Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
religia_3.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

1.Иегова куәгерлері:пайда болуы,құрылымы,әрекеттері,қауіптілігі

2.Саентология шіркеуі:пайда болуы,құрылымы,әрекеттері,қауіптілігі

3.Жетінші күн адвентистерінің қызметі. «Агапе»,«Жаңа өмір», «Грейс», «Рахым»,т.Б.Шіркеулердің Қазақстандағы миссионнерлік қызметі.Олардың діни әдебиеттері.Шіркеулерінің республикаға таралуы

Кейінгі уақытта католик, протестанттық және дәстүрлі емес діни кұрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде.«Иегова куәгерлері» бірлестігінің миссионерлік қызметі ерекше қарқын алуда. «Иегова куәгерлері» Қазақстандағы сан жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр.

«Иегова куәгерлері» діни бірлестігін Қазақстанда екінің бірі біледі. Өйткені ағым мүшелері елімізде өздерінің дінн насихат іс-әрекеттерін белсенді жүргізіп жатыр. Дәл солар секілді, көшеде кетіп бара жатқан адамды тоқтатып алып немесе әрбір үйдің есігін қағып, көрінген адамның іші-бауырына кіре, түрлі-түсті көз тартар кітапшаларын таратып, онымен қоймай өздерінің Інжілді оқыту жиналыстарына шақырып, «жатпай-тұрмай» еңбектеніп жатқан өзге діни ағымдар өкілі некен-саяқ. Әлем бойынша жеті миллиондай мүшесі бар «Иегова куәгерлері» бірлестігінің насихат таратушылары Қазақстанның әрбір қаласында қаптап жүр. Әсіресе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында олардың ірі ұйымдары орналасқан.

1870 жылы Америка Құрама Штаттарында Чарлз Тейз Рассел (1852-1916) Інжілді зерттеу ұйымын құрды. Осы ұйым негізінде «Иегова куәгерлері» атты діни ұйым құрылды. Орталығы Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк каласы. Алғашында ұйым «Киелі кітаптың зерттеушілері» деп аталған. 1931 жылы «Иегова куәгерлері» деген атқа ие болды. Иегова Тәуратта тәңірге берілген есім. Иегова куәгері дегеніміз - тәңірге куәлік еткен, тәңір Иегованың жолымен жүретін кісілер деген мағына береді.

Иегова куәгерлері,мұсашылықтың ықпалында қалған «Христиан бағыты». Олар христиандықтың тармақтары - католик және протестанттарды адасқандар деп есептейді.

Киелі кітап, яғни Тәурат, Забур, Інжіл осы кітаптардыңсоңындағы хаттарға сеніп қабыл етеді.Құранды және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды мойындамайды.Сол үшін Иегова куәғерлері мұсылмандар емес. Иегова куәгерлері дәстүрлі діндердің катарына жатпайды.

Иегова куәгерлерінің 1971 жылы 15 желтоқсандағы «Сторожевая башня» журналында ұйымның құрылымы көрсетілген схема бар. Осының ең жоғарысында иегова құдай, Иисус Христос, одан төмен Басқарушы корпорация орналасқан.Бүкіл жердегі иеговалық куәгерлерге басшылықты осы Басқарушы корпорация жүргізеді. Басқарушы корпарациядан кейін «старейшиналар» және миссионерлік қызметшілер орналасқан.

Басқарушы корпорация жер бетіндеғі жалғыз ақиқаттың каналы болып табылады. Оған бағыну міндетті. Інжіл «Сторожевая башня» қауіміқалай оқытса, солай түсінілуі тиіс. «Құдай өз сөзін тікелей әңгіме үшін немесе ақиқатты өз-өзінен жеткізу үшін ғана жарқырата жібермеген. Құдай бұл жарықты тек өз үйымы арқылы ғана жеткізеді».

«Иса пайғамбар»,«Сторожевая башня» қауімін тек өзінің жердегі жалғыз өкілдігі ретінде сайлаған (Басқа христикандық конфессияны жоққа шығарған).Иеговадан басқа үйымдардың бәрі де шайтанның ұйымдары болып табылады».

Иеговашылар шіркеуді тура жолдан бас тартқан деп санап жалғыз ақиқат ретінде өз жолын санайды.

Иеговашылар өз ғимаратын патша залдары деп атайды. Діни қызмет бір орталық АҚШ-тағы Бруклингтегі штатгың басшылығымен жүреді. Тіпті діни ән айту оларды орындау тәртібі де бақылауда түрады. Діни қызметті жиындарды старейшиналары жүргізеді.

