- •1. Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
- •2.Электрлік жүктеменің сұлбасы
- •3.Ұзақтығы бойынша жылдық графиктерді тұрғызу
- •4. Өндірістік тұтынушылардың электр энергиясының сипаттамалары.
- •5. Электрлік қондырғылардың түрлері.
- •6 Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы.
- •7. Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері.
- •8. Орташа жүктемелер.
- •10. Қолдану коэффициенті, максимум коэффициенті.
- •9. Максималды және есептік жүктеме.
- •11. Сұраныс коэффициенті, қосылу коэффициенті.
- •12. Жүктеме графигінің форма коэффициенті, максимум жүктеменің әруақыттылық коэффициенті.
- •13. Энергияны қолдану бойынша ауысым коэффициенті, электр қондырғылардың тиімді саны.
- •14. Орташа жүктеменің анықтамасы.
- •15. Есептік жүктеменің анықтамасы.
- •16. «Келістірілген диаграмма» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •17. «Көмекші» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •18. Реактивті қуаттың физикалық анықтамасы.
- •19. Реактивті қуаттың тұтынушылары және генераторлары
- •20. Реактивтіқуаттыкомпенсациялаудың технико-экономикалықшарты
- •21. Реактивті қуатты қолдануды төмендету шаралары
- •22.Кернеуі 1 кВ-тан төмен шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •23.Кернеуі 1 кВ-тан жоғары шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •24. Кб қуатынесептеу
- •27. Сымдар мен кабельдердіорналастыру (тарту) әдісі
- •28. Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы
- •30. Автоматты ауа ажыратқыштары
- •31. Автоматты әуелік ажыратқыштарды таңдау
- •32. 1 КВ дейінгі сымдар мен кабельдердің қимасын анықтау
- •33. Шиналықсымдардытаңдау
- •34. Троллейлік желілерді есептеу
- •35. Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу
- •36. Сыртқы электр жабдықтау тораптары
- •37) Ішкі электр жабдықтау тораптары
- •38) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын магистралды сұлбалар
- •40) Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41) Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •42) Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •43) Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44) Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45) Дәнекерлеу қосалқы стансаның сұлбасы
- •46) Күштік ажыратқыштары бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •47) Қосалқы станцияның тарату құрылғылары
- •48) Магистралді қоректегі трансформаторлық қосалқы станцияның электрлік қосылу сұлбасы
- •49) Радиалды қоректегі қосалқы станциялардың электрлік қосылу сұлбасы
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51) Электр энергияның сапалық нормалары
- •52) Электр энергиясын санау
- •53) Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54) 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
14. Орташа жүктеменің анықтамасы.
Орташа жүктемені анықтау
Жұмыс режімдері бірдей күштік электр қабылдағыштар тобының ең үлкен жүктелген кезеңдегі орташа активті қуатын жұмысшы электр қабылдағыштар тобының қосынды (соммалы) номиналды қуатын, олардың топтық қажетке жарату (қолданыс) коэффициентіне көбейту арқылы табуға болады
Рсм=Ки,а*Рном .
Жұмыс режімдері бірдей күштік қабылдағыштар тобының (тоғы қалатын) ең үлкен жүктелген кезеңдегі орташа реактивті қуаты келесі формуламен анықталады:
а) Qсм=Ки.р.*Qном;
б) Qсм=Рсм*tg .
Ал тоғы озатын қабылдағыштардың (СҚ, КБ) реактивті жүктемелері «-» таңбасымен алынады.
Әртүрлі жұмыс режімде істейтін электр қабылдағыштар тобына кіретін электрмен жабдықтау жүйе түйінінің ең үлкен жүктелген кезеңдегі орташа активті қуаты Рсм
.
Жүктеме түйінінің орташа реактивті қуаты
мұндағы Qсм,i – тоғы қалатын электр қабылдағыштардың i -ші тобының ең жүктелген кезеңдегі орташа реактивті қуаты;
n – берілген түйінге кіретін әртүрлі режімде жұмыс істейтін тоғы қалатын электр қабылдағыштар тобының саны;
Qсм.сд,I – ең жүктелген кезеңдегі синхронды қозғалтқыштардың орташа реактивті қуаты;
QсмБК – ең жүктелген кездегі конденсаторлардың орташа реактивті қуаты.
Цех тұтынатын орташа жылдық қуат келесідей анықталады
;
.
15. Есептік жүктеменің анықтамасы.
Есептік жүктемелерді анықтау
Өндірістік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесінде электрлік жүктемені анықтаудың бірнеше арнаулы орындары бар (9 сурет).
1. 1000В-тан аспайтын бір қабылдағыштың есептік жүктемесін анықтау (1 жүктеме); берілген электр қабылдағышқа келетін сым немесе кабельдің қимасын анықтауға және қабылдағышты күштік тарату шкафына немесе тарату желісіне жалғауға арналған аппаратты таңдау үшін керек.
