- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Тірек ұғымдар:
- •1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
- •2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- •3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
- •4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
- •5.Компонентік талдау
- •2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
- •3. Семантикалык, өріс әдісі
- •4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
- •Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
- •Лексика-фразеологиялық стилистика.
- •Синоним, омоним, антоним, паронимдер.
- •Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
- •2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
- •3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
- •Синтаксистік стилистика.
- •2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.
- •Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.
- •Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
- •Ауызекі сөйлеу стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Ресми іс қағаздар стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
Тіл біліміндегі антонимдік парадигма мен синтагма терминдері - қазіргі лингвистикада бұлар тек тәсіл ұғымында ғана емес, тілді жүйе ретінде қарастыруда қолданылатыг термин. Ал ертеректе Аристотель тұсында дәстүрлі парадигма-лық әдіс бойынша субъект жөне предикат ұғымдарына қандай сөз түрлері логикалық жағынан сай келеді дейтін сияқты талдау түрлері орын алған. Кейін бүл әдісті дистрибутивті талдау тәсілі ығыстырған. Себебі тілді жүйе ретінде түсіндіру тіл білімінің басты постулатына айналды.
3. Семантикалык, өріс әдісі
Тілді семантикалық талдаудың идеясы мен принциптері бертін келе семантикалық өріс әдісі үғымымен түжырым-далды. XX ғасырдың 30-жылдарында неміс ғалымы Йост Трир семантикалық өріс әдісінің принциптерінің негізін қалаған. Сөз семантикасын анықтауда олардың үғымдық немесе мағыналық аймақта шоғырлану ерекшеліктеріне назар аударылады. Семантикалық жүйе бойынша мысалы, жалпы өсімдік макро жүйеден, ал оның түрлері микро жүйеден орыь алады. Аталған едіске жақын, үқсас метод ретінде сөздерді дәстүрлі тақырыптық талдау түрі бар. тақырыптық түрлеріне қарай топтастыру.
4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
Мүнда сөздер мағыналарына қарай, бірыңғай тақырыптық топқа біріктіріледі. Йост Трирдің жоғарыдағы әдісін ф.П.Филин семантикалық структурализм көріністерінің бірі деп сынаған. Ф.П. Филин семантикалық өріс әдісіне қарама-қарсы "лексика-семантикалық топтар" деген теориясын ұсынады. Мүнда зерттеу мақсатына қарай тілдегі барлық сөздерді тақырыптық салаға бөліп шығу. Мысалы, мектеп, спорт, үй хайуандары, қүрылыс т.б. Бүл сөздерді тереңдете, індете талдау сипатынан көрінеді.
5.Компонентік талдау
Соңғы он-он бес жыл ішінде лексикологияда компоненттік талдау әдісі кеңінен сөз етіле бастады. Түбі семантикалық өрістен туындаған бүл тәсіл о баста түрлі терминдермен аталып жүрді. Мысалы, мағына (мазмүн) компоненттері немесе семантикалық компонвнттвр, дифференциалды элементтер, мазмүн фигуралары, семантикалык, көбешпкіштер,дифференциалды белгілер, ноэмдер, семалар т.б. Алайда тілші ғалымдар сема терминіне тоқталды.
Тіл-тілде туыстық атаулар компоненттік талдаудың ең жақ-сы үлгісін көрсетеді. Бүлар бір семантикалық өріске жатады. Семалардың езі архисема, дифференциалдық сема, потен-циалдық семалардан түрады. Ал олардың әрқайсысы жеке түсініктермен талданады. Сондай-ақ олар лингвистикалық концепцияның тағы бір бағытын айқындайды. Сонымен семантикалық комионент деп аталған талдау түрі сөздердің лексикалық мағынасын анықтауда: коннотативтік, денота-тивтік, эмпирикалық, прагматикалық, ситуативтік т.б. әдістермен жүзеге асырылады. Сөздердің семантикалық компонеттерін айқындауда аталған түрлерінің өзіндік талдау Жолдары бар. Мәселен, сездің қосымша мағынаға ие болуы
оның коннотативтілігіне байланысты болса, сөздің эмоция мен сезімге катысын оның эмоционалдығы, ал сөздің айналадағы қоршаған заттардың атауын, қасиетін, түрлерін білдіруі — денотаттығы, адам мен заттың арасындағы байланыс — прагматикаға қатысты болады.