Шымкент қаласы ұзақ жылдар бүкіл Орта Азия республикаларының және Оңтүстік Қазақстан облысы Иеговашылар орталығы болып саналды. Осы өңірлердің (5 республиканың) иеговашылары Шымкентке жиналып осындағы старейшинаның басшылығымен жылына 2 рет аудандық конгрестерін өткізіп тұрды. Олардың географиялық схемасы бойынша Орта Азияның 4 республикасы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының иеговистерінің бір ауданы болып есептелді. Шымкентте олардың 2003 жылға дейін жеке храмдары болмады. Дінирәсімдерді, соның ішінде өз конгрестерін жалдамалы ғимараттарда өткізіп жүрді.

Христиан дінінің басқа ағымдары иеговистердің ілімін жоққа шығарады және оған карсы. Әсіресе, христиан әлеміне иеговистердің шіркеуді тура жолдан бас тартқан, ақиқатты нағыз жеткізуші иегова- шылар деген тұжырымы ызаландырады.

Иеговашылар тарихи христиандықты жоққа шығарып отырып құдайдың үштігін, Иса пайғамбардың құдайлық сипатын оның қайта тірілетінін жоққа шығарады.

Қазақстандағы «Иегова куәгерлері»діни орталығы жоғарыда айтқанымыздай Есік қаласында орналасқан. Иегова куәгерлерінің 79 діни бірлестіктері әділет органдарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар. «Иегова куәгерлері» саны 20 мыңға жуық. 1999 жылы діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы кұрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді біріктіреді.

«Иегово куәгерлерінің» өз дініне шақырған уағызшылары жиі кездеседі. Олар алдымен: «Мынау киелі кітап сөздері» дейді. Артынан сізге отбасы, өмір мәселелері жайлы сұрақ қояды, пікіріңізді сұрайды. Олар сізбен сөйлесіп, соңында қолыңызға әсем безендірілген бүктемелі бір парақша, не болмаса журнал ұстатады.

«Иегова куәгерлері» діни бірлестігіне кірген адамдар өмірінде күрт өзгеріс орын алып, адам отбасында жақын адамдармен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап, дәлелдеуге тырысады. Өзімшілдікке бой алдырып, тіпті кейбір діни бірлестік мүшелері жеке мүлкін сатып, ортак қауымдық меншікке қосады. Бұл дәстүрлі қоғамдық өмірді өзгертуге алып келеді.

«Иегова куәгерлері» мүшелерінің негізгі міндеті - өз ілімдерін насихаттау, діни ұйымға адамдарды кіргізу. Үгіт-насихатқа ұйым мүшелері табыстарының 10% береді және үгіт-насихат жұмыстарына айына кемінде 10 сағат бөлуі тиіс және бұл шарамен өте белсенді ай- налысады. «Иегова куәгерлері» мүшелері басшыларының бұйрығын орындауға әр уақыт дайын болуы керек. ¥йымның әрбір мүшесі ай сайын қанша рет миссионерлікпен айналысты, неше рет ұйым жиынына қатысты, Библияны оқуға қанша уақыт бөлгені, ұйымға қанша ақша қосқаны туралы есеп жүргізіп отырады, жыл соңында басшылыққа есеп береді.

«Иегова куәгерлері»діни бірлестігінің ТМД бойынша аймақтық басқару орталығы Санкт-Петербург қаласында орналасқан. Ал Қазақстан көлеміндегі басшылық орны - Есік қаласында. «Куәгерлер» өздерінің басқосуларын жиі-жні өткізіп тұрады. Оларды да кейде ҚР қолданыстагызаңдылықтарына қайшы жагдайда әрі жергілікті билік және басқару органдарының тыйым салганына қарамастан өткізеді.

¥йым қатты науқас болған немесе апатқаұшыраған өз мүшелеріне өзге адамдардын қанын құюға тыйым салады. Осы негізде иегова куәгерлерінің кейбір мүшелелері қан құйгызбау себептен қайтыс болып кеткен.

Сондай оқиғалардың бірі Шымкент қаласында орын алды. Иеговашылдардың жас баласы ата-анасының қан қүюға тыйым салуына байланысты дүниеден өтті. Осы негізде баланың әжесі, кемпір кісі немересі үшін өз баласы және келінімен соттасуға мәжбүр болды.

Жалпы иеговаға өткен көптеген мүшелердің ата-аналары, туыстары үлкен трагедиялық жағдайларға душар болып жан күйзелісіне ұшыраған. Бүл ұйымға кірсең, одан кері шығу жеңіл шаруа емес. Көп жандар үшін секта құлдығына апарар жол - бір бағытта ғана, кейін қайтар жол болмайды.

Өйткені санасы әбден уланып, жүрегі секта деп соққан адамды бұрынғы ортасына, қалыпты дүниетаным үрдісіне қайтару - қиынның қиыны. Ол жандар «біз ғана дұрыспыз, қалғандарыңның бәрің - адасқансыңдар» деген сөзінен танбайды. Ол өзінің таным мүмкіндігінен айырылып, кірген сектасына психологиялық тәуелді болып қалады.

