Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПЕдагогика 2014 новый силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Дәрістік кешен

1-лекция.

Тақырыбы: Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері.

Жоспары:

1. Ғылым және оқу пәні ретіндегі педагогика тарихы пәні, міндеттері және әдістері.

2. Тарихи педагогикалық зерттеулер методологиясы.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, халықтық тәрбие, білім беру, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой-пікір, педагогикалық идея, тарихи- педагогикалық тәсіл, аксиологиялық тәсіл, тарихи-жүйелік тәсілі, ретро- талдау.

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.  Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.  Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді.

Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді.

Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр. Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да, педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында, дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.  Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.

Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тəрбие тəжірибесі бір арнаға келтірілді, одан теория түзу қадамдары жасалды. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.  Барша замандарда адамдардың рухани жəне тəн-дене дамуында шешуші рөл атқарған қуаты мол күшті халық педагогикасы беріп келген. Инабаттылық, еңбектік, тəн-дене тəрбиесі бойынша халық қайталанбас ғажайып өміршең жүйе түзді.  Еуропалық тəрбие жүйесінің бесігі – ежелгі Греция философиясында қалыптасқан. Оның көрнекті өкілі Демокрит (460-370 жж. Б.э.д.)- балалар тəрбиесі бойынша алғашқы нұсқаулар кітабын жазған. Сол уақыттың өзінде ол: «Табиғат жəне тəрбие мегзес. Дəлірек айтсақ, тəрбие адамды қайта жасайды жəне оны өзгерте отырып, болмыс табиғатын түзеді… Жақсы адам болу табиғат ықпалынан гөрі тəрбиеге көбірек тəуелді».  Адам тəрбиесіне жəне тұлға қалыптастыруға байланысты идеялар мен тұжырымдар ежелгі грек ойшылдары Сократ (469-399жж.б.э.д.), Платон (427-347жж. Б.э.д.), Аристотель (384-322жж.б.э.д.), Тертуллиана (160-222жж. Б.э.д) еңбектерінде жарияланған. 

Орта ғасырлар дəуірінде шіркеу ықпалы қатайып, тəрбиені толығымен діни арнаға бұрды. Бұл Еуропада 12 ғасыр бойы үстемдік еткен догматикалық оқу принциптерінің шыңдалуына жол берді. Солай да болса, өз философиялық тұжырымдары мен педагогикаға үлес қосқан шіркеу өкілдері Августин (354-430жж.), Фома Аквинский (1225-1274) есімдері ғылым тарихында сақталған. Бүгінгі күйінде жалпы білім беретін мектепті ойлап отырып, іске қосқан Лойола (1491-1556) жəне оның ізбасарлары.  Қайта өрлеу заманы (эпоха возрождения) аса жарқын ойшыл педагог-гуманистерді ғылым сахнасына келтірді. Олардың қатарында голландиялық Эразм Роттердамский (1466-1536), италияндық Витторино де Фельтре (1378-1446), француздық Франсуа Рабле (1483-1553) жəне Мишель Монтень (1553-1592) өздерінің педагогикалық еңбектерімен əйгілі болды.  Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана XVII ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу. 

2-лекция.

Тақырыбы: Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы

Жоспары:

1. Алғашқы қауымдық құрылыстағы тәрбие сипаты.

2. Құлдық қоғамдағы тәрбие мен мектеп.

3. Феодалдық құрылыстағы тәрбие мәселелері.

Негізгі ұғымдар: тәрбие формасы, тәрбиенің пайда болуы, алғашқы қауымдық қоғам, еңбек іс-әрекеті.

Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болды. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттармен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зот болды.Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді.Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталады деп түсіндірді. Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қол өнеріне үйретілді.Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды.Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жіктелді, ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез- құлық тәрбиесінің құралына айналды.

Тәрбиенің ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.

Адам қоғамы дамуының белгілі сатысында алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды.Солтүстік Африкада Египеттен бастап оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болып, ертедегі мәдениет дамыды.Қытай, Индия, Египет, Кіші Азия жерінде алғашқы мектептер құрылып, онда үстем тптың балалары тәрбиеленді.

Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген егін шаруашылығымен кәсіп етті.Сондықтан бұл елде құлдардың көтерілісін қатал күшпен басатын әскери шыңдалған құл иеленушілер даярлауға көп көңіл бөлінді.Спартада үстем тап балаларына әскери тәрбие берілді.Құл иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие мекемелерінде тәрбиеленді.

Құл иеленушілердің 7 жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды.Қыз балалар семьяда ғана тәрбиеленіп, үй жұмыстарына үйретілді.Ер балалар 7-ден 13-14 жасқа дейін грамматист және кифарист мектептерінде оқыды.

Афинада мектептерді жеке адамдар ашып, балаларды оқытқаны үшін ақы алатын болды.Грамматист мектебінде оқуға, жазуға және санауға үйретті.Кифарист мектебінде музыкаға, ән, тақпақ айтуға жаттықтырды.

Құл иеленушілерден басқа жай халықтың өз балаларын мектепке оқытуға көпнесе мүмкіндігі болмады.Олар балаларын қол өнерге үйретті, кейбіреулері сауатын ашумен ғана қанағаттанды.Ал құлдар тек «сөйлейтін құрал» ретінде бағаланды.

Көрнекті грек философы Платон тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру деп есептеді.Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады.3-тен 6 жасқа дейінгі балалар тәрбиешілердің басқаруымен уақытын ойын алаңдарында өткізуі тиіс деп санады.

Ежелгі Рим педагоктарының ең көрнектісі Марк Фабий Квинтилиан болды.Ол- «шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы.Квинтилиан балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады.Балалар мектепке тәрбиеленуі керек, мұғалім әр балаға ерекше көңіл бөлу қажет деп есептеді.

Феодалдық қоғамда үстемдік етуші сословиелер федолдар мен дін иелері болды.Олар бүкіл жердің және өздеріне бағынышты шаруалардың қожасы саналды.Феодалдық қоғамның негізгі тірегі – дін мекемелері.Орта ғасырда Қытай мен Индияда, Таяу Шығыс пен Европада ересектер мен жастарды оқыту мәселесі діни ұйымдардың қолында болды, білім діни мазмұнында берілді. Барлық халықтарда дін қарапайым адамдарда үстем тапқа бағынуға үгіттеді.

ХІІ –ХІІІ ғасырларда Батыс Европадағы мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыс кеңіді, қалалар пайда болды, қол өнер мен сауда дамыды.Экономикалық даму терең білімнің болуын қажет етті,осыған байланысты университеттер ашылды. ХІІ ғасырда университеттер Италияда, Францияда, Англияда т.б. елдерде, ХІV ғасырда Чехияда кейінірек Польшада ашылды.

Қайта өрлеу дәуірінде сауданың, қаланың дамуымен бірге тоқыма өндірісі өркендеді, капиталистік өндіріс кәсібі дамыды, Буржуазия табы туды.Ғылымның әр саласынан жағалықтар ашылды.

Гуманист педагоктар балаларға дене тәрбиесін, эстетикалық тәрбие, математика,астраномия, миханика,жаратылыс ғылымдарын оқыту арқылы білім беруді талап етті.Бұл дәуірде қол өнершілер мен сауда қызметкерлерінің балалары үшін ашылған қала мектептерінде оқу ана тілінде жүргізілді.ХVІ ғасырда бастауыштан жоғары латын мектептері және орта мектептер ашыла басталды.Бұл мектептердің оқу мерзімі 8-10 жыл болды, оларды тек үстем таптың балалары ғана оқыды.Кейбір діни ұйымдар балаларға жаппай бастауыш діни білім беруді жүзеге асырды.

Қайта өрлеу дәуірінде Англияның сатциал утописі Томас Мор педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды.Басқа Европа елдеріне қарағанда Англияда капитализм тез қарқынмен дамыды.

3-дәріс

Тақырыбы: Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту

Жоспары:

1.Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп

2.Ежелгі Шығыс ежелгі өркениет мемлекеттеріндегі мектеп

3.Ежелгі Египеттегі мектеп пен тәрбие

4.Ертедегі Грециядағы тәрбие жүйесі. 

Негізгі ұғымдар: ежелгі өркениет, э – дубб, Көшпенділер әлемі, еңбек әрекеті, дене жетілуі, әскери дайындық, Антикалық әлем, педагогикалық ой-пікірлер.

Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.   Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.   Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады.

 Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.    Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді. Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.  

 Ертедегі Египетте қолданылған әдістер мен тәсілдер тәрбие мен оқытудың мақсаттары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыға ең алдымен тыңдай білуге үйретті. "Тыңдай білу – адамның ең негізгі қасиеті” қанатты сөзі кеңінен қолданылды.

   Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын "Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды.   Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, "өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды.  Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу. 

Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.   Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады. 

 Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды.

 Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.       Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.  Аристотель (384-322 жж.б.э.д), Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертеден Грецияның ғұлама ғалымы.  Аристотель адамда тәні мен жаны болатындығы, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл-ойтәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың 1 жас ерекшеліктерін ескеріп атқаруды ұсынды.   Марк Фабий Квинтилиан – белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік болды.   Өз мектебінің тәжірибесі және античный дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан "Шешеннің тәрбиесі туралы” алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.     Педагогикалық ой-аікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.

4-дәріс

Тақырыбы: Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту.Орта ғасырда Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Жоспар:

1.Византияда мәдениет пен ағарту дамуының негізгі кезеңдері

2.Орта ғасырда Индиядағы оқыту мен тәрбие.

3.Орта ғасырда Қытайдағы білім беру мен мектеп, мемлекеттік емтихандар жүйесі.

Негізгі ұғымдар: ағарту, Византиядағы ағарту, византиялық ықпал ету, педагогикалық ой-пікірлер.

Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.

Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше роль атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-даншуды жақтап отырды.

   Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке;

   Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды.

5-дәріс

Тақырыбы: Таяу Шығыста ,Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы ( VI-XV ғ.ғ.)

Жоспары:

1. Әлем өркениеттері

2. Ж.Баласағұнның ізігілкті басқару идеясының көздері

3. Ертедегі Шығыс өркениеттерінің ой-пікірлері және педагогикалық идеялардың дамуы

Негізгі ұғымдар: Ренессанс, Орталық-Азиялық Ренессанс, педагогикалық тұжырымдама, ізгілік көзқарастары, тәрбиелік дәстүрлер, ағартушылық іс-әрекет, гуманист-ғалым, педагогикалық ой-пікірлер, педагогикалық көзқарастар жүйесі.

«Басқару - әр алуан ортаның (әлеуметтік, биологиялық, техникалық) белгілі бір құрылымын сақтап, әрекет ету режимін қолдау, олардың мақсат-мұраттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған жүйенің қызметі. Дегенмен, басқару – сан алуан ғасырларды басынан өткізген күрделі үрдіс.

Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізігілкті басқару идеясының танымдық көздерін анықтауға мүмкіндік берді.

Түркі тілінде ең алғаш жарық көрген «Құтты білік» дастанының ерекше құрылымы. Дастанында төрт кейіпкер төрт қасиетті ұғымның - Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат - иесі болып табылады.

Баласағұнның көздеген мақсаты – ізгілікті басқару идеясын негізге ала отырып, ізгілікті қоғам орнату. Құтты білік» дастанында халық қамын ойлау, халыққа қамқорлық жасау билік иелерінің басты міндеті болып келеді.

