- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2008
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдер мен аттесттация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1 Модуль
- •Қосымша әдебиеттер
- •2 Модуль
- •Аралық аттестацияны жүргізу үшін сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары
- •1.1 Сурет – Тоқпақтардың классификациясы
- •1.2 Сурет – Тоқпақтардың сұлбалары.
- •1.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •2.1 Сурет– Бу–ауа тоқпағының жұмыс режимдерінің схемасы.
- •2.2 Сурет – Бу–ауалы соққыш тоқпақ
- •2.3 Сурет – Бу–ауалы қалыптау тоқпағы
- •3.1 Сурет – Бу–ауалы тоқпақтардың энергия тасушының таратқыш механизмінің сұлбасы: а – соғу; б – қалыптау
- •1, 4, 5, 6 – Төмендегі тоқпақтама; 2,3 – жоғарыдағы тоқпақтама
- •3.2 Сурет – Бірізділік соққылар кезіндегі реттығын төлкесіндегі реттығынның орналасу сұлбасы
- •4.1 Сурет. – Жоғарғы бу үшін теориялық индикатор диаграммасы
- •4.2 Сурет – автоматты бірізділік жүрістер циклында болжау индикатор диаграммалары
- •5.1 Сурет – Болжамды индикаторлы диаграмма
- •6.2 Сурет. – Эксцентрикті соққы сұлбасы
- •6.3 Сурет – төс құйылмалары
- •6.4 Сурет – соташықтарды бекіту сұлбасы
- •6.5 Сурет – Тоқпақ соташығы
- •6.6 Сурет – Поршень тығыздағышы
- •7.1 Сурет – Тіректін бойлық (а) және (б) көлденең қималары
- •7.2 Сурет – Тоқпақтама ойығы
- •7.3 Сурет – Бағыттаушылар
- •7.4 Сурет – Тоқпақ цилиндрі
- •8.1 Сурет – Екі горизонталды кранды екі цилиндрлі жетекті пневматикалық тоқпақтар
- •8.3 Сурет – Жұмысшы және компрессорлы поршендердің қозғалыс сұлбасы
- •8.4 Сурет – Тоқпақтардың кранды ауатаратқышының сұлбасы (крандар қималарын жою)
- •9.1 Сурет – Гидравликалық баспақ
- •10.1 Сурет – Сулы сорапты–аккумуляторсыз жетекті баспақты қондыру сұлбасы.
- •10.2 Сурет – Қарапайым әсерлі тығынжиынды сораптың сұлбасы.
- •10.3 Сурет – Үштығынжылды ұзынабойлық бойлық сорап.
- •11.1 Сурет – Фланецке тірелетін цилиндрлер (а), цилиндр түіні және оның жоғарғы мандайшаға бекітілуі (б).
- •11.2 Сурет – Тығынжылдардың қымтағышы:
- •11.3 Сурет – Маңдайшалар
- •11.4 Сурет – Жылжымалы мандайшаларға тығынжылдарды бекіту варианттары
- •12.1 Сурет. Қозғалмалы көлдененнің жүруі кезіндегі деформацияланатын күштің графигі.
- •14.1 Сурет – деформациялау пәк күшке тәуелділігі
- •14.3 Сурет – бұранданың көтерілу бұрышы
- •15.1 Сурет – Екі дискілі үйкелісті бұрама баспақ
- •2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (сөж)
- •2.5 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (соөж)
- •Тема 15: Үйклісті бұрама баспақты есептеудің бірізділігі.
- •2.6 Өзіндік бақылауға тестік сұрақтар
- •Тест сұрақтарының дұрыс жауабының
- •2.7 Өткен курстар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі.
- •Глоссарий
- •050712 «Машина жасау» мамандығына арналған
- •«Тоқпақтар мен баспақтар»
- •Пәні бойынша
- •Студенттің пәндік
2.1 Сурет– Бу–ауа тоқпағының жұмыс режимдерінің схемасы.
