- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2008
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •1.3 Пререквизиттер
- •1.4 Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және орындау графигі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдер мен аттесттация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1 Модуль
- •Қосымша әдебиеттер
- •2 Модуль
- •Аралық аттестацияны жүргізу үшін сұрақтар тізімі
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының қысқартылған жазбалары
- •1.1 Сурет – Тоқпақтардың классификациясы
- •1.2 Сурет – Тоқпақтардың сұлбалары.
- •1.3 Сурет – Соғумен деформациялаудың пәк массалар қатынасына тәуелділігі
- •2.1 Сурет– Бу–ауа тоқпағының жұмыс режимдерінің схемасы.
- •2.2 Сурет – Бу–ауалы соққыш тоқпақ
- •2.3 Сурет – Бу–ауалы қалыптау тоқпағы
- •3.1 Сурет – Бу–ауалы тоқпақтардың энергия тасушының таратқыш механизмінің сұлбасы: а – соғу; б – қалыптау
- •1, 4, 5, 6 – Төмендегі тоқпақтама; 2,3 – жоғарыдағы тоқпақтама
- •3.2 Сурет – Бірізділік соққылар кезіндегі реттығын төлкесіндегі реттығынның орналасу сұлбасы
- •4.1 Сурет. – Жоғарғы бу үшін теориялық индикатор диаграммасы
- •4.2 Сурет – автоматты бірізділік жүрістер циклында болжау индикатор диаграммалары
- •5.1 Сурет – Болжамды индикаторлы диаграмма
- •6.2 Сурет. – Эксцентрикті соққы сұлбасы
- •6.3 Сурет – төс құйылмалары
- •6.4 Сурет – соташықтарды бекіту сұлбасы
- •6.5 Сурет – Тоқпақ соташығы
- •6.6 Сурет – Поршень тығыздағышы
- •7.1 Сурет – Тіректін бойлық (а) және (б) көлденең қималары
- •7.2 Сурет – Тоқпақтама ойығы
- •7.3 Сурет – Бағыттаушылар
- •7.4 Сурет – Тоқпақ цилиндрі
- •8.1 Сурет – Екі горизонталды кранды екі цилиндрлі жетекті пневматикалық тоқпақтар
- •8.3 Сурет – Жұмысшы және компрессорлы поршендердің қозғалыс сұлбасы
- •8.4 Сурет – Тоқпақтардың кранды ауатаратқышының сұлбасы (крандар қималарын жою)
- •9.1 Сурет – Гидравликалық баспақ
- •10.1 Сурет – Сулы сорапты–аккумуляторсыз жетекті баспақты қондыру сұлбасы.
- •10.2 Сурет – Қарапайым әсерлі тығынжиынды сораптың сұлбасы.
- •10.3 Сурет – Үштығынжылды ұзынабойлық бойлық сорап.
- •11.1 Сурет – Фланецке тірелетін цилиндрлер (а), цилиндр түіні және оның жоғарғы мандайшаға бекітілуі (б).
- •11.2 Сурет – Тығынжылдардың қымтағышы:
- •11.3 Сурет – Маңдайшалар
- •11.4 Сурет – Жылжымалы мандайшаларға тығынжылдарды бекіту варианттары
- •12.1 Сурет. Қозғалмалы көлдененнің жүруі кезіндегі деформацияланатын күштің графигі.
- •14.1 Сурет – деформациялау пәк күшке тәуелділігі
- •14.3 Сурет – бұранданың көтерілу бұрышы
- •15.1 Сурет – Екі дискілі үйкелісті бұрама баспақ
- •2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың жоспары
- •2.4 Студенттердің өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (сөж)
- •2.5 Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы аясында сабақтың жоспары (соөж)
- •Тема 15: Үйклісті бұрама баспақты есептеудің бірізділігі.
