- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Емханада жұмыс жасайтын медициналық бикенің міндеті
- •Учаскелік дәрігерлік пункттегі медициналық бикенің міндеті
- •Аурудың алдын алу емханалық бөлімшелердегі медициналық бикенің міндеті
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Ситуациялық есептер
- •Ампуладан (флакон ) дәрілік заттарды жинау.
- •Антибиотиктердің дайындалған ерітіндісін сақтау
- •Көктамырға егу жасау (венепункция).
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •Күре тамырдан қан алу.
- •Люмбальді пункция
- •Стернальді пункция
- •Ситуациялық есептер.
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •1. Көк тамырға ине егу кезінде асептика және антисептиканы сақтамаған жағдайда пайда болатын асқыну:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •3.Сабақ түрі: практикалық
- •4.Сабақтың мақсаты:
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Қойылған мақсатты атқару
- •2. Сағат саны: 270 мин (100%)
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •Ентігу симптомы.
- •Ісіну симптомы
- •Ескету қажет:
- •Талма кезіндегі алғашкы көмек
- •Коллапс кезіндегі алғашқы көмек.
- •1. Тәбеттің бұзылуы.
2. Сағат саны: 270 мин (100%)
3. Сабақ түрі: практика
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: тамақтануды ұйымдастыру және науқастарды тамақтандыру. Жасанды тамақтандыру.
тәрбиелік: ауыр науқастарды тамақтандыру кезінде этика және деонтология нормаларын ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: науқастарды тамақтандыру туралы түсінікті және бөлімдегі тағамдарды сақтау ережелерін дамыту.
5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды модельдеу, аудиториялық.
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4, 5 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
Мейірбике ісінің негіздері. Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)
- активті және пассивті науқастарды санитарлық өңдеу;
күтуге арналған құралдар мен материалдар. Оларды дауындау.
шаш, аяқ, жыныс мүшелерінің және анальді саңлаудың түкті бөлімдерінің туалетін жасау, күту құралдарын өңдеу.
педикулез кезіндегі іс-шаралар.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 54 мин (60%)
Жоспар:
Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру
Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
Дайьн тамақты сақтау, тарату және тасымалдау
ауыр халде жатқан науқасқа гастростома, зонд арқылы тамақтандыруын
тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын
парентеральды тамақтандыру
процедураны өткізуге арналған құралдарын оны дайындауың және қолданғаннан кейін өндеу
Тағайындалған диета мәні туралы науқас және оның туысқандарымен әңгіме өткізу
Келушілердің алып келген тамақтарын бақылау
Тамақ блогы және үлестіру бөлмесіне порционник құру
Ауыр науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
Дайын тамақты сақтау, тарату және тасымалдау
Тік ішек арқылы қоректік қоспаларды енгізу техникасын
Парентеральды тамақтандыру
Процедураны өткізуге арналған құралдарын
Оны дайындауын және қолданғаннан кейін өңдеу
Стационарда емдік тамақтарды ұйымдастыру. Стационарда емдік тамақтарды жалпы басқаратын бас дәрігер немесе оның орынбасары ал бөлімшелерде-бөлімше меңгерушісі.
Диетолог- дәрігер барлық бөлімшелерді емдік тамақтармен қамтамасыз етуін ұйымдастырады, диеталық медбикемен басқарылады. Диетолог- дәрігердің нұсқауын барлық тамақ блогы жұмысшыларына қатысты. Диетолог- дәрігер тағайындалудың дүрыстығын жөне емдік тамақтарды қолдануьн, олардың нәтижесін талқылап, жеті күндік тамақтану тәртібін құрастыру, жаз,қыс айларында диета түріне олардың сапасына, химиялық құрылымын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол тамақ блогының жүмысын, дайын болған тамақты қарап бақылайды. Диеталық медбике тамақ блогы жүмысына жөне санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануын бақылайды. Дәрігер- диетологқа бағынады.
Оның міндеттері:
тамақ сапасын анализдеу, дұрыс сақталуын бақылау
Дәрігер диетологтың басқаруымен күнделікті ас мәзірін тамақ картотекасына сәйкестігін қүрастыру.
