- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі ұлттық заңмен реттеледі. Консулдар Сыртқы Істер Министрлігімен тағайындалады. АҚШ, Ұлы Британия және кейбір мемлекеттерде консулдарды мемлекет басшылары тағайындайды. Мекендеу мемлекеті консулдың тағайындалуы туралы хабарландырылады.
Кейбір мемлекеттер консулды тағайындау кезінде мекендеу мемлекеттен алдын-ала келісімді сұрайды.
Сыртқы Істер ведомствосы тағайындайтын консулға, оның өкілеттіктері туралы куәлік-консулдық патенті береді. Патентте консулдың толық аты-жөні, азаматтығы, сыныбы, лауазымы, консулдық аймағы мен консульстваның орналасу жері көрсетіледі.
Консулды қабылдайтын мемлекет консулдың міндеттерін атқару үшін арнайы - рұқсат консулдық экзекватураны береді.
Көптеген мемлекеттерде экзекватураны Сыртқы Істер ведомствосы береді және ол жеке құжат ретінде немесе консулдық патентте жазу ретінде болуы мүмкін.
Консул экзекватураны алғаннан кейін консулдық қызмет басталады.
Барлық консульстволар өз мемлекеттінің Сыртқы Істер Министрлігіне бағынышты болады, өздерінің қызметі үшін оның алдында жауап береді. Сонымен бірге, олар өз мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктеріне (елшіліктерге) (олардың консулдық бөлімдері консульстволардың қызметін бақылайды) тікелей бағынады.
Дипломатиялық өкілдік жанындағы консулдық бөлімдерді дипломатиялық рангілері бар меңгерушілер басқарады. Олардың тағайындалуы және оларға ранг беру дипломатиялық персонал үшін бекітілген тәртіп бойынша сыртқы істер ведомстволармен жүзеге асырылады. Елшіліктің лауызымды тұлғасы ретінде консулдық бөлімнің меңгерушісіне консулдық патент және экзенвантура керек жоқ.
Дипломатиялық өкілдігінің консулдық бөлімдердің қызметкерлері бөлімнің меңгерушісімен бірге дипломатиялық өкілдіктің персоналы болып табылады және дипломатиялық артықшылықтар мен иммуниттерге ие болады. Яғни, олардың артықшылықтары мен иммуниттерінің көлемі жеке консулдық мекемелерде қызмет ететін консулдардан көбірек.
Консулдық бөлімнің және консулдық өкілдіктің атқаратын функциялары бірдей.
Сыртқы Істер ведомстволарында консулдық қызмет Департаменттері бар.
ҚР СІМ-ң Консулдық қызмет Департаменті ҚР-ң консулдық мекемелері қызметін басқаруды жүзеге асырады.
1963ж Вена Конвенциясына сәйкес мемлекеттің консулдық мекемелері мынандай штаттардан тұрады:
1) тікелей консулдық функцияларын атқаратын консулдық лауазымды тұлғалардан (бас консул; консул; вице консул; консулдық агент; проконсул - тар шеңбердегі сұрақтар бойынша консулдың көмекшілері, мысалы, нотариалдық істер бойынша; консул мекемелерінің хатшысы,стажер).
2) әкімшілік- техникалык персонал (референттер, аудармашылар, шифровальщиктер және т.б.)
3) күтуші персонал (шофер, баушы және т.б.)
Консульствоның ішкі құрылысы және тиісті лауазымдарды бекіту жіберген мемлекттің заңымен реттеледі. Сонымен қатар, жіберген мемлекет өзінің консулдық мекеменің персонал санын белгілейді. Бірақ, 1963 ж Вена Ковенциясына сәйкес консулдық аймақтағы жағдайларды ескере отырып, егер екі мемлекеттік арасында консулдық мекеме персоналының саны туралы нақты келісімі болмаса, қабылдайтын мемлекет жіберген мемлекетке консулдық мекеме персонал санын азайту туралы ұсыныс беруге құқылы /20 баб/.
Консулдық корпус.
Консулдық корпус түсінігі тар және кең мағынада қолданылады.
Тар мағынада консулдық аймақта орналасқан консулдық мекеме басшыларының жиынтығын айтамыз. Кең мағынада консулдық аймақта орналасқан барлық шетел консулдық лауазымды тұлғалардың және олардың жанұялары мүшелерінің жиынтығы. Консулдық корпусқа құрметті (штаттан тыс) консулдар және дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдерінің кызметкерлері кіреді.
Консулдық корпус церемониялды іс-шараларға қатысады - құттықтау, көңіл айту, кездесулерді ұйымдастыру және т.б.
