- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Тірек ұғымдар:
- •1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
- •2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- •3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
- •4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
- •5.Компонентік талдау
- •2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
- •3. Семантикалык, өріс әдісі
- •4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
- •Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
- •Лексика-фразеологиялық стилистика.
- •Синоним, омоним, антоним, паронимдер.
- •Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
- •2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
- •3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
- •Синтаксистік стилистика.
- •2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.
- •Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.
- •Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
- •Ауызекі сөйлеу стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Ресми іс қағаздар стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық белгі, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стиль құраушы факторлар, стильдің тілдік жүйелілігі. Бұлардың ішінде стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.
Тілдік қабаттардың бірліктері (әсіресе, лексикалық қабаттың) өздерінің негізгі мағыналарынан тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді. Стилистикалық табиғаты жағынан олар бірдей емес. Тілдік құралдар, осынай ерекшелігіне орай, алдымен бейтарап және стилистикалық бояулы болып бөлінеді.
Тіл жүйесіндегі стилистикалық бейтарап, яғни ешқандай қосымша реңксіз құралдар қатынас жасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар стилистикалық бояуға ие болмайды. Мысалы, лексика үй, қол, адам, тау, оқу, т.б. сөздер. Стилистикалық бояуға ие құралдар осындай стилистикалық бейтарап құралдардың аясында ғана айрықша көзге түсіп тұрады. Сондықтан олар стилистикалық нөлдің деңгейді құралды.
Стилистикалық бояудың екі түрі ажыратылады: эмоционалды-экспессивті және функционалды. Бұл жағдайда, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарға өздерінің негізгі атаулық, заттық-логикалық, грамматикалық мағыналарына үстемелей, белгілі бір экспрессивті немесе функционалды мағыналарды қоса білдіретін тілдік құралдар жатады. Тілдің ондай қосымша сапа – қасиеттері әлгі құралдардың қолданылу өрісін шектеп, қарым – қатынастың белгілі бір саласында ғана жұмсауға мәжбүр етеді. Мысалы, жалмауыз, шошқа, сүмелек, шаһар, сөлектеу, желкебай, тыраштану т.б. Бұлар эмоционалды-экспессивті бояуға ие тілдік құралдарға жатады.
Функционалды бояуға ие тілдік құралдар да болады. Бірақ олардың ара-жігі экспрессивті бояуға қарағанда ондай айқын емес. Экспрессивті-эмоционалды бояу тілдік тұлғаның табиғи қасиеті боса, функционалды бояу тілдік тұлғаны қарым-қатынас жасаудың белгілі бір саласында көп қолданудың барып пайда болды. Соңғы жағдайда тілдік дәстүрдің де рөлі бар. Тілдің тұлға – бірліктерінің мағыналық – стилистикалық жағы мен оларды белгілі салада көбірек қолдану дәстүрі арасында қатаңтәуелділік бар. Белгілі салада тұрақты қолданудың нәтіжесінде тілдік құралдың мағынасы белгілі стилистикалық мәнге , бояуға ие бола бастайды да, кейін тұрақты бекітіледі. Мысалы, ресми стильде қалыптасатын штамтар («жоғары жетістікке жетті», «қаулы қабылдадыә т.б.) осындай қолданыстың нәтижесі.
Демек, даму барысында функционалды стилистикалық бояу да бірте-бірте тілдік тұлға-бірліктердің олардың мағыналарына о бастан тән, табиғи қасиетіне айнала береді. Сондықтан функционалды стилистикалық бояу тілдік құралдың мағынасынан бөлініп қаралмайды.
