Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция МП каз01.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:

1.БҰҰның құрылу тарихы, мақсаттары мен қағидалары

2.БҰҰның негізгі органдары мен олардың қызметтері

3.Қазақстанның БҰҰ БА сессиясы мен негізгі комитеттерінің жұмыстарына қатысуы.

4.Қазақстанның БҰҰ мамандандыырылған мекемелерімен ынтымақтастығы.

5.БҰҰ реформалау мәселелері

Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылу тарихы , мақсаттары мен қағидалары .

“Біз одан да маңызды шешімді ешқашан қабылдамаймыз ” – деген сөздермен БҰҰ Жарлығын жасау бойынша Сан- Франциско конференциясының төрағасы соңғы жиналысты жапты. Ол рас болды. Соғыстан кейінгі тарихта 54 жыл бұрын 25 маусым 1945 жыл қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарлығы сияқты терең мағыналы , ерекше ұжымдық халықаралық құжат жоқ.

БҰҰ Жарлығын жасау бойынша конференция теңіз маңындағы американ Сан – Франциско қаласында өтті. Онда фашистік Германия мен милитаристік Жапонияға соғыс жариялаған 50 мемлекет өкілдері жиналды және Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойды. Кейін оларға Польша қосылды . Бұл мемлекеттер – БҰҰ алғашқы мүшелері.

Жалпы әлемдік бейбітшілікті сақтауда мақсат етіп тұтатын халықаралық ұйымның Жарғысы төңірегінде 850-ден аса делегаттар белсенді жұмыс істеді. Конференцияның түрлі комитеттері 400-ге жуық отырыстар өткізіп, бұл отырыстарда Жарғының әр сөзі , әр сөйлемі бірнеше рет қарастырылып , талқыланып отырған. Әрине , кейбір мәселелер бойынша үлкен келіспеушіліктер болып отырды. Бейбітшілік құру мақсаты тиімді халықаралық ұйым құруға құштарлық түсініспеушілік пен келіспеушіліктердің бас тартуына әкелді.

25 маусым 1945 жыл конференцияның делегаттары соңғы рет Сан – Франциско опера театрының залында пленарлы отырысқа жиналды. Конференция төрағасы делегаттарға БҰҰ Жарғысының жобасын ұсынды . Бұл әлемдік оқиғаның тарихи маңыздылығына байланысты ол әдеттегі қол көтеру арқылы дауыс беру әдісінен шегінуді ұсынды. Дауыс беру ерекше әдіспен жұргізілді. Төраға бұл жобамен келісетіндердің барлығын орнынан тұруды сұрады. Оған жауап ретінде барлық делегаттар тұрды. Барлығы тұрды-қызмет көрсетуші персонал да,радио,ақпарат өкілдері де , 3 мыңға жуық қонақтар да.

Келесі күні Сан – Францискодағы соғыс ардагерлері Үйінде Жарғыға қол қойды. Барлығы 153 қол жиналды.

24 қазан 1945 ж. ратификациядан кейін және ірі бес держава – КСРО , АҚШ , Англия , Франция мен Қытайға сақтауға ратификациялық грамоталар тапсырылып , басқа мүше мемлекеттер парламенттерінің келісім беруінен кейін БҰҰ Жарғысы күшіне енді. БҰҰ құрылып , осыдан оның бұл күрделі әлемдегі қиын жолы басталды. 24 қазан тарихқа еніп , “БҰҰ күні” деп жыл сайын мерекеленіп отырады.

БҰҰ құрылуына 1 қаңтар 1942 ж. 26 мемлекеттің Вашингтон декларациясы , 30 қазан 1943 ж. КСРО , АҚШ және Ұлыбритания Сыртқы істер министрлерінің жалпы қауіпсіздік туралы Москва декларациясы алғы шарты болды. Қауіпсіздік туралы декларацияда қауіпсіздіктің универсалды халықаралық ұйымын құру шешімі болған. 1 желтоқсан 1943 ж. бұл шешім одан да жоғары деңгейде бекітілді : үш одақтық мемлкет- Ұлыбритания , АҚШ ,КСРО басшыларының Тегеран конференциясында.

21 тамыз 1944 жылы Думбартон-Оксте (Вашингтонның маңайы) КСРО , АҚШ өкілдерінің конференциясы шақырылды. Конференция Жарлықтың жобасын дайындады. Кейін оны Қытай да қолдады.

Крым конференциясында үш мемлекет басшылары 1945 ж. сәуірде Сан-Франциско конференциясын шақыруға келісті, онда Ұйымның Жарғысын дайындауды аяқтау керек еді. АҚШ пен Англия Сан –Францискода КСРО-ның Украина мен Белоруссия БҰҰ мүше-құрылтайшылары болуы туралы ұсынысын қолдауға міндеттенді.

Сонымен, БҰҰ құру туралы нақты ойлар мен шешімдер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде , әлемде жаңа тәртіпті орнату , гитлерлік Германия мен оның одақтастарының жеңілуі байқалған жағдайда пайда болды.

Сол кезде әбден мұндай қантөгіс соғыстардан шаршаған мұндай аяусыз дүниежүзілік соғысты басынан өткізген халықтар енді дүниежүзілік соғыстың болмауына кепілдік іздей бастады. Адамдардың мүдделері мен мақсаттары әр халыққа қалай тұрғысы келетінін , солай тұруға құқық беруге бағытталды. Әлем халықтар арасындағы қатынастарда жаңа кезең орнауына және бұл қатынастар мемлекеттердің бейбіт жолмен ынтымақтасу принциптеріне негізделіп отыратындығына сенді және оны күтті.

БҰҰ құрылуы бейбітшілік сүйгіш күштердің соғысқа қарсы , халықтар арасында достық қарым-қатынастардың дамуы үшін күресте маңызды қолдау болды. Ұйым жалпы әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге , экономикалық және әлеуметтік прогресті ынталандыру үшін халықаралық ынтымақтастық органы ретінде ойластырылып құрылған болатын. Бұл , әрине ,фашистік агрессияға төтеп алмаған ұлттар Лигасының тәжірибесі емес , ол гитлерлік Германияны сәтті талқандап тастаған ұлы антигитлер коалициясының тәжірибесі. Лиганың ең үлкен кемшілігі –бейбітшілікті бұзуға қарсы , агрессия актілеріне қарсы тиімді және шешуші шараларды қолданбауы , оның тіпті агрессияны тоқтатуға және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге істі механизмі де болмады.

Әлем сенімі БҰҰ Жарғысында қамтылды. Жарғы Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің саяси-құқықтық негізі болды. Оны жасау үстінде бейбітшілік сүйгіш күштер барлық елдер теңдігі мәселесі болмасын , бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселесі болмасын , принципиалды жаңа қойылымына қол жеткізді. Соның арқасында БҰҰ халықтар прогресі мен әлемнің нақты құралына айналды.

Жарғының 1-ші бабында былай делінген: “Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі мақсаттарды көздейді:

БҰҰ жарғысы преамбуладан және 11 баптан құралған 19 тараудан тұрады. БҰҰ жарғысы өзге халықаралық құжаттармен салыстырғанда келесі сөздермен басталады: “Біз , Біріккен Ұлттар халықтары , ұрпақтарымызды соғыс қасіретінен сақтауға ынтық бола отырып …” ”.

БҰҰ Жарғысының ерекшелігі БҰҰ негізгі органдары өздерінің тәжірибесі кезінде Жарғының жағдайларын түсіндіре алып, өз қызметтерінің барысына қарай түсіндіруінде. Егер мемлекеттердің БҰҰ Жарғысы бойынша міндеттері басқа халықаралық келісім бойынша міндеттердің күші басымырақ болады. Осылай БҰҰ Жарғысы прогрессивті дамудың негізі болып келеді. Бірінші бабында көрсетілген мақсаттары :

  1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету…

  2. Халықтар теңдігі мен өзі өмірін өзі шешу принциптерін сыйлау негізінде ұлттар арасында достық қатынастарды дамыту…

  3. Экономикалық, әлеуметтік , мәдени және гуманитарлы сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру….

  4. Бұл мақсаттарға жетуде ұлттар істерін үйлестіру үшін орталық болу

2 бапта былай делінген : “1 бапта көзделген мақсаттарға жету үшін Ұйым және оның Мүшелері келесі Қағидаларға сәйкес жұмыс жасауы керек :

  1. Ұйым барлық оның Мүшелерінің егеменді теңдігінің қағидасына негізделген;

  2. Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері бұл жарғы бойынша қабылдаған барлық міндеттерді адал орындайды.

  3. Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өз халықаралық таластарын халықаралық бейбітшілік , қауіпсіздік пен әділеттілікке қауіп төндірмейтіндей , бейбіт құралдармен шешеді.

  4. Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өз халықаралық қатынастарында күшпен қауіп-қатер төндіруден немесе оны басқа елдің территориялық қол сұғылмауына немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы қолданудан тартынады.

  5. Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері оған бұл Жарғыға сәйкес істейтін барлық шараларына мейлінше көмек көрсетеді…

  6. Оның Мүшесі болмайтын елдерді Ұйым осы қағидаларға сай қызмет істеуін қамтамасыз етеді , өйткені ол халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті болуы мүмкін.

  7. Бұл Жарғы Біріккен Ұлттар Ұйымына елдердің ішкі құзыретіне жататын мәселелерге араласуға құқық бермейді….”

Сонымен , БҰҰ Жарлығында тең құқылық , прогресс пен еркінділік идеялары кеңінен халықаралық - құқықтық тану алып , бекітілді.

Ол , әрине , бейбітшілік пен демократия күштерінің ірі саяси жетістігі болды.Сондықтан БҰҰ Жарлығы қазіргі кезең халықаралық құжаттарының ең әйгілісі болып келеді. Ең жақсы тексеру- ол уақыттың тексеруі. БҰҰ Жарлығы уақыт сынауынан өтті.

Шын мәнінде , БҰҰ иек Жарлықпен қатаң сәйкес жұмыс істегенде ғана өз қызметінде оң нәтижеге жетіп , бейбітшіліктің нығаюын қамтамасыз еткен және халықтарға қандай да пайда әкеліп отырды. Және керісінше, бұл Жарғы бұзылған кезде , оның дұрыс қызмет жасауын қиындатып , БҰҰ сәтсіздік пен әрекетсіздікке ұшырап отырған, ол өз міндеттерін дұрыс орындай алмаған.

Сан – Франциско конференциясының соңғы отырысында сол кездегі АҚШ президенті болған Трумэн былай деп айтты : “Егер біз Жарлықты пайдалана алмасақ , онда біз бұл Жарлықты пайдалана алмасақ , онда біз бұл Жарлықты талқылап , қабылдау үшін еркін және қауіпсіздік жағдайында жиналып отыруға мүмкіндік беруде өз өмірлерін қиғандарға қатысты сатқын боламыз. Егер біз ,- деп жалғастырды ол ,- оны эгоистік мақсаттарда –бір ұлт немесе бірнеше ұлт мүддесіне пайдалансақ ,- біз тағы бұл сатқындықта кінәлі боламыз .”

БҰҰ елу жылдан астам тарихында Батыс бұл ұйымды өз саясатына пайдаланбақ болған, түрлі ұлт-азаттық көтерілістерді басып жаншу құралына және басқа мемлекеттер мен халықтар ішкі істеріне араласу құралына айналдырмақ болды.

Оған мысал 1950-ші жылдары болған онда Батыс БҰҰ көк туымен Кореяға әскери интервенция жасады,тап сондай жағдай БҰҰ солдаттары , “көк каскалар” Конгода (Леопольдвиль) пайдаланылғанда болды.

