Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
religia_3.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
314 Кб
Скачать
☆

1. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жазбаша және ауызша үгіт- насихаттары

2. Дәстүрлі емес ағымдардың діни ғимараттар салуы,қайырымдылық қызметі,әдебиеттерін тарату

Дәстүрлі емес батыстык және шығыстық діни секталардың өте бай, жан-жақты дамытылған діни ағарту жолындағы практикасы бар. Олардың қай-қайсысы болса да өздерінің жолын насихаттайтын әдебиеттер мен техникалық кұралдары, насихатшы кадрлары жеткілікті.

Біз дәстүрлі емес діндердің үгіт-насихат жұмыстарының мынадай эәістер мен формаларын атап өткіміз келеді:

- дәстүрлі емес діні ағымдардың өз әдебиеттерін жариялауы және таратуы;

- дәстүрлі емес діни ағымдардың көпшілік және діни орындарда жүргізетін ауызша үгіт-насихаттары;

- дәстүрлі емес діни ағымдардың азаматтарды өз қатарына тарту үшін жүргізетін қайырылымдық жүмыстары;

- дәстүрлі емес діни ағымдардың өз мүшелерінің мүлкін, қаражатын діни ағымдардың мақсаты үшін жұмсауға көндіруі;

- дәстүрлі емес діни ағымдардың кітапханалар, асханалар, тіл үйрену орталықтары сияқты орындар ашуы;

- дәстүрлі емес діни ағымдардың жергілікті тұрғындардан өздеріне берілген кадрлар даярлау, оларды оқыту, тәрбиелеу;

- дәстүрлі емес діні ағымдардың әртүрлі интернет ресурстарды пайдалануы.

Олардың ішіндегі тәжірибесі өте бай үйымдардың бірі - иегово куэәерлері сектасы. Бұл ілімнің жолын үстаушылар әлемде 6 миллионнан асады. Мұны әдейі төмендетілген көрсеткіш деуге болады. Шынында олар өз мүшелерінің санын ылғи да жасырып төмендетіп көрсетеді. Ұйым мүшелері жарналар төлеп түұады.

Ұйымның«Сторожевая Башня»және «Пробудитесь!» деген журналдары бар. «Сторожевая Башня» журналы 23 миллион данамен немесе айына 46 миллион данамен 139 әлем тілдерінде тарайды. Соның ішінде «Күзет мұнарасы»деген атпен қазақ тілінде де тарайды.

Иегова кәуегерлері 1920 жылы мен 1996 жылы арасында әлемдегі 200 тілде 9 миллиардтан аса кітап, журнал, кітапшалар таратқан. Тек орыс тілінде жыл сайын 5 миллионнан аса иеговистік әдебиеттер жарияланып таратылады.

Сектаның типографиялық орталығы Германияда орналасқан. Әдебиеттері өте тамаша қағазға басылған, ашық иллюстрациялармен безендірілген, көзге тез түседі. Секта мүшелері осы әдебиеттерді тұрақты түрде таратады.Олар өз әдебиеттерін барлық үйлерге, пәтерлерге, ауруханаларға, поездағы және автобустагы жолаушыларға, мектептерге, жоғарғы оқу орындарына, т.б. тоқтаусыз таратады. Адамдарды сөзге тартып қалай болғанда да өз әдебиеттерін береді немесе беруге тырысады.

Иегово куәгерлерінде насихатшыларды мынадай топтарға бөледі.

- Хабаршылар. Әдебиеттер таратушылар. ¥йымның міндетін, маңызын түсіндірушілер.

- Пионерлер. Айына 60 сағаттан кем емес үгіт-насихат жүргізушілер.

- Миссионерлер. Айына 120 сағаттан кем емес үгіт-насихат жүргізушілер.

Бұлардың бәрінің де жұмыстары арнайы журналдарға тіркеледі, үйымға қанша жаңа мүше әкелгенімен есептеледі. Пионер және миссионер болу өздерінің арасында өте жоғары дәреже болып бағаланады. 1997 жылғы дерек бойынша әлемде 700 мыңдай иегово пионерлері болды. Немесе әрбір 8-ші иеговист пионер болып саналды. Сонда 700 мыңды 120 сағатқа көбейтсеңіз 84 миллион сағат иегово пионерлері жылына үгіт-насихат жүргізген болып шығады.

Қазақстан Республикасының дін жөніндегі жаңа заңы бойынша мұндай әрекеттерге қазіргі кезде тыйым салынды.

