- •«Көлікте жүктерді ауыстыру технологиясы» пәні бойынша
- •5В0713000 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар » мамандығына арналған
- •2. Күндізгі, күндізгі қысқартылған (3 жыл) және сыртқы қысқартылған (2 жыл) бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Күндізгі және сыртқы қысқартылған (3 жыл) бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы — (syllabus)
- •3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6 Дәріс сабақтарының тезистері
- •1 Cүрет Машиналардың жалпы классификациясы
- •2 Cүрет.Машинаның негізгі тораптары
- •7 Практикалык жумыстарынын жоспары
- •Ескерту1. Түзету коэффициеттері №8 кестедегі сәйкес автомобильдің жүк көтергіштілігін пайдаланудың түзету коэффициентінен есептелген:
- •Ескерту5. Механикалық емес түрде арту деп (түсіру) жүкті авттомобиль кузовына арту немесе оны автомобиль кузовынан түсіру қолмен жүзеге асырылуын айтады.
- •2. Мшиналардың эксплуотациялық саналары бағасының ірілендірілген көрсеткіштері.
- •8 Лабораториялық жумыстарынын жоспары қарастырылмаған
- •9.1 Методические рекомендации по изучению дисциплины
- •9.2 Методические рекомендации и указания типовым расчетам, выполнению расчетно-графических, лабораторных работ, курсовых проектов (работ)
- •10.1 Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмысын жүргізу сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сабақ-тардың жоспары
- •10.3 Курс бойынша жазбаша жұмыс тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Студенттердің білімін бағалау критерийі
- •12.2 Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
6 Дәріс сабақтарының тезистері
№ 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
Автокар – іштен жанып қозғалтқышты өздігінен жүретін арба және төмен орналасқан жүкті платформалы.
Автоматизация – алу, өзгеру, беру және қуатты, материалдарды немесе ақпаратты қолдану процестерінде тікелей қатысудан адамды толық немесе жарым – жартылай босататын техникалық құралдарды пайдалану. Автоматталады: технологиялық, энергетикалық, көліктік және тағы басқа өндірістік процестер. Автоматизациялау мақсаты – еңбек өнімділігі мен тиімділіген жақсарту, өнім сапасын арттыру, жоспарлау мен басқаруды оптимизациялау. Автоматизация – ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Автоматты линия – басты және қосалқы жабдықтар машиналарының жүйесі, өндіріс өнімін немесе оның бөлігін дайындау немесе қайта өңдеудің барлық процесін автоматты түрде орындайтын.
Автожүктиеуіш – тиеуге, түсіруге, салуға және жүкті ауыстыруға арналған ауысымды жұмыс жабдығы бар өздігінен жүретін көтеру – көлік машинасы (ожау ыдысты, шанышқылы ұстағышты және т.б.).
Іліп алу – қандайда бір жүкті көтеру немесе орынын ауыстыру мақсатында іліп алуға арналған қондырғы (құрал).
Конвейер (транспортер) – үзіліссіз жұмыс істейтін көліктік қондырғы немесе машина. Жүк көтеру элементтері бойынша конвейерлер мынадай болып келеді:
ленталы;
пластиналы;
роликті (рольгангалар);
қырғышты;
ожаулы;
винтті (шнектер).
Қызметі бойынша конвейерлер гравитациялы және қозғалтқышты болады (тартқышты және дірілдеткішті). Машиналарды жинау, тиеу-түсіру жұмыстары барысында топталған жүктердің орынын ауыстыру үшін қолданылады және т.б.
Контейнер – көліктің әр түрлі түрлерімен тарасыз жүкті тасу үшін қызмет ететін стандартты ыдыс. Контейнерлерді қолдану тиеу-түсіру жұмыстары механизациясын жеңілдетеді, көлік құралдарының айналымын жылдамдатады, жүктің сақталуын жақсартады, көліктік шығындарды азайтады.
Механизация – қол еңбегін машина және механизмдермен ауыстыру, ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі. Жартылай және жинақтық механизацияны айырады.
Ұйымдастыру – ішкі тәртіп орнату, келісімдік, оның құрылысымен, ескертілген, көп немесе аз дифференцияланғандардың және бүтіннің автономды бөліктерінің өзара қатынасы; бүтіннің бөліктері арасындағы өзара байланысты жасау және дамытуға келтіретін процестер мен әрекеттер жиынтығы; бағдарламаны немесе мақсатты бірге жүзеге асыратын және белгіленген ережелер мен процедуралар негізінде жұмыс істейтін адамдар бірлестігі.
Пандус – ғимараттың цоколь үстінен орналасқан басты кіре беріске кіру үшін қызмет ететін еңісті алаң, автомобильдерді гаражға көтеруге арналған, кей-жағдайларда баспалдақты болып келеді.
Жүк көтергіш – жүкті тиеуге, түсіруге және штабельдеуге арналған өздігінен жүретін көтеру-көлік машинасы (дөңгелекті және шынжырлы).
Үзіліссіз әрекеттегі жүк көтергіштердің жүк жинау күрекшелері, роторлы немесе винтті қоректерімен берілетін, шынжырлы және қырғышты конвейерлері бар.
Циклдік әрекеттегі жүк көтергіштер шанышқылы іліп алулармен, ожаулармен және та5ы басқалармен жабдықталған.
Табаңдық – жүк көтеру механизмдері көмегі барысында құрылыс алаңдарынан немесе әр түрлі құрылыс материалдары объектісінен тыс тарасыз ауыстыруға арналған контейнерлердің бір түрі. Табандықтарды қолдану тиеу-түсіру жұмыстарының механизациясын жеңілдетеді, көлік құралдарының айналымын жылдамдатады, жүктің сақталуын жақсартады.
