Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стилистика (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254 Кб
Скачать
☆

Ауызекі сөйлеу стилі.

Ауызекі сөйлеу стилі. Оның қолданыс аймағы мен қызметі. Ауызекі сөйлеудің әдеби, әдеби емес түрлері, стильдік белгілері. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік белгілері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жоғарыда аталған еңбектер.

2. Серғалиев М. Сиитаксистік конструкциялардың синонимиясы (метод. нұсқау), -А. 1987, 3—20-6.

3. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің ииверсиялануы. А. 1970.

4. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу тәртібі. А. 1970.

5. Кәрімов X. Қанатты тіл. А. 1995, 71-106-6.

Ауызекі сөйлеу стилі. Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Ол - белгілі бір жағдайдағы тікелей қарым-қатынас стилі. Сондықтан сөйлеудің ауызша формасымен тікелей байланысты. Адамдар бір-бірімен тікелей, әңгімелесіп, жауап беріп, сұрап, өз пікірін жеткізеді. Ал, кейде сөйлеуде еркіндік басым болып келеді.

Лексикалық ерекшеліктер. 1. Ауызекі сөйлеу тілі лексикасында күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген сөздер жиі ұшырайды. Бұл - сөйлеу стиліне, әдеттегідей, күнделікті тұрмыстық сипат береді, тілдің халықтығын да танытады.

Үлгі:

Бөбекжан, - деді тоқтатып,- ағаң асығыс. Балшейбектің бір асығыс шаруасымен жүр екен. Азаматым аман оралғасын, әлі шай да ішілер, ет те желінер. Қазір, айналайын, нан ауыз тигіз. Қысылатын түгі жоқ Иә, иә... бұндайда ырымын істесең болғаны. (Ә.Нұрпейісов).

- Әй, Нығмет! Қой, қоя ғой енді. Ойбай-ау, сол секілді асыл ағаң үйіне қонақ болып келсе,- астына ат мінгізіп, үстіне шапан кигізіп жібермейсің бе?.. Мына екі жаман неменің еңсесі түсіп кетті ғой... Алажағын бар-ақ шығар. Бірақ қаза жолы ауыр ғой. Сен-ақ қия ғой. Қөп болса көзі тіріде ағаңның астына мінгізгей атың болар. (Ә. Нұрпейісов).

2. Ауызекі сөйлеу тілі стилінде күнделікті тұрмыста қолданатын қарапайым сөздер жиі ұшырасады. Мысалы:

- Бала, мен бүгін де шөпті өндіре алмадым.

- Кем талапсың, шөп қайдан өнсін. Арқасынан күн өткен ешкі құсап үйден шыққасын-ақ шыжықтап қайтып кете бересің.

- Кетпесіме лаж бар ма? Үйімде ауыз ашып отырған... анау бала шағаның түрі. Бәрі маған қарап отырғасын теңізге тор жайып, торға шабақ аулап кеткенім рас. (Ә. Нұрпейісов).

3. Кейде ауызекі сөйлеу стилінде тұрпайы сөздер де кездеседі. Өйткені, айтушы (жазушы) өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мысалы:

- Мылжыңдап барасың антұрған:

- Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сұрап әкетті. (Ғ. Мұстафиң).

4. Сөйлеу тілі стилінде диалектизмдер де кездеседі. Жазушылар өз кейіпкерінің характерін ашу үшін диалект сөздерді сол кейіпкердің сөзі ретінде әдейі пайдаланады. Мысалы:

- Отағасы, не керек?

- Төртінші ауылдікі едім. Бір жерде отырған жиырма шақты үйміз. Бәріміз де кедейміз. Біздің кедей екендігімізді спескіден қараңыздар, өздеріңіз де білесіздер. Осы кеңседе Байтас дейтін бар, со да біледі. (Б.Майлин).

5. Ауызекі сөйлеу стилінде әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін, ол өмір сүрген ортадағы жергілікті сөздерді жазушылар стильдік масатта әдейі пайдалана береді. Мысалы: М.Әуезов «Білекке білек» әңгімесінде Оңтүстік Қазақстанның жергілікті сөздерін кейіпкердің сөздеріне әдейі салады:

- Сен тағын, тағын бастадың ба!? Қанша үрмет қысам да, болмай-ақ қойдың ғой, жүдә! Сен албасты! Секеңдеген шайтан! Қараңғы үйде жалғыз өзіңді қамап қояйын ба шлый. Көзіңді бозартып...