Диеталардың химиялық кұрамын және энергетикалық құндылығьн санау.
Медициналық құжаттарды толтыру.
Тамақтанудың санитарлық- гигиеналық тәртібі.
Аурухананың тамақ блогы құрылысы, мазмұны, тамақ дайындауын қатаң кадағалау қажет.
2Тамақ блогында көзге көрінетін жерде «Санитарлық ереже« ілініп түрады. Тамақ блогы, үлестіру бөлмесі және буфеттердің жүмысшыларын инструкцияға қатысты медициналық қараудан өткізіледі.
Тамақ блогы қызметкерлері тек қана санитарлық минимумнан сынақ тапсырғаннан кейін гана жіберіледі
Тамақ блогы бөлімшесінде асхана ыдыстарын жууға катаң тыйым салынады.Бүны тек қана бөлімше буфеттерінде жуады.
Тамақ блогы және буфет құрал-жабдықтары аурухана және емхана табельдері құрал-жабдықтарына сәйкес керек.
Орталықтандырылған тамақ заттарын тасымалдау болмағанда және нақты әкелуге арнайы транспорт жылына бір рет паспортизациядан өтеді.
Аурухана бөлімшелеріндегі буфеттер қамтамасыз етілуі тиіс:
суық жөне ыстық су
екі секциялы жуғыш ванналар, олар канализацияға қосылған, ыдыстарды шаятын және кептіретін сеткалар.
Тамақты қыздыратын электроплита
Ыдыстарды, тамақтарды сақтайтын шкафтар (нан,тұз,қант)
Бір науқасқа шаққанда ыдыс жиынтығы
Жуғыш және дезинфекциялайтын заттар
Жинастыратын заттар (шелк, ветошь,щеткалар)
Таңбаланған «буфетка арналған«
Дайын болған тамақты екі сағат ішінде тасу керек.
Науқастарға тамақты буфетші немесе бөлімшенің кезекші медбикесі таратады
Бөлімшелердің барлық науқастары асханада тамақтанады. Науқастардың тамақтары (үйден келген шкафта, сөрелерде (құрғақ тамақтар) ал тез бұзылатын тоңазытқышта сақталады
Порционникті және порционник талаптарын құрастыру
Дәрігер науқасқа диетаны тағайындап немесе болдырмау жөне ауру тарихына стол нөмірі жазылады
Палата медбикесі тағайындау парағына диета туралы мәліметтерді таңдайды
Медбике порционникті 2 экземплярда жасайды
Онда стол туралы мәлімет және науқастар залы және оларды қабылдайтын.Бір экземплярды бөлімшенің аға медбикесіне тапсырады ол басқасын таратушыға берілген порционникте палата нөмірі, аты-жөні,наукастың тамақтанатын орнын көрсетеді, асхана, палата.
Порционникті аға медбике таңертең ұсынады. Науқастар саны, емдік столдар туралы мәліметтерді береді. Порционникті аға медбике және бөлімше меңгерушісі талаптар жазады. Таңертең қүжаттарды аурухананың диеталық мейіркешіне береді.
Науқастарға тамақ үлестіру
1 Тамақты бөлімшеде буфетші және палата медбикесі таратады. Ыстық тамақ, температурасы 60С, ал суық тамақ 15С төмен болмау керек.
2 Жалпы тәртіптегі науқастар асханада тамақтанады.
3 Төсектегі науқастарға тамақты палатаға арнайы столдарда әкелінеді.
4 Тамақты үлестірмес бұрын медбике таңбалаңған халат киіп, қольн жуады.
5 Бөлімшелерді жинайтын санитаркалар тамақ үлестіруге жіберілмейді.
Қалған тамақ қалдықтарын және лас ыдыстарды науқастың жанына қалдырмау қажет.
Науқастарды тамақтандыру.
Белсенді, енжар және жасанды түрлері болып бөлінеді.