Көтергіш краны – көтеруге және ілінген жүкті үлкен емес арақашықтыққа горизонтальді ауыстыруға арналған циклдік әрекеттегі жүк көтеру машинасы. Көтергіш крандар төмендегідей болып ажыратылады:
көпірлі;
козелді;
мұнаралы;
консольді;
портальді;
велосипедті және басқа.
Платформа - әртүрлі жұмыстарды орындау қолайлылығына арналған көтерілген алаң.
Рампа – көлік құалдарына және қоймаларға тиеу-түсіру машиналарының кіруіне және шығуына арналған еңісті алаң.
Стапель – кемелерге арналған тіреулер орналасатын суға қиғаштап орналасқан бетонды алаң.
Траверс – вертикальді бағандарға сүйеліп тұрған горизонтальді балка, әр түрлі машиналар мен құрылыстар конструкциясының бөлігі (көбінде көлденең балка түрінде). Жылжымалы траверс жүк көтеру машиналарының арқандарына (шынжырларына) ілінеді.
Штабеллер - әртүрлі жүктерді белгілі бір тәртіпте және тегіс салуға арналған өздігінен жүретін немесе қолмен ауысатын қондырғы.
Элеватор – жүктердің вертикальді немесе үлкен бұрышпен жиекке ауысуға арналған конвейердің бір түрі.
Электророкла – қоймалардағы жүктерді ауыстыруға арналған және аккумулятормен қоректенетін, электродвигательден тартылыс алатын дөңгелекті арба.
Жұмысқа қабілеттілігі - техникалық құжаттардың талаптарымен бекітілген, берілген функцияларды параметрлерімен орындауға қабілетті автоматтандырылған ақпараттық жүйе жағдайы.
Жөндеуге жарамдылығы – нормативті-техникалық құжатта берілген, белгілі уақыт кезеңінде жүйенің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылу салдарын табу және жою мүмкіншілігі.
Жүйе – бүтіндікті, бірлікті, анықтықты жасайтын, бір-бірімен байланыста және қарым-қатынаста болатын, көптеген элементтер бөліктерінен құрылған бүтін.
Жүйе – өзара байланысқан элементтер топтары, олардың әрқайсысы басқа элементтермен тікелей немес жанама байланысқан, бұл көптіктің кез-келген екі көптігі жүйе бүтіндігін, бірлігін бұзбай тәуелсіз бола алмайды.
Орта (заттық тұрғыда) – жүйе шетіндегі заттық ортадағы бар заттар.
Структура (жүйенің) – оның бүтіндігін және бірлігін анықтайтын жүйе элементтерінің өзара әрекетінің тұрақты тәсілдері мен байланыстарының жиынтығы.
Техника - өндірістік процесстерді жүзеге асыру үшін жасалатын және қоғамның өндірістік емес қажеттіліктеріне қызмет көрсететін, адам қызметі құралдарының жиынтығы.
«Техника» термині адам қызметінің кез-келген сферасында қолданылатын, дағды мен тәсілдер жиынтығы ретінде түсініледі. Техникада қоғамдық өндірістің тарихи дамуы процесінде адаммен жинақталған білім мен тәжірибе енгізілген. Техниканық басты белгіленуі – адамның еңбек күшінің тиімділігін жеңілдету және жақсарту, еңбек қызметі процесінде оның физикалық мүмкіндіғін кеңейту, адамды денсаулығына қауіпті жағдайларда жұмыстан босату (жарым-жартылай немесе толық).
Техника құралдары материалды және мәдени құндылықтарды жасау барысында еңбек заттарына ықпал жасау үшін қолданылады:
қуатты беру және қайта жасауды алу үшін;
табиғат пен қоғамды дамыту заңдарын зерттеу;
ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және қайта өңдеу;
өндірістік процестерді басқару;
қорғаушылық қабілеттілігіне қызмет көрсету және қамтамасыз етудің, байланыстың жылжуы үшін.
Қазіргі кезең техникасы оны жаңалау мен автоматизациялаудың, үйлестірудің, стандарттаудың, энергетиканың, радиоэлектрониканың, химиялық технологияның, қарқынды дамуымен автоматика мен ЭЕМ кеңинен қолданудың және тағы басқалардың дамуының жоғарғы темпімен сипатталады.
Қазіргі кезең техникасының жетістігі фундаментальді ғылыми жаңылықтары мен зерттеулері негізінде базаланады, ғылыммен өзара байланыс және өзара қатынас – ғылымы-техникалық прогресс шартының және қоғамдық дамудың басты факторларының бірі.
Технология – (грек сөзі techne алынған, өнер, теберлік, жасай білу және … логия деген мағынада) дайын өнімді алу үшін өндіріс процесінде қолданылатын, ишкі зат формасын, материал немесе жартылай фабрикаттың қасиетінің жағдайын өзгерту, дайындау, өңдеу әдістерінің жиынтығы.
Технологиялық қауіпсіздік – автоматтандырылған ақпараттық жүйенің қауіпсіздігін жұмыс істеуіне қасақана немесе қасақана емес қауіпі табуға және болдырмауға арналған әдістер мен құралдар жүйесі, сонымен қатар, бұл қауіптердің әсер етуін, сәйкес нормативті-техникалық құжаттармен анықталатын, жол берілген ең төменгі мүмкіндік деңгейіне дейін төмендету.