2. 1000В-тан аспайтын қабылдағыштар тобының есептік жүктемесін анықтау (2 жүктеме); берілген қабылдағыштар тобын қоректендіретін тарату магистральінің, радиалды желілерінің қимасын анықтау үшін және берілген қабылдағыштар тобын негізгі күштік тарату шкафына немесе трансформатор-магистраль блогының сұлбасындағы қоректендіруші магистральіне жалғау аппаратын таңдау үшін керек.
3. Жеке қабылдағыштарды немесе қабылдағыштар тобын қоректендіретін күштік тарату шкафтары немесе жеке ірі қабылдағыштар кернеуі 0,69-0,4/0,23кВ цехтік қосалқы станцияның шиналарындағы есептік жүктемені анықтау (3 жүктеме). Бұл жүктемені анықтау цехтік ҚС 0,69 немесе 0,4/0,23 кВ шиналарынан шығатын жоғарыда айтылған қабылдағыштарды қоректендіретін желілердің қимасын және цех ҚС төменгі кернеу шинасына желілерді қосатын аппараттарды таңдау үшін қажет.
4. Трансформатордағы шығындарды есепке ала отырып, жеке цехтік трансформаторлардың немесе жеке қабылдағыштардың тарату орындарының 6-20кВ шиналарында тудыратын есептік жүктемесін анықтау (4 жүктеме). Цехтік трансформаторлар мен жоғарғы кернеулі қабылдағыштарды қоректендіретін тарату пункттарының шиналарынан шығатын желі сымының қимасын және сол желілерде орнатылған ажырату аппараттарын таңдау үшін керек.
5.Тарату пунктінің әрбір секцияларының шиналарындағы жалпы есептік жүктемені анықтау. Тарату пунктінің 6-20кВ шиналарының материалын және қимасын, желінің қимасын, басты төмендететін қосалқы станция (БТҚС) (ГПП) шинасы жағындағы ажырату аппараттарын таңдау үшін керек (5 жүктеме). Егер БТҚС-ның 6-20кВ шинасынан цехтік транформаторлар немесе қабылдағыштар қоректеніп жатса, онда 5-жүктеме 4-жүктеменің мағынасын білдіреді, тек БТҚС-ң 6-20кВ шиналарына қатысты.
6. БТҚС-ң әрбір секцияларында 6-20кВ шиналарындағы жалпы есептік жүктемесін анықтау (6 жүктеме). БТҚС-да орнатылған төмендеткіш трансформаторларының қуаты мен санын, БТҚС шинасының материалы мен қимасын, БТҚС трансформаторларының 6-20кВ-тық төменгі кернеу жағында орнатылған ажырату аппараттарын таңдау үшін керек.
7. Трансформатордағы шығынды есепке ала отырып, БТҚС трансформаторларының 35-220кВ-тық жоғарғы кернеулі жағындағы есептік жүктемесін анықтау. БТҚС трансформаторларын қоректендіретін желілерді жалғайтын аппараттарды таңдау үшін керек.
Есептік жүктемені анықтау
Есептік жүктемені анықтаудың бірнеше әдістері бар.
Электрлік жүктемені анықтаудың негізгі тәсілдеріне келесіні жатқызуға болады:
а) бекітілген (номиналды) қуат және сұраныс коэффициенті арқылы;
б)орташа қуат және максимум коэффициенті арқылы (жүктеме графигінің реттелген диаграммалар әдісі);
в) орташа қуат және жүктеме графигінің пішін коэффициенті арқылы;
г) орташа қуат және орташа есептік жүктемеден ауытқуы арқылы (статистикалық әдіс).
Есептік жүктемені анықтаудың қосымша тәсілдеріне келесіні жатқызуға болады:
а) қандай да бір уақыт аралығында берілген көлемдегі өнімнің шығарылу кезеңін өнімнің бірлігіне кететін электр энергияның меншікті шығыны арқылы;
б) өндіріс ауданының бірлігіне кететін меншікті жүктеме арқылы.
|
|
|
|
Жұмыс режімі біркелкі электр қабылдағыштар тобының есептік жүктемесі келесідей анықталады
,
,
мұндағы Кса – берілген сипаттаманың топ үшін анықтамадан алынған
сұраныс коэффициенті;
tg – берілген қабылдағыштар тобына сәйкес анықтамадан алынған Соs
– ға сәйкес келеді.
Электр жабдықтау жүйе (цех, корпус, кәсіпорын) түйінінің есептік жүктемесі қабылдағыштардың жеке тобының есептік жүктемелерін қосу арқылы табылады
мұндағы
–
жеке қабылдағыштардың топтарының
есептік активті
жүктемелерінің қосындысы;
–
жоғарыда
айтылған реактивті қуатқа қатысты;
Кр.м – жүктеме максимумдарының әр мезгілдік коэффициенті. Электрмен жабдықтау жүйесіндегі түйіннің орналасқанына байланысты 0,85-1,0 деп алады.
