- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
Игі қызметтер мен татуластырушылық бұл халықаралық дауларды үшінші тараптардың көмегімен шешу. Олоардың өзара ұқсастықтары да, сондай-ақ айырмашылықтары да бар.
Бұл туралы 1899 және 1907 халықаралық қақтығыстарды шешу жөніндегі игі конвенцияда аталған. Үшінші тарап өз бастамашылығымен немесе басқа біреудің өтінішімен игі қызметтер мен татуластырушылықты жүзеге асыруы мүмкін болып табылады.
Олардың арасындағы айырмашылықтар келесідей көрініс табады. Игі қызметтерді жасау тараптардың келіссөзге келуіне түрткі болу үшін арасындағы байланысты жақсарту. Игі қызметтерді жасаушы тарап келіссөзге катыспауы керек. Татуластырушылықта үшінші тараптың қатысуы аса белсенді болады. Оның мақсаты тараптардың арсындағы байланысты жақсарту ғана емес олардың ымыраға келуіне жағдай туғызу.
Кең көлемді құқықтарға иелене отырып татуластырушы (делдал) белгілі міндіттерді сақтау керек: бір тарапқа көмек көрсете отырып келесі тарапқа зиян келтірмеуі керек, егеменді құқықтарды құрметтеу керек.
Жоғарыда екі әдіс жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Оларды мемлекет, халықаралық ұйымдар, олардың тұлғалар, көрнекті қоғам қайраткерлері жүзеге асыра алады.
Мемлекет өзінің халықаралық қатынасында бұл тәсілдерді белсенді түрде қолдана алады. Бұл XVІІІ-XІX ғасырда осындай ұсыныстар жасаған Ресейге де қатысты. КСРОның Үкіметінің игі істері танылады. Ол Франция мен Швеция арасына татуластырушы ретінде қызметі.
КСРОның ұсынысынан бас тартқан жағдайлар да болды. 1945 жылы жапон үкіметі КСРОға Жапония мен Қытай, АҚШ, Англия арасында татуластырушы болуды ұсында. Ол Қиыр Шығыстыға соғысты тоқтату мәселесіне байланысты болды.
Практикада БҰҰ игі қызметтерді атқаруда БҰҰның басты хатшысы немесе анрайы өкілдері жиі жүзеге асыратын болды. Бас хатшысының игі қызметтері 1962 жылы КСРО мен АҚШ арасындағы кариб дағдарысы бойынша келіссөз жүргізген кезде айқын көрінді. Сондай-ақ оның татуластырушы әрекеттері 1988 жылғы Ауғаныстандағы қақтығыстарда мағызды роль ойнады.
1899 және 1907 жылы даулы тараптар татуластырушы державаны таңдап алатын болды. Бұл державалар бір-бірімен тікелей байланыста болу керек болды. Осындай әрекеттердің көмегімен шекара жөніндегі аржирлік-морокколық дау шешілген еді.
Халықаралық тергеу және келісім ккомиссия даулысушы тараптардың бастауымен құрылған органдар. Кей кезде оған үшінші тұлғалар тартылады. БҰҰ Жарғысының 33бабына сәйкес бұл тәсілдер “Зерттеу”, ”Келісім” терминдерімен көрсетілген.
Бұл тергеу комиссияның міндеті дауға қатысты фактілердің нақтылығын тексеру. Ал Келісім комиссиялары дау да шешуге күш салынады. Бұл екі комиссиялардың қорытындылары факультативті сипатқа ие. Олар онымен келіседі немесе бас тартуға құқығы бар. Бірақ мұндай қортындылардың міндеттілік сипатқа ие болуы да кездеседі. Мысалы, 1948 жылы Дунайдағы кеме режимі жөніндегі конвенция.
Халықаралық Тергеу комиссияның қалыптасу мен әрекет ету тәптібі Ресейдің басшылығымен Гаага конвенциясымен бекітілген. Бұл конвенцияның мақсаты болып дауларды шешудегі фактілерді қарастыру табылады. Тергеу комиссияның дауласушы тараптардың арасындағы ерекше келісім негізінде құрылады. Келісімге қарауға жататын фактілер, комиссиялардың қзіретінің көлемі, сондай-ақ комиссияның орналасу жері және ол қолданатын тіл айқындалуы тиіс. Егер тараптар басқадай келісімге келмесе онда 12 және 45 бапқа сәйкес әпбір тарап комиссияға Аралық соттың тұрақты палатасының мүшелерінің жалпы санынан екі комиссир тағайындайды. Комиссияның төрт мүшесі комиссияның төрағасы етіп бесінші мүшені тағайындайды.
