- •Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі Алматы технологиялық университеті
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығына арналған
- •Алматы 2014
- •Өпма кафедрасының отырысында талқыланып ұсынылған
- •Кафедра меңгерушісі т.Ғ.К. Е.Д.Шамбулов
- •Дәріс кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығы үшін
- •Алматы 2014
- •Автоматты реттеу жүйелерінің функционалдық схемасы
- •- Шығыстық шаманың кескіні,
- •3.3 Сурет. Лажс мен лфжс тұрғызу
- •Пропорционалдық-интегралдық (пи), пропорционалдық-дифференциалдық (пд), пропорционалдық-интегралдық -дифференциалдық (пид) реттеуіштер
- •5.2 Сурет. А) –тізбектей, б) – параллель, в) –қарсы параллель жалғанулар
- •1. Өлшеу аппаратураларының жіктелуі
- •9.1 Сурет. Өлшеу аппаратураларының классификациясы
- •2. Сандық өлшеу аспаптары (сөа)
- •3. Өздігінен жазатын аспаптар
- •10.1 Сур. Өзекті дилатометр
- •10.2 Сур. Биметалды термометр
- •11.2 Сурет. Көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғының блок-схемасы.
- •11.3 Сурет. Ақаулық жартылай автоматының құрылымдық схемасы
- •Сурет 12.4.
- •12.5 Сурет. Деңгейді автоматты реттеу жүйесі
- •12 Дәріс бойынша тест сұрақтары
- •Кептіру процессінің объектілерін автоматтандыру
- •13.2 Сурет Кептіпу процессінің автоматтандырылған схемасы.
- •1. Жіп иіру өндірісінің дайындау бөлімдері
- •14.1 Түту машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
- •14.2 Таспалы машинаны басқарудың құрылымдық схемасы
- •15.1 Сурет. Базисті (а) және базисті-қабатты реттеудегі ұршықтың айналу жылдамдығының өзгерісі
- •15.2 Сурет. Реттеу тереңдігіне байланысты үзілу өзгерісінің графигі
- •15.3 Сурет. Дөңгелек иіру машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
3. Өздігінен жазатын аспаптар
Өздігінен жазатын (тіркейтін) аспаптар белгілі-бір уақыт аралығында (үздіксіз, баламалы немесе мерзімдік, дискретті) өлшеніп жатқан шаманы берілген тактімен график немесе сандар, нүктелер, символдар қатары түрінде үздіксіз қозғалып тұрған диаграммаға (абсцисса - уақыт), лентаға, сағат механизмінен немесе синхронды электр қозғалтқыштан қозғалыс алатын дискіге немесе цилиндрге (барабанға) автоматты түрде жазады.
Жазу құрылғыларында алты әдіс қолданылуы мүмкін: механикалық, электрлі, ағыстық, жарық-сәулелік, электронды, магнитті.
Механикалық жазу әдістерінде мыналар қолданылады: үздіксіз жазу үшін – жазатын қалам, сия қауырсын, тырнайтын қауырсын немесе қатты материалдардан жасалған жонғыш және көшіру қағазы бар металл пластинкасы; дискретті жазу үшін – металл өзек немесе нүктемен басуға арналған пластинка, сандар салынған таңбалағыш және перфорациялық ине немесе пуансон.
Электрлі жазу әдістерінде электртермиялық, электрұшқынды және электрхимиялық әдістер қолданылады.
Электртермиялық әдісте екі жақты апталған электртермиялық қағаз қолданылады: үстіңгі қабаты күкіртті цинктен, астыңғы қабаты – металл алюминийден жасалған, негізі – бұрыштары толтырылған қағаз. Кернеу келіп түсетін жазу инесінің кедергісі шамамен 300-500 В жуық, үстіңгі қабаты иненің астымен қозғалатын, күкіртті цинк қабатының жанып кетуіне алып келеді және күңгірт көміртек негізін ашады.
Электрұшқын әдісте 3000-5000 В кернеуі бар екі электродтың арасында ұшқын пайда болып, ол қағаз қабатын тесіп өтеді немесе ұшқыннан қара дақ қалдырады.