Ескерер бір жай: стилистикалық бояулардың ара-жігі қолдану барысында тұрақты болмай, жылжымалы болып келеді. Стилистикалық бейтарап құралдардың өзі кей кезде белгілі бір контексте стилистикалық өң алады. Ал кейде тілдік құралдың бұрын әбден қалыптасқан стилистикалық бояуы мүлдем басқаша сыйпат алуы мүмкін. Мысалы, еркелету немесе құптау мағынасы (бояуы) керісінше мысқылды мағынаға (бояуға) айналуы мүмкін, т.б. (Осы жерде «қатын» сөзінің бояуының тарихи өзгеруін еске алуғ болады). Сонымен қатар, бір тілдік құрал өзінде әрі эмоционалды-экспрессивті, әрі функционалды бояу сақтауы мүмкін. Мысалы, тілдің публицистикалық (функционалды бояу) құралдары салтанаттылық, поэтикалық, риторикалық немесе ирониялық мазақтау реңтеріне ие болып келеді. Көпшілік жағдайа экспрессивті бояу мен функционалды бояу осындай бірлікте келеді. Енді кей жағдайда тілдік құралда экспрессивті бояу болғанымен, функционалды бояу бар болып келеді. Мысалы, терминдерде (ғылыми стиль) экспрессивті бояу жоқ, функционалды бояу бар.
Қазақ тілінің стилистикалық құралдары дегенде тілдің стилистикалық бояуға ие тұлға-бірліктерінің жиынтығы негізгі алынады. Бірақ стиль тілдің стилистикалық бояуға ие емес, бейтарап элементтері арқылы да жасалатын ескерсек, бұл мәселенің әлдеқайда күрделі екенін түсінеміз. Сондықтан кез келген тілдік тұлға-бірлік (әсіресе, көп мағыналы түрлері) стилистикалық құрал болы мүмкін.
Белгілі бір тілдік тұлға-бірлікті белгілі сөйлеу жағдайында қолдану дәстүрі,оның белгілі бір қарым-қатынас саласына тәндігі сол тұлға-бірліктегі стилистикалық бояудың көрінісі болады. Тілдік тұлға- бірліктің мағыналық белгілі бір салада қолдануға бейім болып келеді. Тілдік тұлға-бірліктердің стилистикалық мүмкіндіктері қызмет ету процесінде ашылады және оның көрінісі белгілі тілдік құралды нақтылы тілдік жағдайда қолдану ерекшелігімен анықталады. Тілдің құрылымдық және функционалдық жақтарының диалектикалық бірлігі мен байланысы осыдан көрінеді.
Стилистикалық бояуының сипатына орай, тілдік құралдар функйионалды бояулы және экспрессивті бояулы болып бөлінеді.
Функционалды бояулы құралдар функционалды стильдердің түр-түріне сәйкес өзіндік ерекшеліктерге ие болып келеді. Мысалы, ғылыми стильдегі терминдер, көркем әдебиет стиліндегі троптар мен фигуралардың түрлері, ауызекі сөйлеу стиліндегі қарапайым сөздер мен диалектизидер функционалды бояулы құралдарға жатады.
Экспрессивті құралдарға тілдің салтанаттылықты білдіретін, немесе мысқылды білдіретін, немесе әшкерелеуші реңге ие т.б. құралдар болып келеді. Бұлар, әсіресе, жекелеген сөздерге тән. Ол бояулар сөздердің контекстен тыс жағдайына да табиғи түрде тән болып келеді. Бұдан грамматикалық тұлға-бірліктерге қарағанда лексиканың эмоционалды-экспрессивті бояуы кең екенін көреміз. Оның үстіне грамматикада лексикадағыдай стилистикалық бояулардың белгілібір тұлға-бірліктерге тәндігі, айқындығы жоқ. Алайда, бұл грамматикалық құралдардың экспрессивтік мүмкіндігі әлдеқайда шектеулі дегенді білдірмейді. Мысалы, синтаксис бейнелеудің әртүрлі эмоционалды- экспрессивті бояулы мүмкіндіктеріне кеңінен ие. Бірақ онда эмоционалды- экспрессивті ояу бір ғана тілдік тәсілге бектітілмеген. Ол көптеген тәслдердің жиынтығынан барып құралуы мүмкін (мысалы, сөздердің орын тәртібі, бірыңғай мүшелер, синтаксистік паралельділік).