б.Эксперименталдық талдау әдісі
Жоғарыда айтылған әдістердің ерекшеліктері қызметі мен мазмүндық жағынан үқсастығында. Барлығы да сөз семантикасына үңілу, түсіндіру болса, эксперименталдық талдау осылардың барлығына қосымша әдіс ретінде бағаланады. Мәселен, компоненттік талдаудың жетпеген түсында (етістік пен зат есімдей емес, мүндай талдаудан алыс түратын кейбір сөз таптары үстеу, сын есім сияқты және эмоционалды-бағалауыштық мәндегі сөздер де бар) осы әдіс, әсіресе, семасиологияда табысты қоданылады. Басты ерекшеліктері: сол тілде сөйлеушінің сөз мағынасын қаншалықты меңгергендігін анықтау. Ол үшін тілдік сауалнама жүргізіледі. Үлт тілінде сөйлейтін үлт өкілінің тілд; терең білуі, сөздің сезімдік эмоционалдық жағын түсінуі, компоненттер семантикасын ажырата алуы, сондай-ақ, араласатын ортасы сияқты объективті себептерді есепке алынады. Аталған тәсілдің тіл қызметінің түрлерін айқындау кезінде әлеуметтік лингвистикада алатын орны мен өзіндік маңызды, пайдалы жақтары бар.
Қазіргі заман лингвистикасының зерттеу бағытының өзгешелігі - иманенггі, структуралық лингвистикадан өзгешелеу жаңа арналарға, яғни тілді жеке адаммен, оның үлттық ойлау болмысы, үлттық менталитетімен байланыстыра қарауға ден қоюы. Когнитивті, антропологиялық лингвистикамен қатар, лингвомәдениеттану сараланып келеді. Кез келген мәтін үлгісі субъектінің пәрменді сүйеуінсіз немесе антропоцентрсіз болуы мүмкін емес. Мәтінді талдаудың қазіргі ең негізгі бағыттары: мәтін лингвистикасы, мәтіннің лингвостилистикасы, поэтикалык, лингвистика сияқгы тілдік талдаулармен жүзеге асырылады.
Мәселен, мәтін стилистикасы тілдік единицалардың жүйелі-қүрылымдық сипаты мен мәтіннің фукционалды-стильдік мөртебесін анықтау, әрі оны талдаудың әдістерін нақгылау болса, поэтикалык, линвистика бүған дейін кэлыптасқан теориясы мен тарихына сүйене отырып, сөз қүдіретінің эстетикалық мүмкіндіктерін зерттейді. Мәтін интерпретациясының негізгі мақсаты – вербалды-коммуникативтік тұрғыда «адам факторының» тілдегі орны, антропоцентрлік жаңа бағыттағы ізденістерді байқату. Бұл ретте тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика филология ғылымы үшін ең маңызды саласы. Ал мәтін ыңғайында (контекс) жүзеге асырылуы лингводидактиканың көмегіне сүйенеді.
Көркем, публицистикалық мәтін, ресми іс мәтіні, ғылыми мәтін – кез келген ақпардың көзі болып табылады. Қоршаған орта шындығын жеке тілдік таңбамен реалды және ирреалды шындықтарын қабылдауда адамның сана болмысындағы қалыптасқан лексика деңгейінің шамасы тек мәтінде ғана көрінеді. Мұндай механизмдерді талдау қазақ тіл біліміндегі мәтінді лингвистикалық талдаудың ғылыми-теориялық негіздерінің қалыптасуы туралы пән мақсатында түсіндірілуі тиіс. Бұл ретте классик жазушылардың шығармаларының тілін зерттеген теориялық талдаулардың бүгінгі тіл білімінде мәтін талдаудың жаңа қырларын анықтауда қосар үлесі жоғары бағаланады.
Соңғы 10-15 жыл көлеміндегі жаңа буын, жаңа заман шығармаларындағы әлемнің тілдік суреті, жеке тілдегі ұлт тұлғасы, адам және тіл сияқты концепциялар түрғысынан мәтіннің лингвистикалық талдауы жүзеге асырылып келеді.
