- •5В050900 – Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5b090200 – Туризм,
- •5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5b020200 – Халықаралық қатынастар, 5b050800 –Есеп және аудит, 5b050600 –Экономика
- •5В011400-Тарих»
- •32. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінін IV съезі.
- •5В050900 – Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5b090200 – Туризм,
- •5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5b020200 – Халықаралық қатынастар, 5b050800 –Есеп және аудит, 5b050600 –Экономика мамандықтары
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Пәннің сипаттамасы
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •(Syllabus)
- •1. Оқытылатын пәннің сипаттамасы
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы.
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5. Дополнительная литература
- •8.Методические рекомендации (в наличии)
- •9. Эумкд
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •1)Үнді-буддизмі - Тхеравада немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстік буддизмі.
- •2)Дао буддизмі - махаяна немесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі.
- •3)Тантрикалық буддизм – ваджрияна немесе Орта Азиялық буддизм.
- •1.Иегова куәгерлері:пайда болуы,құрылымы,әрекеттері,қауіптілігі
- •3.Жетінші күн адвентистерінің қызметі. «Агапе»,«Жаңа өмір», «Грейс», «Рахым»,т.Б.Шіркеулердің Қазақстандағы миссионнерлік қызметі.Олардың діни әдебиеттері.Шіркеулерінің республикаға таралуы
- •1.Кришна санасы қоғамы және оның қызметі мен қауіптілігі
- •2.Бахаи діни ағымы,Бірігу шіркеуі
- •3.Оңтүстік Кориялық протестанттық шіркеулерідің миссионерлік қызметі
- •1. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жазбаша және ауызша үгіт- насихаттары
- •2. Дәстүрлі емес ағымдардың діни ғимараттар салуы,қайырымдылық қызметі,әдебиеттерін тарату
- •1.Уаххабилік ағымның ерекшеліктері.Олардың дәстүрлі исламға қарсы күресі. Уаххабиліктің белгілер, масхабтарды мойындаумауы, қазақтардың салт - дәстүрін, әдет – ғұрыптарын мойындамауы.
- •2.Сопылық ағымның ерекшеліктері.Зікіршілер.Сопылық ағымның заңға қайшы әрекеттері.
- •7. Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •10.Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне арналған реферат тақырыптары.
- •11.Оқу өндірістік және диплом тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар бағдарламамен қарастырылмаған.
- •13. «Дінтану» пәннің мазмұнына сай бағдарламалық және мультимедиялық қолдаумен қоса ( бейне-дәрістер,слайдтар,электрондық оқу құралдары,т.Б.) қарастырылмаған
- •14.Мамандырылған аудитория,кабинет және зертханалар тізімі (кестеге сәйкес аудиторияда өткізіледі).
1.Кришна санасы қоғамы және оның қызметі мен қауіптілігі
2.Бахаи діни ағымы,Бірігу шіркеуі
3.Оңтүстік Кориялық протестанттық шіркеулерідің миссионерлік қызметі
Кришна санасы қоғамы.Кришна санасы қоғамының негізін индиялық монах А.Ч.Бхактиведантта Свами (кейінірек Шри Прабхупада 1896-1978 ж.) қалаған. Ол 1965-66 жылы Нью-Йоркта халықаралық кришна қоғамын салғанын жариялады. Біршама кітаптар жазды. Оның ілімі бойынша Құдай - Жоғарғы жан-жақты дамыған Тіршілік иесі - Жаратушы Шри Кришна болып табылады. Ол 3 аспектіде: Брахман (Жеке тұлғалық белгісі жоқ барлық жерге енетін рух);Параматма (Әрбір тіршілік иесінің жүрегінде және атомның кез келген туындысында болатын Жоғарғы жан); Вхагабан (Қудайдың Жоғарғы жеке тұлғасы - Параматма және Вхагабанның негізгі қайнар көзі).
1970 жылдан бастап Бхактиведанта Бук Траст баспасы Прабхупаданың кітаптарын 40 тілде таратады. Қазір таңда дүниежүзінде 60-тан астам мемлекетте 400-ге жуық храмдары, орталықтары бар.