Батыстық өркениеттегі басқару мәселесінде ізгіліктің құнды қағида екеніне көз жеткіземіз. Мұнда ізгілікті басқару тәрбиесіне ерекше мән берді. Ежелгі грек философы Сократ (б.з.д.469-399ж.ж) рахымшылдық, мейірімділік, білімділік, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола алады, ол ақиқат – шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты десе, Платон мен Аристотель қоғамды тәрбиелеуде ізгілікті басқару идеясын басшылыққа алады. Платон (б.з.д.427-347жж) адамдар теңсіздігінің, әділетсіздіктің себебін қоғамдық өмірді ұйымдастырудан іздеген. Адамзат дамуындағы ізгілікті басқаруды көздейтін негізгі идеяларды жүйелесе болады

Басқару – үздіксіз үрдіс. Ол адамзат дамуының әр кезеңінде жаңа идеяларға, жаңа бағыттарға талаптанып отырады. Бұл идеялар, біздің пікірімізше, ауыз әдебиетінен көрінетін рухани мұралардан басталып, жазба мәдениетіміздің, тіліміздің ең көнесі болып саналатын тарихи мұрамыз − Орхон-Енисей және Талас жазуларында (V-VI ғғ.) ірге тасын қалаған.

Басқару туралы құнды мәселелер, әсіресе, ізгілікті басқару идеясы Орталық Азияда Қайта Өрлеу, яғни Ренессанс дәуірінде қарқынды дамып, Тұран жерінде ерекше құбылысқа айналды (IX –XIII ғғ.). Ренессанс – дегеніміз мәдениеттің жаңарып, жаңғырып отыруы. Ондай дәуірлер Ренессанстық тұлғаларды дүниеге әкеледі. Солардың қатарында әлемнің екінші Ұстазы атанған Әл-Фараби, әйгілі «Шахнаманың» авторы Фирдоуси, медицина негізін қалаушысы Ибн сина, ең алғаш түркі тілінде шығарма жазған Жүсіп Баласағұн, Орталық Азиядағы тұнғыш сөздігінің авторы Махмұд Кашгари, т.б. Игілікті басқару идеясының түрлі қырлары ғұламалардың еңбектерінде жан-жақты ашылады. Ерекше назар аударытыны олардың басқару іс-әрекетін адамгершілік, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланыстыра қарастырағандары. Ғұламалардың құнды ойлары төменгі кестеде жүйеленген.

1-кесте – Шығыс ғұламаларының ізгілікті басқару туралы идеялары

Ғұламалар

Негізгі ой

Тәрбиелік мәні

Ал- Фараби

Әлеуметтік-этикалық трактат: саяси қайраткерлер қала тұрғындарын ізгілікке үйретіп, оларды абзал адамдарға айналдырады;

Азаматтық саясат: бірінші басшы алдамдарды бақытқа апаратын әрекеттерді белгілеуге әрі анықтауға қабілетті;

Қайырымды қала: адамның мүшелерінің мүлде мінсіз болуы; өзіне айтылғанды жете түсінуі және оған айтқанның бәрін өзіне елестетуі қажет;

ел басшысы – елдің ең басты тәрбиешісі;

Фирдоуси

Шахнама: таза өмір сүр, құмартпа тамашаға. Байлық құма, тұрашыл, білімді бол, өз патшаңа барынша сенімді бол

баланы жастайынан ізгі қасиеттерге баулу: білім, әділ, сенім

Ибн Сина

Қоғамға ақылды, жомарт патша қажет

Ақыл і мен жомарттық қасиет тәрбиелеу

Махмуд Кашгари

Диуани-лугат-ат турки: Ұлық болсаң – iзгi бол (халық тәлімінен)

әдептілікке,адамгершілікке шақыру

Орта Азиялық Ренессанс дәуірінің мынадай ерекшеліктерін атауға болады:

- гуманизм мен ізгілік -Ренессанстің негізі ұстанымдары;

  • ізілікті қоғам орнату – дәуірдің мұрат-мақсаты;

  • адамгершіліктің күшеуі, мәдениеттің дамуы, адамды ең жоғары тұлға деп қарастырып, оның еркіндігін, жақсы өмір сүруін насихаттау – заманның құндылығы.

6-лекция

Тақырыбы: Еуропа мен Америка елдері тарихындағы білім беру, мектеп және педагогикалық ой-пікірлер

Жоспары:

1.Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері.

2.XVII - XVIII ғғ. Еуропалық елдердегі ағартушылық. В.Раткенің педагогикалық идеялары

3.Я.А.Коменскийдің педагогикалық ілімі. XVIII ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріндегі педагогикалық ойлар.

Негізгі ұғымдар: білім беру, катехумендер мектебі, кафедралды мектептер, собор мектептері, шіркеу мектептері, еуропалық университеттердегі білім беру, Қайта өрлеу мен Реформация дәуірі, еуропалық ағартушылық, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірлер, педагогика классиктері, білім бері тенденциялары.

Чех педагогы Ян Амос Коменский ХVІ ғасырдың аяғы, ХVІІ ғасырдың басында педагогика ғылымының негізін қабылдады.1592 жылы 28 наурызда дүниеге келген еді. Каменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегі дүние жүзіне танылып, ең алғашқы оқытудың заңдылықтарын принциптерін, сынып – сабақ жүйесінің негізін салған.Сондай-ақ ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінің мәселелері зерттелген Каменский 1641-1654 жылдары аралығында Англияда, Швецияда және Венгрияда болып, мектеп реформасын әзірлеу ісіне қатысып, оқулықтар жазған.Ал 1648 жылы ол өзінің «Чех туыстық» қауымымен құрып оның басшысы болды.Осы жылдары «Әлемді суреттеп бейнелеу».

Жақсы ұйымдастырылған мектептік заңдары, «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» деген еңбектері жарық көрді.Сондай-ақ Венгрия да жүргенде 1654 жылы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Аналар» мектебін ашады.Ал 1650 жылы Венгрияда мектептегі реформа ісіне басшылық жасайды.Каменскийдің шығармалары риалистік және материялистік көзқарасы тұрғысынан қарастырамыз.Дидактиканың принциптерін материал тұрғыдан, ал оқу мен тәрбие жүйелерін құруда, яғни таным проблемасын шешуді екі жақта көзқарастар қарастырылады.Каменскийдің идеясы логикалық, яғни оның негізгі діни сапа, сондай-ақ табиғатты танудан көрінеді.