Қазір қазақ тіл білімінде мәтін түрлері ғылыми түрде толық сараланды деп айту қиын. Ұлттық-мәдени ерекшеліктердің рухани қайнар көздерінің бірінен саналатын – шешендік өнер, билер дискурсы, тілек-бата сөздеріндегі элементтер әлі мәтіндік теорияда өз деңгейінде сөз етілмеген.
Сонымен қатар, мәтін лингвистикасын талдау барысында кешелі бүгінгі сот дискурсындағы лексика-семантикалық, грамматикалық ерекшеліктер де қамтылуы тиіс.
Мәтін түзетін мәдени коннотацияларды анықтау үшін көптеген мәтін үлгілерін салыстыра қарастыру қажет. Аударма мәтіндеріндегі үлттық болмыс лексикасының берілуі, лексикалық лакундар туралы да мөтіндік зерттеулерде қамтылуы керек.
Лингвистикалық талдаулардың бір түрі (типі) ретінде -стилистикалық талдау - бізге белгілі лингвистикалық талдаудан мүлдем ерекшеленетін мазмүндық жағы, талдаудың соңғы нәтижелері сипатында аңғарылатын талдау түрі. Тілдік деңгейлердің ішінде көбінесе белгілі бір тілдік деңгейдегі единицаға арналған талдаулардан гөрі стилистикалық талдаудың ауқымы кең. Стилистикалық талдау таза лингвистикалық талдаудан тереңдеу, ол көркем мәтіндегі идеяға да қатысы бар. Стильдік талдау табиғатына қарай филологиялық талдау ретінде эстетика, мәдениет тарихы, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға тығыз байланысты.
1927ж. А.М.Пешковский ұсынған әдіс стильдік эксперимент әдісі деп аталды. Автордың өзіндік көзқарасы бойынша «тілді бақылаудың барлық түрлерінің төрттен үш бөлігі әрқашанда эксперимент» дейді. (Пешковский А.М. Вопросы методики родного языка, лингвистики и стилистики. М.: Л., 1930. С.133.) Стилистикалық талдау әдістерінің үлесі осы стилистикалық эксперименттен табылады дейді. Мұнда мәтіндегі синонимдер, антонимдер, омонимдерге талдау жасау, сондай-ақ көркем шығарма мәтінін құрайтын сөйлемдер негізіне қарай талдау сияқты, мысалы, синтаксистік синонимия - үйді ағаш шеберлері салды - ағаш шеберлері үй салды т.б. Осындай стильдік эксперименттік талдау әдісінің әрі қарай мазмұндық, формалық жетілдірілуінің нәтижесінде синхронды стильдік талдаудың функционалдық жүйелі талдау әдісі енгізілді. Бұл талдауды функционалды лингвистер ұсынып, ең басты әдеби «үш қабатына: ауызекі сөйлеу (маркерленген), арнаулы (ғьшыми тіл), поэтикалық тіл» қабатына бөледі. Сондай-«функционалдық тіл» мен «функционалдық стиль» деген ұғымдар ажыратылады. Әрі қарай әсіресе, «функционалдық тіл» стилінің ерекшеліктеріне талдау жасалынған.
Әрине, тіл-тілде әр жылдар мен кезеңдерге қатысты әдеби тіл және көркем әдебиет нұсқалары, ауыз әдебиеті, сөйлеу тілі сияқты тілдік материалдар стилистикалық талдаудың нысанына айналды. Бертін келе, сол ізденістер үлесінен стильдік талдаудың жалпы бағыты мен түрлері айқындала бастады. Олар:
• Стильдік анализ, талдау – стилистика құралдарын анықтау деген сөз. Стиль түзетін тілдік қүралдар стилистиканың аясы болып табылады.
