- •Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультет Педагогика және психология кафедрасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары
- •Соөж – ның үлгі тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика және психология кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік жоспары
- •«Педагогика» пәні бойынша глоссарий
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары
- •Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика пәнінен реферат тақырыптары
- •«Педагогика» пәнінен емтихан сұрақтары
Педагогика және психология кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Педагогика пәні бойынша
5В010800 «Дене шынықтыру және спорт», 5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу», 5В010600 «Музыкалық білім» мамандықтары үшін
оқыту түрі : күндізгі
курс : 2
семестр : 3 (4)
кредит саны: 3
барлық аудиториялық сағат саны : 135, соның ішінде :
дәрістер : 30
іс – тәжірибелік сабақтар : 15
ӨСӨЖ : 45
СӨЖ : 45
Емтихан : 3 семестр (4семестр)
Талдықорған 2014 ж.
Оқытушы туралы мәлімет
Рысбекова Р.М. п.ғ.к., педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.
Сабақ уақыты: кесте бойынша
Консультация уақыты: сәрсенбі,сағ 15-00, ПжП кафедрасында, 211 ауд
Қатынас телефны: 87016183110, үй тел: 25-65-55, эл. адрес- rm.risbekova@mail.ru
Пәннің пререквизиттері: «Педагогика» оқу пәнін меңгеру үшін студенттер Қазақстан тарихы, психология және адамның дамуы, әлеметтану, сонымен қатар «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» негіздері бойынша білім, біліктілік, дағдыларды игеру қажет.
Пәннің постреквезиттері: Педагогика төмендегі пәндермен өзара байланысты: этнопедагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, оқыту әдістемесі (мамандықтар бойынша).
Пәнге берілген қысқаша сипаттама:
Педагогика болашақ мамандарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу мен білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әртүрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және жүзеге асыруға , оның нәтижесін бағалауға көмектеседі. Соған сәйкес оқыту, білім беру және тәрбиелеудің жаңа технологиясы педагогикалық зерттеу жұмыстарында, зертханаларда пайда болды.
Педагогика курсы төрт бөлімнен тұрады.
Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы бөлімінде педагогика тарихы ғылым ретінде, оның даму жолдары және оған үлес қосқан ұлы педагогтар туралы қарастырылады.
Оқу-пәнің мақсаты, пәні мен міндеттері, әдіснамасы, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері мазмұндалады. Тәрбие мен мектептің ежелгі уақыттан бергі : алғашқы қауымдағы, Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі, Орта ғасыр дәуіріндегі, Таяу Шығыста, Орталық Азиялық Ренессанс және Алтын Орда дәуірінде білім беру, Еуропа мен Америка елдері тарихындағы мектеп және педагогикалық ой-пікірлер, Ресей тарихындағы ағартушылық пен мектептің дамуы, Кеңестің кезеңдегі білім беру жүйесі мен педагогика ғылымы, Қазақстан тарихында мектептің, тәрбие мен педагогикалық ой-пікірлердің дамуы, Қазақстандағы XIX- XXғ. білім беру мен педагогика ғылымы, ғасырлар тоғысындағы білім беру жүйесі толық қарастырылады.
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері бөлімінде педагогика –қазіргі адамтану саласы, ғылым ретінде танылуы, сонымен қатар педагогика пәнінің негізгі категорялары, олардың өзара байланысы мазмұндалады. Педагогика ғылымының әдіснамасы және оның деңгейлері, тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, басқару теориясы, әлеуметтендіру теориясы туралы баяндалады. Жеке тұлғаны дамытуға, қалыптастыруға, тәрбиелеуге әсер ететін факторларғы сипаттама және білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдеріне сипаттама беріледі. Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті, зерттеушілік іс-әрекет әдістері қарастырылады
Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы бөлімінде педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері өзара байланысы мен бірлігі қарастырылып, тәрбиенің мақсаты – тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы ретінде мазмұндалады.
Дүниетанымның құрылымы, әдіснамалық негіздері, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігінің маңызы туралы айтылады. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы, тәрбиенің дәстүрлі түрлері, ұлттық тәрбиелік әлеует, ҚР тәрбие үдерісінің басымды бағыттары туралы, тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі туралы баяндалады. Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары мен атқаратын қызметтері мен құралдары туралы айтылады.