Каменскийдің көзқарасының жаңа бағыттары қайта өрлеу дәуірінде гуманистік тұрғыдан әсері күшті болды. Яғни адамның бойында ең алдымен адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу керек деп есептеп немесе адамгершілік шеберханасы болу керек деген, ең алдымен адамға оның ақылымен күшіне сену керек дейді. Ақиқатында адам ақылы зор мәнге иелі.Каменскийдің бұл көзқарасы орта ғасырларда адам гуманизімі жайындағы көзқарасы жайлы кері ықпал етті.Ол өз кезегінде білім беру жүйксін, сынға алып, білім алуға қол жетпейтін төменгі тап өкілдеріне, олардың құрылғысын зерттеп келе білім әр адам үшін қол жетерліктей болу керек деп көрсетеді.Ұлы дидактика деген – еңбегінде реалистік позиция педагогиканың өзекті мәселелерін шешуде өмір тілеуіне қоғамның демократиялық топтарына бағына көрсетті.Ең алдымен жас жеткіншектерге тәрбие мен білім беру қажет, ол өмірге пайдалы, қажетті білімді оқудан талап етеді.Адам болу үшін ол білім алу тиіс, білімді адам нағыз адам болу керек.Тәрбие ісі табиғатқа сәйкес жүргізілуі керек, яғни адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарап, оның табиғи қабілеті мен қасиеттерін тәрбиелеуге бағытауы тиіс.Осыған байланысты «Табиғатқа сәйкестік принципін» ұсынады.

Мектептегі оқуының жүйесі. Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4 сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

  1. Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде – «Ана мектебі»

  2. 6-дан 12 жасқа дейіегі балалар үшін әрбір қауымда «Ана тілі» мектебі.

  3. 12-ден 18 жастағы жастар үшін - әрбір қалада латын мектебі.

  4. 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың «жақыннан алысқа», «белгіліден белгісізгі», «нақтылыдан абстрактылыға», «жеңілден ауырға» қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.

7-лекция.

Тақырыбы: Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы

Жоспар:

1.Ежелгі Русьтегі мәдениет пен білім беру

2. XVII ғасырдың соңында Ресейдегі педагогикалық ой-пікірлер.

3. Л.Н.Толстой, Н.И.Пироговтың педагогикалық іс-әрекеттері. К.Д.Ушинский-ғылыми педагогиканың негізін салушы

Негізгі ұғымдар: халықтық білім беру, білім беру мәселелері, білім беру мекемелері, педагогикалық ой-пікірлер, мәдениет, білім беру, тәрбие, оқыту, Екатерина дәуіріндегі педагогика, әйелдерге білім беру, педагогикалық іс-әрекет.

ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде үлкен қоғамдық қозғалыс кезеңі болды. Ол өндіргіш күштердің дамуы мен бұл дамуды тежейтін крепостнойлық қатынастардың арасындағы күннен-күнге өршіп келе жатқан қайшылықтардың негізінде пайда болды.

1853 – 1855 жылдардағы Қырым соғысы Ресейдегі крепостнойлық жағдайдың әлсіздігін айқын ашып берді. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Ресейдегі революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды.

60-жылдардағы орыс мәдениетінің барлық саласында да материалистік идеяның, сыншыл реализмнің, халықтық идеяның дамығандығын байқауға болады. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектеп пен ерте мамандандыруға күрес, жалпы білім беру үшін, азаматты тәрбиелеу үшін, әйелдерге білім беру үшін күрес, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалауға қарсы күрес, баланың жеке басын сыйлау, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету.

Белгілі дәрежеде революцияшыл-демократиялық бағыттан буржуазиялық–либералшыл педагогикалық бағыттың айырмашылығы бар. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі -Н.И.Пирогов.

60-жылдардағы қозғалыстың алғашқы басталған кезінде үкіметтің мектептер туралы жаңа ережелер қабылдауы – орыс жұртшылығының жаңа мектептер ұйымдастырудағы және оқу-тәрбие жұмысының әдістерін жақсартуға бағытталған шаралары еді. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен бұл жылдары бірнеше педагогикалық журналдар пайда болды. Олар тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелерін қызу талқылап отырды. Олардың көбі өз жұмысын реакция жылдарында, яғни 70 – 80 жылдарда тоқтатты.

60-жылдардың бас кезінде кейбір арнаулы журналдар жалпы тәрбие мекемелеріне арналып отырылды. Мәселен, Пигровтың «Өмір мәселелері» атты белгілі мақаласы 1856 жылы «Морской сборник» журналында басылған болатын. Н.И. Пирогов – белгілі орыс ғалымы, атақты хирург, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері, әрі ірі педагог. Пирогов жалпы адамгершілік тәрбиесіне байланысты сословиелік мектепте қарсы бағытталған мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды. Демек, Пирогов мектеп жүйесін бірнеше сатылы болу керек деп есептеді. Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін екі типті 4 жылдық прогимназия, одан кейін тағы да екі типі 3 – 5 жылдық оқу мерзімі бар гимназия.

Н. И. Пирогов өзінің оқу округтары бойынша шығарған нұсқауларына мұғалімдердің ескі, догматикалық оқу тәсілін алып тастап, жаңа әдістерді қолдануға баса назар аударған болатын. Пирогов балалардың ойын, қабілетін дамытуға, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыруға көңіл аударып отырды. Пирогов саналық, көрнекті, оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады. Сонымен қатар кіші жастағы мектеп балаларының музыкамен, ән-күймен және басқа да көркемөнердің түрлерімен шұғылданулары қажет деп есептеді.

Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. Әкесі оқыған офицер дәрежесін 1812 жылғы Отан соғысына қатысты. Өзінің саяси-қоғамдық көзқарастар бойынша Ушинский буржуазиялық демократ, ағартушы болды. К.Д.Ушинский өзінің философиялық дамуында идеализмнен материализмге қарай ойысып отырады, оның ойларында материализм мен идеализмнің элементтері қабаттасып келеді. К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірінің ең негізгі мәні - әрбір елде халықтың мақсат-мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтық идея ұсынды.