• Стиль түзетін стилистикалық құралдар – коннотативті, үстеме мағына қосатын бағалауыштық лексика арқылы қосымша реңк туғызады. Әр лексиканың стильдік бояуы әр түрлі сезімдік әсерге құрылады. Мысалы: сұлу, әдемі, келбетті, ажарлы, бәденді, ару, әсем, әрлі синонимдері мәтіндік қолданысында сұлу доминант сөзіне қарағанда түрліше әсермен қабылданады. Қурату, сындыру, қаусату, бұзу, бүлдіру, талқандау, күйрету, күл-паршасы шығу, быт-шыт қылу (ҚТТС 177 б. А., 1975) синонимдері сөйлемдегі стильдік әсерінен бұрын, сөздер сәл де болса өзара мағыналық топпен ажыратылады. Бұзу мен күйрету әрекеттің екі түрлі сатысын білдіреді.
• Стилистикалық құралдарға барлық тілдік амалдар кіреді. Сөздердің дыбысталуы, тіркесімділігі, интонация, қосымшалар, сөз мағыналары, сөйлем түрлері, т.б. жасалу жолдары.
«Маркерленген», яғни ерекше сөздердің функционалды (стильдік) және экспрессивті түрлері болып бөлінеді. Функционалды түрлері – кітаби элементтер мәселен, терминдер мен терминдік тіркестер, неологизмдер, басқа тілден енген қосымша түрлері. Экспрессия түрлері – эмоционалдылық, бағалауыштыі, элементтер (ақымақ, кір қожалақ, мәңгүрт). 5,6 пункттер бірін бірі толықтырып отырады. Бұлар тілдің стилистикалық құралдары деп аталады. Стильдік құралдардың бір ерекшелігі олар кез келген жерде қолданыла бермей, шектеулі аяда қолданылады. Соған орай түрлі қосымша мағыналық реңк үстеп, сөйлеу мәнерін жандандыра түседі.
Стильдік құралдар – стиль деген ұғымға біріктіріледі. Содан барып, тілдік стиль мен сөйлеу стилі ажыратылады. Ол туралы: «Стиль языка одна из частных систем (или «подсистем»), входящих в общую систему. Понятие «стиля языка» в основном определяется теорией функций языка и их реальным разграничением. В этом аспекте стиль языка - это структурный облик функции языка в ее многообразных проявлениях» деп анықтаған В.В.Виноградов. (Стилистика. Теория поэтческой речи. Поэтика. М., 1963. С.201.)
Сөйлеу стилі бұл коммуникация заңдарына қарай тілдік қолданыстың белгілі бір мақсаты мен шарты бойынша жеке адамдардың қатынас құралының күллі қырларында байқалады. Ал поэтикалық стильдің бұл стильден түбегейлі айырмашылығы бар.
Стильдік құралдардың қолданылуы мен тілдік элементтердің құрылысына қарай, шығарма жанрлары айқындалады. Стильдік құралдар мәтін ішінде ерекше мазмұн құрайды.
Поэтикалық (көркем мәтін) мәтінді талдаудың варианттары жетерлік. Бұл салада филологиялық ізденістердің нәтижелері бар. Әсіресе көркем мәтінді талдауда зерттеу интуициясына катты көңіл бөліну керек.
Мәселен, И.Р.Гальперин ұсынған мәтін талдаудың сатылы (деңгейлік (ступенчатый) талдау түрлері мыналар:
1. Мәтінді талдау – таксономдық жүйелеуден басталады. Мәтіннің қандай функционалдық стильде екендігі, жанры, мәтін құраудағы мәнер – хабарлау, сипаттау, портрет, диалог, монолог, т.б. мәтіннің сыртқы құрылымдық жағын анықтау.
2. Мәтіннің хабарламалылығы – мәтін мазмұнының жалпы баяндалуы. Осы арқылы бұл арада мәтін мазмүнын қысқа тұжырымды сөзбен айтып беру, яғни тек түйіндеп аннотация ретінде хабарлап шығу. Мұнда мәтіннің құрамындағы тұтас тараулар, бөлімдер қамтылмайды.
3. Семантикалық әдіс мәтін бөлігін стильдік белгіленген (маркерленген) сөз, сөйлем мағыналарын микро-макро мәтіндердің ішкі қуатын анықгау үшін пайдаланылады. Мұндағы тәсіл – компоненттік анализ. Басты нәрсе – мәтіндегі барлық единицалар байланысын анықтау. (Соның ішінде арғы ассоциация жағы да ескеріледі).
