Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРАКТИЧЕСКИЙ ЗАНЯТИЯ . СТОМ.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі:

1. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы (Оқулық). - Алматы, Издательство «Дәуір», 2005, 663 б.

2. Қалыпты физиология. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар /Жауапты ред. Махамбетова М.Б., Жумакова Т.А., Байжанова Н.С. – Алматы, 2007.

3. В.М. Покровский, Т.Ф. Коротько «Физиология человека», М.,«Медицина» 2003, 102-105 бет.

4.Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004 ж. – 78 бет.

Қосымша:

1. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. Оқулық. Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы, Алматы, 2000.

2. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

3. Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. – Алматы, Білім, 2002.- 328 бет

4. Нормальная физиология. Учебник./Пол ред.В.П.Дегтярева, С.М.Будылиной. – М.:ОАО Медицина, 2006.

5. Нормальная физиология; Учеб.пособие. /Под ред.В.А.Полянцева. – М.:Медицина, 1989

Тақырып №3: Ішкі сөлініс бездері. Гипоталамо-гипофизарлық жүйе. Қан ұюы. Қан топтары. Резус-фактор

Оқытудың мақсаты:

    1. Ішкі сөлініс бездерінің қызметі туралы білімді қалыптастыру

    2. Гипоталамо-гипофизарлық жүйе туралы білімді қалыптастыру

    3. Қан ұюының механизмі, қан топтары және қанның резустілігі туралы білімді қалыптастыру.

    4. АВО жүйесіндегі қан топтарын, қанның резус сәйкестілігін анықтау дағдысын қалыптастыру

Оқыту міндеттері :

      1. ІСБ –нің қызметін зерттеу әдістерімен таныстыру

      2. Гормондардың жалпы қасиеттері, әсер ету механизмін таныстыру

      3. Гормондардың жіктелуі, әсер ету жолдары, типтерімен таныстыру

      4. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына, жүрегіне тигізетін әсерін тәжірибеде жасап көрсету

      5. Қан ұю механизмінің маңызын ашу

      6. АВО жүйесіндегі қан топтары және қанның резус-факторы іліммен таныстыру

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

1.ІСБ-нің қызметі, зерттеу әдістері.

2.Гормондардың жіктелуі

3.Гормондардың жалпы қасиеттері

4.Гормондардың әсер ету типтері

5.Гормондардың әсер ету жолдары

6.Гипоталамус-гипофизарлы-адренал жүйесі

7.Қан ұюының физиологиялық маңызы.

8.Қанның ұюы, оған қатысатын факторлар.

9. АВО жүйесіндегі қан топтары.

10. Қанның резус-факторы.

Оқыту және оқытылу әдістері : Аралас түрде (тақырыпты ауызша талқылау, тәжірибелік жұмыстарды талдау және орындау, жұмыс хаттамасының толтырылуы):

Жұмыстар: 1. Адреналиннің бақа көзінің қарашығына әсері (әдеб. 3, жұм. 1; )

2. Адреналиннің бақа жүрегіне тигізетін әсері (әдеб. 3, жұм. 2; ).

3. Альтгаузен әдісі бойынша қан ұю уақытын анықтау (әдеб. 4, жұм.1,7-8

бет).

4. «АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау (әдеб. 4, жұм. 1, 7-8 бет).83-84 бет.

5.«Пробиркадағы қанның резус-факторын қыздырмай анықтау 83-84 бет.,85 бет.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Адам физиологиясы. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов Ә.А., Нілдібаева Ж.Б. (Оқулық). - Алматы. «Дәуір» баспасы, 2005. 143 беттер

2. Қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2007.

3. Физиология человека: Учебник /Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. – 2-е изд., перераб и доп. – М.: Медицина, 2003. – 656 с.

Қосымша:

1. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. Оқулық. Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы, Алматы, 2000.

2. Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. – Алматы, Білім, 2002.- 328 бет

3. Нормальная физиология. Учебник./Пол ред.В.П.Дегтярева, С.М.Будылиной. – М.:ОАО Медицина, 2006.

4. . Нормальная физиология; Учеб.пособие. /Под ред.В.А.Полянцева. – М.:Мед-на, 1989

5. Методическое указание для студентов «Общая физиология», КазНМУ, 2006г.

