- •5В050900 – Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5b090200 – Туризм,
- •5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5b020200 – Халықаралық қатынастар, 5b050800 –Есеп және аудит, 5b050600 –Экономика
- •5В011400-Тарих»
- •32. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінін IV съезі.
- •5В050900 – Қаржы, 5в050700 – Менеджмент, 5b090200 – Туризм,
- •5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 5b020200 – Халықаралық қатынастар, 5b050800 –Есеп және аудит, 5b050600 –Экономика мамандықтары
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасын
- •Пәннің сипаттамасы
- •3. Пререквизиттер және постреквизиттер:
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •4.4. Білім алушының оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •(Syllabus)
- •1. Оқытылатын пәннің сипаттамасы
- •3. Пәннің қысқаша мазмұны
- •4. Тақырыптар және оларды үйрену ұзақтығы.
- •4.1. Дәрістік сабақтар
- •4.2. Тәжірибелік сабақтар
- •4.3. Зертханалық сабақтар пән бойынша қарастырылмаған.
- •5. Өзіндік жұмыс тапсырмалары
- •7. Білім алушылардың білімін тексеру кестесі
- •8. Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері, оқытушының талаптары
- •9. Әдебиеттер тізімі
- •5.1. Негізгі әдебиет:
- •5.2. Қосымша әдебиет:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5. Дополнительная литература
- •8.Методические рекомендации (в наличии)
- •9. Эумкд
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •1)Үнді-буддизмі - Тхеравада немесе оңтүстік және шығыс-оңтүстік буддизмі.
- •2)Дао буддизмі - махаяна немесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі.
- •3)Тантрикалық буддизм – ваджрияна немесе Орта Азиялық буддизм.
- •1.Иегова куәгерлері:пайда болуы,құрылымы,әрекеттері,қауіптілігі
- •3.Жетінші күн адвентистерінің қызметі. «Агапе»,«Жаңа өмір», «Грейс», «Рахым»,т.Б.Шіркеулердің Қазақстандағы миссионнерлік қызметі.Олардың діни әдебиеттері.Шіркеулерінің республикаға таралуы
- •1.Кришна санасы қоғамы және оның қызметі мен қауіптілігі
- •2.Бахаи діни ағымы,Бірігу шіркеуі
- •3.Оңтүстік Кориялық протестанттық шіркеулерідің миссионерлік қызметі
- •1. Дәстүрлі емес діни ағымдардың жазбаша және ауызша үгіт- насихаттары
- •2. Дәстүрлі емес ағымдардың діни ғимараттар салуы,қайырымдылық қызметі,әдебиеттерін тарату
- •1.Уаххабилік ағымның ерекшеліктері.Олардың дәстүрлі исламға қарсы күресі. Уаххабиліктің белгілер, масхабтарды мойындаумауы, қазақтардың салт - дәстүрін, әдет – ғұрыптарын мойындамауы.
- •2.Сопылық ағымның ерекшеліктері.Зікіршілер.Сопылық ағымның заңға қайшы әрекеттері.
- •7. Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспары
- •10.Білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне арналған реферат тақырыптары.
- •11.Оқу өндірістік және диплом тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар бағдарламамен қарастырылмаған.
- •13. «Дінтану» пәннің мазмұнына сай бағдарламалық және мультимедиялық қолдаумен қоса ( бейне-дәрістер,слайдтар,электрондық оқу құралдары,т.Б.) қарастырылмаған
- •14.Мамандырылған аудитория,кабинет және зертханалар тізімі (кестеге сәйкес аудиторияда өткізіледі).
1.Уаххабилік ағымның ерекшеліктері.Олардың дәстүрлі исламға қарсы күресі. Уаххабиліктің белгілер, масхабтарды мойындаумауы, қазақтардың салт - дәстүрін, әдет – ғұрыптарын мойындамауы.
2.Сопылық ағымның ерекшеліктері.Зікіршілер.Сопылық ағымның заңға қайшы әрекеттері.
Уаххаби өкілдерінің алдарына қойған мақсаттары,көзқарастары және қозғалыс-әрекеттері арқылы діни,қоғамдық және саяси мәнге ие ағым екендігін көруге болады.Олар тарихта доктриналары мен мақсаттары тұрғысынан“ Алланы бірлеушілер” (муаххид - дун), пайғамбардың жолындағылар (салафиуун) немесе уаххабтың жолындағылар (уаххабиун) деген атпен белгілі. Бұл ағымның қалыптасуына сол дәуірдің қоғамдық, экономикалық,діни және саяси жағдайлары себеп болды.Ағымды негіздеген Мұхаммед Ибн Абдулуаххаб XVIII ғасырдың орталарында Орталық Арабстанда Нежд және ал-Хаса аймақтарында қозғалыс жетекшісі болды.Бұл ағым негізінен араб ұлтшылдығын,Осман империясынан азат болу идеясын ту етіп көтерді. Бұл аймақта ешқандай империяның ықпалы болмады.Уаххабилік ілімі жеке-жеке тайпалардан құралған арабтардың басын қосып,бір идеологияға біріктіру, ұлт жарату, ортақ мүдде, ұлттық мемлекет құруға негізделді.
Уаххаби қоғамдағы құбылыстар мен діни,философиялық мәселелерді терең талдамайды, біржақты тұжырым, үкім береді. Олар үшін Құран мен Суннадан кейін Ибн Таймийа мен Ибн Жаузийа еңбектері негіз ретінде қабылданады.Бірақ бұл ғалымдарды да дұрыс түсініп, меңгере алмағандары белгілі.Абдулуаххаб “дінді тазалау”, яғни пайғамбар заманына оралу мақсатымен өз ағымын, қозғалысын ұйымдастырды. Оның ойынша, тек бәдәуи арабтар емес, барлық мұсылмандар таза ислам доктринасынан алыстаған болып есептеледі. Таухид жүйесіне қауіп төнді. Таухидті дұрыс түсінбеуімізден, ұмытуымыздан саяси, экономикалық, этикалық бодандықтамыз деп түсіндірді. Пайғамбар қабірін зияраттың өзі таухид теориясына қарама-қайшы келеді.
Уаххабилер үшін пайғамбардың, әулиелердің қабірлерін зиярат ету, Аллаға жеткізуші кұрал (тауассул) Аллаға серік қосу болып есептеледі (ширк). Олар өте қағидашыл. Мысалы, “бас ауруға анальгин ем” десеңіз, бұл сөз Аллаға серік қосу (ширк) болып есептеледі. “Иасауидей әулиенің құрметі үшін мына дұғамды қабыл қыл” десең діннен безгенсің (мушриксің) дейді.
Бұлар өз дінінен жат, алыс қалғандарды тез баурап алатын доктрина. Абдулуаххаб “Құран мен Сунна” басқа да негіздерді қабылдайтын мазхабтарды дінге жаңалық қосу деп (бидғатшылықпен) күстаналайды.
