- •Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультет Педагогика және психология кафедрасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары
- •Соөж – ның үлгі тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика және психология кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік жоспары
- •«Педагогика» пәні бойынша глоссарий
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары
- •Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика пәнінен реферат тақырыптары
- •«Педагогика» пәнінен емтихан сұрақтары
Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары
Жоспар:
1. «Тұтас педагогикалық процесс» түсінігі.
2. Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері.
3. Педагогикалық процестің кезеңдері.
қызметтері т.б.
Негізгі ұғымдар: процесс,педагогикалық процесс,қозғаушы күштер,педагогикалық көзқарастар.
Педагогикалық процесс – кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, негізгі мақсаты мектеп және әртүрлі оқу орындарының оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту.Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі сипаты-педагог пен оқушының біріккен іс-әрекеті, яғни оны мақсатты түрде оқыту, тәрбиелеу, дамыту.
Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық үдеріс элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек.Педагогикалық үдерістің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық үдеріс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіптік іс-әрекетпен айналысатын адам арнайы білім алумен қатар, мамандыққа сай білім, іскерлік, дағдылармен қарулануы қажет.
Кәсіптік педагогикалық іс-әрекет пен айналысатын адамдар – тәрбиеші мұғалім, оқытушы, педагог деп аталынады. Атаулары әртүрлі болғанымен, мақсаты бір – адам тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Педагогикалық іс-әрекет алғаш ежелгі Грецияда пайда болған (б.э. дейін VI-IV ғ.). Алғашқы мектептерде тек байдың балалары оқыған. Оларды мектепке апаратын, мектепте оқытатын құлдар – педагог деп аталынған. Педагогика – баланы ерту деген мағына береді, яғни педагог – баланы ертіп жүруші, үйретуші деген мағына береді. Кейіннен сөздің мағынасы кеңейіп, ерекше статусқа ие болды, баланы арнайы кәсіптік білім алған адам ғана оқытып, тәрбиелейтін болды. Педагогикалық іс-әрекет тарихи даму кезеңінде көптеген өзгеріске ұшырай отырып, өзінің негізгі мақсатын сақтап қалды-ол келер ұрпақта оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бүгінгі күні педагогикалық жүйеде субъект-субъектілі қарым-қатынас түрі жоғары қойылуда, яғни мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі ынтымақтастық, түсіністік деңгейінде жүргізілуі тиіс. Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып , оқыту –тәрбиелеу процесінің
теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым, заңдар, заңдылықтар
жатады.Оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту –тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Педагогикалық үдерістің заңдылықтары: 1.Оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады. 2.Тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді. 3.Тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігі. 4.Тәрбие мен оқыту – іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады. 5.Педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу. 6.Педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Жеке адам ұжымға тәуелді, ұжымсыз өмір сүруі мүмкін емес. Педагогикалық үдерістің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының өзара байланыс заңдылықтары; А) Оқыту мен тәрбиенің мазмұны қоғамның мақсаттарын және қажеттілігін бейнелейтін міндеттерге байланысты. Ә) Оқыту мен тәрбиенің формалары, оларға ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты. Б) Оқыту мен тәрбиенің әдістері олардың мақсаттарымен анықталады.
Тұтас педагогикалық процесс(ТПП) |
Оқушылар мен мұғалімдердің,тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің келісілген қызмет жүйесінен тұратын ғылыми талаптарға сәйкес құрылған оқу-тәрбие процесі |
ТПП қасиетері
|
ТПП заңдылықтары |
1.ТПП оны құрастырған процестерді өзара күштейді. 2.ТПП оқыту және тәрбие әдістерінің тереңдеуіне мүмкіндік береді. 3.ТПП педагогикалық және оқушылар ұжымының біртұтас жалпы мектеп ұжымына айналуына әкеліп соғады
|
1.ТПП мақсаттары, мазмұны ,міндеттері, қалыптары,және әдістері қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен шарттандырылған. 2.ТПП бұл процесс немесе т.б.өтіп жатқан жағдайға байланысты болатын әдістермен және қалыптармен жүзеге асады |
15-лекция
Тақырыбы: Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі
Жоспар: 1. Тәрбиенің мақсаты тұтас педагогикалық үдерістің жүйе түзуші факторы.
2. Тәрбиенің мақсаты нақты табиғи құбылыс
3. Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру
Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, әлемдік мәдениет, ұлттық мәдениет, жалпыадамзаттық құндылық, ұлттық құндылық, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға.
Тәрбиенің негізгі мақсаты-қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп апектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А. Гельвиций, Д.Дидро, А.Дистерверг, Д.Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк, Н.К. Крупская, П.П.Блонский, А.С. Макаренко т.б.).
Психологияда «жеке тұлға» деген ұғымның әртүрлі түсіндімелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі; жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінезқұлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға-бұл интегративті және жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың «өзегі» бар деп мойындайды.Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы, жауап-кершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
«Даралық» ұғым бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық мен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым – «индивид».Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы-«жекелік».Әрбір адам индивид болып табылады.Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып танылады. Әлеуметтану бағытын жоқтаушылар адам биологиялық тіршілік иесі болып туғанымен, белгілі ортада жетіліп, сол ортаның заңдылықтарына байланысты әлеуметтенеді дейді. Адам неғұрлым ортамен қарым-қатынас жасаған сайын, соғұрлым оның биологиялық негізінің кей жақтары өзгеріске ұшырайды. Адамның ұлт өкілі болу көрсеткіштері де соған байланысты болмақ. Ал, биоәлеуметтік бағыттағылар адамның психикалық процестерді (түйсіну, қабылдау, ойлау, т.б.) биологиялық негізде қалыптасатын болса, оның бағыттылығы, қызығушылығы, қабілеті, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптасатындығын түсіндіреді.
16-лекция
Тақырыбы: Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
Жоспар: 1.Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
2. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың қазіргі мәселелері.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас жиынтығы, әлеуметтік орта, дүниетанымның компоненттері, тұлғаның құндылық бағдары, дүниетанымды қалыптастыру құралдары
Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына ,
адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасы туралы көзқарастар жүйесі. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіледі: білім жүйесі , дүниетаным, сенім, адам мұраты.
Білім обективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетаным дамуының үлкен тірегі.
Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастар бар.
Сенім терең , тиянақты ойланып айтылатын идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез –құлқын сипаттайды.
Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы,талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды,қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады.
Дүниетанымды қалыптастыруда оқытылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек .
Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден , яғни білімінің , ғылымының негіздерін және мінез құлықтың белгілі нормаларын білу , оларды сақтай білуден басталады.
Дүниетанымдық білімді оқушылыр дене ақыл-ойының күшінің дамуына , білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды. Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары , өмір сүріп отырған микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен тәрбиелеу кіреді.
Дүниетанымның психолгиялық құрылымы танымдық эмоцианалдық және еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін оны тек ойластырып қана қоймай , терең сезіну , қоғамдық өмір және іс-әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымның қалыптасуы-күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика мен педагогика тарихы , мектеп тәжірбиесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірбиесі жинақталған.
Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін , сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік –адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.
17-лекция