Стильдік құралдар туралы мәселе синонимия мәселесімен тығыз байланысты. Көптеген зерттеушілердің көзқарасы бойынша, «тілдік құралдардың синонимикасы- стилистиканың орталық мәселесі». Стильдердің өмір сүруінің өзі белгілі мөлшерде синонимдердің бар болуымен белгіленеді. Бірақ стилистиканың ресурстары синонимдермен ғана шектелмейді.
Жалпы, тілдің синонимикалық құралдары мен функционалды стильдердің ара – қатынасы мәселесі - әлі толық зерттелмеген іргелі мәселе. Функционалды стильдерді тілдің синонимикалық байлығы әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Мысалы, көркем стильде синонимдер кең пайдаланылса , ғылыми, ресми стильдерді керісінше аз жұмсалады, тіпті мүлде қолданылмайды десе болады.
Стилистикалық мағынаға келетін болсақ, ол-стилистиканың негізгі ұғымдарының бірі.
Сөздің мағынасы оның тек заттық ұғымын ғана белгілеп қоймайды. Онда сонымен қатар сөздің стилистикалық қызметіне қатысты мағыналық реңктері де болады.
Стилистикалық мағына мен стилистикалық бояу ұғымдары бір-біріне жақын. Стилистикалық мағына стилистикалық бояуға қарағанда тұрақты да жалпы.
Стилистикалық мағына – тілдік тұлға – бірліктің мағыналық құрылымындағы оның лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі. Бұл қосымша мағына тұрақты болып,тілдік қолданымның белгілі жағдайларында туындап отырады. Сөздің стилистикалық мағынасы оның ұғымдық мағынасына әсер етіп, сөз мағынасын белгілі бір бояуларымен қоса қабылдауға көмектеседі.
Сөйтіп, стилистикалық мағына тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ ол тілдік тұлға-бірліктердің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде көрінеді. Экспрессивті бояуға ие құралдарда айқын байқалса, кейбіреулерінде тереңде жатады, тек белгілі контекстік жағдайда ғана анық көрінеді.
Стилистикадағы «стиль» ұғымы. «Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихы даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігіне туындайды.
Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» терміні тілдің нормативті – стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіріді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль термінінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» терміні тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда «тіл стилі, сөйлеу стиль» ұғымдары да бар. Тіл стилдерімен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл-қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтіжесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасынадғы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі. Сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.
Стиль тілді қолданудың нақты үлгісі болғандықтан, онда ұлттық тілдің ерекшеліктері де көрініс табады.
Көне дәуірлерде-ақ шешендер, жазушылар, ғалымдар мынаны байқаған: тілдік құралдардың қайсы бір турін таңдау қарым-қатынастың шартына, сипатына, тақырыбына, міндетіне байланысты туындап отырған. Тіл құралдары бұл тұрғыдан грамматика заңдарына ғана сәйкес болмай, қарым-қатынастың жағдайлары мен мақсатына да сәйкес болып келуі керек. Соған байланысты тіл құрамында бірте-бірте қолданыстың мақсаты мен саласына сәйкес туындайтын ерекшеліктер қалыптаса бастайды.
Көне Рим қайраткері Цицерон былай дейді: «Адамның қоғамдағы жағдйына, қызметіне, ықпалына, жас ерекшелігіне қарай бірдей стиль қолданылмайтыны сияқты, кез келген уақыт пен кез келген орында да бірдей стильдіқолдануға болмайды. Өмірдің бел-белесіндегі сияқты, сөзінің әр бөлшегінде де оның орынды айтылуына көңіл бөлі керек, бұл сөз болатын істің мән-жайна, сөйлеушімен тыңдаушыға да байланысты болады»
Көне замандарда сөйлеудің (сөздің, стильдің) үш түрін ажратып қарады: төмен стиль, бұл - өсиет, ақыл айту, бағыт беру үшін: орта стиль, бұл - сөйлесу, әңгімелесу үшін: жоғары стиль, бұл – тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін қолданылды.