- •2.6 Өзіндік бақылауға тестік сұрақтар
- •Тест сұрақтарының дұрыс жауабының
- •2.7 Өткен курстар бойынша емтихан сұрақтарының тізімі.
- •Глоссарий
- •050712 «Машина жасау» мамандығына арналған
- •«Тоқпақтар мен баспақтар»
- •Пәні бойынша
- •Студенттің пәндік
7.1 Сурет – Тіректін бойлық (а) және (б) көлденең қималары
Бұл қосылыс жеткіліксіз, өйткені ол тіректердің мандайалдымен көлденең ығыспауын қамтамасыз ете алмады.
Тіректің төменгі бүйір құйылмалары, төсті екі жағынан да қарпитын, тіректін көлденең ығысуын толығымен жояды.
Қазіргі кездегі бу–ауалы қалыптау тоқпақтарының тіректері болаттан құйылған және құрамында С = 0,30÷0,40°/о, ал соғу тоқпақтарында – шойыннан құылған болып келеді.
Қалыптау тоқпақтарды сериялы өндіріу кезінде тірек моделдерін азайту мақсатында, тіректердің бір өлшемі, құлаушы бөлігінің салмағы әртүрлі тоқпақтарда қолданылады, белгілі бір шектелумен.
Тоқпақтама. Қалыптау және соғу тоқпақтарының тоқпақтамасының құрылымдық пішіні қарапайым және бастысы соташық өсіне симметриялы болуы тиіс (7.2 сурет).
Тоқпақтаманың ауырлық центры соташық өсінде орналасуы тиіс.
қолданылады.
Сыдырудан кейін соғу және құю арқылы алынған тоқпақтамалар термиялық өңдеуден өтеді. Тоқпақтамалар әртүрлі маркалы болаттардын жасалады: 45, 50, 35Х, 40ХН, 40ХНЗ. Қалыптау тоқпағының тоқпақтамасы, соғудікіне қарағанда күрделі шарттарда жұмыс істейді, соған байланысты оның тоқпақтамасын жасауда сапалы материалдарды қолданады.
7.2 Сурет – Тоқпақтама ойығы
Қалыптау тоқпағы тоқпақтамасының биіктік бойынша өлшемі орта есеппен 0,8 Нm құрайды. Қалған габарит өлшемдерді тоқпақтаманың салмағын, бағыттаушылар арасындағы арақашықтықты және соққыштар мен қалыптарды бекітуге арналған, тоқпақтаманың төменгі қуысының өлшемдерін ескерумен тағайындайды.
Тоқпақтамның төменгі бөлігінде соққыш немесе қалып бекітуге арналған ойық болады.
МЕСТ 6039–81 бойынша тоқпақтамадағы соқыштар және қалыптардың элементтеріндегі және жастықтағы сыналары сол жағында орналасады және трапециялы кілтектер қолданылады.
Бағыттаушылар. Бу–ауалы тоқпақтардың тоқпақтамасы соташық арқылы, тоқпақтың жұмысы кезінде цилиндрдің ішінде қозғалатын поршеньмен қосылады.
Цилиндр, тоқпақтаманың қозғалысын бағыттайтын элементтердің бірі болып табылады. Тағы бір элементі болып соташық өтетін төменгі тығыздағыш табылады. Үшінші элементі болып тоқпақ тіректерінің бағыттаушылары табылады.
Цилиндр мен соташық өстері сәйкес келу үшін қазіргі кездегі тоқпақтардың бағыттаушылары реттелетін болып табылады.
Бағыттаушыларды реттеу кезінде соташық тік бағытта ғана болуы тиіс.
Тоқпақтың жұмысы кезінде бағыттаушылар үлкен жүктелу мен тозуға ұшырайтындықтан, оларды тірекпен бірге орындаудың қажеті жоқ.
Қазіргі кездегі тоқпақтар ауыспалы, реттелетін бағыттаушылармен жабдықталған.