Кришна Санасы қоғамы Америка елдері мен Батыс Еуропа елдерінде өз жүмыстарын біраз жолға қойған соң, Прабхупада Кеңес Одағына да Кришна Санасын жеткізуді ойлайды. Нәтижесінде 1988 жылы «Кришна санасының Мәскеу қоғамы» заңды түрде тіркеледі.
Кришнайттардың түсінігі бойынша тірі жан иесінің екі түрі болады: кшара және акшара.
Акшара мәңгілік еркіндікте және Жоғарғы жасаушының рухани патшалығында тұрады. Ал кшара болса материалдық өмірде тұрады және ол материалдық табиғаттың әрекеттерімен байланысты.
Өздерін уақытша материалдық денелерімен тең деп есептей отырып, олар Жаратушының мәңгілік, шексіз айналымында жүреді және туғаннан өлгенше, қартайғанша әртүрлі аурулармен басқа да қиындықтармен қиналады.
Әлемдік кеңістікте 840-тай өмір сүру түрлері болады. Және оларда жандүниесі карма заңдарына сәйкес ауысып отырады. Осы формалардың ішінде рухани дамуға және кришнаның руханипатшалығына өлген соң қайтып келетіндері ең дұрыстары болып табылады. Бірак Жоғарғы Жасаушыны тану және оған кызмет ету, оның сүйіспеншілігіне кіргенде ғана мүмкін болады. Ал бұл жолды нақты ақикат түріндегі рухани ұстаз аркылы ғана түсінуге болады. Жоғарғы Жаратушыға сыйыну тек - «Хара Кришна, Кришна, кришна, харе, харе (харе рамма) рамма рамма, харе, харе» - деген сөздер арқылы жүреді.
«Кришна санасы» қоғамының Қазақстандағы қызметі.
1989 жылы Алматының суретшілер дайындайтын училищесінің студенттерінің арасында Ташкенттен келген екі суретші Кришна санасы туралы лекциялар ұйымдастырып, вайшнавизмнің негізгі идеяларын тарата бастайды. Бұл идеяларды қазақ жастары тез қабылдап 1990 жылы Алматыда «Кришна санасы» қоғамының орталығы ашылды. 1996 жылы бұл орталық діни ұйым ретінде тіркеуден өтті. Содан бергі уақыт ішінде Қазақстанда бұл қоғамның бірнеше ірі храмдары және шеткері облыстарда орталықтары жұмыс жүргізуде.
Кришна санасы қоғамы Қазақстандағы миссионерлік жұмыстарын табысты жүргізіп келеді,себебі қоғамды басқа елдердегі сияқты қатал бақылау, негізсіз қудалау жағдайлары мүлде кездескен жоқ.
Кришна санасы қоғамы таза діни ұйымға жатады. Қоғам ешқандай саяси мақсат қоймайды және үкімет істеріне араласпайды. Қазақстан Конституциясы бойынша талап етілетін Отан қорғау, ұлттық мүддені көздейтін әрекеттерді кришнаиттер толық мойынсұнғанымен, қоғамның басшылыққа алатын философиясы бойынша ұлт, нәсіл, Отан патриотизм деген ұғымдарды жоққа шығарады. Кришна санасы олардың маңызы жоқ, адам табиғатынан Құдайдың мәңгілік құлы болып жаралған деген көзқарасты ұстанады.
Қазіргі таңда Кришна санасы қоғамының мүшелерінің барлығы кітап сатумен айналысады.«Өмірдің асы»,«Мына адамдарға мүмкіндік беру керек»,«өмірге кайта оралу»,сияқты қайырымдылық бағдарламаларға арналып қайыр-садақа жинайды.
Қазақстандағы қазіргі Кришна санасында әртүрлі ұлттың өкілдері бар. Атап айтсақ, қазақ, орыс, корей, ұйғыр, украин, еврей, татар, неміс тағы басқа ұлттар.Қазақстанда Кришна санасына берілгендер үш топқа бөлінеді.