Әртүрлі өнеркәсіптік өндірістерде және ұйымдарда, құрылыс алаңдарында, қосымша өндірістерде әр түрдегі өнімдер тиеледі және түсіріледі: жиналмалы темір бетонды конструкциялар, ағаш, металл, цемент, рудалы емес және материалдар.
Бағыт бойынша жүкті жеткізудің басты құралы автомобиль көлігі болып табылады. Мысалы, жалпы көлемде құрылыс жүктерінің 80 %-ын автомобиль көліктері тасымалдайды.
Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.
Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен.
Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етті.
Алғы шептегі өндірістер мен ұйымдар өндірістік-техникалық жинақтаудың, жүктерді контейнерлеу және пакеттеудің дамыған әдісін қолданады, сонымен қатар, оларды құрылыс алаңдарына жеткізу жұмыс өндірісінің технологиясымен ұштастырылған, көліктік-жинақтау графигінің жалпы сағаты бойынша жүзеге асады.
Материалды-техникалық қамтамасыз етудің мұндай әдісі құрылыс индустриясы өндірісінің, көлік ұйымдары мен құрылыс-монтаж басқармасының жұмыстарын толық келісімге келтіруге себеп болады; бір технолгиялық ағымды жасайды; жұмысты механизациялау және еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.
Аз көлемді және кіші даналы қаптау, бөлу, төбе жабу, өңдеу, сантехникалық және электротехникалық жұмыстарғы арналған материалдар мен бұйымдар базалардан пакеттелген түрде немесе контейнерлерде жеткізіледі.
Жалпақ және рулонды материалдар объектілерге тікелей оларды қолдану зоналарына шынылар кесіліп, линолеум пішіліп және бөлме өлшеміне кетіріліп, обойлыр жобалық өлшемдері бойынша бөлмелер мен пәтерлерге кетіріліп кесіліп жеткізіледі.
Сазды кірпіш, керамикалық, шлак бетонды блоктар құрылысқа табанындағы пакеттерімен жеткізіледі.
Зерттеу мәліметтері бойынша автокөлікпен пакетті жеткізуді ендіруден үнемдеу тасымалданатын өнімнің түріне байланысты 30-47 % құрайды. Кеңінен тарағаны кірпіштерді 520х1030мм өлшемді табанды көлденең брусактарда жеткізу. Ені 750 және ұзындығы 1050мм табандарды қолдануға жол беріледі.
Жылжымайтын контейнер. – көлемі(м3) 0,6; -габаритті өлшемі (мм) 960х860х900; -массасы (кг) 63) Мысалы, саз кірпіш құрылысқа табанға «елка» тәрізді салынып, өңдеу кірпіші, керамикалық және шлак бетонды тастар байланып жеткізіледі. Силикатты кірпіш темір жол бойынша табансыз пирамида тәрізді немесе инвентарлы бекітуі бар ағашметалды табандарда жартылау вагонда пакеттермен тасылады. Силикатты кірпішті автокөлікпен жеткізу үшін автомашина және прицептер кузовтағы пакеттерді бекітуге және жылжытуға арналған құралдармен жабдықталады. Кірпішті құрылыс алаңдарына жеткізуді алғы шептегі құрылыстарда артық жүктелуін болдырмау, автомобильден пакеттерді салынып жатқан ғимараттың тікелей көтерілімінде көтеру түрінде ұйымдастырады. Қызыл кірпіш пакетерін көтеру үшін жұмыс өндірісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, футлярлы іліп алуды қолданады. Силикатты кірпіш пакеттерін көтеру үшін көтермеде төрт жақты грейферлі типтегі футлярды қолданады.
Тиеу –түсіру жұмыстарын автомотизациялау
Жүктерді дайындаудың аз көлемді станцияларында, ірітоннажды контейнерлерде тасылатын (жөнелтілуі бойынша тәулігіне 30-35 жиырма тонналы контейнерлерге дейін), ірі тоннажды және орта тоннажды контейнерлер жасалатын біріккен контейнерлі пункттерді жабдықтау орынды. Мұндай жағдайда 30т-ға дейін жүк көтеретін крандар жүкті ілу қондырғысын тез ауыстыру немесе әртүрлі жүк ілу органдары бар екі жүк көтеру арбаларын кранға қондыру жолымен орта тоннажды және ірі тоннажды контейнерлердің артық жүктелуін қамтамасыз ететіндей етіп жабдықталуы керек. Мұндай контейнерлік пункттердің жолдық дамуы ірі тоннажды және орта тоннажды контейнерлі вагондарды тікелей беруді қаматамсыз етуі керек.
Жаңа технологияны енгізу тиеу-түсіру машиналарының өзін жетілдіру бойынша біршама жұмыстарды орындауды талап етеді. Оларға бірінші кезекте жататындар:
контейнерлерді іліпалу, ілуден түсіру және бұру бойынша операцияларды автоматизациялау;
берілген координация бойынша іліп алу органын қондырумен крандарды адрестеуді автомотизациялау;
иілмелі арқанды ілгішпен жабдықталған, жүкті бұру және кранды ауыстыру барысында пайда болатын, айналдыру және маятникті тербелісті демпфирлеу;
контейнерлердің номерін санауды автомотизациялауға арналған қондырғылармен крандарды жабдықтау.
Айтылып өткен міндетер арасындағы тиеу-түсіру машиналары жұмыстарының тиімділігі үшін ең маңыздысы контейнерлерді іліп көтеру, іліп түсіру және бұруды автомотизациялау болып табылады.
