Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стилистика (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254 Кб
Скачать
☆

Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:

1. Ресми іс қағаздар стилінің тілдік, стилъдік, композщиялық ұйымдасуына қандай ерекшеліктер тән?

2. Ресми іс қағаздар стилінің заң шығару, дипломатиялық, әкімшілік қүжаттар стилъ түрлерінің өзіндік ерекшелігі неде?

3. Ресми іс қагаздар стилінде сөз таңдаудагы еркіндік қай жанрда басымырақ деп ойлайсыз? Неліктен?

4. Ресми іс қагаздар стилі туралы және оған тән тілдік, стилъдік, композициялық ерекшеліктер туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз.

5. Ғылыми стильдегі тілдік құралдар қандай мақсатқа қызмет етеді?

6. Ғылыми стилъдегі тілдік құралдар қалай ұйымдасады?

15-лекция

Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.

Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен қызметі. Публицистикалық стильдің белгілері, оның қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінің әсері. Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері. Осы стильдегі шешендік шеберлік, оған қойылатын талаптар. Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшеліктері. Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1974.

  2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1974.

  3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1988.

  4. Исабаев А. Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен лекция мәтіңдері. -Ташкент,

2000.

Публицистикалық стильге қойылатын талап - қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болу. Ол - тілдік құралдарды қолдана білуден байқалады. Публицистика қоғам өмірімен тығыз байланысты болады. Публицистиканың үгіт-насихаттық сипаты басым. Публицистика өзінің тақырыбына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолданады, қажетті синтаксистік құрылысты пайдаланады.

Публицистикалық стиль жазбаша және ауызша формаларда қолданыла береді. Мәселен, оның ауызша түріне радио, теледидар шолушылары мен комментаторлардың әңгімелерін және т.б. жатқызуға болады. Сондай-ақ газет, журналдардағы әңгіме, интервью, очерк, т.б. бір екі тексті келтірейік.

1. ...Қазақстан! Одақтағы бауырлас, біртұтас он бес республиканың бірі. Отанның оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім; күн келбетті, нүр сәулетті Қазақстан.

Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, жұпар ерке жел...

Жанға сая панамыз - Қазақстан!

Аспаны бар ашық, таза, көк мәлдір, көлдері бар көз жасындай мөп-мөлдір... Бәрінен де жаны таза, бәрінен де сыры мөлдір ұл өсірген, қыз есірген туған жер...

Біздің асыл анамыз - Қазақстан.

2. ...Жел мен топыраққа түтіккен Жамалдың жүзінде бұл шақта басқа бір шырай бар еді. Ол - енді жұбайын сағынған әйел, ұлын сүйген ана ғана емес, әлгі бір көк болат темірдей тегеурінді ер - еңбек адамы. Қысқы үскірік, жазғы ыстық бұл әйелге бұйым емес. Мақсат мүддесі біреу-ақ: жауды жеңу, ол үшін мұнай селін ағызу...

Күн батса-ақ бұл өңірді тас қараңғы түнек басады. Мұнай қаласы көзін жұмып жіберіп, сыйымсыз денесін түн қойнына тығып, қымтап тастайды. Соғыс кезі - жағдай осылай. Бұл атырапты жау көзінен жасырғысы келгендей, аспандағы ай да ақ сәулесін шымылдықтай жинап алып, жүректері дүрсілдеп, дамылсыз соғады да тұрады. Көк болат темір жер бетін әжімдей айғыздап, дамылсыз жылжиды да жатады. Көк болат темір тау өзеніндей сарқырап, ақ қазанға қара көк мұнай тасқынын дамылсыз құяды да жатады. Бұл арадағы бар қимылдың тұтқасы оператор Жамалдың қолында. (Газеттен).

Публицистикалық стильде перифраз жиі кездеседі, айтылмақшы зат пен құбылысқа оқушы назарын аудару үшін ол зат пен құбылысты басқа экспрессивті-эмоциональды реңі бар сөздермен ауыстыруда жиі қолданылады.

Мысалдар: жүгері - дала падишасы; мақта - ақ алтын; кемір - қара алтын; Бүкілодақтық конкурстың жүлдегері; жарыс озаты; Ленин орденінің кавалері; Бүкілодақтық жарыстың жеңімпазы, т.б.

...Қазақ халқының ағартушы-ғалымы және тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) өз ұлтының орыс халқымен достық қатынасының жалынды насихатшысы ғана емес, алғашқы қарлығаштарының да бірі болды. Ол - қазақ халқына ағарту, орыс білімі мен ғылымын кен, тарату жолында бел байлаған үлкен күрескер еді. («Қазақстан мектебі»).