4. Стилистикалық әдіс – мәтіндегі стильдік құралдар арсеналын анықтау. Мұнда барлық тілдік деңгейдегі тілдік элементтердің стильдік мазмұнын толық бағалау керек. Мысалы, ұйқас, ырғақ, аллитерация, ассонанс, образдылық, стильдік т.б.
5. Стильдік маркерлердің қызметін анықтау. Бұл жоғарыдағы екі процеспен қиылысады. Тілдік құралдардың болмыс, қоршаған ортамен байланысы анықталуы тиіс.
6. Синтездеу – бұл барлық талдаулардың жиынтығы. Алынған нәтижелердің қорытындысы. Автордың өзіндік қолтаңбасы, жеке тілдік мәнерін және тілдік құралдарды пайдаланудағы шығарманың ерекшелігі анықталады.
Жоғарыда көрсетілген стильдік талдаулар түрі тіл дамуының синхрондық кезеңінде тілдік фактілердің стильдік саралануындағы теориялық және практикалық ерекшеліктер арқылы стильдік әдістердің әр түрлілігін байқатады.
Тілдік анализ немесе тілдік талдау – деген ғылыми ауқымы кең, қамтитын мазмұны терең лингвостилистикалық талдау. Тіпті жай тілдік талдау дегеннің өзіне, мәселен, синтаксистік, лексика-семантикалық, морфемдік-морфологиялық және фонетика-фонологиялық деген сатыларда талданатын талдаулардың өзіне тән әдістері мен принциптері бар.
Қазақ тіл білімінде көркем шығарманың тілі жөнінде аз да болса, бұған дейін ғылымда өзіндік орны мен бағасын алған түрлі зерттеу еңбектері баршылық. Мысалы, Рабиға Сыздықтың поэтикалық мәтінге арналған Абай өлендерінің сөз өрнегі мен синтаксисі, сөздердің қоданылу тарихын баяндайтын «Сөздер сөйлейді», қазіргі қазақ прозасының тіл әлемі туралы «Сөз құдіреті» сияқты, М.Серғалиевтің әр жылдары жарық көріп келе жатқан көркем әдебиет тіліне қатысты еңбектері, Қ.Мұхамбет, Б.Шалабайдың көркем проза тілі т.б. толып жатқан ғылыми-зерттеу түрлері, мақалалар немесе кейбір авторлардың керкем тіл ерекшелігіне пікір айтумен шектелген зерттеулер десек – саусақпен санарлық қана дүниелер. Орыс тіл біліміне қарағанда қазақ тіл білімінде мәтін проблемалары жөнінде арнайы жазылған оқу құралы жоқ. Тек монографиялық сипаттағы азды-көпті кітаптар ғана.
Көркем мәтін – өнердің бір түрі ретіндегі ерекшелігі адамға, оның сезіміне әсер ету. Көркем шығарма – автордың өзі үшін, айналаға өзіндік көзқарасын айқындаумен қатар, шығарма бастан аяқ, «хабарлар тасқыны» ретінде оқушысына жеткізіледі. Көркем мәтіндегі сөз – мәлімет, ақпар берудің негізі. Көркем дүниенің эстетикалық әсері үнемі бүкіл шығарманың өн бойынан табылуы қағида, яғни аксиома.
Мұндай көркемдік коммуникация әдетте үш тағанды болып келеді: жазушы - шығарма - оқушы.
Кейбір зерттеушілердің айтуына қарағанда, көркем лингвистиканың нысаны ретінде тікелей соған тән белгілі бір категориялар бар. Олар:
1. Грамматикалық категория;
Мағыналық категория.
Мәтінге лингвистикалық талдау жасаудың басты аспектілері төмендегідей сараланады.
Мәтін категориясы лингвистикалық категорияға жатады. Сондықтан тілдік ұғым ретінде ол тілдік категорияға негізделеді. Мұнда тілдік құралдар қабілеті сөз етіледі.
Мәтін – тілдік құралдар арқылы фонологиялық, морфологиялық, лексикалық, синтакистік деңгейлердің белгілі бір жүйеде қызметі көрінетін, толығымен мәтінде көзге түсіп, қызмет ететін тұстарының өміршендігін байқататын – тілдік бірліктердің ұйымдасқан түрі. Мәтінге талдау жасау арқылы тілдің құрылысы, заңдылықтары мен қызметі танылады.