Бірінші топтағы берілгендердің бүкіл өмірін дін бағытына арнағандар. Олар тек бір Құдай Кришнаның және оның әртүрлібейнелерінің бар екеніне сенеді. Басқа діни көзқарастардың шындығына күмәнданады. Қазақстан Кришна санасының орталығына айналса деп армандайды. Мінездерінде өжеттілік, сенімділік басым. Өздерінің әр істерін дін прициптерінен шығармауға тырысады.Бұл берілгендердің Құдайға сенгенімен, басқа адамдарға,қоғамға деген сенімдері жоқ. Олар рухани ұстазды құрметтейді, діни әдет-ғұрыптарды қатаң сақтайды, миссионерлік жұмыстарда белсенділік көрсетеді.Бірақ вайшнавизмді терең біледі деп айту қиын.
Екінші топтағы берілгендердің өмірінде діни көзқарас маңызды рөл атқарсада,өмірінің мәні емес.Бұлардың негізгі мақсаттары Құдайға ұмтылу.Осы ұмтылыстың нәтижесінде Кришна санасымен қарым-катынасқа түсіп, өздерін бақытты сезінеді. Бұл топтағылар мінездері сабырлығымен, жұмсақтығымен және қорқақтығымен ерекшеленеді.
Үшінші топтағы берілгендер өздерінің өмірін діни бағытқа бұруға тырысушылар, бұл топтағы адамдар өздерінің көңілдеріне сай, өмірлеріне ыңғайлы дінді іздеп келгендер.
Бахаи сенімі(ағыл. ВаһаЧ Ғаііһ, орыс. Вера Бахаи) - бүкіл адамзаттың рухани бірлігін ұран еткен ең жас әлемдік дін. Сенімнің негізін қалаушы Баһаулла (1817-1892 ж.) Құдайдың адамзатқа аян беріп жіберген Ибраһим, Мұса, Будда, Заратустра, Кришна, Иса, Мұхаммед және Баб сияқты Елшілерден құралған тізбектің казіргі уақытта соңғысы болып саналады.
Бахаи (немесе Баһаи) сенімі XIX ғасырдың ортасында пайда болып, бүгінде 5 миллионнан астам ізбасардың басын біріктіреді. Олар 2112 түрлі ұлттар мен ұлыстардан,әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жіктерден құралып,әлемнің 188 мемлекетімен қоса 45 тәуелді территорияларда Бахаи сенімін ұстануда. Сенімнің қасиетті жазбаларының белгілі бір бөлігі 800-ден астам тілге аударылған.
Бахаи ілімі өзекті үш қағидаға негізделген. Олар жаратушы Алланың бір екендігі, діндердің біртұтастығы және барша адамзат бірлігі. Алдыңғы пайғамбарлардың жазбаларына сәйкес, Баһаулла Құдайдың тек жалғыз діні бар деп жариялайды. Ол өткен шақта да, келешекте де Кұдайдың қай елшісімен келмесін, мәңгі болып қала бермек.
Бахаи Сенімі, өзінің жеке жазбаларымен, заңдарымен және сенушілер қауымдастығымен, ғибадат ету және өмір сүрудің ерекше үлгісімен, жер шарының барлық бөліктерінде тәуелсіз дін ретінде танылды. Діннің сипаты, тәуелсіз дін ретінде, көптеген ұлттардың жоғарғы азаматтық және діни билік орындарымен батыста да, шығыста да мойындалған. Тарих, әлеуметтану мен салыстырмалы дінтану көзқарасынан да бұл шешімді академиктер мен ғалымдар растады.180-нен аса елдің азаматтық билік орындары Бахаи институттарының діни сипатын мойындап,олардың заңды тіркелуіне рұқсат етті.Халықаралық ұйымдар,ұлттық және жергілікті үкіметтер,дінаралық топтар мен азаматтық қоғамның ұйымдары бүкіл әлем бойынша Сенімнің тәуелсіз мәртебесін мойындап және оның қоғамдық дамуға қосқан үлесін,әсіресе,халықтар арасындағы бірлікті орнатуға, әділеттілікті уағыздауда, адам құқықтарының теңдігіне, адамгершілік, білім мен тұрақты дамып отыруға ықпал етуін бағалады.