Бұл жолдардың авторы АҚШ-та үш рет болған және БҰҰ ғимаратында экскурсияда болған. БҰҰ бас пәтері Нью-Йоркте Манхеттен аралында 39-қабатты ыңғайлы ғимаратта орналасқан. БҰҰ сәулет комплексі және паркі бар 18 акр (7,3 га) көлеміндегі жердің бөлігі Ұйымға миллиардер Рокфеллермен сыйға тартылған және қазір халықаралық территория болып келеді. Түрлі әңгімелер бойынша Рокфеллер бұл жерді Ист-Ривер жағалауында іргелік пен лашық үйлер районынан 8 млн. долларға сатып алған. Оның маңындағы жерлерге баға күрт көтеріліп , район жылдам өзгере бастады.

Бұрын Нью-Йорк метросы дүрсілдеп жатқан жерда енді аллюминий –шыны көп қабатты үйлер мен әдемі қонақ үйлер , модернистік қонақ үйлер пайда болды. Шу бұл районды Нью –Йорктегі ең көріктілерінің біріне айналды.

БҰҰ үйінің құрылысына американдық үкімет Ұйымға 65 млн доллар қарызға берді, оны БҰҰ өз бюджетінен уақытылы қайтарды.

Сіріңкенің қорабын еске түсіретін БҰҰ ғимараты бетон, қола ,шыны және алюминийден жасалды. Ол ,әрине , бір ғана ғимарат емес , бір-бірімен байланысқан 3 негізгі құрылыстан тұрады : 39-қабатты үйде БҰҰ секретариатының мекемелері орналасқан; өзенге параллель ұзыншақ конференция ғимаратында қауіпсіздік кеңесінің экономикалық және әлеуметтік Кеңестің залдары ,фойе,бар ,ресторандар орналасқан; Басты Ассамблея ғимаратында пленарлы отырыстар залымен қатар Ассамблея комитеттері отыратын тағы төрт зал бар.

Басты Ассамблеяның негізгі вестибюліне кіру үшін сесті қола есіктен өту керек. Ол-Канаданың сыйлығы. Оң жағынан келіп-кетушілердің назарын мәңгі қозғалып , қозғалыстың мәңгілігін дәлелдейтін Фуконың маятнигі аударады. Ол-Голландияның сыйлығы , сол жағында Грецияның сыйлығы – ежелгі қола Зевсі тұр. Ал егер басыңды көтерсең , онда БҰҰ-на кеңестік үкімет серіктестің жалтыраған металдан жасалған көз шағылыстырарлық макет көзге түседі. Ол адамның белгісіз табиғат күштерінің алдындағы билігін көрсетеді. Кейін АҚШ сыйлығы- айдың топырағы п ымен БҰҰ-ның мүшесі болып міндет етіп санайды.

Осылай олар БҰҰ -на өздерінің сенімін, мұндай бірегей саяси ұйымның сыйлылығын білдіреді.

БҰҰ -ның негізгі органдары мен олардың қызметтері.

БҰҰ -ның негізгі органдарына Жарғының 7 бабында Басты Ассамблея , Қауіпсіздік Кеңесі , экономикалық және әлеуметтік Кеңес , Халықаралық сот , қамқорлық бойынша Кеңес, секретариат жатқызылған.

Басты Ассамблея барлық мүше елдер өкіл ететін жалғыз орган болып табылады. Олардың әрқайсысы мөлшері , күші , маңыздылығына байланыссыз тең құқылық жағдайда . БҰҰ Жарғысы 9 бабына сәйкес әрбір делегация құрамына бес өкілге дейін кіре алғанымен , Басты Ассамблеяда әр ұйым мүшесінің тек бір ғана дауысы бар.

Басты Ассамблеяда маңызды мәселелер бойынша шешімдер қатысып отырған және дауыс беріп отырған мүшелердің үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады.

Басты Ассамблея кезекті жыл сайынғы отырыстарына қыркүйектің үшінші сейсенбісінде жиналады , сонымен қатар қажеттіліктер бойынша арнайы отырыстарға да жиналуы мүмкін. Арнайы отырыстар БҰҰ Жарғысының 20 бабына сәйкес Қауіпсіздік Кеңесінің немесе Ұйым мүшелерінің көпшілігінің талаптары бойынша Басты Хатшымен шақырылады.

Жарғының 10 бабында Басты Ассамблея Жарғы шеңберіндегі барлық мәселелерді немесе істерді қарастыра алатындығы және олар бойынша БҰҰ Мүшелеріне ұсыныстар жасай алатындығы көрсетілген. Ол халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі ынтымақтастықтың қағидаларын , сонымен қатар қарусыздандыру мен қаруландыруды реттеуді анықтайтын қағидаларды қарастыра алады және оларға қатысты Ұйым Мүшелеріне немесе Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыныстар жасай алады ,- деп Жарғының 11 бабында көрсетілген.

Басты Ассамблеяның БҰҰ ішкі өміріне қатысты бірнеше өкілеттіктері бар : Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесін сайлайды , сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік Кеңестің 54 Мүшесін, Халықаралық соттың 15 мүшесін сайлайды, бірқатар басқа органдар , комиссиялар мен комитеттер құрады. БҰҰ-ның барлық органдары ,Қауіпсіздік Кеңесі де, жыл сайынғы және арнайы баяндамаларын Ассамблеяның қарауына ұсынады.

Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Ассамблея жаңа мүшелерді қабылдайды және БҰҰ Басты хатшысын тағайындайды.

Басты Ассамблея бүкіл Ұйымның бюджетін қарастырады және бекітеді, сонымен қатар әр елдің халық басына шаққандағы табыстың мөлшеріне қарай мемлекеттер арасында шығындарды үйлестіреді.

Ассамблеяның кезекті отырыстары ,әдетте, үш айға жуық созылады. Күніне екі жиын болып ,әрқайсысында үш-төрт оратор сөз сөйлейді. Мәселелерді детальдап талқылау Басты Ассамблеяның комитеттерінде жүзеге асырылады.

Бірінші комитет –нақты практикалық мәселелер мен қауіпсіздік мәселелері ,соның ішінде қарусыздандыру мәселелері бойынша комитет.

Арнайы саяси комитет –оған Бірінші комитеттің құзыретіне жататын бірнеше мәселелер берілген. Екінші комитет-экономикалық және қаржы мәселелері бойынша.

Үшінші комитет - әлеуметтік ,гуманитарлы мәселелер,мәдениет мәселелері бойынша.

Төртінші комитет- қамқорлық пен өз - өзін басқармайтын территориялар мәселелері бойынша. Мұнда отаршылдықты жою мәселелері қарастырылған. Отаршылдықтың жойылуы мен өз-өзін басқара алмайтын территорияда басқарудың пайда болуымен төртінші комитет өз жұмысын ,өкілеттіктерін атқарды.

Бесінші комитет - әкімшілік және бюджет мәселелері бойынша .

Алтыншы комитет - құқықтық мәселелері бойынша.

Сонымен қатар , Ассамблеяның әрбір сессиясында Басты комитет құрылады, ол сессияны ұйымдастыру мәселелерімен айналысады ,және өкілеттіктерді тексеру бойынша комитет құрылады.

БҰҰ-ның ресми тілдеріне басында ағылшын,испан,қытай,орыс және француз тілдері жатса ,қазір араб тілі де қосылды. БҰҰ құрылу кезінен бастап жұмыс істеу тілдеріне ағылшын , француз ,испан тілдері жатты. Соңғысы жұмыс тілі ретінде БҰҰ-ның екі негізгі органында қолданылады.-Басты Ассамблея және экономикалық және әлеуметтік Кеңесте.

Алайда , кейбір БҰҰ -ның мүддесіне қатынасы жоқ себептерге байланысты БҰҰ-ның құрылуынан бастап ресми тіл болып саналып келген орыс тілі. Басты Ассамблеяның ХХІІІ сессиясына дейін ресми түрде жұмыс тілі ретінде енгізілген. ХХІІІ сессияда Басты Ассамблея орыс тілін жұмыс істеу тілі ретінде БҰҰ негізгі екі органы - Басты Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінде қолданылуын ресми түрде жариялады.

Бейбітшілік сүйгіш күштердің арқасында БҰҰ халықаралық мәселелер бойынша бірнеше пайдалы шешімдер қабылдады. БҰҰ алғаш өмір сүру жылдарындағы мұндай шешімдерге Басты Ассамблеяның әскери қылмыскерлерді қайтару мен жазалау ,соғыс пропагандасын сөгіс ету туралы резолюциясы жатады.

1948 ж. Басты Ассамблея адам құқықтарының жалпы декларациясын қолдап ,БҰҰ Жарғысында бекітілген маңызды демократиялық құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың халықаралық -құқықтық қағидаларын дамытты және нақтыландырды. Ол Египетке қарсы ағылшын –франк-израилдік агрессияны сөгіске шалды. Нәсілдік Дискриминацияның барлық түрін жою туралы Конвенцияда және т.б. Басты Ассамблеяның активінде .

Қауіпсіздік кеңесі. БҰҰ мүшелері Қауіпсіздік Кеңесіне “халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізгі міндетін ” жүктеді.(БҰҰ Жарғысы,24 бап). Бұл өте маңызды органға БҰҰ Жарғысымен анықталған үлкен өкілеттіліктер берілген. Ол БҰҰ барлық мүшелерінің атынан жұмыс істейді. Ұйымның Мүшелері Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне бағынуына және Жарғыға сәйкес орындауға міндеттенді. Сонымен , Қауіпсіздік Кеңесі Ұйымның барлық мүшелеріне міндетті шешімдер шығаруға БҰҰ органдарының ішіндегі өкілетті жалғыз орган.

Қауіпсіздік Кеңесі Ұйымның 15 мүшесінен тұрады: 5 тұрақты және 10 тұрақсыз. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне Қытай Халық Республикасы ,Ресей, Франция , Англия және АҚШ жатады. Қалған 10 тұрақсыз мүшесін Басты Ассамблея мүшелердің , ең біріншіден , халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етуі мен Ұйымның мақсаттарына жетуге қатысу дәрежесіне байланысты, сонымен қатар әділ географиялық үйлестіруіне байланысты сайлап отырады.(БҰҰ Жарғысы,23 бап).

Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық дау-жанжалдарды бейбіт жолмен реттеудің құралдары мен жолдарын ұсыну құқығына ие.

Бейбітшілікке қауіп төнгенде, халықаралық бейбітшілік бұзылғанда немесе агрессия кезінде Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтіру үшін мәжбүрлі шаралар қабылдауға өкілетті. Бұл шараларға экономикалық және дипломатиялық қатынастарда толық немесе жартылай үзіліс, теңіз ,әуе,темір жол байланыс құралдарындағы үзіліс және пошта-телеграф байланысының тоқтатылуы жатады. Ең ары кеткенде агрессияны тоқтату үшін Кеңес шешімімен мүше –елдер қарулы күштері қолданылуы мүмкін. Қарулы күштер контингенттерінің саны , олардың жұмыс істеу жоспары , болу мерзімі Қауіпсіздік Кеңесімен анықталады.(БҰҰ Жарғысы , 46,47 баптар) .

Қауіпсіздік Кеңесі әрбір мүшесінің бір ғана дауысы бар. Маңызды мәселелерді шешкенде шешім 9 дауыстың көпшілігімен анықталады ,бірақ бұл тоғыз дауысқа барлық тұрақты мүшелердің дауысы кіруі керек. Қауіпсіздік Кеңесі бес тұрақты мүшесінің бір шешімде болу ережесінің мәні осында ,оны ,әдетте, вето құқығы деп те атайды.Вето құқығы – БҰҰ Жарғысында бекітілген өте маңызды қағида. Дәл осы ереже төңірегінде БҰҰ Жарғысы ойластырылып жатқан Сан-Франциско конференциясының өзінде көптеген ұзақ қайшылықтар мен пікір-таластар болды.

