- •Педагогика және психология факультеті Педагогика және психология кафедрасы
- •Педагогика және психология факультет Педагогика және психология кафедрасы
- •3 Кредит (135 сағат)
- •Пәннің мазмұны
- •Семинар сабақтарының үлгі тақырыптары
- •Соөж – ның үлгі тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика және психология кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Осөж күнтізбелік жоспары
- •«Педагогика» пәні бойынша глоссарий
- •Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Дәрістік кешен
- •Тұтас педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымы,оның заңдары мен заңдылықтары
- •Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
- •Тақырыбы: Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу.
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Педагогика пәнінен реферат тақырыптары
- •«Педагогика» пәнінен емтихан сұрақтары
Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
Жоспар: 1.Тәрбиенің мақсаты мен мазмұны жайлы ұғым. 2.Тәрбие процесінің мәні. Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мазмұны, тәрбиенің түрлері, тәрбиелік үдеріс, ұлттық тәрбиелік идеал, әлеуметтендіру, әлеуметтенудің түрлері, өзін-өзі дамыту Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының бір тұтатығы деп түсіну керек. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірімен басланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімменқаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет.
Мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттігі туды. Солардың бастыларының бірі, мұғалім мен оқушы, мектепбасшылары мен педагог арасындағы қарым – қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл – ой тәрбиесі, құлақ тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б. Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін - өзі дамытып, барлық іскерлігі мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әр қашанда дайын болу қажет.
«Ұлттық тәрбие» терминін енгізу педагогика ғылымында әлі өз шешімін таба қойған жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында енгізілуі тиіс. Өйткені, этнопедагогика – ұлттық тәлім-тәрбиені жинақтайтын, оны қорытындылап жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
«Адамгершілік» термии сөзі өзінің бастапқы «адамдық» сөзінен алынады. Латынша адамдық сөзі /moralis/– мораль. «Адамдық» – бұл, өзінің күнделікті іс- әрекетінде, өзінің мінез- құлқымен адамдармен қарым- қатынасқа түскенде қолданылатын өлшем. Адамдық қасиет мәңгілік емес және өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қалыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды»
Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілелеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті
Экономикалық тәрбие - Тәрбиеленушілердің шаруашылықты оңтайлы жүргізудің, өндірісті ұйымдастырудың, байлықтарды дұрыс бөлудің және тұтынудың табиғатына, принциптері мен ережелеріне сәйкес білімдерін, біліктерін және дағдыларын, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және ойлау стилін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің мақсатты ықпалдасуы.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері.
Ақыл-ой тәрбиесі – оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, отбасы, көше, ресми емес топтар т.с.с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта – ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы.
18-лекция
Тақырыбы: Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі
Жоспары: 1. ТПҮ қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік
2. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.
3. Тәрбие әдістерін қолданудың педагогикалық шарттары.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық үдерістің қозғаушы тетіктері, құралдар, формалар, әдістер, тәрбие технологиясы, тәрбие әдістерін жіктеу, оқушының тәрбиелігінің диагностикасы.
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.
Сананы қалыптастыру əдістері
Тəрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тəрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет əрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мəн-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған əдістер тұлға санасын қалыптастыру əдістері атамасын алған
Этикалық тақырыптағы əңгіме – инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен əсерлі баяндау əдісі.
Əдептілік əңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:
- əңгіме оқушылардың əлеуметтік тəжірибесіне сəйкес болу қажет. Ол – қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;
- əңгіме көрнекілік əдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), əңгіме мазмұнын қабылдауға əн-күй үлкен жəрдем береді.
- əдептілік əңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.
Ұғындыру – тəрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау əдісі.
Əдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері – тəрбиеші жəне тəрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы. Сұхбаттың əңгімелеу мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тəрбиеші өз сұхбаттасы – тəрбиеленушінің пікірін тыңдайды жəне онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық теңдігі жəне қызметтестік принциптері негізінде түзетеді. Əдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық-имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты – ізгілік ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау жəне бекіту, адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.
