Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРАКТИЧЕСКИЙ ЗАНЯТИЯ . СТОМ.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Қосымша әдебиеттер

1.Нормальная физиология: Учебник./ Под ред. Р.С.Орлова, а.Д.Ноздрачева. - м.:Геотар-Медиа», 2006.

2. Атлас по нормальной физиологии /Под ред. А.В.Коробкова, А.С.Чеснокова. - М.: Высшая школа, 1986.

3. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие /Н.Н. Алипов, Д.А. Ахтямова, В.Г. Афанасьев и др.; Под ред. С.М. Будылиной, В.М. Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.

4. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии /Под ред. К.В.Судакова, А.В.Котова. – М., 2002.

Студенттің білімін бағалау:

«ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейін бағалау ережесіне» сәйкес, МАКО и НСРМО Орталығының ұсынысымен тәжірибелік сабақтар бағаланады

  1. «Білімі» құзіреттілігі – ауызшажәне жазбаша сұрақ-жауаптар, тестілеу (сұрақтар мен тестілер тізімі төменде)

  2. «Тәжірибелік дағдылар» құзіреттілігі- студенттерде

« Көру өткірлігін анықтау» және «Эстезиометрия» дағдылары бойынша білімдерін бағалау

Бақылау:

Сұрақтар:

  1. Көру талдағышының, оның бөлімдерінің сипаттамасы.

  2. Торлы қабаттың құрылымы мен функциялық маңызы (соқыр және сары дақ).

  3. Көру аймағы, оны анықтау тәсілдері.

  4. Көздің рефракциясы, рефракция аномалиялары.

  5. Көрудің бейімделуінің механизмі.

  6. Көру өткірлігі, көру өткірлігін анықтау.

  7. Түрлі түсті көрудің үш компонентті теориясы.

  8. Оральдық талдағышы, оның бөлімдері..

  9. Дәм сезу талдағышының және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

  10. Есту талдағышы және оның бөлімдерінің сипаты.

  11. Есту теориялары (резонанстық, телефондық, жүйрік толқын)

  12. Дәм тітіркендіргіштерін қабылдау теориясы.

  13. Иіс сезу талдағышының және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

  14. Қазіргі кездегі иісті қабылдау теориясы.

  15. Тері талдағышының және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

  16. Тепе-теңдік талдағышы және оның бөлімдерінің сипаттамасы.

Тесттер

1. Көрудің түрлі көрсеткіштерін зерттеуге арналған аспаптарды көрсетіңіз

    1. доктор Рабкиннің полихроматтық кестесі

    2. эстезиометр

    3. Форстер периметрі

    4. камертон

    5. ұзындығы 20-30 см түтік

2. Естудің түрлі көрсеткіштерін зерттеуге арналған аспаптарды көрсетіңіз

      1. эстезиометр

      2. камертон

      3. аудиометр

      4. Форстер периметрі

      5. доктор Сивцевтің кестесі

3. Тілдің бөліктеріндегі дәм сезімталдығының таралуы

  1. ұшы – ащы, шеттері – тәтті, түбі – қышқыл және тұзды

  2. ұшы – тәтті, шеттері – қышқыл және тұзды, түбі –ащы

  3. ұшы – тұзды, үсті - ащы, түбі – тәтті

  4. ұшы – тұзды, үсті - қышқыл, шеттері – ащы, түбі – тәтті

  5. ұшы – тұзды, шеттері – ащы, түбі – қышқыл және тұзды

4. Тепе-теңдік рецепторларға барабар тітіркендіргіш

  1. дененің орталықтан тепкіш үдеуі

  2. тік сызықты қозғалыс кезіндегі денеге әсер ететін оң немесе теріс үдеу

  3. кеңістіктегі дене қалпының өзгеруі

  4. басты айналдыра қозғалту

  5. дененің бұрыштық үдеуі

5. Ольфактометрия әдісі зерттелетін сезімталдықтың қай түріне жатады

  1. иіс сезу

  2. дәм

  3. тактилдік сезімталдық

  4. көру аймағы

  5. проприоцепция

6.Көру талдағышының рецепторлық жасушалары.

  1. таяқшалар мен сауытшалар

  2. түкті клеткалар

  3. механорецепторлар

  4. Горизонтальды жасушалар

  5. Амакриндік жасушалар

7.Көру өткірлігі дегеніміз:

  1. Көздің көретін аймағы

  2. Минимальды арақашықтықта тұрған нүктелерді ажырату

  3. Кеңістікті терең қабылдау

  4. Объектіге дейінгі арақашықтықты бағалау

  5. Көзді бір нүктеге қадағанда көрінетін кеңістік

8. Есту орталығы қыртыстың мына бөлімінде орналасады.

  1. Самай бөлімінде

  2. Шүйде бөлімінде

  3. Мидың негізінде

  4. Маңдай бөлімінде

  5. Төбе бөлімінде

  1. Есту анализаторының рецепторлық бөлімі орналасады:

  1. Сыртқы есту жолында

  2. Есту сүйектерінде

  3. Ішкі құлақтың корти мүшесінде

  4. Дабыл жарғағында

  5. Жартыайналмалы каналдарды

  1. Таяқшалардың қызметінің бұзылуы:

  1. Ақшам соқырлығы

  2. Өте жарық кездегі соқырлықтың тууы

  3. Ахромозия

  4. Өте жарық болғанда көру қабілетінің жоғарылауы

  5. Қараңғы болғанда көру қабілетінің жоғарылауы

Ситуациялық есептер:

  1. Зерттелуші қоршаған заттарды, олардан көзге дейінгі қашықтыққа байланыссыз, су ағып жатқан терезе әйнегі арқылы көріп тұрғандай, бұлдыратып көреді. Осы зерттелушідегі рефракция жағдайын сипаттаңыз. Қандай ұсыныс жасайсыз?

  2. Адамның бір құлағына «Ко», ал екінші құлағына қысқа интервалдан соң «Ля» деген дыбысты беретін болса, қалыпты еститін зерттелуші мен бір жақ естуі зақымданған науқас не естиді?

  3. Автобус адамды шайқалтып жіберді. Осы кезде қандай рефлекстік реакциялар байқалады, олардың көрінісі қандай және себептері неде?

  4. Науқастың тіл жүйкесінің екіжақты зақымдалуы анықталған. Бұл кезде қандай бұзылыстар пайда болады және не себепті?

  5. Бөлмеге кірген адам інжугүлдің өткір иісін сезген. Біраз уақыттан кейін ол оны сезбейтін болды. Осы бөлмеде ұзақ уақыт болған адамдар неліктен осы иісті сезбейтін болады?