- •1. Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
- •2.Электрлік жүктеменің сұлбасы
- •3.Ұзақтығы бойынша жылдық графиктерді тұрғызу
- •4. Өндірістік тұтынушылардың электр энергиясының сипаттамалары.
- •5. Электрлік қондырғылардың түрлері.
- •6 Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы.
- •7. Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері.
- •8. Орташа жүктемелер.
- •10. Қолдану коэффициенті, максимум коэффициенті.
- •9. Максималды және есептік жүктеме.
- •11. Сұраныс коэффициенті, қосылу коэффициенті.
- •12. Жүктеме графигінің форма коэффициенті, максимум жүктеменің әруақыттылық коэффициенті.
- •13. Энергияны қолдану бойынша ауысым коэффициенті, электр қондырғылардың тиімді саны.
- •14. Орташа жүктеменің анықтамасы.
- •15. Есептік жүктеменің анықтамасы.
- •16. «Келістірілген диаграмма» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •17. «Көмекші» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •18. Реактивті қуаттың физикалық анықтамасы.
- •19. Реактивті қуаттың тұтынушылары және генераторлары
- •20. Реактивтіқуаттыкомпенсациялаудың технико-экономикалықшарты
- •21. Реактивті қуатты қолдануды төмендету шаралары
- •22.Кернеуі 1 кВ-тан төмен шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •23.Кернеуі 1 кВ-тан жоғары шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •24. Кб қуатынесептеу
- •27. Сымдар мен кабельдердіорналастыру (тарту) әдісі
- •28. Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы
- •30. Автоматты ауа ажыратқыштары
- •31. Автоматты әуелік ажыратқыштарды таңдау
- •32. 1 КВ дейінгі сымдар мен кабельдердің қимасын анықтау
- •33. Шиналықсымдардытаңдау
- •34. Троллейлік желілерді есептеу
- •35. Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу
- •36. Сыртқы электр жабдықтау тораптары
- •37) Ішкі электр жабдықтау тораптары
- •38) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын магистралды сұлбалар
- •40) Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41) Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •42) Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •43) Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44) Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45) Дәнекерлеу қосалқы стансаның сұлбасы
- •46) Күштік ажыратқыштары бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •47) Қосалқы станцияның тарату құрылғылары
- •48) Магистралді қоректегі трансформаторлық қосалқы станцияның электрлік қосылу сұлбасы
- •49) Радиалды қоректегі қосалқы станциялардың электрлік қосылу сұлбасы
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51) Электр энергияның сапалық нормалары
- •52) Электр энергиясын санау
- •53) Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54) 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
2.Электрлік жүктеменің сұлбасы
Электр жүктемелерінің графиктері
Электр жүктемелері және қабылдағыштардың, цехтағы қабылдағыштар тобының, сондай-ақ цехтың, жалпы зауыттың тұтынатын электр энергиясын сипаттайды. Өндірістік кәсіпорындардағы электр жабдықтау жүйесін жобалау және пайдалану барысында жүктемелердің негізгі 3 түрі есептелінеді: активті қуат Р, реактивті қуат Q және ток I.
Электр қуатын өлшеуіш аспаптар арқылы көзбен бақылауға болады. Жүктеменің уақыт бойынша өзгеруін өздігінен жазатын аспаптар арқылы тіркеуге болады (1 сурет). Бірдей уақыт аралығында алынған активті және реактивті қуат санағыштары бойынша пайдалану барысында активті және реактивті қуаттардың уақытқа байланысты өзгеруін, әдетте, сатылы қисық арқылы көрсетеді (2 сурет).
Активті және реактивті және токтың уақыт аралығында өзгеру қисығын сәйкесінше активті қуат, реактивті қуат, токтың жүктеме графиктері деп атайды.
|
|
|
|
1 Сурет – Тіркейтін аспап көрсетуі бойынша жүктеме графигі |
2 Сурет – Активті қуат санағышының көрсетуі бойынша жүктеме графигі: tн - бірдей интервалдар времени. |
Жүктеме графиктері 2-ге бөлінеді: жеке графиктер – жеке қабылдағыштар үшін, топтық – қабылдағыштар тобы үшін. Жеке жүктеме графиктері кіші әріптермен: p(t); q(t); i(t); ал топтық жүктеме графиктері бас әріптермен: P(t); Q(t); I(t) белгіленеді.
мұнда n– қабылдағыштар саны.
|
;
Жеке графиктер электр энергиясының қуатты қабылдағыштарының жүктемелерін анықтау үшін қажет (электр пештері, түрлендіргіш агрегаттар, бас жетектер, жаймалау станоктары және т.б.).
Әдетте, кәсіпорындардағы электр жабдықтауды жобалауда топ-топтық жүктеме графиктері осы кәсіпорынның активті және реактивті қуаттады тұтынуын айқындауға, кәсіпорынды қоректендіретін ток көзін дұрыс және тиімді таңдауға, сондай-ақ электр жабдықтаудың барынша тиімді сұлбасын жасауға мүмкіндік береді.
Уақыт ұзақтығы бойынша өндірістік кәсіпорынның жүктеме графигі кезектік, тәуліктік және жылдық болып жіктеледі. Өндірістің әрбір саласының технологиялық процеспен анықталатын өзіне тән жүктеме графигі болады.
Қабылдағыштардың жұмыс тәртібінің реттілігі бойынша олардың жекелей жүктеме графиктері периодтық, циклдық, циклдық емес және реттік емес болып бөлінуі мүмкін.
Топтық жүктемелер периодтық, жартылай периодтық және реттік емес болып бөлінеді.
3.Ұзақтығы бойынша жылдық графиктерді тұрғызу
Жыл бойына барынша көп жүктелетін күн – 22.12, ал ең аз жүктелетін күн – 22.06 болып қабылданған. Осы күндердің тәуліктік графиктері арқылы ұзақтық бойынша жылдық графигті тұрғызуға болады. Әр климаттық аумаққа байланысты жыл бойына қысқы Nз және жазғы Nл күндер санын білеміз.
3 Сурет - Ұзақтық бойынша жылдық график
Қысқы графикте ұзақтығы 30 минутқа тең не одан жоғары болса, максималдық ордината есептік болып саналады. Әрбір қысқы және жазғы графиктің ординаталарына сәйкес жүктеменің жыл бойына ұзақтығы есептелінеді және сол нәтижелер бойынша төмен қарай түсетін сатылы график тұрғызылады. Жылдық графиктің ауданы белгілі бір масштабтағы жыл бойына кеткен электр энергиясының шығынына тең. Мұндай график кәсіпорынның электр энергиясының шығыны бойынша жұмыс тиімділігін сипаттайды.
