- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2008
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдер мен аттесттация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1 Модуль
- •Қосымша әдебиеттер
- •2 Модуль
- •Аралық аттестацияны жүргізу үшін сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары
- •1.1 Сурет – Тоқпақтардың классификациясы
- •1.2 Сурет – Тоқпақтардың сұлбалары.
- •1.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •2.1 Сурет– Бу–ауа тоқпағының жұмыс режимдерінің схемасы.
- •2.2 Сурет – Бу–ауалы соққыш тоқпақ
- •2.3 Сурет – Бу–ауалы қалыптау тоқпағы
- •3.1 Сурет – Бу–ауалы тоқпақтардың энергия тасушының таратқыш механизмінің сұлбасы: а – соғу; б – қалыптау
- •1, 4, 5, 6 – Төмендегі тоқпақтама; 2,3 – жоғарыдағы тоқпақтама
- •3.2 Сурет – Бірізділік соққылар кезіндегі реттығын төлкесіндегі реттығынның орналасу сұлбасы
- •4.1 Сурет. – Жоғарғы бу үшін теориялық индикатор диаграммасы
- •4.2 Сурет – автоматты бірізділік жүрістер циклында болжау индикатор диаграммалары
- •5.1 Сурет – Болжамды индикаторлы диаграмма
- •6.2 Сурет. – Эксцентрикті соққы сұлбасы
- •6.3 Сурет – төс құйылмалары
- •6.4 Сурет – соташықтарды бекіту сұлбасы
- •6.5 Сурет – Тоқпақ соташығы
- •6.6 Сурет – Поршень тығыздағышы
- •7.1 Сурет – Тіректін бойлық (а) және (б) көлденең қималары
- •7.2 Сурет – Тоқпақтама ойығы
- •7.3 Сурет – Бағыттаушылар
- •7.4 Сурет – Тоқпақ цилиндрі
- •8.1 Сурет – Екі горизонталды кранды екі цилиндрлі жетекті пневматикалық тоқпақтар
- •8.3 Сурет – Жұмысшы және компрессорлы поршендердің қозғалыс сұлбасы
- •8.4 Сурет – Тоқпақтардың кранды ауатаратқышының сұлбасы (крандар қималарын жою)
- •9.1 Сурет – Гидравликалық баспақ
- •10.1 Сурет – Сулы сорапты–аккумуляторсыз жетекті баспақты қондыру сұлбасы.
- •10.2 Сурет – Қарапайым әсерлі тығынжиынды сораптың сұлбасы.
- •10.3 Сурет – Үштығынжылды ұзынабойлық бойлық сорап.
- •11.1 Сурет – Фланецке тірелетін цилиндрлер (а), цилиндр түіні және оның жоғарғы мандайшаға бекітілуі (б).
- •11.2 Сурет – Тығынжылдардың қымтағышы:
- •11.3 Сурет – Маңдайшалар
- •11.4 Сурет – Жылжымалы мандайшаларға тығынжылдарды бекіту варианттары
- •12.1 Сурет. Қозғалмалы көлдененнің жүруі кезіндегі деформацияланатын күштің графигі.
- •14.1 Сурет – деформациялау пәк күшке тәуелділігі
- •14.3 Сурет – бұранданың көтерілу бұрышы
- •15.1 Сурет – Екі дискілі үйкелісті бұрама баспақ
- •2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (сөж)
- •2.5 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (соөж)
- •Тема 15: Үйклісті бұрама баспақты есептеудің бірізділігі.
- •2.6 Өзіндік бақылауға тестік сұрақтар
- •Тест сұрақтарының дұрыс жауабының
- •2.7 Өткен курстар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі.