Көне тіл, стиль теориясының бұл қағидалары Европада риторика мен стилистиканың дамуына өз әсерін тигізді. Мысалы, 18ғ. француз академиясы стильдерді былай топтастырады: жоғары стиль- классикалық трагедия, ода, ороториялар: кәзіргі стиль – роман, повесттер: фольклор стильі (қарапайым стиль) комедия, мысал, әзіл-сықақтар.
Ресейде орыс әдеби тілі стилистикасын дамытуда М.В.Ломоносов еңбектері (үш стиль теориясы) зор рөл атқарды. Орыс сөздерін «қарапайым халықтық, төмен» және оқыған адамдардың ауызша сөйлеуде қолданылатын сөздер деп бөлді. Әр стильдің нормасын белгілеп, қолдану аймақтарын көрсетті.
«Функционалды стиль» ұғымы – кәзіргі стилистикада негізгі ұғым. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде әр түрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктерімен, олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатыгас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов былай анықтайды: «Стиль – бұл жалпы халықтық, жалпы ұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесуі, қолдану тәсілдерінің қоғамдық тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететінсқалар қызмет атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда турады».
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және соған тән ойлау түрі, сөздің ауызша қаынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты субъективті факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де қызметтері бар екені белгілі. В.В.Винаградов функционалды стильдерді топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. «При выделении таких важнейших общественных функций языка, как общение, сообщение и воздействие, могли бы быть в общем плане структуры языка разграничены такие стили: обиходно-деловой, официально-документальный и научный (функция сообщения); публистический и художественно-беллетристический (функция воздействия». Алайда, тіл қызметтерін бұлай бөлу өте жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына сыя бермейді.
Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл атқарса, көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие бірліктер маңызды болады.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған сайын белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала түседі. Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Мысалы, етістіктің осы шағы барлық стильдерде де қолданылады, бірақ әр қайсысындағы мағынасы бірдей емес. Іс қағаздарары стилінде осы шақтың бұйыру, талап ету мәні алдыңғы қатарға шығады. («Мәжіліс сағат 10-да басталады», «Мердигер жұмыстың сапасына жауап береді»). Көркем стильде осы шақтың мәні күшейді («Қазір Ербол мініп келген семіз көк атқа кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп келеді»). Ал ауызкі сөйлеу стилінде қарым-қатынас сол мезетте жүзеге асатындықтан дәл осы шақтың мағына орын алады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми ,публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысыстилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Тілдік қолданыста функционалды стильдердің әр түрінің элементтері араласа жұмсалып, көп қабатты стильдік құбылыстар да пайда болады. Бұл жағдай стильдердің өзара әсері және олардың өз ішіне ұсақ жанрларға жіктелісі нәтижесінде жүзеге асады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді.
Стилистикадағы «стиль» ұғымы
«Стиль» – стилистиканың негізгі орталық ұғымы. Стилистика ғылымында оның коптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды.
Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы - сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы - жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл - қатынас құралы, сөйлеу - сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.
Стиль тілді қолданудың нақты үлгісі болғандықтан, онда ұлттық тілдің ерекшеліктері де көрініс табады.
Көне дәуірлерде-ақ шешендер, жазушылар, ғалымдар мынаны байқаған: тілдік құралдардың қайсы бір түрін таңдау қарым-қатынастың шартына, сипатына, тақырыбына, міндетіне байланысты туындап отырған. Тіл құралдары бұл тұрғыдан грамматика заңдарына ғана сәйкес болмай, қарым-қатынастың жағдайлары мен мақсатына да сәйкес болып келуі керек. Соған байланысты тіл құрамында бірте-бірте қолданыстың мақсаты мен саласына сәйкес туындайтын ерекшеліктер қалыптаса бастайды.
Көне Рим қайраткері Цицерон былай дейді: «Адамның қоғамдағы жағдайына, қызметіне, ықпалына, жас ерекшелігіне қарай бірдей стилъ қолданылмайтыны сияқты, кез келген уақыт пеп кез келген орында да бірдей стилъді қолдануға болмайды. Өмірдің бел-белесіндегі сияқты, сөзіңнің әр бөлшегінде де оның орынды айтылуына көңіл бөлу керек, бұл сөз болатын істің мән-жайына, сөйлеуші мен тыңдаушыға да байланысты болады».
