Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АТП лекцияТПТМ каз.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кептіру процессінің объектілерін автоматтандыру

Тоқыма өндірісінде кептіру процессінің маңызы зор. Өндірісте кептіргіштердің түрлері көп. Келесі суретте барабанды кептіргіште кептіру процессінің схемасы көрсетлген. Кептіру процессіне ыстық ауа калориферден беріледі, ауа калориферден ыстық бу болып шығады. Біршама көлбеу орналасқан кептіру барабанына кептірілмеген ылғалды макарон және ыстық бу үздіксіз беріліп тұрады. Барабан айналған кезде макарон шығысқа қарай ыстық ауамен бірге жүреді. Кептіру барабанындағы ыстық ауаның қозғалысын жүзеге асыру үшін сиретілу қарастырылады. Ол үшін ауаны тартып алатын желдеткіш немесе сумен суытылатын циклон қолданылады.

Кептіру процессін автоматтандыру кезінде кептіру барабанының шығысындағы ылғалды заттың ылғалдылығын және кептіргішке түсетін ыстық ауаның температурасын берілген деңгейде ұстап тұру қажет.

Кептіру барабанындағы кептіру процессі автоматтандыру объектісі ретінде жеке туындылы күрделі дифференциалды теңдеуді көрсетеді. Кептіру барабанының моделін қарапайымдату үшін ыстық ауа шығын және шығыстағы ылғал заттың шығыны арнасы бойынша оны таза кешігуі бар екінші ретті апериодты буын ретінде қарастырамыз. Осыдан кептіру процессі жоғарғы инерциялықпен сипатталатынын көреміз. Кептіру кезіндегі қозу әсеріне ылғалдылықтың өзгеруі және шығыстағы зат шығысы, кептіру барабанына түсетін ыстық ауа параметрлері жатады.

13.1 суретінде қарапайым кептіру процессінің автоматтандырылған схемасы көрсетілген. Ыстық ауа температурасын реттеу температура датчигі арқылы 1а өлшенеді, оның сигналы көрсеткіш және тіркеуші блокка 1в түседі, ол қашықтықтан басқару панелі арқылы 1г басқарылады, орындау механизмі 1д реттеу клапаны арқылы ыстық бу беру желісіндегі буды реттейді. Схемада ылғалдылық датчигі 3а арқылы өнімнің ылғалдылығын өлшеу және оған қатысты екіншілік көрсеткіш және өздігінен жазатын аспап 3б қарастырылған.

Шығыстық заттың ылғалдылығын өлшеу 4а ылғалдылық датчигі арқылы жүзеге асады, оның сигналы екіншілік көрсеткіш және өздігінен жазатын аспап 4б арқылы реттеуші блокка 4в изодромды реттеу заңдылығымен түседі. Реттеуіш қашықтықтан басқару панелі арқылы 4г заслонканың жетегінің орындау механизміне әсер етеді, ол кептіру барабанындағы ыстық ауаның шығынын өзгертеді.

Автоматтандыру схемасы арқылы, сондай ақ кептіру барабанының шығысындағы ауа температурасы 6а, 6б және 6в аспаптары арқылы, сиретілу көрсеткіш манометр арқылы 7а бақыланады.

13.2 Сурет Кептіпу процессінің автоматтандырылған схемасы.

13-дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Араластырғышты автоматтандыру объектісі ретінде қандай буын ретінде қарастырамыз?

(?) интегралдық

(!) таза кешігуі бар апериодты

(?) дифференциалдық

(?) тербелмелі

(?) бірінші ретті апериодты

2. Технологиялық процестің ұйымына қарай араластырғыштар қандай түрге бөлінеді?

(?) аралас және интегралдық

(!) периодты және үздіксіз әсерлі

(?) жеке және топтық

(?) ашық және жабық

(?) бірінші және соңғы

3. Кептіру барабанының моделін қарапайымдату үшін ыстық ауа шығын және шығыстағы ылғал заттың шығыны арнасы бойынша оны қандай буын ретінде қарастырамыз?

(!) таза кешігуі бар екінші ретті апериодты

(?) интегралдық

(?) дифференциалдық

(?) тербелмелі

(?) бірінші ретті апериодты

4. Кептіру кезіндегі қозу әсеріне қандай параметрлер жатады?

(?) ылғалдылықтың айырымы, газ қысымы

(?) шығыстағы өнім, газ қысымы

(?) суық ауа шығыны, су мөлшері

(?) су мөлшері, кірістік өнім шығыны

(!) ылғалдылықтың өзгеруі, шығыстағы өнім, кептіру барабанына түсетін ыстық ауа

5. Араластыру процесінің аутқуын туғызатын қозу әсері қай кезде туындайды?

(?) ылғалдылықтың және газ қысымының өзгерісі

(?) шығыстағы өнімнің және газ қысымының өзгерісі

(?) суық ауа шығынының өзгерісі

(!) араласатын компоненттердің қасиеті және шығынның өзгерісі

(?) су мөлшерінің өзгерісі

14 ДӘРІС

ТЕКСТИЛЬ ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕРДІҢ АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕСІ. ИІРУ ӨНДІРІСІНДЕГІ ДАЙЫНДАУ БӨЛІМІ.

Автоматтандыру жүйелерінің құрылымы және оларға қойылатын негізгі талаптар