Ал, өздерін түсінгісі келмегендерді надан (жахил), олардың сеніміне кірмегендерді “дінсіз” деп қарайды.Абдулуаххаб “біздің ханафи мазхабын кафирлердің мазхабы” деп қарайды. Олардың қас дұшпаны мұсылмандар. Өйткені таухид ұстанымы христиан, йахудилерге сәйкес келмеді.Сонда да оларға мұсылманға қылған әрекеттерін қыла алмайды. Олардың иман мәселесі бойынша айтқан идеялары,жолдары мұсылмандар арасында түрлі түсініспеушілікке апарып соғуда.Сонымен уаххабилер Қазақстанда ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан дәстүрлі ханафи мазхабына қарама-қайшы көзқарастағы ағым. Мысалы, өмірден өткендердің рухына Құран бағыштау, тариқат, қабірді зиярат ету, оларға белгітас орнату исламға жат деп уағыз айтуда. Бұл қоғамды қайшылыктар мен келеңсіз жайларға апарып соқтырады. Музыка, театр, өнер, туылған күн той- лауды харам, күнә деп есептейді. Бұлар, уаххаби ағымындағылар үшін Аллаға серік қосу (ширк) және дінге жаңалык қосу (бидғат).
Осылай қазақтардың мұсылмандық түсінігінің негіздері ашык түрде жоққа шығарылып отыр. Бұл жағдайлар қазақтардың ойына біздің ата-бабаларымыз қай ислам дініне сенген? деген психологияльщ танымдық кобалжу тудырып отыр.
Исламның иман, намаз, ораза, зекет және қажылық шарттарынан басқа тағы да өзгеріс енгізуіне жол жоқ. Мысалы, бес уақыт намазды, алты уақытқа шығаруға немесе екі уақытқа түсіруге болмайды. Егер осы негіздерге өзгеріс енгізілсе ол, әрине бидғат болады. Ал қазақтардың мұсылмандық түсінігінде ешқандай бидғат жоқ. Мысалы, Мұхаммед пайғамбардың туылған күні (мәулід), тәспі (тасбих), салауат (тахлил), Алланы еске алу (зикр), әсем үйлерде тұру, техника жетістіктерінен пайдалану және т.б. уаххабилер бұларға, пайғамбар дәуірінде болмаған нәрсенің бәрін жоққа шығарады.Оларды тұтастай бидғат деп карайды. Ислам ешқашан адамның рухани, материалды дамуына, кемелденуіне қарсы шықпайды. Адамның ашқан жаңалықтарына Алла сүйіспеншілік танытады.
Құран мен Суннаға оның талаптарына сай келетін нәрсенің бәрін ислам “ғұрып” дейді. Яғни, көркем, әдемі деген сөз. Барлық мұсылманның қабылдаған ісі Алла тарапынан да қабылданады (Хадис). Егер біз Пайғамбар дәуірінде болмаған деп, Суннитке сай емес деп, бүгінгі ғылымдар мен ислам ғылымдары тафсир, хадис, араб тілі (сарф, наху) бас тартсақ, мектеп, медресе, университетке бармасақ, бұл таза исламның рухына абсолюттік тұрғыдан жат нәрсе. Ислам қатып қалған қағида емес. Ол адамды, әсіресе, мумин-мұсылмандардың дамуы мен кемелденуіне бастайтын, қияметке дейін үкімі жүретін Алланың соңғы діні.Пайғамбарымыз алғашқыда қабірді зиярат етуге тыйым салған. Кейіннен пұтқа табынушылық тоқтаған соң, ислам мұсылман жүрегіне үялаған соң, қабірді зиярат етуге рүқсат еткен. Пайғамбар: “Мен сіздерді қабірлерді зиярат етуден тоқтатып едім, енді қабірді зиярат ете беріңдер, өйткені онда сіздер үшін ғибрат бар” деген еді. Демек, алғашқы ислам дәуірінде, пүтқа табынушылық сияқты ширкке себеп болатын салт-сана басым кезде қабірге зияратқа тыйым салынған.
Кейіннен ғүламалар тарапынан қабірге зиярат жасаудың қағидалары деген атпен кітаптар да жазылды.
Демек, егер қағидалар исламда қабірді зиярат ету, әулиелерді ардақтау сауапты іс, бұзылмаса.
Мазарға қабіртас-ескерткіш қою. Пайғамбар Усман Ибн Мазун қайтыс болғанда оның қабірінің үстіне белгітас әкеліп қойған.Себебін сұрағандарға “Осы жерден өткенімізде тасты көріп, Усманды еске алып, дүға қылып тұрамын” деген екен.
Өлгендерге құранбағыштау - барлық мұсылман әлемінде кең таралған. Ол өлілерді еске алу үшін жасалған шара, Ғибраты, хикметі мол нәрсе. Құран оқу арқылы өлік шыққан үйге өзіңнің оның қайғысын бөліскеніңді білдіресің.
Пайғамбар айтады: “Құран Кэрім оқылғанда, Алла Құран оқығанға да, оны тыңдағанға да, сауап жазады.
Сондықтан егер, оқушылар мәйітке Құран бағыштаса, Алла оқушыларға берген сауабын кемітпестен мәйітке де жазады” дейді. Сондықтан Құран тілуәты Алланың сөзінің сақталуы және ислам дінінің жандануының бір жолы деп қарау керек.
Кұранда Кейінгі келген әулет өкілдері өздерінен бұрын өтіп кеткен ата-бабаларына дұға оқып: Әй, Алла, Бізді кешір, иманда бізден бұрын өткен бауырларымыздың күнәларын кешір”.
Пайғамбардың өзі кейбір сүрелерді мәйітке оқудың артықшылығын айткан. Мысалы “Ясин сүресін оқысаңыз, мәйіттің азабы жеңілдейді” (Имам Ахмад Муснади).
“Адам баласы қайтыс болса, оның істеген сауап амалдары тоқтайды, бірақ үш нәрсе тоқтамайды. Садақа-и жария (жақсы іс), перзентінің оған жасаған дүғасы және пайдалы ілімі”.Уаххабилердің атақты сүйенген ғұламасы Ибн Жаузийа: “өзінің “Китаб-ур-рух” атты еңбегінде Алдыңғы үш ғасырдағы ислам ғүламаларының жерлеу рәсімінен кейін Құран оқуды өсиет еткен” дейді.Уахабилер өз көзқарастары бойынша Ибн Ханбал, Ибн Таймийа, ал-Жаузийа доктриналарына сүйенгенмен, өлген адамдар өзі, мәйітке, Құран тілауатының сауабы немесе оларға жасаған қызметінің сауабы жетпейді дегендерге қарсы шыққан.
Тауассул пайғамбардың өзі “Әй, Алла, Сенен,тек Сенен ғана сұраушылар үшін сұраймын” деген еді. Пайғамбар бір бишараға: “Әй, Алла, Сенен Сенің пайғамбарың арқылы сұраймын. Әй, Мұхаммед, Сіз арқылы Аллаға жалбарынамын. Әй, Алла, пайғамбардың хаққы, үшін мінажатымды қабыл ете гөр” деп дүға жаса дейді.