Экономикалық және әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС)–1946ж. құрылған БҰҰ -ның органы. Ол 54 мүшеден тұрады және олардың үштен бірі жыл сайын Басты Ассамблеямен қайта сайланып отырады. ЭКОСОС Басты Ассамблея басшылығымен экономикалық және әлеуметтік салалардағы халықаралық ынтымақтастықта БҰҰ міндеттері мен қағидаларын орындауы тиіс. Кеңестің көмекші органдарына 5 аумақтық комиссия жатады: Еуропалық экономикалық комиссия , Азия мен Тынық мұхит үшін экономикалық комиссия, Африка үшін экономикалық комиссия , Батыс Азия үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссия , Латын Америка мен Кариб бассейіні үшін экономикалық комиссия және 20 дан артық тұрақты комитеттер мен комиссиялар (табиғат ресурстары бойынша, дамуды жоспарлау , даму мақсатында ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану бойынша, әйелдер мәселесі, адам құқықтары бойынша және т.б) ЭКОСОС-тың жоғарғы органы- жылына үш рет шақырылатын сессия.

Қамқорлық бойынша Кеңес - БҰҰ Басты Ассамблеясы (БҰҰ БА) басқармасымен жұмыс істейтін БҰҰ-ның органы. Ол 1946ж. құрылған және оның мақсаты-қамқорлығындағы территориялар басқарылуы үшін жауап беретін үкіметтер олардың өзін-өзі басқару мен тәуелсіздігіне дайындау үшін тиісті шараларды қабылдауын қамтамасыз ету. 1994ж. Қауіпсіздік Кеңесі алғашқы 11 қамқорындағы территориялардың соңғысына қатысты БҰҰ қамқорлық бойынша келісімін тоқтатты, ол территория- АҚШ басқарған Тынық мұхит аралдары (Палау). Сонымен , қамқорлық жүйесі өз міндетін орындады, өйткені барлық қамқорындағы мемлекеттер өзін-өзі басқару мен тәуелсіздігін алды. Енді қамқорлық бойынша Кеңес жағдайлардың талаптарына байланысты отырыстар жүзеге асырып отырады.

Халықаралық сот. БҰҰ-ның негізгі сот органы болып келеді. 1945ж. құрылған. Ол БҰҰ БА сайлайтын 15 судьядан тұрады. БҰҰ Халықаралық соты тек халықаралық құқықтық келіспеушіліктерді қарастырады (бұл мемлекеттер келісімі болған кезде). БҰҰ БА немесе Қауіпсіздік Кеңесі Халықаралық соттан кез-келген заңи мәселе бойынша консультациялық шешім жасауды сұрай алады.

Секретариат . Бас хатшы басшылығымен жұмыс істейді. Ол ағымдағы жұмыстардың орындалуына жауап береді, БҰҰ түрлі органдарының түрлі жұмыстарын істеп, олар жасаған бағдарламалар мен саясатты жүзеге асырады. Ол зерттеу жұмыстарын жүргізеді ,келісім сөздер , конференциялар өткізіеді ,әлемдік қауымды мәліметпен қамтамасыз етіп отырады. Секретариат бөлігіне Женева,Вена,Найроби,Бангкок және т.б. қалалардағы оның бөлімшелері жатады.

Бас хатшы – БҰҰ-дағы негізгі әкімшілік лауазымды тұлға-ол Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен БА-мен тағайындалады. Берілген өкілеттіліктер шеңберінде ол халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесіне қауіп төндіреді деген кез-келген жағдайға Қауіпсіздік Кеңесінің назарын аудара алады.Бас хатшы БА-ға БҰҰ жұмысы туралы жылдық есеп беріп отырады, БА, Қауіпсіздік Кеңесі, ЭКОСОС ,Қамқорлық бойынша комитет отырыстарына қатысады және бұл органдар тапсырған басқа да функцияларды орындайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жүйесі БҰҰ-н оның негізгі және көмекші органдарымен бірге қамтиды. БҰҰ-ның 17 мамандандырылған мекемесі құрылған.

БҰҰ- ол қазіргі әлемдегі ерекше форум, онда түрлі саяси-экономикалық жүйелері бар ,көзқарастары ерекшеленетін ,түрлі қажеттіліктері мен толғандыратын ойлары бар мемлекеттер өкілдері үнемі кездесіп отырады. Әрбір мемлекет өз көзқарасын ұсына алады. БҰҰ жоқ болғанда ,әлемдегі жағдай күрделірек болар еді.

БҰҰ Жарғысы –соғыстан кейінгі тарихтағы жалпы мойындалған халықаралық құқық нормаларын қамтитын жалғыз құжат.

90-ші жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпы бейбітшілікті нығайтуға байланысты істерінде біздің жас Республикамыз белсенді роль атқарды. БҰҰ-ның жұмысына қатысу әр мемлекетке тек ресми көзқарасын білдіруге ғана көмектеспейді , сонымен қатар, ол басқа мемлекеттер басшылары ,сыртқы істер министрлері ,түрлі өкілдер арасында байланыстардың ,ресми емес келісім сөздердің , пікірталас-тардың өтуіне жол ашады. Ал мұндай бейресми келісім сөздер бүгінгі дипломатияда өте маңызды.Олар қандай да мемлекеттің көзқарастарын , алдына қойған ұмтылыстарын анықтауға көмектеседі.

БҰҰ -н бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың топтық инсогрументі ретінде қарастыра отырып, барлық бейбітшілік сүйгіш күштер БҰҰ қызметін жемісті етуіне тырысады, оның істегі және беделді болуын тілейді.

Қазақстанның БҰҰ БА сессиясы мен негізгі комитеттерінің жұмыстарына қатысуы.

Қазақстан 1992 ж. 2 наурызда БҰҰ мүшесі болды. Бұл оқиға Республиканың халықаралық ұйымдар жүйесіне интеграциялануының бастамасы болды. Республиканың сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаевтің айтуынша, Қазақстанның БҰҰ құрамына кіруі мәні жағынан тарихи маңызы бар акция болды.1

Айтып кететін жағдай, БҰҰ-на кіргенге дейін Қазақстан дипломаттары: Қазақ ССР сыртқы істер министрлері Б.Бультрикова мен М.И.Исеналиев Басты Ассамблея сессияларының жұмыстарына қатысқан. Алайда, ол кезде Қазақстан халықаралық құқық субъектісі болмаған, сондықтан да Республиканың өз сыртқы саясаты туралы сөз қозғауға да келмеген.

Қазақстан Республикасы сыртқы саяси қызметіндегі басты бағытқа БҰҰ ең өкілді органы Басты Ассамблеядағы жұмысы жатады.Ең алғашқы рет қазақ делегациясы егеменді мемлекет өкілі ретінде қатысқан форум-БҰҰ Басты Ассамблеясының 47 сессиясы (1992ж.). БҰҰ БА-ның 47,48,49,50,51,52,53-ші сессияларына белсенді қатыса отырып,біздің Республика өзін мұндай универсалды және беделді ұйымның толық құқылы мүшесі екенін танытты.

Ең алдымен БҰҰ БА 47-ші сессиясындағы Қазақстан делегациясының жұмысын толық қарастырайық, мұнда Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясаты туралы ашық сөз сөйледі.

Сөзінде ол дипломатия мәселелеріне , мемлекеттік территориясы бұзылмайтынды-ғына, Батыс-Шығыс осі бойынша геосаяси шиеленісу-шіліктің азайып,Солтүстік-Оңтүстік конфронтациясының шиеленісе түсуіне тоқталып өтті, БҰҰ реформаларын қозғады. Н.Ә.Назарбаев барлық үкіметтерге БҰҰ бейбітшілік құруға күш салысу қорын “бір қосу бір” формуласы бойынша құруды ұсынды. Бұл формула бойынша әрбір мемлекет осы қорға өз қауіпсіздік бюджетінің бір процентін аудара бастайды және жыл сайын бұл аударымды сол бір процентке өсіріп отырады. Солай 10 жыл ішінде бұл сома он есе өсіп кетеді. Бұл форумда біздің мемлекет басшымыз аузынан Азиядағы әрекеттестік пен сенім шаралары бойынша мәжілісті шақыру ұсынысы шықты. (СВМДА) Бұл процесстің перспективалары , оның негізгі кезеңдері келесі түрде көрініс табар еді. Бірінші кезең-Жиналысты өткізудің дайындық жұмыстары.Екінші кезең-СВМДА жұмысын белсеңдету, оның мүшелер санын көбейту, Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Жиналыс режиміне ауытыру, ОБСЕ сияқты жалпы азиялық құрылымдар құру (СБСА) . Үшінші кезең - ОБСЕ мен СБСА арасында әрекеттестіктің тұрақты құрылымдарын қалыптастыру мен дамыту , ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша трансконтиненталды органдарды құру. Және төртінші кезең-Евразиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша ортақ трансконтиненталды жиналыс құру, топтасқан қауіпсіздіктің континенттік жүйелері арасында тұрақты әрекеттестік механизмін құру, болашақта –бүкіл әлемдік топтасқан қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың ортақ , глобальді жүйесін құру. Бүкіл Азия кеңістігінде қауіпсіздік құрылымдарын құру бойынша Н.Ә.Назарбаевтің ұсынысы біздің еліміздің сыртқы саяси бағытының летмотивіне айналды , ол оның басшысына үлкен халық-аралық танымдылық әкелді.

Бұл Жиналыстың даму формалары мен әрекеттестіктің негізгі бағыттары азиялық мемлекеттері CJM эксперттерінің кездесулерінде талқыланды. Кездесу қатысушылары ынтымақтастық пен қауіпсіздік мәселелеріне ортақ көзқарастар аумағын анықтап алу үшін арнайы жұмыс группасын құру қажеттілігі туралы ой айтты. Арнайы жұмыс группасының өткен бес отырысы мен сыртқы саяси ведомстволар басшылары орынбасарларының екі жиналысында үш құжаттың жобалары қарастырылды: СВМДА мүше-елдер әрекеттестігі қағидаларының Декларациясы, СВМДА даму Комитетінің Декларациясы , СВМДА институттары мен құрылымдары.

1997 желтоқсан айындағы Алматыда өткен сыртқы істер министрлері жиналысында Тәжікстан Республикасы делегациясының басшысы Г.М.Мирзоев былай деген:

“СВМДА планетадағы барлық халықтардың өсуі мен гүлденуі жолындағы глобалді әлемдік процесстердің бөлінбейтін бөлігіне айналады ”1.

Қытай делегациясы басшысы Ли Хуэяның айтуынша СВМДА Президент Н.Ә.Назарбаев шақырғаннан бері аумақтық қауіпсіздік мәселесі бойынша Орталық,Шығыс және Оңтүстік Азияның ,Солтүстік Америка, Австралия мен Европадан 9 бақылаушы ел қатысатын Форумға айналды.2

Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі 1997ж. желтоқсан айындағы жиналыста қатысушылардың соңғы мәлімдеуінде былай делінген:

  • Мүше-мемлекеттер “СВМДА мүше-мемлекеттері әрекеттестіктерінің қағидалары Декларациясындағы ” кейбір жағдайларды әлі үйлестіруде.

  • Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі кездесулерді ,арнайы жұмыс группасының қызметін оң бағалай отырып, мүше-мемлекеттер СВМДА шеңберінде әрекеттестіктің нысандарының ұйымдастырылуының дамуын маңызды екенін мойындайды.

  • Мүше-мемлекеттер қарастырып отырылған мәселелер бойынша шешімдер шығару мақсатымен 1998ж мен 1999 ж.Алматыда СВМДА мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің жиналысын өткізуді көздеп отыр.3

Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ БА 47 сессиясында сөйлеген сөзіне орала отырып , оның экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне , әсіресе Қазақстанды толғандыратын Арал мен Семей мәселелеріне тоқталғанына атап өткім келіп отыр.

