- •1. Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
- •2.Электрлік жүктеменің сұлбасы
- •3.Ұзақтығы бойынша жылдық графиктерді тұрғызу
- •4. Өндірістік тұтынушылардың электр энергиясының сипаттамалары.
- •5. Электрлік қондырғылардың түрлері.
- •6 Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы.
- •7. Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері.
- •8. Орташа жүктемелер.
- •10. Қолдану коэффициенті, максимум коэффициенті.
- •9. Максималды және есептік жүктеме.
- •11. Сұраныс коэффициенті, қосылу коэффициенті.
- •12. Жүктеме графигінің форма коэффициенті, максимум жүктеменің әруақыттылық коэффициенті.
- •13. Энергияны қолдану бойынша ауысым коэффициенті, электр қондырғылардың тиімді саны.
- •14. Орташа жүктеменің анықтамасы.
- •15. Есептік жүктеменің анықтамасы.
- •16. «Келістірілген диаграмма» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •17. «Көмекші» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •18. Реактивті қуаттың физикалық анықтамасы.
- •19. Реактивті қуаттың тұтынушылары және генераторлары
- •20. Реактивтіқуаттыкомпенсациялаудың технико-экономикалықшарты
- •21. Реактивті қуатты қолдануды төмендету шаралары
- •22.Кернеуі 1 кВ-тан төмен шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •23.Кернеуі 1 кВ-тан жоғары шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •24. Кб қуатынесептеу
- •27. Сымдар мен кабельдердіорналастыру (тарту) әдісі
- •28. Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы
- •30. Автоматты ауа ажыратқыштары
- •31. Автоматты әуелік ажыратқыштарды таңдау
- •32. 1 КВ дейінгі сымдар мен кабельдердің қимасын анықтау
- •33. Шиналықсымдардытаңдау
- •34. Троллейлік желілерді есептеу
- •35. Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу
- •36. Сыртқы электр жабдықтау тораптары
- •37) Ішкі электр жабдықтау тораптары
- •38) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын магистралды сұлбалар
- •40) Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41) Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •42) Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •43) Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44) Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45) Дәнекерлеу қосалқы стансаның сұлбасы
- •46) Күштік ажыратқыштары бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •47) Қосалқы станцияның тарату құрылғылары
- •48) Магистралді қоректегі трансформаторлық қосалқы станцияның электрлік қосылу сұлбасы
- •49) Радиалды қоректегі қосалқы станциялардың электрлік қосылу сұлбасы
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51) Электр энергияның сапалық нормалары
- •52) Электр энергиясын санау
- •53) Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54) 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
5. Электрлік қондырғылардың түрлері.
Барлық қабылдағыштардың үш сипаттамалық топтары бар:
а) бір қалыпты немесе аз мөлшерде өзгеретін жүктемемен жұмыс істейтін қабылдағыштар (4-сурет). Бұл режимде электрлік машина немесе аппарат бөлшектерінің температурасы аз белгіленген температурадан аспай ұзақ уақыт жұмыс істей алады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 Сурет
Мұндай қабылдағыштар мысалы ретінде компрессор, сорғыш, желдеткіш және т.б. электр қозғалтқышын, жатқызуға болады;
б) қысқа мерзімді жүктеме режимінде жұмыс істейтін қабылдағыштар. Бұл режимде машиналармен аппараттардың жұмыс периодының ұзақтығы аз, тіпті машиналар мен аппараттардың бөлшектерінің температурасы белгіленген шамадан аспайды (5-сурет). Ал машиналар мен аппараттардың өшіп қалу периоды соншалықты ұзақ, тіпті машина қоршаған ортаның температурасына дейін салқындануына үлгереді.
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
||
|
|
|
||
Бұл топтағы қабылдағыштарға мысалы ретінде метал кесетін станоктардың, қосымша механиздерінің, электр қозғалтқыштарын, жапқыларды және т.б. жатқызуға болады:
1) қайталанбалы – қысқа мерзімді жүктеме режимінде жұмыс істейтін қабылдағыштар (6- сурет). Бұл режимінде машина мен аппараттардың қысқа мерзімді жұмыс периоды қысқа мерзімді өшу периодымен кезектесіп тұрады. Қайталанбалы – қысқа мерзімді жұмыс режимі жұмыс істеудің салыстырмалы жалғастығымен және циклдің ұзақтығымен сипатталады. Қайталанбалы қысқа мерзімді жүктеме режимінде электр машина немесе аппарат шексіз уақытта белгіленген салыстырмалы жұмыс істеу жалғастығымен жұмыс істей алады, ал машина немесе аппаратура бөлшектерінің температурасы белгіленген шамадан аспайды.