1996 жылы «Сторожевая Башня журналында азаматтарды қалай өз қатарын тарту, олармен әңгімені қалай жүргізу, олардың сеніміне қалай кіру, жүрегін, ақыл-есін қалай жаулап алу туралы кеңестер берілді. Әрбір сөйлескен адамның аты-жөні, қызметі, мекенжайы, тұрмыс жағдайлары, оларға қандай әдебиеттер берілгендігі, олардың иеговолықтардың әңгімелеріне ден қоюы немесе бас тартуы туралы толық карточкалар жасау қажеттілігі айтылды.

Осындай немесе осыған ұқсас үгіт-насихат жүмыстардын дәстүрлі емес Ислам бағытындағы теріс ағымдар да жүргізіп келеді. Дәстүрлік емес Ислам бағытындағы үгіт-насихат жұмыстардың көбі казіргі Қазақстандагы ҚМДБ-ның ресми бағытын сынауға негізделген. Олардың жұмыстары мешіттерде, тұрғын үйлерде, пәтерлерде, базарларда, құдайыларда, т.б. орындарда ашық жүргізіле береді.

Дәстүрлі емес Ислам бағытындағы үгіт-насихат жұмысын жүргізушілер негізінен 1990 жылдардан кейін шетелдік Ислам орталықтарында білім алып келген қазақ жастарынан тұрады. Олардың киімдері де ерекшеленеді. Уаххабилік, сәләфиттік ағымдардағы қазақ жастары қаба сақал қойған,сақалдарын реттеп сәндеуге мән бермейді. Шалбарлары тобықтан жоғары қысқа болып келеді. Үстеріне ұзындау шапан киіп жүреді. Бұл бағыттағы қыз-келіншектер хиджабқа оранып, бір түстес тобықтан төменге дейін түсетін ұзын көйлектер киеді. Бұлар өз сөздерінде басқа адамдарға жеңістік бергісі келмейді. Тіпті оларды жөндеп тыңдағысы да келмейді. Өздерінің уаххабилік ілімдерін нағыз мұсылмандық жолы осы деп түсіндіруден жалықпайды.

Уахабилік, сәләфиттік әдебиеттерді және осы ілімді ҚМДБ Исламға жат діни ағым деп таныған. Бірақ осы бағыттағы әдебиеттер Қазақстанда қаптап жатыр. Сондықтан бұл әдебиеттерге ҚР Дін істері жөнінегі Агенттігі ресми уәкілетті орған ретінде арнайы сараптамадан өткізуі тиіс. Жаңа дін заңы бойынша мұндай сараптаманы тек мемлекеттік уәкілеттік орган жүргізеді.

ҚМДБ қазақ тіліндегі қандай да бір Ислам діни әдебиеті болмасын олардың барлығына да сараптама жасап, оларға рүұсат берілгендігі туралы мөр қойып бекітеді. Сондай-ақ, ҚМДБ 200 астам қазақ тіліндегі Ислам әдебиеттеріне елеміздегі дәстүрлі Исламға қайшы келеді таратуға болмайды деген тізімді де жариялады. Ол тізім интернетте көрініс тапқан.

Діни секталардың қызметін насихаттайтын әдебиеттердің де саны артып кетті. Мұндай кітаптар көшелерде, қоғамдық көліктерде, оқу орындарында, ауруханаларда тоқтаусыз тегін таратылып жатты. ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 5-бабы 4-тармағында «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты й-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай- ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі».

Сондай-ак, заңның 9-бабы 2-тармағында «Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де акпараттык материалдарды, діни максаттағы заттарды тек кана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ак облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі» деп көрсетілген.

Бұл баптарда діни ұйымдардың қызметінің қай жерлерде жүргізілетіні анық көрсетілген.Басқа да жағдайда заңның бұзылуына жол берілуі мүмкін.

2010 жылға дейін елімізде сопылық сектаның қызметі аса белсенді жүрді. Сопылар өздерінің жұмысын «Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізді. Бірақ негізгі идеологиялық үгіт-насихат жұмыстары «Қазақстан» телеарнасы арқылы жасалды. ¥лттық телеарнаны «сопылардың» ақпараттык-техникалық базасы, негізгі плаңдармына айналды деуге болады. Бүкіл қаржы-техникальщ, адами-шығармашылық ресурс сопыларға қызмет етті. «Қазақстан» телеарнасы мен «Қазақ» радиосындағы «Дін және біз», «Ой түйін», «Күлтөбе», «Ақиқат сыйы», «Ауызашар», «Мезгіл» хабарлары осы «Ілімді» уағыздады. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да сопылардың басшысы Исматулланың идеяларын жарнамалады.