Көне замандарда сөйлеудің (сөздің, стильдің) үш түрін ажыратып қарады: төмен стиль, бұл - өсиет, ақыл айту, бағыт беру үшін; орта стиль, бұл - сөйлесу, әңгімелесу үшін; жоғары стиль, бұл - тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін қолданылды.
Көне тіл, стиль теориясының бұл қағидалары Еуропада риторика мен стилистиканың дамуына өз әсерін тигізді.
Мысалы, 18 ғ. француз академиясы стильдерді былай топтастырады: жоғары стиль - классикалық трагедия, ода, ораториялар; қазіргі стиль - роман, повестер; фольклор стилі (қарапайым стиль) - комедия, мысал, әзіл-сықақтар.
Ресейде орыс әдеби тілі стилистикасын дамытуда М.В.Ломоносовтың еңбектері (үш стиль теориясы) зор рөл атқарды. Орыс сөздерін «қарапайым халықтық, төмен» және оқыған адамдардың ауызша сөйлеуде қолданылатын сөздері деп бөлді. Әр стильдің нормасын белгілеп, қолдану аймақтарын көрсетті.
«Функционалды стиль» ұғымы - қазіргі стилистикадағы негізгі ұғым. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтінде көрінеді. Функционалды стильдерде әртүрлі тілдік деңгейлердің тұлға-бірліктері мен олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Функционалды стильді В.В.Виноградов былай анықтайды: «Стиль - бұл жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің белгілі бір саласында тілдік қарым-қатынас құралдарының сұрыпталып тіркесу, қолдану тәсілдерінің қоғамдың тұрғыдан қабылданған, функционалдық тұрғыдан шартталған, іштей біріккен жиынтығы. Ол басқа мақсатқа қызмет ететін, басқалай қызмет атқаратын өзі сияқты бейнелеу тәсілдерімен бір қатарда тұрады»
Функционалды стильдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар тілден тысқары (экстралингвистикалық) және таза тілдік болып екі топқа бөлінеді. Функционалды стильдерді сипаттауда олардың екеуі де ескеріледі.
Тілден тысқары стиль құраушы әсерлерге қоғамдық сана формасы және соған тән ойлау түрі, сөздің ауызша не жазбаша көрінісі, сөздің жанрлық ерекшелігі, қарым-қатынастың түрі (көпшілік не жекелік), баяндау түрі (әңгімелеу, суреттеу, ойталқы), жағдаяттық-қоғамдық факторлар (сөздің тоны, сөйлеу актісінің түрі, тыңдаушы ерекшелігі) т.б. жатады. Бұлар объективті факторларды құраса, автор ұстанымы, оның даралығы сияқты субъективті факторлар да болады.
Бұл факторлардың барлығы да сөз сипатына тікелей әсер етеді, бірақ олардың стиль құраушылық дәрежелері бірдей емес.
Тілдің негізгі қатысымдық (коммуникативтік) қызметінен өзге де қызметтері бар екені белгілі. В.В.Виноградов функционалды стильдерді топтастыруда осы қызметтерін басшылыққа алады. «При выделении таких важнейишх общественных функций языка, как общеиие, сообщение и воздействие, могли бы бытъ в общем плане структуры языка разграничены такие стили: обиходно-бытовой стилъ (функция общения); обиходно-деловой, официально-документалъный и научный (фуикция сообщения); публицистический и художественно-беллетристический (функция воздействия)» [11, 6]. Алайда, тіл қызметтерін бұлай бөлу өте жалпылама және стиль түрлері де олардың ауқымына сыя бермейді.
Негізгі стиль құраушы факторлар функционалды стильдердің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Стиль жүйелілігінің негізіне оны құрайтын тілдік бірліктердің бір мақсат негізінде өзара тығыз байланысып бірігуі жатады. Мысалы, ғылыми стильде жалпылама, дерексіз мәнге ие бірліктер белсенді рөл атқарса, көркем стильде керісінше, көркем-бейнелі тілдік нақтылыққа ие бірліктер маңызды болады.
