аумағындағы сызаттар мен шытынауында, қатерлі ісіктерде, қан аққан көтеуде, операциядан кейінгі бірінші күндері, шажырқай тамырларының тромбамен, эмболямен тығындалуына күдік туса, сифондық тазартуды қолдануға болмайды. Сифондық тазартуды жасағанда дәрігердің қатысуы керек.

Орындалу реттілігі:

  1. Ақжелкенді ауыстырып алжапқыш, қолғап киіп, қолды тазартады.

  2. Бикстен залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісі мен резеңке түтігін алып, соңғысына шыны құйғыны қосады.

  3. Науқастың астына кленка мен жаялықты төсеп, сол жақ бүйіріне аяқтарын ішіне бүгіп немесе арқасымен кушеткаға жатқызады.

  4. Кушетканың қасына ілеген, жылы сумен шелек және құман қояды.

  5. Ішекке кіргізетін түтіктің ұшын айналдыра вазелин жағады. Сол қолмен бөксені ашып, оң қолмен еппен түтікті 20-30 см кіргізеді. Тік ішектің кең бөлігінде түтіктің бұралып қалмауын бақылау керек.

  6. Воронканы бөксені деңгейінде ұстап, құмандағы суды құйып толтырады.

  7. Воронканы 1 м биіктікке ақырын көтереді, сол кезде су ішекке ағады. Судың деңгейі құйғыны төменгі шегіне жеткенде ілеген үстіне құйғыны төменгі шегіне жеткенде ілеген үстіне құйғыны (воронканы) төңкермей ішектегі сумен толғанша төмендетеді. Ішекке жіберілеген судың көлемімен сәйкес келетіндігін бақылау қажет.

  8. Құйғыдағы суды ілегенге төңкеріп, құйғыға қайтадан су толтырады. Осы амалды су тазарғанша бірнеше рет қайталайды.

  9. Құйғыны түтіктен бөліп алып. Оның ұшын 10-20 минут ілегенге салып қояды, іштегі қалдық су мен газдың ақырына дейін бөлініп шығуы үшін. Бұл емшара 10-12 литр су кетеді.

  10. Түтікті тік ішектен шығарып, барлық қолданылған құралдырды зарарсыздандырады. Қолды тазартады.

  11. Науқасты палатасына әкеліп жатқызады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)

Тоқ ішектің жиырылу қозғалысын күшейту арқылы төменгі бөлігін үлкен дәрет пен газдан босату үшін және дәретті сұйылту мақсатында жүргізіледі.

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 40 мин (40%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.

Тесттер:

1. Тоқ ішектің басты қызметі

а) ас қорыту

б) майды синтездеу

в) суды организмге сіңіру

г) тұз қышқылын бөлу

2. Тоқ ішектің ұзындығы болады

а) 1-1,5 м

б) 2 - 5 м

в) 10-12 м

г) 3-4 м

3. Аш ішектің басты қызметі

а) ас қорыту

б) заттар алмасуында қатысу

в) қоректі заттарды синтездеу

г) су алмасуында қатысу

4. Аш ішектің ұзындығы

а) 5-7 м

б) 2-3 м

в) 10-12 м

г) 1-2 м

5. Клизма түсініктемесі

а) тоқ ішекке сұйықтық жіберу

б) тоқ ішекке дәрілік заттарды енгізу

в) аш ішекті зерттеу

г) аш ішекке сұйықтық жіберу

6. Клизма қоюға көрсеткіштер

а) операциядан кейін

б) метиоризмде

в) эндоскопиялық тексеруден алдын

г) тік ішекке шам қояр кезінде

7. Клизмаға кері көрсеткіштер

а) тік ішектің түсіп кетуі

б) іш қатып қалғанда

в) улануда

г) операцияға дайындау кезінде

8.Тазалау клизмасының керекті заттары

а) Эсмарх кружкасы

б) 1,5л су,вазелин

в) өсімдік майы ,түтікше

г) клеенка,тазик

9. Сифонды клизмаға көрсетілімдер:

а) ішектің түйілуі

б) босанудан алдын

в) рентгеннологиялық тексеруден алдын

г) ішектен қан аққанда

10. Сифонды клизма үшін керекті заттар

а) жуан резеңке түтік

б) воронка, катетер

в) су, судно

г) вазелин, ұштық

СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР:

  1. қабылдау бөліміне жедел жәрдем машинасымен 20 жастағы науқас келіп түсті. Науқастың жағдайы ауыр. Көмектесіп келген адамның айтуынша науқас ұйықтататын дәріні көп дозада ішіп уланған. Науқасқа клизманың қай түрін жасауға болады?

  2. эндоскопиялық зерттеу үшін тазалау клизмасын жасаған науқаста кешке жақын іші ісіп, мазаланды. Бұл қандай жағдай? Сіздің көмегіңіз

  3. Мейірбике тазалау клизмасынан соң Эсмарх крушкасын, ұштықпен бірге 30 мин қайнатып залалсыздандырады. Мейірбике дұрыс жасады ма?

  4. Тазалау клизмасын жасау кезінде крушкадағы су ішке жүрмей қалады. Мұндай жағдайда не істеу керек ?

  5. Клизма жасау үшін науқасты мейірбике оң жақ бүйіріне қарата жатқызады, қолына қолғап кимеді. Бұл дұрыс жағдай ма?

13. Сабақты қорытындылау. 8 мин (8%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады

14. Үйге тапсырма беру. 8 мин (8%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет