Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРАКТИЧЕСКИЙ ЗАНЯТИЯ . СТОМ.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Ожж мен вжж физиологиясынан бақылау сұрақтары: Тәжірибелік жұмыс сұрақтары:

1. Жүйке-бұлшықет препаратын дайындау тәсілі.

2. Тікелей және жанама тітіркендіру арқылы қозу табалдырығын анықтау.

3. Гальванидің І тәжірибесін жасау тәсілі.

4. Электроодонтометрия. (Тістің электрлік қозғыштығын анықтау, ауыз қуысының микроағынын зерттеу және металл протезі кезіндегі олардың маңызы).

5. БДЖ қисығын тіркеу тәсілі. Тегіс және тісті тетанусты тіркеу тәсілі.

6. Мастикациография.

7. Жүйке талшығының қозуды жеке өткізуін дәлелдейтін тәжірибе.

8. Жүйке талшығының қажымайтынын дәлелдейтін тәжірибе.

9. Бір ізді және кеңістікте жинақы қозуды алу әдістемесі

10. Сеченовтың орталықтан тежелу тәжірибесін жасау әдісі

11. Адамның проприцептивтік жұлын рефлекстері

12. Бақаның экстероцептивтік жұлын рефлекстері

13. Құрсақ қуысындағы ағзалардың рецепторларын тітіркендіру нәтижесінде туатын жүректің вегетативтік рефлекстерін жасау әдістемесі

14. Данини-Ашнер рефлексін алу әдісі

15. Тыныс ырғағының бұзылу белгілерін алу әдістемесі

Негізгі бақылау сұрақтары:

1. Қозғыш ткандердің жалпы қасиеттері. Қозғыштықтың кезеңдері.

Қозғыштықтың өлшемдері ( параметрлері).

2. Мембрананың құрылысы мен қызметі туралы қазіргі ұғымдар. Мембрана арқылы активті және пассивті түрде заттарды тасымалдау.

3. Мембраналық потенциал, оның мөлшері, пайда болуының негізі.

4. Қозу процесі туралы қазіргі түсініктер. Әрекет потенциалы, оның кезеңдері. Әрекет потенциалы кезеңдері мен қозғыштық кезеңдерінің арақатынасы.

5. Қанқа мен шайнау бұлшықеттердің физиологиялық қасиеттері.

6. Қаңқа еттерінің жиырылу түрлері. Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ), оның кезеңдері, ұзақтығы.

7. Жинақы жиырылуы. Тетанус, оның түрлері, тіркеу әдісі.

8. Еттің жиырылуы мен босауы туралы ілім.

9. Шайнау бұлшықетінің күші мен жұмысы.

10. Жүйке талшықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері (заңдары).

11. Миелинді және миелинсіз талшықтардың бойымен қозудың таралуы.

12. Жүйке талшықтарының бойымен қозудың таралу жылдамдығы. Жүйке талшықтарының типтері (А,В.С).

13. Лабильдік, парабиоз (Н.Е.Введенский) және бұл ілімнің медициналық теория мен практика үшін маңызы.

14. Синапстардың құрылысы, жіктелуі және физиологиялық қасиеттері.

15. Қозудың синапстан өту ерекшеліктері.

16. Нейрон орталық жүйке жүйесінің құрылымдық және функциялық бөлімі. Нейрондардың түрлері. Олардың глиялық клеткалармен байланысы.

17. Рефлекс, рефлекстік доға. Рефлекстік шеңбер туралы ұғым. Рефлекстердің түрлері. Рефлекс уақыты.

18. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу (И.М.Сеченов), оның түрлері. Орталық тежелу механизмдері туралы қазіргі ұғымдар.

19. Орталық жүйке жүйесінің қозуды өткізу ерекшеліктері (жүйке орталықтардың физиологиялық қасиеттері).

20. Орталық жүйке жүйесінің рефлекстерді координациялау қызметінің жалпы принциптері.

21. Организмнің тіреқ-қимыл аппараты мен вегетативтік қызметін реттеудегі жұлынның маңызы.

22. Сопақша ми мен варолий көпірі, олардың функциялық маңызы.

23. Мишықтың функциялық маңызы.

24. Ортанғы мидың физиоллогиясы.

25. Торлы құрылым, оның әсерлері.

26. Аралық ми және оның функциялық сипаттамасы.

27. Гипоталамустың вегетативтік қызметті реттеуге және эмоцияларлар мен мотивациялардың қалыптасуына әсері.

28. Организмнің жүйелік әрекетінің түзілуіндегі ми сыңарлары қыртыстарының ролі.

Функциялардың ми қыртысында орналасуы туралы қазіргі үғымдар..

29. Сомалық және вегетативтік жүйке жүйесінің функциялық ерекшеліктері.

30. Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің салыстырмалы ерекшеліктері, олардың әсеріндегі синергизм мен салыстырмалы антагонизм.