Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_-_shporzhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

19. Иондаушы сәулелерден қорғану жолдары қандай?

Уақыт.Сәулелену жерінде аз уақыт болу арқасында дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады.

Ара қашықтық.Нүктелік немесе локалды сәулелену көздері жан жаққа бір қалыпты яғни таралу изотропты.Сәулелену көзінен арақашықтық үлкейген сайын сәулелену белсенділігі кеми түседі.Экрандалу немесе жұтылу.Фотон мен заттардың өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады.Радиациялық заттар мен уланған аумақта тамақ ішуге,су ішуге,жатуға болмайды.Организмді қалыпты ұстау керек яғни дұрыс тамақтану,витаминдер пайдалану,спортпен шұғылдану.Ионданушы сәулелерден техникалық қорғаныс құралдарына халаттар,газқағарлар,шаңнан қорғайтын маскалар,қолғаптар,оқшаулағыш газқағарлар жатады.

20.Йодпен алдын алуды не үшін және қалай қолданады?

Сәулелі ауру-радиацияны қысқа уақытта көп мөлшерде алу. Радиоцалық зақым алғанда қалқанша безінің жұмысы бұзылады, бұл зақымның соғында ағзада қалыпты йод бөлінбей қалады. Сол себепті йодты сыртай қабылдау керек. Йод көптеген ішкі ағзаларға қажет заттардың бірі. Сол себепті де оған деген қажеттілік жоғары. Қолдануды арнайны алдын ала анықталған тәртіппен қабылдаған жөн. Йодпен алдын алу үшін тұрақты йодпен йодты калиий ерітіндісін қолдану керек. J ,131-радиоактивті йод. Йодты калиийді тамақтан кейін шаймен, компотпен немесе сумен күніне бір рет 7-10 күн арасында қабылдау керек.2 жасқа толмаған балаларға 1 рет қабылдау мөлшері- 0,04 грамм. 2 жастан асқан жасөспірімдерге- 0,125 грамм. 2 жасқа жетпеген баларға 5% ерітіндісінің 1-2 тамшысын  100мм сумен қабылдау керек. Ересектер үшін- 5% , 3-5 тамшы. 1 апта бойы 1 рет йод ерітіндісін тырнаққа жағып отыру қажет.

21. Электромагнитті өрістің адам ағзасына әсері, олардан қорғану

Радиожиілікті қондырғылар шығаратын электормагниттік сәулелерді мөлшерден көп қолданған жағдайда оладамда мамандық ауруына әкеп соғады.Нәтижесінде нерв жүйесі,қан тамырлары,эндокриналдық жүйе және басқа да ағзаларға әсер етеді.Электромагниттік өріс әсерінде ұзақ болған адам тез шаршайды,ұйықшылдық пайда болады,ұйқысы бұзылады,жиі басы ауырады т.с.с.систематикалық сәулелену болған жағдайда психикалық ауру,қан қысымының өзгеруі,жүрек соғысының баяулауы,шаш түсуі байқалады.Қорғану әдістері:сәуле шығару көзіндегі сәулеленуді азайту,өте жоғары жиілікті және ультра жоғары жиілікті қондырғыларды дұрыс орналастыру,жұмыс істеу орнын және сәуле шығару көзін экрандау,ұйымдық шаралар,медициналық тексеруден өтіп тұру, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану.

22. Компьютермен жұмыс істеу кезінде шығатын зиянды факторлар

Компьютер арқылы көптеген мәселелеріміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз. Бұл қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп қолданылады. Енді зияны жөнінде.Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам азғасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ал, соңғы маркідегі компьютерлердің өзі құрылысына қарай үш түрге бөлінеді: «ақ», «сары» және «қызыл». «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайвань сияқты Азия елдерінде жасалынады. Бұлардың сапасы соншалықты жоғары болмайды. Ал «қызыл» құрылысты компьютерлерді өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі.Біз әдетте, мониторды зиянды деп ойлаймыз. Ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.Компьютердің зиянын барынша азайту үшін мына қеңестерге құлақ түргеніңіз жөн.Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 см қашықтықта тұрғаны дұрыс.Сіз жұмыс жасайтын жерде бір емес, бірнеше компьютер тұрса, бір-бірінен ара қашықтығы 1 м болуы тиіс.Компьютердің арты мүмкіндігінше қабырғаға қарап тұрғаны жөн.Компьютер тұрған бөлме шаң болмауы қажет.Ауаны тазалап тұрыңыз. Мүмкін болса, компьютердің жанына су құйылған ыдыс қойып қою керек. Жас балалар компьютер алдында тапжылмай отыра бермей, әр 20 минут сайын 15 минут демалуы тиіс. Ал ересек адамдар 2 сағатта бір 10-15 минутқа тынығуы қажет. Компьютермен жұмыс жасап болғаннан кейін міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]