Қазақстандағы бахаи сенімі. Бахаи сенімін ұстанушылар Қазақстанға Орта Азия және Кавказдан ең алғаш 1938-1939 жылдардағы кеңестік қуғын-сүргінмен аяқ тіреген. Олар Қызылжар, Кереку, Ертіс бойы және Алматы облыстарында шоғырланған болатын.1990 жылы кабылданған «Дін ұстану бостандығы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бахаи қауымдастығы 1991-1992 жылдардан бастап Жергілікті Рухани Жиналыстарын сайлай бастады.1992 жылы он сегіз ірі қалаларда Жергілікті Рухани Жиналыстар сайланды. 1994 жылы Қазақстан Бахаиларының Ұлттық Рухани Жиналысының (¥РЖ) сайлауы өтті. Сол жылы ¥РЖ мемлекеттік тіркеуден өтіп, 1997 жылы қайта тіркелген еді. 2002 жылы заң ұйымдарында 19 бахаи қауымдастығы мемлекеттік тіркеуден өтті.
Бірігу шіркеуі (Мун шіркеуі).Арғы тегі Кореядан бастау алған шіркеудің негізін қалаушы - Сун Мьюнг Мен. Өзін Исустың миссиясын жалғастырушы ретінде насихаттайды. Соңғы кезде бұл ұйымның саентологиямен байланысын зерттеушілер жоққа шығармайды. Тіпті сарапшылардың айтуынша, «Бірігі шіркеуінде» болған адамды психологиялық қайта қалпына келтіру үшін кем дегенде 16 ай қажет екен. Қазақстанда оның 2 бірлестігі жұмыс істейді.
1954 жылы Кореяда құрылған. Басқаша атауы - «Ассоциаңия Святого Духа за объединение мирового христианства», «Церковь Объединения Мун Сан Мена». 1977 жылдан бастап «Всемирная ассоциация семей за мир во всем мире» деп аталады. Мун Кореядағы екі әйел алушылыққа қарсы болды.Америкада Мун салықтан бас тартқаны үшін сотталды. Мунның өзі және «Бірлестік шіркеуі» АҚШ-тың заңын бұзды. Қазақстанда бұл шіркеудің екі қоғамы бар. Алматы қаласында діни бірлестіктің жетекшісі - Ли Сергей Васильевич.
Аталмыш сектаның негізін қалаушы Сун Мюнг Мен 1920 жылы қазіргі Солтүстік Кореяда дүниеге келді. Ол жастайынан-ақ христиан дінінің бір тармағы болып есептелетін «Елушілердің» шіркеуіне барып тұратын. Сол уақыттан бастап оның дінге деген қызығушылығы артатүскенін байқаймыз.Өзінің айтуы бойынша, 1936 жылғы Пасха мерекесі кезінде Иисустың (Иса (ғ.с.) пайғамбар) өзі оған арнайы «келіп»: «Сен, адамдарды құтқарып қалуың керек. Менің миссиямды сен аяқтайсың!» - депті-міс. Осыдан кейін Сун (айдаһар) есімін Сан (касиетті) деп өзгертті.