1899 және 1907 жылдардағы Конвенцияда тергеу жүргізудің ережелері бекітілген. Олар: тергеудің жарыспалы принципте жүгізілуі; комиссиның отырысы жабық болып өтеді; шешім комиссия мүшелерінің жоғарғы дауысымен қабылданады. Комиссия оның мүшелерінің қолы қойылған баяндама толтырып, оны тараптарға ұсынады. 35 бапта көрсетілгендей комиссияның баяндамасы аралық сот шешімінің сипатына ие бола алмайды. Тараптарда да осы фактілік қорытындылары өзінің еркінше қолдануға толық құқық сақталады.
Тергеу процедурасы 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі Женева конвенциясында қарастырылған.
БҰҰ тәжірибесінде фактілерді анықтау жөніндегі жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді. Бас Ассамблея фактілерді анықтау әдістері жөніндегі мәселелер бойынша өзінің бірқатар резолюцияларында, мысалы, 1963 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған резолюцияда, дауды бейбіт шешу кезінде тергеу тәртібіне көңіл бөлген.
1991 жылы 9 желтоқсанда Бас Ассамблея мен халықаралық қауіпсізідік пен бейбітішілік қолдау аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының актілерін бекіту жөніндегі Декларация қабылданды. Декларация Қауіпсіздік Кеңес пен Бас Ассамблеяның бейбітшілік пен қауіпсізідікті сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыру барысында сол болып жатқан дау немесе оқиға туралы барлық мәліметтерді нақты білу керек. Декларация фактілерді анықтау бойынша миссия құру мәселелерін еттейді. Мұндай миссияларды кез келген мемлекет территориясына жіберу үшін біріншіден ол елдің келісімі керек. Декларация миссияны ұйымдастыру мен жүгізу үшін ең бірінші сарапшылардың тізімін құратын және жақсартатын Бас хатшысының қызметтерін пайдалану керек. Бірақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеяның арныйы көмекші органдарының көмегін де пайдалануға болады.
Бітістіру комиссиялары халықаралық қатынасты тергеу комиссяларынан кейін ғана пайда болды. Доктринада алғашқы бітістіру комиссиясының 1909 жылғы АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы келісім-шарт бойынша құрылғандығы аталады.
Бітістіру комиссияның қалыптасуы мен қызмет жасауы жөніндегі тәртібі нақтырақ 1928 жылғы жалпы актіде қарастырылған.
Жалпы акт осы актіде қаьысушылар арасындағы дау сол дауласушы тараптар құрған тұрақты немесе уақытша арнайы комиссияларымен қарастырады ӨӨӨ көрсетілген. Комиссия құрамында бес мүшеден тек біруі ғана дауласушы тарапатың азаматы болуы керек. Комиссияның басқа үш мүшесі тараптардың келісімімен үшінші державаның азаматтарынан сайланады.
Келісім комиссиясындағы өндіріс жарыспалы сипатта болып, шешім комиссия мүшелерінің дауысымен қабылданады.
Келісім комисссиялары ережелер бірқатар екіжақты және көпжақты шарттар мен конвенцияларда көрсетілген.
КСРО тәжірибесінде келісім комиссиялары шешу үшін өз дамуын тапты. Екі жақты келісім нігізінде келісім комиссиясы құрылады. Онық құрамында шеара комиссирдалары (өкілдері) болады. Олар дауды не өздері шешеді не өз үкіметінің қарауына тапсырады.
Келісім комиссиясының әртүрлі жүргізу тәртіптері мемелекеттердің халықаралық ұйымдармен жалпы сипаттағы қатынастарда олардың өкілдіктері жөніндегі Вена конвенциясында, сондай-ақ 1982 жылы Теңіз құқығы бойынша БҰҰның конвенциясында көзделген. 1995 жылы БҰҰ шеңберінде мемлекеттердің арасындағы дауларды шешу жөніндегі типтік ережелер қабылданды (БА рез. 50/50 11 желтоқсан 1995 жыл). Типтік ережелер қолдануға жатады егер мемлекеттер ымыраға келу жөнінде жазбаша нысанда келіссе. Ол жұмыстардың нәтижелері ұсынбалы сипатқа ие. Ымыраға келудің түрлі сатыларында тараптар БҰҰ Бас хатшысынан оларға көмек көрсетуді сұрайды.
