Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АТП лекцияТПТМ каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

11.3 Сурет. Ақаулық жартылай автоматының құрылымдық схемасы

сипаттамасын және ақаудың координаталарын талдау болып табылады (8 есептегіштен алынған ағымдағы метраж бен 4 блоктан матаның резерві туралы мәліметтер).

9 талдағыш блоктың шыға берісінде матаны үнемдеп қию мәселесін шешу бағдарламасы жасалады. 10 жарық таблосы матаның сұрыптылығын көзбен шолуға арналған. 11 блоктың жұмысы 5 блоктың жұмысына ұқсас болса да, бір айырмашылығы – 7 есептегітен d ақаулардың баллдығы және қиықтың метражы туралы енгізілетін мәліметтер бойынша қиықтың сұрыпы талданады. 12 түйін бөліктегі қиманың ұзындығын бақылайды, ал 13 блок бөлік пен қиық туралы ақпарат жадысының блогі болып табылады. Мәліметтерді 14 перфоратор, 15 затбелгіні басып шығару құрылғысы және таңба салу 16 құрылғысы жазып алады.

Сөйтіп, енгізілуі тиіс ақпараттың көлеміне сүйенсек, ақаулық жартылай автоматты басқару пультындағы операциялар мынадай болып табылады:

а) талдау құрылғысына бөліктің сұрыпты бөлшегінің сұрыптылығын анықтауға арналған К түзетушілік есептеу коэффициентін енгізу;

б) құрылғыға тиісті кнопкалардың көмегімен ақаудың баллдылық типі, қиықтың түрі, оның метражы және т.б. туралы ақпарат енгізу, бұны жұмыскер көзбен шолып бағалайды;

в) мәліметтерді енгізу және заттаңбаға, перфолентаға және паспортқа басып шығару үшін ақаулы жерлерін іріктеп алу нәтижелері туралы ақпаратты оқу.

11-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Мата құрылымының ақауларын бақылауға арналған құрылғы мата сканерлеу құрылғысының көмегімен қозғалған кезде оның құрылымының ақауларын автоматты түрде белгілеп алуға мүмкіндік беретін қандай тетік болып табылады?

(!) электронды-оптикалық

(?) электронды-есептеу

(?) оптикалық-түрлендіргіш

(?) электронды- түрлендіргіш

(?) түрлендіргіш-өлшеуіш

2. Тіреу генераторы инфрақызыл жарықдиодтың сәулелену көзін қуаттандыратын қандай құрылғының жұмысын басқарады?

(?) есептеушінің

(?) түрлендіргіштің

(?) санауыштың

(?) өлшеуіштің

(!) модулятордың

3. Мата ақауларын бақылауға арналған құрылғыда күшейткіштен сигнал шығысында сүзгіш орнатылған синхронды беріледі.

(?) есептеушке

(?) түрлендіргішке

(?) санауышқа

(!) детекторға

(?) модуляторға

4. Көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғыда көлденең жіпті түзетуге арналған құрылғыда оптикалық тетік өңдеген сигнал фотоқабылдағыштан ненің кірісіне беріледі?

(?) детектордың

(?) түрлендіргіштің

(?) санауыштың

(!) күшейткіштің

(?) модулятордың

5. а) талдау құрылғысына бөліктің сұрыпты бөлшегінің сұрыптылығын анықтауға арналған К түзетушілік есептеу коэффициентін енгізу

б) құрылғыға тиісті кнопкалардың көмегімен ақаудың баллдылық типі, қиықтың түрі, оның метражы және т.б. туралы ақпарат енгізу, бұны жұмыскер көзбен шолып бағалайды

в) мәліметтерді енгізу және заттаңбаға, перфолентаға және паспортқа басып шығару үшін ақаулы жерлерін іріктеп алу нәтижелері туралы ақпаратты оқу, этаптары қандай операцияға жатады?