Біздің дипломатиямыздың арқасында бұл мәселе тек аумақтық ретінде саналуын қойды. Мүшкіл халдегі территорияларға қазір әлемдік қауым назар аударып,бұл мәселеден шығудың жолын бірігіп бүкіл адамзат іздеуде. БҰҰ-ның бұл процесстегі ролі өте зор. БҰҰ-мен басқа халықаралық құрылымдардың назарын арал катастрофасына да қарата алдық ,оған дәлел ретінде Бас хатшы орынбасарлары Э.Даудсвели, Д.Спет, К.Белламидің сапары бола алады,сонымен қатар әлемдік банк ЮНЕП және глобалді экологиялық қор ЮНИСЕФ пен бірлесе отырып әлемдік масштабта экологиялық апат зонасы деп жарияланған арал регионындағы жағдайды жақсарту бойынша бағдарламалар жасауда.

БҰҰ өз еркімен келгендер тобын тартқаннан бастап Аралды қолдау бойынша халықаралық келісімдердің гуманитарлы қызметін жүзеге асыру негізі болған Қызылорда, Казалинск пен Аральск қалаларында үш орталық ашылды.

Қазақстан делегациясының Басты Ассамблея 47-ші сессиясындағы жұмысына қатысуын қорытындылай келе ,сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев былай деді: “Қазақстанның әлемдік сахнадағы дебюті сәтті өтті. Біздің мемлекет глобалді қауіпсіздікті іс тәжірибеде қолдайтын әлемдік қауымдастықтың бөлігінің қатарында лайықты орын тепті .”

Қазақстан делегациясы БҰҰ Басты Ассамблеясының 49-ші сессиясы жұмысына белсенді қатысты. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ғы тұрақты өкілі А.Х.Арыстанбекова БҰҰ Басты Ассамблеясы 49-ші сессиясы Төрағасының орынбасары етіп сайланды.Бұл сессияда 295 резолюция қабылданды. Қазақстан 20 резол ойынша конференция және т.б. өткізудің мәселелерін қарастырған.

Қазақстанды БҰҰ мойындауын Басты Ассамблея 49-ші сессиясында оған бейбітшілік мақсаттарда космос кеңістігін пайдалану бойынша Комитеттің (КОПУОС) толық құқылы мүше статусын бергендігі куәландырады. Осы сессияда Қазақстан БҰҰ-ның әлемде информатика маңызының өсуіне қарай салмақты болып келе жатқан ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды. Қазақстан ,сонымен бірге Мекенді пунктер бойынша комиссиясының (ХАБИТАТ) құрамына сайланды.

Қазақстан делегациясы Негізгі комитеттер жұмысына тікелей араласты.

Бірінші комитетте ол “Ядерлі сынауларға жалпылама жол бермеу туралы Декларация ”, “Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесс”, “Аумақтық қарусыздандыру”, “Қарусыздандыру мен даму арасындағы байланыс ” және т.б. сияқты құжаттар мен мәселелер төңірегінде жұмыс істеді. Қазақстан төрт резолюцияның бірлескен авторы болды.

Екінші комитетте Қазақстан делегациясы халықаралық сауда туралы, Орталық Азиядағы транзит жүйесі туралы ,өтпелі экономикалы елдердің әлемдік экономикаға интеграциясы туралы резолюциялар барысында жұмыс істеді. Атап айтқанда, ашық теңізге шығатын мүмкіншілігі жоқ Орталық Азия елдеріндегі транзит жүйесі туралы резолюция бойынша біздің делегация Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделерін мәлімдеп, сөз айтты, мұнда Қазақстанның теңізге ,сәйкесінше әлемдік нарықтарға шығуын қамтамасыз ететін шараларға акцент жасалынды. Қазақстан “экономикасы өтпелі елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциясы” резолюциясының бірлескен авторы болды.

Үшінші комитетте Қазақстан делегациясы адам құқығы, әлеуметтік даму,есірткі заттарды халықаралық бақылау сияқты актуальді мәселелерді талқылауға қатысып, сәйкесінше резолюциялар қабылдады.

Жарғылық үлес, БҰҰ қаржылық жағдайы ,бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша операциялардың бюджеттік -әкімшілік мәселелері талқыланған. Бесінші комитетте Қазақстан делегациясының жұмысы жемісті болды. Комитет 19 резолюция мен 11 шешім қабылдады.

Алтыншы комитетте БҰҰ мен оның Жарғысын жетілдіру мәселелері қарастырылды, атап айтқанда Қауіпсіздік Кеңесіне Жапония мен ФРГ-ға жол ашу . БҰҰ Жарғысынан “қас мемлекеттер” терминін алып тастау ұсынылды.

Сыртқы істер министрі Қ.К.Тоқаев : “Қазақстан БҰҰ-н реформалауда салмақты позицияны ұсанып отыр ,өйткені оны қайта құрудағы асығушылық глобалді жағдайда тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін ,”-деп айтып өтті. Бірақ тап осы кезде оның ойынша ,БҰҰ сіресіп қалған ,бүгінгі әлем геосаяси картасындағы өзгерістерге немғұрайлы қарап қалған ұйым болмауы керек. Сондықтан Қауіпсіздік Кеңесі құрамын өзгертуге болады және БҰҰ реформалау бойынша нақты шаралар қолдануға болады.1

БҰҰ БА 50-ші сессиясы туралы айтқанда ,оның юбилейлігі туралы атап өту керек.

1995ж. қазанда БҰҰ БА 50-ші сессиясы шеңберінде Басты Ассамблеяның БҰҰ 50 жылдығына қарай арнайы салтанатты отырысы болды. Оның жұмысына 91 мемлекет басшылары , 8-вице-президент ,1 кронпринц ,10 премьер-министрдің орынбасары ,21 сыртқы істер министрлері қатысты.

БҰҰ БА жасаған жұмыс көлемі өте үлкен. БА толық құрамында 99 пленарлы отырыс өткізді,күн тізбегіндегі 165 пункт шеңберінде саясат, қарусыздандыру, экономика , әлеуметтік және гуманитарлы мәселелері шеңберінде , сонымен қатар құқық ,әкімшілік және бюджет мәселелерінің шеңберінде жұмыс істеді. БА 270 резолюция қабылдады. Қазақстан делегациясы 24 резолюцияның бірлескен авторы болды.

22 қазандағы арнайы салтанатты отырыста Қазақстан Республика-сының Президенті Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. Ол БҰҰ -н жаңартудың концептуалді моделін халықаралық қауымдастықтың жасауындағы әрекеттерді белсенді ету керек екенін атап өтті, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ қызметіне оң баға берді; Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мен Қауіпсіздік Кеңесі құрамын кеңейтуге және оның глобальды мәселелерді шешудегі ролін кеңейтуге қатысты Қазақстанның көзқарасын түсіндіріп берді және т.б.

Н.Ә.Назарбаев бірнеше ұсыныстар жасады:

“Біріншіден, Қауіпсіздік Кеңесінің глобальды мәселелерді шешудегі ролін күшейту керек. Ол үшін ,ең алдымен , Жапония мен Германия оның толық құқылы мүшесі болулары керек…

Екіншіден, ол қауіпсіздіктің глобальді және аумақтық жүйелерінің өзара әсерлесуі. Бүгін біз қауіпсіздіктің халықаралық жүйелері жоғарыдан ғана емес , төменнен, аумақтық деңгейден де құрылуы мүмкін екенін ескеруіміз керек…

Үшіншіден, мұндай мәселелер (яғни координация мәселелері) тек әскери-стратегиялық салаларда ғана емес,адам өмірінің барлық салаларында –мәдени, ақпарат, ғылыми –техникалық және қаржы –экономикалық салаларда да пайда болып отырады ”.

Арнайы салтанатты отырысқа қатысушылардың сөз сөйлеуіндегі негізгі ой-пікір -өзінің 50 жыл өмір сүруі ішінде бейбітшілік, жалпы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік прогресске қол жеткізу мақсатында халықаралық глобальді ынтымақтастық идеясының құндылығы мен ақиқаттылығын дәлелдей алған БҰҰ-ның бірегейлігін бүкіл әлемдік қоғамдастықтың мойындауы. БҰҰ, БА сессиясы қатысушыларының айтуынша, геноцид пен апартеидті ,отарлауды жоюда, адам құқықтарын бағалауда ,жалпы қарусыздындаруда және т.б. үлкен жетістіктерге қол жеткізді. БҰҰ жетістіктерін көрсете отырып, барлық сөз сөйлеушілер халықаралық өмірдің талаптарына дұрыс жауап қайтарып отыру үшін оның құрылымы мен қызметін уақытылы реформалап отыруы қажет екендігі идеясында ортақ болды.

БА 50-ші сессиясында Негізгі комитеттердің атқарған жұмысы мен ондағы Қазақстан делегациясының үлесін қарастырайық.

БҰҰ БА Бірінші комитеті Басты Ассамблеясының 50-ші сессиясы барысында күн тізбегіндегі 25 мәселе қарастырылған 38 отырыс өткізіліп, 47 резолюция және екі шешім қабылданды.

Комитеттегі жалпы пікір талас қарусыздандыру мен халықаралық қауіпсіздік мәселесіндегі ,әсіресе, ядерді кешен бойынша елдер көзқарастарының полярлылығын көрсетті. Тек Жалпылама ядерлі сынақтарға жол бермеу туралы келісімнің (ДВЗЯШ) тез арада жасалуының қажеттілігі мәселесінде ғана барлығы бір ортақ ойда болды.

Бірінші комитеттегі Қазақстан делегациясының жұмысының басым бағыттары мынадай болған:

ДВЗЯШ жасау, қарусыздандыру бойынша Конференция шеңберінде халықаралық келісімдерді қолдау, ядерлі емес мемлекеттерге қауіпсіздік кепілін беру мәселесі және бұл мәселе бойнша халықаралық тиімді келісімдер жасау қажеттілігі ; ДНЯО жағдайларына сәйкес ядерлі қарусыздандыру туралы келісім сөздер және т.б.

Қазақстан делегациясы 18 резолюцияны қолдап, 9 резолюцияға бірлескен автор болды.

Екінші комитет (экономикалық мәселелер ,қоршаған ортаны қорғау,төтенше жағдайлармен күрес).

Мүше-мемлекеттер өкілдері экономикалық даму мақсатында халықаралық ынтымақтастықтың жаңа,жетілдірілген шеңберлерін құру қажеттілігі туралы айтты. Әлемдік экономиканың жалпы ақырын және теңдіксіз дамуы дамушы елдердің тиімді макроэкономикалық орта құруға жасап жатқан әрекеттеріне жақсы ықпалын тигізбейді деп көрсетілді.

Қайтадан экономикалық және экологиялық мәселелер даму кешенін , өзі және басқа да экономикасы өтпелі елдер алдында тұрған мәселелерді белгілеп, Қазақстан делегациясы БҰҰ арнайы мекемелері мен бағдарламаларын бұл елдердің әлемдік экономикаға интеграциясының дамуына белсенді және нақты саясат арқылы көмектесуіне шақырды.

Экономикасы өтпелі елдер үшін келесі мәселелер өте маңызды болды: “Даму мақсатында жедел қызмет саласындағы үш жылдық саясатқа шолу”, “Сауда және даму”, “Ғылым мен жаңа технологиялар ”, бұл мәселелерді қарастырған кезде Қазақстан делегациясы басқа өтпелі елдермен бірге БҰҰ бұл елдер тобының қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отыруына күш салды.

Қазақстан Алматыда сейсмологиялық құрылыс пен сейсмология бойынша халықаралық орталықтың ашылу мүмкіндігін қарасытруды ұсынды.