Қараң қалғыр, қоясың ба, жоқ па? Тұр ғой, міні, мыналар адамша тып-тыныш. Әлде жын ұрды ма сені, түге!

- Үй... тілеуің құрысын, өл де маған... Секеңдеген албасты... Наяты... Неткен бүліксің сен... Құдай ұрып?!

6. Ауызекі сөйлеу тілі стилінде кәсіби сөздер көбірек қолданылады. Әрбір кәсіптің маманы, кәсіп иесі немесе сол кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар өздерінің күнделікті әңгімесінде, қарым-қатынасында сол кәсіпке байланысты сөздерді пайдаланады. Мысалы:

- Есеп бар ма? Мен бүгін сүген ұстадым. Бұйырған дегенді қойсайшы, аудың жалғыз көзіне сағалынан ғана ілініп тұр екен.

- Ол неменің асау болатыны қайда?

- Сөзіңе болайын. Қыста балықта қауқар қала ма? Жалғыз шөңгеге ілінсе болғаны - тырп етпейді. (Ә. Нұрпейісов).

7. Ауыспалы мағынада келтірілген бейнелі сөздер - сол әңгімеге объект болатын зат не құбылысқа адамдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы. Сөйлеу тілінде эмоциональдық қасиет күшті болғандықтан, бұл құралдар ауызекі әңгімеде көбірек пайдаланылады. Мысалы:

- Еламан аға,- деді Тәңірберген,- білем, бізге өкпелісің. Өкпең орынды да...

- Жә, қайтесің...

- Жоқ. Ел-аға, көңіл кірі айтса кетеді. Мен алдымен өз ағамды мақұл демеймін. Ол менің қай айтқанымды тыңдап жүр. Әйтпесе, іргелес отырған ағайынмен жауласпа, бір-біріңнің есіктеріңнен бас сұғып, жүзіңді жылытып ал деп талай кеңес бердім. (Ә. Нұрпейісов).

8. Сөйлеу тілі стилінде фразеологизмдер көбірек қолданылады. Кейде тұрақты тіркестер сөйлеу тілі ыңғайына бейімделеді. Мысалы:

- Қалқам!.. Араздықты қой... Мені ренжітпеймін дейтінің қайда? Сең үйге бармаған соң, мен тірі өліп жүрмін ғой... Жұртқа қарайтын бетім қалмады... Жүр үйге барайық!.. (Б. Майлин).

Морфологиялық ерекшеліктер. 1. Ауыз екі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Сөздің экспрессивтілігі мен эмоциональдығын арттыру үшін -ақ, -ау, -мыс, -ғой шылаулары ойға түрлі мағыналық рең беру үшін пайдаланылады. Ауызекі сөйлеу тілінде шартты райдың -са, -се формасы арқылы құралған құрмаластың бағыныңқылы компонентінен -ма, -ме, -ғой, -бар, -ғой тәрізді шылаулар мен күшейткіш мағыналы сөздер қосылып, эмоциялы реңге ие болады. Мысалы:

- Балаңыз бала-ақ, жеңгей, қатты риза болдым оған. (М.Иманжанов).

- Түһ! Бұлар деген нар жігіттер ғой. (Ғ.Мұстафин).

- Ойбай, Жаһа-ау! Ол - Жоламанның дүмпуі ғой. (Ғ. Мұстафин).

- Жанның бәрі қасқыр емее шығар-ау! (М. Әуезов).

- Ертеңгі күні құтпан айғырдай ел шетін торып, азынап шыға келер әлі-ақ! (Ә. Нұрпейісов).

- Айналайын-ау, заты әйел демесең, еркекке бергісіз-ау! (С.Жүнісов).

- Әй бәлем, қолға түспедің-ау! Егер қолға түссе ме, қалпитар ем бәлемді! (С.Мұқанов).

2. Ауызекі тілде сын есімнің шырай жұрнақтары үстемеленіп жалғануы, яғни қосарланып келуі жиі ұшырасады. Үлкен-ірек-теу, мол-ырақ-тау, жуан-ырақ-тау, жіңішке-рек-теу, т.б. Мысалы: Тамақтың тұзы молырақ-тау салынған екен.

