Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_-_shporzhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

77.Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері

Секта дегеніміз дәстүрлі діннен бөлінген және оған қарама қайшылықта болатын діни ағым.Біздің елімізде әртүрлі секталар көбейіп бара жатыр. Олар Иегова куәгерлері,Протесттанттар Сопылар,Кришнаиттер,Ваххабистер т.бОлар заңсыз өрескел әректтер жасап халықтың басын улайды.Отбасына іріткі салып,шаңырақты шайқалтады.Әсіресе Иегова куәгерлері үйлерді аралап,пәтерлерді жағалап,өз қатарына адамдарды күшпен немесе алдап арбап,тартып еріксіз кіргізеді.Оларға тыйым салуға біздің құқығымызда,мүмкіндігімізде жоқ.Сектаға түскен адамдар үйінен безеді,тамақ аз ішеді,аз ұйықтайды,ақша талап етеді не ұрлайды,тұйық не ашушаң болады,психологиясы өзгереді,балаларымен,ата анасымен қарым қатынасын үзеді.

78. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары

Cектаға баулу жолдары:көшеде кетіп бара жатқанда тоқтатып алып дін жөнінде әңгімелесу,кітапшалар ұсыну,үйге немесе пәтерге іздеп келу,тесттен өтуді ұсыну,дәрістерге шақыру,психотопты дәрілер қолдануі,қорқыту және т.б.Сектаға кірегн адамды оның ықпалынан құтқару өте қиын.Оны аз уақыт ішінде оның ықпалынан құтқару мүмкін емес.Сектаға кірген адам басқа адамның сөзіне құлақ аспайды өз ісін дұрыс деп ойлайды.Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін әртүрлі қаптап кеткен ағымдарға заңмен тыйым салу керек,жас балаларға сектаның зияны туралы,ол туралы дәрістер оқу керек.Ал сектаға кірген жағдайда психологтардың көмегіне сүйеніп емделу қажет.

79. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-əрекеті.

Жер сілкінісі — жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру). Тағы бір ерекше жолы бар. Ол — жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі Мұқтаждарға алғашқы көмек көрсетіңіз.   Жеңіл алынатын үйінділерге түскендерді босатыңыз. Абай болыңыз! Балалардың, науқастар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Оларды тыныштандырыңыз. Аса қажетсіз телефонды пайдаланбаңыз.  Радиохабарды қосыңыз. Жергілікті билік, табиғи зілзала зардаптарын жою бойынша штабтың нұсқауларына бағыныңыз. Электр өткізгіштерде зақым келгенін тексеріңіз. Ақаулықты жойыңыз немесе пәтердегі электрді ажыратыңыз. Күшті жер сілкінісі кезінде қалада электрдің автоматты түрде ажыратылатындығын есте ұстаңыз. Газ және су құбырлары ақауларының бар-жоғын тексеріңіз. Ақаулықтарды жойыңыз немесе желілерді ажыратыңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз. Баспалдақтан түсер кезде абай болып, оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Қираған ғимараттарға жақындамаңыз, оған кірмеңіз. Қайталанбалы дүмпулерге дайын болыңыз, ол жер сілкінісінен кейін алғашқы 2-3 сағатта өте қауіпті. Ғимараттарға аса қажет болмаса кірмеңіз.  Қайтадан мүмкін болатын дүмпулер туралы ойдан еш нәрсе айтпаңыз. Ресми ақпаратты ғана пайдаланыңыз. Егер де Сіз үйіндіде қалып қойсаңыз, қалыптасқан ахуалға байыппен бағалап, мүмкіндігінше өзіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз. Үйіндінің сыртындағы адамдармен байланыс орнатуға тырысыңыз (дауыспен, тоқылдатып).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]