К. Д. Ушинскийдің өмірі мен қызметі өз еліне және өз халқына жан-тәнімен шын беріле қызмет етудің тамаша үлгісі болды. Орыс мұғалімнің ұстазы К.Д.Ушинский өзінің педагогикалық жүйесін өз кезіндегі ең озық ғылым дәрежесіне көтерді. Ушинский өз шығармаларында педагогикалық әрі ғылым, әрі тәрбие өнері екенін, тәрбие мақсаты мен тәрбиелеудің халықтығы туралы идеяны және жеке адамды тәрбиелеу теориясын, дидактиканы, мұғалімдерге қойылатын талаптар сияқты педагогиканың күрделі де түбірлі мәселелерін ғылыми негізде шешті, өзінің прогресшіл педагогикалық жүйесін құрды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басынды Ресейде Ушинский теориясы мен жүйесін қолдаушы, ұлы педагогтың жолын ұстаған педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты.

Л.Н.Толстой өзі үстем таптың өкілі бола тұра, шаруалардың мүддесін жоқтады. Бірақ осыған қарсы күресуінің орнына, ол соған көнуге шақырды. Өз шығармаларында Л.Н. Толстойдың сол дәуірдегі қоғамдық тәртіпті сынауын, оның шығармаларын жоғары бағалаумен бірге, Л.И. Ленин оның әлеуметтік көзқарасының утопиялық екенін және мазмұны жағынан реакциялық екенін баса айтты. Толстой халыққа білім беру саласында шұғылданды. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балаларына мектеп ашып, мұғалімдер шақырып, бұл мектепте өзі де сабақ берді.

Кейінірек Л.Н. Толстойдың мектепке көзқарасы мүлде өзгерді, 1874 жылы жазған «Халық ағарту туралы» деген мақаласында халық мектебіне артта қалған шаруалар тұрғысынан қарады

1872 жылы Л. Н. Толстой жазған «Азбука», 1875 жылы «Жаңа азбука» және 4 оқу кітабы басылып шықты. Осы жылдарда ол бастауыш білім берудің методикалық шұғылданды. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л.Н. Толстой балаларды байқағыштыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасаужы көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады.

Л. Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірлеріне бастауыш мектептің оқулығын қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Осы талаптарға сай жазылған «Азбука» және «Оқу кітаптары» ХІХ ғасырдың ІІ жартысында құнды педагогикалық ескерткіш болып саналады.

8-лекция.

Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы

Жоспар:

1.1917-1980 ж.ж. Кеңестік мектеп және педагогика

2. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945жж.) кеңестік мектеп.

3. 1980-1990 жж. кеңестік мектеп және педагогика ғылымының дамуы.

Негізгі ұғымдар: халыққа білім беру, кеңестік мектеп, кеңестік педагогика, еңбек мектебі, жаңашыл-мұғалімдер, ғылыми-педагогикалық зерттеулер, педагогиканың бағыттары, білім беру тұжырымдамалары,жалпы орта білім беру, кәсіптік мектеп, үздіксіз білім беру.

Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік педагогика жаңа қоғамдағы адам тəрбиесі идеяларын өзіндік түсінім жолымен дамыта бастады. Жаңа педагогикаға байланысты шығармашылық ізденістер аймағында белсенділікпен қатысқан белгілі педагог ғалымдар: С.Т.Шацкий (1878-1934), П.П.Блонский (1884-1941), А.П. Пинкевич (1884-1939) болды. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939) балалар ұжымына педагогикалық басшылық, еңбек тəрбиесі, саналы тəртіп қалыптастыру жəне балаларды отбасында тəрбиелеу əдістемелеріне байланысты идеяларды қорытындылап, оларды практикада іске асыру принциптерін ұсынды, əрі өзі оларды тəжірибе тексеруінен өткізді. Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өз зерттеулерін жастарды тəрбиелеудің моральдық проблемаларымен байланыстырды. Оның дидактикалық кеңестері мен нақты да дəл бақылаулары қазіргі педагогикалық ой дамуы жəне қоғамды қайта түзу дəуіріндегі мектеп тағдыры жөніндегі ұсыныстары өз маңызын əлі де сақтауда, сонымен бірге білім сапасын жаңаша түсінуде үлкен жəрдемін тигізіп отыр.  Халыққа білім беру аймағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары белсенді еңбек еткен педагог-ғалымдардың бірі Михаил Алексеевич Данилов (1899-1973). Ол бастауыш мектеп тұжырымдамасын жасап шықты (“Бастауыш білім беру міндеттері мен ерекшеліктері”,1943), (1947 жылы “Адамның ақыл-парасат жəне моральдық дамуында бастауыш мектептің рөлі”) кітабын жазып, мұғалімдерге арналған көптеген жетекші əдістемелік еңбектер жариялады. Олар осы күнге дейін мұғалім қауымының таптырмас құралдарына айналып отыр. 