Егерде науқас өзі тамақтанатын болса жалпы тәртіп, бос қозғалатын, оған тамақ ішетін жерді көрсетіңіз. Егерде науқас өздігінен палатада тамақтанса (палаталық немесе төсектегі тәртіп) алып келген тамақтың, сырткы түріне, оның тем- сын бақылаймыз. Тамақты подносқа салып әкелген жөн. Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды жинап, керует маңындағы стол немесе сөрелерді сүртеміз. Егерде науқас медбикенің көмегімен тамақтандырылса( қатаң төсек төртіп).
науқасты тамақтандырмас бұрын палатадағы барлық емдік процедураларды аяқтау керек, физиологиялық бөлінулер, палаталарды тазалау, бөлмені желдету науқастың қолын жуып немесе дымқыл жылы сүлгімен сүртіп, көкірегіне салфетка қоямыз.
Жылы тамақты тумбаға немесе керует маңындағы столға қоямыз.
Науқасты ыңғайлы отырғызамыз{ жартылай отырғызып немесе отырғызып)
Науқастың жанына отырыңыз себебі сізге ыңғайлы болу үшін .
Егерде науқасты отырғызып тамақтандыру қиын болса онда сол қолмен тамақты қасықпен береміз.
Тамақтанғаннан кейін ыдыстарды аламыз. Науқастың аузын шайып және қолдарын жуамыз, төсек орнына тамақ қалдықтарын қағып науқасты жатқызамыз.
Тісі жоқ науқастарды тамақтандыру.
Толық немесе жартылай тісі жоқ науқастарды сұйық және езілген тамақтармен тамақтандырамыз.
Тамақтану режимі; күніне 4-5 мәрте тамақтанады.
Стационарға келушілер алып келетін тамақтарды сақтау. Алкогольді, пісте, арбуз, балмүздақ, үй және фабрикада консервілердің түрлері, торт, пирожные, варенье рүқсат етілмейді.
Жасанды тамақтандыру
Жасанды тамақтандыру организмге асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентеральды қоректі заттарды енгізу.
Зонд арқылы тамақтандыру
Көрсетілімдері: ес-түссіз жатқан науқастар, ас қорыту жүйе өтімсіздігі. Дайындаңыз: жіңішке стерильді зонд диаметрі 0,5-0,8 мм, вазелин немесе глицерин, воронка немесе Жане шприці, сұйық тамақ (тәтті шай, морс, гомогенді эмульсиялар) фонендоскоп, лейкопластыр, түйрегіш, зондты жабатын қабық, шприц.
Істеу қажет:
Қолыңызды жуыңыз
процедурамен науқасты таныстырыңыз
Стерильді зондтты вазелин немесе глицеринмен майлаңыз
Науқастың басын артқа шалқайтамыз
Стерильді зондты төменгі мұрын жолдары арқылы 15-18 см тереңдікке енгіземіз
Сол қолдың саусағымен жұтқыншақтағы зондты анықтап оны артқы жұткыншақ клеткасына қысыңқыраймыз, себебі зонд трахеяны үзбес үшін
Науқастың басын аздап алға қисайтып және оң қолмен зондты өңештің ортаңғы бөлігіне дейін итереміз. Егер дем шығарған кезде ауа зондтан шықпаса, ал науқастың дауысы сақталады, яғни зонд өңеште тұр.
Зондты мына қашықтықта енгіземіз, формула бойынша(бойы/см )100;
Шприцке ауа толтырып оны зондқа жалғау керек
Фонендоскопты эпигастральді бөлікке қоямыз
Фонендоскоптың көмегімен ауаны зонд арқылы асқазанға жібереміз,
дауыс естілсе онда ауа асқазанға түскенін білдіреді
12.3ондты зажиммен қысып, тұйық ұшына лоток түсіреміз
ІЗ.Зондтың тұйық ұшына Жане шприцін немесе воронканы кигіземіз
14. Воронкаға немесе Жане шприціне тамақ қүямыз
15.3ажиммен қыстырылған зондты босатамыз
Іб. Асқазанға тамақты жылы күйінде, поршенді жәй басып немесе воронканы асқазан денгейінен жоғары көтереміз
17.Воронкаға таза су кұйып, воронканы аламыз. Зондтың тұйық ұшын пробкамен жабамыз
18.3ондтың тұйык ұшын киімге немесе наукастың басына бекітіп, себебі зонд оған кедергі жасамау үшін. Жасанды тамақтандыру кезінде 2-3 апта зондты шығармайды.
