- •1. Энергетикалық және технологиялық жүйелерде тұтынушыларды электрмен жабдықтау
- •2.Электрлік жүктеменің сұлбасы
- •3.Ұзақтығы бойынша жылдық графиктерді тұрғызу
- •4. Өндірістік тұтынушылардың электр энергиясының сипаттамалары.
- •5. Электрлік қондырғылардың түрлері.
- •6 Электрмен жабдықтау бойынша электр қондырғылардың категориясы.
- •7. Жүктеменің негізгі анықтамасы және белгілері.
- •8. Орташа жүктемелер.
- •10. Қолдану коэффициенті, максимум коэффициенті.
- •9. Максималды және есептік жүктеме.
- •11. Сұраныс коэффициенті, қосылу коэффициенті.
- •12. Жүктеме графигінің форма коэффициенті, максимум жүктеменің әруақыттылық коэффициенті.
- •13. Энергияны қолдану бойынша ауысым коэффициенті, электр қондырғылардың тиімді саны.
- •14. Орташа жүктеменің анықтамасы.
- •15. Есептік жүктеменің анықтамасы.
- •16. «Келістірілген диаграмма» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •17. «Көмекші» әдісі бойынша есептік жүктемені анықтау.
- •18. Реактивті қуаттың физикалық анықтамасы.
- •19. Реактивті қуаттың тұтынушылары және генераторлары
- •20. Реактивтіқуаттыкомпенсациялаудың технико-экономикалықшарты
- •21. Реактивті қуатты қолдануды төмендету шаралары
- •22.Кернеуі 1 кВ-тан төмен шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •23.Кернеуі 1 кВ-тан жоғары шиналарға кб-ң қосылу сұлбасы
- •24. Кб қуатынесептеу
- •27. Сымдар мен кабельдердіорналастыру (тарту) әдісі
- •28. Күштік және жарықтандыру тораптарының сұлбасы және құрылысы
- •30. Автоматты ауа ажыратқыштары
- •31. Автоматты әуелік ажыратқыштарды таңдау
- •32. 1 КВ дейінгі сымдар мен кабельдердің қимасын анықтау
- •33. Шиналықсымдардытаңдау
- •34. Троллейлік желілерді есептеу
- •35. Электрлік жарықтандыру тораптарын есептеу
- •36. Сыртқы электр жабдықтау тораптары
- •37) Ішкі электр жабдықтау тораптары
- •38) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар
- •39) Кернеуі 1 кВ жоғары болатын магистралды сұлбалар
- •40) Зауыттың ішкі электр жабдықтауының аралас қоректендіру сұлбасы
- •41) Кернеуі 1 кВ жоғары әуелік желінің қимасын есептеу
- •42) Кернеуі 1 кВ жоғары кабелдік желінің қимасын есептеу
- •43) Кабелдік кірістері бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •44) Тұйықтағы қосалқы стансаның сұлбасы
- •45) Дәнекерлеу қосалқы стансаның сұлбасы
- •46) Күштік ажыратқыштары бар қосалқы станцияның сұлбасы
- •47) Қосалқы станцияның тарату құрылғылары
- •48) Магистралді қоректегі трансформаторлық қосалқы станцияның электрлік қосылу сұлбасы
- •49) Радиалды қоректегі қосалқы станциялардың электрлік қосылу сұлбасы
- •50) Электр энергияның сапалық көрсеткіштері
- •51) Электр энергияның сапалық нормалары
- •52) Электр энергиясын санау
- •53) Электр қауіпсіздігінің қорғану шаралары
- •54) 1 КВ дейінгі желіде қысқаша тұйықталу тоғын есептеу
9. Максималды және есептік жүктеме.
Максималды жүктемелер
Активті қуаттың Рм, реактивті қуаттың qм, Qм , толық қуаттың sм, Sм және токтың iм, Iм максималды мәндері бір уақыт мезгіліне сәйкес келетін орташа шамалының ең үлкен шамалары. Максималды жүктемелер сол немесе басқа уақыт периоды ішінде пайда болу жиілігімен сипатталады.