Қысқаша түйіндеп айтсақ, салафилер исламды тарату мен халифат орнатудың негізгі жолы жиһад, яғни дінді күшпен енгізу деп санайды. Бұл Құран ұстанымына түбірімен қайшы келеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясына қарама-қайшы көзқарастарын жасырмай айта алады. Олардың пікірінше, Қазақстанның билік тобы әбден сыбайластыққа батқан, «мұсылман» атына сай емес. Сондықтан салафилер бүгінгі конституциялық құрылымды халифатпен алмастырып,шариғат заңдарын ұстануға, мемлекет басына «халифа, әмір» сайлауға үндеп жүр. Бұл біздің тәуелсіздігіміздің баяндылығы мен қауіпсіздігіне төнген катер.
Қазақ мұсылмандық түсінігі мен әдет ғұрпына ашық түрде ревизия жасаумен айналысып жатыр.
Уаххаби діндарлардың пікірінше,славян халықтарын айтпағанда, қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, т.б. халықтың барлық дәстүрі ислам догмаларына қайшы,сондықтан тез арада жойылуы тиіс.Салафилер«өз елінің патриоты болма, Ислам дінінің патриоты бол» деген идеяны насихаттайды. Бұл әрбір Уаххабидің салафилік идеяны тарату үшін ұлт пен мемлекет мүддесін оңай сатып жіберетінін көрсетеді. Сен егер ұлттык мүдде туралы айтсаң мининационалист болып қоғамнан аластатыласың.
Ал Құранда адамдарды өзара бір-бірінен үйрену үшін қауым, ұлт ретінде жараттық деген аят бар.
Исламның негізі - жиһад деп түсіндіріп, кәпірлерге қарсы қарулы соғысқа үндейді. Уаххабилердің түсінігіндегі «кәпір» ұғымына қазіргі Қазақстан халқының 90%-ы кіреді. Уаххабилік ағымның ерекшелігі - сенім мәселесінде фанатизмге бой алдырса, өзінен басқа түсініктегі мұсылмандарға экстремистік өшпенділікпен жауап береді.Мұнда олардың ұстанымында Құран психологиясынан, рухынан атымен жұрдай.
Салафилердің үраны, идеологиялык негізі - «Лэ илаһа ил-Аллаһ, Мухаммадун расул-Аллаһ» кәлимасын өзінше бұрмалап түсіндіруде жатыр. Мысалы, Уаххабилер осы кәлиманың алғашқы бөлігін «Алладан басқа бас июге лайык нәрсе жоқ» деп түсіндіреді. «Бас ию» үғымының аясына бағыну, сену, корқу, құлшылық қылу, жалбарыну, ұмтылу, көмек, қорғаныш сұрау, т.б. кіреді. Осылайша, адам Алладан басқаға бағынса, сенсе, қорықса, ұмтылса, жәрдем сұраса, т.б. діннен безген «кәпірге» айналады. Мысалы, егер бір адам Құдайдың құлы ретінде Алла заңына (шариғатқа) емес, конституцияға бағынса, ол адам Бір Құдайға сену формуласын бұзғаны үшін «көп Құдайға табынушы» (арабша - мүшрік, кәпірдің бір түрі) атанады. Уаххабилік «ілімді» ұстанушылардың пікірінше, ажалды пенделер ойлап тапқан конституцияға бағыну арқылы ол адам конституцияны Құдай заңына теңгеріп, оны жазған адамдарды Құдайға санағанмен бірдей күнә жасайды. Бұл күнә «Құдайға серік қосу» немесе араб тілінде «ширк» деп аталып, оны жасаған адамды өлтіруге де болады деген пәтуа шығарады.
Бұл дегеніңіз құдай бетін аулақ қылсын ертең олар Қазақстанда елі іші бүлік шығаруға негіз болатын идеологиялық кеңістік жасап жатыр. Олар көршілерін осы пәтуа арқылы тонап кете беретін болады.
Жалпы кеңестік режим кезінде тұкымы себілген вахабилік тенденцияны бүгінгі Ресей саясаты қолдайды.Өткен ғасырда КСРО құлаған соң посткеңестік елдердің ішкі тыныштығын бұзу үшін ұйымдастырылған «уаххабилік ілім» Орта Азия елдері мен Кавказ аймағына кіргізілді. Соның нәтижесінде бұл діни-саяси доктринаШешенстан мен Өзбекстандағы,Қырғызстан мен Тәжікстандағы талай қарулы қактығыстар мен жанжалдардың шығуына басты себеп болды. Бұл құбылыстан Қазақ елі де тыс қалмасына куә болатын уақыт та таяп қалған секілді. Оған бүгінгі діни ахуалға сараптама жасағанда көз жеткізіп отырмыз.
Сонымен қорыта келе, вахабилік салафилік тенденция бүгінгі қазақ мұсылмандық түсінігінің тарихи қалыптасу ерекшеліктерін мойындамайтын теологиялық тұрғыдан Ашари жолындағы оның ішінде нақыл мектебінің өкілдері. Ал фиқхтық тұрғыдан ханафи жолына емес «ахл хадис» мектебінің ерекшеліктерін көрсететін революциялык жолдағы ағым.
Исламның негізгі рухына сай емес ұстанымдармен сомдалғандарын өздері сезінбейтін топ. Демек ақылдан гөрі сезімге берілетін ойлауға емес, еліктеушілікке ұмтылатын нағыз фундаментаистік бағыттағы исламофобия құбылысына қызмет ететін жалданды топтар. Бұларды дер кезінде мемелекеттік деңгейде бақылап,тиісті шешімдер арқылы тізгіндемесек,ертең қазақ болмысынан айрылып, дін деп араб мәдениетінің сойылын соғып кетуіміз ғажап емес.
Ясауи дүниетанымының негізінде сопылық жатыр. Сопылык ешқашан исламға сырттай оппозициялық сипатта болған да емес! Сопылық исламның мазмүны, мәні. Ал форма мен мазмүн біртұтас нәрсе ғой. Сопылық исламның, мұсылмандардың ең қиын-қыстау кезінде қорғаушысы бола білген.
Мысалы, тарихта моңғол шабуылына қарсы, кубраийа, крестшілерге қарсы шазилия, орыстардың отарлауына қарсы Яса-уйа, нақшбандиа, қалмақтарға қарсы нақшбандиа, Африкада француз империалистеріне сенусийа,тижанийа ағылшындарға қарсы сухрауардийа тариқаттары үздіксіз соғыс жүргізді. Көрдіңіз бе, сыртқы дүшпандарға қарсы азаттық соғысын жүргізу мұсылман әлемінде тариқаттар арқылы мүмкін болған еді. Бұл соғыстар сол дәуірлерде өз мәдениетін, еркіндігін, азаттығын, Отанын қорғау үшін жүргізілді. Сонда сопылық - исламға оппозиция ма? Жоқ әлде мұсылмандардың рухани тірегі ме? Оны өзіңіз саралаңыз.
