- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2008
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдер мен аттесттация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1 Модуль
- •Қосымша әдебиеттер
- •2 Модуль
- •Аралық аттестацияны жүргізу үшін сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары
- •1.1 Сурет – Тоқпақтардың классификациясы
- •1.2 Сурет – Тоқпақтардың сұлбалары.
- •1.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •2.1 Сурет– Бу–ауа тоқпағының жұмыс режимдерінің схемасы.
- •2.2 Сурет – Бу–ауалы соққыш тоқпақ
- •2.3 Сурет – Бу–ауалы қалыптау тоқпағы
- •3.1 Сурет – Бу–ауалы тоқпақтардың энергия тасушының таратқыш механизмінің сұлбасы: а – соғу; б – қалыптау
- •1, 4, 5, 6 – Төмендегі тоқпақтама; 2,3 – жоғарыдағы тоқпақтама
- •3.2 Сурет – Бірізділік соққылар кезіндегі реттығын төлкесіндегі реттығынның орналасу сұлбасы
- •4.1 Сурет. – Жоғарғы бу үшін теориялық индикатор диаграммасы
- •4.2 Сурет – автоматты бірізділік жүрістер циклында болжау индикатор диаграммалары
- •5.1 Сурет – Болжамды индикаторлы диаграмма
- •6.2 Сурет. – Эксцентрикті соққы сұлбасы
- •6.3 Сурет – төс құйылмалары
- •6.4 Сурет – соташықтарды бекіту сұлбасы
- •6.5 Сурет – Тоқпақ соташығы
- •6.6 Сурет – Поршень тығыздағышы
- •7.1 Сурет – Тіректін бойлық (а) және (б) көлденең қималары
- •7.2 Сурет – Тоқпақтама ойығы
- •7.3 Сурет – Бағыттаушылар
- •7.4 Сурет – Тоқпақ цилиндрі
- •8.1 Сурет – Екі горизонталды кранды екі цилиндрлі жетекті пневматикалық тоқпақтар
- •8.3 Сурет – Жұмысшы және компрессорлы поршендердің қозғалыс сұлбасы
- •8.4 Сурет – Тоқпақтардың кранды ауатаратқышының сұлбасы (крандар қималарын жою)
- •9.1 Сурет – Гидравликалық баспақ
- •10.1 Сурет – Сулы сорапты–аккумуляторсыз жетекті баспақты қондыру сұлбасы.
- •10.2 Сурет – Қарапайым әсерлі тығынжиынды сораптың сұлбасы.
- •10.3 Сурет – Үштығынжылды ұзынабойлық бойлық сорап.
- •11.1 Сурет – Фланецке тірелетін цилиндрлер (а), цилиндр түіні және оның жоғарғы мандайшаға бекітілуі (б).
- •11.2 Сурет – Тығынжылдардың қымтағышы:
- •11.3 Сурет – Маңдайшалар
- •11.4 Сурет – Жылжымалы мандайшаларға тығынжылдарды бекіту варианттары
- •12.1 Сурет. Қозғалмалы көлдененнің жүруі кезіндегі деформацияланатын күштің графигі.
- •14.1 Сурет – деформациялау пәк күшке тәуелділігі
- •14.3 Сурет – бұранданың көтерілу бұрышы
- •15.1 Сурет – Екі дискілі үйкелісті бұрама баспақ
- •2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (сөж)
- •2.5 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (соөж)
- •Тема 15: Үйклісті бұрама баспақты есептеудің бірізділігі.
- •2.6 Өзіндік бақылауға тестік сұрақтар
- •Тест сұрақтарының дұрыс жауабының
- •2.7 Өткен курстар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі.
- •Глоссарий
- •050712 «Машина жасау» мамандығына арналған
- •«Тоқпақтар мен баспақтар»
- •Пәні бойынша
- •Студенттің пәндік
Тема 15: Үйклісті бұрама баспақты есептеудің бірізділігі.