Ұзақтық бойынша максималды жүктемелер екі түрге бөлінеді:
а) электрмен жабдықтау жүйе элементтерін таңдау үшін қызу және олардағы максималды қуат шығынын есептеу бойынша анықталатын ұзақтықтары әртүрлі максималды ұзақтық жүктемелер (10, 15, 30, 60, 120 мин.);
б) желідегі кернеудің өзгеріс көлемін тексеру үшін, түйіспелі желідегі кернеу шығынын анықтау үшін, электр қозғалтқыштың өзіндік қосу шарты бойынша желіні тексеру үшін, сақтандырғыштың балқымалы ендірмесін таңдау үшін, максималды тоқ релелік қорғаныстың іске қосылу тоғын есептеу үшін қажетті болатын ұзақтығы 1-2 с бар максималды қысқа мерзімді жүктеме.
Есептік жүктемелер
Рұқсат етілген қызу бойынша есептік жүктеме дегеніміз - ең көп жылулық әсер ету бойынша өзгеретін жүктемеге эквивалентті электрмен жабдықтау элементінің ұзақтығының өзгермейтін жүктемесі (өткізгіштің максималды қызу температурасы немесе оқшауламаның жылулық тозуы бойынша). Өткізгіштің қызуы ток жүктемесіне байланысты, бірақ тәжірибе бойынша және есептеулер жүргізгенде P=f(t) графигін I=f(t) графигіне қарағанда алу оңай болғандықтан, жобалау тәжірибесінде активті қуат бойынша есептік жүктеме Рр ұғымы кеңінен қолданады.
10. Қолдану коэффициенті, максимум коэффициенті.
Қажетке жарату қолданыс коэффициенті
Қажетке жарату коэффициенті жүктемені есептеу кезінде негізгі көрсеткіш болып табылады.
Электр қабылдағыштың Ки.а немесе электр қабылдағыштар тобының Ки.а
активті қуаты бойынша қажетке жарату қолданыс коэффициенті деп әрбір электр қабылдағыштың (немесе қабылдағыштар тобының) орташа активті қуатының оның номиналды мәніне қатынасын айтады
;
.
Бұл коэффициент, орташа жүктеме Рс, Рс сияқты ең жүктелген ауысымға (смена) қатысты.
Активті қуат бойынша жүктеме графигі үшін электр қабылдағыштың активті қуатының орташа қажетке жарату коэффициенті сол кезеңде (ауысымда) келесі формуламен анықталады
(3
суретті қ.)
мұндағы Wа -электр қабылдағышының ауысым ішінде кезеңде қолданған энергия, Wа,возм -электр қабылдағышының ауысым бойы номиналды болып жүктелген жағдайда тұтынуға болатын (мүмкін) энергиясы.
Максимум коэффициенті
Активті қуат бойынша максимум коэффициенті км.а Км,а зерттеліп отырған уақыт ішіндегі рр, Рр есептік активті қуаттың рс, Рс орташа жүктемеге қатынасын айтады.
,
.
Зерттеліп отырған уақыт ең жүктелген кезеңге тең алынады.
Активті қуаттың Км,а максимум коэффициентін nэ және Ки,а функциясы арқылы сипаттауға болады (8 сурет).
Қисықтар То=10 минут уақыты үшін тұрғызылған, яғни орташаландырылған интервалдың ұзақтығы Тоср=3То=30 минут үшін (жарты сағаттық максимум). Қимасы үлкен өткізгіштерге бұл аралық сәйкес келмейді.
Сондықтан Т>>10 минуты үшін тұрғызылған қисық бойынша табылған Км басқа ұзақтыққа есептелуі қажет.
мұндағы Км Тоср=30 минут үшін алынған.
8 Сурет - Км= f(Ки және nэ) анықтауға арналған қисық
