Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
religia_3.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

11. Материалы для срс

№

Наименование

Автор (ы)

Наличие на кафедре

1.

Задания для СРС (рефераты, доклады и т.д.)

Бекешов С.С.

2.

Список рекомендуемой литературы (указать при наличии в п.4,5)

Бекешов С.С.

12. Материально-техническое обеспечение дисциплины

Специализированные учебные лаборатории (аудитории, кабинеты)

№

Наименование и принадлежность помещения

Количество посадочных мест

1.

Зав. кафедрой:

Согласовано: Зав. отделом комплектования библиотеки:

(пункты 4,5)

6. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ (ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ, КӨРНЕКІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР, ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ)

Дәріс № 1. Діннің ұғымы және мәні. Діндердің пайда болуы. Алғашқы діндер.Тәңірлік діні.

1.Діннің ғылымы және мәні. Дін туралы ғылымның әр алуандығы. Батыстық және Шығыстық діни ғұаламалар діннің мәні туралы.

2. Діндердің пайда болуы және оның әртүрлі себептері.Діннің пайда болуы туралы ғалымдардың пікірлері.

3.Діннің діндер.Тотемизм.Анимизм.Фетишизм.Магия (сыйқыр).Ежелгі шығыстық (Мысыр),Грек,Римдегі діндер.Зороастризм діні.

4. Тәңірлік діні.

Дін-қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдарды Жаратушыға сенім нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі. Дін жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы - мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым.Осы күнге дейін діннің бірыңғай үғымы берілмеген. Себебі діндер мен діни ағымдар дінге өздерінің түсініктерін берген. Осы тұрғыдан алғанда діннің ұғымдары әртүрлі болғанымен олардың мәні ұқсас болып келеді.Діннің жалпы ғылыми анықтамаларын былай беруге болады.

ДІН – жоғарғыжаратушы және өмірсүруші күшке (құдайға, рухтарға) табынуға негізделген мистикалық көзқарастардың бірлігі ретіндегі қоғамдык сананың формасы.

Дін - (латынша геііо - шарапаттылық, тақуалық, қасиеттілік, табыну құралы) сенім түріндегі тиісті тәртіп және ерекше әрекетке (табыну), өмірсүруші (бір немесе бірнеше) кұдайларға, «қасиеттілікке» болмаса жоғары жаратушы өмірсүрушіге негізделген дүниеге көзқарас немесе дүниетанымдылық.

Дін және сенімдеген ұғым бар. Бұл екеуі екі нәрсе. «Дін» сөзінің араб тіліндегі мағынасы көп түрлі: «сыйлық», «үкім», «мойын ұсыну», «бағыну», «құлшылық», «шариғат», «заң», «жол», т.б жағдайларды қамтиды.

Дін ұғымы - мейлінше аумақты, көп нәрселерді қамтитын кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (Құдай, Тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм).

Дін күрделі қоғамдық құбылыс. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөніндежазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны жеткілікті. Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу және діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама беру өте қиын. Егер «религия» - (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда, байланыс, «екінші қайта оралу» дегенді білдіреді.

Цицерон шығармаларында «дін» сөзі халықтың түрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған үғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығатын бірден-бір тұжырым, дін деп кезкелген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады.

Сенімдіннің негізін қалаушы фактор. Сенім қарым-қатынас, байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр. «Мен Құдайға сенемін» деп айту үшін адам өзін сол Құдаймен байланысты сезінуі қажет, оған бүкіл жан-тәнімен бет бұруы керек. Сенім белгілі бір мағынада өзін-өзі тәрк етуді, өзін құрбандыққа шалуды білдірері де анық. Адам әлеуметінің ең көне рәсімдерінің бірі құрбандық шалу рәсімі.

Осыдан діни наным-сенімдердің қоғамдық қатынастарды реттеушілік функциясы алдыңғы қатарға шығарылған.

Сонымен қатар коғам өмірінде діннің алар орны ерекше. Өйткені дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбнелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Адам дінге сенген соң, өзгелерге жәбір көрсетуден, тәртіпсіздік жасаудан, ішімдік, есірткі секілді жаман әдеттерден бойын алыс ұстайды. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятындығы белгілі.

Сенім діннің негізін құрайды. Сенім әртүрлі болып келеді. Солардың бірі-діни сенім. Сондай-ақ, табысқа деген сенім, жеңіске деген сенім, аурудан жазылуға деген сенім деген сияқты оның көптеген түрлері бар. Діни сенім, Құдайға деген сенім, Құдайға құлшылық ету сенімі, Құдайдан бұл дүниеде де, ол дүниеде де қандай да бір жақсылық тілейтін психологиялық ұстаным. Діни сенім әртүрлі діндердің, конфессиялардың және секталардың діни ілімдерін оқып үйрену арқылы қалыптасады. Қалыптасқан діни сенім адамды сол сенімнің бағытына мүлдем түсіреді, оны сол діннің жолын ұстауға психологиялық тұрғыдан көндіреді. Діни сенімге кірген адамның сол сенімнен шығып кетуі психологиялық тұрғыдан өте қиын. Мұндай жағдай адамды депрессияға, сенімсіздікке ұшыратуы мүмкін.