Тапсырма:
1. Инерция моментін анықтау.
2. Келтірілген бұрау моменті.
Әдістемелік ұсыныстар: – үйклісті бұрама баспақты есептеудің бірізділік мысалын қарастыру.
СОӨЖ жүргізу формасы: тренинг, жекелеген жобаны жасау.
Ұсынылған әдебиеттер: Нег. 1 [394–400].
2.6 Өзіндік бақылауға тестік сұрақтар
1. Ұсталық – қалыптау машиналарының негізгі кластары?
A) тоқпақтар, гидробаспақтар, қайшылар, статтар, импульсты машиналар;
B) баспақтар, тоқпақтар, ротационды машиналар, импульсты машиналар, статтар;
C) бұрама баспақтар, тоқпақтар, импульсты машиналар, статтар, қайшылар;
D) қосиінді баспақтар, импульсты машиналар, статтар, тоқпақтар, бұрама баспақтар;
E) тоқпақтар, гидробаспақтар, импульсты машиналар, статтар, бұрама баспақтар.
2. Баспақтың басты параметрі болып не табылады?
A) номиналды күш;
B) номиналды үдеу;
C) номиналды жылдамдық;
D) номиналды бұрау моменті;
E) энергия және импульс.
3. Бұрама баспақтарда аккумулятор ретінде нені қолданады?
A) гидроаккумуляторлар;
B) тегершіктер және гидроаккумуляторлар;
C) сырғақтар;
D) тегершіктер;
E) тежеуіш.
4. Қандай ұсталық–қалыптау машиналар, баспақтар деп аталады?
А) соғылмаға соққымен және квази соққымен әсерететін, бұнда деформацияға кедергі қозғалмалы бөлікпен жиналған кинетикалық энергияны жұмсау арқылы жойылады;
В) деформациялау кедергісі жұмыстық мәрімдердін құралмен немесе дайындамамен бірге айналған кезде жойылатын, ұсталық–қалыптау машиналары.
С) соғылмаға квазистатикалық әсер ететін ұсталық–қалыптау машиналар, бұларда пайдалы кедергіні жою жұмыстық буын – сырғақтың орын ауыстыруы кезінде болады, ал деформациялау күш тұйық күштік жүйемен қабылданады оған орындаушы механизм, тұғыр және басқада элементтер жатады;
D) деформациялау кедергісін жою энергияны беру ортасымен жүргізілетін машиналар, мұнда энерго аккумуляторы ретінде энерготасымалдаушылар, ал беруші орта ретінде, деформацияланатың материалға өте қысқа уақытта тікелей әсер ететін ауа, газ, сұйықтық және т.с.с. қолданылады;
Е) деформациялау кедергісін жою энергияны беретін ортамен жүргізілетін машиналар, мұнда төменгі жылдамдықпен ұзақ уақыт әсеретеді, ал энергия беруші орта сұйықтық газ және т. б. болып табылады.
5. Тоқпақтың құлаушы бөлігі қандай түзілімнен тұрады?
A) тоқпақтама және жоғарғы соққыштан;
B) тоқпақтама, соташық және поршень мен тұғыр;
C) тоқпақтама, соташық және поршень мен тұғыр және де жұмыстық цилиндр;
D) тоқпақтама, соташық және поршень;
E) дұрыс жауабы жоқ.
6. Тоқпақ тетіктерінің қажетті беріктігі қандай тәсілдермен алынады?
A) динамикалық жүктелуді азайту және материалды беріктендіру;
B) динамикалық жүктелуді азайту;
C) тоқпақ тетіктері жасалған материалды беріктендіру;
D) масса еселігін азайту;
E) дұрыс жауабы жоқ.
7. Жетекті пневматикалық тоқпақтар не үшін арналған?
