Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРАКТИЧЕСКИЙ ЗАНЯТИЯ . СТОМ.каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488 Кб
Скачать
☆

Тесттер:

1.Жіңішке ішекте өттің, ұйқы безінің,ішектің сөлдер қатысуымен жүретін асқорыту түрі:

  1. Қуыстық

  2. Мембраналық

  3. Симбионттық

  4. Меншікті асқорыту

  5. Аутолитикалық

2. Адам асқазынындағы тәулігіне бөлінетін сөлдің мөлшері:

А) 0,5-1,5 л

Б) 2,0-2,5 л

С) 2-2,5 л

Д) 3-3,5 л

Е) 4-4,5 л

3. Шайнау және жұту орталықтары орналасады:

А) ми қыртысы

Б) гипоталамус

С) ортаңғы мида

Д) сопақша мида

Е) жұлын

  1. Гликокаликс ферменттерінің әсерінен қоректік заттар гидролизінің соңғы өнімдері :

А) димерлер

Б) полимерлер

С) полипептидтер

Д) олигомерлер

Е) мономерлер

5.Гликокаликс ферменттерінің әсерінен ішек эпителиінде жүретін асқорытудың түрі:

А. Қуыстық

ВМембраналық

С.Симбионттық

Д.Меншікті асқорыту

Е.Аутолитикалық

6. Сілекей лизоцимінің қызметі:

  1. Белокты гидролиздейді

  2. Крахмалды гидролиздейді

  3. Пепсиногенді пепсинге айналдырады

  4. Майды гидролиздейді

  5. Бактериоциттік әсер көрсетеді

7. Амилаза ферментінің қызметі:

  1. .Белокты гидролиздейді

  2. Крахмалды гидролиздейді

  3. Пепсиногенді пепсинге айналдырады

  4. Майды гидролиздейді

  5. .Бактериоциттік әсер көрсетеді

8.Тұз қышқылының рольі:

A.Белокты гидролиздейді

B. Крахмалды гидролиздейді

C.Өт түзілуіе арттырады

D. Майды гидролиздейді

E.Бактериоциттік әсер көрсетеді:

9. Пепсин ферментінің қызметі:

A.Белокты гидролиздейді

B. Крахмалды гидролиздейді

C.Пепсиногенді пепсинге айналдырады

D. Майды гидролиздейді

E.Бактериоциттік әсер көрсетеді

10. Шайнау аппаратының қызметін зерттейді:

  1. сиалография

  2. Лешли-Красногорский капсуласын қолдану

  3. мастикациография

  4. электрогастрография

  5. радиотелеметрия

11. Сілкекей бездерінің парасимпатикалық иннервациясы орталығының орналасуы :

A.гипоталамуста

B.таламуста

C.стриопаллидарлық жүйеде

D.сопақша мида

E.ортаңғы мида

Тақырып №8: Көру, дәм сезу және соматосенсорлық талдағыштар физиологиясы.

Оқыту мақсаты:

1.Көру, ауыз, дәм сезу және сомалық-сенсорлық талдағыштар физиологиясы бойынша білімді қалыптастыру

2. Көру өткірлігін анықтау дағдысын қалыптастыру

3. Сезім табалдырығын анықтау дағдысын қалыптастыру (эстезиометрия)

Оқыту міндеттері:

  1. Студенттерді көру, ауыз, дәм сезу және соматосенсорлық талдағыштарының құрылымы мен функциялық ерекшеліктерімен таныстыру.

  2. Студенттерді көру, ауыз,дәм сезу, соматосенсенсорлық талдағыштарынының қызметтерін зерттеу әдістерімен таныстыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Көру өткірлігін анықтаудың әдістемесі.

  2. Форстер периметрінің көмегімен көру аймақтарын анықтаудың әдістемесі.

  3. Торлы қабаттағы соқыр дақты анықтаудың әдістемесі (Мариотт тәжірибесі).

  4. Тактилдік сезімталдық табалдырығы бойынша жанасуды сезу өткірлігін анықтаудың әдістемесі (эстезиометрия).

  5. Тілдің жекелеген бөліктерінің түрлі дәм тітіркендіргіштеріне сезімталдығын анықтаудың әдістемесі.

Үйрету мен оқытудың әдістері: Аралас түрде

(тақырыпты ауызша талқылау, тәжірибелік жұмыстарды талдау және орындау, клиникалық физиологиялық әдістерді игеру, жұмыс хаттамасының толтырылуы):

  • Тәжірибелік жұмыстар:

    1. Сивцев кестесі бойынша көру өткірлігін анықтау (3,4 әдеб.)

    2. Форстер периметрінің көмегімен көру аймағын анықтау (3,4 әдеб.)

    3. Торлы қабаттағы соқыр дақты анықтау (Мариотт тәжірибесі) (3,4 әдеб.)

    4. Тактилдік сезімталдық табалдырығы бойынша жанасуды сезу өткірлігін анықтау – эстезиометрия (3,4 әдеб.)

    5. Тілдің дәм рецепторларының топографиясын анықтау (3,4 әдеб.)

Әдебиет:

1.Сәтбаева Х. Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. - Алматы, Дәуір, 2005 (С. 431-470).

2.Қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұскаулар. - Алматы, 2007 (193-­196 бб. №1, 2, 3 жұмыстар; 197-198 бб. №2 жұмыс; 200-206 бб. №1, 3, 4 жұмыстар).

3. Физиология человека: Учебник /Под ред. В.М.Покровского, Г.Ф.Коротько. – 2-е изд., перераб и доп. – М.: Медицина, 2003. – 656 с.