Үлгі-өнеге - өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді.
Іс-əрекетті ұйымдастыру əдістері
Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған əдісі – жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, əрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын əңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тəрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді əрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мəні – талап етілген əрекеттерді көп мəрте қайталаумен автоматты орындалу дəрежесіне жеткізу. Жаттығулар нəтижесі – тұлғаның бекіген сапалары: əдеттер мен дағдылар.
Ынталандыру əдістері
Тəрбиеленушіні белгілі іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында ынталандырудың орны өз алдына. Бұл əдістің ежелден-ақ мадақтау мен жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы.
Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.
Жарыс, бəсеке. Көп бала топтала қалса, сол бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына аса тəн құбылыс – бəсекелестік. Төңірегіндегілер арасында өз беделін танытып, оны бекіту – əр адамның тума қажеті. Ал бұл қажеттілікті іске асыру басқалармен жарысуды керек етеді. Жарыс нəтижесі баланың ұжымдағы беделін ұзақ уақытқа айқындап, бекітеді.
Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұрғысынан айыбын мойындау сезімін ояту мақсатында қолданылатын педагогикалық ықпал əдісі. Басқа тəрбие əдістері секілді жазалау да қылық-əрекеттердің сырттай себептерінің тұлғалық ішкі ықылас-ниеттерге ауысуына негізделген. Мектеп тəжірибесінде жазалаудың келесідей түрлері қолданылуда; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей құқықтардан айыру не шектеу; 3) моральдық сөгіс, не айып тағу. Тəрбие барысында жазалаудың келесі формалары қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс жариялау, алдын ала сақтандыру, айыпқа сай талап қою.
19-лекция
Тақырыбы: Балалар ұжымы – тәрбиенің объектісі және субъектісі
Жоспары:
1.«Балалар ұжымы» түсінігі. Ұжым теориясының қалыптасуы. Ұжымның белгілері.
2. Балалар ұжымының типтері және құрылымы. Балалар ұжымының даму кезеңдері.
3.«Еркін іс-әрекетті» топтар және «формалды емес бірлестіктер».
Негізгі ұғымдыр: балалар ұжымы, балалар ұжымын қалыптастырудың қызметтері, заңдары мен кезеңдері, қарым – қатынас мәдениеті, балалар ұжымыныңмониторингі. Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. "Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін". Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты.
Латынның "коллективус" деген сөзі "жиын", "ұжым", "топ" дегенді білдіреді. Осыдан коллектив, яғни ұжым - бұл адамдар тобы. Бірінші: кез-келген адамдар тобы ұжым болып табылады; екінші: жоғары ұйымдасқан топ қана ұжым болып есептеледі. "Ұжым" педагогикалық әдебиеттерде тәрбиеленушілер (оқушылар) бірлестігі деп түсіндіріледі. Ал мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
/. Жалпы әлеуметтікмәнді мақсат. Мәселенің бәрі мақсат мазмүнымен, оның бағытында. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни өкімет за-дарына, конституцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.
2. Жалпы бірлікті іс-әрекет. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекетұүйымдастыру қажет. Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Бұл үшінұүжымның әрбір мүшесі біріккен іс-әрекетке белсенді қатысуы керек және жалпы іс-әрекет үйымдастыруы шарт. Үжым мүшелерін ерекшелейтін белгі — олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
3. Кері жауапты тәуелділік қатынастары -ұжым мүшелері арасында өзіндік ерекше қарым-қатынас. Бүл олардың іс-әрекеттері мен мақсаггарының бірлігінде ғана емес, ортақ толғаныстары мен бағалы өзара талқылау-ларывда да көрінеді.
4. Жалпы таңдалған басқарушы орган. Ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Оқушылар ұжымы - бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндетгерімен, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.
А. С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс -ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік, перспективаылық, бірлікті
Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді.
Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, үжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мүндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
1) Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комплексті) пайдалану;
2) Күнделікті өмірде үжым мүшелерінің бір-біріне үнемі және жан-жақты көмегі;
3) Үжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;
4) Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
5) Ұжыммен жүмыс істейтін барлық үйымдардың талпыныстарын біріктіру.
20-лекция
Тақырыбы: Сынып жетекшісі-сыныптың тәрбиелік жүйесін ұйымдастырушы
Жоспары: 1. Тәрбие жүйесінің түсінігі.
2. Сынып жетекшісі қызметіндегі диагностикалау және шолу жасау.
3. Тәрбие процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану
Негізгі ұғымдар: тәрбиелік жүйе, моделдеу, сынып жетекшісі, сынып жетекшісінің қызметтері, өзара әрекеттестік, оқушы тұлғасы мен сынып ұжымының диагностикасы.
Мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өспірімді алғашқы қоңырау сыңғырымен бірге күлімдеп алғашқы ұстазы қарсы алады. Алғашқы ұстаздың мейірімді немесе қатқылдау жүзі бала қиялында өмір бойы сақталып қалады. Нақ осы тұңғыш ұстаз шәкірттің ең бірінші сынып жетекшісі. Бұдан әрі жас баланың мінез – құлқының дұрыс қалыптасып, таным – түсінігінің кеңеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей қатысты. Жас шыбықты қисық отырғызсаң – қисық, түзу отырғызсаң – түзу өсетіні сияқты, сынып жетекшісінің қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара – пар.
« Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шәкіртіне қарап – ұстазын таны» деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспейміз. Яғни, бала тәрбиесіндегі, әсіресе әрбір сынып оқушысын жан – жақты біліктілікке дағдыландырудағы басты тұлға – сынып жетекшісі.
Сонымен, сынып жетекшісін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, оны отбасы, ошақ қасынан кейінгі екінші ата-ана деуге де болады. Өйткені, әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әрбір оқушының мінез – құлқындағы ерекшелікті, жан дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттеп, білмейтін сынып жетекшісі – ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттің тілін тауып, оның ішкі балалық жан – дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады. Бастауыш сыныпта білім негізі дұрыс қаланса, онда оқушының сынып жетекшісінің жақсы болғаны.
Бала жоғары сыныптарға өткен кезде оның сынып жетекшісі де ауысып отырады. Осы кезде өте жақсы оқып келген оқушының мінез – құлқы да , сабаққа зейіні де өзгереді. Өйткені, сынып жетекшісі, сабақ беретін ұстазы да өзгеріп, оқушы мен мұғалім арасындағы жаңа қарым –қатынас қалыптасады. Жаңа сынып жетекшісі өз оқушысының қыр – сырын нақ осы кезеңде жетік білуі керек.
Өкінішке орай, кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан яғни өз шәкіртінің мінез-құлқындағы ерекшеліктер мен оның зейін, қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады. Оған әрбәр пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып, оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлатады да, « тәрбиесі қиын оқушылар» қатары көбейеді. Ал «қиын» оқушының тәрбиесіне ең алдымен « сынып жетекшісі» жауапты.
Себебі, әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі. Сынып жетекшісін мектеп директоры беделді педагогтар арасынан бұйрықпен тағайындайды. Сонымен, сынып жетекшісі пән мұғалімдері және ата-аналармен, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланыста болады.
Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп,біліп, шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл – кеңес беріп, оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісінің ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады.
21-лекция
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері
Жоспары: 1. Отбасындағы бала тәрбиесі.
2.Отбасындағы педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі компоненті.
3.Отбасындағы педагогикалық процестің негізігі сипаттамасы, және зерттеу әдістері.
Негізгі ұғымдар: отбасы, тәрбие, мақсат, нәтиже, тән, дене, рух, азаматтық мәдениет.
Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында, ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процесінің жалпы атамасы әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамдардың тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы 1 жағынан – тіршілік қорғаушы болса, 2-ші жағынан – тәрбиелік орта зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы – бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдарда еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы – бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыған педагогтар нақты да дәлел тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасуы нәтижелігі ең алдымен отбасыға тәуелді.
Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді. Жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан “Азамат қалыптастыратын десең, бесігіңді түзе” –деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі.
Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға таратуға болады.
Көптеген еңбеккер отбасының экономикалық жағдайының әлсіздігі.
Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі
Отбасы анасы-әйел мойына артылған екіталай-жұмыс орнында, жанұяда-ауыртпалық.
Көптеген әлеуметтік-тұрмыстың және моральдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі – зайыптылардың ажырасуы.
Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белеу алуы.
Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, даудамай.
Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстардың күннен күнге әлсіреуі.
Ұзаққа созылған өз тарихы бар отбасы балаларды төрбиелеу жолында орасан көп бақылаулар нәтижесін жинақтап, қорытты. Осы қорытулар негізінде аса маңызды тұжырымдар жасалып, олар отбасындағы балаларды тәрбиелеудің жалпы заңдылықтары ретінде белгілі жүйелерге орай топтастырылды. Дегенмен олардың бәрі ғылыми зандылық байланыс белгілеріне ие болмаса да, өз дәрежесі бойынша алғашқы тұрмыстық деректі пайымдар мен қарапайым көзқарас пікірлерден жоғары келеді. Олардың бәрінің төркін мәні-ата-аналарға кеңес,отбасылық тәрбие ережелер.
Отбасы тәрбиесінің тиімділігін көтеруге кедергі болар жәйттер қандай?
Біріншіден, нәсілдік. Егер ата-аналардың өздері балалық шағында қандай да жүйке, тәндік, сана-сезімдік проблемаларға кезіккен болса, олардың өз ұрпақтарында да қайталанатынына дайын болып, тумадан көрінетін дерттердің алдын алғаны жөн. Екіншіден, өзгеріске түсіп, үздіксіз күрделеніп баратын балалардың болмыс, тұрмыс жағдайлары, әлбетте, мұндай жәйттердің жүз беруі, бермеуі әрі соларға байланысты проблемалардың туындауы ата-аналардың өздеріне тәуелді. Үшіншіден, күннен-күнге төмендеп бара жатқан отбасылық тәрбие мәдениеті. Әрине, бұл тұрғыдан ата-аналардың жетімсіз педагогикалық мәдениетін ғана кінәләп қоймай, халықтық тәлім-тәрбие үрдістерінен алшақтап бара жатқанымызды, барша қоғамдағы тәрбие салт-дәстүрлерінің келеңсіз бағытта белең алып жатқанын ескеріп барған жөн.
22-лекция
Тақырыбы:Тұтас педагогикалық үрдіс құрылымындағы оқыту Жоспары: 1.Оқыту - тұтас педагогикалық үрдіс құрамды бөлігі. 2. Оқыту үрдісінің білімділік, тәрбиелік, дамытушылық қызметінің бірлігі. 3. Оқушылардың танымдық қызметінің кезеңдері. 4. Қазіргі мектептегі "инновациялық оқытуды" ұйымдастыру.
Негізіг ұғымдар: оқыту процесі, оқытудың мәні, оқытудың функциялары.
Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері бар.
Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады.
Оқыту-таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп ,арта түседі.
Оқытудың міндеті-оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние танудпа бұрын ғылымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен , оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жәйлі ақпарат алады.
Оқыту –даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организімнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту прцесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі, оқытудағы субъект екенін дәлелдейді.
Оқушының жалпы психикалық дамуы-мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде ұолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені , оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса , оқу-баланың зөіндік танымдық , практикалық әрекеті. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған , педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен , арнайы жазылған оқу –құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Оқыту –күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру , тәрбиелеу, ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнәсі , жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Осы негізде
оқыту процесінің бірінші қызметі-оқушыларға білім беру.
Білім беру ,біріншіден, ғылым негіздеріне сай рқушыларды нақті фактілермен , қағида және түсініктермен , заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе , екіншіден солардың негізінде , айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми түсініктерін қалыптастыру.
Екінші қызметі- тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып , жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.
Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ой дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:
1.Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);
2. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы, оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру);
3. Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті);
4. Оқыту әдістері;
5. Оқытудың техникалық құралдары: дидактикалық және техникалық құралдар;
6. Оқытудың нәтижелері.
Оқыту процесінің компоненттері:
-мақсаттылық;
-мазмұндылық;
-іс-әрекеттілік;
-бақылау және жүйеге келтіру;
23-лекция.
Тақырыбы: Қазіргі мектептердегі білім мазмұны
Жоспары:
1.Білім беру мазмұны туралы ұғым.
2. Білім беру мазмұнының компоненттері.
3.Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттарға сипаттама
Негізгі ұғымдар: білім мазмұны, кәсіптік оқытудың білім мазмұнының негіздері, пәнаралық байланыс, функционалды сауаттылық, ұосымша білім беру, нормативті құжаттар.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген . Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
24-лекция
Тақырыбы: Оқыту формалары, әдістері мен құралдары
Жоспары:
1. Оқыту формалары мен әдістері, құралдары туралы түсінік, олардың өзара байланысы.
2.Мектеп тарихында оқытудың сынып-сабақтық жүйесін дамыту.
3.Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі мен міндеттері
4.Оқыту әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.
Негізгі ұғымдар: оқытудың формалары, сабақ және сабақтан тыс формалар, оқытуды ұйымдастырудың фронтальды, топтық, дербес формалары, өзара оқыту, сабақ, сабақты талдау және өзіндік талдау, оқыту әдістері, тәсілдері, әдістемелік тәсілдер, оқыту әдістерін жіктеу, инновациялық, интербелсенді оқыту әдістері.
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы тусінік. Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын.
Жаңа дәуірде Англияда оқытудың "белл-ланкастер" жүйесі тарады. "Сатылы" немесе "өзара оқыту" түрінің ерекшелігі: бір оқу жылыңда жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200-300 немесе 600-ден астам оқушыны мұғалім сатылап оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларға өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.
Америка Құрама Штаттарында XX ғ. басында "дальтон-жоспар" оқу формасы түңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мүғалімнің басшылық релі төмен болды.
Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бригадалық-зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3-4 топқа бөлінді. Әр топты басқаратын бригадирлер (жақсы оқитындары және ұйымдастыруға қабілетті балалар) белгіленді. Бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мүғалімге бригада атынан жауап берді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы койылды. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарды.
Оқытудың кең таралған сынып - сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.
1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
2. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту.
4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негіздеу.
5. Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап, аяқтау.
6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқаңда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жүмыс істейді.
Оқыту процесі-білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана-сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері бар.
Оқыту-мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп жаңарады.
Оқыту-таным процесі. Танымдық ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп ,арта түседі.
Оқытудың міндеті-оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние танудпа бұрын ғылымда белгілі болған , зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен , оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жәйлі ақпарат алады.
Оқыту –даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организімнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Оқыту прцесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес , оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі, оқытудағы субъект екенін дәлелдейді.
Оқушының жалпы психикалық дамуы-мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқушының ойлау қабілетінің дамуына оқу процесінде ұолайлы жағдай туады. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар.
Оқыту - екі жақты процесс. Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені , оқыту-мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса , оқу-баланың зөіндік танымдық , практикалық әрекеті. Оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған , педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен , арнайы жазылған оқу –құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
Оқыту –күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру , тәрбиелеу, ақыл-ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнәсі , жеке тұлғаға біртұтас ықпал жасауды көздейді. Осы негізде
оқыту процесінің бірінші қызметі-оқушыларға білім беру.
Білім беру ,біріншіден, ғылым негіздеріне сай рқушыларды нақті фактілермен , қағида және түсініктермен , заңдылықтармен қаруландыруды қамтамасыз етсе , екіншіден солардың негізінде , айналасындағы әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми түсініктерін қалыптастыру.
Екінші қызметі- тәрбиелеу. Оқыту барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып , жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту.
25-лекция