Г. Гегель үшін дін Абсалютті рухтың сана-сезімі және Құдай рухын адамдардың өз рухы аркылы өзін-өзі сезініп білу.Л. Фейербах «діннің негізін тәуелділік сезімі құрайды» деп көрсеткен.

П. А. Флоренский: дін - дегеніміз Құдайдың ішіндегі біздің өміріміз және Құдайдың біздің ішімізде өмір сүруі болса, феноменологиялық тұрғыдан дін дегеніміз жанға құтқаруды қамтамасыз ететін әрекеттер мен күйзелістердің жүйесі, ал И. Кант: дін - біздің барлық міндеттерімізді Құдайлық өсиеттер ретінде тану деп жазады.

Г. Гегель үшін дін Абсалютті рухтың сана-сезімі және Құдай рухын адамдардың өз рухы аркылы өзін-өзі сезініп білу.

Л. Фейербах «діннің негізін тәуелділік сезімі құрайды» деп көрсеткен.

П. А. Флоренский: дін - дегеніміз Құдайдың ішіндегі біздің өміріміз және Құдайдың біздің ішімізде өмір сүруі болса, феноменологиялық тұрғыдан дін дегеніміз жанға құтқаруды қамтамасыз ететін әрекеттер мен күйзелістердің жүйесі, ал И.Кант: дін - біздің барлық міндеттерімізді Құдайлық өсиеттер ретінде тану деп жазады.

К. Маркс және Ф. Энгельс дінге қарсы болды. К. Маркстің пікірінше «дін дегеніміз өзін-өзі таба алмаган немесе өзін қайтадан жоғалтып үлгерген адамның өзіндік санасы және өзіндік сезінуі». Энгельс: «кез келген дін адамдардың күнделікті өмірінде оларға үстемдік жүргізетін сыртқы күштерді адам санасындағы фантастикалық көшірмесінен басқа ештеңе емес, ол жер бетіндегі күштердің болмысынан тыс формаға енуінің көшірмесі». К. Маркс пен Ф. Энгельс діннің көп жақтарын зерттеді.

У. Джеймс дін психологиясын зерттеуші америкалық ғалым. «Дін деп жеке тұлғаның сезімдерін, әрекеті мен тәжірибесін айтуға уәделесіп алайык, себебі солардың мазмұны арқылы дінде Құдай деп саналатын болмысқа деген қатынас айқындалады».

Діннің бұдан да баска толып жатқан ұғымдары бар. Адамзат тарихында діндер үлкен эволюңиялық жолдан өтті және олар әртүрлі болды. Жалпыға бірдей ортақ дін болған емес.Дін қоғам өмірінің рухани саласына жатады. Дінге қоғамдық жүйе оның типі әсер береді. Алғашқы қауымдық құрылыста, қүұдық қоғамда көп Құдайшылык өмір сүрді. Адамдар нағыз Құдайды тани білмеді. Біртіндеп адамдар қоғамның өзі Құдайдың біреу екендігіне көз жеткізді. Дін туралы әртүрлі пайымдаулар да болды. Атеистер Құдайды да, дінді де мойындамады. Дін материалдық нәрсе емес рухани немесе қоғамды идеалистік тұрғыдан түсіну формасы ретінде өмір сүріп келеді. Ал материалдьщ қатынастар діннің қалыпты өсуіне жағдай жасайды немесе дінді қуғындайды (социализм тәжірибесі).

Дін ұғымы - объективті құбылыс. Ол санадан тыс болған және бола береді. Дін сананы билейді.

Атеистік ұғым тұрғысынан дін - объективті құбылыс емес, ойдан шығарылған құбылыс. Дін санаға тәуелді. Дін мәңгілік емес. Қоғам жоғары даму деңгейіне жеткенде дін өзінен-өзі жойылады .К. Маркс және Ф. Энгельсдінге қарсы болды. К. Маркстің пікірінше «дін дегеніміз өзін-өзі таба алмаған немесе өзін қайтадан жоғалтып үлгерген адамның өзіндік санасы және өзіндік сезінуі». Энгельс: «кез келген дін адамдардың күнделікті өмірінде оларға үстемдік жүргізетін сыртқы күштерді адам санасындағы фантастикалық көшірмесінен басқа ештеңе емес, ол жер бетіндегі күштердің болмысынан тыс формаға енуінің көшірмесі». К. Маркс пен Ф. Энгельс діннің көп жақтарын зерттеді.