Тарихтағы Ясауи жолы - дін іші тұтастыққа және діндер арасы татулық пен толеранттылыққа шақырады. Бұл жолдың ұстындық негізі - шариғат, психотехникалық жүйесі - тариқат, танымдық негізі - мағрифат және ақиқаттан түрады. «Шариғатсыз тариқатқа,
мағрифатсыз ақиқатқа өтуге болмайды», - дейді Ясауи. Ясауидің төрт ұстанымы мен шарты, яғни «заман, мекен, ихуан, рабти сұлтан» қазақ мемлекеттілігінің негізгі ұйытқысы болды. Ясауи ілімі бүгінгі қазақ мұсылмандығының негізі. Сондықтан біз Ясауи жолындагы қазақ мұсылмандарымыз.
Оны ешкімнен жасыра алмаймыз. Ясауи жолы фикхтық жағынан Имам ағзам Әбу Ханифаның, ақаидтық (доктриналық) жағынан имам
Матурудидің іліміне негізделген, түркі халықтары арасында кең тараған нағыз түркілік мәдениетпен сомдалған дәстүрлі мұсылмандық түсінігіміздің айнасы.Ясауи ілімі Қазакстандағы дінішілік қана емес діндераралық татулық пен толеранттылықтың темірқазығы. Иасауи ілімі, қазақтың ұлттық болмысы мен мемлекеттілігінің, мәдениетінің негізі.
Салафиттер.Салафиттік - ислам дініндегі сунниттік бағытқа жататын діни идеологиялык ағымдардың бірі болып табылады.
«Салафилік» ағым Мұхаммеа(с.ғ.с.)Пайғамбар мен оның сахабаларының дәуірін қайтару ұғымына жақын. «Сәләф» сөзі «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Оңтүстікте алғашқы сәлафилік қоғамдар 2004 жылы пайда болды. Оның негізін «Братья-мусульмане» ұйымы және «Кувейттің әлеуметтік реформалар қоғамы», «Азия мұсылмандар комитеті» қалаған. Сәләфилер 4 топқа бөлінетіндігі белгілі.
Матхалиттер - ресми билікті мойындайды. Сауд Арабиясында қызмет етеді. Ешқандай жамағатқа бірікпейді.
Мединалықтар («Сурруриттер») - жамағатқа бірігеді, лидерлерін сайлайды. Бұлар мемлекетке тікелей қауіпті емес, ресми діни басшылыққа қарсы.
Такфирлер 1990 жылдары біздің батыс облыстарда пайда болды. Басқа мұсылмандарға сенбейді. Зайырлы заңдарды мойындамайды. Олардың бір тобы Мединеде тұратын оңтүстік қазақстандық Абдужаббаров Абдухалилдің ықпалында. Ол 2004 жылы Сайрам ауданындағы мешітте қызмет етті. Содан Атырауға кетіп, «Әл- тақуа» мешітінің имамы болды. 2006 жылдан Сауд Арабиясында өмір сүреді. Бұлар қатаң иерархиялық басшылықта. Әрқайсысының өз рөлі бар.
Сәләфит радикалдар - жиһатшылар, террорға шакырады. Ауғанстан мен Шешенстанда соғысқа қатысқан. Оңтүстік Қазакстан облысында осылардың жамағаттары бар екені анықталған.
Салафиттер өз уағызында төмендегі идеяларды ұсынады:
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымына қарсылық. Олардың пікірінше, Қазақстанның билік тобы әбден сыбайластыққа батқан, «мұсылман» атағына сай емес. Сондықтан салафиттер қазіргі конституциялық құрылымды халифатпен алмастырып, шариғат заңдарын ұстануға, мемлекет басына «мұсылман Әмір» сайлауга шақырады.
- Орталық Азия халықтарының салт-дәстүріне карсылық. Уаһһаби діндарлардың пікірінше, славян халықтарын айтпағанда, қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз, т.б. халықтың барлық дәстүрі ислам догмаларына қайшы. Салафиттер «өз еліңнің патриоты болма, Ислам дінінің патриоты бол» деген идеяны насихаттайды. Бұл әрбір уаһһабидің салафилік идеяны тарату үшін ұлт пен мемлекет мүддесін оңай сатып жіберетінін көрсетеді.
- Исламның ең негізі - жиһад деп түсіндіріп, кәпірлерге қарсы қарулы соғысқа шақыру.Уаһһабилердің түсінігіндегі «кәпір» ұғымына қазіргі Қазақстан халқының 90%-ы кіреді.
Бұлар мұсылмандарды Аллаһтың бірлігіне шақыру, ислам дінін хұрафат-бидағат амалдардан тазалау, дінімізді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманындағыдай қалпына келтіру, араб әлемін біріктіру сияқты мақсаттарды ұранға айналдырып алған.
Олардың пікірінше тәспі тартуға да, мешітке садақа беруге де болмайды. Пайғамбарлар мен әулиелердің зираттарына зиярат етуге де қарсы.Тіпті алғашқы уаһабшылар қажылыққа барғандардың пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) асыл сүйегі жатқан орынға зиярат етуіне де тыйым салды.
Бұл ағым белсенділері жалаңбас, сақалын өсіріп, тобығына дейін қысқартылған шалбармен жүреді.
Ел мұсылмандары мен ұлтымыздың ынтымақ-бірлігіне үстанымы мен іс-әрекеті арқылы іріткі салушы, қазақ топырағында өніп-өспеген, тамыр жаймаған бұл жат ағым ел тәуелсіздігінен кейін Шымкентте институт, Алматыда медресе ашып, қашан құзырлы орындар жапқанша өз ұстанымдары бойынша жүздеген мамандар дайындап үлгерді. Бұл аз десеңіз әр жылы өз бетімен үлкен және кіші қажылыққа барған жастардың бір бөлігі Мединада қалып, ондағы оқу орнында солардың ұстанымымен тегін (тиісті жағдайыжасалып) оқып, елге оралуда. Бұларды өз дегенінен қайтару да, кайта қазак ету де киын.
Зерттеушілер салафиттердің діни дайындығынан өткен адамның өте радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға өшпенді қарсыласқа айналатынын, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да баратынын айтады.
Қазір республикамыздың әр өңірінде салафиттердің саны мыңдаған адамға жеткен, олар бей-берекетсіз топтардан нақты басқарушы, үйлестіруші механизмдері бар құрылым болып қалыптасу үстінде. Шешенстан, Тәжікстан және Өзбекстан тәжірибесіне қарасақ қалыптасу процесінен өткен салафиттердің ендігі мақсаты - билікті басып алу үшін қарулы қақтыгыс ұйымдастыру және халифат орнату болатынын байқаймыз.
Салафиттердің негізгі «жұмыс орны» - мешіттер, түрлі ислам мәдени қайырымдылық қорлары жанындағы курстар, т.б. Бұл жерде негізгі назар жастарға, студенттерге, кәсіпкерлер мен шығармашыл зиялы қауым өкілдеріне түседі.
Салафиттер қажылықты да өз мақсатына жақсы пайдаланады. Шенеуніктер, мемлекеттік және мәдени сала қызметкерлері, кәсіпкерлер мен спортшылардан құралған топтар Сауд Арабиясына жолданады. Сол жерде Қазақстан азаматтары жүйелі идеологиялык, психологиялық «өңдеуден» өтеді.
