Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
snabzhenie_1-54.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
364 Кб
Скачать
☆

32. 1 КВ дейінгі сымдар мен кабельдердің қимасын анықтау

1000 В-қа дейінгі кабелдер мен сымдардың қимасын қызу шарты бойынша ұзақ мерзімді өткізетін ток жүктемесінің есептік мәніне байланысты қалыпты жағдайда төселген кезде кестеден мынандай екі түрлі қатынас шарттары бойынша  алады:

а) ұзақ мерзімді есептік тоғы мен қызу шарты бойынша:

Iнорм.доп.пров. . ;

б) алынған аппараттарға максималдытоктық қорғанысының  сәйкес келу шарты бойынша

Iнорм.доп.пров. .

мұндағы Кпопр - сымдар төселуіне байланысты түзету коэффициенті;

Кз - қорғаныс коэффициенті, яғни ол Iнорм.доп.пров/Iнапп немесе Iсраб.апп.

Балқымалы қыстырғы үшін:

кз= 1,25 – жарылысқа және өртке қауіпті жерлер, сауда орындары;

кз= 1 - жарылысқа және өртке қауіпсіз өндіріс орындары;

кз= 0,33 - асқын жүктемеден қорғауды қажет етпеген жағдай.

Автоматтық ажыратқыштар үшін:

Iуавт - шапшаң ағытқышы бар Кз-1,25;1;0,22;

Iуавт - реттелмейтін кері тәуелді сипаттамасымен Кз  - 1,0;1,0;1,0;

Iу.авт - реттелетін сипаттамасымен Кз  -  1,0;1,0;0,66.

Қалыпты жағдайда Кпопр– 1.  Онда

Iнорм.доп. . Iдл,

Iнорм.доп. . кзIзащ.

Электр торабын кернеу шығыны бойынша есептеу:

∆Uф=I r cos +I x sin =I (r cos +x sin ),

∆Uл= ∆Uф= ( I r cos +I х sin ) или

∆Uл= .

Ток тығыздығына байланысты электр торабын таңдау.

 

2 3 Сурет -Жылдық шығыстың сым қимасына т әуелділігінің графигі

 

ЭҚЕ (ПУЭ) экономикалық тоқ тығыздығының шамасы белгіленген, ол материалдан, сымның құрастырылуынан және Тм тәуелді алынады.

 .

Егер Тм  < 4000-5000 сағат болса, 1000 В-қа дейінгі желілерде әрбір ЭҚ тармақтары - жорықтандыру желілері  және уақытша орнатылу желілері,  сонымен қатар тарату құрылғыларының (РУ) және қосалқы станциялардың шиналары jэк –ға  тексерілмейді,.

33. Шиналықсымдардытаңдау

Болатты шинасымдарды есептеу

Электр торабында мыстан және алюминийден жасалған сымдармен қатар болаттан жасалған сымдар, шиналар қолданылады. Мысалы, олар жүктемесі аз    әуе желілерінде қолданылады (сыртқы жарықтандыру тораптарында). Сонымен қатар, шинасым түрінде жасалған жоғары вольтты желілерде де қолданылады. Болаттан жасалған сымдар мен шиналарды қолдану түсті металдарды  үнемдеуге біршама мүмкіндік береді, бірақ ол сол торапта болатын U -дің көптеген шығындарына алып келеді, ол болаттың аз өткізгіштігімен байланысты. Болатты сымдардан айнымалы ток өткенде, қосымша индуктивті кедергілер пайда болады. Олар ішкі хо/ және сыртқы хо//индуктивті кедергілер.

 Ішкі индуктивті кедергінің шамасы хо//= 0,016 , Ом/км.

 Магнит өткізгіштік μ магнит өрісінің кернеулілігінің функциясы болып табылады. Сондықтан, хо// шамасы сымнан өткен тоққа тәуелді болады.

Болатты шиналарды таңдау және есептеу келесі факторлармен анықталады.

Болаттан жасалған сымдардан жасалған 3 фазалы ток торабындағы кернеу шығыны

,

мұндағы Rm - токсымның немесе  шинасымның активті кедергісі, Ом/км.

Егер  деп белгілесек, онда U%=KIL,

мұндағы I -есептік ток;

                L -шинасымның есептік ұзындығы.

Сондықтан,  егер мүмкін болатын кернеу шығынының U%  шамасы және ток жүктемесінің моменті IL (Акм) берілген болса, онда ішкі индуктивті кедергінің мәні сымнан өтетін тоқтарға күрделі тәуелді болғандықтан, болат сымдарындағы шығынын анықтау қиынға түседі.

К= .

Сондықтан, олармен қоса шина сымдардың қимасы кестелерде көрсетілген, әртүрлі cos φ кезінде U – 80 В үшін және шина сымдардың әртүрлі қимасымен табылған, есептік коэффициентпен K анықтайды. K - нің мәнін таба салысымен: ∆U%=KIL анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]