Осылайша ол өз идеясын насихаттауға құлшына кірісті. 1948 жылы заңсыз діни уағыз жүргізгені үшін Солтүстік Корея коммунистері оны тұтқындап, 5 жылға түрмеге жапты. Алайда, 1950 жылы қос Кореяның арасындағы соғыс оньщ бостандыққа шығуына мүмкіндік жасады. Ал, 1954 жылы «әлем христиандарын біріктіремін» деген максатпен «Қасиетті рух қауымдастығы» атты діни бірлестік құрды. Бүгінде ол «Біріккен шіркеу» деген атпен танымал. Бірақ діни бірлестік құрып, өзін «пайғамбар», әрі «Құдаймын» деп жариялаумен қатар қылмыстық әрекетті де жалғастыра түсті. Ол елінде жүріп-ак екі әйел алғаны және өзін пір тұтатын жас қыздарды зорлағаны үшін түрмеде отырып шықты. Отанында қудалауға ұшырай бергендіктен, өз идеясын одан әрі насихаттау максатында АҚШ-қа қоныс аударады. Бұл жерде салықтан жалтарғаны және алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылады. Сондай-ақ, әлемдік діни секталарды зерттейтін ғалымдар бұл ұйым тікелей АҚШ және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің барлаушыларымен тығыз қарым-қатынаста жүмыс істейтінін айтады. Бір сөзбен айтқанда,тыңшылар.Бұрын Кеңес Одағының аумағындағы мемлекеттерде қарулы көтерілістердің орын алуына тікелей атсалысқан деген мәлімет те бар (соғыс жүріп жатқан елді билеп-төстеу оңай екені айтпаса да түсінікті. Бұл АҚШ сияқты алпауыттардың бұрыннан жүргізіп келе жатқан саясаты).Енді ойлап қараңыз. Осындай қылмысқа белшесінен батқан жан барша адамзатты қалай құтқарып қалмақ?
Мунның ілімін жақтайтындар «муниттер» деп аталады. Олардың түсінігі бойынша, қазіргі біздің әке-шешеміз нағыз ата-анамыз емес. Олар - бар болғаны, биологиялық жағынан ғана мыс. Нағыз әкеміз ол - Мун Сан Мен екен. Ол үшін секта мүшелігіне кабылданып, отбасы кұру керек. Қыз бен жігітті бірі-біріне сырттай үйлендіріп, 2 жыл бойы әлемнің әр түкпіріне діндерін уағыздауға жібереді.Межелі уақыты өткенде ерлі-зайыптылар кездесіп, бірін-бірі қамшымен сабап, «күнәдан арылады». Содан кейін Мун Сан Меннің «қаны қосылған» шарапты ішіп, ұйымға адалдықгарын білдіреді.«Негізі,бұл миссия Адам ата мен Хауа анаға тапсырылған болатын. Алайда, Хауа анамыз шайтанның сөзіне еріп, күнә жасады.Олар Ібілістің айтқанына еріп, жалған отбасы құрды. Осы уақытқа дейін одан тараған адамзат та жалған өмір сүруде. Сондықтан олар үлкен күнәларға барды.Бірін-бірі өлтірді. Басқа да қылмыстар жасады. Осының барлығынан айығу үшін жаңа өмір бастау керек Ал жаңа өмірді бізге тек Мун Сан Мен ғана сыйлай алады. Ол Христостың ісін жалғастырушы. Ол - біздің нағыз әкеміз. Христиандықгың соңын Мун аяқтайды» деп санайды муниттер. Алайда өздерін «христиан дінін жалғастырушымыз» дегенімен,Иисустың (Иса ғ.с.) қайта тірілетініне (көктен түсетініне) сенбейді.Оның анасы Мәриямды және қасиетті үштікті мойындамайды. «Иисус өз миссиясын соңына дейін апара алмай, масқара болды» деп есептейді. Осындай ойлардан кейін олардың христиандыкка қатысы шамалы, тіпті арасына іріткі салушы екеніне көз жеткізесіз.
1992 жылы Мун өзін жаңа адамзаттың «нағыз әкесімін» деп жа- риялап, мунистердің заманы келгенін айтып, дүниеге жар салды.
