Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКТопатар мен баспатар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

П

6.6 Сурет – Поршень тығыздағышы

оршень диаметрі цилиндр диамтрінен 1–2,5 мм кіші (сәйкесінше цилиндр диаметрлері 300—600 мм). Жекелеген жағдайларда қалыптау тоқпақтарында пішіні бөшке тәріздес, стреласы 0,8 мм шетке ауытқыған поршендар қолданылады. Тығыздалу үшін поршендар 35–40 маралы болаттан жасалған серпімді кесілген сақиналармен жабдықталған.

Екі, үш, төрт қатар сақиналар қолданылады (6.6 сурет).

Үш сақинасы бар поршендар көп қолданыс тапты.

Диаметрі 350 мм дейінгі цилиндрлер үшін сақинаның биіктігі мен радиалды қалындығы, сәйкесінше 6,5 және 11 мм; диаметрі 350 мм ден үлкен цилиндрлер үшін – 10 және 12 мм. Поршендағы бунақ терендігін сақинаның радиалды қалындығынан 0,2 мм жуық үлкен жасайды, яғни цилиндр қабырғаларын поршень бүйірімен басқан кезде сақина толығымен бунаққа кіру үшін. Цилиндр қабырғаларына сақинаның меншікті қысымы q = 0,1 р қабылданады, мұндағы: р – жаңа будың қысымы, кг/см2.

Поршень сақинасы мен таңдалған мүмкіндік қысым q арасындағы тәуелділік мына теңдеумен сипатталады (МЕСТ 26072)

мұндағы: Е – серпімділіктін шартты модулі; f – сақина құлпындағы саңылау шамасы, сақинаның сығылмаған кезіндегі саңылау мен сығылған сақина саңылауы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады, мм; D – сығылған сақинаның сыртқы диаметрі (цилиндрдың), мм; t– сақинаның радиалды қалындығы, мм.

Ұсынылған әдебиеттер: Қос.1[204–220].

Бақылау сұрақтары.

1. Бу–ауалы тоқпақтар қанда йөлшемдер мен сипатталады?

2. Соташық пен тоқпақтаманың қандай қосылыстары бар?

3. Қалыптау тоқпақтарының соташығы қандай болат маркаларынан жасалынады?

4. Тоқпақ тетіктеріне әсер ететін динамикалық жүктелуді азайту әдістері?

5. Әдетте соташық қай жерінен сынады?

7 Дәріс. Бу–ауалы тоқпақтардың тетіктері (жалғасы)

Тұғыр тіректері. Тоқпақтың тұғыр тіректері цилиндрлерді ұстау мен тоқпақ тоқпақтағышын бағыттау ғана емес сондай ақ тоқпақтың жұмысы кезінде соққы күштерін қабылдаушы болып та табылады.

Тіректердің сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін, біріншіден оларды төспен сәйкесінше қосу керек, екіншіден тіректін көлденең қимасының берік өлшемдерін таңдау, үшіншіден тіректін төспен және цилиндрмен түйісу ауданының қажетті шамасын таңдау. Тіректі есептеуге қолданылатын әдістер жоғарыда айтылған.

Тіректердің көлденең қимасының ауданы жоғары қарай кішірейеді.

Көлденең қимасы қорап тәріздес тірек (7.1 сурет). Қатаңдықты қамтамасыз ету үшін тірек ішкі қабырғалармен қамтамасыз етілген. Тіректер төстен ажырамас үшін төсте бүйір құйылмаларын қолдану және тірек табанын төспен жалғайтын тарту бұрандамасын қолдану қарастырылады.

Қазіргі кездегі қалыптау тоқпақтарында тігінен көлбеулік бұрышы 10°—12° көлбеу бұрандама қолданылады (7.1 сурет).

Әрбір тірек үшін төрт бұрандама қолданылады – әр жағынан екі бұрандамадан. Бұрандамалардың көлбеу орналасуы мынаумен түсіндіріледі,көлбеу орналасқан бұрандамалардағы тіректер төске қайта қону кезінде төстінбүйір шығынқылықтарына қысылады осы олардың төске дұрыс орнықтырылуын қамтамасыз етеді. Тоқпақтардың алғашқы құрылымдарында қолданылған, тік орналасқан бұрандамалар бұны аз денгейде қанағаттандырған.

Жазықтықтар тозуын компенсациялау үшін тірек және төстін бүйір құймалары арасында орналасқан арнайы тозудың көлденең сыналары қолданылады.

Сына тіректін төменгі бөлігімен қаптамасы бар екі бұрамасұқпа арқылы қосылады. Төсте бүйір құйылмаларын және көлденең сыналарды қолдану тіректің төс маңдайалды бойымен ығысуын ғана жояды.