Алғашқы кезде дінге ықылас танытқан адамға түрлі діни әдебиет, Интернет мақалалары, түрлі уағыз жазылған аудио-бейне жазбалар ұсынылады.Мұнда ашық жиһадқа шақыру,халифат құру секілді экстремистік идеялар болмайды. Бірақ бұл кітаптар мен брошюралардың негізгі мақсаты - адам санасына уаһһабиліктің базалық идеяларын (көпқұдайшылық - ширк, тек қана бір Құдайға табыну - таухид, дінге жаңалық енгізу - бидағат, т.б.) сіңіру, сол аркылы болашақга экстремистік идеяларды (жиһад, мемлекеттік құрылымды қирату, халифат құру, т.б.) жатсынбайтындай ету болып табылады. Көбіне бұл кітап пен брошюралар уаһһабилік идеология жақсы дамыған араб елдерінің теологтары еңбегінен аударма болып келеді.
Ахмадия діни ағымы. Ахмадия 1990 жылы Үндістанды отарлаған ағылшындардың жоспары бойынша пайда болған. Бұл діни ағымның пайда болуы ағылшындар таңдаған Мырза Кулам Ахмад Қадиянидің (1839-1908 ж.)есімімен байланысты. Ахмадия діни ағымының орталығы Лондонда орналасқан.Олардың өкілдері Батыс мемлекеттерімен катар Африка елдерінде, АҚШ-та, Үндістан, Пәкістан да кездеседі. ТМД-ның кейбір елдері сияқты кадиянилер тобы Қазақстанда да, соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында ресми түрде тіркеуден өтіп алған. Олар өздерін Ахмадия тобы мұсылманбыз деп таныстырады. Көбінесе өздерін кәсіпкер, саудагер, қайырымдылық қорының өкілдері ретінде санайды.
Ахмадиялықтардың түсінігі бойынша жиһад парыз емес. Отанды қорғау деген түсініктен мақрұм. Дүниежүзі ағылшындарға бағынуы тиіс. Ахмадилықты қабылдамаған әрбір мұсылман кәпір болып саналады. Сондай-ақ ахмадияларға қызын әйелдікке бермеген адам кәпір. Арақ ішу, героин сияқты мас ететін нәрселерді қолдануға, сатуға, сатып алуға рұқсат етеді.
Ежелден ислам өлкесі болып келген Үндістан бұл түрдегі исламға қайшы топтың исламның атымен шығуға бейжай қарамады. Кадияниларға қарсы мақалалар, кітаптар жазылды,пәтуарлар шықты. Олар Ғүлам Ахмадты жазған еңбектерін ислам дінін арашалап, қатты қорғады.
Қазіргі кезде барлық мұсылман елдерінде Ахмади мұсылман ағымдарына жатқызылмайды.
Қазіргі таңда ағым қозғалысы туралы ағылшын тілінде шығарылатын журналдыры арқылы жариялап түрады.
Ахмадиялардын қаржы көздері. Қадиян ман Лахор қаражаттарын қазыналарына жіберілген зекеттерден жинайды. Ол бұл түрғыда Ислам дініндегі зекет пен садақаны жақсы пайдаланған. Жамағатына әртүрлі насихаттар жүргізіп зекет пен садақаны көп беруге ынталандырып отырған.
- Әр айда сектаның әрбір мүшесі өз айлығынан, не тапқан табысының 16/1 бөлігін ортақ қазынаға береді.
- Сондай-ақ, бұл сектаға өзін арнаған адамдар жанкештік пен жомарттық танытып, тапкан пайдасының 10/1 бөлігін өз корларына беріп отырған.
- Бұдан басқа қайтыс болған ахмадияшының мирасынан алады. Яғни, олар өлерден бұрын міндетті түрде дүниесінің 10/1 өсиеттеп кетеді.
Ахмадия немесе тағы бір басқа атауы Қадиянилік ағымы Қазақстанда (Алматы қаласында) Пәкістандық миссионерлердің
ықпалымен 1994 жылы Әділет министірлігінде тіркелді. Ағымның толық атауы - Қазақстан Республикасының «Ұлттық Ахмадия Мұсылман Жамағаты» деп аталады. 1998 жылы Ахмадия жамағатының бөлімшесі Шымкент қаласында тіркеуден өтеді. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тарапынан Ахмадия ағымынан республика мұсылмандарының сақтану керектігіне, елдің, халықтың тұтастығына қауіп төндіріп жатқандарына және ортодоксальді исламмен ешқандай байланысы жоқ екендігіне байланысты пәтуа шығарылған.
Қазіргі таңда республика көлемінде ахмадилердің жүзден аса сенушісі бар деп есептеледі.Соның ішінде 70 қазақ, үндіпәкістандық 20 адам, сондай-ақ т.б. ұлт өкілдері бар.
Құраншылар. Құраншылар алғашқы іс-әрекетін XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында бастады. Құраншылар идеологиясының негізі алғаш рет Үндістанның Солтүстік бөлігінде (қазіргі Пәкістан жерінде) болды. Құраншылар атауы жөнінде әртүрлі пікірлер білдіреді. Кейбір ғалымдар оларды «Құраншылар» деп атауға болмайды, себебі бұл атау Құран Кәрімнің үкімдері мен ережелерін толығымен орындайтын топ деген мағынаны береді деп топшылайды. Құраншылар Ислам тарихында Құранды рацоналдық жолмен түсіндіруді дәріптеді. Осының негізінде құраншылардың ішкі бөлігінде пайда болған хауариждер, мұхтазила, муржия, шийіттер сияқты ағымдардың пайда болуына алып келді. Бұл ағымдар Ислам үкімдеріне және сенімдеріне қауіп төндіріп отырғандығы аян. Құраншылар өздерінің идиологиясында Құранды тек ақылмен түсіндіру дәріптей отырып ақылды Құран нақылдарынан жоғары қойды.Құраншылар идеологиясының негізін калаушы Мырза Ахмед Хан болды. Оның толық есімі Саид Ахмед Хан ибн Ахмед Мирулмуттақа ибн Имад Әл-Хусайни.Ол Ислам ғұламаларының дәстүрлі ұстанымына қайшы ұстанымды қалыптастырды.Сөйтіп хадисті қабылдауға мүлдем орындалмайтын шарттар қойып, көптеген хадистерді жоққа шығара бастады.
Құранның тәпсірін жасауда көптеген Исламның дәстүрлі қалыптасқан ережелері мен ұстанымдарына қайшы пікірлерді алып келді.
Құраншылар бағыты жалпы Исламның дәстүрлі ұстанымдары мен ережелеріне жауап бермейтіндігімен ерекшеленеді.Себебі Ислам тарихында мұсылман қауымы Пайғамбар сүннетін ерекше бағалап, ұстанумен келеді. Құраншылардың ең негізгі дәстүрлі ұстаным мен идеологияға қайшы келетін пікірі: «Дін мен шариғаттың үкімдері баяндап, бекіту үшін сүнниттің ешқандай керегі жоқ, Құранның жалғыз өзі жетіп артады» деп топшалайды.