Публицистикалық стильде жалпы саяси лексика, интернационалды терминдер жиі қолданылады: жоспар, съезд, совет, комсомол, социализм, өкімет, партия, т.б.

Публицистикалық стильдер күрделі тіркестер, штамп сөздер жиі қолданылады. Әсіресе, күнделікті баспасөз (газет, журнал) беттерінде мынадай тіркестер жиі ұшырайды: жоғары көрсеткіштерге жетті, бастамаларын қостай отырып, жоспарын асыра орындады, социалистік жарысқа қосыла отырып, кеңінен өрістетіледі, т.б.

«Қостанай облысындағы шаруашылықтардың бастамасы бойынша, көктемгі егіске ойдағыдай әзірлену, астық өндіру мен мемлекетке астық сату жөнінде 1986 жылдың және он екінші бесжылдық тапсырмаларын мерзімінен бұрын орындау жолындағы социалистік жарыс кеңінен өрістетілді... Бастамашылар өз уәделерінде берік тұрғанын дәлелдеген: Қостанай облысы механизаторларының жеңіске жеткені жайында жаңа хабар келіп жетті...».

Публицистикалық стильде көркем сөз тәсілдерінің барлығы, сондай-ақ тұрақты сөз тіркестері, мақал мен мәтелдер, афоризмдер мол пайдаланылады.

«Қәрі Қаратау жотасы бүгін ажарлы-ақ. Күлімдеген күн көзінің аялаған нұрының астында шашырай жайылған қойдың алдын қайырмай, еркін жіберген Тұрсынбай қоржынындағы кітапқа қол салды. Теріскейден салқын самал соғып тұр. Жігіт жалпақ сүр тастың үстіне жайлана отырып, кітап беттеріне үңілді. Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары!» шығармасын оқып жүр, толғанып жүр. «Қарапайым еңбек адамдары жайлы қалай шынайы жазады. Иә, баяғының қойшысындай, ой бақпай, қой бағып ғана жүру - бізге ұят. Бүгінгі күннің талабы солай...» (Газеттен).

Публицистикалық стильде тілдің көркемдегіш тәсілдері, әсіресе риторикалық сұраулар, сөз қайталаулар да мол қолданылады: ... Дала да дидары биыл дән дариясынан әсем келбет тапқандай құлпырып кеткен. Ақ бидайдың алтын сабақтары бастарын төмен иіп, жер-анаға тағзым еткендей. Ең ғажабы осынау кең алқапта теңіз болып тербелген егін жай ұқыпты қолмен орналастырғандай теп-тегіс, тап-таза. Мұсаның қуанатыны - диқанның маңдай терінен нәр алып, жайқалған ұлан-ғайыр мол астықтың шығымы; көңіліне күдік алатыны - соны ысырапсыз қамбаға құю.

Иә, ойлы азаматты, осындағы ауыл ағасын, бұл жағдайлардың тебірентіп, толғандыруы әбден-ақ заңды еді. Өйткені, Чкалов атындағы совхоз егістігінің тең жарымдайы осы. Мұса Әбдібеков басқаратын екінші бөлімшенің үлесіне тиген. (Газеттен).

Көркем әдебиет тілінің стилі. Көркем әдебиет стилі ой мен сезімді образдар арқылы бейнелейді. Соған лайықты сөздер, сөз тіркесі және синтаксистік оралымдар пайдаланылады. Жалпы алғанда, көркем әдебиет стилінің мынадай ерекшеліктері кездеседі. Сөз арқылы автор көркем образ жасайды. Баяндамайды, суреттейді. Сондықтан тілдік құралдардың көркемдік, бейнелік және суреттеме қасиеттерін жан-жақты аша түседі.

Көркем әдебиеттің тілі экспрессивті және эмоциональды болады. Жазушы оқушыға көркем образ арқылы әсер етеді. Көркем әдебиет стилі тіл стильдерінің басқа түрлерінде көбірек кездесетін сөздер мен формаларды өзінше құбылтып, өз мақсаттарына лайықты пайдаланады. Көркем шығармада сөздерді түрлі ауыспалы мағынада қолдану жиі ұшырасады.