70-80 жылдары жалпыбілімдік мектеп проблемаларымен академик Л.В.Занковтың ғылыми лабораториясы белсенді айналысты. Бұл мекеменің зерттеулері нəтижесінде кіші, орта жастағы балаларды оқытудың жаңа, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арқау еткен оқу жүйесі пайда болды.  80-жылдардың ақырында бұрынғы Кеңес республикаларында мектепті жаңалау мен қайта құру қозғалысы өріс алды. Бұл қызметтестік педагогикасының туындауынан көрінді. Осы дəуірдегі жаңаланған педагогиканы дамытуға ат салысқан педагог ғалымдар мен бірегей шығармашыл мұғалімдер көптеп таныла бастады. Олардың арасында Ш.А.Амонашвили, Л.С.Соловейчик, В.Ф.Шаталов, Н.П.Гузик, Н.Н.Палтышев, В.А. Караковский жəне басқалар болды.  Бүкіл елге белгілі болған мəскеулік бастауыш мектеп мұғалімі С.Н.Лысынкова “Қалайша жеңіл оқуға болады?” атты кітабын жариялап, онда бастауыш мектеп оқушыларының оқу істерін схема, тірек карточкалар, таблицалар пайдалану арқылы басқару тəсілдерін көрсетіп берді. Сонымен бірге С.Н. Лысынкова “Ілгерілестірілген (опережающее) оқу” əдістемесін жасады.  Бүгінгі кезеңдегі педагогика өзінің диалектикалық, өзгермелі ғылым сипаттарына сай болуымен қарқынды дамуда. Кейінгі он жылдықтарда педагогиканың бірнеше салаларында келелі табыстарға қола жеткізілді, əсіресе мұндай жетістіктер мектептегі оқудың жаңа технологияларын жасауда көрініс берді.  Сапалы оқу бағдарламаларымен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу процесін басқаруда үлкен жəрдемін тигізуде. Соның нəтижесінде оқу барысында аз қуат пен уақыт жұмсап, жоғары нəтижелерге жету мүмкіндіктері пайда болды.  Тəрбиенің жетілген əдістемелерін жасау бағытында да пайдалы өзгерістер көптеп болуда. Ғылыми -өндірістік комплекстер, авторлық мектептер, эксперименталды оқу-тəрбие алаңдары - ұнамды өзгеріс-тер жолындағы елеулі көзге түскен педагогикалық жаңалықтар. Еліміздегі жаңа жəне жаңаланған мектеп оқуы мен тəрбиесі басты назарда тұлға дамуын көзге алып, гуманистік бағытта өрлеп, өрістеуде.  Сонымен, тəрбие тəжірибесі адамзат өркениетінің тереңдегі тарихи сатыларынан бастау алады. Тəрбие жөніндегі ғылым негіздері ежелгі, көне дəуір философиясының арнасында дамыған. Тəрбие, оқу, білім берудің тиімді теориялары мен əдістемелері пайда болғанша, педагогика дамудың ұзақ та қайшылықты жолын басып өтті.

9-лекция.

Тақырыбы: Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой- пікірлердің дамуы( XV-XVIII ғ. Қазақ хандығы).

Жоспары:

1. Қазақстан территориясындағы тәрбие мен қоғамдық дамудың ежелгі көздері.

2. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.).

3. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар).

4. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер.

Негізгі ұғымдар: қоғамдық даму, дәуір, халықты ағарту, жазудың дамуы, ағартушылық іс-әрекет, медресе, діни мектептер, әлеуметтік институт.

1. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөнiндегi сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжiрибесiн, қазақ хандығы құрылған кезеңнен (ХIҮ-ХҮғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи-әлеуметтiк тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткенi кешегi өткен тарих беттерi — Шығыс мәдениетiнiң қайнар көзi болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркi тектес (тiлдес) халықтардың, одан әрi ғұндар мен сақтардың бiр елдi, бiр жердi мекендеп, оны сыртқы жаулардан қорғап, бiр тiлде сөйлеп, бiр дiнге сенiп, әлем мәдениетiнiң қалыптасуына тендесi жоқ үлес қосып, бүгiнгi түркi халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгiнгi ұрпақ өмiр тәжiрибелерiнен көрiп отыр.

Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты.

Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен.

2.Ежелгi түркiлердiң ауызекi поэзия дәстүрi бiзге IX ғасырда ғұмыр кешкен әншi, әрi сазгер небiр тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есiмiн жеткiздi. Ол адамзат өмiрiнiң соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал кұрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзiнiң жанын жегiдей жеген ой-сезiмдерiн қазалы жанның үрейiн, өлiмнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйiмен, поэзиялық көркем тiлмен баяндайды

IX—X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды.

Iзгiлiк, имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi паш еткен Жүсiп Баласағұнидың “Құтты бiлiк”, Ахмет Жүинекидiң “Ақиқат сыйы”, Махмұт Қашқаридiң “Түркi сөздерiнiң түсiндiрмесi”, Қожа Ахмет Яссауидiң “Диуани хикмет” атты еңбектерiнiң ХI-ХII ғ.ғ этикалық-педагогикалық мән-мағынасының зор болғаны, бұл еңбектердiң он ғасыр өтсе де өзiнiң тағылымдық қадiр-қасиетiнiң бiр сәт төмендетпейтiнi сөзсiз.

Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейiн (1731) қазақ жерi кескiлескен шайқастардың, майданның аренасына айналды.

Моңғол шапқыншылығына Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықта (ХIII-ХҮ ғ.ғ.) түркi тiлдерiнде едәуiр жазба мұралар жасалды. Мәселен Р.Хорезмидiң “Махаббатнама” поэмасы, ақын Сайф Сарайдың “Гүлстан” аты дастаны атты еңбектер адалдықты, әдiлдiктi, махаббаты марапаттады.

Дiни медреселерде Шығыс халықтарына ортақ “Чөр кiтаб” атты тәлiмдiк-танымдық педагогикалық туынды дүниеге келдi.

Атақты астроном Ұлықбектiң әлемде тендесi жоқ обсерваториясы ортағасырлық үлкен ғылыми жетiстiк болып саналды.

Алтын Орда мемлекетiнiң кезiнде пайда болған “Бабырнама” (“Бабыр дастаны”), ал Хорезмидiң “Мухаббатнама”, Саиф Сарайдың “Қырық бiр батыр жыры”, “Гулстан бит турки”, Құтыптың “Хусрау Шырын” сияқты туындылары сөзсiз жас ұрпақтарға тәлiм-тәрбиелiк ықпалын тигiздi. Бұл кезеңдердегi тәлiм-тәрбие көрiнiстерi әскери-жауынгерлiк бағытта өрбiдi.

3.Қазақ хандығының құрылуы — ХIҮ-ХҮ-ғасырларда, Алтын Орда мемлекетi мен Ақсақ Темiр империясының өзара бақталастықтарының нәтижесiнде әлсiреп, ыдырай бастаған кезеңдерге тура келедi. Қазақ хандығы — сөзсiз кешегi ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгi түркiлердiң, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлерi болып саналады.

Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-1718 ж.ж.) 250 жылдай тәуелсiз ел болып, дербес өмiр сүрдi. Бiрнеше ауыр қасiреттердi, жойқын соғыстарды басынан кешiрiп, тiптi жер бетiнен жойылып кете жаздады.

Қазақ халқының өзiндiк мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрi қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнiбек, Керей, Асанқайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қасым, Есiм, Хақназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанбердi, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбiлқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды .

XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерiнiң тәлiмдiк идеяларымен Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Бұқар жырау секiлдi дала философтары ерекше көзге түскен едi. Халқының қамын жеп, оның береке-бiрлiгiн, келешектегi бағытын, келер күнiн аңсаған Асанқайғы (XV ғ.) өз отандастарының алдағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кештi.

Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы iргетасының қалана бастауына негiз болған Асанқайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Қазтуған, Шалкиiз, Үмбетей, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн (39).

XV-XVII ғасырларда өмiр сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-дәстүрiн, ой-арманы мен тiлек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткенi, жыраулар толғауларынан халықтың небiр нәзiк сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүйiнiшi, келер ұрпаққа айтар өнегелi өсиетi өзектi орын алған. Яғни, олар халықтың тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұлағатты ұстаздарының рөлiн атқарды.

Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асанқайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де халыққа белсене қызмет етiп, тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.

Тәуке ханның “Жетi Жарғысы”— бүгiнгi Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың} негiзгi iргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезеңдерде дұниеге келген Мұхаммед-Хайдар Дулатидың “Тарихи-и-рашиди”, “Жаханнама”, Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың “Жамиғат тауарих” (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: “Наурыз бәйiтi”, “Нысабнами казах” (“қазақтар шежiресi”) т.б. ұрпақ танымы үшiн аса зор тәлiмдiк мәндi шығармалары едi.

10-лекция

Тақырыбы: Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғасырлардағы білім беру мен педагогика ғылымы

Жоспары:

1.Қазақтың халықтық педагогмкасының даму кезеңдері. ХІХ-ХХ ғасырлардағы педагогиканың ғылым ретінде дамып қалыптасуы

2.Қазақстандағы ХІХ ғасырдағы білім беру бағыттары

3.Қазақстанның Егемендік алғаннан кейінгі білім беру жүйесі

Негізгі ұғымдар: ағартушылық, мұсылман мектептері, кадет корпусы, аралас мектептер, білім беру реформасы, қоғамдық-педагогикалық қозғалыс, педагогикалық көзқарастар, ағартушылық іс-әрекет, педагогикалық кадрлар.

Бірінші дәуір Б.з.д.

Екінші дәуір Б.з.д.

Үшінші дәуір

Төртінші дәуір

Бесінші дәуір

Алтыншы дәуір

Жетінші дәуір

Сегізінші дәуір

Тас, қола заман-дары

VII-III ғ.ғ.б.д. Vғ. дейін

VI-IX ғ.ғ . аралы-ғы

X-XV ғ.ғ. аралы-ғы

XV-XVIII ғ.ғ. аралығы

XVIII ғ.-дан XX ғ.ғ. 20-ж. дейін

1920-1990 ж.ж. аралығы

1991 ж. кейінгі егеменді ел

Алғаш-қы қауым-дық құры -лыс кезін-дегі тәрбие

Сақтар мен ғұндар-дың жауын-герлік тәр-биесі

Ұлы түрік қаға-наты кезін-дегі тәлім-тәрбие

Араб Шығыс мәде-ниеті, орта ғасыр ойшыл-дары-ның тәлім-герлік ой-пікірле-рі

Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие көріністе-рі (жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар)

Қазақстан Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысымен ағартушы-лық-демокра-тиялық бағытта-ғы тәлім-тәрбие

Кеңесті дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыпта-суы

Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы

Қазақтың халықтық педагогмкасының даму кезеңдері

1. ХХ ғасырдың барысында империалистік патшалы Ресейдегі саяси-әлеуметтік жағдайлар шиеленісе түсті. Халықты қанау басым сипат алды. Ел арасында толқулар басталды.

Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы қауымы осы мәселелер төңірегінде саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты. Олар патшалы Ресейдің отаршылық және «орыстандыру» саясатын батыл айыптады, қазақтардың шұрайлы жерлерін қайтарып беру және жастардың білім алуларына жағдай туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.

1937-1938 жылғы жүргізілген Сталиндік жаппай қудалаушылық пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте үлкен қырғынға ұшырады. Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды.

Ұзақ ғасырлардан бері келе жатқан қазақ педагогикасының қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағыттылған туындылар: М.Жұмабаевтың «Педагогика», Ж.Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші», «Психология» атты еңбектері, С.Көбеевтің, М.Әуезовтің т.б. шығармалары жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастырды.

Кеңестік дәуірде педагогика, психология ғылымдар саласында М.Жұмабаевтың, Т.Тәжібаевтың, Ә.Сембаевтың, Е.Суфиевтің, А.Темірбековтің, Қ.Б.Жарықбаевтың, С.Мусиннің т.б. әлденеше монографиялық еңбектері жарық көрді. Педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақстан мектебі» журналы (1925) шығарылып, онда мектеп мұғалімдері мен педагог-ғалымдардың еңбектері үнемі жарық көріп отырды. Педагогикалық, психологиялық оқулықтар ана тілінде де шығарылып, ғылыми терминдері қалыптасты.

Сөйтіп, педагогика және әдістеме ғылымдары жеке ғылым болып шықты. Ал 1930-1970 жж. арасында Қазақстанда педагогика ғылымы қалыптасып, дамуға толық мүмкіндік алды.

2. XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді.

Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.

XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазақстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауыл шаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды.

3. Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халкының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыкққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шыкты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси кағидалардың қыспағынан кұтылды. Сондықтан өтпелі кезеңнің киыншылығына қарамастан, егемендік алған кезден бастап, Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Гимназиялар, лицейлер, жеке жене авторлық мектептер ашылды. Тарих, Ана тілі және 1-5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бүрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.

