- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Тірек ұғымдар:
- •1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
- •2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- •3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
- •4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
- •5.Компонентік талдау
- •2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
- •3. Семантикалык, өріс әдісі
- •4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
- •Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
- •Лексика-фразеологиялық стилистика.
- •Синоним, омоним, антоним, паронимдер.
- •Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
- •2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
- •3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
- •Синтаксистік стилистика.
- •2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.
- •Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.
- •Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
- •Ауызекі сөйлеу стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Ресми іс қағаздар стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
Морфологиялық тұлға – сөздің құрылысы, сөзге жалғанатын қосымшалар. Қосымшалар сөзден сөз тудыру үшін, сөз мағынасын түрлендіру үшін, сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады.
Сонымен, әдеби тілдің белгілі бір стильдік саласында жиі қолданылуға бейім морфологиялық тұлғалар бар. Құрамында жиі қолданылатын морфологиялық тұлғалардың сипатына қарай, қазақ әдеби жазу стильдерін негізінен екі топқа бөлуге болады. Морфологиалық құрамы тұрғысынан кеңсе стилі мен ғылыми стиль бір-біріне жақын. Сондай-ақ публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі бір-бірімен орайлас. Кеңсе және ғылыми әдебиет стиліне ортақ мынадай морфологиялық тұлғалар бар:
-лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Мұндай сөздердің көпшілігі терминдік мәнге ие болып, нормаға айналған, қалыптасқан атаулар болып кетті: оқулық, серпінділік, сөздік, жылылық, жариялылық т.б.
Кейде осы қосымшаның талғанбай, кез келген сөздерге жалғанып, стильдік қателерге ұшырап жатады:
"Оның сөзінен білімдарлық аңғарылады "
"Біз мұнда жаңалықта ғана келдік". Дұрысы: жаңа ғана келдік.
-шылық, -шілік. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіптің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй-қалыптың атауы болып отырады: Малшылық, диханшылық, оқытушылық, шығармашылық т.б,
-лылық, -лілік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік.
Зат пен құбылыстың ерекше белгісінің атауын жасайтын бұл аффикстер көбіне ғылыми әдебиет тілінде, кеңсе стилінде кездеседі: қуаттлық, зейінділік, екпінділік, мекенділік т.б.
-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе — әр түрлі құжат атауларын, жіктелген зат атауларын жасайтын өнімді тәсіл: әдістеме, анықтама, (мінездеме), жолдама, сілтеме, хабарлама, ескертпе, баспа, жазба т.б.
Ғылыми, кеңсе стильдері шұбалаңқы болмай, жатық болуда қысқарған сөздер (мекеме аттары) жиі қолданылады: ҚазҰМУ, ономком, ұжымша.,
Публицистикалық және көркем әдебиет стильдеріне тән морфологиялық тұлғаларды атау қиын. Барлық түрлері де қолданыла береді, әсіресе экспрессивті-эмоциональды мән туғызатын грамматикалық тұлғалар жиі қолданылады.
Әдеби нормаға жатпайтын тұлғалар ретіне қарай публицистикалық, көркем шығармалар стилінде кездесе береді.
Кейбір морфологиялық тұлғалар контекст ішінде мәтінге қарай белгілі бір қолданыста пайда болып, сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді:
-сымақ — есімдер құрамында қолданылып, кемсіту, жақтырмау, кекету мәндерін туғызады: ақынсымақ, шешенсымак,, мырзасымақ.
Етістіктер құрамында келіп, бейнелі мән туғызатын қосымшалар да бар:
-ди, -ти: бұлти, қылти, батти
-би, -ми, -пи: ілми, жылми, сымпи, үрпи, қылми, барби т.б.
-ырай, -ірей: бүкірей, бажырай, ақырай, одырай, тікірей т.б.
-ши, -жи: ақши, мықши, кегжи.
-си: ақси, тырси, сықси, борси т.б.
-қи, -ки: әңки, дөңки, сықи, тыңқи т.б.
-ыс, -іс: тырыс, бүріс, қырыс т. б.
Еркелету, сыйлау, жақын көру, жақсы көру мәнді туғызатын морфологиялық тұлғалар бар: -қа, -ке, -жан, -тай, -ш.
Кейде тілде қалыптасқан, орны бар морфологиялық тұлғаларды бей-берекет орынсыз қолданып, теріс жұмсау кездеседі:
"Бұл істі асығыссыз жүзеге асыру керек" — Дұрысы: асықпай.
Уәкіл оған түсініс беріп жатыр — Дұрысы: түсінік.