Студенттің білімін бағалау:

«ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейін бағалау ережесіне» сәйкес, МАКО и НСРМО Орталығының ұсынысымен тәжірибелік сабақтар бағаланады

1.«Білімі» құзіреттілігі – ауызшажәне жазбаша сұрақ-жауаптар, тестілеу (сұрақтар мен тестілер тізімі төменде)

2.«Тәжірибелік дағдылар» құзіреттілігі- дағды меңгеруін бағалау

  • « Қан топтарын анықтау», «резус сәйкестілігін анықтау» дағдылары бойынша білімдерін тексеру

Бақылау сұрақтары

1. ІСБ-нің қызметі, зерттеу әдістері.

2. Гормондардың жіктелуі

3. Гормондардың жалпы қасиеттері

4. Гормондардың әсер ету типтері

5. Гормондардың әсер ету жолдары

6. Бүйрек үсті бездерінің гормондары

7. Гипоталамус-гипофизарлы-адренал жүйесі

8.ІСБ-нің тіс тініндегі минералдар алмасуын реттеудегі маңызы.

9. ІСБ-нің гормондарының тіс-жақ жүйесіне әсері.

  1. Қанның ұюы, оның физиологиялық маңызы. Қанның ұю уақыты.

  2. Плазмалық қан ұйытатын факторлар. Гемостаз кезіндегі тамырлар қабырғасының маңызы.

  3. Қан ұюы механизмі. Тамырдағы тромбоциттік гемостаз, оның кезеңдері.

  4. Коагуляциялық гемостаз, оның кезеңдері.

  5. Қанды ұйытпайтын механизмдер. Бастапқы және қосымша антикоагулянттар.

  6. Қан ұюын шапшаңдататын және баяулататын әдістер. Тіс жұлғаннан кейінгі ұзақ уақыт қан тоқтамаған кезде қан кетуді тоқтатудың физиологиялық шаралары

  7. Агглютиногендер, агглютининдер, гетерогемоагглютинация және изогемоагглютинация реакция туралы түсінік.

  8. АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы.

  9. АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарын анықтау әдістері

  10. Қанның резус сәйкестілігі, оны анықтаудың клиникадағы маңызы.

  11. Қанның резус сәйкестілігін анықтау әдісі.

  12. Үйлесімділікті биологиялық тұрғыдағы зерттеу.

  13. Қазіргі қан орнына құйылатын заттар, олардың жіктелуі

Тесттер

1).Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатында және онда түзілетін гормондар арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А – минералокортикоидтар Б – глюкокортикоидтар В – жыныс гормондары

  1. Кортизон, гидрокортизон, кортикостерон.

  2. Альдостерон, дезоксикортитикостерон.

  3. Андрогены, эстрогены.

А. А-2 Б-1 В-3

В. А-1 Б-2 В-3

С. А-3 Б-1 В-1

D. А-1 Б-2 В-3

Е. А-3 Б-2 В-3

2)Қандағы глюкоза мөлшерін арттырады:

A. инсулин B. адреналин C. паратгормон

D. глюкагон E. глюкокортикоидтар

3).Қандағы қан мөлшерін азайтады :

A. глюкокортикоидтар B. инсулин

C. глюкагон D. тироксин

4) Гормонның аталуы мен оның организмдегі әсері арасындағы сәйкестікті табыңыз:

А – альдостерон Б – кортизон В – адреналин

  1. қандағы глюкоза мөлшерін арттырады

  2. түтікшелерде натрий мен хлор қайта сіңуін арттырады, калийдің қайта сіңуін төмендетеді.

  3. тікелей әсер еткенде жүректің қызметін күшейтеді, үлкен қан айналым шеңберінің тамырларын тарылтады

5) Гипофиз бөлігі мен оның гипоталамуспен байланыс түрі арасындағы сәйкестікті табыңыз

А – аденогипофиз. Б – нейрогипофиз.

  1. тамырлық.

  2. жүйкелік

6) Базофильді жасушалар бөледі:

A. АКТГ.

B. Тироеотропты гормон

C. Гонадотроптыгормон

D. Барлық тропты гормондар

E. АКТГ, ТТГ, ГТГ

7) Соматотропты гормон өндіріледі :

A.Гипофиздің алдыңғы бөлігінде

B.нейрогипофизде

C.гипофиздің ортаңғы бөлігінде

D. гипоталамуста

8) Пролактин түзіледі:

A. Сүт безінде

B. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде

C. Қалқанша безінде

D. Ұйқы безінде

9. Гормондардың әсер ету механизмі:

А – ОЖЖ арқылы Б – Тікелей ағзаға В – Тамырдағы рецепторлар арқылы

1.Тура жолмен әсер ету 2. Рефлекстік жолмен әсер ету 3. ОЖЖ арқылы.