Мәтін құрылысы семантикалық ақпарларды ғана жеткізетін сөйлемдер жиынтығы емес. Сөйлемдер әдетте күрделі компоненттер арқылы: сөз тіркесі, грамматикалық комплекстер: түбір, атауыштар, етістіктер, олардың категориялары, күрделі сөздер, фразеологизмдерден құралады. Мәселен, морфемалар, фонетикалық компоненттер – сөйлем болу үшін қажетті құралдар ғана емес, бүкіл мәтінді құрайтын (толық немесе мәтіннен үзінді, әңгіме т.б.) яғни, мәтін ішіндегі ең басты доминант компонент сөйлем болып табылады. Сондықтан мәтіннің лингвистикалық анализі тек сөйлемді жан-жақты грамматикалық, синтаксистік зерттеу емес, тілдік единицалардың мәтін түзудегі жүйесі, бірлігі, мәтін категориясын зерттеудің олардың пәрменділігі деп ұғынылады.
Мәтін категориясы не деген сұраққа оның жасалуы мен жүйесі, мәтіннің лингвистикалық маңыздылығы жауап береді. Лингвистикалық мәтіннің міндеті грамматикалық категориялар жүйесіндегі мазмұндық және формальдық единицасын осы саладан табу және жасау. Мәтін категориясын жүйелеу ең күрделі лингвистикалық еңбек. Мәтін категориясы мәтін синтаксисінің пәні болуы керек. Алайда, оның сөйлем синтаксисінен бөлек айырмасы болады.
Мәтіннің лингвистикалық категориясы деген ұғым тілдік ұғым ретінде – тілдік категорияға негізделеді.
Мәтін – сөйлеудің сегменті болғандықтан, адамның сөйлеу ерекшелігінде (речевая деятельность) жеке сөйлемге қарағанда мәтінде айналаны қоршаған шындық, ішкі байланыс, қоршаған ортаның бейнеленуі сөйлеуші сөзінде тұтас қамтылады, Жеке сөйлемдерде жүйелі түрде қайталанатын қалыптасқан орта, тіршілік үстірт қана керінеді. Ал мәтінде олай емес. Бұл қасиет оның мәтін категориясының мазмұндық жағын көрсетеді.
Автор өзінің үғымы бойынша қоршаған орта болмысын әдетте қабылданған тілдік құралдармен жеткізеді. Бүл лингвистикалық категорияның формальдық жағы делінеді.
Лингвистикалық категорияның түрі мен мазмүны олардың арақатынасына байланысты. Семантика - синтаксистік негізбен (инвариант) тілдік единица байланысының өзара жақындығынан көрінеді. Мәтін категориясының қүрылымын белгілейтін тілдік қүралдардың қабілеті (белгілі бір стильде көрінетін) ақпарды жеткізуде лингвистикалық категорияның функционалдық жағы көрінеді.
Қоршаған ортаның өзіндік ұғымын оқушы философия, логика, психология салаларына қатысты түсініктерден табады. Егер мәтін адамның сөйлеу әрекетінің жемісі болса, онда мәтін тек лингвистикалық мағынамен қатар, үғымдық категориялармен бірге, (грамматика, логика), онтологиялық (философиялық) категориямен байланысты. Сонымен категория деген ғылымның көптеген саЛаларымен тығыз байланысты.
Ддамдардың сөйлеу қасиетінен түзілетін мәтіннің ішкі қорылымын зерттеуде тек Р.Сыздық, Х.Мүхамбет, Б. Шалабайдың зерттеулері ғана ұшырасады. Қазақ лингвистері бұл проблеманы әлі ғылыми зерттеу дәрежесіне көтермей келеді.
Мәтін түрлерінің лексика және грамматикалық айқындығы болады. Әр лексикалық единицаның мағыналық және грамматикалық қолданыс түрлерінің мәтін түзудегі ықпалы сөз етіледі.
