- •Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі Алматы технологиялық университеті
- •Пәннің оқу әдістемелік кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығына арналған
- •Алматы 2014
- •Өпма кафедрасының отырысында талқыланып ұсынылған
- •Кафедра меңгерушісі т.Ғ.К. Е.Д.Шамбулов
- •Дәріс кешені тк stpa 3206 «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру» пәні бойынша
- •5В073300 – Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандығы үшін
- •Алматы 2014
- •Автоматты реттеу жүйелерінің функционалдық схемасы
- •- Шығыстық шаманың кескіні,
- •3.3 Сурет. Лажс мен лфжс тұрғызу
- •Пропорционалдық-интегралдық (пи), пропорционалдық-дифференциалдық (пд), пропорционалдық-интегралдық -дифференциалдық (пид) реттеуіштер
- •5.2 Сурет. А) –тізбектей, б) – параллель, в) –қарсы параллель жалғанулар
- •1. Өлшеу аппаратураларының жіктелуі
- •9.1 Сурет. Өлшеу аппаратураларының классификациясы
- •2. Сандық өлшеу аспаптары (сөа)
- •3. Өздігінен жазатын аспаптар
- •10.1 Сур. Өзекті дилатометр
- •10.2 Сур. Биметалды термометр
- •11.2 Сурет. Көлденең жіптің ауытқуын түзетуге және бақылауға арналған құрылғының блок-схемасы.
- •11.3 Сурет. Ақаулық жартылай автоматының құрылымдық схемасы
- •Сурет 12.4.
- •12.5 Сурет. Деңгейді автоматты реттеу жүйесі
- •12 Дәріс бойынша тест сұрақтары
- •Кептіру процессінің объектілерін автоматтандыру
- •13.2 Сурет Кептіпу процессінің автоматтандырылған схемасы.
- •1. Жіп иіру өндірісінің дайындау бөлімдері
- •14.1 Түту машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
- •14.2 Таспалы машинаны басқарудың құрылымдық схемасы
- •15.1 Сурет. Базисті (а) және базисті-қабатты реттеудегі ұршықтың айналу жылдамдығының өзгерісі
- •15.2 Сурет. Реттеу тереңдігіне байланысты үзілу өзгерісінің графигі
- •15.3 Сурет. Дөңгелек иіру машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
1. Жіп иіру өндірісінің дайындау бөлімдері
Технологиялық талшық иіру процесі бірнеше аралықтардан құралады. Мысалы, мақта иіру кезінде бірінші аралық будаларды қопсыту, мақта талшығын тазалау, ленталарды жинау және созу процестерін біріктіреді, яғни бірыңғай үздіксіз ағымға АПК-ң автоматты қуаттандырғыш-буда қопсытқыштардан бастап ЛАТ-50 ленталы машиналарға дейін қосылған. Машиналар пневмокөлік жүйелері және жүйелері әртүрлі транспортерлар арқылы агрегатталған. Екінші аралық лентаның сызықтық тығыздығын реттегіші және лентаны кенептерге орап алу және автотүсіру механизмдері бар ленталы ЛАВ-50 машинасы, ал үшіншісі – ПЛ-76 немесе БД-200 жіп иіру машинасы болып табылады.
Тоқыма өнімінің сызықтық тығыздығының бірінші реттеуі түтетін машиналарда қуаттандыратын органдардың жылдамдығын позициялық немесе үздіксіз реттеу я болмаса өнім деңгейін екі позициялық реттеу арқылы жүзеге асырылады.
Әртүрлі автоматты бақылау операцияларын автоматты және дистанциялық басқару және бірыңғай агрегатқа біріктірілген бірінші аралық машиналарын қорғау үшін құрамына электр магниттік, магнитті және қозғалтқыш релелер, позициялық бастапқы өңдегіштер, сигнализация аппаратурасы және басқа да элементтер кіретін автоматиканың реле-түйісу сұлбалары қолданылады.
