- •1) «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
- •9. Адамдардың шаруашылық қызметі гидросферада қандай өзгерістерді туғызады.
- •11. Литосфераны ластаушы химиялық заттар,олардан туатын қауіп және қорғану жолдары.
- •13) Зиянды химиялық заттардың жүйеленуі
- •14) Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы (комбинациялы) әсері
- •15. Иондаушы сәулелер, олардың түрлері және сипаттамасы
- •16. Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивті заттардың шығу көздері?
- •17. Иондаушы сәулелердің адам ағзасына әсері
- •18. Иондаушы сәулелердің қандай дозасы сәулелі ауру туғызады?
- •19. Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай?
- •20.Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?
- •21. Электромагнитті өрістің адам ағзасына әсері, олардан қорғану
- •22. Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар
- •23. Компьютермен жұмыс істеген кездегі қорғаныс шаралары
- •24. Ұялы телефонның ағзаға əсері жəне қауіпсіздік шаралары
- •26.Төтенше жағдайлардың жүйеленуі, мысал келтіріңіз
- •27.Төтенше жағдайлардың зардаптары
- •28. Өнеркəсіп объектілеріндегі ақ жəне тж құрылымы, қызметі.
- •29. Төтенше жағдайларды басқару қалайша жүзеге асырылады
- •30. Төтенше жағдай кезінде халықты жəне аймақты қорғау.
- •31. Төтенше жағдай кезінде халықты көшіру (эвакуация) жəне қоныстандыру.
- •32. Деградация- француз тілінен шыққан (degradation- біртіндеп нашарлау,құлдырау) Биологияда қоршаған
- •33. Төтенше жағдайларда халықты қалайша санитарлық тазалаудан өткізеді?
- •34. Көшіру жөнінде құлақтандырған соң адамдар өзімен бірге қандай заттарды алуы
- •35)Ұжымдық қорғану құралдары
- •36.Қай уақытта және не үшін үйді (пәтерді) тығындап жабу керек?
- •37) Жеке қорғаныс құралдары.
- •39.Сел қаупі неде?
- •40. Сел, қар көшкіні қаупі кезінде адамдардың өзін өзі ұстауы
- •46.Жер сілкінісі кезінде үйде (пәтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлерді атаңыз
- •47. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті
- •48 Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар)
- •51. Қай өндіріс объектілерінде жиі-жиі өрттер мен жарылыстар болып тұрады?
- •52. Өрт пен жарылысты өндірісте болдырмау үшін қандай қауіпсіздік шаралары
- •54. Ультра күлгін сəулесінен қорғану.
- •55.Лазер сәулелері, қолдану аймақтары.
- •57.Шуылдан, дірілден қорғану.
- •59. Ядролық қарудың зақымдағыш факторларын сипаттаңыздар
- •60. Ядролық жарыс кезіндегі жарық сəулеленуінің зақымдағыш факторлары қандай?
- •62.Химиялық қару деген не?
- •63)Уландырғыш заттардың ағзаға әсер етуіне байланысты топтарға жіктелуі. Олардан қорғану шаралары
- •66.Бактериологиялық қаруды қолдану әдістері. Қарсылыстардың бактериологиялық қаруды қолданғанын қандай белгілерден білуге болады?
- •67.Бактериологиялық қару ретінде қолданылатын аса қауіпті жұқпалы аурулар.
- •68.Жыныс жолымен берілетін қауіпті ауруларды атаңыздар, олардың т.Б. Жұғу жолдарына мысал келтіріңіздер
- •72)Вич-инфекциясын жұқтыратын сұйықтықтарды атаңыз
- •73) Туберкулезбен ауырып қалғанын адам қандай симптомдар арқылы біледі?
- •74) Туберкулез ауруының адамға жұғу жолдары
- •75) Есірткінің, алкогольдің адам ағзасына әсерін атаңыз
- •76) Ланкестер кепілдікке алған адамдардың өзін-өзі ұстауы (не істеу, не істемеу
- •77.Секталар жөнінде түсінік, олардың түрлері
- •78. Секталардың адамдарды өзіне тартуы, ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •80. Жер сілкінісінен кейінгі адамның іс-əрекеті
- •81. Халықтың су тасқыны кезіндегі іс-əрекеті.
- •82. Халықтың сел кезіндегі іс-əрекеті.
- •83. Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты
- •84. Химиялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-əрекеті
- •86. Радиациялық зақымдалу ошағындағы адамдардың іс-əрекеті
- •87. Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-əрекеті..
- •89. Адамдардың тұрмыстағы өрт кезіндегі іс-əрекеті.
- •90. Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-əрекеті__
- •1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер
80. Жер сілкінісінен кейінгі адамның іс-əрекеті
Жер сілкінісі — жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру). Тағы бір ерекше жолы бар. Ол — жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі Мұқтаждарға алғашқы көмек көрсетіңіз. Жеңіл алынатын үйінділерге түскендерді босатыңыз. Абай болыңыз! Балалардың, науқастар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Оларды тыныштандырыңыз. Аса қажетсіз телефонды пайдаланбаңыз. Радиохабарды қосыңыз. Жергілікті билік, табиғи зілзала зардаптарын жою бойынша штабтың нұсқауларына бағыныңыз. Электр өткізгіштерде зақым келгенін тексеріңіз. Ақаулықты жойыңыз немесе пәтердегі электрді ажыратыңыз. Күшті жер сілкінісі кезінде қалада электрдің автоматты түрде ажыратылатындығын есте ұстаңыз. Газ және су құбырлары ақауларының бар-жоғын тексеріңіз. Ақаулықтарды жойыңыз немесе желілерді ажыратыңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз. Баспалдақтан түсер кезде абай болып, оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Қираған ғимараттарға жақындамаңыз, оған кірмеңіз. Қайталанбалы дүмпулерге дайын болыңыз, ол жер сілкінісінен кейін алғашқы 2-3 сағатта өте қауіпті. Ғимараттарға аса қажет болмаса кірмеңіз. Қайтадан мүмкін болатын дүмпулер туралы ойдан еш нәрсе айтпаңыз. Ресми ақпаратты ғана пайдаланыңыз. Егер де Сіз үйіндіде қалып қойсаңыз, қалыптасқан ахуалға байыппен бағалап, мүмкіндігінше өзіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз. Үйіндінің сыртындағы адамдармен байланыс орнатуға тырысыңыз (дауыспен, тоқылдатып).
81. Халықтың су тасқыны кезіндегі іс-əрекеті.
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Су тасқынына қалай дайындалу керек Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз. Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз. Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз. Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз. Егер адам батса Батып жатқан адамға жүзетін зат лақтырып, оны сергітіңіз, көмек шақырыңыз. Зардап шегушіге бару кезінде өзен ағысын ескеріңіз. Егер батушы адам өзінің іс-әрекеттерін бақыламаса, оның артынан жүзіп барып, шашынан ұстап алып, жағалауға сүйреңіз. Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек
Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.