Оңтүстік Кореяға келетін басқа ұлт өкілдерінің пікірінше, бұл елде христиандық діни сенімдердің орын алғандығына көздері жетті.Бұл діни сенімдер елдегі христиандық шіркеулердің көптігімен, олардағы халықтың жексенбілік діни іс-шараларға қатысуымен ерекшеленеді.Статистикалық мәліметтер бойынша елдің тең жарты бөлігі христиандық, соның ішіндегі протестанттық шіркеуге жататындығын көрсетті.Оңтүстік Корейлік буддистердің діни қызметтерінің шексіз және олардың елдегі діни өзгерістерге ықпалы артып отыр.Христиандық ағымдардың Оңтүстік Кореяға енуі XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезеңінде пайда болды. Сеул қаласында 1770 жылдың ағында жас дворяндар үйірмесі пайда болып,онда христиандық ілімдер оқытыла бастады. Осыдан кейін үйірмеге көптеген католиктік шығармалардың туындылары ене бастады. Үйірме мүшелері шетелден келген көптеген миссионерлермен кездесулер өткізіп отырды.
Оңтүстік Кореяға христиандық католиктік ілімдер тек рухани жолдар мен яғни кітаптар арқылы тарай бастады.Екіншіден бұл ілімдер тез қарқын мен орын алғандығы байқалады.
Оңтүстік Кореялық протестанттық шіркеулердің тез қарқынмен енуі XIX аяғы мен XX ғасырдың басында орын алады. Елдегі миссионерлердің белсенді қызметінің нәтижесінде жаңа протестанттық қауымның құрылуына алып келді. Бұл қауымның мүшелеріне жергілікті халықпен қатар америкалық миссионерлердің қабылдануы кездейсок болған емес. Елдегі протестанттық идеялардың толықтай енуі жаңа діни көзқарастардың қалыптасуына жағдай жасады. Бұл идеялар христиандық салт-дәстүр мен байланысы одан әрі бекемдей түсті. 1951 жылдары Оңтүстік Кореяда протестанттық шіркеулердің сандық жағынан басымдығы байқала бастады. Осының нәтижесінде елде Лы-Сун деген атпен ірі протестанттық шіркеулер пайда болды. Бұл шіркеудің қатары 60-70 жылдардың ішінде одан әрі толықтай түсті. Бұл шіркеуде протестанттизмнің идеялық көзқарастарын орнықтыру және халық арасында түсіндіру жұмыстары қарқын ала бастады. Бұл идеялық көзқарастар шетелдік миссионерлік ағымдардың әсерімен де болды.
Шетелдік миссионерлер Оңтүстік Кореяда шіркеулер мен қатар жетім-жесірлерге, ауруларға арнап ауруханалар мен мектептер салғыза бастады. Осыған сәйкес Оңтүстік Кореялық протестанттық шіркеудің «Батысшыл» деп аталатын тармағы белсенді қызмет атқара бастады. Бұл тармақты қаржыландырудың көзі шетелдік елдер болып табылады. Бұл ағымдардың нәтижесінде көптеген христиандық мектептер пайда болды. Солардың бірі «Христ ілімдері», «Ашық аспан» және т.б. болды. Бұл мектептердің мүшелері өздерін протестанттық деп есептеді.Осының бәрінің нәтижесінде бір кездері 100 пайыз будда болған Оңтүстік Корея халқы, қазіргі таңда халқының жартысы христиан болып табылады. Бұл - христиандық миссионерлердің жеңісінің нәтижелі үлгісі. Корейлердің өз арасынан шыққандарды қаншама тыйым салып қудалағаны мен көздерін жойғаны мен олардың әрекеті тоқтамады. Өскен үстіне өсе түсті. Кореяға ең алғашқы келген христиандық миссионерлер «апиын» соғысында 1840 жылдар санаулы болған.1911 жылы христиандык миссионерлер 1,5 пайыз болса, 1940 жылы 2,2 пайыз, 1962 жылы 13 пайыз, 1990 жылы 23 пайыздан асты, қазіргі кезде дінге сенушілердің жартысынан астамы христиандар болды.
Оңтүстік Корея әлемдік христиандық миссионерлік орталықтардың бірі. Тек бір ғана Сон Бок Ым протестанттық шіркеуі әлемге 200 мыңға жуық миссионерлер жіберген. Корея христиандары кореялық даму кереметтілігін христиан діні мен байланыстырады.
Дәріс №7.Дәстүрлі емес діни ағымдардың өз қатарларын көбейту ісіндегі-формалары мен әдіс-амалдары