A) ірісериялы және жаппай өндірісте қалыптау үшін;
B) азсериялы және бірлік өндірісте ұсақ соғылмаларды соғу үшін;
C) азсериялы өндірісте ірі соғылмаларды соғу үшін;
D) жаппай өндірісте ірі тетіктерді қалыптау үшін;
E) ірісериялы және жаппай өндірісте ұсақ соғылмаларды соғу үшін.
8. Гидробаспақ қондырғының құрамына не кіреді?
A) баспақ, жұмыстық сұйықтық, электржетек, гидроаккумулятор;
B) баспақ, жұмыстық сұйықтық, жетек, сұйықтыққа арналған бак–қабылдағыштар;
C) жұмыстық сұйықтық, жетек, басқару мәрімі, сұйықтыққа арналған бак–қабылдағыштар, құбыржол, электржетек, гидроаккумулятор;
D) баспақ, жұмыстық сұйықтық;
E) баспақ, жұмыстық сұйықтық, жетек, басқару мәрімі, сұйықтыққа арналған бак–қабылдағыштар, құбыржол, электржетек, гидроаккумулятор.
9. Гидравликалық баспақ жұмысының технологиялық цикл уақыты неден тұрады:
A) технологиялық үзіліс уақытынын және бос, жұмыстық және де кері қайту жүрісі уақытынан;
B) бос, жұмыстық және де кері қайту жүрісі уақытынан;
C) технологиялық үзіліс және жұмыстық жүріс уақытынан;
D) жұмыстық және бос жүріс уақытынан;
E) технологиялық үзіліс және жұмыстық және де кері қайту жүріс уақытынан.
10. Бұраманың кинематикалық күй қандай болады?
A) қозғалмайтын және бұрамалы қозғалыспен;
B) ілгері, айналысты және бұрамалы қозғалыспен;
C) ілгері, айналысты және бұрамалы қозғалыспен және де қозғалмайтын;
D) ілгері және қозғалмайтын;
E) дұрыс жауабы жоқ.
11. Гидравликалық баспақтардағы жетек типі немен анықталады?
A) басқару мәрімдерімен – таратқыштармен, клапандармен;
B) жұмыстық жүріс кезінде баспақты қоректендіретін жоғары қысымды сұйықтық көзімен;
C) баспақтың технологиялық қолданылуымен;
D) цилиндрлер санымен;
E) тұғыр құрылымымен.
12. Жоғары қысымды сораптарға қайсылары жатады?
A) лопасты, қосиінді–тығынжылды, ротационды–тығынжылды;
B) ротационды–тығынжылды, эксцентрикті–тығынжылды, бұрамалы және центробеді;
C) лопасты, тістегерішті, бұрамалы және центробеді;
D) қосиінді–тығынжылды, ротационды–тығынжылды, эксцентрикті–тығынжылды;
E) қосиінді–тығынжылды, тістегерішті, бұрамалы және центробеді.
13. Орташа қысымды сораптарға жататындар?
A) лопасты, қосиінді–тығынжылды, ротационды–тығынжылды;
B) лопасты, тістегерішті, бұрамалы және центробеді;
C) ротационды–тығынжылды, эксцентрикті–тығынжылды, бұрамалы және центробеді;
D) қосиінді–тығынжылды, ротационды–тығынжылды, эксцентрикті–тығынжылды;
E) қосиінді–тығынжылды, тістегерішті, бұрамалы және центробеді.
14. Гидробаспақты қондырғылардың көмекші құрылғыларына жататындар?
A) таратқыш және қамтығыш құрылғылар;
B) құбыржүйелер және арматура;
C) қамтығыш құрылғылар;
D) таратқыш және реттеуші құрылғылар;
E) аккумуляторлар, толтырғыш бак.
15. Қамтығыш құрылғылар не үшін қолданылады?