Электрхимиялық әдісте қағазға электролизге оңай шалдығатын тұз ерітіндісі сіңіріледі. Бір электрод – қағаздың астына қойылатын төсем, екіншісі – оның бетімен жанасатын ине болып табылады. Электродтарға кернеу беру кезінде қағазда электролиз құбылысынан қара дақ қалады.
Ағыстық жазу әдісінде сия ағысы диаметрі 10 мкм саңылау арқылы беріледі немесе химиялық құрам сіңірілген арнайы қағазға газ жіберіледі.
Жарық-сәулелік әдісте жарық сәулесі фотографиялық қағазбен, жұқалтырмен немесе пластинкамен өзара әрекеттеседі. Электрграфиялық жазу кезінде ол арнайы қағазға түседі де, басты разрядтың әсерінен б-10 кВ жарыққа сезімтал бола бастайды.
Электронды жазу әдісі электронды сәуленің электронды-сәулелік осциллографтың люминесциялайтын экранымен өзара әрекеттесуіне негізделген.
Магнитті жазу ферромагнитті лентадағы немесе болат сымдағы магнитті бүркеншіктің көмегімен жүзеге асырылады.
Тоқыма өндірісінде тіркеу аппаратурасының таңдап алынауы әрбір нақты жағдайда технологиялық процестің өзгешелігімен анықталады. Мысалы, Технологиялық параметрлерді (машиналардың жылдамдығын, созылуын, матаның апшуын, ылғалдығын және т.б.) автоматты түрде бақылау үшін әртүрлі типті көрсететін аспаптарды, ал жедел-есептік бақылау үшін көбінесе параметрді, мысалы будың қысымын бақылауды жүзеге асыруға, ал диаграмманың сипаты бойынша белгілі-бір уақыт ішіндегі будың шығыны мен технологиялық процестің барысын анықтауға мүмкіндік беретін өздігінен жазатын (интеграциялайтын) аспаптарды қолданады.
9-дәріс бойынша тест сұрақтары
1. Қандай өлшеу негізінде ізделінетін мән аспап көрсеткішінен алынады?
тікелей *
жанама
дифференциалды әдіспен
жинақтап
алмастыру әдісімен
2. Қандай өлшеу кезінде ізделінетін мән өлшенетін шамамен функционалды түрде байланысқан, яғни өлшенген шамалардың бір-бірімен байланысы арқылы табылады?
тікелей
жанама *
дифференциалды әдіспен
жинақтап
алмастыру әдісімен
3. Қандай өлшеу кезінде алынған бір немесе бірнеше біртекті шамаларды жөндеу жүйесін шешу арқылы алынады?
1. тікелей
2. жанама
3. дифференциалды әдіспен
4. жинақтап *
5. алмастыру әдісімен
4. Қандай әдісте ізделінетін мән алгебралық түрде өлшенетін және белгілі мәндердің айырымы арқылы табылады?
1. тікелей
2. жанама
3. дифференциалды әдіспен *
4. жинақтап
5. алмастыру әдісімен
5. Қандай әдісте ізделінетін мән белгілі мәнмен алмастыру арқылы анықталады, өлшеу процесінде (өлшеу кезінде) аспап көрсеткішіндегі мен белгілі шама бірдей болуы керек.
1. тікелей
2. жанама
3. дифференциалды әдіспен
4. жинақтап
5. алмастыру әдісімен *
5. Құрылымдық принцип бойынша өлшеу аспаптарын үш түрге бөлуге болады:
(?) теңестіру, аралас өңдеу
(?) жанама өңдеу, аралас өңдеу
(?) тікелей өңдеу, жанама өңдеу
(?) тікелей өңдеу, жанама өңдеу, аралас өңдеу
(!) тікелей өңдеу, теңестіру, аралас өңдеу
6. Кез-келген өлшеу аспабымен өлшеу кезінде өлшеніп жатқан шама бірлік түрінде алынған біркелкі шамамен салыстыру процесі жүзеге асырылатындықтан, өлшеу аспаптарының құрылыс принципіне салынған салыстыру әдісі бойынша оларды қандай екі топқа бөлуге болады?