- •Глоссарий
- •050712 «Машина жасау» мамандығына арналған
- •«Тоқпақтар мен баспақтар»
- •Пәні бойынша
- •Студенттің пәндік
4.1 Сурет. – Жоғарғы бу үшін теориялық индикатор диаграммасы
Мұндай түрдегі диаграммаларды оларды тұрғызу негізі болып табылатын мүмкіндік күшке байланысты теориялық деп атайды. Жоғарғы және төменгі будың теориялық диаграммасының индикатор сызықтары, құлаушы бөліктін толық соққы жасай отырып төмен қарай бірлік жүрісі кезінде екі параллел сызықты құрайды р және р1 ординаталарымен.
Энерготасымалдаушы параметрлерін өзгерту.
Нақты жағдайда еңгізудің бастапқы кезінде, поршень қозғала бастағанда будың жылдамдығы артады, бұл дегеніміз термокинетикалық шығындар, цилиндрге кіру кезінде қысымның төмендеуі артады. Алдын–ала келісілген мүмкіндіктерді қабылдаймыз: егер ағу жылдамдығы қабылданған жаншу жылдамдығына wu = 80 м/сек жетпесе қысымның өзгеруін ескермейміз және қысымды бастапқыға р тен деп есептейміз. Жалпы жағдайда енгізу кезінде ағым үдеуінің себебі поршеннің жылдамдығы артуы кезінде қуыс колемінің ұлғаюы сондай ақ қуысқа кіреберісіндегі өту қима ауданының кішірейюі немесе екеуіде болып табылады. Екі факторда ағымның белгілі ажырамас шарттарымен сипатталады:
vмFп.с=fminwм, (4.4)
мұндағы: vм — жаншылу басындағы поршень жылдамдығы; wм — бу ағымының шығу кезіндегі қауіпті жылдамдығы; fmin — щығу жағындағы өту қимасының енкіші ауданы; Fп.с — енгізу жүргізілетін, цилиндр қуысының көлденең қимасының ауданы.
Болжау индикатор диаграммаларын тұрғызу кезінде поршеннің жоғарғы шеткі нүктесін диаграмманың он жағына орналастыру және он жақтан сол жаққа қарай құлау бөлігінің жүрісін сипаттау қабылданған. Диаграмманың сол жағына әдетте поршеннің шеткі төменгі нүктесін орналастырады. Абсцисса өсінен белгілі ара–қашықтықта бастапқы р және соңғы р1 қысым сызығын жүргізеді. Жоғарғы буға жататын барлық нүктелерге ' индексын береді. Төмен қарай жүріс кезіндегі жоғарғы будың бастапқы жаншуына сәйкес келетін а'м сипаттамалық нүктесін (4.2 сурет), бастапқы қысым сызығына γ′мHm(γHm) кесіндісімен координаттаймыз. Қарастырылып отырған автоматты бірізділік жүрістер циклында а'м—нүктесінің бар болуы болжау диограммасыныңы теориялық диаграммадан бірінші ерекшелігі.
Әрі қарай бу параметрлерінің өзгеруі күрделене түседі. Бу – көлемдік сығылу модулі аз газ тәріздес дене болғагдықтан, еңгізу кезінде цилиндр қуысын толтырумен бірге ұлғаяды. Кіреберісте ағу жылдамдығын арттыру ұлғаю үрдісінің артуына әсер етеді. Осы жағдай профессор А.И.Зиминнің теориясында нақты мүмкіндіктер негізі болып табылады: кейбір өту кезеңдерін ескермей, еңгізуде қарқынды жаншу кезіндегі бу параметрлерін өзгерту үрдісін болжау индикатор диаграммаларында адиабатикалық ұлғаю сияқты келтіруге болады, мына заңдылықпен
pV=const (4.5)
4.2 Сурет – автоматты бірізділік жүрістер циклында болжау индикатор диаграммалары
А.И.Зиминнің жұмыстық мүмкіндіктері мынадан тұрады, pV=const қисығының бастапқы нүктесі а'а (4.2 сурет), бастапқы қысымның горизонтальында жоғарғы бу үшін γхвHm (γхнHm —төменгі үшін) кесіндісімен координатталады.