У. Джеймс дін психологиясын зерттеуші америкалық ғалым. «Дін деп жеке тұлғаның сезімдерін, әрекеті мен тәжірибесін айтуға уәделесіп алайык, себебі солардың мазмұны арқылы дінде Құдай деп саналатын болмысқа деген қатынас айқындалады».Діннің бұдан да баска толып жатқан ұғымдары бар. Адамзат тарихында діндер үлкен эволюңиялық жолдан өтті жәнеолар әртүрлі болды. Жалпыға бірдей ортақ дін болған емес.

Дін қоғам өмірінің рухани саласына жатады. Дінге қоғамдық жүйе оның типі әсер береді. Алғашқы қауымдық құрылыста, құлдық қоғамда көп Құдайшылык өмір сүрді. Адамдар нағыз Кұдайды тани білмеді. Біртіндеп адамдар қоғамның өзі Құдайдың біреу екендігіне көз жеткізді. Дін туралы әртүрлі пайымдаулар да болды. Атеистер Құдайды да, дінді де мойындамады. Дін материалдық нәрсе емес рухани немесе қоғамды идеалистік тұрғыдан түсіну формасы ретінде өмір сүріп келеді. Ал материалдық қатынастар діннің қалыпты өсуіне жағдай жасайды немесе дінді қуғындайды (социализм тәжірибесі).

Дін ұғымы - объективті құбылыс. Ол санадан тыс болған және бола береді. Дін сананы билейді.

Атеистік ұғым тұрғысынан дін - объективті құбылыс емес, ойдан шығарылған құбылыс. Дін санаға тәуелді. Дін мәңгілік емес. Қоғам жоғары даму деңгейіне жеткенде дін өзінен-өзі жойылады.

Дін тарихта саясатқа, экономикага, әлеуметтік жүйеге, таптық қатынастарға, мәдениетке ерекше әсер етті.Орта ғасырларда Рим папасы бастаған қасиетті Рим империясы Европадағы саясатты белгілеп отырды. Корольдер мен патшалар Рим папасының ықпалымен тағайындалды және босатылды.

Ислам мемлекеттерінде бүкіл саяси жүйелер, конституциялар, заңдар шариғатқа сәйкес келуі тиіс.

Ұзақ ғасырлар бойы шіркеу отбасылық қатынастарды, әдеп- ғұраптарды, басқа да әлеуметтік мәселелерді шешуді өз қолына ұстады.

Орта ғасырларда, қайта өрлеу кезеңінде діннің ықпалымен мәдениеттің, көркемөнердің, ғылымның, мүсін жасаудың, сурет салудың орасан зор жетістіктеріне кол жетті. Бұл кезең мәдениеттің алтын кезеңі болды. Бұл христиандық мәдениеттің ыкпалынан туындады.

Орта ғасырлык Ислам әлемінде де діннің ықпалымен архитектураның, ғылымның, әдебиеттің ақындық өнерінің неше түрлі туындылары мәңгілік өмірге келді. Осының бәрі де Құдайдың құдіретімен жасалды деп саналады.

Тотемизм.Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғаммен бірге дінде дамыды. Алғашқы діндердің бірі тотемизм немесе тотемге табыну.Тотемизм - адамдардың жануарларға, ағаштарға, кұстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы.Сонымен қатар түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары - әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бүрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес.

Анимизм(лат. апіта - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин немесе жансыз дүниенің жаны бар деп түсіну және соған табыну. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор(1832-1917) енгізген.Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелі», «қасиетті» жер бедерлері мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшін қоршаған орта киелі таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Ағаштарга киелі деп шүберектер байлап кету және сол ағаштардан қандай да бір жәрдем қорған сұрау анимизмнің белгілері. Анимистік әдет-ғүрыптар дәстүрлік сипатқа ие болған және олардың ешқандай діни сипаты жоқ.Анимистік діни үғымдар солтүстіктің аз халықтарында нанайларда, ненецтерде, эвенкілерде, хахастар, буряттарда, т.б. көбірек кездеседі.

Фетишизм- (французша тұмар, қасиетті күші бар зат дегенді білдіреді) жансыз материалдық заттар тасқа, ағашқа, сүйекке, малдың бас сүйегіне, тіске, тағы басқаларға табыну, оларды қамқоршы көру. Көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, көне мәдениеттерге тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Кейінірек тас мүсінді құдай, пұттар, ескерткіштер жасап соларға табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық санасына сай туындаған болатын. Фетишизм ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш-қуат берілсе болғаны. Терминді ғылыми айналымға ағылшын саяхатшысы Дж. Лон енгізген.

Магия(лат. та§іа ерекше.сиқыршылық) алғашқы қауымдық дін формаларының бірі. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелғі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды.Табиғат күштері алдындағы дәрменсіз ежелгі адамдар күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялык іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас барысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің немесе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді.Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы.Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты.Емдеу магияның максаты дуалау, үшкіру, басқа да «сиқырлық» тәсілдер арқылы ауруларды емдеу.Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұрады. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады.Зиян келтіруші магия адамдарға, жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді.Соғыс магиясында жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады.