Бу–ауа тоқпақтары тұғырлардың құрылысы бойынша мына түрлерге бөлінеді: тік және көлденен, біртіреуішті, екітіреуішті, арқалы және көпірлі, ал жұмыс массаларының соққылау схемасы бойынша мына түрлерге бөлінеді– қозғалмайтын төсімен (төсті), төменгі соққымен (жұмыс массасының төмен қозғалуымен) және жоғарғы соққымен (жоғары қозғалуымен); қозғалмалы соққымен (соққы массаларыныңмөлшері бойынша жүрісіне қарсы) және төссіз (бірдей массаларының қарсы қозғалуымен).
Энергиятасушы. Энергия тасушы немесе жұмыс денесі ретінде бу немесе ауа қызмет жасайды, олардың күйлері қысым р, температрура Т және көлем Vсипатталады.
Бу–ауа тоқпақтарын жобалау кезінде бу қысымын 0,7–0,9 МПа тең деп алады, ал ауа қысымын 0,6–0,8 МПа деп алады. Будың қызып кету температурасы 573 К аспауы керек, ал ауаның қызып кетуі 473 К аспауы қажет.
Бу. Тоқпақтарда құрғақ қаныққан, ылғалмен қаныққан және қыздырылған бу қолданылады. Тоқпақ тек қана құрғақ қаныққан бумен жұмыс істемейді. Мұндай будың күйі тоқпақтың жұмыс істеу моменттерінде іске асады. Негізінен ылғалды қаныққан бу қолданылады.
Ылғалды будың жұмыс процестері (ұлғаюы және қысуы) адиабатты процеске жуық. Бұл процестерді 1 ≥ х > 0,7 кезінде Цейнер жуық теңдеуімен сипатталады.
.
(2.1)
мұндағы: k = 1,035 + 0,1х; х — бастапқы кездегі будың (құрғақ бу) құрамы.
Құрғақ қаныққан бу үшін х = 1 және k = 1,135, аса қыздырылған бу үшін k = 1,3. жылулық есептеуін оңайлату үшін бумен жұмыс істеу кезінде k = 1.
Ауа. Бу–ауа тоқпақтар сығылған ауада жұмыс істей алады. Бұл үшін компрессор станциясы керек. Жұмыс кезінде ауа күйінің өзгеруі көрсеткіш дәрежесі k = 1,4 тең политропамен анықталады.
Тоқпақтарда бу немесе ауаны қолдану олардың жұмысына әсер етеді. Бу және ауа үшін ұлғаю және қысу периоды әртүрлі өтеді. Егер құрғақ қаныққан бу және қыздырылған ауа қолданылса, онда будың ұлғаюы pV = const политропта, ал ауаның ұлғаюы pVk = pV1,4 = const политропта өтеді. Нәтижесінде 1 кг құрғақ қаныққан бу, 1 кг сығылған ауаға қарағанда көп жұмыс атқарады. Бұл бастапқы күйдегі құрғақ қаныққан будың меншікті көлемі сығылған ауаның меншікті көлемінен үлкен болады, сонымен қатар будың және ауаның бірдей дәрежеде ұлғаюы кезінде будың соңғы қысымы ауаның соңғы қысымынан жоғары болады.
Тоқпақтарды жобалау есебі. Жобалау кезінде Тэ, m, Hm, R, р0, р, р1, φи, φ0 параметрлері беріледі, ал кейбіреуі Тэ, m, Hm стандарттармен анықталған.
Есептеумен тоқпақтың негізгі құрылымдық параметрлерін анықтайды: өлшемдік, күштік және энергетикалық. Есептеуге техникалық құжаттамаларды, өндірістьік тәжірибені және зерттеулердің эксперименталды мәліметтерін білу қажет. Бу–ауа қалыптау тоқпақтары үшін қозғалмалы бөліктердің массасы, соққының кинетикалық энергиясы, сонымен қатар тоқпақтың қалыптау кеңістігін сипаттайтын өлшемдер МЕСТпен анықталады.