Көркем мәтін өнердің бір түрі ретінде адамға әсер ету кдсиетімен ерекшеленеді. Бүл оның прагматикалық жағы. Демек, көркем шығарма автордың өзіндік дүниеге, айналаға көзкдрасын айқындаумен қатар, шығарма өз оқушысына бастан аяқ түтас, біткен, хабарлар түрі ретінде жеткізіледі. Керкем шьіғарманы окушы оқи отырып, әркез түрл: оқиғалармен танысады, әрі автордың айнала шындығын кдншалықты дәл жеткізуі, көркем дүниенің эстетикалық әсері үнемі бүкіл шығарманың он бойынан табылуы қажет. Сөйтіп, "... в систему художественной коммуникации входят три фактора,(обеспечивающая ее существование и функциониро-вание: писатель - произведение - читатель" деген бірлікті кұрайды. (Кухаренко В.А. Интерпретация текста. Л,. Просв. 1978. С. 106)
Сонымен, бүл арада коммуникацияның үш тағаны бар: жазушы - шығарма - автор. Көркем мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеуші оның (шығарманың) қүрылысы, категориясымен қатар, окушы үпіін автордың түпкі ойын (замысл) мәтінде берілген максималды информациясынан білу керек. Көркем мәтін басқа мәтіндерге қарағанда эстетикалық қарым-қатынасты (коммуникацияны) көрсетеді, түрлі сөйлеу тәсілдері арқылы қүралған коммуникативтік Қызметі бірыңғай тілдік формамен мазмүндап беріледі.
Мәтін зерттеуші лингвистердің пікірі бойынша коркем мәтінге тән белгілі бір категориялар бар деп, олардың грамматикалық категория, мазмұндық категория екендігін айттық. Ендігі әңгіме осы аталған категорияларға не жатады.
1. Грамматикалық категорияға: И.Р.Гальпериннің айтуынша континиум (жалғастыру), ретроспекция, (қайталап отыру), проспекция (болашақ жоспары), модальдылық (үлгі), интеграция (қосылу) және аяқталғандық сияқты сипаттар енеді. (Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. М., 1981).
2. Мазмүндық категорияға: персонаж, уащлт, кеңістік, хабардың түпдерегі, автордың образы, оқушы образы. (Бүл ой И.Р.Чернухин. Элементы организации худ. прозаического текста. Воронеж. Изд. Вор. Ун. 1981. 11-12 с).
Мәтіннің ең негізгі категорияларының бірі – хабар беру (информативность). Көркем шығармадағы бүкіл баяндалатын оқиға окушы қабылдауына қарай, идеялық мазмұны, оқушыға әсері, оның оқиғаға деген эмоциясы т.б. тікелей автордың түпкі ойына (замысел) байланысты. Оқушының білімі, интеллектісі, оқиғаны жай жалаң қабылдап қоймай, түпкі түйсікпен «бірдемені сезе білуі де» үлкен мәселе. Көркем мәтін көркем образ, идеялық-эстетикалық информацияны жасаушы ретінде ерекшеленеді. Көркем мәтін кез келген информациялық белгі – хабарлаушы (мәлімет беруші) болып табылады. Лексика – сөз, хабар берудің негізгі көзі. Яғни, сөз мәлімет берудің негізі. Мұнда кілт, яғни түйін, сөздердің және өте жиі қолданылатын лексиканың үлесі жоғары деңгейде тұрады. Мәтіннің өн бойында автор ойды ұстап тұрған әр мәлімет беретін тірек сөзге көбірек айналып соғып, қайталайды.
Мәтін түзетін тілдік единицалардың функциясы туралы аз айтылған жоқ. Әрі қарай подтекст туралы сөз болмақшы.
Подтекст категориясы, яғни қосымша мағына жасау техникасы. Подтекст деген феномендік нәрсе, құбылыс деуге болады. Әдебиетшілердің көңіл қойып зерттеген бұл мәселеге тілшілер тек кейін ғана назар аударып жүр. Подтекст XX ғасыр әдебиетінің жетістігі ғана емес, ол кез келген көркем шығарманың жазылғанына, уақытына қармастан бұрыннан келе жатқан түсінік.