Ірі тоннажды контейнерлерге қатысты бұл міндет жоғарғы бұрыштық фитингтерінен контейнерлердің ілінуін қамтамасыз ететін, іліп алудың дүние жүзілік тәжірибесі жетістігі негізінде жасау жолымен шешілген.
Орта тоннажды контейнерлер үшін, әр түрдегі жүк көтеру құралдары бар, контейнерлер төбесіне қатысты әр түрлі қашықтықта орналасқан, бұл міндет қиынырақ шешіледі. Қазіргі уақытта әр түрлі ұымдардың бұл саласында бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін, рымдер түріндегі жүк көтеру қондырғыларымен жабдықталған, 2,5 (3) және 5т брутто массалы контейнерлерді іліп алу және босату операцияларын автоматтауға мүмкіндік туғызатын, іліп алуды кеңінен енгізу жүзеге асырылады.Іліп алу рамадан тұрады, соның бойымен винтті тартпа көмегімен қарама-қарсы бағытта жұмыс органдарымен кареткалар ауысатды. Әрбір жұмыс органы вертикальді бағытта ауысатын төрт пружиналанған ілмек орналасқан корпустан тұрады, олардың үшеуі 3 тонналы контейнерлердің рымдарын іліп алуға және біреуі 5 тонналыны іліп алуға арналған. Раманың ортаңғы бөлігінде екі шарнирлі маңдайшамен бекітілген, контейнерге қатысты іліп алуды ортаға дәл келтіру үшін қызмет ететін, жылжымалы штанга қондырылған. Штанга контейнерді арқандау өлшеміне байланысты екі белгіленген жағдайдан автоматты түрде бірін алады.
Іліп алу, егер оның рымдарының ең болмаса бірі ілінбеген немесе дұрыс ілінбеген болса, контейнердің көтерілуін болдырмайтын автоматты блоктаумен қамтамасыз етілген. Осы мақсатта әрбір ілмектің денесінде жылжымалы қуыс бұрғы болады, бұл контейнерді көтеру барысында ілмек жұтқыншағындағы рымның болуын тексереді. Егер рым болмаса немесе ілмектің ең шетінде болса, көтеру механизмдерімен басқару шынжыры ажыратылады және кран жүргізуші кабинасында сигнал лампасы жанады. Автоматты блоктау жүйесі көтерілген контейнер барысында жылжуына іліп алуды кетіруді қосуды болдырмайды.
Қармауыш кранға 2об/мин жиілілікте контейнер бұрылуын қамтамасыз ететін, бұру қондырғысы арқылы ілінеді. ГПД –5 типті бұру қондырғысы иілмелі арқанды ілмекте жүктік бұрылуы барысында пайда болатын оралып қалу тербелісін басудықамтамасыз ететін, гидравликалық демпфермен жабдықталған.
Қармау контейнерлердің ілініп алуын қол еңбегін қолданбай-ақ 8-12 с ішінде қамтамасыз етеді, контейнерге қармалуын 3-4 с ішінде келтіру уақытын есептегенде. Контейнерлер қақпағында қар қабатының 300 мм-ге дейін және 60 мм-ге дейін мұз қатуы болуы барысында сенімді жұмысістей алады. Кармау бұру қондырғысына орналастырылуы мүмкін және электрлік байланысқа арналған штепсельді разъемдарды болуы және байланыстың бірыңғайланған торабы арқасында 3-5 мин ішінде одан түсіріп алу. Алдағы уақытта барлық жаңа крандар, контейнерлік пункттерге түсетін, берілген жүйенің қармауларымен типтік жабдықтау түріеде жабдықталады.
Тиеу-түсіру машиналарының өндімділігін арттыру қажеттілігі, оларды комплексті автоматтандырылған жүйеге қосу, арқанға іліп берушілердің жоқтығына байланысты кран жүргізушілеріне қосымша функцияларды жүктеу қорытындысында жүктеменің артуы (автоматты қармауыштарды пайдалану барысында) және орындалып жатқан операциялар туралы хабарды ьеру бойынша талаптар – бұның барлығы кранды басқару процесін автоматтандыруды талап етеді.
Кранды басқарудың қолданыстағы жүйесінің талдауы төмендегідей жүйелер классификациясы өңделуі мүмкіндігін көрсетеді:
жеке операциялармен басқаруды біртіндеп автоматтандыру, мысалы екпінмен және тежеумен;
дистанциондық басқарумен;
автоматты адрестеумен;
бағдарламалық басқарумен.
ҒЗИ-ның жүргізген зерттеуі контейнерлік пункттің жұмысының жағдайы үшін аса келетін автоматты адрестеу жүйесі болып табылатындығын көрсетеді. Осының барысында адрес кран жүргізушісінің пультінен берілгендей, диспетчерлік пульттенде байланыстың каналдары мен сәйкес келетін қондырғыларының болуы барысында ЭЕМ командасы бойынша беріле алады. Кран операторына контейнерге қармауыш қондырғысын дәл келтіру функциясы ғана жатады.
Сорттау контейнерлері пункттеріне жұмыс істейтін крандарда автоматты адрестеу жүйесі ақпаратты автоматты салыстыру қондырғысы комплексінде қолданылады. Вагондарды беру мәліметтерін дайындау бойынша, ЭЕМ құрылған, кран жұмысының тиімді жоспары салыстыру қондырғысының касетасына салынады және операцияланып жүзеге асырылады, және келесі операцияға ауысу алдыңғының орындалғаны жөнінде кран жүргізушісінен сигнал алғанна кейін іске асырылады.