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы құрамында келген соң шылауы кейде қысқартылып, жалғау тәрізді түрде айтылады. Мен мектепке барған соң... Мен мектепке барғасын...

Сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады: Сәбит - Сәке, Мұхтар - Мұха, Мәлік - Мәке, Еркеш - Еркетай, Ерден – Ердентай, т.б.

- Осының шын ғой, Әлеке, ә? Тап осы жерің жалпақтау-ау Әлеке, өзің байқамай жүрсің-ау деймін. (Б. Майлин). Қүлеке-ау, не болды, айтсаңшы.

Ауызекі сөйлеу стилінде тілдің көркемдегіш, бейнелеуші тәсілдері жиі қолданылады. Мысалдар: Теңеу: Өгіздей бір неміс өңкиіп алдымнан тұра келді. (Ғ.Мүсірепов). Эпитет: Көлдің теріскей жағы мен күнгей жағында өскен жібектей майда қоңыр шалғынның арасында нелер тәтті қиялға батпадым. Гипербола: Үй тар болғанымен, көңіл дариядай, сиямыз. Литота: - Мен тұрғанда мынау көк аспан, көк теңгедей ғана еді де, жер кеседей еді,-депті («Ертегі»). Менен оларға тиетін инедей пайда жоқ. (М. Әуезов).

3. Синтаксистік ерекшеліктер. Ауызекі сөйлеу стилінің басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен, синтаксистен - сөйлем құрылымынан байқалады. Мәселен, ондай стильде сұраулы және лепті сөйлемдер көп қатысады; екі немесе одан да көп кісінің сөздері диалогқа құрылады. Мысалдар:

- Жалғызым! Сенен басқа сүйетінім бар ма еді?!

- Неге кешіктің? Мені неге қинадың? (М. Әуезов).

- Қарағым-ай, қазақпысың?

- Иә, қазақпын.

- Қазақ болсаң, қарағым-ай, қара қазақпысың өкіметтің кісімісің?

- Өкіметтің кісісімін.

- Ендеше, қарағым-ай, сүйемелдеп жібер, мен сияқты нашар кісіні. (С.Мұқанов).

Диалогқа құрылған сөйлемдерде ой тұжырымды, әрі әсерлі болу үшін толымсыз, жалаң сөйлемдер жиі қолданылады.

  • Есенсіз бе?

  • Шүкір.

  • Осы ауылдікісіз бе?

  • Осы ауыл... (Б.Майлин).

  • Газет басқармасы осы ма?

  • Осы.

  • Ендеше, менің арызым бар, мен оны қалай берсем екен?

  • Жазыңыз да беріңіз. (Б. Майлин).

Сөз қайталау тәсілі кездеседі: Сөйлем мүшелері орын ауыстырып қолданылады. Мысалы: Көрдің бе? Көрдің. Алдың ба? Алдың. Айтқаным - айтқан, дегенім - деген. Сұрағаным - сұраған...

Баяндауыш: Орныңа отыр – отыр орныңа!

Толықтауыш: Менде не ақысы бар? - Не ақысы бар менде? Шартты рай тұлғалы бағыныңқылы сөйлем ауызекі сөйлеу стилінде көбірек кездеседі. Мысалдар:

- Ағаң айтса, бересің бе? Машина шықса, қайтадан тосасың? Арқамды күн шалмайтын дейтін Әбділда бүліншілік тілемесе, нені тілейді? (М. Әуезов)

- Мен көмектеспесем, кім көмектеседі? (Б.Майлин). Осы күні жөнделмегенде, қашан жөнделеді? (Б. Майлин). Қызды әке билемегенде, кім билеуші еді? (М.Әуезов).

Ауызекі сөйлеу тілінде көсемшенің -ып, -іп, -п формасы арқылы құрмалас сөйлем жасаудың да жазба тілге қарағанда, өзіндік ерекшелігі бар: Баланың сөзін сөз деп, о несі-ай маған! Ақыл айтып, ел бол деудің орнына, желіктіріп, көрдің бе істеп жүргенін. Үйір қыламын деп, басыңа секіртіп жүрме. (Б. Майлин).