Тілдің өзінде, бір жағынан, стильдік тармақтарға жіктеліп дамыған сайын белгілі бір функционалды стильге тән тілдік құралдар тұрақтала түседі. Екінші жағынан, функционалды стильде оны құраушы факторлардың әсерімен тілдік бірліктердің белгілі дәрежедегі өзгерісі, ауысуы жүзеге асады. Соның нәтижесінде бір тілдік бірліктің өзі қай стильде қолданылуына қарай мағынасы жағынан функционалдық сипатқа ие болады.
Мысалы, етістіктің осы шағы барлық стильдерде де қолданылады, бірақ әр қайсысындағы мағынасы бірдей емес. Іс қағаздары стилінде осы шақтың бұйыру, талап ету мәні алдыңғы қатарға шығады («Мәжіліс сағат 10-да басталады», «Мердігер жұмыстың сапасына жауап береді»). Көркем стильде осы шақтың тарихи осы шақтық мәні күшейеді («Қазір Ербол мініп келген семіз көк атқа кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп келеді»). Ал ауызекі сөйлеу стилінде қарым-қатынас сол мезетте жүзеге асатындықтан дәл осы шақтық мағына орын алады.
Қазіргі кезде стилистика ғылымында функционалды белгісі жағынан стильдердің бес түрі ажыратылады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем сөз және ауызекі тұрмыстық сөйлеу стильдері. Функционалды стильдердің әрқайсысы стилішілік тармақтарға жіктеледі. Мысалы, ғылыми стильдің таза ғылыми, ғылыми-оқулық, ғылыми-көпшілік сияқты тармақтары болса, ресми, іс қағаздары стилінің де ұйымдық, өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық сияқты тармақтары бар, сол сияқты публицистикалық стиль де іштей жанрлық ерекшеліктеріне қарай көптеген түрге жіктеледі.
Тілдік қолданыста функционалды стильдердің әр түрінің элементтері араласа жұмсалып, көп қабатты стильдік құбылыстар да пайда болады. Бұл жағдай стильдердің өзара әсері және олардың өз ішінде ұсақ жанрларға жіктелісі нәтижесінде жүзеге асады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді.
Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы. Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық) жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.
Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің стилистикалық парадигматикасын құрайтын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие құралдар, стилистикалық синонимдер мен варианттар( кіреді. Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым қолданылатын тілдік құралдар болады. Функционалды стильдер стилистикалық бояулы және функционалды- тілдік құралдар мен бейтарап тілдік құралдардың бірігуі арқылы жасалады. Осы тұрғыдан функционалды стильдердің ерекшілігі төмендегідей сипатқа ие болыпкеледі.
Ғылыми стильдің стилистикалық бояуы бірыңғай сипатқа ие. Олар негізінен жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар болып келеді. Функционалды-тілдік құралдардан мағынасы жалпыланған, дерексізденген сөздер мен грамматикалық тұлғалар көбірек қолданылады: дерексіз сөздер, етістіктің уақыттан тыс осы шақық тұлғасы, есімдіктің көпше түрі (мен емес, біз түрінде қолдну) және соған сәйкес баяндауыш тұлғасы т.б.
Ресми іс қағаздар стилі стильдік бояуы жағынан ғылыми стильге жақын, алайда оған қарағанда біртектес және синтаксисі бірқалыпты болып келеді. Оған қарапайым сөздер, ауыс мағыналы, бейнелі сөздер, теңеу т.б. тән емес. Функционалды-тілдік құралдардан ресми тональділікке ие сөздер, мысалы, кеңес ісіне тән сөздер, етістктің тұйық, бұйрық рай тұлғалары т.б. тән
Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стиліне қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие сөздер тән. Ауызша сөйлеу оның синтаксистік құрылымына да әсер етеді:толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады. Функционалды-тілдік құралдардан оған нақты мәнге ие сөздер, етістіктің нақ осы шақ тұлғасы т.б. төн.