Профилактика мақсатында науқасты тамақтандыру кезінде патогенді микрофлора дамымас үшін зондты екі сағат сайын жуамыз.
Қоректендіру клизма (ректальді тамақтандыру).
Көрсетілімдері: қоректендіру клизмасы организмге резорбтивті әсер етуіне
негізделген. Оларды көп мөлшерде (12 л-ге дейін), дәрілік заттар (0,9% натрий
хлорид ерітіндісін, 5 % глюкоза, аминқышқыл ерітінділері) қолданылады.
Қоректік клизма салмастан 1 сағат бұрын ішекті толық босату үшін тазарту
клизмасын жасайды. Шағын мөлшердегі қоректік клизманы (200-500 мл)
резеңке грушаның көмегімен жасайды. Құятын сұйықтын температурасы 37-38 °С.
Парентеральді тамақтандыру.
Көрсетілімдері: асқорыту жолы бітелу белгілері, ісік, өңеш, асқазан, ішек операцияларынан кейін әлсіреген науқастарды операцияға дайындау. Осыған байланысты келесі препараттарды қолданады. Көмірсулар - 10 % глюкоза ерітінділері, белоктар- аминкышқылдар, ыдыраған белок молекулалары күйінде. гидролизин, белокты гидролизат казеин, фибриносол, аниналон, аминопептид, аминокровин, альвизин, левмин, полиамин және т.б. Алғашқыда 30 мин. 10-20 тамшы / мин., майлы эмульсия күйінде: липофундин, интралипид. Парентеральді тамақтандыру тамыр ішіне енгізіледі. Жібермес бүрын ерітіндіні 37-38 ° С булы моншада жылытамыз. Алғашқы 10-15 минутта 15-20 там/ мин, кейіннен 60 там/ мин дейін жібереміз. 500 мл препаратты 3-5 сағатта жібереміз.
Ескерту: белокты препараттарды науқастарға жылдам жібергенде оларда ыстық, беттері қызарып, тыныс алуы киындайды. Парентеральды тамақтандырғанда тәулікті ескеру қажет.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 120 мин (140%)
Медициналық мекемеде емдік тамақтануды ұйымдастыру. Үлестік-талапты құрастыру, аурухана бөлімдеріндегі тағамдарды сақтау, санитарлы нормалары мен жағдайларына бақылау жүргізу.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 40 мин (40%)
Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Науқастардың тамақтану рационында белок, май, көмірсу ара қатынастары кандай болуы керек.
А) белок ара қатынасы жоғары
Б) белок, май, көмір су ара қатынасы ауру түрімен байланысты
В) 1:1:4 белок, май, көмірсуге сәйкес
Г) май ара қатынасы жоғары
2. Сау адамның тамақтану рационына не кіреді А) 80-100 г белок
Б) 400-500 г көмірсу
В) 200 г май
Г) витаминдер, микроэлементтер
3. 1 г көмір су организімге қанша ккал береді А) 0,3 ккал
Б) 4,1 ккал
В) 5,5 ккал
Г) 7,3 ккал
4. 1 г май организімге қанша ккал береді А) 4,1 юсал
Б) 3,3 ккал
В) 9,3 ккал
Г) 8,8 ккал
5. Көмір су ненің қүрамында болады А) крахмал
Б)ет
В) қант
Г) жұмыртқа
6. Тамақтану тәртібі бұл-
А) кулинарлық емдеу сипаттамасы
Б) тамақ, ішу уақьпъі және жиілігі
В) тамақтың сапалық құрамы
Г) тамақтың мөлшерлік құрамы
7. Қажет диета жөне оны қолдану ұзақтығы анықталды.