A) тік жүріс кезінде баспақтың жұмыстық цилиндріне төменгі қысымды сұйықтықты беру үшін;
B) сорапты жетекте сұйықтықтың кері ағуын болдырмау үшін;
C) тік және кері жүріс кезінде жинағыш бакпен жұмыстық цилиндрлерді байланыстыру үшін;
D) өзара қозғалатын не қозғалмайтын тетіктердін жиектерінде аса көп қысым әсерінен сұйықтықтын ағуын болдырмау үшін;
E) қысқа уақытқа тоқтау кезінде, бос жүрісте сұйықтықты жинау және жұмыстық жүріс кезінде оны шығындау үшін.
16. Гидравликалық баспақтың механикалық ПӘК деп нені айтамыз.?
A) жұмыстық жүрісте Ад цилиндрлі Ац шығындалған, баспақтың пайдалы жұмысының қатынасы;
B) цилиндрлі энергиянын Ац бар (распалагаемой) энергияға Арс қатынасы;
C) Ад, бір цикл ішінде шығындалған индикаторлы энергиямен Аи қатынасын аитамыз;
D) жұмыстық жүріс Ад кезінде орындалған пайдалы жұмыстын жылжымалы мандайшанын толық екі жүрісінде шығындалған бар энергияға Арс қатынасы;
E) индикаторлы энергиянын Аи цилиндрлі энергияға Ац қатынасы.
17. Гидравликалық баспақтардың қозғалатын мандайшалары неге арналған?
A) баспақ тұғырын тұтас қатаң рамағып тұйықтап жұмыстық цилиндрлерді бекіту үшін;
B) сорапты жетектерді орнату және бұрылу крандарын орнату үшін;
C) жоғарғы жұмыстық құралдарды бекіту және жұмыстық цилиндрлерден әсерететін күштерді деформацияланатын дайындамаға беру үшін;
D) баспақты іргетасқа орнату үшін;
E) бағаналарды орнату ншін.
18. Қандай ұсталық–қалыптау машиналарын тоқпақтар деп атайды?
A) квази соққымен әсер ететін машина, бұнда материалды деформациялау үшін жұмыстық массалардың ілгері және айналысты қозғалыстырының кинетикалық энергиясы пайдаланылады;
В) деформациялау кедергісі, дайындаманың құралмен жанасқан аймағы үздіксіз орын ауыстырған кезде жұмыстық мәрімдердін құралмен бірге айналғанда жойылатын машиналар.
C) деформациялау кедергісін жою энергияны беру ортасымен жүргізілетін машиналар;
D) соққымен әсер ететін машиналар, мұнда соққы алдында жетек энергиясы жұмыстық массаларның сызықтық қозғалысының кинетикалық энергиясына, ал соғу кезінде –соғылманы деформациялаудың пайдалы жұмысына түрленеді;
E) соғылмаға квазистатикалық әсерететін машиналар, мұнда пайдалы кедергіні жою сырғақтын орын ауыстыруы кезінде жұреді.
19. Тоқпақтың басты параметрі болып не табылады?
A) номиналды күш;
B) әсерлік кинетикалық энергия;
C) импульс энергиясы;
D) номиналды күш немесе номиналды бұрау моменті;
E) энергия импульсы немесе әсерлік кинетикалық энергия.
20. Тоқпақтарды қалай классификациялайды?
A) технологиялық қолданылуына, жетек типіне, құрылымдық орындалуына;
B) тұғыр құрылымына байланысты;
C) қолданылатын энрготасымалдаушыларға байланысты;
D) технологиялық қолданылуына және төстін құрылымдық орындалуына;
E) жетек типіне және энрготасымалдаушыға.
21. Тоқпақ массасының еселігі деп нені айтамыз?
A) қозғалмайтын төстін массасы;
B) қозғалмайтын төстін және қозғалатын төстін массаларынын арақатынасы;
C) басқасы;
D) соғу массаларынын ара қатынасы m2/m1;
E) қозғалатын жұмыстық бөліктерінін массасы немесе соғу массасы.