Дәстүрлі емес ағымдардың діни ғимараттар салуы, қайырымдылық қызметі, әдебиеттерін таратуыҚР-да дін мемлекеттен бөлінгендіктен мемлекет діни ұйымдардың ғимаратын салуға жәрдем бермейді. Соған қарамай Қазақстанда дәстүрлі емес діни ұйымдардың шіркеулері басқа да ғимараттары қатты өсіп кетті. Ең алдымен батыстық протестаннық ағымдар өздерінің Қазақстандағы Шіркеулеріне тез арада ғимараттар са- лып берді. Иегово куәгерлерінің барлық облыс орталықтарында, көптеген қалаларда, аудандар мен ауылдарда храмдары салынып, қызмет етуде. Мысалы, Шымкент қаласында 1997 жылға дейін иегова куәгерлерінің жеке храмы болмады. Олар діни қызметті жалға алған орындарда жүргізді. Олардың жаңа ғимаратында «патша залы», т.б. бүгінгі күн талабына сай залдар жасақталды. Осы ұйымның тұлғалардың арасында байланыс орнататын және қоғамды біріктіретін түсініктердің жиынтығы деп қарастырады.

Дәстүрлі шығыстық (Таяу Шығыс, ислам, конфуңийшілдік, буддалық, т.т.) мәдениеттер діни-әдептік өлшемдерді алға жетілдіріп, батыстық діни ілімдерді күмәнға алып,ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді сақтауға шақырады.

Дін қызметі қазіргі күні де толастар емес. Миллиондаған мұсылмандар Меккеге қажылыққа Рим папасының уағыздары жүздеген мыңдар тобының аудиториясын жинайды, буддалық мейрам халык ағынын әкеледі. Тек әлемдік діндер ғана нығайып келе жаткан жоқ. Дәстүрлі емес секталарға да модалы сұраныс қалыптасып, магия мен астрология, шығыстық медитация техникалары қаулап өсіп келеді.

Осының барлығын зерделеу және мәдени әрекетте орынды қолдану қажет. Азаматтық қоғамдағы діни институттардың қызметі тек теориялық қызығушылық тудырмай отыр. Бұл, әсіресе, өзінің геосаяси және тарихи жағдайларымен ерекшеленетін Қазақстан үшін маңызды.

Қазақстанда бірнеше пансионаттар қызмет етеді.Қазақстандағы пансионаттар қайырымдылық мекемелері ретінде 1997 жылдан бері қызмет атқаруда. Бүгінде еліміздің әділет органдарында кайырымдылык мекемелері ретінде ресми тіркеуден өткен 37 пансионат бар. Олар Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірлерде құрылған.

Бұл пансионаттардың құрылтайшылары мен басшылары - жергілікті азаматтар.Пансионаттарда жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің 6-сыныбында оқитын оқушылардан бастап, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер, сонымен қатар оқу орындарын бітірген 1436 шәкірт тәрбиеленуде.Пансионаттар жетекшілерінің айтуынша, олар 1997 жылдан бастап бүгінге дейін 2500-ге жуык балалар мен жастарды қамкорлыққа алған.

Пансионаттар қызметінің басты ерекшелігі - әлеуметтік маңыздылығында. Елдің ірі қалаларының барлығын дерлік қамтып отырған пансионаттарда тәрбиеленушілер тегін жатын орынмен, 3 мезгіл тамақпен толық қамтамасыз етіледі.

Бұған дейін пансионаттардың белгілі бір дәрежеде діни білім беру ісімен де айналысып келгені белгілі. 2011 жылдың 11

қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының күшіне енуіне орай ендігі жерде қайырымдылық мекемелерінің діни білім берумен айналысуы заңды болып табылмайды. Аталған заңның 13-бабы бойынша республикалық және өңірлік діни бірлестіктер діни қызметкерлер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында діни білім беру ұйымдарын кұруға құқылы. Заңнама бойынша сонымен қатар діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, діни бірлестіктен басқа ұйымдық-құқықтық нысанда діни қызметпен айналысатын заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.Демек,Заң талаптарына жүгінсек,ел аумағында қызмет атқарып отырған пансионаттар діни бірлестік немесе діни білім беру ұйымы болмаған жағдайда діни білім берумен айналыса алмайды. Олардың қызметі қайырымдылық шараларымен шектелуі тиіс.

Айта кету қажет, пансионаттар қызметіндегі кейбір қағидалар көңілден шыға бермейді. Мысалы, қыз балалар мен ер балаларды бөлек оқыту және тәрбиелеу мәселесі зайырлылық тұрғысынан алғанда да, психологиялық жағынан да қайшылықты үдеріс дер едім. Жасөспірімдердің нағыз қалыптасу шағында бір-бірімен етене араласпай, оқшау тәрбие алуы олардың ой-санасына кері әсер етеді.

