Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стилистика (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254 Кб
Скачать
☆

Лексика-фразеологиялық стилистика.

Басқа тілдік қабаттарға қарағанда лексика-фразеологиялық деңгейдің стилистикалық мүмкіндігі бай екені. Диалектизмдерді, жаргон сөздер мен арготизмдерді стилистикалық мақсатта қолдану. Тарихи, көнерген, жаңа сөздердің стилистикалық мүмкіндіктері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Исабаев. Қазақ тілінің стилистикасы бойынша лекция мәтіндері. Ташкент, 2000.

2. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974.

3. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1972.

4. Ғ.Қалиев. Қазақ диалектологиясы. Алматы. 1991.

Лексика, лексикология және стилистика – бір-бірімен тығыз байланыста болатын құбылыстар. Лексика деп, әдетте, барлық сөз қорын айтамыз. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым, яғни, тіл білімінің сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әр түрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің саласының стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдардың эксперессивтік-эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Қазақ тілінің сөз қоры лексикология тұрғысынан мынандай бірнеше негізгі салаға бөлінеді: байырғы сөздер, араб, парсы тілдерінен ауысқан, моңғол тілінен және сол арқылы шетелдер тілінен енген терминдер мен түрлі жаңа сөздер. Ал лексиканы тілдегі жалпы стильдер тұрғысынан жіктейтін болсақ, әлгі санап өткен салаларды енді мүлдем басқаша топтауға тура келеді. Өйткені осы аталған әр алауан тіл қабаттарының қай-қайсысы да стилистикамен тығыз байланысты. Бірде бірі одан сырт емес. Рас, сала-сала бұл сөздердің әдеби тіл, сөйлеу, көркем әдебиет стильдеріндегі қолданылу дәрежесі біркелкі емес, түрлі-түрлі болып келеді. Олардың белгілі бір қолданылу аясы, өзді-өзіне лайық стильдік қызметі бар.

Әдеби, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде сөздердің өзді-өзіне тән жұмсалу қабілеті аңғарылады. Мұндай өзгешелік, әсіресе, көркем әдебиет стилі мен кеңсе, ғылыми, публицистикалық стильдердің арасында айқынырақ сезіледі. Көркем шығарма тілінің дені қазақ тілінің байырғы сөздері болып келеді. Онда, әдетте, тілде бар сөздің қолданылмайтыны аз байқалады. Стильдік мақсатта керегіне қарай мұнда байырғы құбылыстар да, термин де, көне сөздер де, диалектизмдер де кездесіп отырады. Бірақ солардың ішінен көбінесе көркем әдебиет стилінде жұмсалатындары да бар.

Бейтарап (стильаралық) лексика. Тілдегі сөздердің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояк аңғарылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясына, ерекшеліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа бөлінеді. Лингвистикалық әдебиеттерде лексикалық топтар саны әр түрлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды тұрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кітаби, поэтикалық, диалектілік, ресми-іс қағаздары лексикасы, т.б. Сондай-ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және кітаби лексика. Мысалы:

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. т.б.

Бұл үзіндіден аспан, ауа, жер, су, өзен, тау аттарының ғылыми стильде де, сондай-ақ көркем әдебиет тілінде де қолданыла беретінін көреміз. Олар өзге стильдерде де жұмсалады. Міне, мұндай сөздерді, яғни стиль түрлерінің қай қайсысында да қолданылатын тілдік құбылыстарды бейтарап немесе стильаралық лексика деп атайды.

Сөйлеу тілінің лексикасы. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жайтпайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилинде негізінен қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу тілінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы, міне, осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға - қолданылу аясына байланысты. Көбіне-көп сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына тән оңдай сөздерге қарапайым сөздер, табу, эвфемизм, диалектизмдер және кәсіби сөздер жатады.