БҰҰ БА-ның Үшінші комитеті 58 отырыс өткізіп,күн тізбегіндегі 11 пунктті қарастырды , адам құқықтары , әлеуметтік даму, және гуманитарлық ынтымақтастық салаларында 64 резолюция және 8 шешім қабылдады. Комитеттің қызметі расизм мен нәсілдік кемсітушілік транснационалды қылмыс пен наркоманиямен күрес әдістері мен тиімді формаларын белсенді анықтауға арналған болатын және адам құқықтары мен негізгі бостандықтары , әлеуметтік даму саласындағы стратегия , босқындар ,ауысқан тұлғалар мен мигранттар мәселелері қарастырылды.

Комитет адам құқықтары туралы 34 резолюция қабылдады. Қазақстан делегациясы адам құқықтары ,әлеуметтік даму ,әйелдер жағдайын жақсарту ,қылмысты болдырмау мен қылмыстық әділеттілік , есірткі заттарды халықаралық бақылау мәселелері бойынша сөз сөйледі. Қазақстан делегациясы бес резолюцияға бірлескен автор болды.

Бесінші комитет (әкімшілік –бюджет мәселелері ,БҰҰ мүше елдерінің бюджетке және бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша операцияларға жарғылық үлестері) келесі мәселелерді қарастырды : 1994-1995 жж екі жылдық кезеңге бюджет, бейбітшілікті қамтамасыз ету бойынша БҰҰ операцияларын қаржыландыру , конференциялар жоспарлары ,жарғылық үлестер шкаласы ,БҰҰ жалпы жүйесі және т.б. Комитет 44 отырыс өткізіп, консенсус негізінде 23 резолюциялар жобасын қабылдады.

Соңғы жылдары БҰҰ қаржысымен дағдарыс жағдайы қалыптасты. Мүше елдер жарғылық үлестері бойынша жалпы қарыз үш миллиард доллардан асты, ол Ұйымның 1995 ж. бюджетінің 70% құрайды. Комитет 1996-1997жж жалпы шығындар көлемі 2,61 млрд.доллар құрайтын болады деді.

Қазақстан делегациясы БҰҰ қаржыландыруға жарғылық үлес мөлшерін анықтауда төлем қабілеттілік қағидасын әрі қарай сақтап қалуын қолдайтынын білдірді.

Алтыншы комитет (құқықтық мәселелер) 46 отырыс барысында 12 пунктті қарастырып , олар бойынша 13 резолюция мен 3 шешім қабылдады. Комитет халықаралық құқықты кодификациялау мен прогрессивті дамуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Ең көп пікір таластар мен саяси көзқарастар “Мемлекеттер құқықтық мирасқорлығы және оның физикалық тұлғалар азаматтығы мен заңды тұлғалардың мемлекеттік құрамында болушылығына әсері” мәселесі мен Адамзат бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар кодексінің жобасы төңірегінде болды.

БҰҰ Басты Ассамблеясының 51-ші сессиясы (1996ж) әлемдік қауымдастықтың жалпы бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы тарихының елеулі кезеңі болып келеді.

Жалпылама ядерлі сынақтарға жол бермеу туралы келісім қол қоюға ашық болды.

Бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасады. Онда ол Қазақстан халқы ядерлі қарудың талқандайтын күшін өз басында сезіне отырып, өз дауысын бұл жойқып салатын қаруды сынауға жол бермеу үшін беретіндігін атап өтті. Қазақстан территориясында ядерлі инфрақұрылымды жою процессі аяқталды деп мәлімденді. Яғни әлем бойынша төртінші потенциал жойылды.

Сондықтан, бұл Келісімді даярлаған барлық мемлекеттерге рақметін білдіріп, біздің елдің де бұл төтенше іске қосқан үлкен үлесі де мәлімдеме де аталып кетті.

Жалпылама ядерлі қаруды сынауға жол бермеу туралы келісімге Қазақстан Республикасы атынан сыртқы істер министрі Қ.Қ.Тоқаевпен 1996ж. 31 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб квартирасында қол қойылды.

БҰҰ БА 51-ші сессиясы консенсус негізінде, “БҰҰ мен экономикалық ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ынтымақтастық ” резолюциясын қабылдады.

Қазақстан делегациясы және ЭЫҰ басқа мүше мемлекеттері резолюцияның бірлескен авторлары болды.

БҰҰ БА 51-ші сессиясы жұмысының барысында Қазақстан делегациясы “Теңізге шығатын жолы жоқ Орта Азия және көршілес дамушы елдердегі транзит жүйесі ” резолюциясы жобасы авторы ретінде сөз сөйледі.

Бұл резолюцияда Басты Ассамблея теңізге шығатын мүмкіншілігі жоқ Орталық Азия мен оған көршілес транзит елдері жасап отырған әрекеттерін қолдап, донор-елдерге , жан-жақты қаржыландыру мен даму мәселелерімен айналысатын ұйымдарға өз мандаттары шегінде бұл елдерде транзит жүйесін жетілдіру мақсатында сәйкес қаржылық және техникалық көмек көрсетуді ұсынды.

БҰҰ БА 51-ші сессиясында біздің Республикамыздың сыртқы істер министрі Қ.Қ.Тоқаев сөз сөйледі . Ол БҰҰ-н реформалау , Орталық Азиялық аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту , Афганистандағы мәселелерді реттеу қажеттіліктерін көрсетті. Министр сепаратизм ,экология мәселелерін қозғап, Қазақстанның Центразбат пен СВМДА инициативаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді. БҰҰ БА 51-ші сессиясының шеңберінде Қазақстан Республикасының он екі құжаты ресми құжат ретінде баспаға шығарылды.

БҰҰ БА 52-ші сессиясы (1997ж). Күн тәртібінде 100 ден артық мәселе енгізілген болатын. БҰҰ БА 52 –ші сессиясының Президенті етіп БҰҰ тарихында алғаш рет Шығыс Еуропаның өкілі- Украинаның сыртқы істер министрі Г.Удовиченко сайланды. Сессияда Бас хатшы және СБ, ЭКОСОС , халықаралық сот негізгі органдарының есептері тыңдалды. Үлкен көңіл қаржылық мәселелерге бөлінді. Тек БҰҰ-ның 90 мүше мемлекеті ғана жыл сайынғы үлестерін төлеген. Осыған байланысты БҰҰ цейтнотқа түсті. Тек БҰҰ бюджетінде үлесі 25% құрайтын АҚШ екі жыл ішінде 1,5 млрд доллардан артық сома қарызданып қалды. 14 мүше-мемлекет екі жылдан астам уақыт аралығында жарғылық үлестерін төлемеу себептерінен дауыс құқығынан айрылды. Борышкерлер қатарына Қазақстанда қосылды , оның жыл сайынғы үлесі 2 млн құрайды. 52-ші сессиясының басына қарай Қазақстанның қарызы 4,5 млн долларға жуық болды.

БҰҰ БА 52-ші сессиясында Семей аумағындағы халық денсаулық , экология,экономикалық дамуындағы реабилитацияға көмек көрсету бойынша резолюция қабылданған. БҰҰ БА 53-ші сессиясы (1998ж) . Бір қуантатын жағдай-Қазақстан Республикасының БҰҰ-ндағы тұрақты өкілі, Елші А.Арыстанбекова бір ауыздан азиялық мемлекеттер тобы жағынан Бірінші комитеттің вице-төрағасы етіп сайланды.

Қазақстан өкілін жоғары постқа сайлауы БҰҰ-нда біздің елдің түрлі қарусыздандыру және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі ролін мойындағанның белгісі. Ядерлі мұрадан бас тарту, Семей полигонын жабу туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы әлемдік қауымдастықпен Қазақстанның ядерлі қарусыздандыруға қосқан үлкен үлесі ретінде қарастырылады.

Қазақстанның БҰҰ мамандандырылған мекемелерімен ынтымақтастығы.

“Қазақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде” және “Қазақстанның аумақтық экономикалық және халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы ” деп аталатын осы оқу құралының тарауларында біздің республикамыздың халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдармен сыртқы экономикалық, соның ішінде қаржылық байланыстары мәселелері бай нақты материалдар негізінде қарастырылған.

Сондықтан бұл параграфта Қазақстанның тек БҰҰ мамандан-дырылған мекемелерімен ынтымақтастығын көрсетеміз.

Ең алдымен , ЭКСАТО (Азия және Тынық мұхит үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия) және ЕЭК-пен (Еуропалық экономикалық комиссия) байланысы. Қазақстанның олармен іскер байланыстары сәтті даму үстінде 1992ж. және 1998ж. ЭСКАТО-ның атқарушы хатшысы Қазақстанға келген, ал ЕЭК атқарушы хатшысы 1995ж. Н.Ә.Назарбаевпен Женевада, ал 1998ж. Алматыда кездесті.

Қазақстанның ЭСКАТО мен ЕЭК-ке қосылу туралы шешімі қисынды және аяқталған. Қазақстан ЭСКАТО мен Азия аймағында жер бетіндегі транспорт инфрақұрылымын дамыту жобасы бойынша, ауыл шаруашылығы саласында қоршаған орта,сауда, статистика салаларында қызмет істейді. ЕЭК Қазақстанға Еуропалық қаржылық экономикалық институттарға интеграциялану және қаржылық, техникалық құралдар тарту, эксперттік болжамдар мен ұсыныстарға қатысты көмек көрсетіп отыр. ЕЭК Статистикалық комитеті қарастырып отырған мәселелер біздің мүддемізге де сай, атап айтсақ, жалпы еуропалық құрылымдарға жеңіл интеграциялануға көмек көрсететін және Қазақстан ЖҰӨ есептегендегі сияқты қателіктер жібермеу үшін стат есеп пен статмәліметтерді халықаралық стандарттарға сәйкес (яғни европалық) өткізу туралы мәселе өте маңызды. Статмәліметтерді есептеу жүйесі мен әдістемесінің қате болуынан халықаралық донорлар беретін техникалық және қаржылық көмектің елеулі мөлшерге азаюына әкелді.

Қазақстанның CJM өкілдері ЭСКАТО аумақтық экономикалық ынтымақтастық бойынша комитеттің топ басшыларының VІ жиналысына қатысты. Осы форумда Қазақстанның “ПРООН (1,780 млн. доллар) қаржыландыратын және қабылдаушы жақ үкіметі қаржыландыратын ” Транспорт пен телекоммуникация саласындағы қызметтердің дамуы арқылы реформа бағдарламасына қосылуы туралы мәселе оң қарастырылды. Қазақстан делегациясы ең алғашқы рет ЕЭК жыл сайынғы 50-ші сессиясына қатысты. Бұл форумның жетістігіне Қазақстанға “ЕЭК үшін басымды ел” статусы берілуі жатады, ол Қазақстан үшін ірі жобаларды жасау комиссиясы жағынан үлкен назар аударады деген сенім білдіреді.

Н.Ә.Назарбаевтің ЕЭК мен ЭСКАТО Ортақ комиссиясын құру туралы инициативасы орынды болып келеді. Бұл ұсынысқа жауап ретінде БҰҰ жоғарғы өкілдерінің 1997ж. қазанында ЕЭК атқарушы хатшысы Ива Бертело мен ЭСКАТО атқарушы хатшысы Адриануса Муидің Қазақстанға келуі жатады. БҰҰ СПЕКА деп аталатын бағдарламаның жобасын қабылдады. Бұл бағдарлама өтпелі кезең экономикасы ,транспорт , өнеркәсіпті қайта құру,тікелей шетел инвестицияларын тарту ,энергетика , минералды және су ресурстарын дамыту ,сыртқы сауда және қоршаған ортаны қорғау салаларында техникалық көмек көрсетуді ұйғарды. Осының барлығы туралы Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ басшысы қызметшілерімен келісім сөздері кезінде сөз қозғады.