Ауа райы магиясында шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады.Қазіргі кезде магиялық әрекеттер көптеп кездеседі. Түрлі магиялық жолмен сырқаттарды емдеушілер көп. Кейде олар ауруларды өлімге дейін апарады. Магия иелері өзіне келушілерді қандай да бір тылсым күштерге сендіреді. Әсіресе, «қара магия» аса қауіпті. Қара магияшылар сыртқаттың бойына енген ауруды басқа бір магияшылардың әрекеті немесе әлде біреудің тапсырмасымен жасалған аурулар деп түсіндіреді. Сол магияда, тапсырма берушілердің бетін қайтару арқылы сырқатты жоямын деп әрекет етеді. Егер сырқат жазылса, осы сырқатқа тапсырыс беруші қара магия да, оны жалдаушы да жойылады деп сенеді. Егер тапсырыс беруші қара магия жеңілсе психологиялық ауытқуға ұшырайды немесе өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ осы кара магияны біреуге жалдаушы да қиын жағдайға ұшырайды. Бүгінгі Қазақстанда қара магиялық әрекеттер жиі кездеседі. Дәрігерден көңілі қалған аурулар көбіне қара магияларға барады.

Көріпкелдік әрекеттер жасаушылар немесе тәуіптер де ежелден келе жатқан кәсіп иелері. Затын ұрлатқандар, қиындыққа ұшырағандар, бала таппағандар, т.б. жағдайы болмағандар тәуіптерге барады. Тәуіптер оларды қабылдай береді. Көріпкелдер мен тәуіптердің кеңестерінің тура келетін жағдайлары да кездеседі.

Ежелгі Египет дінітуралы «Өлілер кітабында» біршама деректер бар. Бұл кітапта басқа да деректер мол. Онда мумия туралы, о дүние туралы, қайтыс болғандарды жерлеуде айтылатын өлеңдер, әндер туралы нұсқаулар бар. Өлген адамдарды соттау жөнінде арнайы тарау бар. Сотты өлілердің Құдайы Осирис жүргізеді. Ежелгі Египетте көп құдайлық орын алған. Ежелгі египеттіктер құдайлар мен жындар әрекеттесе алады деп түсінді. Сонымен қатар Египетте әртүрлі жануарларға табыну орын алды. Әсіресе, қолтырауынға табыну орын алды. Бұқаға табыну, жер жырту мен ер адамның күшіне табыну ретінде пайда болды. Қасиетті Апис бұқасына табыну көп кездесті. Ең жоғарғы құдай ретінде күн құдайы Ра танылды. Сондай-құдайлардың әртүрлі аттары да болды. Атон — күн ең жоғарғы жалғыз құдай. Исида - ұлы ана құдай. Тот - ай кұдайы. Себек - су қүдайы, т.б.Фараондар Ра кұдайдың ұлы немесе құдайдың өзі деп танылды. Фараонға табыну орын алды. Пирамидалар Фараондардың мәңгілік өмір сүретін қабірі ретінде салынды.

Ежелғі Египетте абыздарүлкен рөл атқарды. Қасиетті табыну орындарында жоғарғы абыздар табыну рәсімін жүргізді. Абыздар Фараонға жақын адамдар болды. Олар сол кездеғі білімдерді терең меңгерді. Олар храмдарды басқарды және ұстап түрды. Халық оларға ерекше күш иесі сиқыршылар ретінде қарады. Олар әртүрлі ғажайыптар да жасай алды.Александр Македонский Египетті жаулап алды. Ол - Египеттегі Александрия каласын салдырушы. Осы калада әлемнің жеті кереметінің бірі «Александрия маяғын» тұрғызды. Египеттіктер А. Македонскийге кұдай ретінде табынды. Абыздар оны фараон және Амон құдайдың ұлы деп жариялады.

Ежелгі Грециядакөп құдайлык орын алды. Сондай-ақ діни- мифологиялық ағым да күшті дамыды. Грецияда кұдайлардың арнайы пантеоны болды. Құдайлардың ең үлкені Зевс деп есептелді. Зевс - аспан кұдайы. Олимпида ұрпақтарының патшасы аса зор күш иесі Зевс болды. Зевс сөзі - көгілдір нұрлы аспан дегенді білдіреді. Әйел құдайы - Гера Зевстің заңды жұбайы болды. Зевстің інісі өлілер патшалығын басқарды. Екінші інісі Пасейдон теңіздерді басқарды немесе су құдайы деп аталды. Афина (әйел құдай) қалалар мен бекіністердің құдайы болды. Латон (әйел құдай) алыптар елінен шыққан Зевстен Артемида жэне Аполлон атты егіздерді туды. Артемида аңдар билеушісі, пәктікті сақтаушы, әйелдерді басқарушы. Әйелдер Артемидаға табынды.Аполлон күміс жебелі, күн сәулелі, алтын шашты, күн сәулесін және мал табындарын сақтаушы, ғылым мен өнер, дәрігерлік, саз өнерінің қамқоршысы, жолдар мен жолаушылардың, теңізшілердің қорғаушысы, болашақты болжаушы, кісі өлтірушілердің көзін жоюшы құдай аталған. Аполон Күн ретінде, ал Артемида Ай ретінде танылды.