Алдымен өзі, сосын отбасы бүзылады. Осы тізбекті әрі жалғай берсек, отбасынан кейін қоғам, одан әрі мемлекеттің түтастығына сызат түсері айдан анық.

Иеговашылар жанның мәңгілігін жоққа шығарып, оның орнына Иеговашылардың қайта тірілетіндігіне сенеді. Жан түсінігі өмір түсінігімен сәйкестендіріледі. «Тек Құдай ғана адам қайта өмір сүре алатын рухты немесе өмірлік күшті қалпына келтіре алады».

«Иегова куәгерлері» Қасиетті Өсиет, Құпиялылық икондарды, қасиетті дүниелерді,монастрларды мойындамайды,иконаларға, қасиетті мүсіндерге, тіпті Мәрия ана мен Иисус Христостың өзіне табынбайды. Олар мұны пұтқа табыну деп есептейді.

«Иегова куәгерлері» судағы шоқындыруды құдаймен жеке қауышудың рәсімі деп есептейді. Өзге христиандық бағыттардан айырмашылықтары иеговашылдар, суға толық түсу арқылы шоқындырылады, Иисустың өзенде шоқындырылғаны және Иоанның да суы мол жерде шоқынғанын еске алу үшін жасалады.

Иеговашылдар аптасына бір рет кітап талқылау жиналысына және аптасына екі рет «патшалық залына» қатысулары керек. Бұдан өзге үлкен жазғы конгресс және жыл бойы болып тұратын шағын конгрестер бар. Иеговашылдардың құдайға құлшылдықтары «Күзет мұнарасы» журналы негізінде жүргізіліп тұрады. Ол «патшалық залданында» немесе арнайы жалға алынған үлкен ғимараттарда өтеді. Олардың уағыздары «көпшілік алдындағы сөз» деп аталады. Оның басты мақсаты иегова құдай мен Иисус Христос патшаның өз атынан ерушілерінен нені талап ететіндігін талқылау болып табылады. Мүндай кездесулер негізінен екі бөлімнен тұрады,сөзді көбіне үлкендер қатарынан, сонымен бірге көрші қауымдастықта қызмет ететін қарапайым көмекшілер де сөйлей алады.

¥йымда 203 елге таралған 25 694 қауымдастық бар. Қазіргі кезде әлемде 5,2 миллион куәгерлер бар деуге негіз бар. Ресейде 01.01.1996 ж. бойынша 128 иегова кәугерлерінің біріккен діни сектасы тіркеуден өткен. Ресейдегі «күзет мұнарасының» адептерінің жалпы саны 200 000 адамды құрайды. Соңғы жылдары бұл секта құрамы Ресей мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінң тұрғындарының есебінен көбеюде.

1956 ж. Сібір мен Қиыр Шығысқа жер аударылғандар да Қазақстанға келе бастады. Олар Қазақстандағы бірінші жиындар мен топтардың негізін құрады. 1955 жылдың 21 тамызында Нұра өзенінде алғашқы 6 адам шоқындырылып, кейін 1 аптадан соң тағы 12 адам шоқындырылды. 1963 ж. Қостанайда 50 шақты адам «иегова куәгерлері» болды. Осы уақыттан бастап иеговашылдар Орталық Қазақстанда белсенді әрекет етіп келеді. 1990 ж. дейін иегова куәгерлері заңсыз әрекет етіп келді, тек 1992 ж. ғана алғаш қауымдастық тіркеліп, облыстық конгресс өтеді. 1997 ж. 22 қаңтарда ҚазақстандаӨзбекстан мен Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түрікменстанда иегова куәгерлеріне канондық жетекшілік ететін діни орталықтары тіркеуден өтеді. Иеговашылдар құрамында қазақ, орыс, ұйғыр, украин, поляк, корей, курд сияқты түрлі ұлт өкілдері бар.

Иеговашылдардың Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдеріндегі ортак жетекші корпорациясы Есік қаласында орналасты.

Саентология шіркеуіАҚШ-та XX ғасырдың 50-ші жылдары пайда болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін “Дианетика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты еңбегінде корытындылаған.

Қазіргі кезде«Саентология шіркеуін» Давид Мэс-квидж басқарады, орталығы Лос-Анджелесте, діни басқармасы Клируотерде (Флорида штаты), негізгі Еуропалык орталығы Копенгагенде.

Саентологиялық орталықтар мен ұйымдар ТМД елдерінде де ашылған, соның қатарына Алматы қаласындағы орталықты да жатқызуға болады.

Саентология шіркеуі Ресей,АҚШ,Англия,Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Саентолгтардың пікірінше, тіршілік ету бір шеңберге шоғырланған, ол сегіз серпіннен құралады.

  • Адамның өзі ортада тұр.

  • Отбасы.

  • Топтар.

  • Адамзат.

  • Өмірдің барлық кейіптері.

  • Табиғат ғаламы.

  • Рухани ғалам.