Қарапайым сөздер. Қарапайым сөздер, табу, эвфемизмдер көркем әдебиетте, әсіресе, сөйлеу стилінде жиі қолданылады, ол көркем әдебиет стилінде белгілі бір көркемдік мақсат үшін жұмсалады. Қарапайым сөздер кейде публицистикалық стильден де байкалады. Бұлардың эстетикалық, эмоционалдық әсері, бейнелілігі өте-мөте көркем әдебиет стилінде ұтымды келеді.

Сөйлеу стиліндегі кейбір теңеу құралдары, әдетте, тым қарапайым, тіпті қара дүрсін, дөрекі болып келеді. Сөйлеу стиліндегі мұндай сөздердің бәрі бірдей көркем әдебиет стилінде қолданыла бермей тек авторлық ремаркада ғана ара-тұра кездеседі. Бұл тәрізді жекелеген қара дүрсін сөз қолданыс ертеректегі әдеби шығармалардың тілінде, атап айтқанда, авторлық баяндауда ұшырасатын.

Сөйлеу тілі лексикасына стильдік бояуы жағынан табу сөздер мен эвфемизмдер де жатады. Табу, эвфемизм - бір-біріне мағыналары жақын, мәндес терминдар. Әлдебір, діни нанымға, секі әдет-ғұрыпқа байланысты айтуға болмайтын, сондай-ақ цензуралық ретпен де қолдануға тыйым салынған сөздерді табу деп атайды. Бір жағдайда, хабарды тура айтпай, тұспалдап жеткізген сөздер де табу делінеді. Өйткені стиль тұрғысынан алғанда, тура сөздерден гөрі осы ауыстырған тұспал сөздің өзі ұтымды. Табу мен эвфемизмнің көбіне-көп сөйлеу стилі мен көркем әдебиетте қолданылатыны олардың осы ерекшелігімен тығыз байланысты.

Диалектизмдер. Кәсіби сөздер, Диалектизм, кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Солай екенін оларды стиль түрлеріне қатысы жағынан алып талдағанда айқын көреміз. Бірақ диалектизм мен кәсіби сөздердің стильге қатысын бірдей деуге болмайды. Өйткені бұлардың өзді-өзіне тән ерекшелігі, бір-бірінен айырымы бар. Кәсіби сөздер, диалектизмдерге қарағанда, көркем әдебиет және сөйлеу стилінде көп кездеседі. Белгілі бір көркемдік мақсатпен әдеби шығарма тілінде жұмсалады. Сондай-ақ, публицистикалық стильден де байқалады. Диалектизм ғылыми, ресми-кеңсе стилінде де қолданылады. Кәсіби сөздер қажетіне қарай стиль түрлерінің бәрінде бірдей қолданылмайды.

Көркем әдебиет стилінде кейбір диалектизм әдеби тілдік баламасы бола тұрса да қолданылады. Бұл - таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Кейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көбірек қайталап қолдануға тура келеді. Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданылады. Бірақ, Жамбыл облысы тұрғындарының тіліндегі ашық-машық сөзі сияқты диалектизм сөз қайталаудан қанша қашқанмен де, көркем әдебиет стилінде, авторлық ремаркада қолданылмайды. Осы ашық-машық (топса) немесе Жайық маңы да аманбыз, сау-сәлеметпіз деген ұғымда жұмсалатын мұз қара көк (мұздай қара көк) тәрізді диалектілік құбылысты автор сөзінде де қолданылудың орынсыздығын былай қойғанда, кейіпкер тілінің өзінде де үнемі ұтымды бола бермейді. Демек, жергілікті тілдік ерекшелікті көркем әдебиет стилінде қолдануда да белгілі бір шек бар.

Диалектизмнің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі - авторлық ремаркада, екіншісі - диалогта. Авторлық ремаркада кейіпкер тіліндегімең салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады.

Диалектизмге қарағанда, кәсіби лексиканың қолданылу аясы кеңірек. Лексиканың бұл саласына белгілі бір аймаққа ғана тән кәсіп түрлерімен, мысалы, көмір өнеркәсібімен, мақта өсірумен, балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ыңғайындағы әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе, белгілі бір аймақтағы жергілікті халықтың күнделікті ауызекі тілінде және сол облыстың газет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады.