Зевс пен Гераның ұлы Арес - соғыс құдайы. Апата - алдау-арбау құдайы. Немезида-кек кайырушылық құдайы. Ника - жеңіс құдайы. Мойра - тағдыр құдайы. Гефест - ұсталық құдайы. Афродита - махаббат құдайы.

Ежелгі Римдекөп құдайға табынушылык орын алды. Ежелгі Рим діні бірнеше кезеңнен өтті. Алғашында Римдіктер пұтқа табынушылар ретінде грек құдайларына табынды. Римдіктер де жер өңдеуге, табиғатқа, әруақтарға, сиқырлы күштерге табынды. Римдік пантеонның ең жоғарғысында аспан құдайы Юпитер тұрды. Кейінірек «үштік» - Юпитер, Юнона жэне Миневра тұрды. Юнона-Юпитердің әйелі, некені сақтаушы. Миневра - даналық, өнер немесе қолөнері кұдайы. Олар мемлекетті сақтаушы болды. Олардың Капитолийдағы бейнесі мемлекеттік табынудың негізгі орталығы болды. Грек-рим мәдениетінің жақындасуы олардың құдайларынын да бір-біріне ұқсауына алып келді. Юпитер - Зевс, Юнона - Гера,Диана - Артемида, Венера - Афродита, Виктория - Ника, Марс -Арес, Меркурий - Гермес және т.б. Тіпті олардың мифологиясы дажакындасып, араласып кетті.

ГректердіңГераклін Римдіктер Геркулес - деп атады. Римдегі діни әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер белгілі бір тәртіппен жүрді. Онда тыйым (табу) салынған әрекеттер болды. Сильванақұдайға (Орман құдайы) табыну кезінде әйелдердің катысуына жол берілмеді. Көңілді құдайдың (Бона деа) мерекесіне ер адамдаркатыстырылмады.

Ежелгі Қытай діндері - табиғат құбылыстарына табыну, киеге табыну, рухқа табыну, тотемге табыну, ата-баба аруағына сиыну,әулие-батырлар рухына сиыну, т.б. толып жатқан алғашқы наным-сенімдер негізіндегі көп құдайлы діндер болатын. Бұл көп кұдайлыдіндер — қытайдың дәстүрлі діни сенім-нанымы қалыптаса бастағаналғашқы Чинь мен Хань дәуірінде бар болмыс-бітімімен жарқырапкөрінді. Тіпті табиғаттың немесе ұлы жаратылыстың тылсым заттары мен құбылыстарын өзінің басты табыну объектісі ететінжаратылыстық заттарға сиыну діні қытайдың алғашқы кезеңдегі:Шия, Шаң, Джоу бектіктері кезіндегі өркендеуі; одан кейінгі тәңірлікдін, ата-баба рухына табыну діні, аруаққа сиыну діні, сонымен біргетүрлі бақсы-балгерліктің кеңінен қанат жаюы - бәрі-бәрі де қытайхалқының діни сенім-нанымын байыта және күшейте түскені өз алдына, ең бастысы, бұлардың бәрі жиналып келіп, қытайдыңөзінің төлтума іргелі діні Даосизмнің пайда болуына әлеуметтік,танымдық алғышарт әзірлеп берді. Сонымен бірге алғашқыдағы көпқұдайлы діндердің адамдар санасына терең орнығуы кейінгі кездегібірнеше іргелі діннің (Дао, Буддизм, Ислам, Христиан) бейбіт, катар,түсіністікте өмір сүруіне берік психологиялық негіз қалап берді.Ежелгі Шжоу дәуірінде Қытай басқарушылары, патшаларыаспанмен теңестірілді. Аспанға табыну кеңінен орын алды. Табынукезінде құрбандық шалынбады. Әртүрлі артық рәсімдер жасалмады.Патша аспан алдындағы міндетін дүрыс орындау туралы құдайдансұрады. Кейінірек өлген патшалардың әруағына табыну пайда болды. Бұл ілім бойынша адам екі материалдық және рухани-хуньатты жанға ие болды. Өлген адамның денесіне жерге кетеді, ал екінші жаны хунь аспанға кетеді. Ежелгі Қытайда жерге табынуда көп кездесті.