2 γвHm = (γ'+ γ′м) Hm (4.6)
Еңгізу терезелері жабылғаннан кейін, b' нүктесінен с' нүктесіне дейінгі поршень жүрісі кезінде цилиндр қуысында будың ұлғаюы жүреді. Содан кейін терезелер ашылып қуыс шығару құбырымен жалғасады. Теориялық индикатор диаграммаларында бұл моментке цилиндрдағы қысымның р1 дейін төмендеуі сәйкескеледі. Нақтысында қуыстағы қысым кірісіндегі термокинетиканың әсерінен секірмелі өзгеруі мүмкін емес. А. И. Зимин адиабатикалық ұлғаю заңын барлық бастапқы шығаруларға с'е' қолдану мүкіндеп есептейді. Ұлғаю соңында бу қысымы шығарылатыннан біршама жоғары болуы мүмкін, сонда әріқарай қозғалыс кезінде қысымның р1 дейін жылдам төмендеуі жүреді. Шығару кезінде будың қысымы өзгермейді (e'd' кесіндісі).
Шығарғаннан кейін жоғары жүріс кезінде золотник жоғарғы қуысты (төмен қарай жүріс кезінде – төменгіні) жабады да, буды d'f' адиабатиялық сығу басталады, осыны А.И.Зимин бастапқы шығарудың f′a' келесі барлық кезендеріне қолданады, яғни құбыр таза бу құбырымен байланысқанда, бірақ термокимнетикалық қысымға байланысты қысым мұнда біртіндеп көтеріледі.
Болжау индикатор диаграммаларын тұрғызу кезіндегі шығару кезеңінің р1 бу қысымы, жақсы реттелген тоқпақтардың сынау нәтижелеріне сәйкес тағайындалады.
Қалыптау тоқпақтарында, толық бір соғу үшін, төмен қарай жүрістін барлық бөлігіндегі төменгі бу қысымы
р1 = 0,63 (р–1)–0,75, (4.7)
шығару бөлігіндегі, жоғары қарай бірінші бос жүріс үшін жоғарғы будың қысымы
р1 = 1,5р01 (4.8)
мұндағы: p01 – шығару құбырындағы қысым.
Соғу тоқпақтарында, толық бір соғу үшін, төмен қарай жүрістін барлық бөлігіндегі төменгі бу қысымы
р1 = (1,3÷1,4)р01 (4.9)
осы шарттар үшін жоғары қарай жүріс кезіндегі жоғарғы будың қысымы
р1 = 1,1р01 (4.10)
бірізді соққылар үшін шығару бөлігіндегі төменгі және жоғарғы будың қысымы тең:
р1 = 1,1р01. (4.11)
Егер газ атмосфераға шығарылатын болса, онда р01= l кгс/см2, егер шығарылған бу конденсацияға қолданылатын болса, онда р01 = (1,2÷1,5) кгс/см3.
Ұсынылған әдебиеттер: Нег.1[366–387], 2[91–97]
Бақылау сұрақтары.
Бу–ауалы тоқпақты теориялық зерттеу мақсаты?
Бу–ауалы тоқпақты теориялық зерттеу кезінде қандай параметрлері берілген болады?
Бу–ауалы тоқпақтын жұмысын теориялық зерттеу кезінде қандай теңдеулер құрылады?
Бу–ауалы тоқпақтын жұмысын теориялық зерттеу кезінде қандай мүмкіндіктер қабылданады?
Болжау индикатор диограммалары дегеніміз не?
5 Дәріс. Тоқпақ цилиндрының негізгі параметрлерін анықтау
Тоқпақтың құлайтын бөлігінің толық соғудағы тиімді энергиясы негізгі параметр ретінде стандартталған және бір жүріп өту кезінде оның жетуі қатаң міндетті, МЕМСТ тиімді энергияның минимальды мәнін шектейді және сонымен бірге толық қайтару мүмкіндігін болдырмайды, мысалы, поршеннің азайтылған жүрісінде.