Үлгі:

Бақтұғылға алғашқы күндерден бастап-ақ суық хабарлар жетіп жатты. Съезд басында болыстың өзі де бар еді дейді. Съезд басында билер кісісіне өлгенше қатал. Кесік үлкен. Шалқардың атқа мінген билері мен жуандары болып, болысты ортасына ала отырып, ұрыны аямасқа «аруақ-құдай» десіп аттаныпты. Қеңесіп отырып, жиырма кісіні «ұры» деп қаттап алыпты деген сыбыс бар. (М. Әуезов).

Көркем әдеби стильде бейнелеуіш, суреттеме құралдар: теңеу, метафора, метонимия, эпитет, синекдоха, т.б. жиі кездеседі.

Үлгі:

Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз жұмсақ басталып еді. Мал әлі жайылымда, жаз қызуы бойда, бүрсеңдер кездің белгілері әлі білінген жоқты. Әр үйдің алдында аңға шығып қайтқан жарау аттар қаңтарулы тұр. Әр үйдің төбесінде кергіштеп тізген қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян терілері ата-бабадан қалған ескі тудай бұлғаңдайды.

Біреу аңға серілікпен шығады, біреу оны күнкерісіне жамау-жасқау етеді. Ал, Шағырда осының екі жағы да бар еді. Жадау бір торы мұның үйінің алдында да намаз оқығандай мүлгіп тұр. Торының алдында сымдай ширатылған тарғыл тазы жатыр. (Ғ. Мүсірепов).

Көркем әдеби стиль тілдің көркемдегіш құралдарын - градация, перифраз, қайталау, инверсия, антитеза және т.б. - еркін пайдаланады.

... Дала толы ән де үн... Бусанған жердің кезіне көрінбейтін мың түрлі жан иелері түгел оянып, үн қосып өмірге талпынатын сияқты. Жер бетінде тұтаса шыққан бір шың бар. Тал жібектей балбыраған әрбір көк шөп ән салып тұрғандай. Кішкене өзеннің өн бойын өрлей біткен күрке-күрке көрінген құба талдар да тып-тыныш, тобылғы мен баялыш жамылған күйінде, бүгін ғана пайда болғандай қызықтырады. Дүние бір ұйқысы қанып оянған жас баладай, балғын да ерке: құшақтағаныңды, иіскелегеніңді күтеді. (Б.Майлин).

Көркем әдеби стильде синоним, антоним сөздер талғанып, таңдалып қолданылады: ұзын арқау кең тұсау мұнда болмағанда, қысқа жіп күрмеуге келмес менмін. Лайығы осы болды деп, ол екеуі шешсе, мен шырық бұзам ба? (М. Әуезов).2. Өзі бір етінен ет кесіп беретін жайсаң жігіт еді. (Ғ. Мүсірепов).

Көркем әдеби тілде терминдер де, кәсіптік сөздер де, архаизм-историзмдер де қолданыла береді. Олар кейде кейіпкердің ерекшеліктерін, ортасын, білімін, мінезін, т.б.жайып аша түседі. Мысалы:

Қайлаңыз онша болмады ғой,- деп қасақана соқтыққанда, Ермек басын шайқады. Содан кейін үзіп-үзіп жай сөйлеп, ұзартып әкетті әңгімені. Қайланы ұштап, суарудың, құлаштап сілтеу мен тежей сілтеудің өзінде көп мән бар көрінді. Көмір алу үшін ствол, шурф, штрек, лава, пештердің неге керегін, олардың қиын техникаларын жайлап айтқанда, Мейрам қарапайым жұмысшының мамандығына таң қалады. (Ғ. Мұстафин).

Жазушы образ жасауда тілдік құралдарды шебер пайдаланады, сондай-ақ, сөздердің өзін шебер байланыстыра отырып, тілдің көркемдігін арттырады. Мысалы: Бақтығүл атқа мінісімен: «Айда, тарт!», - деп тебініп жіберіп, қозғалып кетті. Көп сәйгүлік сатұр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ертұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығымен қуалай тартып берді. (М. Әуезов).

Көркем шығарманың бір ерекшелігі - көп жанрлы болып келуі. Проза, драма, поэзия және т.б. жанрдың әрқайсысының өзіне тән тіл ерекшелігі бар. Олар әдеби тіліміздің байлығын өз жанрына байланысты еркін қолданады. Мәселен, кейде шылаулар, қыстырма, одағай, қаратпа сөздер экспрессивті-эмоциональды мақсаттар үшін лайықты пайдаланылады.

Мысалдар: ...Япырай, бұл кісі болса, білімді адам. Біз де бір жұрттың сөз ұғарлық басы бар жастарымыз дейміз. Адамды адамға жанастыратын тіл-ау. (М. Әуезов).