22. Қозғалмайтын төсі бар тоқпақтардың бас өлшем параметрлері?
A) қозғалатын жұмыстық бөліктерінін массасы m1 және әсерлі кинетикалық энергия Тэ;
B) әсерлі кинетикалық энергия Тэ;
C) соғу алдындағы жұмыстық бөліктердің жылдамдығы v1;
D) соғу алдындағы жұмыстық бөліктердің жылдамдығы v1 және әсерлі кинетикалық энергия Тэ;
E) қозғалатын жұмыстық бөліктерінін массасы m1 және соғу алдындағы жұмыстық бөліктердің жылдамдығы v1.
23. Тоқпақтың әсерлі ПӘК шамасын көрсетіңіз?
A) 0,90–0,95;
B) 0,035–0,037;
C) 0,1 –0,3;
D) 0,8 – 0,9
E) 0,01 – 0,02.
24. Төссіз буауалы тоқпақтарды механизім типіне байланысты классификациясы?
A) жетекті пневматикалық, электромеханикалық, гидравликалық, жарылысты;
B) электромеханикалық, гидравликалық, жарылысты;
C) механикалық, буауалық, гидравликалық, жетекті пневматикалық;
D) тәуелді және тәуелсіз;
E) механикалық, буауалық, гидравликалық.
25. Ауанын жұмыстық поршендерге әсер ету сипатына байланысты пневматикалық тоқпақтарды классификациялау?
A) бір жақты және екі жақты қозғалысты;
B) бір цилиндрлі және екі цилиндрлі;
C) шүмекпен және реттығынмен;
D) аралымнын (буфера) жоғары және төмен орналасуымен;
E) басқа жағдайларға байланысты.
26. Тоқпақтың механикалық ПӘК деп нені айтамыз?
A) әсерлі энергиянын Тэ ауанын индикаторлы жұмысына Аи.р қатынасы;
B) компрессорлы цилиндрдегі ауанын индикаторлы жұмысынын Аи.р компрессордың Ак қосиінді білігіне келтірілген энергиясына қатынасы;
C) әсерлі энергиянын Тэ компрессордың Ак қосиінді білігіне келтірілген энергиясына қатынасы;
D) ауанын индикаторлы жұмысының Аи.р жұмыстық және компрессорлы цилиндірдегі жұмысына қатынасы Аи.к;
E) басқа.
27. Жетектің беріліс механизімінің типіне байланысты бұрама баспақтарды классификациялау?
A) қарапайым бір сырғақпен, екі қарама қарсы қозғалатын сырғақпен;
B) үйкелісті, электрлі, пневматикалық, гидравликалық;
C) басқа принциптер бойынша;
D) үйкелісті, электрлі, бу–ауалы;
E) пневматикалық, гидравликалық, газогидравликалық.
28. Бұрама баспақтардың негізгі параметрлеріне не жатады?
A) номиналды күш Рн және әсерлі энергия Тэ;
B) әсерлі энергия Тэ;
C) номиналды күш Рн;
D) бұрау моменті;
E) импульс энергиясы.
29. Бұрама жұмыстық механизімдердін негізгі параметрлеріне не жатады?
A) сыртқы және ішкі диаметрлер;
B) бұранда қадамы және кіріс саны;
C) бұрама жұрісі және бұранданың көтерілу бұрышы;
D) орташа диаметр және бұранданың көтерілу бұрышы;
E) орташа диаметр, және бұранда қадамы мен кіріс саны;.
30 Жетек типіне байланысты бұрама баспақтар қалай бөлінеді?
A) бір бұрамалы, екі бұрамалы, көп бұрамалы;
B) төсті және төссіз;
C) үйкелісті бұрамалы, электрбұрамалы, гидробұрамалы, аралас;
D) үйкелісті бұрамалы, электрбұрамалы;
E) үйкелісті бұрамалы, гидробұрамалы, аралас.