Бірақта дайындаманы соғу тоқпақтарында өңдеу кезінде поршеннің шеткі төмнгі жағдайға жеткенге дейін үлкен шамаға жетуі мүмкін – 10%–дан толық жүрісте Hm 1–тонналы 25% пайызға дейін тоқпақтар. Сондықтан соғу тоқпақтарын есептеу кезінде соғудың тиімді энергиясының шамасын сәйкес запаспен жүктеу қажет:
LЭ= (1,1÷1,25)LЭ.ГОСТ. (5.1)
Қалыптау тоқпақтарының максимальды энергиясы өңдеуді аяқтау кезінде, соғылманың биіктігі төмен жағдайда, ең соңынан беріледі. Сонда да бұл жерде кейбір запасты енгізуге тура келеді, өйткені қалыптау кубиктерінің биіктігі жөндеу кезінде перестрожка жасау негізінде үлкейтілген. Сондықтан:
LЭ= (1,08÷1,15)LЭ.ГОСТ (5.2)
МЕСТ 7024–85 қалыптау тоқпақтарының құлайтын бөлігінің толық жұмыс жүрісін Нm анықтайды. Жаңа МЕСТ 9.752–81стандартта соғу тоқпақтарының құлайтын бөлігінің жүрісі туралы нұсқаулары жоқ, ал осы шаманы МЕСТ 4730–69 ережелейді. Жаңа өзгеріс тоқпақтардың максимальды унификациялану қабілетінің жоғарлауымен түсіндіріледі. Сонда да есепке Нm шамасын бірден енгізу қажет және біз 5.1 кестедегі мәліметтерді пайдалануды ұсынамыз.
Кесте
Қалыптау және соғу тоқпақтарының құлайтын бөлігінің толық жүрісі Нm
В. п. ч., тс |
1 |
2 |
3,15 |
5 |
8 |
Hm, м |
1,2—1,0 |
1,2—1,25 |
1,25—1,4 |
1,3—1,6 |
1,4—1,8 |
Цилиндрдің пайдасыз кеңістігінің өлшемдері меншікті коэффициенттердің келтірілген мәндерімен беріледі. Заманауи тоқпақтар үшін төменгі пайдасыз кеңістігі φи=0,09, ал жоғарғысы—φо=0,12. коэффициентімен сипатталады.
Цилиндрдің төменгі қуысының көлденең қимасы сақиналы алаңы Fк жоғарғы қуыс көлденең қимасының толық ауданына меншікті түрінде көрсетіледі:
Fк = αF. (5.3)
Бу–ауалы тоқпақтар үшін α коэффициентін дұрыс таңдау өте маңызды. α шамасы төмендетілген жағдайда, төменгі қуыс ауданы қысқарады. Бұл дегеніміз сақталған төменгі жұптың жұмыс процесінің жағдайында құлайтын бөлігінің көтерілуі кезіндегі оның жұмысының төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде жоғары жүріс кезінде жылдамдық азаяды, ал уақыт көбейеді және тоқпақтың өнімділігі төмендейді [қос.3].
Қазіргі өндірістегі тоқпақтардың құрылымы тез жүріске ие, себебі α практикалық мәні толығымен қанағаттандырады. 5.2 Кестеде қалыптау тоқпақтары бойынша, ал 5.3 Кестеде соғу тоқпақтары бойынша мәліметтер берілген.