  • Шексіздік немесе Жоғарғы Тіршілік иесі.

Саентология ілімі.Саентология белгілі бір іргелі акиқаттардың жалғасы болып табылатын ілімдер жүйесін қүрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары төмендегілер:

  • қай нәсіл болғанына, денесінің түсінің әртүрлілігіне және қандай дінді үстанатынына қарамастан, барлык адамдар тумасынанақ тең құқылы;

  • барлық адамдардың қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүруге деген бұлжымас кұкы бар;

  • барлық адамдардың рухани денсаулығына бұлжымас құқы бар;

  • барлық адамдар өзін-өзі қорғауға құқы бар;

  • адам тумасынан жақсы;

  • ол тірі болып тіршілік етуге ұмтылады;

  • тірі болып тіршілік ету оның өзіне және жақындарына, соны- мен қатар оның бүкіл әлеммен бірігуіне қол жеткізуіне байланысты.

Шіркеу казіргі кезде әлемнің барлык аймақтарына тараған отыздан аса тілде 107 мемлекетте 3100-ден астам «шіркеулер», «миссионерлер» қызмет атқарады.8 миллионннан аса мүшелері бар. Бірақ ресми органдар бұл көрсеткіштер тым үлкейтіліп көрсетілген деген баға береді.

Саентологияға байланысты адам өлімдері көп кездеседі.Лизы Макферсон 18 жасында саентологияға келді. Көлік апатына ұшыраған ол ауруханаға түседі.Бірақ саентологтар оны алып кетеді. Өз орталықтарына орналастырады. Медициналық жәрдемге рұқсат бермейді. 17 күннен кейін қыз қайтыс болады. Қыздың қайтыс болу себебі медициналық жәрдем бермеуден деп сот ұйғарым шығарады.

Патрис Вик 1988 жылы Францияда оқуға ақша таппай терезеден секіріп өледі. Оның әйелі саентологтарды сотқа берді. Сот 1996 жылы Патрис Виктің өліміне Лион каласындағы саентологтар шіркеуінің басшысы кінәлі деп табады. Шіркеу басшысы алаяқтық жасаған. Сондай-ақ сот саентологтардың 14 мүшесіне алаяқ деп кінә таққан. Осыдан соң Франңияның Премьер-Министрі саентологтарға қарсы түсіндіру жұмысын талап етеді.

Грег Башов саентологтардан көңілі қалып машинаның түтініне қарап уланып өледі.

Алберт Жакуер депрессиядан өлді. Қаржысыз қалды. Саентологтар оның 1 млн. доллар қаржысын қайтармай қойды.

Саентологияға барған азаматтардың мұндай қайғылы қазалары көптеп кездесті.

Американ журналисі Ричард Бихар «Саентология: процветающий культ жадности и власти» деген мақала жазды.

Саентология шіркеуі діни бірлестік ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінен тіркеуден өткен. Бірақ оның өзгелерден басты ерекшелігі - діни ағымдарға берілтін кеңшіліктерді пайдаланып,Хаббардтың ілімін бизнес көзіне айналдырып алғандығында. Саентология шіркеуіне мұсылмандык мемлекеттердің ішінде, Қазақстан алғаш болып есік ашты. Елімізге саентологтар 1999 жылы келіп, жарнаманың барлық дерлік түрлерін белсенді қолдану арқылы қарқынды дамыды. Келгенде жалғыз емес, түрлі бағытта жұмыс істейтін бірлестіктерін ерте келді.

ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының талаптарына сәйкес Қазақстанда саентология шіркеуі ресми тіркеуден өтпеді. Сондықтан оның еліміздегі 2012 жылғы 21 қазанынан бастап заңсыз болып табылады. Бұған дейін елімізде 11 саентология шіркеуі жұмыс істеген болатын. Жетінші күн адвентистерінің қызметі. «Агапе», «Жаңа өмір», «Грейс», «Рахым», т.б. шіркеулердің Қазақстандағы миссионерлік кызметі. Олардың діни әдебиеттері.

Шіркеулерінің республикаға таралуы. Миссионерлік ұйымдарға жіберетін елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тілін, тарихын, әдет-ғүрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады. Көптеген миссионерлер жергілікті халық көп тұратын елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет- ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметкері табысты жұмыс атқаруы үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді.

Миссионерлердің Қазақстанға келуін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең XX ғасырдың 30-50 жылдарда басталды. Осы кезеңде Қазақстан аумағына діни оқуларды жүргізушілер келе бастады, олардың қатарында Иегова куәгерлері, Адвентистердің жетінші күні, Елуіншілер, т.б.бар.Бұл кезеңнің ерекшелігі Кеңес Одағында коммунистік партия қатаң атеистік саясат жүргізді. Соған қарамай көптеген діни секталар астыртын қызмет жасай берді.