Кәсіби лексика публицистикалық стильде де, мысалы, түрлі қолжазбада, очеркте т.б. ара-тұра қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланылады.

Кітаби лексика. Кітаби лексикаға саяси әлеуметтік терминдер, әр алуан техникалық атаулар т.б. жатады. Бұлар өздерінің стиль түрлеріндегі қолданылу аясына қарай бір-бірінен өз ара ерекшеленеді. Мысалы, ғылыми стильде, әр түрлі оқулықтар тілінде терминдер, техникамен байланысты сан сала атаулар көбірек ұшырасады. Мысалы:

Химиялық элементтердің барлығы дерлік тотықтар түзе алады; Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді; Негізгі және қосымша топша дегеніміз оттек бойынша валенттілігі бірдей...(химия).

Көнерген сөздер мен неологизмдерің қолданылуы. Тілдің сөздіқ құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Себебі халықтың әлеуметтік өміріндегі: өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ыкпалың тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қоймайды. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным, әр түрлі әдет-ғұрып, күнделікті пайдаланып келген жекелеген үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысында бірте-бірте азайып, кейін ақыры мүлдем жоғалып кетеді. Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіре бастайды, өте сирек қолданылатын болады. Мысалы би, болыс, старшын, елубасы, онбасы, отарба, қосын, бәйбіше, тоқал, әмеңгер, күндес, сеп, ояз, дулыға, шарайна, дуан, ұя, пері, періште, дию, азан, ысқат, өлара, сәукеле т.б. Міне, бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер арахаизм және историзм болып екіге бөлінеді.

Неологизмдер. Неологизмдер стиль түрлерінің жалпы қай-қайсысында да, тіпті сөйлеу тілінде де азды-көпті қолданылады. Олар көбінесе ғылыми стиль мен публицистикалық стильде жиі ұшырасады. Өйткені неологизмдер көбіне-көп сонда қалыптасады. Бірақ, көркем әдебиет стиліндегі неологизмдер мен өзге стильдердегі неологизмдер бір емес. Осы екі сала неологизм бір-біріне ұқсамайды. Мысалы, оқырман, балмұздақ, аялдама, жасанды жер серігі, кіші механизация, Қазақстан сағаты, биікшілер, озаттар тұғыры, ұстаз-бригадир тәрізді жеке сөз не бір тұтас тіркес стильде жиі кездеседі. Ғылым мен техника саласындағы неологизмдер. Бұлар публицистикалық, өте-мөте көркем әдебиет стиліне тән.

Жоқтың барлыққа жіберген келгіні біз дегендей шаттана жайнайды. Шабарман емес, сабарман ғой. т.б.

Неологизмдер қоғам дамуына байланысты стиль түрлерінің бәрінде де жасалады. Бірақ бірінде көп болса, екіншісінде одан азырақ мөлшерде кездеседі. Жаңа сөздердің тіліміздегі стильдердің қай-қайсысында да қолданыла беретіні міне осы себепті. Олар сондай-ақ ресми-кеңсе стилінде де жиі жұмсалады.

Қоғам дамуы белгілі дәрежеде адамдардың рухани-эстетикалық жетілуіне де, олардың өздерін қоршаған дүниені экспрессивтік, эмоционалдық тұрғыда түйсінуіне де, жалпы сөз мағынасына да әсерін тигізеді.

Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау

сұрақтары:

1. Лексика дегенде нені түсінесің?

2. Бейтарап лексика мен сөйлеу тілінің лексикасының айырмашылығы.

3. Қарапайым сөздер қайсы сөздер?

4. Диалектизмдер мени көнерген сөздер дегеніміз не?

5. Кітаби сөздерге түсінік бер.

6. Көнерген сөздер мен неологизмдердің айырмашалығын түсіндір.

Тірек ұғымдар:

Лексика - тілдегі сөздер. Табу - тура атамау, ауыстырып айту. Эвфемизм - сыпайылап сөйлеу.

7-лекция