Сопылық.Исламдағы терминдердің барлығы араб тілінен келді, ал пір сөзінің келген жері парсы сөзі, яғни шал деген сөз екен. Сопылардың пірлері мүриттерін өзіне рухани тұрғыдан толығымен бағындырады. Жылда олар пірге қол тапсыру рәсіміне жиналады сол кезде жиналғандарға пірдің ізбасарлары бірнеше рет арнайы тағамдар дайындап береді, содан кейін мүриттер пірлерін шектен тыс жақсы көріп кетеді, мүриттер (сопылар) Құранның аудармасын және муфтияттың басылымдарын Сүннет кітаптарын оқымайды.
Сопылар мынадай түсініктер таратуда «Кім тариқатқа қосылмаса адасады, шайтанның жолына түседі, діннен шығады, пірге қол бермесе болмайды, пірсіздің пірі - шайтан» деген сияқты орынсыз сөздерді айтып, діннен хабарсыз адамдардың зәресін алады. Діни экстремизмнің сопылық бағытының зардаптарына тоқталсақ. Өткен жылы тамағынан жараланған 33 жасар жігітті Алматы қалалық 12-аурухананың алдына белгісіз біреулер тастап кеткен. Қансыраған жігітке дәрігерлер шұғыл көмек көрсетіп аман алып қалды.Кейін белгілі болғандай,Оңтүстік Қазақстаннан діни білім алуға келген ол жігіт 9 айдан бері Алматыдағы «Мамыр» ықшам ауданындағы Шәкәрім атындағы медреседе қамауда болған. Жаралы жігіттің айтуынша,бұл медреседе атышулы Исматулла Максүмның шәкірттері дәріс берген. Алғашында өз еркімен келген әлгі жігіт соңынан медресе ұнамай кетпекке ниеттенген. Бірақ медреседегілер оны қараңгы бөлмеге қамап, шынжырмен кісендеп тастап, ұрған, зәбір көрсеткен.Зікір салуға мәжбүрлеп,тәулігіне небары үш сағат тынықтырған. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған ол өзін-өзі өлтірмек болып, тамағын пышақпен кеспек болған.
Бұл окиғадан соң іле-шала құқық қорғау органдары Шәкэрім атындағы медресеге барып 40 адамды ұстаған.Ішкі істер органдары қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Исматулланың зікіршілері туралы көптен бері айтылып келеді. Бұл сектаның кауіптілігі жөнінде көп айтылды.
Былайғы жұрт оларды «иассауишілдер»,«зікіршілер» немесе «сопылар» деп атайды.Қожа Ахмет Иасауи хикметтерін қасиетті Кұранмен катар ұстайды.Зікір салуды мұсылманның бес парызынан жоғары 'кояды. Пірлері - Пәкістаннан келген Исматулла. Сопылар өздерін «жамағат» деп, басқаларды «жамағат емес» деп бөліп қарайды. Тіпті соңғы кезде иассауишілдердің өздерін «Мәдінің сарбазымыз» деп, ақырет күнін жақындатуы да діни экстремизмге бейімдігін аңғартады. Соған қарап бұл ұйымда саяси пиғылдың басымдығын көруге болады. Дінтанушылардың пікірінше, жұрттың мұндай топтарға еруінің екі себебі бар, бірі - діни сауатсыздық, адасушылық. Екіншісі, бұл материалдық байлық, ақшаға қызығу немесе қызмет, жұмыс, т.б.
Сопылык сектаға тән жабық ұйымға ұқсайды.Өздерінің ықпалындағы ақпарат құралдарынан басқаларға ешқашан сұхбат бермейді, дін мәселесіне қатысты жиындарға келмейді, ашық пікірсайысқа шықпайды.
Исматулла Мақсұм - казақстандық «сопылардың» ру- хани ұстазы, пірі. Оны «тақсыр» деп атайды, «қасиетті әке» санайды, жамағаттың әрбір мүшесі құлдық ұрып, қолын сүйеді. Исматулланың бұған дейін кім болғаны, не істеп, не қойғаны, не кәсіппен айналысқаны туралы ақпарат жоқтың қасы. «Кеңес-Ауған соғысы кезінде Ахмад Шах Масуд әскерінің діни идеологы болды» деген сөз бар. 1944 жылы туылған пәкістандық азамат.
Ол Асылбек қажы Төлегеннің айтуы бойынша Қазақстанға алғашқы рет 1993 жылы келіп кеткен. Исматулла 1997 жылы Алматы жанындағы Қарасу мешітіне келіп, «медресе» ашып, мүридтер дайындай бастайды. Мүридтер арнайы қырық күндік оқудан өтеді.Қазақстан заңдарына қайшы әрекеті үшін 1999 жылдың күзінде құқык қорғау органдары оның медресесін жауып өзін Пәкістанға қайтарады.
Исматулланың орнын Нарымбай Разбекқажыұлы басты. Елде қалған шәкірттері студенттік жатақханаларда астыртын жиындар өткізіп, кейбірі оны қорғап мақалалар жаза бастады. «Қасиетті адамның қадірін білмедік» деген мақала «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Санжар Керімбай, Елдос Еміл сияқты мүридтер оңтүстік, батыс өңірлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарынтоқтатпады. «Жамағат» мүшелерінің өзара жазыскан хаттары мен басқа да материалдарға қарасақ, Исматулла ретін тауып Қазақстанға келіп-кетіп жүрген.
Оны мүридтері әулие санайды. Нарымбай қажы «Ол - бос жолдыбай адам емес, әулие адам, оған иманымыз кәміл» дейді. Тіпті кейбір «зікіршілер»: «Мәді пайғамбар, біз - сарбаздарымыз» дейді.
Исматулланың шәкірттері Қаз¥У-дың филология,шығыстану, журналистика және тарих факультетінің студенттері мен аспиранттары арасында,Оңтүстік Қазақстан, Атырау, т.б. жерлерде ашық кездесулер өткізді.Сондай кездесулер Шымкентте де өтті. Осы жолдар авторы сол кездесулердің біріне қатысқан.
Сопылық сектаның құрылымдық жүйесі. Сопылар өздерінің жұмысын «Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізді.Бірлестік Әділет министрлігінде 2002 жылы 27 мамырында тіркелген. Барлық облыстарда және Алматы каласында бөлімшесі болды. Бірак негізгі идеологиялык үгіт-насихат жұмыстары «Қазақстан» телеарнасы арқылы жасалды.Ұлттық телерарнаны «сопылардың» ақпараттык-техникалық базасы, негізгі плацдармына айналды деуге болады.Бүкіл қаржы-техникалық, адами-шығармашылық ресурс сопыларға қызмет етті.«Қазақстан» телеарнасы мен «Қазақ» радиосындағы «Дін және біз», «Ой түйін», «Күлтөбе», «Ақикат сыйы», «Ауызашар», «Мезгіл» хабарлары осы «ілімді» уағыздады. Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар да Исматулланың мүридтерін жарнамалады.