Бағыттаушылар қимасы тікбұрышты брустар түрінде орындалады, бір жағы трапеция пішінді тарақшалы (гребнями) (шлицами) (7.3 а, сурет), ал екінші жағы – жазық тегіс бет болып келеді.
Бағыттаушылар, сәйкесінше тірек ойықтарына орналасады да үш тарту бұрандамамен бекітіледі. 7.3, б суретте, ауыр қалыптау тоқпақтары үшін қолданылатын қос бағыттаушылар көрсетілген. Бағыттаушыларды реттеу үшін көлбеулігі 1:24 тік сына қолданылады, ол сомынды бұрау арқылы орын ауыстырады (118 сурет).
7.3 Сурет – Бағыттаушылар
Болат 45 соғылған бағыттаушылар қолданылады.
Бағыттаушылардың ұзындығы тоқпақтама жүрісінің шамасына тен болатындай қабылданады. Біршама тоқпақтар үшін бағыттаушылардың ені (120—300 мм) бірдей қабылданады. Бұл, осы сериалы тоқпақтар үшін әр түрлі өлшемді бағыттаушылардың санын азайтады.
Цилиндрлер. Қазіргі кездегі бу–ауалы соғу және қалыптау тоқпақтарында цилиндрлердің екі түрі қолданылады: тұтас (7.4 сурет) және түбі ажыратылатын. Екіншісі қолайлы болып келеді, себебі бұнда цилиндр өтпелі құбыр тәрізді болғандықтан, жонуға қолайлы.
Цилиндрды цилиндрасты тақтасымен қосуда, тоқпақ өсіне қатысты цилиндрды дәл қою керек, оны қосу тәсіліне аса мән беріледі.
Осы мақсатта қалыптау тоқпағы цилиндрасты тақтайшасының төменгі тіреу жазықтығын әр түрлі орындайды: тегіс, тегіс ортасында сақина тәріздес дөнеспен және тегіс бір сатылы ортасында сақина тәріздес дөнеспен (7.4 сурет).
Барлық жағдайларда цилиндрлерді цилиндрасты тақталарымен қосу амартизациялы серіппелермен жабдықталған сегіз тарту бұрамасымен жүргізіледі. Бұл бұрамалар цилиндр тақтасымен бірге тоқпақ тұғырының тіреуінде қосады.
Қазіргі кездегі қалыптау тоқпақтарында болаттан құйылған цилиндрлер қолданылады, С = 0,25 ÷0,35°/0.
Поршень сақиналарының жұмысын арттыру және жөндеу мақсатында цилиндрлер шойыннан СЧ 28–48 жасалған ішкі төлкелермен жабдықталады..
Цилиндрдің бумен қыздырып төлкелерді цилиндрге тартып отрғызады.
Цилиндрледе бойлық қатаңдық қырды қолдану қабырға қалындығының азаюына, цилиндрдың сыртқы пішінінің жақсаруына және беріктігінің артуына әкеледі.
Бу қысымына байланысты цилиндр қабырғасының қалындығын есептейміз
,
мұндағы: R – цилиндрдың сыртқы радиусы, см; r – цилиндрдың ішкі радиусы, см;
р – бу қысымы, кг/см2; [σр] – созуға мүмкіндік кернеу, кг/см2; [σр] = 400÷750 кг/см2 шойыннан құю үшін; [σр]=1000÷1500 кг/см2 болаттан құю үшін.
Қабырғалар қалындығын таңдаған кезде цилиндрды кеулейжону қажеттілігі және құю тығыздығы ескеріледі. Қабырға қалындығы аз және тығыздығы жеткіліксіз болас бу цилиндр қабырғаларындағы микропорлар арқылы шығуы мүмкін.
Болаттан құйылған цилиндрлердің қабырға қалындығын орта есеппен 0,1Дц тен деп қабылдайды, мұндағы: Дц – цилиндрдың ішкі диаметрі, шоиын төлкелердің қабырға қалындығын 0,05Дц.