11-лекция

Тақырыбы: Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде

Жоспары:

1.Педагогика – қазіргі адамтанудың саласы

2.Педагогика пәні, оның негізгі категориялары

3.Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері жөніндегі түсінік

Негізгі ұғымдар: Педагогика, тәрбие, білім беру, педагогикалық үдеріс, педагогика пәні, педагогика ғылымдарының жүйесі, әдіснамалық негіздер, педагогика ғылымдарының әдістері, педагогиканың пәнаралық байланысы

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің "paidagogas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек.

Педагогика нысаны - қозғалыстың мақсатты бағдарланған іс-әрекеттері үрдісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылысын айтамыз.

Педагогика пәні. Білім білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия,әлеуметтану,жантану, экономика және де басқа ғылымдар шұғылданады.

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым реттінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғырыда аталған пәндік сипатымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық және технологиялық міндеттер.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады.

-сипаттау немесе түсіндіру озат әрі жаңашыл педагогикалық тәжірбиені зерттеу

-анықтау педагогикалық құбылыс жағдайтын, педагог пен оқушы іс-әрекетің нәтижелігі немесетиімділігі және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу

-болжау барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткіз және оның негізде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс берді.

-жобалау (проекттеу) –педагогикалық іс-әрекетпен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды( жоспарлау,бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар)жасауға болады.

-жаңалау тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізу,пайдалану.

-ықпал таныту және реттеу-түзетулер енгізу(коррекциялық) ғылыми зерттеу нәтижесінің оқу – тәрбие ісіне болған әеер- ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория ментәжірбиелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу түзетулерді іске асыру.

Білім мәні- әр адамның өте күрделі өзіндік басқару тиімділігін көтеру және оны жоғары моральдық және азаматтық мұрмттары рухында тәрбиелеу.

Педагогика ғылымының негізгі категорияларыны

Оқыту

Білім беру

Тәрбие

Педагогика ғылымының басқа ғылымдариен байланысы

Философия

Психология

Физиология

Социология

Этнография,

археология

12-лекция

Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларға сипаттама және олардың әр түрлі жастағы топтарда көрінуі

Жоспары:

1.«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.

2. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар

3. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық даму, тәрбие, қалыптасу, жеке тұлғаның қалыптасу және даму факторлары, субъект және объект, жас ерекшелігі, жыныстық ерекшеліктері, жастық кезеңдері, даралық ерекшеліктері, педагогикалық қолдау, инклюзивтік білім беру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвиций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).

Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид».Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Даму дегеніміз-төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы-оның бойында болып жатқан өзгерістер.Сондықтан, даму дегеніміз адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен пихиканың дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси қөзқарасты мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал етуші факторлар

Әлеуметтік орта

Биологиялық фактор

Тәрбие

Пайыздық мөлшерін көрсетіңіз (100%)

13-лекция

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет-оқу тәрбие удерісі нәтижелігінің шарты.

Жоспары:

1. Педагогика ғылымының дамуы және мұғалімнің педагогикалық Іс- әрекетіндегі ғылыми зерттеудің ролі.

2. Ғылыми зерттеудің жалпы әдіснамалық әдіснамалық негізі.негізі.

3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің мәні. (ілімдік,эмпирикалық , эксперименттік , математикалық)

5. Зерттеуге жүйелі тәсіл – құбылыстардың жалпы байланысының көрінісі.

Негізгі ұғымдар: тұжырымдама, бағдарлама, әдіснама, үздіксіз білім жүйесі.

«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы біздің ойымызша, ел дамуының әдіснамалық тұжырымдамасы. Ал, бұл өз кезегінде мәртебелі, әдіснамалық мәдениетті жасаушылардан проблемаларды талдауды талап етеді. Осыған орай, бір жағынан алғанда, үздіксіз білім жүйесінің теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдау «Қазақстан-2030» Бағдарламасын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің көкейкесті міндеті болып отыр.

Жалпы білім реформасының басты міндеттерінің бірі -оның ғылыми - әдіснамалық қамтамасыз етілуі болып табылады.

Бағдарламада :

- оқытуды ғылыми зерттеулермен кіріктіру, жер-жердегі жоғары оқу орындарында ғылыми іздестірулерді өрістету;

- жоғары оқу орындарының материалдық – техникалық базасын нығайту, оқыту және ғылыми - зерттеу процестерін одан әрі компьютерлендіру;

- жоғары оқу орындарын және жалпы білім беретін мектептерді оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету;

- оқытушылар ұжымдарының білім сапасы үшін жауапкершілігін арттыру жағдайларын жасау.

Жаңа экономикалық жағдайда жас мамандардың көтеріңкі академилық белсенділігі мен әлеуметтік қорғалатындығын қамтамасыз ету мәселелері негізгі орында. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибелерінде өзін ақтаған жаңа білім түрлерін дамытуда көптеген педагогикалық инновациялық әдістердің ішінде деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы АҚШ- да бастауыш сыныптардан , ал Жапония мен Франция елдерінде ортаңғы және жоғары сыныптарда жүзеге асырылуы .

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту әдісі оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгеруді талап

етеді .Бұл оқыту әдісінде бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады . Деңгейлеп – саралап оқыту әдісі үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарына сай.

Педагогикалық шеберліктің іске асуы байқалатын тәжірибені мақсатты да белсенді түрде пайдалануға байланысты. Шеберліктік ең жоғарғы деңгейіне жетудің жолы жан-жақтылықпен оның құрамына енетін пе,дагогикалық әрекеттердің бір-біріне ауысуымен сипатталады.

Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалімдердің өз білімдерін және жұмыс әдістерін жаңартып отыруы – мамандық заңдылығы.Сондықтан, мұғалім педагогикалық әрекеттерді іске асыру әдістерін меңгеруі тиіс.

Мұғалім өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашылықпен еңбек ететін, педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіретін маман.

14-лекция