Қазіргі таңда қоғамымызда орын алған әруақ, әулие, сопылық, зікір арқылы қалыптасқан казақ мұсылмандығы исламға жат дүниетанымдағы жеке ағым ретінде көрсету белең ала бастады. Қазақтың дәстүрлі діни түсінігін сынап, оның негізгі ұстанымдары мен идеяларын жоққа шығару әрекеті Құран мен хадис шеңберінде жүре бастады. Яғни, діни танымдағы әрбір үғым, категория, символдар мен тұғырлардың Құранда орын алған алмағандығы негізгі өлшемге айналды.
Бұл жерде тек салафилер ғана емес, исламдағы барлық ағымдар өздерінің негізгі өлшемі ретінде Құранды таниды. Қазақ мұсылмандық түсінігінің негізінде Яасауи ілімі жатқандығы рас. Сонымен «Менің хикметтерім Құран мәні - деген Яасауи ілімі, мәдениеті және жолына деген тарихи санаға құрметтің орнына оны қаралау, жоққа шығару белең алып отыр. Қазақ мұсылмандығы даЯасауи мәдениеті арқылы Құранға негізделген. Өкінішке орай.бүгін оны максатты түрде басқаша түсіндіріп, танытуға тырысушылық тенденциясы басым.
Дәріс №9.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері – толеранттық пен татулықтың табыстары.I және II съезі
1.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі
2.Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезі
Қазақстанның саяси тұрактылық пен ұлтаралық және дінаралық келісімді жүргізу тәжірибесінің бұкіл әлемдік мәні болып отыр. Сондықтан да 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастык ұйымына Қазақстанды осы ұйымның төрағасы етіп сайлады және Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті өтті. Оның алдында елімізде 3 рет әлемдік және дәстүрлі-ұлттык діндердің съездері болып өтті.
2003 жылы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердін I съезі болып өтті.
Съезд жұмысын 80 шетелдік, 275 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері әлемге жария етті. Съезд қарсаңында да, оны өткізу кезінде де БАҚ кеңінен атсалысты.
Съезге дүниенің төрт бұрышындағы 17 мемлекетінің дін адамдары және халықаралық ұйымдар мен басқа да сала өкілдері келген болатын. Съезге Рим Папасы Иоанн Павел II, Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Алексий II,Кентерберий архиепископы Р.Уильямс, Варфоломей православиелік шіркеуінің Константинополь Патриархы құттықтау жіберіп, қолдаған еді. Бұл съезд жаһандық сипат алып, соны насихаттауға келген өзіміздің және шетел журналистері діни форумның әрбір сәтін қалт жібермей, төрткүл дүниеге таратты. Қазақстанның елордасы Астанада болған бұл форум мұсылман, христиан, иуда, будда, синтоизм, даосизм, брахманизм сияқты әртүрлі дін өкілдерін бір есіктен кіргізіп, бір үстел басында әлемдік деңгейде бас қосуға мұрындық бола алды. «Қазақстан сөйтіп осыншама сан алуан дін өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізген тұңғыш мұсылман мемлекеті ретінде тарихқа енді. Франция митрополиті Эммануельдің «Астанаға мен білетін діндердің бәрі бас қосты», деуі де сондықтан». Әлем елдері мұндай басқосудан үмітті болғанымен, дәл біздің еліміздегідей жағдайдың оларда бола бермеуі мүмкін. Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі алқалы жиын өткізудің алғышартын жасады.
Астанада өткен осы съезд бүкіл әлем өміріндегі аса маңызды рухани окиға болды. Оған дәлел делегациялардың құрамы мен съездің күн тәртібіндегі мәселелер ғана емес, бүкіл әлем жүртшылығының осы съезге ерекше назар аударуында болды.
Съезге Б¥¥-ның бас хатшысы Кофи Аннан, Сауд Арабиясы королі Фахд ибн Абдул Азиз Әль-Сауд, АҚШ Президенті Джордж Буш, ¥лыбритания Премьер-министрі Тони Блэр, Франция Президенті Жак Ширак, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин, Иран Ислам Республикасының Президенті Сеид Мухаммед Хатами, Египет Араб Республикасының Президенті Хосни Мубарак, Италияның Премьер-мииистрі Сильвио Берлускони және т.б. өз жолдаулары мен құттықтауларын жіберді.
Ислам әлемдік дінінің атынан съезге Мысыр, Үндістан, Индонезия, Иран, Сауд Арабиясы және Пәкістаннан делегациялар келді. Ал христиан әлемдік діни конфессиялары атынан Рим-Католик, Англикан, орыс проваславиесі, Константинополь проваславиесі шіркеулері мен Лютерандардың бүкіл әлемдік дінінің үш делегациясы келді.
Дәстүрлі ¥лттық діндер атынан Иудаизм, Доасизм, Индуизм, Синтоизм, т.б. өкілдері келді. Діндердің әртүрлі бағыттарынан барлығы 18 делегация қатысты.
Рим папасы Иоанн Павел II, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Алексей II съезге үлкен көмек көрсетіп, құттықтаулар жіберді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев съезге қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеген соң, съезге қатысушылар бірауыздан Н.Ә.Назарбаевты съездің төрағасы етіп тағайындады. Осылай біздің Елбасымыз аса биік мәртебе мен құрметке ие болып, съездің жұмысын ашық деп жариялады. Съездің жұмысы басталар алдында жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді мұрат етіп, барлык діндердің, конфессиялар мен халықтардың бірлесуі үшін ерік-жігер, күш-қуат пен денсаулық берсін деп толғану және құдайға жалбарыну үшін бір минут тыныштық жарияланды.
Осыдан соң съезде бірінші болып съезд төрағасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы өз сөзінде Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі діни ахуалға жан-жақты тоқталып, діндердің рөлі мен даму барысы туралы терең де батыл тұжырымдар жасады. «Біріншіден»: «Өркениеттер жанжалы» және «діндер дағдарысы» такырыбы бойынша соңғы жылдары орын алған пікірлер негізсіз деп санаймын деп мәлімдеді
Н.Ә.Назарбаев. Бүл тұжырымның теориялык қана емес практикалык маңызы да үлкен болды. Оны съезден кейінгі жағдайлар көрсетті.
Одан соң Елбасы бүгінгі қиын да күрделі әлемде «адамзаттың діни акиқаттан жауап іздеуге жаппай оралуы...» туралы пайымдауы да үлкен шындық деп көрсетті. Адам баласы Алланың пендесі екендігін жаппай мойындауға көшті. Елбасының сол съездегі сөзінде тағы да бір аса маңызды нәрсе ол діни жағдай мен діннің Қазақстан және әлем үшін ерекшелігін былайша ашып көрсетті: «Бұл тұрғыда - деді Н. Ә. Назарбаев, - Еуразияның орталық бөлігінің ерекшелігі мұнда діннің көптеген халықтарды ұлттык топтастырудың факторына да айналуында болып отыр». Дін қоғамды топтастырушы фактор ма, әлде жікке бөлуші фактор ма, дәл осы сұрак көбімізді алаңдатып келеді. Дін жікке бөлуші емес, топтаушы фактор. Съезд жүмысының өзі осыған нақты дәлел. Мәселе діннің топтаушылык рөлін көре және үтымды пайдалана білуде.