Қазіргі уақытта, диспетчердің қабылдау өткізушілерімен және кран жүргізушілерімен, сонымен қатар қабылдау өткізушілердің кран жүргізушілерімен байланысын енгізетін, контейнерлік пунктте байланыс аппаратурасы дайындалған. Осының барысында пункттегі жұмыс жағдайында, автоматтандырылған жүйеге қосылмаған, қабылдау-өткізуші кранда орналасқан арнайы кабинада болады, тоқтап қалуларды жоя отырып, контейнерлерді арта жүктеу бойынша котергиш жұмысын тікелей басқаруға мүмкіндік туғызады.
Тиеу-түсіру машиналарын автоматтандырылған басқару жүйесіне енгізу әрбір контейнермен орындалған операциялар туралы ақпаратты қажеттілігіне әкеледі, және бұл ақпаратқа контейнер номеріне енеді.
Қазіргі уақытта контейнерлер номерлерін автоматты салыстыру жүйесін өңдеу міндеті маңызды болып келеді.
Бұл саладағы шетелдік тәжірибе бұл мақсатқа дайындалған автоматты салыстыру жүйесі (мысалы, АҚШ-ғы оптикалық) айтарлықтай күрделі және қымбат болып келетіедегін көрсетеді. Сонымен қатар, контейнерлермен жұмыстың технологиялық процестерінің талдауы салыстыру қондырғысын қармауыш қондырғысында орналастыру мақсатқа лайықты енендігін көрсетеді. Уақыттың айтарлықтай үлкен аралығында және орныққан жағдайында салыстыру процесі жүзеге асатын болғандықтан, олардың конструкциясын жеңілдету мен оларға қойылатын талаптарды төмендетуге әкеліп соңтырады.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді тәжірибелик шешу контейнерлік пункттердегі операцияларды комплексті механизациялауға мүмкіндік туғызады және тиімді технологиялық процестер бойынша контейнерлік пункттердің жұмысын қамтамасыз ететін, автоматты басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Әдебиет: [1; 2; 3]
№ 2 дәріс Тиеу- түсіру жұмыстарың ұйымдастыру
Кәсіпорының бірінші жетекшісінің бұйрығымен жүктеу – жүк түсіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін жүктеу – жүк түсіру жұмыстарының мастері тағайындалады және шығарылады.
Жүктеу – жүк түсіру жұмыстары шебері қызметіне жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және оперативті басқару бойынша кемінде 1 жылдық тәжірибесі бар немесе орта кәсіптік (техникалы) білімі және оперативті басқару бойынша кемінде 2 жылдық тәжірибесі бар адамдар тағайындалуы мүмкін.
Жүктеу – жүк түсіру жұмыстарының шебері бірінші жетекшінің орынбасарына немесе сәкес жұмыстардың түрлері жүргізілетін участке бастығына бағынады.
Өзінің қызметінде жүктеу – жүк түсіру жұмыстары шебері жетекшілік жүргізеді:
кәсіпорын жарлығымен;
кәсіпорын директорының бұйрықтарымен;
сәйкес сұрақтарды қамтитын әдістемелік материалдармен;
кәсіпорында болатын қызметтілік инструкциясымен.
Жүктеу – жүк түсіру жұмыстарының орындалуы үшін шебер мыналарды білу керек:
күшіндегі бұйрықтарды;
Министрліктің инструкциясын және жарлықтар, бұйрықтарды;
енгізілген міндеттерді орындауға қатысты номативті және ұйымдастыру – таралуы құжатарды;
жүктеу – жүк түсіру жұмыстарының типті технологиялық процессі;
өнндірістік участкенің өндірістік қуаты, оның тұрақтылығы;
техникалық құжаттарды енгізу тәртібі есебіндегі орнатылған формалары және оларды құрастыру тәртібі;
жүктеу – жүк түсіру жұмыстарының өндірістік ұйымы;
кәсіпорының жұмысшыларының демалыс және жұмыс істеу уақыты туралы жағдайы;
өндіріспен байланысты сәтсіз оқиғалар болған жағдайларды бақылау әдістемесі;
құрылыс объектілерін жобалау кезінде еңбекті ұйымдастыруды талап ету;
еңбекті қорғау нормалары және ережелері техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және отқа қарсы қорғаныс;
Жүктеу – жүк түсіру жұмыстарында шебердің болмаған кезінде (ауырған, демалысқа шыққан және т. б. кездерде) оның міндеттерін оның орынбасары істейді (мұндай адамның болмауы – орнатылған жағдайда).