Екінші кезең XX ғ-дың 60-80 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде атеистік саясат одан әрі дамыды. Бірақ 30-50 жылдардағыдай саяси қуғын-сүргіндер болмады. Көптеген секталар астыртын жұмысын жалғастыра берді.

Үшінші кезең XX ғ-дың 80 жылдарының соңынан бастап осы күнге дейін созылып отыр.КеңесОдағында 80 жылдарының соңында саяси және идеологиялық плюрализм ендірілді. Әртүрлі діни ағымдар, секталар Кеңес Одағына соның ішінде Қазақстанға топтап кіре бастады. 1991 жылы КСРО құлады, коммунистік идеология күйреді. 1992 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңы қабылданды. Бұл заң дәстүрлі емес діндердің елімізге келуіне құқықтык жағдай жасап берді.

Жетінші күн адвентистері. Адвентистер олар латыннын «агіуепіи*» - «келу» деген сөзінен шыккан.XIX ғ. 30-шы жылдарында АҚШ-та баптистерден жетінші күн Адвентистері бөлініп шықты. Діни уағыздаушы Уильям Миллер (1782-1849) жазда 1831 жылы Иисус Христос екінші рет жерге 21 наурызда келеді деп сәуегейлік айтты, сонда ақырзаман болады деді. Одан кейінгі Миллердің орынбасары Христостың қашан келетін мерзімін белгілеуден бас тартып, оның келуі жақын, бірақ келетін күні мен сағатын ешкім білмейді дейтін болды. Адвентистердің негізгі екі ағымы бар, Жетінші күннің адвентистері және адвентис реформистер. Жетінші күн адвентистерді басқарған Элен Уайттың (1827-1815) айтуы бойынша, Христос жақын арада қайта келеді, мың жылдық патшалық қүрып, күнәһарлар соңғы сот өткізеді деген жорамал айтты. Олардың ойынша, адам өлген соң жаны ұйқыға кетіп, сот болатын күні оянады. Әрбір адам құдай алдында «жазылып» қойған. Олар жанның мәңгілік өмір сүретініне сенбейді, «жан» «қатерлі сот» уақытында қайта тіріледі де, күнәлардың жаны құртылып, күнәсіздер Христостың денесімен мәңгілікке жаратылады дейді. Сонымен қатар жексенбінің орнына сенбіні тойлау туралы жаңалық ашып және «санитарлық реформа» - шошқаның етін жеуге, шай мен кофе және арақ ішуге, темекі тартуға, бірқатар дәрі-дәрмектерді пайдалануға тыйым салынатынын жариялаған болатын. Жетінші күн адвентистері христиандық үштікті, Мәриямнің пәк түрде жүкті болуын, Иисустың адамзат күнәләрі үшін айқышқа тағылуын және протестантизм принципі сенімінің беріктігін, Құдайдың жарылқаушы екенін мойындайды.Жетінші күн адвинтистерінің тарихы мәңгілік шайтанмен күресудегі Иисустың жеңіске жетіп, 1000 жылдық патшалық құруы. Осыдан олардың Иисус Христостың екінші рет келуіне, ақырзаман күнінің туатындығына, Христостың 1000 жылдық патшалық құруына сенімдері қалыптасқан. Жетінші күн адвинтистері Моисейдің өсиеттеріне сүйенеді, әсіресе сенбікүнін қадір тұтады. Қазіргі таңда Жетінші күн адвентистері Иисус Христостың Евангелиясы көптеген мемлекеттерде тарады. Әлемнің 220 мемлекетінде Жетінші күн адвентистерінің шіркеуі жұмыс атқаруда, 50 мыңға жуық қауымдастықтарында 15 миллионға жуық шіркеу өкілдері мен келушілер кұдайға құлшылык етеді.

Сенім негіздері.

  • сенімнің жалғыз және бұлжымайтын белгісі - Библия;

  • көне және Жаңа Өситтердің барлық 66 қағидаттык (канондық) кітабы құдайшылық-діншілдіктің өлшемі және христиан сенімінің негіздемесі болып табылады;

  • бар ғалам, яғни көрінетін және көрінбейтін әлемді ¥лы және Құдіретті Жаратушы, үштік бірлігі - Әке, ¥л және Қасиетті Рух;

  • құдай заңы - Он парыз бұл сүйіспеншіліктің және бақытты өмірдің мәңгі және өзгермес заңы;

  • адам құдай үлгісінде және соған ұқсас еркін және ойлай алатын тұлға ретінде жаралған, сондықтан арождан мен дін мәселелерінде барлық адамның өз сенімін таңдауда жеке өз кұқықтары бар;

  • күнә дүниеге адамзат-тарихынан енген. Күнә Құдай мен адам арасындағы қарым-қатынастың үзілуі; күнә Құдай заңының бұзылуы;

  • адам өздігінен мәңгі бола алмайды, сондықтан өлім актсімен адамның физикалық және рухани өмірі аяқталады.

