- •Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі Алматы технологиялық университеті
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығына арналған
- •Алматы 2014
- •Өпма кафедрасының отырысында талқыланып ұсынылған
- •Кафедра меңгерушісі т.Ғ.К. Е.Д.Шамбулов
- •Дәріс кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығы үшін
- •Алматы 2014
- •Автоматты реттеу жүйелерінің функционалдық схемасы
- •- Шығыстық шаманың кескіні,
- •3.3 Сурет. Лажс мен лфжс тұрғызу
- •Пропорционалдық-интегралдық (пи), пропорционалдық-дифференциалдық (пд), пропорционалдық-интегралдық -дифференциалдық (пид) реттеуіштер
- •5.2 Сурет. А) –тізбектей, б) – параллель, в) –қарсы параллель жалғанулар
- •1. Өлшеу аппаратураларының жіктелуі
- •9.1 Сурет. Өлшеу аппаратураларының классификациясы
- •2. Сандық өлшеу аспаптары (сөа)
- •3. Өздігінен жазатын аспаптар
- •10.1 Сур. Өзекті дилатометр
- •10.2 Сур. Биметалды термометр
- •11.2 Сурет. Көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғының блок-схемасы.
- •11.3 Сурет. Ақаулық жартылай автоматының құрылымдық схемасы
- •Сурет 12.4.
- •12.5 Сурет. Деңгейді автоматты реттеу жүйесі
- •12 Дәріс бойынша тест сұрақтары
- •Кептіру процессінің объектілерін автоматтандыру
- •13.2 Сурет Кептіпу процессінің автоматтандырылған схемасы.
- •1. Жіп иіру өндірісінің дайындау бөлімдері
- •14.1 Түту машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
- •14.2 Таспалы машинаны басқарудың құрылымдық схемасы
- •15.1 Сурет. Базисті (а) және базисті-қабатты реттеудегі ұршықтың айналу жылдамдығының өзгерісі
- •15.2 Сурет. Реттеу тереңдігіне байланысты үзілу өзгерісінің графигі
- •15.3 Сурет. Дөңгелек иіру машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
11.2 Сурет. Көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғының блок-схемасы.
Күшейткіштің 2 жарық ағымының модуляциялану жиілігі бойынша таңдамалы сипаттамасы бөгеуілдерді азайтуға арналған. Оптикалық тетіктен 1 келіп түсетін сигналдың қарқындылығы матаның тығыздығына байланысты болғандықтан, күшейтілген сигналдың ауыспалы құрамдауышының тұрақты амплитудасын ұстап тұру үшін күшейткіштің шыға берісінде 2 3 күшейткішті автоматты реттеу тізбегі орнатылған. Күшейткіштің шыға берісінен 2 шыққан сигнал салыстыру блогінің 4 кіре берісіне келіп жеткен соң, ол жерде көлденеңнің қисаюына немесе оның арқауға қатысты қалыпты орналасуына сәйкес келетін сигнал танылады. Көлденеңнің қисайған жері табылған жағдайда салыстыру блогінан 4 сигнал үйректі түзету құрылғысының ақтару механимздерінің жұмысын басқаратын триггерлік сұлба болып табылатын реттеу блогіна 7 беріледі.
Атқару механизмдері (жүргізу аппаратурасы, реверсивті электр қозғалтқыштар және т.б.) инерциялық болып табылатындықтан, жүйенің автотербелістеріне жол бермеу үшін реттеу блогі 7, 8 теріс кері байланыспен қамтылған. Соның салдарынан ол көлденең дұрыс қалыпқа келгеннен бұрын сөндіріледі. Реттеу жүйелерінің инрециялылығының себебінен көлденең қалыпты күйге жетпей қалса, кері байланыс 8 буыны уақытының тұрақты шамасына тең уақыттан кейін 7 реттеу блогі қайта қосылады.
Көлденеңнің қисықтығын бақылау үшін механикалық тетіктер 5 қолданылған жағдайда оларды жеке күшейткіш 6 арқылы салыстыру блогінің 4 кіре берісіне қосады (сұлбада пунктирлі сызықпен көрсетілген). Бұл жағдайда кейінгі блоктардың жұмысы жоғарыда айтылғанға ұқсас жүзеге асырылады.
Матаның сорттылық көрсеткіштерінің бірі сырт көрініс ақауларының бар болуы болып табылады (ластанғандық, реңксіздігі, үйректің бойындағы сызықтар және т.б.), ал матаның сорты барлық көрсеткіштер бойынша ауытқуларды бағалау баллдарының жалпы қосындысымен анықталады. Сондықтан бірінші жуықтықта матаның ақаулы жерлерін іріктеп алу мәселесін есептеу блогін түймелік басқару пульты бар ақпарат жинауға арналған жартылай автоматты құрылғыны және паспортты қалыптастыру құрылғысын, мысалы ақаулық жартылай автоматты қолдану арқылы шешуге болады.
Матаның ақаулы жерлерін іріктеп алу процесін жартылай автоматтандыруға мүмкіндік беретін ақаулық жартылай автомат былай жұмыс жасайды (11.3 сурет). Кнопкалы пульттан ақпарат енгізу құрылғысына 1 b типті бөліктің баллдылығы және ақаулардың себептері (айыптылары) туралы с мәлімет келіп жетеді. Матаның өрескел ақаулары бар болған жағдайда кнопкалы пульттан 2 немесе 3 құрылғыға d сәйкесінше матаның қиылған немесе қиып алынған жерлері туралы мәліметтер келіп түседі. Содан кейін пульттан бөлік ақауларының баллдығы, f қиықтар саны және олардың ені туралы келіп түскен мәліметтер матаның ұзындығы үздіксіз өзгеріп тұрған жағдайда сұрыптылық көрсеткішін үздіксіз есептеп отыратын есептеу құрылғысының талдағыш блогіна 5 енгізіледі (б метраж есептегіш). Сонымен бір уақытта қиық пен сұрыптық матаның метражын есептеуді 7 және 8 есептегіштер жүзеге асырады. 9 блоктің функционалдық міндеті – а бөлігінің ақауларының салмақтық