Сыныптың тәрбие жүйесі және оны басқару туралы ұғым, сынып жетекшінің іс-әрекеті, сыныптың тәрбие үдерісін жоспарлау қарастырылады. Сонымен қатар, дидактиканың негізгі категориялары, оқытудың әдіснамалық негізі, мектептегі оқытудағы интерактивті тәсілдері, қазіргі мектептегі электронды оқыту жүйесі, қазіргі мектептегі білім мазмұны туралы қарастырылады. Оқытудың формалары, әдістері мен құралдары, оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу, тұтас педагогикалық үдерістегі танымдық іс-әрекеттін белсендіру және білім берудегі инновациялық үдерістер туралы баяндалады.
Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін басқару бөлімінде басқарудың мәні және оның негізгі қызметтері, басқару қағидалары, мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалау және жоспарлау туралы толық қарастырылып, мектепшілік бақылаудың формалары және әдістері, мектеп жұмысының барлық жоспар түрлерінің орындалуы, негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы баяндалады. ҚР-да 12 жылдық орта білім беру моделіне көшу жағдайындағы білім беруді басқарудың жаңа тәсілдері туралы толық қарастырылады.
Мақсаты: Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
-Болашақ мұғалімдерде педагогикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан негізделген педагогикалық дүниетанымды, педагогикалық категорияларды жете ұғыну біліктілігін қалыптастыру.
-Студенттерді болашақ мұғалімді даярлаудың негізі ретіндегі кәсіби педагогикалық іс-әрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз ету.
-Болашақ мұғалімдерде өзіндік кәсіби іс-әрекетті жүйелі байқау біліктілігін қалыптастыру.
-Болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (ізгілік,педагогикалық ойлау, коммуникативтік дағды,педагогикалық әдеп,толеранттылық және т.б.)дамыту.
-Түйінді құзыреттіліктер жиынтығын (коммуникативтік, ақпараттық және т.б.)қалыптастыру.
-Студенттерге өздігінен білім алу, инновациялық және шығармашылық ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дайындығын дамыту.
Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандартының бітіруші түлек құзыреттілігіне қойылатын талаптатарына сәйкес, студент
- ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы;
- әлем білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар жөнінде;
- 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктері туралы және т.б.түсінуге;
-педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және оның даму тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;
- тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;
-педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;
-мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін және т.б. білуге;
-педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;
- Сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оның әрі қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;
- оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрелерін, формалары мен әдістерін таңдау;
- білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әр түрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну және т.б.біліктіліктерін игеруге;
- ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;
- педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;
- педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субьект-субьектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;
-білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;
-мектепішілік менеджмент және педагогикалық диагностиканы;
- педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қлдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу; кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобиьлі (ұтқыр) болу дағдыларын меңгеруге;
- білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда;
- қазіргі мектептегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет саласында;
- білім беру жүйесін басқару мәселелерінде ;
- кәсіб біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тәсілдерінде құзыретті болуға міндетті.
Қалыптасатын құзіреттіліктер:
коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтикалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;
бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4.0 |
95-100 |
Өтежақсы |
A- |
3.67 |
90-94 |
|
B+ |
3.33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3.0 |
80-84 |
|
B- |
2.67 |
75-79 |
|
C+ |
2.33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2.0 |
65-69 |
|
C- |
1.67 |
60-64 |
|
D+ |
1.33 |
55-59 |
|
D |
1 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтенгісі |
1 |
R1 |
100 |
8 апта |
Кіру рұқсатының рейтенгісінің |
|
R2 |
100 |
15 апта |
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі |
R= (R1 + R2)/2 |
100 |
15 апта |
|
Емтихан |
Е |
100 |
16-19 апта |
|
Қорытынды баға |
І = R*0.6+E*0.4 |
100 |
|
|
Баға қоюдын критерилері (мысалы),
Бақылау түрі |
Максималь дық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы, практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....)ОСӨЖ тапсырмасының орындалуы |
100 15 30 35 20 |
Әр сабақта |
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 30 40 30 |
4 апта |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 30 30 40 |
7 апта |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 20 35 45 |
11 апта |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 30 35 35 |
14 апта |
Аралық бақылау 1: Жазбаша бақылау 1-теориялық сұрақ 2-теориялық сұрақ 3-практикалық тапсырма |
100 30 20 30 |
8 апта
|
Аралық бақылау 2: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15 апта |