Мақта талшығын өңдейтін агрегатты басқару сұлбасы мынаны қарастырады:
агрегаттың толықтай бір түймемен іске қосылуын;
агрегаттың жұмыс істейтін және қуаттандыратын органдарын бөлек және соққымен іске қосуды;
басқару стансаларына кернеу берген кезде сигнал беруді;
автоматты сөндіргіштер іске қосылып кеткен жағдайда апаттық сигнал беруді;
бөлімдер арасында сигналдың орнатылуын;
агрегатты қоршаулар ашық болған жағдайда іске қосудың мүмкін еместігі;
қысқа тұйықталудан қорғауды, электр қозғалтқыштарды артық жүктемеден жылулық қорғауды, әрбір электр қозғалтқыштың нөлдік қорғалуын;
машиналардың немесе қуаттандыратын органдардың бірі тоқтап қалған немесе талшыққа толып кеткен жағдайда технологиялық процестердің барысы бойынша өткен машиналар мен органдардың тоқтатылуын.
Агрегатқа 33-36 электр қозғалтқыш орнатылуы мүмкін болғандықтан, олар сұрыптайтын түту бөлімі мен түту машиналарына арналған бірнеше басқару стансаларынан басқарылады. Барлық басқару стансалары бір-бірімен каскадты активті-пассивті блоктау арқылы байланысқан. Бұл әрбір агрегаттың тәуелсіз (соққымен) іске қосылуын, бүкіл агрегаттың бөлімдер бойынша бір түймемен іске қосылуын, қорғау құрылғысы іске қосылып кеткен немесе технологиялық процесс бұзылған жағдайда электр қозғалтқыштардың істен шығарылуын қамтамасыз етеді. Сұрыптау және қопсыту-түту бөлімдері сенімді жұмыс істеу үшін технологиялық процесс бұзылған жағдайда дыбыстық және жарықтық сигнал беру қарастырылған.
14.1 Түту машинасын басқарудың құрылымдық схемасы
Кенептің сызықтық тығыздығын тұрақтандыру мақсатымен түту машиналарына талшықтың берілуі оның аралық бункердегі қорымен бункер талшыққа толып кеткен жағдайда бункерге талшық беретін қуаттандыру органдарын сөндіру арқылы іске қосылатын түйісу сөндіргіштерінің көмегімен реттеледі. Көлденең қопсалағыш пен қатынастырғышта да бақылау осылай жүргізіледі, бірақ бұл жағдайда түйісу сөндіргіштерінің іске қосылып кетуі сәйкесінше беру транспортерының немесе буда қопсытқыштың істен шығуына алып келеді.
Агрегаттар мен жүн өңдеудің ағымдық сызықтарын басқару сұлбаларының жоғарыда келтірілген сұлбадан айырмашылығы, қатынастырғыш машинадан жүн қоспа қабылдауға арналған лабаздарға түсірілетінінде, ал тарау машиналарының автоқуаттандырғыштары түсіруге арналған тиісті лабаздан босатылатынында. Сөйтіп, үйлестіру учаскесінің жұмыс режимін оператор пневмотранспортер жүйесіндегі тиісті жапқыштарды іске қосы және сөндіру арқылы таңдап алады. Осыған байланысты, басқару сұлбасына лабаздарды толтыру немесе босату туралы сигнал беру енгізілген. Олардағы талшықтардың деңгейін фотореле бақылайды, ал тарау машинасының өздігінен салмақтау бункеріндегі талшықтардың деңгейі фотореленің көмегімен позициялық реттеледі.
Тарау машиналары. Қазіргі кезде әртүрлі талшықтарды тарауға арналған және бір-бірінен өнімділігімен ерекшеленетін 30 түрлі тарау машиналары қолданылады.
Алайда барлық жағдайларда да тарау машиналарын электрлі жолмен қозғалысқа келтіру үшін роторы қысқа тұйықталатын асинхронды электр қозғалтқыштар қолданылады, себебі тарау процесі машинаның жұмыс органдарының жылдамдығын реттеуді талап етпейді. Бір айта кететіні, тарау машиналарының электр жетегі аракше ауыр жағдайларда жұмыс істейді. Бұны машинаның айналатын органдарының сілтеу массаларының едәуір болатындығымен түсіндіруге болады. Соның салтарынан бір жылдың ішінде тарау машиналарына орнатылған электр қозғалтқыштардың шамамен 400%-ы бұзылады.