Заманауи оқу орындарының тәжірибесіне көз жүгіртсек, еліміздегі жоғары білімді исламтанушылар даярлайтын бірегей оқу орны - «Нұр-Мүбарак»Египет ислам мәдениеті университетінің өзінде жігіттер мен кыздар бір аудиторияда қатар отырып, дәріс тыңдайды. Бұл жағдайдан олардың үлгеріміне немесе мамандық игеруіне залал келіп отырған жоқ.Дәл осылай шетелдік азаматтардың немесе ұйымдардың қайырымдылық мақсатында өткізетін семинарлары, курстары, демалуға шығу күндері, тамақ берулері, емдік сеанстар ұйымдастыруы, кітаптар таратуы, экскурсияларға шығуы қайырымдылық шаралар ұйымдастыра алатын болғанымен оларда діни насихат немесе уағыздар айтуға заң бойынша тыйым салынады.Олар тек қайырымдылық істермен ғана шұғылдануы тиіс.Мысалы,Ислам жолындағы теріс ағымдар мұсылмандық мереке күндері әртүрлі малдарды құрбандыққа шалып, олардың етін көпшілік таратып беріп жатады.Бұл істердің сырт көз карағанда құрбандық шалу сияқты қайырымдылық сипаты бар. Шынында бұл әрекеттердің асытында теріс діндердің ықпалына тарту сияқгы әрекеттер жатуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 7-бабы «Діни жоралар мен рәсімдерге» арналған.

«2.Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) және оларға бөлінген аумақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелері мен үй-жайларында,зираттар мен крематорийлерде,жақын тұратын адамдардың құқықтары мен мүдделері сақталған жағдайда үйлерде, қажетті жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінде бөгетсіз жүргізіледі (жасалады). Өзге жағдайларда діни іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады» деп көрсетілген. Бұл жерде азаматтардың үйлерінде діни жиындар өткізуге болатындығы анықталған. Қазіргі кезде көптеген дәстүрлі емес діни ағымдар өз жиындарын осындай үйлерде, болмаса басқа да заң рұқсат беретін объектілерде өткізеді.

Мәселе олардың ресми мешіттерде емес үйлерде жасырын түрде өткізуінде.Осындай жиындар пірдің қолын ұстағандар, зікіршілер, сәләфиттер,уаххабилер,т.б.ағымдар тарапынан жүргізіледі. Себебі олардың діни қағидалары ресми ҚМДБ-ның қағидаларына қайшы келеді. Ал мешіттер болса барлық діни уағыздарды ҚМДБ-ның бағытына сәйкес жүргізеді.

Дәстүрлі емес діни ағымдар өздерінің қатарына ылғи жаңа мүшелерді тартып, оларды өз жиындарына қатыстыруға әрекет жасап жатыр. Қазіргі кезде мұндай жасырын үйлердегі жиындар елімізде кең етек алған.

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып өтелік:

- әлеуметтік тұрғыдан өзара көмек және қолдау көрсету;

- кішіпейілділік және тәуелсіздік сияқты құндылықтарды қолдай отырып, өз көзқарастары мен идеологияларын таратуға тырысу;

- кез келген аймақтағы мұқтаждық, жұмыссыздық, сауатсыздық және панасыздық сияқты әлеуметтік және экономикалык мәселелерді пайдалану;

- аймақ халықтарын, олардың басынан кешіп отырған қиын жағдайларын пайдалана отырып, өз қатарларына тартуға тырысу;

- жұмысыз,әлеуметтік жағдайы нашар,ұлттык және рухани кұндылықтарынан хабары жоқ жастарды өздері үшін мақсатты түрде миссионерлерге айналдыру;

- мемлекеттік төңкеріс, қайта құрулар болып жатқан елдерде жан-жақты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Жаңа секталар азаматтарды діни және психологиялық тәуелсіздікке түсіруді мақсатында осындай әдіс-амалдарды пайдаланады.

Секташыларға мүшелікті А.Дворкин бір орталыққа шоғырланған үш шеңбер түріндегі үш деңгейге бөледі: «Ішкі шеңбер - бұл «маманданған» «сектатанушылар», яғни бүл осы қызметпен өзінің күн көрінісіне ақы тауып жүрген көшбасшылар, емшілер, экстрасенстер, шығыс күрес өнерлерін оқытушылар, йога әдісін, тағы да соған ұқсастар».