Консулдық корпусты дуайен ( экзекватураны алу уақыты және консулдық сыныбы бойынша ағалығы жоғары болған консулдық мекеменің басшысы) басқарады. Дуайен жаңадан келген консул мекемелерінің басшыларын мекендеу мемлекетінің заңы мен әдет-ғұрыптарымен, консулдық аймақтың ерекшеліктерімен, консулдық аймаққа кіретін мекендеу мемлекеттің әкімшілік-территориалдық бірліктердің басшыларымен таныстырады және ішкі мәселелерді шешеді, консулдық корпус мүшелерінің құқықтарын қорғайды және т.б.
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер.
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер - мекендеу мемлекеттінде өзінің қызметін жеңілдету мақсатымен консулдық өкілдіктеріне, әр түрлі класстағы консулдарға, консульствоның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар және мекендеу мемлекетінің юрисдикциясынан тыс болу. Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы негізгі ережелер 1963 Вена Конвенциясымен (31-34, 41-43, 53 баптарында) реттеледі. Консулдық функциялар дипломатиялық функцияларына қарағанда шектелген болады және олардың өкілдік сипаты кемірек болады. Сондықтан, консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерінен айрықшаланады.
Консулдық функцияларды тікелей атқарған консулдық лауазымды тұлғалар консулдық артықшылықтар мен иммунитеттерге толық көлемде ие. Әкімшілік-техникалық және персоналдың артықшылықтары мен иммунитеттері екі мемлекет арасындағы келісімімен белгіленеді.
Консулдық өкілдіктер келесі артықшылықтар мен иммунитеттерге ие болады: консульстволардың ғимараттарына, олардың транспорттық құралдарына, консульстволардың қызметкерлері мен лауазымды тұлғалардың үйлеріне, консулдық архивтер мен құжаттарына қол сұқпаушылық және консулдық мекеме басшысының резеденциясына қолсұқпаушылық. Бұл баспаналарға кіру үшін консулдық өкілдігі басшысының келісімі немесе өтініші керек.
Консулдық мекемелерінің баспаналарына қол сұқпаушылық мекендеу мемлекеттерімен екі жолмен қамтамасыз етіледі.
Баспаналардың тиімді сыртқы күзетін қамтамасыз ету.
Мекендеу мемлекеті билігінің консульствоның баспанасына кіруді шектеу.
Консулдық баспанаға қол сұқпаушылықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі ол 1963ж Вена Конвенцияның 31 бабының 2 тармағы бойынша мекендеу мемлекеттің өкіметі тек консулдық мекемелерінің қызметі үшін қолданылатын консулдық баспаналарға консулдық рұқсатынсыз кіре алмайды.
Екінші ерекшелігі ол 1963ж Вена Конвенцияның 31 бабының 2 тармағы бойынша кідіртпейтін шараларды керек ететін форс-мажорлық жағдайларда консульство басшының мекендеу мемлекет өкіметінің консулдық баспанаға кіруіне келісімі бар деп есептеуге болады.
Консульстволарда келесі құқықтар болады: мекендеу мемлекеттінде және үшінші мемлекет территорясында орналасқан өз мемлекеттік дипломатиялық және консулдық мекемелерімен өз мемлекетінің өкіметімен кедергісіз байланыса алады, шифрлік депешаларды, арнайы курьерлерді және жай байланыс әдістерді қолдана алады, әр түрлі салық, алым, баждардан босатылады, консулдық мекеме басшының машинесінде және консулдық ғимаратта консулдық қалқаны (мемлекет эмблемасы) бекіту және туды ілу.
Консулдық лауазымды тұлғаларының жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге ең алдымен жеке басқа қолсұқпаушылық жатады, бірақ егер мекендеу мемлекетінде дипломаттардың абсолютті қол соқпаушылығы болса, қонсулдық лауазымды тұлғаларда мекендеу мемлекетінің юрисдикциясынан шектелген иммунитеті болады. Олар өкілетті сот билігінің қаулысы бойынша ауыр қылмыстар үшін қамауға алына алады. Өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты әрекеттерге қатысты консулдық лауазымды тұлғалар мекендеу мемлекетінің юрисдикциясынан босатылады. (1963ж Вена Конвенциясы 43 бап)
Консулдар куәлар ретінде шақырыла алады, бірақ бас тартқан жағдайда оларға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды.
Консульствоның лауазымды тұлғалары және олардың жанұя мүшелері салық, алым, баж, кеден баждарын төлеуден, жеке багажды қараудан және жеке міндеттіліктерден босатылады.