Тарау машиналарының электр жетегінің жұмысының сенімділігін арттыру мақсатымен жұмыс органдары екі асинхронды электр қозғалтқыштардан қозғау алады. Олардың біреуі негізгі және қабылдау барабанын, желдеткішті және тарақты қорапты, ал екіншісі – қуаттандыру жүйесін іске қосады.
Тарау машинасын басқарудың құрылымдық жүйесі (23.1 сурет) мыналарды қарастырады:
М1 электр қозғалтқышының іске қосылуын және реверсиялануын;
қуаттандыру –шығару жүйесінің М2 электр қозғалтқышын басқару және жұмысшы жылдамдықтарға жіберу;
технологиялық процесс бұзылған жағдайда М2 электр қозғалтқышын автоматты түрде істен шығару (лента жинағыштың алдындағы рентаның жіңішкеленуі немесе үзілуі, лентажинағыштың қақпағының ашылуы, лентаның тіреліп қалуы);
машинаның апаттық тоқтауы;
М1 және М2 электрқозғалтқыштарының түймелермен тоқтауы;
қоршаулар алынған және кенеп жүріп кеткен жағдайда машинаның автоматты түрде тоқтатылуы;
лентаның сызықтық тығыздығының автоматты түрде реттелуі;
кернеудің берілгені, кенептің іске қосылуы, лентаның үзілуі туралы сигналдың берілуі.
М2 үш жылдамдықты электр қозғалтқыш басқару жылдамдығы және екі жұмысшы (орнатылатын) жылдамдықтардың бірін қамтамасыз етеді. Ол үшін статор орамдары жұлдызшаға, үшбұрышқа немесе қос жұлдызшаға қайта ауыстырылады, яғни электр қозғалтқыштар полюстарының саны өзгертіледі.
Машина былай іске қосылады. Алдамыне негізгі барабанның фрикциялық жалғастырғышын сөндіріп, М1 электр қозғалтқышы іске қосады. Ол 5-10 с ішінде екпін алады. Осы уақытта фрикциялық жалғастырғыштың жол сөндіргіштері М2 электр қозғалтқышының іске қосылуына жол бермейді. Сосын фрикциялық жалғастырғыш қосылып, машинаның негізгі барабаны екпін ала бастайды (60-120 с). Негізгі барабан екпін алғаннан кейін фрикциялық жалғастырғышты іске қосып қойып М2 электр қозғалтқышын: алдымен «басқару» түймесімен төмен жылдамдықпен, сосын «жұмыс» түймесімен жұмысшы жылдамдықпен жүргізеді.
Технологиялық процестің кез-келген бұзылыстары пайда болған жағдайда М2 электр қозғалтқышы тоқтатылып, сигнал беру құрылғысы қосылады. Технологиялық бұзылыстар жойылғаннан кейін М2 электр қозғалтқышы жоғарыда келтірілген ретпен іске қосылады.
Таспалы машиналар. Тоқыма өнеркәсібінің жіп иіру өндірісінде қазіргі кезде әртүрлі талшықтарды өңдеуге арналған және бір-бірінен шығарылымдар санымен және таспа қабаттарының санымен ерекшеленетін 20 жуық таспалы машиналар жұмыс істейді. Осыған байланысты автоматтандырылған электр жетегіне және таспалы машиналардың бақылау мен технологиялық параметрлерді реттеу жүйесіне әртүрлі талаптар қойылады.
Таспалы машиналардың электр жетегі туралы айтар болсақ, оған ерекше талап қойылмайды, себебі бұл машиналарға орнатылған асинхронды электр қозғалтқыштар қалыптасқан жұмыс режимінің технологиясы анықтайтын қалыпты режимдерде жұмыс істейді. Технологиялық параметрлерді бақылау және реттеу жүйесіне қойылатын талаптар негізінен таспалы машинаның шыға берісіндегі таспаны тұрақтандыру мәселелеріне қатысты. Бұл мәселенің шешілуі жүн таспа шығаратын таспалы машиналар үшін өте маңызды. Алайда қазіргі уақытта технологиялық процестің жетілдірілуіне байланысты ТТ реттегіштерін мақта талшығын өңдейтін таспалы машиналарда да қолданатын болған.