А) диеталық медбике
Б) аға медбике
В) дәрігер
Г) палаталық медбике
8. Порционник талаптарын ас блогына құрастыру есебі: А) палаталық медбике
Б) аға медбике
В) бөлімше меңгерушісі
Г) диеталык медбике
9. Порционник ішіне кіретін мәлімеггер А) өр түрлі диеталық столдардың саны Б) науқастар саны
В) палаталар аталуы
Г) тамақтану төртібі
10. Тамақты кім үлестіреді
А) кіші мед. қызметкері
Б) буфетші
В) палаталық медбике
Г) диеталық дөрігер
Ситуациялық есептер:
1. Түнде науқасқа асқазан жара ауруымен бөлімшеге келіп түсті. Берілген науқасқа мәліметтерді кім ұсынды?
2. Науқастарға тамақты үлестіретін кім жөне қашан өткізілді? палатада ауыр халде жатқан науқастар біреуінде емдік процедуралар аяқталады, ал екіншісінде физиологиялық бөлінулер қабылданып жатыр. Басқа науқастар тамақ іше ме ?
13. Сабақты қорытындылау: 8 мин (8%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
14. Үйге тапсырма беру: 8 мин (8%)
14 - сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
2. Сағат саны: 270 мин (100%)
3.Сабақ түрі: практикалық
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: оқушыларды мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыруға үйрету.
тәрбиелік: оқушыларды мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру
кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: оқушыларда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру қабілеттілігін дамыту.
5. Оқыту әдісі: көрме, пікірталас.
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.
7. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.
8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 30 мин (30%)
ультра дыбыс туралы түсінік
- ағзадағы ультрадыбысты қабылдайтын мүшелер
- ультрадыбысты аппаратуралардың құрылысы
- ультрадыбысты зерттеуге науқасты дайындау
- ультрадыбысты зерттеу жүргізу әдісі
- қауіпсіздік техникасын сақтау
- кіші жамбас мүшелерін УДЗ-ға дайындау ерекшеліктері
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)
Жоспар:
Мейірбикелік үрдістің бес кезеңі
Мейірбикелік ауру тарихы
«мейірбикелік үрдіс түсмініктемесі »
Мейірбикелік күтімді ұйымдастыру және орындау
Организмнің 14 негізгі қажеттілігі (Маслоу бойынша)
«Мейірбикелік диагноз» түсініктемесі
Мейірбикелік үрдістің бес кезеңі
Мейірбикелік ауру тарихы түсініктемесі
Мейірбикелік үрдістің картасы
Мейірбикелік күтім күнделігі
Медбикелік процесс түсініктемесі 50 жылдар ортасында АҚШ та кең таралды.Америка және Европа қазір заман медбикелік ісі моделінің ең негізгі түсініктерінің бірі – медбикелік процесс.
Мейірбикелік үрдіс – бұл медбике практикасында қолданылатын ілімге қаратылған әдіс болып, денсаулықты сақтау практикасында медбике орнының жаңа түсінігін береді, және одан тек қана техникалық жағынан жақсы дайындықты қана емес сонымен қатар науқас күтіміне өнерпаздықпен жандасу науқасқа жеке бір адам есебінде қарым-қатынаста болуды талап етеді.
Мейірбикелік үрдіс: Біріншіден, науқастың күтіміге болған мұқтаждықтарын, екіншіден, ол науқастың негізгі мәселелері және оның нәтижелері, үшіншіден, науқастың мәселелерін толықтыруға қаратылған күтім жоспарын анықтайды. Төртіншіден медбикелік ісінің жетістіктерін кәсіби нәтижелерін анықтайды. Ең бастысы, медбикелік процесс көмек көрсетудің сапасын бақылауға кепілдік береді.
Мейірбикелік үрдістің жақсы жақтары:
Мейірбике күтіміне тізімді және жеке қарау науқаспен оның отбасының күтімін жоспарлау және қамтамасыз етуде актив қатысуды талап етеді
Науқастың басты мәселелерімен, мұқтаждықтарын қамтамасыз етуде бағытталған уақыт және заттардан кеңінен қолданылады.
Мейірбикенің көмегімен білімі сапасына кепілдік береді.
Мейірбикенің медициналық қызметке қаратылған білімі жауапкершілігі мен сенімділік дәрежесі анықталады.