Келесі шеңбер барлық уақыттарын сектада өткізетін, сонда қонып, өздерін толығымен сектанттық қызметке арнаған.Бірінші шеңберге қарағанда бұл шеңбер тарлау, себебі «жарты ставкадағы» сектанттар салыстырмалы көп емес,олар көбінесе бір сектадан екінші сектаға ағылып жатады.

Секта мүшелерінің ең кең шеңберіне сектаға жартылай тартылған адамдар кіреді.Біздің елде тұрғындардың көпшілігі осы шеңберге кіруі мүмкін. Бұл қажет кезде сектанттық офицерлердің полкын толыктыратын солдаттар».

Сектаға келген неофиттерді фанат адепке айналдыру мақсатында оларды тұрақты бақылауға алып,оларға тұлғалық қасиетін бұзатын мына методтар жасалады:

- транска түсіретін әдістер жүйелі қолданылады;

- сектаның өмір сүру стилін қабылдауын талап ету;

- сыни көзқарастардың алдыналып отыру;

- информаңиялық бақылау жүргізу - культтік, сектанттық әдебиеттерден баска хабар - беретін материалдарға тыйым салу;

- қорқыту (угрозы);

- шектеу (изоляция) - әдептерге сектадан тыс достарымен, қызмет бабымен, туысқандық қарым-қатынастарды қысқартуға кеңес беріледі;

- қаржылық міндеттеме - өзінің жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін секта басшыларының қолданысына өткізу.

Жаңа діни ұйымдардың кызметі тармақты маркетингті ұйымдастырғандағы сияқты бір жүйеге келтіріп жүргізіледі.

Мамандар маркетинг принциптеріне сараптама жасағанда бұл жұмыста дилер жетістікке жету үшін оның мынадай психологиялық көрсеткіштері болуы керек дейді.Ол адам дүниеқоңыз,пайдакүнем,ұялу, ыңғайсыздануды білмейтін, екіжүзді актер болуы керек. Сонымен қоса оның кәсіби мүдделестік сезімі өте күшті дамуы қажет. Маркетингте де, секталарда да осындай қасиетпен көзге түсетін лидерлер (көшбасшылар) бар. Маркетинг пен секталардың жұмыс кезеңдері де бірдей.

  1. мүшелікке таңдау;

  2. тармаққа баулу;

  3. психологиялык тазарту.

Тармақты маркетинг пен сектанттық қызмет адамдарды «бағыттаудан» басталады. Ол үшін бес-алты адамнан жиналған топ болса жеткілікті. Мұндай кездесулерде олар өте мейірімді жанашыр ретінде әңгіме айтып адамдардың сеніміне кіріп алады.Одан кейін біртіндеп осы адамдармен нейролингвистикалык бағдарламаның заңына сай жүмыс жасайды. Мұндай принциппен жұмыс істейтін адам кез келген аудиторияны транс (санадан тыс болу) жағдайына түсіре алады. Егер діни ағымдардың қызметінде осындай белгілер болып,психотехникалық әдістер қолданылса, оларды секталарға жатқызуға болады. Мамандар секталарды зерттеу барысында олардың ортақбелгілерін төмендегідей деп береді:

  • жаңа келген адамға ерекше мейірім көрсету;

  • үздіксіз медитация,қасиеттерді сөздерді (фразаларды) қайталау аркылы трансқа түсу;

  • индоктринация - ұйымда уағыздалатын ілімді түсіндіру. 3-4 сағаттық діни рәміздер: медитация, діни уағыз, медитациялық музыка.

  • Жоғарыда аталган қызметтермен қоса бүл ұйымдар өз алдарына үлкен мақсаттар қояды:

  • әлемдік деңгейдегі атақ-абыройға ие болу;

  • өздеріне жаппай мүшелерді жинау;

Ұйым мүшелерінің санасын өзгерту мақсатында олардың психи- каларына әсер ету.

Адам санасын манипуляциялау бұл адамның келісімімен немесе келісімінсіз де бір іс-әрекет жасауға немесе іс-әрекет жасамаудан бас тартуға мәжбүр ету мақсатымен арнайы әдіс қолдану немесе қайта-қайта ауыр қысым жасау,нәтижесінде адамның денсаулығана үлкен саналды. Әсіресе, ҚМДБ-ға қарсы теріс мұсылман ағымдарын түсіндіретін сайттар өте мол болды. Дін жөніндеғі жаңа заң қабылданған соң, көпшіліктің талабымен 200 аса діни экстремистік бағыттағы сайттардың қызметі жабылды. Бұл жұмыс қазір де одан әрі даму үстінде.

Дәріс №8. Исламдық теріс ағымдардың әрекеті және олардың еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне зияны

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]