Ресейге Жетінші күн адвентистері XIX ғасырдың 80-жылы тарады. ОларҚазақстанжеріндеХХғасырдыңбасындапайдаболды. 1999 жылдың соңында жетінші күн Адвентистері, жетінші күн христиан Адвентистердің шіркеуінің Қазақстандық конференңиясы Астанада өтті. 2003 жылғы деректер бойынша Қазакстан жерінде 40-тан астам сыйыну үйі бар, ал қауым мен топтар саны 60-қа жақындайды.

Елімізде 20-дан аса пресветериан бірлестіктері бар. «Грейс- Благодать», «Бірінші пресветериан шіркеуі», «Алматы аймақтық пресветериан шіркеуі» бірлестіктері белгілі болып отыр.

Штаб-пәтері Лос-Анджелесте орналаскан «Грейс-Благодать» діни бірлестігінің еліміздің заңына қайшы әрекет жасаған. Ал «Мун Сан Мен» діни бірлестігі халықаралық ұйымдардың атын жамылып, дәрістер өткізген. Саентология діни бірлестігі емдік шаралармен айналысып, адамдардың денсаулығына зиян келтіргені әшкереленді. Осы діннің бірлестікке тиесілі «Битца» клубы жабылды. «Жетінші Күн Адвентистері» қауымының республикалық орталығы «Жетіншікүн Христиан адвентистері» Солтүстік Қазақстан конференциясы Астана каласында орналасқан «Жетінші күн адвентистері» Оңтүстік одағына кіреді.

Шетелдік миссионерлердің белсенді қызметі арқасында протестанттық ағымдардың харизматикалық қауымдары «Агапе», «Жаңа өмір», «Новое небо», «Благая весть» және т.б. Елімізді дәстүрлі емес культтердің қатары өсу үстінде.

Белсенді түрде «Общество сознание Кришны», Виссарион шіркеуі, «Трансцендентальная медитация», «Церковь унификации» («Церковь объединения» өздерін көрсете білді. Баспасөзде жарияланымдардың шығуына байланысты сатанистердің, пұтқа табынушылардың шыға бастағаны белгілі болды.90-жылдардың басында протестанттық шіркеулердің сандық көбеюі белгілі болды, олардың көбісі батыста кең танымал,бірақ Қазақстанда бұрын-соңды болмаған. Миссионерлік қызметтің белсенді болуы протестанттықтың түрлі жақтаушыларының өсуіне алып келді. Әсіресе, (харизматикалық, пресветериандық, методистік, евангелдік) шіркеулер көбейді. Олардың ішінде «Грейс», («Благодать», «Рақым» және т.б.), «Новая жизнь» «Агапе», «Живая лоза» сынды бірлестіктер бар. Дәстүрлі діндер (православие мен Ислам) басшылары жаңа діни ағымдардарды прозелитизға қатысы бар деп айыптайды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша дәстүрлі емес конфессиялар 80 жылдар ортасымен салыстырмалы түрде қарағанда екі есе 20-25-тен 60-65%-ға дейін өскен. Осы процестер жүргізіліп отырган арождан бостандығы, рухани жандану бағытындағы саясаттың арқасында дамыды. Дінге сену дәстүрі бойынша мұсылмандар мен православ христиандар діни бірлестіктері алдыңғы орындарда болып, олар 90%-ды құрайды.

Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дэәтүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім, жаңа «дәстүрлі емес» діни ұйымдар пайда болды.

Пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ «Агапе» «Жаңа аспан» сияқты протестанттық шіркеулер, «Бахаи» «Сайтан шіркеуі»,«Сайентология шіркеуі» сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.

Қазіргі таңда жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер,жеке басы мен отбасындағы психологиялык киындықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.Қазакстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты ресми иделогия дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірлі өзгешелікке ие.

Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім - Қазақстан үшін мейлінше күрделі және өзекті мәселе. Бүгін Қазақстан әлемге тек мұнай өндіруші ел ретінде ғана емес,сондай-ақ, Бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Онда әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады.

Бейбітшілік пен конфессияаралық келісім салаларында Қазақстан аясында болсын, тіпті дүниежүзілік ауқымда болсын, қол жеткізген белгілі табыстарымызға қарамастан, әлі шешілмеген, жедел шешуді қажет ететін мәселелер баршылық. Әсіресе, қазір дүниежүзінде діни төзімсіздік, діни экстремизм және терроризм шынайы кауіп төндіріп түр. Оларды XXI ғасырдың анағұрлым өткір мәселелеріне жатқызуға болады. Конфессияаралық келісіммен диалогты жетілдірудің жаңа жолдарын іздеу қажет.

Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осындай кездесулерінің соңғы бірінде еліміздегі конфессияаралық келісім мен диалогтың маңыздылығы ерекше аталып өтілді. Әлемдік және дәстүрлі діндердің басшыларының осы бір кездесуінде конфессияаралық келісім мен диалогтың негізгі принциптері айқындалды. Олар:толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды. Дін даусыз біріктірудің, интеграңиялық проңестердің күшті факторы бола алады. Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен принциптерді, ортак негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз.

Елбасы Нүрсүлтан Назарбаев атап айтқанындай: «...бізге төзімсіздік немесе діни фанатизм жат. Бүл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде болмасын Құдайдың Сөзіне деген ашықтық. Бүл – Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі. Біз әлемге өзіміздің толеранттығымызбен, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті бұдан әрі карай да сақталуға, дамуға тиіс».

Грейс - Благодать (Рақым) шіркеуі. Кальвинизм ағымы, Шотландия мен Англиядағы Реформаңия кезінде пайда болған. Негізгі діни білім Інжілде деп есетейді. Бұл доктринамен келіскендер, адам және адамзат күнаһар және олардың әрбірінің тағдыры айқындалған деп түсінеді. ҚР-да бұл ағым алғашқыда шетелдіктердің миссионерлік әрекетінің арқасында, соның ішінде америка-корейлық уағызшылардың ықпалымен тарала бастады.Бірнеше орталығы бар: Қарағандыда, Шымкентте - Миссионерлік «Грейс» христиандық шіркеуі және Алматы - «Блогадатъ» шіркеуі, 1991 және 1993 жылдары тіркелген.

Шіркеудің қаржысын оның пасторының ұрлау фактісі де кездескен. 2011 жылы осы шіркеудің пасторы Ким Сан Сон 130 мың долларды Оңтүстік Кореяға заңсыз әкетпек болғанда ұсталған. Бұл қаржыны жинап берген шіркеуге мүшелікке өткен жергілікті мұсылман тектес өз жерлестеріміз.

Мақалада мынадай деректер келтірілді.

«Грейс-Благодать» евангелді-христиан миссионерлік орталығының жұмысы сан саланы қамтиды. Және, өкінішке қарай, осы үлгі еліміздегі қолданыстағы конституциялық құрылымды идеологиялық бұлдіру арқылы өзгертуге құрылған.

Жалпы,“Грейс” шіркеуі 1982 жылы Лос-Анджелесте дүниеге келісімен, он жылдың ішінде оның ықпалы 35 елге қанат жайып үлгерді. Қазақстанда осы қарқын ақшалай қаражат күшімен және миссия мүшелерінің дін атын жамылған жалғандығы негізінде өз қатарларына қарапайым азаматтарды көптеп тартуда. Олар қаржылық көмекті АҚШ және Оңтүстік Кореядан алады. Бұл сектаның қауіптілігі қатарына тек адамдарды көптеп тартуында ғана емес, сол адамдардың өз дінінен, өз елінен, өз тілінен жерінуінде, безінуінде болып отыр. «Грейс-Благодать» миссиясының түпкі мақсаты-Қазақстан халқын толық “евангелді” бағытқа бұру. Бұл үшін пасторлар жиналыстарда жалпы гипноз тәсілдерін қолдану мен сананы жаулау арқылы адамға оккульттік-сиқырлы тәжірибелермен әсер етіп, психотроптық заттарды пайдаланады.

Оған нақты дәлелді кұқық қорғаушылар тексеру барысында тауып отыр. Қала берді, тыңдаушылардың санасын сөзбен де, музыкамен де “өңдеу” тәсілі іске асырылады. Санаға әсер ететін заттарға және гипнозға бой алдырған соң адам өзін-өзі ұстай алмай, бірнеше сағаттық түсініксіз күйге түседі. Мұнан кейін оларға әлгі жиналыстарға жиі жиналудан басқа түктің де қажеті болмай қалады. Өйткені жоғарыдағы айтылған түрлі амалдар санаға есірткідей әсер еткен соң, бейнебір жаратушы мен екі арада байланыс орнатылғандай сәттік алдамшы сезім тұла бойды кернейді. Содан адам Құдаймен осындай "карым-қатынас” нәтижесінде, жоғарыда айтқанымыздай, өз-өзіне ие бола алмай, ақыр соңында не істегені есінде қалмайды. Ал егер осы “байланыс” кенеттен үзіліп калса, ұзақ күйзеліске түсіп, тіпті оның соңы жүйке ауруына шалдығуына немесе өз-өзіне қол жұмсауына апарып соқтыруы мүмкін. Мұндай оқиғалар Қарағанды мен Тараз қалаларында орын алған.

“Грейс”шіркеуіне мүшелікке ену үшін пастормен екіжақты келісімшарт та жасалады. Оның бір тармағында кызмет етуші барлык жекеменшігін бір Құдайдың иелігіне табыстайды. Ол өзінде ештеңе жоқ екенін мойындауы керек, деп жазылған. Мұның бәрі айналып келгенде, белгілі бір адамдардың жеке мүдделерін көздеу және сол мақсатқа адамдарды дайындау мен соңғы нәтижелерге жету үшін алға қойған кез келген істі орындату болып табылады.