А. А-3 Б-1 В-2

В. А-1 Б-1 В-2

С. А-2 Б-2 В-2

D. А-3 Б-1 В-3

E. А-2 Б-3 В-2

10. Ерлердің 1 л қанындағы эритроциттердің саны:

А) 3-4 х10^9

Б) 3-4 х 10^12

С) 4-5 х 10^9

Д) 4-5 х 10 ^12

Е) 5-6 х 10 ^9

11. . Әйелдердің 1 л қанындағы гемоглобиннің мөлшері:

А) 60-80

Б) 90-110

С) 120-140

Д) 150-170

Е) 180-200

12.Эритроциттердің гемоглобинмен қаныққанын анықтаушы көрсеткіш:

А) гематокриттік көрсеткіш

Б) протромбин индексі

С) ЭТЖ

Д) қанның меншікті салмағы

Е) қанның түсті көрсеткіші

13. Ерлердегі эритроциттердің тұтыну жылдамдығы:

А) 1-10 мм/час

Б) 12-14 мм/час

С) 16-18 мм/час

Д) 18-20 мм/час

Е) 21-25 мм/час

14. Ересек адамның қанындағы лейкоциттердің саны:

А) 4-9 х10^6

Б) 4-9 х 10^7

С) 4-9 х 10^8

Д) 4-9 х 10^9

Е) 4-9 х 10^10

15. Ересек адамның қанындағы глюкозаныің мөлшері:

А) 2,4-3,1

Б) 3,3-5,6

С) 6,4-7,1

Д) 8,3-10,6

Е) 10,4-11,1

16. Қанның тұтқырлығы негізінен байланысты:

А) натрий мен хлордың концентрациясына

Б) эритроциттер мен белоктың мөлшеріне

С) коксигемоглобиннің мөлшеріне

Д) тромбоциттің мөлшеріне

Е) лейкоциттің мөлшеріне

17. Артерия қанының ашық қызыл түсі байланысты:

А) тромбоциттерге

Б) эритроциттер мен белокқа

С) оксигемоглобинге

Д) карбоксигемоглобинге

Е) лейкоциттерге

18. Қанның мөлшері дене салмағының неше %-тна байланысты:

А) 2-3%

Б) 4-5 %

С) 6-7 %

Д) 9-10 %

Е) 11-12 %

19. Фагоцитозға ең жоғарғы қабілеттілікке ие

А) лимфоциттер, эозинофильдер

Б) моноциттер, лимфоциттер

С) нейтрофильдер, моноциттер

Д) базофильдер, нейтрофильдер

Е) эозинофильдер, базофильдер

20. Ересек адамның 1 л қанындағы тромбоциттердің саны::

А) 150-200 х 10 9

Б) 10-15 х 10 9

С) 180-320 х 10 9

Д) 400-500 х 10 12

Е) 100-200 х 10 12

Есептер:

1. Науқаста қан ұюуының төмендеуінің себебі белгілі болып, емдеу мақсатында

К витамині тағайындалды. Мұндай емдеудің тағайындалуының себебін түсіндіріңіз

2. Неліктен қан плазмасы өзінен-өзі ұйымайды?

3. Гепарин мен лимон қышқылды натрийдің қан ұюына тигізетін әсерінде қандай ұқсастық пен айрмашылық бар?

4. Қан құярда неліктен донор мен реципиент қандарының қан топтарға жататыны анықталады?

5. Агглютиногендер қанның қандай элементтерінің құрамында болады?

6. О (І), А (ІІ) және В (Ш) топтағы стандартты сарысуларда эритроциттер агглютинация байқалса, науқастың қаны қай топқа жатады?

7. О (І) және В (Ш) топтағы стандартты сарысуларда эритроциттер агглютинациясы байқалса, науқасқа қай топтағы қанды құюға болады?

8. Әкесінің қаны оң резусты, шешесінің қаны теріс резусты. Әйел 1-ші рет екіқабат болды. Баласының қаны теріс резусты бола қалса, шешесі мен баласы арасында резус конфликті (шиленісі) болуы мүмкін бе?

9. Ері мен зайыбының қандары тиісінше 0 (І) және АВ0 (ІV) топтарына жатады. Олардың ұлының қаны А(ІІ), қызының қаны АВ0(ІV) топтарға жатады. Ері ұлдың өзінен не өзгеден туғандығы туралы күмәндәнуі мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз?