М.Бертело мен А.Муи Н.Назарбаевтің СПЕКА құру идеясын жоғары бағалап , бұл бағдарлама жүзеге асырылуы кезінде тек БҰҰ жағынан ғана емес , сонымен қатар қаржылық ұйымдар , жеке меншік сектор жағынан да көмек алатындығын айтты.

Қазақстанда БҰҰ келесі мамандандырылған мекемелер өз офистерін құрды:

ПРООН (БҰҰ-н дамыту бағдарламасы) Бүкіләлемдік банк.

ЮНФПА (халық саны бойынша БҰҰ қоры)

ВОЗ (Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы)

ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ)

ЮНИСЕФ (БҰҰ балалар қоры)

УВКБ (Босқындар бойынша БҰҰ жоғарғы комиссарының басшылығы)

ЮНДКП (есірткі заттарды бақылау бойынша БҰҰ бағдарламасы)

ООН/ДОИ (қоғамдық ақпарат департаменті)

ЮНИДО (өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ)

ЮНСПИД (СПИД-пен күрес бойынша глобальді ВОЗ бағдарламасы)

МОТ (Халықаралық Еңбек ұйымы)

ДООН (БҰҰ өзі тіленгендер)

ПКНС ООН (есірткі заттарды бақылау бойынша БҰҰ халықаралық бағдарламасы)

Бұл өкілдіктердің барлық біріккен әрекеттері біздің экономикамыздың әлеуметтік-экономикалық тұрақтануы мен тұрақты дамуына көмектесуге бағытталған. Қазақстанның БҰҰ даму бағдарламасымен (ПРООН) ынтымақтастығы жақсы дамыды. Қазақстанда ПРООН өкілдігі 1993 ж. басында ашылған.

Қазақстан мен ПРООН ынтымақтастығын ұйғаратын бағдарламалар 1995 ж. бірінші жартысынан толық көлемде жүзеге асырыла бастады. Бұл ынтымақтастық келесі салаларды қамтиды:

Жұмыспен қамту. ПРООН ның турақты жұмыспен қамтудағы көмегі мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы, ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қайта қүру мен шағын орта бизнесті дамытуға бағытталған.

Мемлекеттік секторды басқару. Ол үшін салада жүзеге асырылады:

а/ шетел көмегін басқару;

б/ Президент пен Премьер –министрге консультациялық қызмет жасау;

в) Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.

  • энергетика

өте маңызды. Статмәліметтерді есептеу жүйесі мен әдістемесінің қате болуынан халықаралық донорлар беретін техникалық және қаржылық көмектің елеулі мөлшерге азаюына әкелді.

Қазақстанның CJM өкілдері ЭСКАТО аумақтық экономикалық ынтымақтастық бойынша комитеттің топ басшыларының VІ жиналысына қатысты. Осы форумда Қазақстанның “ПРООН (1,780 млн. доллар) қаржыландыратын және қабылдаушы жақ үкіметі қаржыландыратын ” Транспорт пен телекоммуникация саласындағы қызметтердің дамуы арқылы реформа бағдарламасына қосылуы туралы мәселе оң қарастырылды. Қазақстан делегациясы ең алғашқы рет ЕЭК жыл сайынғы 50-ші сессиясына қатысты. Бұл форумның жетістігіне Қазақстанға “ЕЭК үшін басымды ел” статусы берілуі жатады, ол Қазақстан үшін ірі жобаларды жасау комиссиясы жағынан үлкен назар аударады деген сенім білдіреді.

Н.Ә.Назарбаевтің ЕЭК мен ЭСКАТО Ортақ комиссиясын құру туралы инициативасы орынды болып келеді. Бұл ұсынысқа жауап ретінде БҰҰ жоғарғы өкілдерінің 1997ж. қазанында ЕЭК атқарушы хатшысы Ива Бертело мен ЭСКАТО атқарушы хатшысы Адриануса Муидің Қазақстанға келуі жатады. БҰҰ СПЕКА деп аталатын бағдарламаның жобасын қабылдады. Бұл бағдарлама өтпелі кезең экономикасы ,транспорт , өнеркәсіпті қайта құру,тікелей шетел инвестицияларын тарту ,энергетика , минералды және су ресурстарын дамыту ,сыртқы сауда және қоршаған ортаны қорғау салаларында техникалық көмек көрсетуді ұйғарды. Осының барлығы туралы Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ басшысы қызметшілерімен келісім сөздері кезінде сөз қозғады.

М.Бертело мен А.Муи Н.Назарбаевтің СПЕКА құру идеясын жоғары бағалап , бұл бағдарлама жүзеге асырылуы кезінде тек БҰҰ жағынан ғана емес , сонымен қатар қаржылық ұйымдар , жеке меншік сектор жағынан да көмек алатындығын айтты.

Қазақстанда БҰҰ келесі мамандандырылған мекемелер өз офистерін құрды:

ПРООН (БҰҰ-н дамыту бағдарламасы) Бүкіләлемдік банк.

ЮНФПА (халық саны бойынша БҰҰ қоры)

ВОЗ (Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы)

ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ)

ЮНИСЕФ (БҰҰ балалар қоры)

УВКБ (Босқындар бойынша БҰҰ жоғарғы комиссарының басшылығы)

ЮНДКП (есірткі заттарды бақылау бойынша БҰҰ бағдарламасы)

ООН/ДОИ (қоғамдық ақпарат департаменті)

ЮНИДО (өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ)

ЮНСПИД (СПИД-пен күрес бойынша глобальді ВОЗ бағдарламасы)

МОТ (Халықаралық Еңбек ұйымы)

ДООН (БҰҰ өзі тіленгендер)

ПКНС ООН (есірткі заттарды бақылау бойынша БҰҰ халықаралық бағдарламасы)

Бұл өкілдіктердің барлық біріккен әрекеттері біздің экономикамыздың әлеуметтік-экономикалық тұрақтануы мен тұрақты дамуына көмектесуге бағытталған. Қазақстанның БҰҰ даму бағдарламасымен (ПРООН) ынтымақтастығы жақсы дамыды. Қазақстанда ПРООН өкілдігі 1993 ж. басында ашылған.

Қазақстан мен ПРООН ынтымақтастығын ұйғаратын бағдарламалар 1995 ж. бірінші жартысынан толық көлемде жүзеге асырыла бастады. Бұл ынтымақтастық келесі салаларды қамтиды:

Жұмыспен қамту. ПРООН ның турақты жұмыспен қамтудағы көмегі мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы, ірі мемлекеттік кәсіпорындарды қайта қүру мен шағын орта бизнесті дамытуға бағытталған.

Мемлекеттік секторды басқару. Ол үшін салада жүзеге асырылады:

а/ шетел көмегін басқару;

б/ Президент пен Премьер –министрге консультациялық қызмет жасау;

в) Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту.

  • энергетика

  • сауда

  • өнеркәсіп және таукен саласы

  • көмекті басқару

  • Арал теңізі

  • “Кешенді ”зонт “жобасы” – министерстволар ,мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар ,шағын бизнеске жедел көмек көрсету.

ПРООН арқылы алған Қазақстанның көмегі 1994ж. 446 мың долл. , 1995ж.-1817 мың долл.,1996ж.-1279 мың долл.,1997ж.-1200 мың долл. құрады.

БҰҰ даму бағдарламасын жүзеге асыруда келесі 5 жылға үлесі 7 млн. АҚШ долларына бағаланады.

ЮНЕСКО – білім ,ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ ұйымы өз офисін Қазақстанда 1994ж. қалап, білімді одан әрі дамыту үшін Азиялық Даму Банкісінен 1995-1996 жж несие алу қажеттілігін дәлелдеу үшін білім жүйесіне жан жақты талдау жүргізді. Сонымен қатар Арал мен Каспий теңізі,бұрынғы Семей ядер полигонының мониторингі жобасы жүзеге асырылды.

Қазақстанның ЮНЕСКО мен ынтымақтастығындағы маңызды кезең -Басты Конференцияның 27ші сессиясында. Еске қалатын және елеулі күндер Жылнамасына Абайдың 150 жылдық мерей тойын қосу туралы қабылданған шешімі. 1997ж. ЮНЕСКО эгидасымен М.О.Әуэзовтің 100 жылдық мерейі өткізілді.

“Мәдениет онжылдығы” мен “Жібек жолы – сұхбат жолы ” ұзақ мерзімді Бағдарламалар шеңберінде. Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлау мен Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің Бүкіл әлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенцияға сәйкес әлемдік мәдениет ескерткіштерінің қатарына қосу жоспарланды.

БҰҰ-ның Халық саны бойынша қоры (ЮНФПА) Қазақстанда 1992ж. жұмыс істей бастады. 1994 ж. “Тууды реттеу туралы және сәйкес қызметтер туралы мәліметтерге қол жеткізуді кеңейту” жобасы қабылданды. Бұл жобаны басқару үшін 1995ж. Алматыда арнайы офис құрылды. Бұл жұмыстың істелуінің нәтижесінде 1993-1996жж аралығында аналар денсаулығын қорғау мен жанұяны жоспарлау бойынша қазақстандық медициналық мекемелерге 1600000 доллар сомасына түрлі медициналық құрал-жабдықтар берілді. Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау министрлігінің араласуымен үш жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі Республиканы 638395 АҚШ доллары сомасына медициналық құрал-жабдықпен қамтуға бағытталған. Екіншісі Қазақстанда жанұяны жоспарлау мүмкіншілігін кеңейту мен репродуктивті денсаулық саласындағы қызметтердің сапасын жақсартуға арналған – 645808 АҚШ доллары сомасына. Үшіншісі- Қазақстанда жанұяны жоспарлау және репродуктивті денсаулық ЕС бағдарламасына көмек көрсету. Бұл жобаның жалпы құны 606954 АҚШ доллары болмақ.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) өз офисін Қазақстанда 1993 ж. қалады. Республика бұл ұйымнан көптеген көмектер алды. ВОЗ-бен ынтымақтастықта Қазақстан үшін келесі маңызды бағдарламалар дамуда:

  • денсаулық сақтау жүйесін реформалау;

  • ана мен бала денсаулығын қорғау;

  • медбике қарауы жүйесін реформалау;

  • тамақтандыру саласындағы ұлттық саясат;

  • жұқпалы ауруларды бақылау,

  • жұқпалы емес ауруларды бақылау;

  • дәрі-дәрмекті қолдану саясатын даярлау;

  • қоршаған орта мен денсаулық .

Алматыда СПИД бойынша ВОЗдың өкілдігі құрылған және әрекет етеді. Алғашқы мед-санитарлық көмек , азық-түлік ,сестралық іс және СПИД профилактикасы бойынша орталықтар жұмыс істейді. Семей ядерлі полигоны мен Арал аймағы халқын тексеру мен денсаулығын жақсарту бойынша бағдарламалар жасалуда.

Қазақстан ВОЗ және ЮНИСЕФ тарихына алғашқы мед-санитарлы көмек бойынша Алматы Декларациясын қабылдаған ел ретінде кірді.

Қазақстан ЮНИСЕФ (БҰҰ балалар қоры) ынтымақтастыққа көп көңіл бөліп отыр.

“Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ арасындағы 1995-1999 жж ынтымақтастық бағдарламасының ” негізгі жүзеге асырылу жоспары жасалынды:

1995ж Қазақстан үкіметі , “Бөбек” қорымен бірлесіп ЮНИСЕФ АСПЕРО бағдарламасын бастады.

Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері –кеңейтілген иммунизация , тамақтану , су сапасы мен қоршаған орта жағдайының оқу- білімнің мониторингі; әлеуметтік мобилизация мен ұсыныстар.

Қазақстан үкіметі мен ЮНИСЕФ Тәуелсіз вакцинация инициативасы туралы келісімге қол қойды, бұл келісім екі жасқа дейінгі балаларды алғаш рет вакцинацияға қажеттілікті өтейтінден вакциналардың әкелініп отыруын ұйғарды.