Жүктеу - жүк түсіру жұмыстары шеберіне келесі функциялар қойылады:
жүктеу – жүк түсіру операцияларымен оперативті жетекшілік;
машиналар және механизмдермен өндірістік емес тоқтаулардың себебінің болуы;
жүктеу – жүк түсіру жұмыстарын орындауда бақылау және ескертулер бойынша қабылданған шаралар;
әрбір өндірістік участке бойынша жұмыстардың анализ сменасына және тәуелділігі жүктердің түрлері бойынша;
жүктеу – жүк түсіру жұмыстары шебері өзіне тиісті функцияларды орындауға міндетті:
жүктеу – жүк түсіру жұмыстарын орындау үшін машиналар, механизмдер және қызмет көрсететін қажетті жұмысшылармен қамтамасыз ету;
жүктеутердің бар екендігі туралы жоспар – графигін жүргізу;
оперативті бұйрықтар кітабін жүргізу және кәсіпорының жетекшілерінің тапсырмаларымен бұйрықтарын бұйрық орындаушыларға жеткізу және оның орындалуын бақылау;
жүктің келуі және жақындаы туралы мәліметтерді алу және участкеден участкеге машина және механизмдерді, жұмыс күшін реттеп тексеріп отыру;
жүктеу операциясында тұрған көліктің орныдалу нормасын бақылау, жұмыс күшін және механизмдер мен машиналарды қолдану;
жүктеу – жүк түсіру жұмыстарының смендік және тәулікті жоспарларын құрастыру және олардың орындалуын бақылайды;
басшылыққа тәулігінде немесе сменасында орындалған жұмыстар туралы есеп беру;
тиелмеген вагондар, машиналар және механизмдердің тұрып қалуы туралы анықтамаларды жинау және жөнелтілмеген жүктердің қалдығы және жөнелтілген жүктерді есептеу;
өндірістік участкелерден керекті материалдар мен артық бөлшектрге тапсырыстарды қабылдау және әрбір өндірістік участкелерді керекті материалдармен, механизмдермен, машиналармен, жүк тасу жабдықтарымен, сонымен қатар авто көлікпен қамтамасыз етілуін бақылау;
жүктеу, жүк түсіру және жүктерді сорттау фронттарының бір қалыпты жұмыстарының қорытындысын дайындау, қалыптасқан жүк ағымдарын оқып үйрену және жүктеу фронттарының техникалық күйінің есебімен жүктеу – жүк түсіру бір қалыпты жұмыстарының оперативті ұйымдастыруына қатысу және жүктің жүктелуін бір қалыпты қамтамасыз етеді, тәлік кезіндегі жүктеу және жүк түсіруде жүктің болуының есебін жүргізу, өндірістік жарақат алу жағдайларының және жұмыста ақау алу жағдайының есебін жүргізу.
Жүктеу – жүк түсіру жұмыстарының ұйымен жетілдіру және оперативті шешімдердің енуі мақсатымен жүктеу – жүк түсіру жұмыстары шебері мыналарға құқығы бар:
оның қызметіне қатысты кәсіпорын басшыларының жоба шешімдерімен танысу;
қарастырылған нақты міндеттемелер инструкцияларымен байланысты жұмысты жетілдіруі бойынша ұсынысты кәсіпорын басшыларына қарауға әкелу;
өзінің біліктік шегінде өзінің тікелей басшысына өзінің қызметі процесінде барлық болған жеткіліксіздіктер туралы хабарлау және оларды жою туралы ұсыныстар ұсыну;
жеке немесе кәсіпорын басшыларының тапсырысы бойынша өзінің қызмет міндеттерін орындау үшін қажетті кәсіпорын бөлімдерден тиым салу;
кәсіпорының бөлімдерінің барлық құрылымындағы мамандарды оларға міндеттелген тапсырмаларды шешуге қатыстыру;
кәсіпорын басшыларына жұмысшылардың айналысатын қызметтерінен босатылуы, орын ауыстыруы және тағайындалуы туралы мәліметтерді тапсыру, ерекшеленетін жұмысшыларды жоғарылату, өндірістік және еңбек тәртіптерін бұзушыларды жазалау туралы ұсыныстар;
өзінің біліктілік шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштау;
кәсіпорын әкімшілігінен оның қызметтілік міндеттемелері және құқықтарының орындалуына қолдау көрсетуді талап ету.
Жүтеу – жүк түсіру жұмыстары шебері қызметтілік инструкциясында келесі жағдайларда жауапқа тартылады:
Қазақстан Республикасының әсер етуші құқығымен анықталатын өзінің қызметтілік міндеттерін орындамаған жағдайда;
Қазақстан Республикасының күшіндегі әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңымен өзінің қызметін орындау процесінде құқық бұзушылық жасаған жағдайда;
Қазақстан Республикасының күшіндегі нақты еңбек, қылмыстық және азаматтық заңы шегінде матиралдық мүлікке зиян келтірген жағдайда.
Жүкті тиеу- түсіру ережелері
Автомобильді транспорт ережесіне сәйкес автомобильге жүкті жүктеу, бекіту, жабу және жүкті байлау жүкті жіберушілер жүргізуі керек, ал автомобильден жүкті түсіру, жапқан жабуларын және бекітпелерін алу – бұл жүк алушының жұмысы. Бірақ, бұл норма диспозитивті болғанндықтан, жүкті тасу келісім шартында басқа ережелер көрсетілмеген жағдайда қолданылады. Жүкті жүктеу немесе түсіру бойынша келісім шартта екі жақтың да міндеттері келісім бойынша шектелмесе жүк жіберуші мен жүк қабылдаушы автомобильдердің жабық және ашық борттарын және автоцистерналардың люктерін, автоцистерналардың люктерінен шлангтерді түсіру және алуын, шланерді бұрауын және бұрып шығаруын жүргізеді.
Авто көлікті кәсіпорын немесе ұйым жүк жіберушінің немесе жүк қабылдаушының келісімі бойынша жүктеуді және жүк түсіруді өзі қабылдай алады:
А) сату және кішігірім тауар айналым қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қапты, даналы (штучныч) және сырғанақ- бөшкелі жүктерді апарып беретін;
Б) автокөлікті кәсіпорының немесе ұйымның жүктеу –жүкті түсіру жұмыстарында механикалық құрылғылары болған кезде басқада жүктерді.
Келісім жеке келісім шарт ретінде және жүк тасу келісім шартында көрсетілген тарауларды қосумен хатталады.