Көркем сөз стилі функционалды стильдердердің ішінде ерекше орынды тұрады. Тілдік құралдарының стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып келеді. Көркемдік мақсатқа барлық тілдік құралдар қызмет етеді.
Публицистикалық стиль де әртүрлі стильдік бояуға ие тілдік құралдардың кең қолданысы мен ерекшеленеді. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты. Мысалы, очерк жанры көркем стильге жақын болса, ақпараттық мақала іс қағаздары стиліне жақын.
Жалпы, бір тілдік құралдың өзібарлық стильде де қолданыла беруі мүмкін, бірақ олардың рөлі әрқайсысында әр түрлі болады. сондықтан әр стиль басты және қосымша беогілерге ие: мысалы ғылыми стильдің басты және тұрақты белгісі- терминдердің көп қолданылуы болса, бейнелелік- көркм сөздіңбасты белгісі.
Сөйтіп функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдікқұралдарының ерекше жүйесімен сипатталады.
Функционалды стильдерге байланысты айтылғандарды жинақтай келгенде мынадай қағидалар басты назарда болады:
функционалды стильдер-тілдік құралдардың бейтарап және стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер:
стильдер тұйықталған емес, өзара байланысты, қатынаста болып, бірінен- біріне өте береді;
стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты, сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б). және лингвистикалық факторлардың әсерінен пайда болады;
белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары жағдайларды ескерумен ірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) тілдік құрамаларды қарастыруды қажет етеді;
функционалды стильдер одан әрі ұсақ стильдік (стильшілік) тармақтарға бөлінеді.
Функционалды стильдердің стильдік белгілері. Әр бір функционалды стильдердің өзіндік белгілері болады, олар тілдік бірліктердің белгілі бір түрлерінен және сол стильдің өзіне тән жүйелік ерекшелігінен құралады. Алайда, ол ерекшеліктер көп емес және кей бір жақтарынан бірнеше стильге ортақ та болып кеоеді.
Функционалды стильдерге тән стильдік белгілерге дұрыстық, дәлдік, бейнелік, қисындылық, анықтық, мәнерлілік, деректілік, дерексіздік, көп мағаналылық, бір мағыналылық, стандарттылық жатады. Бұлардың кейбірі қай стильге жататынына қарамастан жалпы нормативтік сипатқа ие. Мысалы, кез келген сөз дұрыс, анық, қисынды, дәл, белгілі дәрежеде мәнерлі болуы керек. Бұлар жалпы тіл әдеби нормасына қойылатын талаптар. Бірақ олардың кейбірінің мәні функционалды стильдердің түрлерне қатысты бірдей сипатта түсіндірілмейді, бір стильдегі бір белгі екінші стильдегі сол белгіге сәйкес келмейді. Басқаша айтқанда, әр стильдің дәлдігі, өзінің қисындылығы, өзінің бейнелілігі бар, беогілі дәрежеде олар бір-біріне қарама-қарсы да қойылы алады.
Мысалы, көркем сөз стиліндегі дәлдікті іс-қағаздардағы дәлдікпен бірдей деп қарауға болмайды. Көркем сөздегі дәлдік- образды бейнелеудегі дәлдік, бұл тұста ол шеберлікпен астасып жатады. Көркм шағармадағы сөз мазмұнын әр оқырман өзінше түсініп жатуы қалыпты жағдай, тіпті, мұны сол сөздің көркемдігі деуге болады. Ал, іс қағаздардағы дәлдік-бұо сөздің бәріне ортақ бір ғана мағынада жұмсалуы . Мысалы, заң мәтінінде сөзді өзге мағынада түсіну немесе түсіндіру адам тағдырын шешуде зардабы ауыр жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол сияқты ғылыми стильдің де өзіндік дәлдігі бар. Мысалы белгілі бір ғылыми теорияны әр түрлі көз қарастағы адамдар әр түрлі түсіндіреді. Ғылымда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни көзқараспен қабылдап, оны тәжірибе арқылы сынақтан өткізу, содан кейін ғана бұлтартпас қағида ретінде ұсыну орныққан.