Ежелгі қытайда Конфуций ілімі терең орын алды. Конфуций (Кун-Цзы-ұстаз - Кун) б.э.д. 551-479 жж. өмір сүрді. Конфуций алғаш рет барлык адамдар тең құқыққаие деп дәлелдеді. Бұл - аса үлкен жетістік. Конфуций кемелденген адамның бейнесін жасады. Оны цзюнь-цзы деп атады. Кемелденген адам баршаға үлгі болып, екі артықшылықкқа: адамгершілікке, парызын атқаруға немесе парызын сезінуге ие болды.

Адамгершілік (жәнь) — өте жоғары қол жетпейтін идеал, артықшылықтардың бірлігі. Бұл қасиетке тек ертедегі адамдар ие болды.

Парызды сезіну (и) белгілі бір моральдық талапқа негізделіп, адамгершілікті адам өзі орындауы тиіс. Парызды орындау есепке құрылмауы тиіс. «И» түсінігі білімге даналыққа меңгеруге итермеледі.

Хань дәуірінде Конфуңийдің ілімдері жүйеленіп «Лицзи» трактатына біріктірілді және бүл нормалар 2000 жыл бойы міндеттілік сипат ретінде орындалып отырды, адамдарды цзюнь-цзы дәстүрінде тәрбиеледі.

Конфуций мемлекеттің түпкі мақсаты адамдардың мүддесі деп жариялады. Конфуций ілімі жоғарыдағыларға толық бағынуды талап етті. Мемлекетті үлкен отбасы, ал отбасын кішкене мемлекет деп санады. Біртіндеп Конфуций ілімі Қытайдың ресми идеологиясына айналды.

Даосизм.б.э.д. VI-Vғ.ғ. калыптасқан бұл ілім «Дао дэ цзин» немесе «жол мен құт қағидасы» жазылғаннан кейін пайда болған. Бұл ілімнің негізін салушы Лао-цзы. Даосизмнің Конфуцийлықтан айырмашылығы - мұнда қоғамдық мәселелерге аз көңіл бөлінді. Даошыларда діни мистицизм басым болды. Бүл ілім бойынша дао принциптері бүкіл әлемдік сипатта болды. Сондай-ақ адамдардың мінез-құлқын белгіледі. Дао ілімі бойынша храмға кірген адам бірден қасиетті үш табынушысы Сан-цинді көреді. Бұл үштік түрінде. Екінші қатарда жоғары түрған Ю-хуан-шань-ди құдіретті құдай, әлемді жаратушы. Дао ілімі бойынша табиғат, адам, уақыт, кеңістік бэрі де өзгеріп отырады. Тек дао ғана тұрақты. Дао ешкімге тәуелді емес. Бұл ілім бойынша бүкіл ортаның қожайыны даомен үйлесіп дамуы тиіс. Дао ілімінің материалистік сипаты басым.

Тәңірлік дін туралы тікелей деректер Ғұн заманынан белгілі. Ғүндардың императорын тәңірқұты, қытайша «шанью» деп атады. Ғүн патшасы тәңіркұтыны «Аспан үлы», «Аспан мен Жерден жаратылған, Күн мен Ай таққа әкелген, ұлы тәңірқұты» деп атайтын.

Олар, сондай-ақ әскердің оң және сол қанаттарын басқарды. Олардан төменірек Тәңірқұтының туыстары болып келетін белгілі бір аумақтардың басшылары отырды.

Тәңірқұты таңертең Күнге табынса, кешке Айға бас иетін. Тәңіркұтының мыкты орталықтанған мемлекеттік аппараты, толып жатқан көмекшілері мен уәзірлері, әскербасылары болды. Тәңірқұтының билігі шексіз болған. Ол әрбір қоғам мүшесін өлім жазасына кесіп жібере алатын.

Ғұн патшасын Тәңірдің адамдарға сыйы, құты деп атап, сондықтан оларға Тәңіркұты деген ат берілді. Ғұн мемлкетінде бір Құдайға табынуға негізделген тәңірлік діні пайда болды және қызмет етті.

Көне түріктер “Бір Тәңірі” деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандык ‘Алла , Кұдай ұғымдарына жакын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бірқұдайлық дін.

Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек.Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей бай- ланысты. Қазақгың арғы бабалары Күнге, Айғада табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.

Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр.

Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Адамдардың өздерін белгілі бір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі тотемдіктің көрінісі. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді.

Фетишизм - белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жасботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бэрі фетишизм сенімі.

Бақсылық. Бақсы ежелгі түсінік бойынша тылсым әлеммен байланыс жасай алатын, тәуіптік, балгерлік, сәуегейлік, көріпкелдік, сиқыршылық, т.б. ерекше қасиеттері барадам.