Інжіл мәтіндерін талқылайды және негізгі тақырыптан ауытқып, шіркеу басқа да мәселелерді сөз етеді. Мәселен, мынадай сұрақтар да қойылады:“Сіздердің туысқандарыңыздан кімдер жабық әскери нысандарда қызмет етті? Сол туысқандарыңыз қатарынан кімнің құпия ақпаратқа колжетімділігі болды?” Осының дәлеліндей, 2010 жылы қарағандылық “Грейс” миссия пасторының сейфінен “құпия” қүжаттар табылды. Ол бойынша құқық қорғаушылар қылмыстық іс ашты. Сөйтіп, жан-жақты жүргізілген тексерістің нәтижесінде аталған ұйымның жетекшісі С.Цой “мемлекеттік опасыздығы” үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталды.Жалпы миссионерлерден тәркіленген құжаттарға көз салсақ, олардың айналыспайтын тақырыбы, мұрын сұқпайтын мемлекеттік сала жок. Саяси ұйымдардың, коммерциялық емес кәсіпорындардың, аймақтардан сайланған депутаттардың, қылмыстық, нашақорлық, маскүнемдік жағдай мен оларды ұстайтын, емдейтін мекемелердің, жастар ұйымдарының, әскери бөлімшелер мен БАҚ-тардың бағыттары,басшыларының аты-жөндері, нақты мекенжайлары, ұлттык мәселе, әлеуметтік-еңбек жағдайы және т.б. көптеген сұрақтарға жауап ізделеді. Ал осындай және басқа да мемлекеттік жабық мекемелер құпиясы, жоғары лауазымды қызметтегі адамдардың аты-жөні, жұмысы, мекенжайы, немен айналысатыны, бәрі түгел жазылған құжаттар не үшін қажет болды деген сұрақ та туындайды.

Тіпті,олардың сейфтерінен Ресейдің Мемлекеттік Дума депутаттарының алфавиттік тізімі де табылып отыр. Онда әр депутаттың аты-жөні толығымен, телефон нөмірлеріне дейін жазылған. Бұл не үшін керек болды? Сол сияқты жоғарыда аталған миссиялық ұйымдардың қылмыстық ісін тексеру барысында табылған кітаптар, құжаттар назар аудартпай қоймайды. Солардың ішінде АҚШ-тан жеткен қалыңдығы бес елі оқулық та бар. Онда Евангелия ілімін тарату үшін не істеп, не қою керектігі жэне ең бастысы оны қалай, қайткенде, жүзеге асыруға болатындығы рет-ретімен тәптіштеп түсіндіріледі. Мәселен, айналаға, этностық топтарға сараптама жүргізу тәсілдері, ол үшін ақпаратты қалай жинақтау (барлау, баспасөз материалдарына шолу, қарым-қатынас, кімдер бар) қажеттігі, географиялық, рухани жэне саяси (қандай саяси топтар евангелияны таратуға кедергі жасауы немесе көмектесуі мүмкін), (Үкіметтік қандай ережелер қызмет етуге кедергі келтіреді немесе керісінше қандай үкіметтік ережелер көмектесе алады) сараптама және т.б. қарекет жасау амалдары жазылып, көрсетілген. Демек, дәстүрлі емес протестанттық бағыттағы миссионерлерге өз дінін күштеп, алдап уағыздау тәсілі тән. Бұл жоғарыда айтқанымыздай, конфессия аралық кикілжіңге ұрындыруы мүмкін. Мәселен, “Грейс- Рақым” діни ұйымының өкілдері мен Ақмола облысына қарасты Жақсы ауылы тұрғындары арасында шу шықты. Аталған діни ұйым өкілдері бір апта бойы ауыл тұрғындары арасында протестанттық сенім идеяларын таратқан. Балаларды шоқынуға күштеп тартып, Исусты мадақтайтын уағыз сөздерді қайталауға шақырған. Мұның бәрі ата-аналардың рұксатынсыз құлшылық ету бостандығы заңын бұза отырып, көпе-көріне қасақана жасалған.Ал дәстүрлі емес протестанттық діни сенім оқуы кәмелет жасына толмаған балалардың жүйкесіне әсер етіп, интеллектуалдық дамуын тежейді. Павлодар қаласында “Престиж” спорттық би клубы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі В. Польских кәмелетке толмаған балаларды дәстүрлі емес діни ұйымға тартқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.Қарағанды каласындағы «Грейс» шіркеуі тексеріске ұшырап, оның қызметкерлерінің тыңшылық әрекеттер жасағаны анықталды.

Дәріс №6. Шығыстық дәстүрлі емес миссионерлік ағымдардың түрлері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]