Алматыда ЮНИСЕФ көмегімен полиомелитті жою компаниясы басталды. Қазақстанға 4,3 млн вакцина дозалары облыстарға әкелінді және таратылды. Бұл компания кезінде Алматыдағы бес жасқа дейінгі балалардың 98%-не вакцина салынды.

1995ж. Қазақстан 3 жастан 16 жасқа дейін халықты жаппай иммунизациялау компаниясына кірісті. ЮНИСЕФ 1 млн. бір рет қолданылатын шприцтер мен инелер қамтамасыз етті. Балалардың 92 %-не дифтерияға қарсы вакцина салды.

ЮНИСЕФ Денсаулық сақтау министрлігімен бірге аудандық деңгейдегі педиаторлар мен жұқпалы аурулар дәрігерлерін оқытудың бағдарламасын жасады. Республиканың 8 облысынан 300 аудандық педиаторлар мен жұқпалы аурулар дәрігерлері қайта дайындаудың толық курсын өтіп шыққан өзге емдеу мекемелерінде оқытудың 4 орталығы мен 80 бөлімі ашылған.

ЮНИСЕФ тамақтандыру Институты бағдарламасын қаржыландыруды жүзеге асырды. Омыраумен тамақтандыру саласында 212 максан даярланды.

ООН/ДОИ -Қоғамдық ақпарат Департаменті БҰҰ бөлігі ретінде Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес құрылымдармен ,білім беру институттары мен академияларымен тығыз байланыста жұмыс істейді, олар арқылы БҰҰ туралы, оның жүйесі туралы ақпарат таратады және олар ақпараттық қызмет көрсетеді. Ол кітапханаларды БҰҰ түрлі конференциялары туралы басылыммен адам құқықтары бойынша халықаралық құжаттармен қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қатар жалпы қауым мен студенттердің БҰҰ мен қызметі туралы білімдерінің кеңеюіне әсер етеді. ООН ДОИ қазақстандық офисіндегі кітапхана Қазақстандықтар арасында да ,шетел азаматтары арасында да әйгілі.

БҰҰ өзі тіленгендер (ДООН) агенттігі Қазақстанда 1993ж. жұмыс істей бастады, ол ПРООН офисі арқылы болды. Сол кезден бастап 24 өз еріктерімен тіленген маман түрлі жобалар шеңберінде жұмыс істеп, 14 волонтердің Арал аймағы бойынша Жобаларға көмек көрсету орталықтарына қатынасы болды, 5 волонтер Республика үкіметінің министерстволары маңындағы тренерлер ретінде қызмет жасады.

Босқындар істері бойынша БҰҰ Жоғарғы Комиссарының Басқармасы- УВКБ өз офисін 1995ж. Қазақстанда ұйымдастырылып , сол кезден бастап босқындарға қатысы бар үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға көмектеседі , оларға техникалық және материалдық көмек көрсетеді.

Бүгінгі таңда келесі жобалар жүзеге асырылуда:

  1. 1500 афган босқындары –Оңтүстік Қазақстанның этникалық қазақтарын орналастыру . Жобаның жалпы құны –200000 АҚШ доллары.

  2. Ең аз қорғалатын топтарға –босқындарға Қызыл Крест пен Қызыл Полумесяц Қазақстандық қоғамдары арқылы материалды көмек көрсету.

БҰҰ есірткі заттарды бақылау (ЮНДКП) бойынша бағдарламасына қатысты 1997ж. шілдеде “Қазақстанда есірткі заттардың бақылауын жақсарту мен институционалды қамтамасыз ету ” жобасының жүзеге асырылуы басталған. Оның құны 1 млн. АҚШ долларын құрайды. (соның ішінде ЮНДКП үлесі-774000 , Қазақстан үкіметінікі – 21 1000 АҚШ доллары). Қазақстанның білім ,мәдениет және ғылым министрлігі Қазақстан мектептерінде наркомания профилактикасы бойынша оқыту бағдарламаларын жасау бойынша жұмыс тобын құрды.

Қазақстан формальді түрде өнеркәсіптік Даму бойынша БҰҰ-на (ЮНИДО) 1996ж. қосылғанымен , оғанға дейін Республикада ЮНИДО эгидасымен инвестициялық жобаларды құру мен бағалау бойынша, инвестициялаудың қаржылық ,салықтық және құқықтық аспектілерін талдау бойынша мамандарды даярлауға байланысты жобалар жүзеге асырылған.

1995ж. қазанда ЮНИДО мен ПРООН “Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға көмек көрсету” жобасын жүзеге асыруға кірісті.

1996 ж. қаңтарда ВИЧ/СПИД инфекцияларымен күреске байланысты БҰҰ-ның ортақ бағдарламасы басталды.

СПИД пен күреске байланысты ВОЗдың глобалды бағдарламасы (ЮНИСПИД) – ПРООН , ЮНЕСКО ,ЮНФПА ,ЮНИСЕФ,ВОЗ және әлемдік Банкпен бірігіп қаржыландырылатын бағдарлама.

ЮНИСПИД бағытында ортақ әрекеттердің арқасында 1996-1997жж. қол жеткізген нәтижелер:

  1. “ Қарағанды облысы мен бүкіл елде ВИЧ/СПИД пен наркомания эпидемиясына тиімді әсер етуді қамтамасыз ету ” бойынша ортақ жоба. Жалпы құны – 380000 АҚШ доллары.

  2. Қарағанды облысының пенитенциарлы мекемелерінде туберкулез бен ВИЧ/СПИД инфекциясы профилактикасы бойынша ортақ жоба.

  3. Жыныстық жұқпалы аурулар ,ВИЧ пен СПИД инфекциялары бойынша халықаралық құжат.

Халықаралық Еңбек Ұйымы (МОТ) өз офисін 1995ж. ақпан айында Алматыда құрды. Ол Қазақстан Үкіметіне қызметтің барлық салаларында көмек көрсетеді , ынтымақтастықтың негізгі бағыты- бүгінгі күні жүзеге асырылып жатқан “Жергілікті экономиканы қайта құру.Еңбек нарығының белсенді саясаты” жобасы. 1996ж. Қазақстан МОТтың келесі Конвенцияларына қосылды. ғ 155 “ Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мен гигиена туралы ”(1981ж.), ғ 148 “Жұмысшыларды жұмыс орнындағы ауаның ластануы,шу, вибрацияға байланысты кәсіби аурулардан қорғау туралы ” (1977).

БҰҰ мамандандырылған мекемесі Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, кедейшілікпен күрес ,жұмыспен қамту,әлеуметтік даму мен әлеуметтік қорғауды,денсаулық сақтауды қамтамасыз ету , экологиялық жағдайды тұрақтандыру , әйелдер дамуы және т.б. бойынша түрлі басқа да ұсыныстар жасаған.

1997ж. 7 маусымда экономикалық және әлеуметтік кеңестің сессиясында қатаң бәсекелестікте Қазақстан 1999ж. 1 қаңтардан бастап үш жылдық кезеңге тұрақты даму бойынша комиссияның мүшесіне сайланды. Азиялық аймақтан бұл БҰҰ маңызды органына қосымша Қытай және Корея Республикасы сайланды.

Қоршаған ортаны қорғау және даму мәселесіне арналған БҰҰ БА 19-ші арнайы сессиясында (1997 ж.маусым) Президент Н.Ә.Назарбаев Арал теңізі мен көпжылғы ядерлі сынақтардан жәбірленген Семей аумағының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде халықаралық ынтымақтастықты белсеңдету қажеттілігін атап кетті.

Сонымен , Қазақстанның БҰҰ мамандандырылған мекемелермен ынтымақтастығының тереңдету мен кеңейтуіне тұрақты тенденциясы бар.

БҰҰ реформалау мәселелері .

Біріккен Ұлттар Ұйымының 50жылдан астам өмір сүруінің ішінде әлем өзгерді: ондаған жаңа мемлекеттер пайда болды,адамзат үлкен ғылыми-техникалық прогресс жасап үлгерді. Ал әлем алдында сол бұрынғы мәселелер қалып отыр: соғыс, аштық , кедейшілік және теңсіздік жер бетінен кеткен жоқ ,Біріккен Ұлттар Ұйымы тап осы мәселелерді жоюға бағытталғанына қарамастан. Әрине , бұл мәселелер өте шиеленісіп , қатты батып тұрған мемлекеттердің БҰҰ қызметіне сынау жасап,бұл ұйымда радикалды өзгерістер жасауға талпынып отырғандары орынды.

Қазақстан Республикасы БҰҰ реформалау мәселесінде салмақты позицияны ұсынып отыр. Бір жағынан , БҰҰ қайта құрғанда асығушылық жасасақ ,әлемнің тұрақсыздығына әкелуі мүмкін. Өйткені түрлі кіші және үлкен мемлекеттерден тұратын бұл бірегей ұйым демонтажға ұшырап отыр. Ал екінші жағынан, БҰҰ әлемнің геосаяси картасындағы үлкен өзгерістерге немғұрайлы құрайтын қатып қалған ұйым болмауы керек.

Қазақстанның БҰҰ реформалауға қатысты көзқарасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 1995ж. 22 қазандағы БА арнайы санатты отырысында сөйлеген сөзінде білінді.

Ол-Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту.

  • қауіпсіздіктің глобальді және аумақтық жүйелерін шешудегі оның ролін күшейту.

  • Бейбітшілік сақтаушы күштер қорын құру.

  • БҰҰ БА сессиясын арнайы күн тәртібін белгілей отырып өткізу.

“Біріккен Ұлттар Ұйымының реформалауы –ХХІ ғасыр шақыруына тұрарлық жауап ”, және т.б.

Бірақ бұл акциялар абайлықпен жасалынуы керек және тексерілуі тиіс , халықаралық құқықтың маңызды субъектілерімен үйлескен болуы керек. Мұндай маңызды мәселеде тегіс қамти алатын консенсусқа жету керек. Әйтпесе, бүкіл халықаралық қатынас жүйесінің теңсіздігі қаупі бар.

АҚШ көзқарасы. АҚШ президенті Клинтонның ойынша БҰҰ өз актуалділігін сақтап қалып ,еркіндікке ,бейбітшілікке және өркендеуге бет алу жолында одан да үлкен роль атқаратын болатындай реформалануы керек. У.Кристофер БҰҰ реформалау оны қолдаудағы негізгі аргумент болып келеді және АҚШ әкімшілігінің ойынша оның тиімділігін арттыратын шараларға келесілер жатады деп айтты :

  • өз мақсаттарына жеткен бағдарламаларды жойып ,функционалды мақсаттары сәйкес келетін бағдарламаларды біріктіру;

  • БҰҰ конференцияларына мороторий енгізіп, жүктелініп қойған міндеттерді орындауға күш жұмылдыру;

  • БҰҰ секретариатының есеп берушілігі мен бақылауда болуын қамтамасыз ету.

  • ОМП (бейбітшілікті сақтап қалу бойынша операциялар) өткізу мақсаттарына үлестердің әділетті шкаласын жасау мен жедел өзгерту бойынша БҰҰ мүмкіншіліктерін жетілдіру;

  • Қауіпсіздік Кеңесі құрамын орынды кеңейту ;

  • БҰҰ қаржылық жүйесін жетілдіру.

БҰҰ реформалаудың қажеттілігін айта отырып, Еуропалық одақ. БҰҰ бүкіл жүйесінде ЭКОСОС пен Басты Ассамблея арасындағы жарысқа түсуді жоюды ұсынды. Тағы оның ойынша ОМП мен превентивті дипломатия миссиясы кейін де Қауіпсіздік Кеңесі қызметінде маңызды орынға ие болып қалуы керек.