Тақырып №4: Жүрек қызметін зерттеу әдістері. Жүрек қызметінің реттелуі

Оқыту мақсаты:

        1. Студенттерде жүрек физиологиясы және жүрек қызметін зерттеу әдістері бойынша білімді қалыптастыру

        2. Жүрек қызметінің жүйкелік және гуморалдық реттелуі туралы білімді қалыптастыру

Оқыту міндеттері:

        1. Жүрек қызметінің оралымымен таныстыру

        2. Жүрек қызметінің зерттеу әдістерімен таныстыру

        3. Электрокардиография әдісімен таныстыру

        4. Жүрек қызметінің реттелу механизмінің маңызын ашу

        5. Жүрек қызметіне симпатикалық және кезбе жүйкенің әсерімен таныстыру.

        6. Жүрек жұмысының рефлекстік реттелуімен таныстыру.

        7. Жүрек жұмысының гуморалдық реттелуінің маңызын ашу.

Тақырып бойынша негізгі сұрақтар: .

1. Жүректің ағзадағы маңызы

2. « Жүрек.циклы», оның кезеңдері

3. Жүрек қызметінің физиологиялық және клиникалық әдістері

4. Электрокардиография әдісінің негізімен таныстыру

5. Жүрек қызметінің реттелу механизмі

6. Жүрек жұмысына кезбе жүйкенің әсері

7. Жүрек жұмысына симпатикалық жүйкенің әсері

8. Жүрек жұмысының рефлекстік реттелуі.

9.Жүрек жұмысының гуморалдық реттелуі

Оқыту мен сабақ берудің әдістері: Аралас түрде

(тақырыпты ауызша талқылау, тәжірибелік жұмыстарды талдау және орындау, клиникалық физиологиялық әдістерді игеру, жұмыс хаттамасының толтырылуы):

Жұмыстар:

1. Бақа жүрегінің кардиограммасын жазу

Көрсету:

1. Компьютерлік бағдарламамен жүмыс « Жүрек циклы»

2. ЭКГ. Электрокардиография әдісінің негізі, электрокардиграмма және оның тісшелері

3. Данини-Ашнер әдісі. 5 әдебиет.беті 45.жұмыс 1)

4. Гольц әдісі. (5 әдебиет. 46бет. жұмыс 2)

5. Бақа жүрегіне вагосимпатикалық жүйкенің әсері. (әдеб 5. беті 47.жұмыс 3).

Әдебиеттер:

Негізгі

1. Адам физиологиясы. Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов Ә.А., Нілдібаева Ж.Б. - Алматы. «Дәуір» баспасы, 2005225-226, 242-246 беттер,

2. Қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2007. – 95- 100 беттер. .

3. Физиология человека: Учебник /Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. – 2-е изд., перераб и доп. – М.: Медицина, 2003. – 656 с.

Қосымша:

1. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. Оқулық. Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы, Алматы, 2000.

2. Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы. – Алматы, Білім, 2002.- 328 бет

3. Нормальная физиология. Учебник./Пол ред.В.П.Дегтярева, С.М.Будылиной. – М.:ОАО Медицина, 2006.

4. . Нормальная физиология; Учеб.пособие. /Под ред.В.А.Полянцева. – М.:Медицина, 1989

Студенттің білімін бағалау:

«ҚазҰМУ студенттерінің құзіреттілік деңгейін бағалау ережесіне» сәйкес, МАКО и НСРМО Орталығының ұсынысымен тәжірибелік сабақтар бағаланады

1.«Білімі» құзіреттілігі – ауызшажәне жазбаша сұрақ-жауаптар, тестілеу (сұрақтар мен тестілер тізімі төменде)

Бақылау (сұрақтар)

1. Жүректің ағзадағы маңызы

2. « Жүрек.циклы», оның кезеңдері

3. Жүрек қызметінің физиологиялық және клиникалық әдістері

4. Жүрек қызметінің клиникалық әдістері

5. Электрокардиография әдісінің негізімен таныстыру

6. Жүрек қызметінің реттелу механизмі

7. Жүрек жұмысына кезбе жүйкенің әсері

8. Жүрек жұмысына симпатикалық жүйкенің әсері

9.Кезбе жүйкенің орталық тонусы туралы ұғым

10. Жүрек жұмысының рефлекстік реттелуі.

11.Данини-Ашнер,Гольц рефлекстері

12.Жүрек жұмысының гуморалдық реттелуі

13. Жүрек жұмысының жүйкелік және гуморалдық реттелуінің бірлігі