(?) детектордың толық операциясына

(?) түрлендіргіштің құрылымдық операциясына

(?) көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғының операциясына

(!) ақаулық жартылай автоматты басқару пультындағы операцияларға

(?) модулятордың жартылай операциясына

12 ДӘРІС

АВТОМАТТАНДЫРУ СХЕМАСЫ

Технологиялық процесстердің автоматты жүйесінің сипаттамасын және құрылымын анықтайтын, олардың автоматика құрылғыларымен және аспаптарымен, оның ішінде есептеу техникасының құрылғыларымен жабдықталуын анықтайтын негізгі техникалық құжатты автоматтандырылған схема деп атаймыз.

Автоматтандырылған схеманы өңдеу технологиялық процесстерді талдауға, олардың объектілерінің статикалық және динамикалық сипаттамасын игеруге, яғни негізгі басқарылатын және бақыланатын параметрлерді дұрыс таңдауға, олардың өзгеру диапазонын және жұмыстық белгіленуін қоюға, қозу әсерінің сипаттамасын анықтауға және басқару әсерін таңдауға әкеледі.

Автоматтандырылған схеманың дайын түрі технологиялық жабдықтардың, коммуникациялардың, технолгиялық жабдықтар және автоматика элементтерінің арасындағы байланысты, автоматика құрылғылары мен аспаптарының шартты белгілері арқылы берілетін схемалық түрдегі сызбаны көрсетеді. Автоматтандырылған схема стандарттқа сәйкес орындалады.

Автоматтандырылған объектінің технологиялық схемасы схеманың жоғарғы жағында, жобаның технологиялық бөлігінде схемаға сәйкес қабылданған тұтас сызықтармен көрсетіледі. Технологиялық схема солдан оңға қарай тармақталуы керек.

Технологиялық жабдықтар және құбырлар автоматтандырылған схемада, олардың автоматика құрылғылары мен аспаптарының арасындағы байланысты көрсететіндей қарапайым түрде келтіріледі.

Автоматтандырылған схемада технологиялық құбырлар оның ішіндегі ортаға байланысты келесі түрде көрсетіледі: су –1-, бу –2-, ауа –3-, азот –4-, көміртек –5-, май –14- және т.б.

Ортаның нақты сипаттамасын көрсету үшін цифрлық белгіленуге әріптік индекс қосылады, мысалы: ыстық су –1-, қаныққан бу –2н және т.б.

С ұйық ағынның бағытын белгілеу үшін , ал газ (бу) үшін белгілері қолданылады.

Құбырлардың қиылысқан жеріне нүкте қойылады, ал егер нүкте болмаса онда құбырлардың қиылыспағанын көрсетеді. Мұндай автоматика құрылғыларына ұлғаю термометрлері, термопара, пирометр датчиктері, ротаметр, газдың және сұйықтың шығынын өлшеуіштер, индуктивті шығын датчиктері, деңгей өлшеуіштер, радиоактивтілік, тығыздық датчиктері және басқа да орындау механизмдері, реттеу органдары жатады.

Технологиялық схеманың төменгі жағында келтірілген кесте автоматтандырылған схеманы көрсетеді. Кесте технологиялық схемада орналасқан құрылғыларға байланысты бөлінеді: орнындағы аспаптар, басқару шиті, пульт, центрдегі щит т.б. Ретіне қарай олардың ішіне технологиялық схемаға сәйкес диаметрі 1,5-2 мм дөнгелек блоктар сызылады. Блоктың ішіне сәйкес аспаптар шартты белгілері арқылы көрсетіледі.

Автоматтандырылған схемада автоамтика құрылғвлары мен аспаптарының арасындағы байланыс сызығы, ондағы құбырлар мен өткізгіштер санынан тәуелсіз жіңішке тұтас сызықтармен көрсетіледі. Автоматика құрылғылары мен аспаптары көп келтірілген күрделі объектілер үшін тұтас байланыс сызықтарын көрсетуде схеманы оқу қиынға түсетіндіктен, байланыс сызықтарын үзуге болады. Бірақ үзілген байланыс сызықтарының екі жағын да араб цифрымен номерлеу керек.

Автоматика құрылғылары мен аспаптарының позициялық белгіленуі араб цифры және жолдық әріптен (орыс алфабитімен) тұрады, олар функционалдық топтың номері болып табылады. Мысалы, суретте көрсетілген 5а, 5б, 5в шығынды реттеу аспаптарының белгіленуі, РІ 3 және 4 қысым өлшеу, ал ТІ 2 температура өлшу аспаптары болып табылады.