5.2 Кесте
Қалыптау тоқпақтары
В.п.ч., тс |
0,63 |
1,0 |
2,0 |
3,15 |
5,0 |
10,0 |
16,0 |
α |
0,81 |
0,81 |
0,85 |
0,85 |
0,87 |
0,88 |
0,88 |
D, мм |
230 |
280 |
380 |
460 |
530 |
720 |
920 |
5.3 Кесте
Соғу тоқпақтары
В. п. ч., тс |
1,0 |
2,0 |
3,15 |
5,0 |
α |
0,81—0,89 |
0,85—0,89 |
0,85—0,896 |
0,87—0,90 |
D, мм |
280—330 |
380—430 |
460—550 |
530—630 |
Цилиндрге кіру шарты ең алдымен буды өткізетін тесіктің көлденең қимасының ауданымен, яғни золотник механизмнің төлке терезесі немесе дросселмен сипатталады. Төлкенің тікбұрышты терезесінің суммарлы ауданын, қазіргі заманғы қалыптау тоқпақтарында қабылданғанға сай береміз:
төменгі қатар үшін fH=aHbH≈0,lF;. ортанғы fc=acbH≈1,25f; жоғарғы fВ=aВbВ≈0,l fн;
Суммарлы ұзындығы bн, bc немесе bв кез келген қатардағы терезелер өлшемдері жұмыс цилиндрінің диаметрінен төмен қабылдайды:
bн (bc, bв) ≈ D. Сонда төменгі және жоғарғы қатардағы терезелер биіктігі
aH=aB
=
≈0,08
D,
ортаңғы қатар биіктігі
ас ≈0,1 D.
Соғу тоқпақтарының ауданы fн және f c бағыныңқы, ережедегідей қатынасы как правило, тем же соотношениям, но для окон верхнего ряда допускается некоторый разброс значений fB в пределах (0,8÷1,0) fH. Төменгі қатардың суммарлы ұзындығын және биіктігін қалыптау тоқпағына ұқсас таңдайды. Егер fB кішірейтіп алынса, онда жоғарғы терезе мен төменгі терезенің биіктігі бірдей болған жағдайда сәйкесінше bB суммарлы ұзындығын азайтады.
Дроссель терезесінің өтпелі қимасы келесідей:
а) қалыптау тоқпағы үшін
педальды басу кезінде fдр=0,5 fH;
педальдың бос кезінде fдр=0,25 fH;
б) соғу тоқпағы үшін fдр=0,5 fH;
Жұмыс цилиндрінің диаметрін және көлденең қимасының ауданын анықтау кезіндегі басты міндеті толық соғу энергиясымен ғана емес, уақыт бірлігінде соққы санымен анықталатын тоқпақтардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қалыптау тоқпағының индикаторлы диаграммасы көрсеткендей, құлайтын бөліктің жоғары жүріс кезіндегі қозғалыс күшінің өзгеруі параболалық заңға бағынады.
Қозғалыс жылдамдығы және соққы саны
Егер қандай да бір аймақта құлайтын бөлік тұрақты қозғаушы күшпен орынауыстыратын болса, онда уақытты есептеу қиындық тудырмайды. Өйткені үдеу өзгермейді. Мысал ретінде, қалыптау тоқпағының көтерілуі кезінде бірінші бос жүрісін аламыз. Өйткені жоғары жүрістің басында, жоғарғы бу индикатор сызығының (1- γ '- β')Hm кесіндісінің абсолютті шамасы (5.1 суретте) әдетте γхнHm кесіндіден қысқа, төменгі бу үшін, оның қысымы төмендей бастаған кезде, (1- γ '- β')Hm бөлігінде төменгі шеткі нүктеден қозғалыс бір қалыпты үдейді және PВl = const күш әсері арқылы жүреді. Яғни
(1–
γ
'– β
')Hm
=
,
ал қозғалыс уақыты
,
(5.4)
және құлайтын бөліктің аймақ соңындағы жеткен жылдамдығы
(5.5)
Адиабатикалық тәуелділікке бағыныңқы бу қысымының ауыспалы күші кезінде, құлайтын бөліктің қозғалысы сызықты емес екінші ретті дифференциальды теңдеулермен көрсетіледі:
,
мұндағы: Н – құлайтын бөліктің ағымдық бөлігі; а, b – тұрақты шамалар.