Рухани әмбебаптығымен қатар дін халықаралық ынтымақтастықтың ықпалды институты да. Саяси реттеу әдістері іске аспаған кезде Құдай Сөзінің рөлі татуластыру мен ынтықтың бірден-бір құралы болып қалуда екендігін де Елбасы еске салды. Ата-бабаларымыздың ең бір киын істерді Құдайға салып, Құран алдында оп-оңай шешіп кеткендігін калай ұмытып кеткенбіз.
«Өркениеттер жанжалы» емес «өркениеттер кездесуі» туралы айту әлдекайда орынды дей келе, бүгінгі әлемде «тек қана әралуандылыкка, көпұлттылыкка, көпдінділікке негізделген бірлік формуласы ғана дүрыс», деп көрсетті Н. Ә. Назарбаев.
Бұдан кейін Елбасы қазіргі кезеңде орын алып отырған діннің рөлін бұрмалау мен діни экстремизмге сын айтып бірнеше құнды ұсыныстар айтты. Олар:
- діни үнқатысу аркылы «алтын ортаны іздесу»;
- діндер форумын тұракты түрде өткізу;
- діни төзімділік хартиясын әзірлеу;
- діндердің бірыңғай мәдени орталығын құру.
Съездегі жарыссөзді бүкіл дүниежүзілік Ислам лигасының бас хатшысы Абдалла Бен Абдуль Мухсин Әль-Түрки бастады. Исламның ізгі қағидаларының артыкшылықтарын түсіндіре келе Әль-Түрки Ислам Лигасы атынан бірнеше ұсыныстар айтты. «Өркениеттің қақтығысы» теориясын, ұлттар мен халықтар арасындагы тайталасқа шақырушыларды зерделеу мен сын тезіне салуды ұсынады. «Ланкестік ұғымына халықаралық ұйымдардың талаптарына сәйкес аныктама беру» туралы Әль-тұркидің ұсынысының мәні үлкен.
Ислам діні атынан съезде тағы да Иран Ислам Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ислам заң ілімі және кұқығы жөніндегі комитеттің төрағасы Мехди Харави Могаддам, Әль-Азхар университетінің Жоғарғы Имамы Шейх Мохаммед Саид Тантауи, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасы, Бас Муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі, Пәкстан халықаралық Ислам университетінің вице-президеті Ахмад Ғази сөйледі.
Саид Тантауи діндер мен халықтар мемлекеттер арасындағы үнқатысудың өзара байланыстың негізінде жеті түрлі қағидат жатқанын, осы қағидаттарды басшылыққа алғанда ғана үнқатысудың нәтижелі болатындығын атап көрсетті. Осы қағидаттарды білу және басшылыкка алу діндер мен мемлекеттер арасындағы диалогты ғана емес, кез келген екі адам арасындағы байланысты нығайтуға да үлес қосады.
Әбсаттар қажы Дербісәлі дін қайраткерлеріне артылып отырған үлкен сенімге орай былай деді: «Ол үшін барлық дінбасылары мешіттер мен шіркеулер, озық ойлы адамдар өз халқының рухани да мәдени деңгейін барынша көтеруге ықпал еткені абзал».
Пәкстан Халықаралық Ислам университетінің виңе-президенті Ахмед Ғази «Бүгінгі күні барлықдінтанушылартүсінікке негізделген тың дәстүрлерге ірге тарту жолында бірлесе жұмыс істеуі тиіс» деп мәлімдеді.
Қасиетті тақ делегаңиясының басшысы жоғары нұркейіпті Кардинал Иосиф Томко қасиетті Рим папасы басқарып отырған католик шіркеуінің бейбітшілікті пайымдауы туралы айтты.
Ол бейбітшілікті орнықтырудың католиктік көзқарасына тоқталды. Христиан діні бейбітшілікті Құдайдың сыйы деп қабылдайды және ол үшін құлшылық етеді. Католиктер құлшылық етуді астан тежелеумен де ұштастырады. 2002 жылы Папа католиктерді бейбітшілік жолындағы астан тежелеу күнін мұсылмандармен рухани бірліктің айқын нышаны ретінде рамазан айының соңғы жұмасына сақтауға шақырды. Кардинал Иосиф Томконың «уағыз айтушылар өшпенділікті емес сүйіспеншілікті, астамшылықты емес - аяушылықты, соқыр сенімді емес әділ сенімді уағыздауы тиіс» деген сөздері барлық діндер үшін де үйлесімді бағыт.
Адамзат басынан кешіріп отырған киындықтардың діни шекарасы жоқ.
Бүкіл дүниежүзілік Лютеран Федарациясының бас хатшысы Ишмаәл Ноканның сөзінде 1999 жылы қазанда Бүкіл дүниежүзілік Лютерандар Федарациясы мен Рим-католик шіркеуінің арасында келісімге қол койылып, екі конфессия арасындағы XVI ғасырдан келе жатқан араздылықтың жойылғанын мысалға келтірді.
Астана жэне Алматы Митрополиті Мефоди православиеліктер атынан сөйлеп, Ислам мен православиенің «Қазақстанда оның әлеуметтік және рухани өміріндегі тұрақтылықтың кепілі екендігін айта келіп, кейбір жалған діни ұйымдардың белсенді рухани басқыншылығына алаңдаушылық білдірді, олардың қауіптігін ескертті. Олар көп ретте адамды отбасынан, қоғамнан, өз халқының мәдени және әлеуметтік тұрмысынан оқшалауға тырысады. Рухани дәстүрлерді халықтардың тұрмысы мен салтын жоққа шығарып, мойындамайтындар дәстүрлі діндер мен діни нанымдарының тамырлары мен негіздерін әлсіретіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамның мемлекеттік негізін шайқалтады деді. Ондай жалған діндердің қауіпі туралы мұнан артық айту қиын.
Иудей делегациясының басшысы, Израильдің бас раввині Иона Мецгер Қазақстандағы татулық пен келісімді жоғары бағалап, біз бұл елден үйренуіміз керек, мұның өзі барлық діндерге қатысты» деп атап өтті.
Съездегі Бұкілкытайлық буддистер ассоциациясының өкілінің, Индиядан келген Индуизм діні өкілінің, Бұкілқытайлық даосистер ассоциациясы өкілінің, Жапониядағы Синтоистік дін өкілінің басқа да съезге қатысушылардың сөздерінде дінаралық, ұлтаралық бірлік пен татулықты жетілдірудің маңызы жан-жақты көрсетілді.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев съездің жабылуына орай сөйлеген сөзін «Яғни, біз барлық дін арқылы бейбітшілікті, төзімділікті, шыншылдықты, келісім мен адам сүйгіштікті уағыздайтындығына тағыда бір рет көз жеткіздік. Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіспіз - бүгінгі дүниеде біздің бәріміз өзара тәуелдіміз» деп түйіндеді.
Съезд Декларация және Шешім қабылдады. Декларация съездің қорытынды құжаты болып табылады. Декларацияда съезге қатысушылардыц ойлары мен ұсыныстары көрініс тапты.