Жұмыс цилиндрінің өлшемдерін анықтау. Энергия тасушының және тоқпақтың жұмыстық жылжымалы бөліктерін орын ауыстыру s1=Нт–sд ауырлық күші қалыптауға қажетті кинетикалық энергияны екпіндетеді:
.
(2.2)
Поршенға әсер ететін нәтижелі күш ауыспалы болып келеді. Бірізділік соққы кезінде төмен қарай жүрістің индикаторлы диаграммасының негізінде күштің бастапқы шамасын былай анықтауға болады:
.
(2.3)
Қажетті түрлендірулер жүргізгеннен кейін (2.3) теңдеуді интегралдап мынаны аламыз
.
(2.4)
Уақыт циклі және тоқпақтың соққы жиілігі. Тоқпақтың бір машина циклінің уақыты
,
мұндағы деформациялау уақытын tд өрнектер арқылы есептеуге немесе 1мм деформацияға 0,003 деп алуға болады. Бір минуттағы тоқпақ соққыларының бірізділі ең үлкен жиілігі
.
(2.5)
Тоқпақтың технологиялық жұмыс циклі tт қабылданған қалыптау технологиясына және бірізді соққылар санына z, сонымен қатар соққылар арасындағы үзіліс санына (tп≈0,5ч1с), қалып жылғаларындағы дайындаманың орнын ауыстыру үшін аударуға, қалыптарды майлау және отқабыршақтан тазалау уақытының шығынына(to≈1ч2 с), дайындаманы салу уақытына (tз≈1ч2 с), байланысты болады.
.
(2.6)
Тоқпақтың өнімділігі
.
(2.7)
Тоқпақтың ПӘК–ін есептеу. Бу немесе ауа цилиндрге түскен кезде қысым р және энтальияға i0 ие болады. Жұмыс жасап шыққан бу қысым р және энтальиямен i0 сипатталады.
.
(2.8)
Цилиндрге түсетін жылу, цилиндр жылудың жартысын жылуөткізгіш қабырғалар арқылы өзгеріске түседі. Цилиндрдегі температура будың температурасынан төмен. Бұл бусұйықтықтың пайда болуына әкеледі.
Сондықтан, нақтылы ПӘК–і идеалдықтан төмен болады:
,
(2.9)
мұндағы: η0 – салыстырмалы ПӘК.
Индикаторлы жұмыс тиімді энергияны алуға және барлық кедергі күштерін өтуге жұмсалады. Бұл механикалық ПӘК η м анықталады.
Соққы кезінде тиімді энергияның бөлігі соғылманың илемділік деформация жұмысына өтеді, соққы деформацияның ПӘК η д ескереді.
Сол себепті, кіріс энергиясы Е, өзгерістерге түсе отырып соғылманың илемділік деформация жұмысына айналады
,
(2.10)
мұндағы: ηэ
– тоқпақтың тиімді ПӘК,
.
Бу–ауа тоқпақтарының құрылымы. Бу–ауалы соққылы екітіреуішті арқалақ тұғырлы тоқпақтың типтік құрылысы 2.2 суретте көрсетілген. Бу–ауа соққылы және қалыптау тоқпақтарының параметрлері МЕСТ–пен регламенттеледі.
Соққы массасы 630–25 000кг, массалар еселігі 20–25 тиімді энергия, 16–630 кДж, толық жүрісі 1000—1600 мм. Соққыш төстке қарағанда тоқпақтың төс қалыптау тоқпақтың барлық машинаның негізі болып табылады.
Қазіргі кезде қалыптау және соққыш тоқпақтардың құрылысында бір типті болат 35 Л құйылған жұмыс цилиндрлері қолданылады (2) (2.3 в сурет), олар диаметрі недәуір түбінде тесік пайда болған, ал ішкі бетінде механикалық өңдеуді оңайлатады.
1 –тіреуіштер; 2 – цилиндр; 3 – қозғалмалы бөлімдер; 4 – төс