Автомобильді көлікпен жүктерді тасуда ұзақ мерзімді келісім шарт жасалған жағдайда авто көлікті кәсіпорынмен нақты жүктерді жүктеу – жүкті түсіру бойынша міндеттемелер келісім шарттың қосымшасында хатталуы мүмкін, ал негізгі келісім шартта жүк тасудың шарты ғана қарастырылады, жүктеу- жүк түсіру механизмдерін максимальді қолдануын қамтамасыз ететін; жүк жіберушінің міндеті жүкті алдын – ала дайындауды жүргізеді (контейнерлерге және т. б. орналастыру) және тұрақ және жүктеу – жүк түсіру механизмдерінің ұсақ жұмыстары үшін орын ағайындауы керек.
Авто көлік кәсіпорынының және ұйымының жүк жіберуші және жүк қабылдаушылармен келісім шартында жүкті жүктеу және түсіруінде жүргізушінің қатысуы автомобиль көлігінде еңбекті қорғау бойынша ережеде қарастырылуы мүмкін.
Жүктеуде –жүк түсіруде жүргізушінің қатысуы болған жағдайда жүргізуші жүктеуде жүкті автомобильдің бортынан алады, ал жүкті түсіруде жүргізушімен автомобиль бортына беріледі.
Авто көлік кәсіпорындары жүктеу – жүк түсіру жұмыстары бойынша міндеттерді өздеріне алған кезде жүктеу немесе түсіру кезінде олардың кінәсінен болған жүктің бүлінуіне немесе жарамсыздығына жауапты болады.
Жүк жіберуші және автокөлік кәсіпорыны жүкті тасу кезінде жүк жіберуші (жүк қабылдаушы) тапсырыста көрсетілген жүк көлемі шегінде оның сиымдылығын толық қолданғанға дейін қозғалмалы құрамын жүктеуі міндетті, бірақ оның жүк көтергіштігінен жоғары емес.
Жеңіл жүктерді тасу кезінде (соның ішінде ауыл шараушылық жүктері) автокөлік кәсіпорыны немеме ұйым бортарды жетілдіруі немесе басқа шараларды қарастыруға міндетті, қозғалмалы құрамының жүк көтергіштігін жоғары қолданылуын қамтамасыз ететін.
Сусымалы жүктерді жүктеуде қозғалу кезінде жүктің шашылуын алдын - алу мақсатымен жүктің беті қозғалмалы құрамындағы борттың жоғарғы шетіннен шықпауы керек.
Қапсыз жеке – жеке тасылатын жүктер (металды шыбықтар, құбырлар және т. б.), қабылдау және жүктеу кезінде уақытты маңызды жоғалтпау үшін жүк жіберушілермен үлкен жүк бірліктеріне біріктірілуі керек (көлік пакеттеріне).
Жәшіксіз ауыр салмақты жүктердің арнайы құралдары болуы керек оларды салу үшін: жақтаулары, ілгіштері, құлақтары және т. б.
Тұғырықта тасыған кезде бөлек жүк орындары түбінде және бекітілгенде олардың орналасуын бұзбай санын тексеру мүмкін болу үшін төселеді.
Жүктер қозғалмалы құрамында орналасу және қозғалуы, құлауы, есікке итеруі болмас үшін сенімді бекітілуі керек, тасу кезінде жүк секірмеуі немесе жарамсыздану болмау керек, сонымен қатар жүктеу және түсіру кезінде қозғалмалы құрамы сақталуын қамтамасыз етілуі керек және жүру жолы.
Нақты жүкті тасу үшін автомобильдерді қосымша жабдықтау және құралдандыру жүк жіберуші тек автокөлік кәсіпорындарымен немесе ұйымдармен келісім бойынша жүргізілуі мүмкін. Автокөлік кәсіпорыны немесе ұйымы жүк жіберушімен келісім шарт бойынша оның есебінен автомобильдердің шанағын қайта жабдықтай алады. Жүк жіберушіге тән барлық құралдар автокөлік кәсіпорынынан немесе ұйымнан беріледі, жүк қабылдаушға жүгімен бірге немесе жүк жіберушіге оның есебінен тауар – транспортты қағазында көрсетілуімен сәкес қайтарылады.
Жүргізуші жүктің орналасуының және бекітілуінің дұрыстығын тексеруге, қозғалыс қауіпсіздігің талабымен қозғалмалы құрамында және қозғалмалы құрамының сақталуын қамтамасыз етілуін, сонымен қатар жүк жіберушіге жүктің сақталуына қауіп келтіретін орналасуында және бекітілуіндегі дұрыс еместік ескертулер туралы айтуы міндетті. Жүк жіберуші жүргізушінің талабы бойынша жүкті орналастыруда және бекітуде табылған дұрыс еместіктерді жоюға міндетті.
Жол жүру қауіпсіздік талабына байланысты жол жүру ережесімен жүктің габаритінің сәкестігін, сонымен қатар шығанақтың шегінен шыққан немесе шығанақтан оның құлауын болдырмау және жүктің байлануын және бекітілу күйін жүргізуші тексіруге міндетті.
Жүктеу –жүк түсіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты, сонымен қатар осы ережелерді орындамау нәтижесінде болған сәтсіз оқиғаларға жауаптылықты көрсетілген міндетті өзіне алған жақ жауапты болады.
Автомобильдерге және контейнерлерге жүктеу алдында жүк жіберуші нақты жүкті тасу үшін коммерциялық қатынаста оның жарамдылығын тексеруге міндетті. Тасу кезінде жүкті сақтауға әсерін тигізетін санитарлық күйінің қанақатсыздығын немесе басқа жағдайлардың түзетусіздігін тапқан кезде жүк жіберуші автомобильге немесе контейнерге жүкті жүктеуден бас тартуы керек және тауар – транспорттық жапсырмаға немесе жолдық қағазға осы туралы белгі жасауы крек, оны өзінің қолымен және мөрімен растап.