Стильдік белгі ретіндегі қисындылықты да әр түрлі түсінуге болады. Жалпы қандай сөз болмасын қисынды болу керектігі түсінікті, алайда көркем сөзде бұған қарама қарсы келетін келетін жағдайлар да болуы мүмкін, мұндағы қисындылық тағы да көркем бейнемен, оның сомдалуындағы қисындылықпен, шеберлікпен («қиыннан қиыстырар ер данасы») байланысты. Ал ғылыми шығарманың қисындылығы бұлтартпас дәлелге, бірінен бірі туындап отыратын шындыққа құрылатындықтан, ғылыми мәтіннің тілдік құрылымы да соған сәйкес келетін оексикалық, синтаксистік бірліктерден таңдалып, сұрыпталып алынады. Іс қағаздарына келетін болсақ, оның мазмұнын талқылауға, дәлелдеуге емес, орындалуы тиіс талап тілектерге , міндеттілікке құрылатындықтан, ондағы қисындылық та мазмұны жағынан болсын, бейнелеу тәсілдері жағынан болсын басқаша сипатта болады.
Бейнелілік тұралы да осыны айтуға болады. көркем сөздің бейнелілігі-әстетикалық сипаттағы, дараланған, ешқашан қайталанбас нақты бейнелілік. Ғылым түрінде де бейнелілік жоқ деуге болмайды. Бірақ табиғаты мен қызметі жағынан екеуіндегі бейнелілік екі түрлі.
Ғылыми танымға бейнелілік о бастан тән, бейнелі ойлау ғылыми шығармашылықтың айнымас қасиеті. Алайда, көркем сөздегі бейнеліліктен ерекшелігі-ол типтенген, жалпыланған, дерексізденген сипатқа ие. Қоғам мен табиғаттағы жалпы заңдылықтарды ашатындықтан, ғылым тіліне нақтылық, жекелік, даралық сияқты белгілер тән емес, бұл -ғылыми стильдің ерекшелігін құрайды. әрине, әр түрлі ғылым салалары өкілдерінің ішінде тілі даралық сипатқа ие, бейнелі көркем тілде жазатын ғалымдардың да болатынын айту керек. Ол ғалымдардың өздерінің мүмкіндіктеріне байланысты.
Әдетте, функционалды стильдер жоғарыдағы белгілердің бірінде бар, бірінде жоқ болуы мен, олардың бір-біріне қарама –қарсы қойылуы мен сипатталады, соған орай бір-бірінен ерекшкленеді (бейнелі-бейнелі емес, дараланған – жалпыланған, көп мағыналы, бір мағыналы, шаблонды –шаблонды емес) Сонымен қатар, функционалды стильдердің ерекшеліктері стильдік белгілерің иерархиялық қатынасымен, бастапқы және кейінгі, негізгі және қосымша дәрежелі болу сипаттарымен анықталады. Мысалы іс- қағаздарындағы дәлдік (бір мағыналық), міндеттілік сипат негізгі де алғашқы белгілердің қатарында болса, шаблонға құру, тұрақтылық, маңыздылғы кем болмағанмен,екінші дәрежелі стилідік белгі. Сонғысы қоғамдық сана ретіндегі іс қағазы түрінің өзіне тән емес, бірақ оның пайда болуының алғышаты ретінде қаралады. өйткені стандарттылық, тұрақтылық іс қағаздарын жүргізуді жеңілдетеді, сондықтан ол қажеттіліктен пайла болған.
Осы жағдай іс қағаздарды мәтінінің тілдік ерекшелігін да қалыптастырған.
Жоғарыда айтылған жайлар әр стиліге тән тілдік белгілерді, бір жағынан, тілден тысқары жағдайлар мен, екінші жағынан, оларды белгілеуші тілдік құралдар мен байланыстыра құрау қажеттігін көрсетеді.
13-лекция