Бақсы ертедегі шаман дініне сақталған ұғым. Ол кезгі сенім-наным жан иесі түрпайы денеден және нәзік болмыстан түрады. Адам өлген соң жан денені тастап, рухқа айналады. Рух фәни дүниеде түрлі қалыпқа еніп, әрекет жасайды, бұлар табиғат кұбылыстарына да әсер етіп отырады деп түсіндірілді. Бақсы тылсым әлеммен байланысқа еніп, ондағы түрлі рухтанды өз қызметіне пайдалана алатын адам. Бақсы гипноздық өнер де коссте алады. Баксы бақсылық жасағанда қай жаққа қолын сілтесе, сол жақта 5-10 қадам жерде тұрған заттар қылышпен шапқандай кесіліп кете береді. Киіз үйдің туырлығы тілініп, кірпіш үйдің қабырғасы қақ айыры- лады. Көрермен жұрт мұның бәрі Бақсының “керемет” әрекеті деп біледі. Қылыштың жүзімен жүреді. Шоқ темірді қолымен үстап, тіліне қариды, өткір пышақпен өз мұрнын өзі “кесіп” тастайды. Ақыр аяғында денесінде бір де бір жара, не сызат, белгі қалмайды. Бақсыларға тән айрықша қасиеттердің бірі - емшілік (тәуіпшілік). Қазақ бақсылары қобызда ойнап, зарлы не қаһарлы үн, әуендер шығару, түсініксіз жыр жырлау, “жынын шақырып” зікір салу немесе гипноздық, т.б. “керемет” көрініс, әрекеттер жасау арқылы науқастың жүйкесіне әсер ете емдейді. Табиғаттың құдіретті күштеріне иландырады, өзіне баурап алады. Ол үшін үлкен табиғи дарын, қасиет керек. Олардың келешекті болжайтынына, адамның тағдырын шешіп, оның ойын сезіп тұратынына, өткен өмірін де ашық айтып бере алатынына, табиғи құбылыстар тудыра алатынына, жын-шайтандарды қуатынына халықтың белгілі бір бөліктері бүрын да, кейін де сенді. V ғасырдағы ғұн патшасы Еділдің (Атилла) айналасында көптеген даңқты Бақсылар болған. Олар әрбір күрделі оқиғаларды күні бұрын болжап, патшаға жеткізіп отырады екен. 451 жылғы Каталаун шайқасының тағдырын Бақсылар құмалақ ашып, бірнеше күн бұрын айтып берген. Болжам дәл келген. Қазақта ең атақты Бақсы бағаналы Қойлыбай — барлығының пірі,

қорғаушысы. Одан соң бағаналы Балақай Бақсы, Жанақ Бақсы, Көкшетау даласында Шөмен Баксы, т.б. болған. Бақсыны басқа тілдерде: шаман, экстрасенс, мистик, иога, спиритуалист, т.б. д атайды. Қазак жеріне мұсылман діні ене бастағаннан кейін ел өмірінде Бақсылардың алатын орны мен рөл төмендеді.

Баксылыктың нақты кай кезде калыптасканы белгісіз. Ислам діні енгеннен кейінде бақсылыққа оның ықпалы болмай калған жоқ. Адамның науқастанарылуы, сәуегейліктің шынға айналуы біршші Алланың, одан соң әулие-әнбиелердің, аруақтардың атауымен жүзеге асады деген түсінікке карай біртіндеп ойысты. Ертеде бақсылар ел ішінде кез келген жағдайда көмекке келетін, құр тұтқан түлға болды. Шаман Тундра аймағында үлкен рөл атқарды.

Ш Уәлихановтың және И. Ибрагимов жазбаларында бақсы толғақ кысқан әйелге қаскөй албастыны қамшының көмегімен куатыны туралы айтылады. . Аруақ, жан денеден бөлек өмір сүреді деген көне ұғымнан туған

діни наным бойынша өлген кісінің тіршіліктеп адамдарды желеп-жебеп жүретін жаны (аруағы). Халықта аруаққа, әсіресе тірісшде ел ағасы, рубасы, би, батыр болған қадірлі адамдарды касиет түтып, киелі санап, соның аруағына сыйыну салты кең тараған. Ертеде ел қорғауға аттанған сарбаздар майданға кіргенде, жекпе-жекке шықканда немесе намысқа шапканда руға, алашқа ұран болған аталар аруақтарына сыйынған.

Дәріс№2. Әлемдік және дәстүрлі діндер. Будда, христиан,ислам діндерінің негіздері және негізгі бағыттары. Діндердің өркениетті дамытудағы рөлі.

1.Буддизм дінінің негізін қалаушы Сидхартһа Гаутама. Нирвана туралы ілімі

2. Христиан дінінің пайда болуы. Католик діні.Православие шіркеуі. Протестанттық діни ағымдар.

3. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы.

Негізгі қағидалары. Исламдық ғылым және мәдениет

Әлемдік діндерге — буддизм, христиандық, ислам жатады. Бұл діндерді әрқайсысын қазіргі кезде әлемнің миллиардтан астам халыктары ұстанады. Бұл діндер бірнеше материктерге тараған. Осы діндердің ішінен жүз миллионнан астамнан адамдар ұстанатын басқа діндер «конфессиялар» бөлініп шыққан. Мысалы, христиан әлемі католик, православие және протестанттық конфессияларға бөлініп кеткен. Ал протестанттықтардың өзі миллиондаған адамдардан тұратын ондаған конфессияларға және секталарға бөлініп кеткен.