Келіспеушілік болған жағдайда жүк жіберушінің және автокөлік кәсіпорының өкілдерімен қол қойылған акт жасалады.
Жүктеу – жүк түсіру жұмыстары жұмыс істеп тұрған ГОСТ12.3.002, ГОСТ12.3.009, ГОСТ 12.3.020, сонымен қатар жүктеу – жүк түсіру жұмыстары кезіндегі еңбекті қорғау бойынша Өзара салалық ереже талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Жүктеу – жүк түсіру жұмыстарын жүргізіу әдісін таңдау қауіпті және зиян өндірістік факторлар жолымен жұмыс істейтін ұйғарылған норма деңгейіне дейін төмендету немесе алдын – алуы қарастырылуы қажет:
А) жүктеу – жүк түсіру механизациялары және автоматизациялары;
Б) қауіпсіздік талабына жауапты қондырғыларды және құрылғыларды қолдану;
Г) күшіндегі экспедициялық құжаттармен және нормативті – техникалық құжаттарға сәйкес өндірістік жабдықтарды эксплуатациялау;
Д) көтермелі – көлікті жабдықпен жүкті жылжыту кезінде таңбалы және дыбыстауыштардың (сигнализация) басқа түрлерін қолдану;
Е) өндірістік жұмыс орнында және көліктік құрылғыларда жүкті дұрыс орналастыру және жылжыту;
Ж) энергия жабдықтаулары және инженерлік коммуникацияларда электр беріліс тораптарын қорғау зоналарының талаптарын сақтау;
Көптеген жүктеу – жүк түсіру операциялары көтеру- көліктік жабдықтарды және механизация құрылғыларын қолданумен механизацияланған әдісті орындауы қажет. 6 – кестеде механизациялануы керек жұмыстар көрсетілген.
Жүктеу –жүк түсіру және сол сияқты жұмыс істеу жұмыстарының тәртібін ретейтін нормативті құқықтық және нормативті – техникалық құжаттар көтеру – көліктік жабдықтарының жеке түрлерін қолдану ережелерін орнатады.
Егер жұмыстар қолмен жүргізілетін болса, онда келесі шарттарды қадағалауы керек:
А) өткір, кескіш, тікенекті бұйымдар мен инструменттер тек қана қаптарда, панелдерде болуы керек;
Б) қатты қаптағы жүктер және қорапсыз мұздар қолғапты қолданумен тасылады;
В) сынық жәщіктегі жүктер, шегелері шығып тұрған және т. б. тасуға жіберілмейді;
Г) шыны ыдыстар тұрақты қойғыштарға қойылуы керек. Шыны қораптарды шегелі жәшіктерде сақтау керек. Соғылған жырығы бар ыдыстарды қолдануға болмайды;
Д) көлік құралдарына жүкті жүктеу үшін немесе оларды түсіруде 50мм қалыңдықты тақтайларды қолдануға тиым салынады. Иілуді болдырмау үшін тақтайлардың астына берік тіреуіштер қояды.
Автомобильдің жүктеуге келу уақыты жүктеу пунктне жүргізушінің жолдық қағазды көрсету уақытынан саналады, ал автомобильдің жүкті түсіруге келген уақыты – тауар – транспорттық жапсырманы жүк түсіру пунктне жүргізушінің көрсеткен уақытынан басталады.
Жүктеу және түсіру пункттерінде шығу есіктері немесе бақылау - өткізу пункттері және жүктің анализі бойынша зетханалар болған жағдайда автомобильдің жүктеу немесе түсіруге келеу уақыты өткізу есіктеріне немесе бақылау - өткізу пункттеріне немесе зертханаларға жүргізушінің жолдық қағазды немесе жүк жіберушінің немесе жүк алушының тауар – көлік жапсырмасын көрсеткен уақытынан саналады.
Жүргізушіге жүктелген немесе түсірілген жүкке тауар – көлік хаталған құжаты тапсырылғанан кейін жүктеу және түсіру аяқталды деп есептеледі.
Автомобильдің есіктен немесе бақылау - өткізу пункттен жүктеу немесе түсіру орнынан жүру уақытын автомобильдің жүктеуде немесе жүк түсіруде болған уақытымен есептеледі.
Автомобиль жүктеуге келіскен уақытынан ерте келегн жағдайда автомобиль жүктеуге келіскен уақытында келді деп саналады, егер жүк жіберуші оны жүктеуге қабылдамаса, фактылы клеген уақытынан.
Жүк жіберуші, жүк алушы жүктеу және жүк түсіру пункттеріне автомобильдің келген және кеткен уақытын тауар – көлікті жапсырмаларына білгілеуі міндетті.
Жүкті жүктеу және түсіру автомобильді транспорт жарлығында және автомобильді транспортты жүк тасудың жалпы ережелерінде қарастырылмаған бөліктері жүктердің жеке түрлерін тасу ережелерімен сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар тасу келісім шартымен.
Әдебиет: [1; 2; 3]
№ 3 дәріс Машиналардың жалпы классификациясы және негізгі техникалық-пайдалану корсеткіштері
К
өбінде
тиеу-түсіру машиналарының келесі
классификациясын айырады: машина, машина
– құрал, бөлшек (1 – суретті қараңыз).
Бөлшек
Жалпы белгіленудегі
Арнайы
бөлшектер