Ресей көзқарасы. Ресей Президенті Б.Н. Ельцин БҰҰ реформалауын қолдайтындығын білдіре отырып , Қауіпсіздік Кеңесі жауапкершілігінің артуы мен әлемнің түрлі аумақтарының мүдделерін ескеру жағдайында ғана Қауіпсіздік Кеңесі кеңеюін қолдайтындығын айтты. Ресей ТМД аумағында бейбітшілік құру мәселесіне БҰҰ қатынасының табанды өзгеруін жақтайды.

ҚХР көзқарасы Қытай басшылығының ойынша БҰҰ негізгі міндеттеріне қауіпсіз бейбітшілікті қамтамасыз ету , халықаралық қатынастарды реттейтін нормаларды күшейту , халықаралық экономикалық қатынастардың жаңа түрін құру ,адам өмірі мен дамуына қатер төндіретін мәселелерді шешуде әрекеттерді біріктіру жатады.

Жапония БҰҰ реформалауды және Қауіпсіздік Кеңесінің оның тұрақты және тұрақсыз мүшелерінің санын көбейту негізінде кеңейтуді жақтайды. Жапония Қауіпсіздік Кеңесі толық мүшесінің міндеттерін орындауға дайын,-деп Жапония сыртқы істерінің министрі И.Коно айтты.

БҰҰ реформалауында бюджет маңызы зор.

Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржылық жағдайының тұрақсыздығы теңдесі жоқ болып келеді және оның потенциалына зиян келтіреді. Көптеген жылдар аралығында оған бюджет дефицитін жабу үшін бейбітшілікті сақтап қалуы бойынша операциялар шотынан қаражаттар алып отыруына тура келген , ол кейбір мүшелердің үлестерін төлемеуімен түсіндіріледі. Яғни ұйым мүше-мемлекеттердің Қауіпсіздік Кеңесі резолюцияларына сәйкес әскерді және материалдық құралдарды беруіне байланысты туындаған шығындарды өтемейді. Қазір бұл қайнар көз де таусылуға жақын. БҰҰ жақын арада бұл мәселені шешіп , келешекте барлық мүше-мемлекеттер өздерінің Ұйым алдындағы заңды жауапкершіліктерін орындайды және өздері арасында міндеттерін орындап, толық көлемде және уақытылы үлестерін төлеп отыратындығына сену керек.

Соңғы кездері бұл жағдайдан шығу жолы ашылған сияқты. БҰҰ-на Еуропалық Одақтың 15 елі БҰҰ қаржылық жүйесін реформалаудың ұсынысы бар арыз жіберді. Бұл реформалаудың мәні мынада-мүшелік үлестердің көлемін елдің халық басына шаққандағы ұлттық өнімнің мөлшеріне қарай өзгерту ,яғни бұл көрсеткіш жоғары болатын елдер (мысалы Жапония , Германия ,кейбір бай Азиялық мемлекеттер) жоғарырақ процент төлейді. Қазақстан да БҰҰ қаржылық мәселесін шешуге өз ұсынысын жасады. Оның мәні мынада: БҰҰ шығындарының негізгі статьясына бейбітшілік сақтау операциялары жататындықтан, бейбітшілік сақтау әрекеттерінің қорын құру, оған әрбір мемлекет өз қорғаныс шығындарын 1% қысқарту негізінде ресурстар бөліп отыратын еді.

Қазір БҰҰ реформалауы кадрларды қысқартудан басталды. Ағымдағы екіжылдық БҰҰ бюджеті қатаң болып келеді, және Бас хатшы өткен екіжылғы кезең бюджетімен салыстырғанда 252 миллион долларға кем бюджетпен БҰҰ қызметін атқаруына тура келеді. 1998-1999 жж ұсынылған бюджет тағы 120 миллионға азаяды. БҰҰ штаты 1980-1997 жж. аралығында 12000 ден 8000 ға дейін қысқарды. АҚШ және өзге мемлекеттер бұл қысқарудың белсенді инициаторлары болды, бірақ өздері қолдаған қатаң бюджетке үлестерін қосқан жоқ. Қалған қажетті қаражаттарды БҰҰ көптеген операциялары бойынша шығындарды қысқарту негізінде өндіруге тура келеді.

Қаржы реформасы қажеттілігімен қатар, БҰҰ басқа да бірнеше мәселелерге тап болды. Бейбітшілік мәселесін қарастыра отырып , көптеген қазіргі уақыттағы соғыстар мемлекет ішінде болып жатып, этнос аралық және діни қақтығыстармен анықталатындығын ескеру керек. Ал БҰҰ сәйкес құрылымдары мен механизмдері ең алдымен, сыртқы агрессия мен халықаралық қақтығыстар қауіпін ескереді. Қауіпсіздік Кеңесі ,бейбітшілік мәселесіне қатысты шешімдер қабылдаудың ең белсенді органы ретінде , БҰҰ құрылуынан бастап халықтар жағдайындағы өзгерістерді көрсетіп , келешекте де соларды көрсетіп отыруы керек. Басқа сөзбен айтқанда, оның құрамы сандық және сапалық жағынан өзгертілуі тиіс. Сонымен , ең шешуші мәселелердің бірі- Қауіпсіздік Кеңесін реформалау. Бірақ оны қалай жасау керек ? Көптеген саясаткерлер ойынша, оның 5 тұрақты мүшелері – АҚШ ,Ресей, Франция, Қытай, Ұлыбритания 1945 жылдың геосаяси жағдайын қамтып көрсетеді , бірақ ХХ ғасыр 90-шы ж. жағдайын емес. Жапония мен Германияны қосу арқылы Қауіпсіздік Кеңесін кеңейту қарапайым және орынды сияқты. Бұл идеяны Қазақстан да қолдап отыр. БҰҰ 50-ші сессиясында Президент Н.Ә.Назарбаев сөз сөйлегенде БҰҰ негізгі элементі болып Қауіпсіздік Кеңестің глобалді мәселелерді шешудегі ролінің күшеюі болар еді. Ол үшін, ең алдымен , Жапония мен Германия Кеңеске толық құқылы мүше ретінде кіруі керек. Сонымен бірге әлемнің барлық аумақтарындағы мемлекеттердің бұл органға кеңірек қатысуына шаралар қолданған дұрыс еді.1

Бұл ескертпе өте орынды ,бірақ шын мәнінде Қауіпсіздік Кеңесінің құрамының өзгеруі өзінің артынан көптеген өзгерістер тудырады.

Неге, мысалыға, Индия мен Нигерия сияқты үлкен мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесінде бола алмайды? Сонымен қатар, кішігірім мемлекеттер Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты емес мүшелерінің санының артуын талап етеді. 1998ж. мамырда БҰҰ Қазақстан Республикасы тұрақты өкілі ның өсуін дұрыс деп отыр.

Үлкен “бестік” Қауіпсіздік Кеңесінде шешімдер қабылдау монополиясы үшін мазасызданып отыр. Сондықтан Қауіпсіздік Кеңесін кеңейту мәселесі консенсусқа жеткенге дейін кейінге қалдырылған. Сонымен қатар Қазақстан ветоны қолдану саласы бейбітшілікті мәжбүрлеу арқылы сақтау бойынша шаралармен ғана шектелуі тиіс деген ұсыныс енгізді. Ол тұрақты және тұрақсыз мүшелер арасындағы айырмашылықты азайтып, көптеген мәселелер бойынша шешімдерді орындауды кейінгіге қалдыруға вето қолданбауды қамтамасыз етеді.

БҰҰ құрылу күні мен Жарғының қабылданғанынан бұрын ұйым жиі қолданатын адаптация практикасы енді бізді қанағаттандырмайтын болады. Келешек ғасырда тиімді қызмет жасау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы өз потенциалын ашу керек : өзара толықтырушы және өзара тұрақтандырушы оның ішіндегі механизмдер. Өзге сөзбен айтқанда БҰҰ реформасы бірітіндеп емес, радикалды болуы керек . Осыған байланысты БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан үш қадам жасау керек. Оның әрқайсысы мүше-мемлекеттер тарапынан қолдауды қажет етеді.

Бірінші қадам БҰҰ Секретариаты шеңберінде Ұйымға ортақ механизм ретінде қызмет етуге мүмкіншілік беретін қажетті құрылымдар құрумен байланысты. Әрине, ол барлығы бірдей бір қадам жүреді дегенді білдірмейді. Және ол мұндай механизмнің әрбір компонентіне сай сипаттамаларды жоққа шығаруды жобаламайды.Сонымен қатар , ұйым құрамына кіретін бөлімшелерді пайдалана алатындай болуы керек.

Параллелизм мен қайталаушылыққа жол бермеген дұрыс. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін реформалар бойынша ұсыныстардың көбі бағытталған , олардың ең маңыздылары Бас хатшының бірінші орынбасары лауазымын құруды , аға басшылар тобын , төрт секторлық атқарушы комитеттер құруға ,стратегиялық жоспарлау тобы мен Даму мәселесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының тобын құруды ұйғарады.

Екінші шешуші қадам Ұйымның директивалары органдары мен Бас хатшы арасында қызметтерді қайта бөлумен байланысты. “Қырғи қабақ соғыс” дәуіріне тән қорғаныс саясаты тәжірибесіне байланысты себептерден Ұйым көбінде директивалы шешімдер қабылдайды. Мүше-мемлекеттер есептілікті талап етеді және оған тұрарлық , алайда Секретариат өз алдындағы міндеттерді ең аз шығындармен және тиімді жолмен орындау үшін икемді болуы тиіс. Бүгінгі күнгі жағдай ешбір тараптың мүддесіне сай келмейді. Бұл мәселені шешуге БҰҰ Бас хатшысы Кофи А. Аннанның реформа бойынша ұсыныстары бағытталған , сонымен қатар Басты Ассамблея жұмысы мен күн тәртібін реттеуге жаңа мандаттарды шектейтін шешімдер қабылдауға қатысты және нақты нәтижелерге бағытталған бюджетті құруға қатысты рекомендациялары жасалған.

Тіпті мұндай тиімді жүйенің өзінде кадрлардың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметкерлері өте құнды ресурс болып келеді, бірақ ол түрлі функциялардың жүзеге асыруын ынталандырғанның орнына қиындататын ережелер мен жағдайлардың әсерінен дұрыс пайдаланылмайды. Ұйымға карьераны дамытудың өмір сүрерлік бағдарламасы керек , жұмыстың нәтижесін бағалаудың нақты критерийлері мен мадақтау және сынаудың тиімді механизмін ойластырған жөн және барлығын біріктіретін корпоративті мәдениетті дамытқан орынды болар еді. 1

Барлық жаңалықтар шақыруына уақытылы жауап беретін жаңарған Біріккен Ұлттар Ұйымы тек өз-өзін ғана байытып қоймайды, сонымен қатар келесі жүзжылдық табалдырығын аттағай тұрғанда батылдылық сезімін берер еді.

Көптеген мүше-мемлекеттер БҰҰ реформалауды қолдап отыр. Барлығы ешбір халықаралық құрылым ХХІ ғ. басында глобалді қауіпсіздік пен әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін егер ол Батыс Еуропа , Оңтүстік – Шығыс Азия және Солтүстік Америкадағы жаңа пайда болған орталықтарды ескермейтін болса шеше алмайтындығын түсінді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Речь Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на 47-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН (Нью-Йорк, 5.10.1992.)

  2. Арыстанбекова А. 50 лет ООН: юбилей, реформы, будни.// Казахстан и мировое сообщество. 1996. ғ 4.

  3. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на спциальном заседании 50-й юбилейной сессии Генеральной Ассамблеи ООН (Нью-Йорк, 22.10.1995 г.) // Дипломатический курьер. 1996. ғ 1.

  4. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на саммите тысячелетия. (Нью-Йорк, 10. 2000 г.)

  5. Токаев К.К. Организация Объединенных Наций: полвека служения миру. Алматы, 1997 г.