Медициналық қызмет көрсетудің қауіпсізлігін қамтамасыз етуді Америкалық психофизиолог А. Маслоу 14 негізгі қажеттілікті бөлді:
Тыныс алу, 2.Тамақ жеу, 3. Су ішу, 4. бөлу, 5. Ұйықтау, демалу, 6. Таза болып жүру, 7. киіну, шешіну, 8. Қалыпты температураны сақтау, 9. Дені сау болу, 10.Қауіптен сақтану, 11.Қозғалыс, 12. Қарым қатынас, 13.Табысқа жету, 14. Жұмыс істеу, оқу, ойнау.
Мейірбикелік үрдістің кезеңдері:
Науқасты тексеру, жағдайына баға беру медбикенің көмек жоспарын түзу, жоспарды іс-жүзіне асыру, және өзгерістерді енгізіп нәтижелерді бағалау.
Тексеру мақсады- науқастың көмек сұрап келген кездегі денсаулығы турасында, бір-бірімен байланыстыра отырып ақпарат жинау.
Тексеру субьектив және обьектив болады.
Ақпарат беруші науқастың өзі болып, ол өзінің денсаулығы турасында айтуы – субьектив ақпарат. Ақпарат берушілер – науқастың отбасы, жұмысы жағынан, достары,кейдесоқ жолаушы болуы мүмкін. Олар, егерде науқас жас бала есі ауысқан немесе есінен таңған жағдайда болса ақпарат береді. Обьективті ақпаратқа медбике жүргізген тексеру нәтижелері кіреді: (социальді жағдайы, науқас жасайтын жеке жұмыс істейтін ортадағы өзара қарым-қатынастары), мәдени жағдайы (дінді), рухани жағдайы (мінезі, жеке өзіне ғана баға беру), физикалық тексеру нәтижелерін анықтау болып табылады. Ақпарат жинау кезінде медбике науқаспен «емдеу» қарым-қатынастарын орнатады:
науқас және оның туыстары емдеу мекемелерінен нені күтетіндігін анықтайды.
Науқасты емдеу кезеңдерімен таныстыру:
Науқасты өз жағдайына дұрыс баға беруге үйрету:
Қосымша зерттеуді талап ететін ақпаратты жинайды(жұқпалы аурумен түрлі аурулармен ауруы, операциялар)
«науқас-отбасы», науқас және отбасының ауруға қарым-қатынасын анықтайды.
Мейірбикелік үрдістің I-кезеңі нәтижесі бұл медбикенің науқас турасында жинаған ақпаратын оның ауру тарихына жазылуы. Медбикелік ауру тарихы юридик баяндама, яғни медбикенің тәуелсіз кәсіби құжаты. Медбикелік ауру тарихының мақсаты медбикенің іс-әрекетін бақылау, дәрігер бұйрығын және өзі түзген күтім жоспарын іске асыру, медбикелік ісі сапасын және медбикелік тәжірибесін талдау.
Мейірбике тексеру нәтижелерін талдау бастағанда медбикелік процесстің II-ші кезеңі, науқас мәселелерін анықтап, медбикелік диагнозды қоюға өтеді.
Бұл кезеңнің мақсаты біріншіден, науқас организмінің, пайда болған мәселелерге жауап реакциясын анықтау болып табылады.
Екіншіден, осы мәселелердің келіп шығуына себепші болған факторларды анықтау керек . Үшіншіден, науқастың осы мәселелерін алдын алу немесе шешуге мүмкін болған күшті жақтарын анықтау. Науқастың денсаулығымен байланысты болған мәселелер бірнешеу болуы мүмкін және медбике олардың арасынан ең негізгісін анықтауы қажет. Қажеттілігі бойынша мәселелер біріншілік, аралық және екіншілік болуы мүмкін. Емделмесе, ауыр асқынуларды келтіріп шығаратын мәселелер біріншілік, аралық мәселелер науқастың өміріне қауіп төндірмейтін қажеттілік. Екіншілік болса, науқастың ауруына ешқандай қатынасы жоқ мәселер. Екінші кезеңнің міндеті медбикелік диагнозды қою болып табылады.
Мейірбике тексеру, диагноз қою және науқастың біріншілік мәселелерін анықтаған соң, күту мақсады, күзетілген нәтижелер мен оның мезгілін белгілеп, медбикелік процесстің III-ші кезеңіне, медбикелік көмекті жоспарлауға өтеді.