(?) есептеушінің
(?) түрлендіргіштің
(?) санауыштың
(!) салыстыру аспаптары және тікелей бағалау аспаптары
(?) тікелей өңдеу, теңестіру, аралас өңдеу
7. Қолдану сипатына қарай аспаптар қандай болып бөлінеді?
(!) стационарлық, тасымалданатын, қозғалатын құрылғылар
(?) өлшеу, аралас, стационарлық құрылғылар
(?) жанама, аралас, стационарлық құрылғылар
(?) тікелей, жанама тасымалданатын құрылғылар
(?) тікелей, жанама, қозғалатын құрылғылар
8. СӨА артықшылықтарына келесілер жатады:
(?) аспаптардың басым бөлігі салыстыру әдісіне негізделгендіктен, өлшеу қателіктерін азайту мүмкіндігі (0,01-0,001%);
(?) сандық есептеу құрылғысының арқасында есептеу қателіктеріне жол берілмеуі;
(?) инерциясыз элементтерді қолдану кезінде бөгеуілге төзімділіктің жоғарылығы
(?) әсер ету жылдамдығының жоғарылығы
(!) барлық нұсқа дұрыс
9. Қандай (тіркейтін) аспаптар белгілі-бір уақыт аралығында (үздіксіз, баламалы немесе мерзімдік, дискретті) өлшеніп жатқан шаманы берілген тактімен график немесе сандар, нүктелер, символдар қатары түрінде үздіксіз қозғалып тұрған диаграммаға (абсцисса - уақыт), лентаға, сағат механизмінен немесе синхронды электр қозғалтқыштан қозғалыс алатын дискіге немесе цилиндрге (барабанға) автоматты түрде жазады
(!) Өздігінен жазатын
(?) Реттеуші
(?) Тіркеуші
(?) Санаушы
(?) Өлшеуші
10 ДӘРІС
ТЕМПЕРАТУРА, ҚЫСЫМ, СҰЙЫҚ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ЖӘНЕ КЕРІЛІСТЕРДІ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАПТАР
Температура технологиялық процесстерді қадағалауда және реттеуде негізгі параметрлердің бірі болып саналады. Температура шартты статикалық шама, ол заттық бөлшектердің (молекула не атом) орташа кинетикалық энергиясына тура пропорционал. «Халықаралық тәжрибелік температуралық шкала» тағайындаған температура бірлігінде Кельвинмен (К) өрнектелетін термодинамикалық температура алынған. Кельвин судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі ретінде анықталады. Температура бірлігі ретінде Цельсий (оС) градусы пайдаланылады. Кельвинмен өрнектелген Т температура мен Цельсиймен өрнектелген t температура арасындағы байланысты келесідей көрсетуге болады:
Т= t+273,16
Температураны әрекет принципіне сәйкес өлшеуге арналған аспаптарды келесідей жіктейді: ұлғаю термометрлері (сұйық, дилотометрлік, биметалдық); манометрлік термометрлер; термоэлектрлік түрлендіргіштер; кедергі термотүрлендіргіштері, пирометрлері.
Ұлғаю термометрі
Сұйық шыны термометрлер
Сұйық шыны термометрлердің жұмыс істеу принципі термометрлерге құйылған термометрлік сұйықтың жылулық ұлғаюына, яғни осы сұйықтың көлемінің өзгерісіне негізделген. Термометрлік сұйық ретінде сынап, толул, этил спирті,эфир т.б. пайдаланылады.
Сұйық шыны
термометрлер -90
С-тан
600
С-қа
дейінгі температураны өлшеуге
пайдаланылады, ішіне шкала орнатылған
таяқша түрінде жасалынады. Батырылатын
ұшы шкаласы бар термометрлерде тік және
бұрышты болып келеді.
Дилатометрлік термометрлер.
Бұлардың жұмыс істеу принципі түтікше мен стерженнің сызықтық температуралық ұлғаю коэффициентінің әртүрлі болуына қарай қыздырған кездегі ұзындықтарының өзгеру айырымын пайдалануға негізделген (10.4 сурет).