Әлемдік діндердің негізін қалаушы Будда, Иисус Христос, Мұхаммед сияқты нақты тарихи тұлғалар болғаБуддизм дінінің негізін қалаушы Сидхартһа Гаутама.Нирвана туралы ілімі

Буддизм алғашында монахтардың діні болды. Кшатрилердің әскери касталарының талабын қанағаттандырды. Бірақ Будданың ілімі кейіннен қатты дамыды. Буддизмнің негізгі бастаулары әртүрлі және көп. Олар ежелгі санскрит, тибет, маньчжур, қытай, жапон тілдерінде болды және бір-бірінен өзгешеліктері білінді. Будда дінінің жүйеленуі Гаутама Буддаға байланысты болды.

Буддизм Сиддхартха Гаутаманың ілімінеитаралған дін деп есептеледі. С. Гаутама б.з.д. 560 жылдың шамасында солтүстік шыгыс Индияда туылған. Оның әкесі Шуддходанна кшатрий кастасынан шыққан раджа болған. Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалык және мәдени дағдарысқа ұшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалды қөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиңия болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдің басын біріктіруге талпынды.

Будда ілімі кандайда бір Құдайға немесе адамға табынуға бағытталмаған. Будда құдай емес және Құдай жіберген елші де, ол адамдарды құтқарушы да, адамдардың күнәсін жуып-шаюшы да емес, Будда бар болғаны адам.

Будда - өмірдегі қателіктерден, қиналудан, қараңғылықтан өзін-өзі сүюші менмендіктен, тойымсыздықтың кері әсерлерінен оянған, басқалардан өте жоғары тұратын сиқырлық күшке не, жоғары руханн деңгейдегі - адам.

Будда ілімі бойынша адам екі нәрседен аулақ болғаны жөн.

Біріншісі - әртүрлі рахатқа, ойын-сауыққа және жан құмарлығына арналған өмір; бүл рухқа қарсы, төмен дәрежедегі, дәстүрге сай емес, алғыссыз және жөнсіз өмір.

Екіншісі - өзін-өзі ерікті қинауға салған өмір; бұл қараңғы, төмен дәрежедегі, дәстүрге сай емес өмір.

Кемелденген адам бұл екі нәрседенде алшақ тұрады; ол ортада жатқан жолды таныған, көз бен ақылды ашатын тыныштықка, танымға, ақылға, ағартушылыққа, бір сөзбен айтқанда Нирванаға апаратын жол. Бұл жол арқылы Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзу көзқарас, түзу шешім, түзу сөз, түзу әрекет, түзу өмір, түзу ұмтылыс, түзу естелік, түзу өзін-өзі жетілдіру, тереңдету.

Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі - «азап шегушілік». Ол төрт игілікті акиқаттан түрады.

Бірінші ақиқат - өмір сүру азап шегу болып табылады.

Екінші ақиқат - азап шегудің себептері адамның тілегі мен құмарлығына байланысты болды.

Үшінші ақиқат - азаптан құтылудың жолдары - құмарлықтан құтылу. Төртінші ақиқат — тілектер мен құмарлықты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек. Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтқысыз наным, дінге нұқсан келтірмей Дұрыс талаптану, тәртіпті болу, кісі өлтірмеу, адамдармен соғыспай жақсы қарым-қатынаста болу, өзін-өзі ұстау және аңдап жүру. Қысқаша айтқанда, нирванага жету.

Нирвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар қараушылықты атаймыз. Соған жеткен адам қайта туудан құтылып, азап шегушілік тоқталады.

Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм діндері үлкен әсер етті. Бірақ ол өз діни жолын тапты. Өзінің қатаң тақуалық тәртіп жолында медитаңия әрекеті мен сергектенуге жетті немесе

Будда атағын алды. Буддалык дәрежеге жеткен соң, ол әрі қарай тақуалық жұмысын жүргізе берді. Ол Сангха (монах ордені) деген кауым құрды. Ол орден халыктардың садақалык, қайырымдылық көрсетунің арқасында өмір сүреді.

Сангха болса, Будда ілімін (дхарма) халықтарға жеткізу үшін жұмыс істеді. Алғашқы Сангха бірте-бірте өсіп, дами отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқы б.з.д. 300 ж. Сангха бірқалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар бөлінш шығып, айрыкша мектептерге айналды. Біздің заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханың әртүрлі ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна (кіші күйме) және Махаяна (үлкен күйме). Хинаяна Тхеравада (ескі өсиеттік жол) көзқарасын дамытты. Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастықпен дамыды.

Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет- ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айрмашылығы өте зор десек те болады. Бұл ағымдар:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]