Автоматтандыру схемасында көрсетілетін электр аппаратттар (электрөлшеу құрылғылары, сигнал лампалары, табло, дыбыс, қоңырау, басқару кілті, кнопка., магнитті қосқыш т.б) принципиальді электр схемасында қабылданған әріптік-цифрлық белгіленулер арқылы көрсетіледі. Суретте щиттегі электр лампасы HL1 және HL2 арқылы белгіленгенжәне ол кестенің ең төменгі жағында көрсетіледі.

Сурет 12.1 Автоматтандырылған схема

ЗАТТЫҢ ШЫҒЫНЫН ЖӘНЕ ДЕҢГЕЙІН РЕТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ

Тоқыма өнеркәсібінің технологиялық схемаларында сұйық, газ, бу және басқа да заттар өтетін құбырлар және соларға сәйкес жинақтағыштар кеңінен қолданылады. Құбырлар мен жинақтағыштар тоқыма өнеркәсібін автоматтандыруда кең тараған реттеу объектілері болып табылады. 22.1 суретте газ, сұйық, будың шығынын автаматты реттеу жүйесі көрсетілген. Мұндағы реттеу объектісі болып шығын датчигі 1а мен реттеу клапанының арасындағы құбыр саналады. Объектінің инерциалылығы аз болғандықтан күшейткіш буынға жатқызамыз. Жалпы динамикалық сипаттама шығын датчигі мен реттеу органының динамикалық қасиетімен сипатталады. Қозу әсеріне ағын қарқындылығы жатады.

Автоматты реттеу жүйесінде сигнал шығын датчигінен 1а изодромды реттеу заңдылығымен көрсеткіш, өздігінен жазатын реттеуішке түседі. Реттеу әсері қашықтықтан басқару панелі 1в арқылы реттеу клапанының жағдайын мембранды орындау механизмімен 1г өзгертеді. Шығынның шамасы реттеу клапанының ашылу деңгейіне байланысты ағынды дроссельдеу деңгейімен анықталады. Басқару панелі 1в арқылы автоматты реттеуден қолмен реттеуге және керсінше өтуге болады. Пропорционалды-интегралдық реттеу заңдылығын қолдану астатикалық реттеу процессін, яғни қалдықсыз ауытқу процессін жүзеге асырады.

Сурет 12.2. Шығынды автаматты реттеу жүйесі

12.2-суретте құбыр арқылы тасымалданатын сұйық, бу немесе газдың қысымын Автоматы реттеу жүйесі көрсетілген. Объектінің динамикалық қасиеті және реттеу жүйесі қарастырылған шығынның АРЖ-ндегідей. Схеманың ерекшелігі тек аппараттар құрамында ғана. Қысым іріктеу құрылғысы арқылы көрсеткіш, өздігінен жазатын реттеуіші бар монометрге 1а изодромды реттеу заңдылығымен түседі. Реттеу әсері басқару панелі 1б арқылы реттеуші органға 1в түседі.

Сурет 12.3.

12.3-суретте сусымалы заттардың шығынының автоматты реттеу жүйесі көрсетілген. Реттеу объектісіне берілген жылдамдықпен қозғалатын массаөлшейтін датчигі бар таспалы транспортер жатады. Транспортерде уақыттың әр моментінде өнімнің берілген мөлшері болуы керек. Бұл реттеу объектісінің динамикалық қасиеті таза кешігуі бар интегралдаушы буынға жатады. Қозу әсеріне бункерден таспаға түсетін өнім шығынының өзгерісі жатады.

Реттеу схемасына сәйкес таспалы транспортердің массаөлшеу датчигі 1а изодромды реттеу заңдылығымен көрсеткіш, өздігінен жазатын реттеуішке 1б сигнал береді. Реттеу әсері қашықтықтан басқару панелі 1в арқылы орындау механизміне 1г беріледі, ол бункерден транспортерге өнім беретін реттеуші органның ашылу деңгейін өзгертеді. Изодромды реттеу заңдылығы статикалық қатесіз орнықты реттеуді жүзеге асырады.