Подтекст мәтін категориясы ретінде психологиялық прозаның авторлық позициясын эмоционалды, бағалаушы фактор. Подтекст болу үшін түгел мәтін жасалуы керек. Подтекс туралы былай деуге болады: ойды жеткізуді сөзбен емес, немесе, тікелей айту емес, ишарамен, тұспалмен оқушы өзінің көңіл көзімен аңғаратын тұстар болады. Мәселен, сипаттамалы суреттеу контексі: әрекеттің өтетін орнын суреттеу, кейіпкердің мінез-құлқын баяндау, ауа-райын суреттеу. Сонда суреттеу контексінің мақсаты – алдын ала болатын оқиғаны болжамдау, оқушысын дайындау.
Мәтін адамның жан-жақты көрінуіне, оның жеке тұлға ретінде толық ашылуына мүмкіндік береді. Көркем шығарманың эстетикалық әсері – түрлі әлеуметтік мәдени факторларға, әрі жеке стильге байланысты.
Өнердің кез келген түрі әйтеуір адам үшін, біреулерге: көрермендерге, тыңдармандарға, олардың пікірлестері мен бақталастарына қазіргі замандастарға, тіпті олардың түп-тұқияндарына бағытталған.
Мәтіннің прагматикалық бағыты оның құрылысымен байланысты болады. Қандай да болмасын сөйлеу актісі белгілі бір адресаттың моделіне есептелген.
Поэтикалық мәтін (өлең мәтіні) – басқа да көркем әдеби шығарманың бірі ретінде оқушы үшін арналған көркем дүние. Поэтикалық мәтіннің ерекшелігі сонда, ол жекелеген сөздер мен сез тіркестерінің, модальді түрі ғана емес. Мәселен, жекелеген сипаттама үлгісіндегі өлеңмен жазылған драма, эпостарға қарағанда лирика – суреткердің ішкі жан толғанысын ең озық дәрежеде көрсетеді. Көркем шығарма оқушысыз бос дүние.
Берілетін жаттығулар шартты түрде сұрақтар мен тапсырмалардын ыңғайына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Мәтінді аспектілі талдау – мұнда берілетін тапсырмалар мен сұрақтар белгілі бір проблема төңірегінде болады. Мәтінді тақырыптық талдау – курс бойынша сұрақтар атына сай белгілі бір тақырып бойынша беріліп, талданады.
2. Мәтінді кешенді талдау – берілген тапсырмалар мен сұрақтар әр түрлі болады және кешенді талданатын жақтары бар. Бұл түр әрі практикалық, әрі лабораториялық сабактарда жүргізілуі керек. Кешенді (комплексті) талдау кітапта ең көп берілетін тапсырмалар түрі. Сұрақтар мен тапсырмаларды шартты түрде лингвистикалық және әдеби тұрғысынан деп бөлінеді. Бұл көркем мәтінді кешенді қабылдау үлгісінің бірі ретінде ұғынылады. «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» тіл арқылы елтану, әдебиеттанудың стильдік тұстары да қамтылады. Талданатын мәтінде көркем шығарманың идеялык көркемдік мазмұны мен эстетикалық сөздік жүйесі тұтас қамтылады. Аударма сабақтары кезінде кітапты өз қалауынша кез келген тұсынан пайдалануға болады. Жаттығуларды пайдалануда жүйелілік сақталмайды. Белгілі бір әдіс пен мақсатқа сай кез келген уақытта кез келген мәтінді тандап алып жұмыс істеуге болады. Кейбір сұрақтар мен тапсырмалар басқа тілдегі сөздер үшін салыстырмалы талдау түріне беріледі.
3. Көркем мәтінді филологиялық талдау.
Көркем мәтінді құраудағы авторлық позицияның біріктіруші принципі ретінде:
• Көркем сөздің типтері мен формалары.
• Көркем мәтіннің синтаксистік композициясы.
• Кейіпкер тілі мінездеу тәсілі ретіидс жүмсалуы.
• Көркем мәтінді салыстыра (салгастыра) талдау.
• Көркем мәтінді кешенді талдау.
Лингвистикалық талдаудың әдісі мен әдістемесі ғылыми зерттеудің аспектісі мен концепциясына байланысты. Талдаудың аспектісіне қарай, синхроішя мен диахронияны салыстыру, парадигматика мен синтагматиканы, тіл мен сөйлеу т.б., дыбысталу жағы мен мазмұндық жағына тілдік салыстырулар.
5-лекция