Күтім жоспары медбикелік ісін жүзеге асырады, оның іс –шараларын және басқа мамандармен байланыстырады. Күтімнің жазба жоспары жетілдірілмеген күтім қауіпін азайтады. Бұл медбикелік көмегінің сапасын анықтайтын юридик құжат болып, медбике күтімін қамтамасыз етуге қажетті материалдар мен жабдықтар үшін жұмсалған шығындарды анықтайтын құжат болып саналады. Жоспарланған күтім науқас пен оның отбасы қатысуының қажеттілігін есте сақтай отырып және одан күтілетін нәтижелер. Күтім төмендегі талаптарға жауап беруі керек: мақсатқа және міндеттерге жете алатын, әрбір міндетті атқару үшін оның жоспар белгіленуі керек. Мақсатты анықтау, оларды амалға асыруда науқас,оның отбасы мүшелері және басқа мамандар қатысады. Әрбір мақсад және күтілетін нәтижені бағалау үшін уақыт бөлінеді. Мақсадтар қысқа және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсадттар бұл қысқа уақыт ішінде, 1-2 аптада амалға асырылады. Ол аурудың жедел кезеңінде анықталады және жедел медбикелік күтімі жоспарға мұқтаж болады. Ұзақ мерзімді мақсаттар екі аптадан көп уақыт ішінде амалға асырылады. Ол аурудың қайталануын, асқынулардың алдын алуды, денсаулықты тіркеу және социальді үйренуге қаратылған болады. Бұл мақсадттарды амалға асыру көбіне науқастың ауруханадан шығу уақытына тура келеді.
Мақсадтарды анықтау және амалға асыруда әрекет, уақыт және жағдайын есепке алу мүмкін.
Мейірбике күтім мақсаты және міндеттерін анықтаған соң, науқас күтімі бойынша жазбаша нұсқау түзеді. Науқастың күтім жоспары медбике амалға асыратын міндеттерін өз ішіне алып, ауру тарихына жазылады.
Мейірбикелік процессіне қорытынды жасап медбике төмендегі сұрақтарға жауап береді:
― күтудің мақсаты неде?
― мен күтетін науқас науқас санасында кім?
Науқастың айналасындағылар, олардың науқасқа қатнасы, жәрдем беру шаралары, медицинаға, науқасқа, емдеу мекемелеріне қатынасы қандай?
― мақсат және міндеттерді амалға асырудағы әдістер қандай?
Мейірбике жоспар түзген соң ,оны амалға асыруға кіріседі. Бұл медбикелік процесстің төртінші кезеңі- медбикенің іс- әрекеттерінің жоспарын амалға асыру болып табылады. Оның мақсаты, науқасты күту, қадағалау үйрету, кеңес беру.
Медбикелік диагноз
Бұл медбикенің қатысуын талап ететін, медбикенің қорытынды тексеруінен кейінгі науқастың жағдайы.
Мысалы: ойық жараның пайда болуы, ішектің пункциясының бұзылуы: іш қатуы.Қазіргі кезде Қазақстанда бекітілген медбикелік диагноз жоқ. Науқасқа медбикелік ауру тарихын толтыру.
Тексеру кезінде анық бөлу: субъективті, объективті
Науқастың мәселесін шешуге анықтап алу: физикалық (ауру, жөтел,) психосоматикалық (өлімнен қорқу), социальді, эмоциональді
Күтімді жоспарлауда негізгі, қосымша, потенциальді мәселелерді анықтау
орындауда тәуелсіз өз бетінше мәселелерін шешуді бөлу
нәтижені бағалауда мақсатын көрсету
Аталған тізімнен негізгі адам қажеттілігінен науқас мәселелерін бөлінеді
қалыпты тыныс алу
тамақтану , сұйықтық ішу
физиологиялық бөлінулер
қозғалыс
ұйқы
киіну, шешіну әрекеті, жеке басының гигиенасы
дененің қалыпты температурасын ұстау
қоршаған орта қауіпсізддігін ұстау
қарым қатынас
еңбек және демалыс