Бұл топтағы қабылдағыштарға мысал ретінде крандар, балқу аппараттар және т.б. электр қозғалтқыштарын жатқызуға болады.
6 Сурет
Жоғарыда айтылған қабылдағыштардың жұмыс режимдері үшін ГОСТ-183-74 сәйкес, электр өнеркәсібі белгіленген шарттарға арналған электрлік қозғалтқыштар шығарады;
г) жүктемелердің симметриясыздығы немесе фаза жүктелуінің біркелкісіздігі. Симметриялы жүктемелерге үш фазалы тұтынушының электр қозғалтқыштары және үш фазалы пештер жатады. Симметриялы емес жүктемелерге (бір-екі фазалы) электрлік жарықтандыру, бір фазалы және екі фазалы пештер, бір фазалы балқыту аппараттарын жатқызуға болады;
6 Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы.
Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету барысында электрлік қабылдағыштарды келесі 3 категорияға бөлемді:
е) 1 категориялы электрлік қабылдағыштар - электр жабдықтаудың уақытша тоқтап қалуы келесі жағдайларға әкелетін электрлік қабылдағыштар жатады: адам өміріне қауіп төнсе, ауыл шаруашылығына зиян келсе, негізгі қымбат жабдықтар бүлінсе, өнім сапасы бұзылса, күрделі технологиялық процестер нашарласа.
1 категориялы электр қабылдағыштардың тобынан ерекше топ бөлінеді: олардын тоқтаусыз жұмыс істеуі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарылыс, өрт және қымбат жабдықтардың бүлінуінен қорғайтын өндірістің апатсыз тоқталуы үшін қажет;
ж) 2 категориялы электр қабылдағыштар - электрмен жабдықтау тоқтаған кезде өнімнің толық берілуін азайып, жұмысшылардың, механизмдердің және өндірістік көліктердің жұмыссыз тұруына, қала және ауыл тұрғындардың тұрақты қызметтерінің бүлінуіне әкелетін электр қабылдағыштар;
и) 3 категориялы электр қабылдағыштар - 1 және 2 категорияларға жатпайтын барлық қалған электр қабылдағыштар.
1 категориялы электр қабылдағыштар екі тәуелсіз бір-бірімен резервте болатын корек көздерінен электр энергиясымен қамтамасыз ету керек, және бір қорек көзінің электр жабдықтауы бүлінген кезде электр жабдықтардың үзілісі қоректенуді автоматтық түрде қайта қосу уақытына ғана мүмкін.
Электр жабдықтаудың 1 категориялы электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін қосымша үшінші тәуелсіз резервті қорек көзі қарастырылу керек.
Электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін үшінші тәуелсіз қорек көзі ретінде және қалған 1 категориядағы электр қабылдағыштар үшін екінші тәуелсіз қорек көзі ретінде жергілікті электр станциялары, энергожүйелерінің электр станциялары, үздіксіз қоректің арнайы агрегаттары, аккумуляторлы батареялар және т.б. қолданылады.
2 категориялы электр қабылдағыштар үшін екі тәуелсіз өзара реттелетін қорек көзі ұсынылады. Бір корек көзінен электрмен жабдықталу бүлінген кезде электр жабдықтаудың үзілісі - кезекші персонал немесе оперативтік бригадакөмегімен резервті қоректенуді қосу үшін қажетті уақытқа ғана мүмкін.
3 категориялы электр қабылдағыштар үшін электрмен жабдықтау бір қорек көзінен қоректенуі мүмкін, егер, келесі шарт орындалса: электр жабдықтаудың үзілісі, жөндеу және электрмен жабдықтау жүйесінің бүлінген элементін ауыстыру үшін қажетті уақыт 1 тәуліктен аспаса.
