Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АТП лекцияТПТМ каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

15.1 Сурет. Базисті (а) және базисті-қабатты реттеудегі ұршықтың айналу жылдамдығының өзгерісі

Иіру жылдамдығын жинауды 12-15%-ға атқарған мерзімде базистік реттеу мен 1:1,5 диапазонында бекітіп реттеукөбінесе технологиялық процесс талаптарын қанағаттандырады. Бұл жағдайда үзіктігі машинаның реттегішсіз жұмыс істеуімен салыстырғанда 8%-ға төмендейді. Сөйтіп, мақта иіретін машиналардың, әдетте, жетегі реттелмейді

немесе иіру жылдамдығының базистік реттелуін қамтамасыз етеді. Қымбат бағалы шикізат үшін (мысалы, таза жіпті түтіп иіру) орнату бекіткіш, базистік және қабатты реттеуді қамтамасыз ететін күрделі жетектерді қолданған тиімді. Тағы бір маңызды жәйт, жүн иіретін машиналар өте төмен жылдамдықпен жұмыс істейді және сондықтан да бұл машиналардың қозғалтқыш құрылғыларының өтпелі процестерінің серпіні мақта иіретін машиналарға қарағанда едәуір жақсырақ.

Базистік-қабатты реттеудің қолданылуы жинаудың атқарылуын үзіктілікті азайтудың арқасында қысқартуға және шығындарды едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жүннен бұйым жасап шығаратын өндіріс үшін өте маңызды. Базистік-қабаттық реттеу кезіндереттеу тереңдігі 12-14% болған жағдайда үзіктілік аз байқалады. Бұл жағдайда машиналардың өнімділігі 3-9%-ға артып, қалдықтардың мөлшері – 2-11% азаяды.

Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, ұршықтар жетегінің негізгі электр қозғалтқышы олардың айналу жиілігінің 2,5-1 диапазонында бір сарынды өзгеруін қамтамасыз ету керек. Мұндай электр қозғалтқыштар ретінде негізінен тұрақты ток электр қозғалтқыштарын немесе коллекторлық үш фазалық ток электр қозғалтқыштарын қолданады (15.2 сурет). Жіптің созылудын реттеудің қарапайым түрінде механикалық вариаторлы асинхронды және қысқа тұйықталған қозғалтқыштар қолданылады. Початкаларды бұруға арналған сақиналы жұқа тақтайшалардың, желдеткіштердің, транспортерлардың көтеру және түсіру жетектері сондай-ақ асинхронды электр қозғалтқыштардан жүзеге асырылады.

15.2 Сурет. Реттеу тереңдігіне байланысты үзілу өзгерісінің графигі

1-базисты, 2- қабатты

Ұршықтардың айналу жиілігін базистік-қабатты өзгерту реттегіші шын мәнінде, барлық жағдайларда ұршықтарды сақиналық жұқа тақтайшаның тұрған орнына қарай айналу жиілігін басқару белгісін қалыптастыратын бағдарламалық реттегіштер болып табылады (қабатты реттеу). Тұрған күйінің тетігінен келіп жететін белгілер мен сақиналы жұқа тақтайшаның жүрістер санының қосындысы базистік-қабаттық реттеу ұршықтарының айналу жиілігін басқару белгісін анықтайды.

Сөйтіп, сақиналық жүн иіру машиналарын басқару сұлбасы келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • Электр қозғалтқыштарды қысқа тұйықталудан және шамадан көп жүктелуден қорғау;

  • Электр қозғалтқыштарды түймелермен іске қосу және тоқтату;

  • Қоршаулар ашық болған жағдайда машинаның тоқтауы;

  • Жинаудың атқарылуы және жинау атқарылған жағдайда машинаның тоқтауы аяқталар алдында белгінің берілуі;

  • Сақиналы жұқа тақтайшаның көтеру және түсіру электр қозғалтқышын қолмен басқару;

  • Ұршықтардың айналу жиілігін базистік немесе базистік-қабаттық реттеу.

Сақиналы жүн иіру машинасын басқарудың құрылымдық сұлбасы 96 суретте келтірілген. Желдеткіш жетегінің М1 асинхронды электр қозғалтқышының басқару сүлбасы өзге қозғалтқыштардан тәуелсіз болып табылады. М2 асинхронды қозғалтқыш сақиналы жұқа тақтайшалардың қозғалу механизмін іске қосады және қалғандарынан бөлек жұмысқа қосылуы мүмкін. Бұл сұлба сақиналы жұқа тақтайшаны шеткі үстіңгі немесе астыңғы күйге орналастыру үшін М2 электр қозғалтқышын қолмен басқаруды және М2 электр қозғалтқышын сақиналы жұқа тақтайшаның (ақырғы сөндіргіштердің) жинаудың атқарылуының басы мен аяғындағы орналасу тетіктері арқылы автоматты басқаруды қарастырады. Жинаудың атқарылуы аяқталған соң ұршықтар жетегінің %% М3 негізгі электр қозғалтқышы да сөндіріледі, бірақ бұл жағдайда жіп М3 электр қозғалтқышының шығуы арқылы оралуы тиіс.

Ұршықтар жетегінің М3 негізгі электр қозғалтқышы М1 және М2 электр қозғалтқыштары іске қосылғаннан кейін жүргізілуі мүмкін. Аталған нұсқада М3 электр қозғалтқышы – иірімді реттейтін (базистік-қабаттық) бағдарламалық құрылғының шыға берісінен басқарушы белгі берілетін жылдамдық реттегіштің көмегімен жылдамдық бойынша реттеледі. Базистік-қабаттық реттеудің сигналы сақиналық жұқа тақтайшаның орналасуы мен жүрістер санының тетігінен алынады да, иірім реттегіштің кіре берісіне беріледі.

Пневматикалық жіп иіру машиналары. Қазіргі уақытта тоқыма фабрикаларында ұршықсыз жіп иіретін пневмомеханикалық жіп иіру машиналары кеңінен қолданылады. Мысалы, Бд-200 және осыған ұқсас мақта және вискоза штапель талшықтарын немесе олардың қоспаларын екі немесе үш ленталық өтпелерден кейін тікелей лентадан иіруге арналған машиналар. Машинаны шылапшындардан алынатын ленталар немесе кенепшелере құнарландырады, ал иіру камерасынан шығатын жіп белдектерге оралады.