- •Жалпы бөлім
- •Қазіргі кездегі халықаралық құқықтың түсінігі. Жоспары:
- •1 Қазіргі жаңа кезеңде халықаралық қарым-қатынастың негізгі сипаты.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырқша жүйесі ретінде.
- •3. Халықаралық құқықтың қазіргі жаңа кезеңдегі атқаратын қызметі.
- •4. Кодификация және халықаралық құқықтың қарқынды өркендеуі.
- •5. Халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық
- •Ежелгі дүниенің халықаралық құқығы.
- •2. Халықаралық құқықтың және халықаралық құқық ғылымының даму тарихы.
- •Халықаралық құқықтың қалыптасуы және оның тарихи кезеңдері.
- •Орта ғасырдың және жаңа ғасырдың халықаралық құқық және халықаралық құқықтық көзқарастары.
- •Қазіргі заманның халықаралық құқығы.
- •3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері мен жүйесі
- •1. Халықаралық құқықтың нормалары.
- •2. Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •3. Халықаралық құқық қайнар көздерінің негізгі түрлері.
- •4. Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздері.
- •4. Қазіргі замандағы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының ұғымы мен жіктелуі.
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •Күш қолданбау қағидасы.
- •Шекара беріктігі қағидасы.
- •Мемлекеттердің территориялық тұтастық қағидасы
- •Халықаралық дауларды бейбіт жол мен шешу қағидасы
- •Халықтардың тең құқықтығы мен өз-өзін анықтау қағидасы.
- •Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидасы
- •6. Халықаралық құқық субьектісі.
- •3.Мемлекеттер сабақтастығы
- •Осындай жағдайларда Халықаралық Құқықтың рөлі
- •7. Халықаралық шарттар құқығы.
- •Халықаралық ұйымдар құқығы.
- •2. Халықаралық ұйымдардың түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •3. Халықаралық ұйымдардың даму тарихы.
- •9. Қазақстан -бұҰның мүшесі. Бұұ ның реформалау мәселесі. Жоспары:
- •11. Халықаралық құқықтық жауапкершілік.
- •Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық жауапкершілігі.
- •13. Дипломатиялық және консулдық құқық
- •Қазіргі таңда дипломатиялық және консулдық құқық, жүйелеу және прогрессивті даму тұрғысынан алғанда, халықаралық құқықтың бір ретке келтірілген саласы болып табылады.
- •Дипломатиялық құқықтың түсінігі
- •Дипломатиялық корпус
- •Консулды тағайындау мен қайта шақырудың тәртібі
- •14. Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі және субьектілері.
- •2. Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •3.Халықаралық экономикалық құқық қағидалары.
- •4.Халықаралық экономикалық қатынастардың жекелеген салаларындағы қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •5.Аймақтық экономикалық қауымдастықты халықаралық-құқықтық реттеу.
- •6. Қазақстан Республикасының экономикалық органдары.
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтасуы
- •Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығының салалары.
- •16. Территориялар және басқа кеңістіктер.
- •Халықаралық өзендер.
- •Антарктаркиканың халықаралық режимі.
- •Ұсынылған әдебиеттер:
- •17.Халықаралық әуе құқығы Жоспары:
- •2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары
- •3. Мемлекеттік аумақта ұшу ережелері
- •5.Халықаралық әуе хабандандырылуның құқықтық реттеу
- •6.Әуе кемелерінің құқықтық мәртебесі.
- •6.Халықаралық әуе құқығындағы жауапкершілік.
- •7.Икао Азаматтық авиация бойынша халықаралық ұйым
- •Континентальдық шельф
- •Халықаралық бұғаздар
- •2. Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері мен қағидалары
- •3. Теңіз кеңістіктерінің кұқықтық режимі
- •1) Ішкі теңіз сулары
- •2) Аумақтық теңіз
- •4) Іргелес зона
- •5) Континентальдық шельф
- •8) Халықаралық бұғаздар
- •9) Архипелагтік сулар.
- •10) Теңіз каналдарының құқықтық статусы
- •19. Халықаралық ғарыш құқығы Жоспар
- •20. Халықаралық экологиялық құқық
- •21. Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстанның атқаратын рөлі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Бұл дәріс халықаралық даулардың негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық-құқықтық факторлар жатқандығын ескере отырып жазылған.
- •Тікелей келіссөздер мен кеңес беру халықаралық келіспеушіліктерді шешудің негізгі жолдары ретінде.
- •Халықаралық бітімгершілік процедурасы. Игі қызметтер, татуластырушылық, тергеу және келісім комиссиялары.
- •Халықаралық аралық соттар (арбитраж).
Дипломатиялық корпус
Бұл түсінік тар мағынада да және кең мағынада да қолданылады. Тар мағында мекендеуші мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктер басшыларының жиынтығын білдіреді; кең мағынада бұл дипломатиялық өкілдіктер басшыларының, олардың жанұя мүшелерінің және дипломатиялық персоналдың толық құрамын білдіреді.
Дипломатиялық корпус бұл не саяси не халықаралық құқықтық статусты иеленбейтін ұйым. Ол хаттамалық және салтанаттық сипаттағы функцияны атқарады, дипломаттардың мекендеуші мемлекеттің үкіметтік мекемелерімен және ресми тұлғаларымен, және дипломатиялық өкілдіктердің өз арасында контакт орнатуға ат салысады. Дипломатиялық корпусты дуайен (ақсақал, декан) басқарады класы бойынша және мемлекетте мекендеген уақыты бойынша үлкен бір дипломаттық өкілдіктің басшысы (елші немесе Ватиканның өкілі нунций). Дуайен дипломатиялық корпустың атынан өтініш, құтықтау көңіл айту білдіреді және т.б. жағдайларда сөйлейді; жаңа келген дипломаттарды мекендеуші мемлекетпен, оның ұлттық дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстырады; дипломатиялық корпустың арасындағы даулы сұрақтарды шешеді және этикет және салтанатты сұрақтар бойынша шешім шығарады. Толығымен дипломатилық корпусқа, дуайенге мекен етуші мемлекекеттің ішкі істеріне араласуына, оның үкіметіне ықпал жасауына тыйым салынады.
Дипломатиялық өкілдіктер мен оның персоналының артықшылықтары мен иммунитеттері .
Дипломатиялық өкілдік пен дипломатттар мекендеуші мемлекеттің билігінен тәуелсіз және ерікті болса, олар халықаралық құқықпен қарастырылған қызметтерін толық атқара алады. Осы мақсатта халықаралық құқықта дипломатиялық иммунитеттер мен артықшылықтар институты бар.
Дипломатиялық өкілдіктің және оның персоналының иммунитеттері мен артықшылықтары дегенімізшет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдігі мен оның персоналына халықаралық құқыққа сәйкес берілетін арнайы құқықтар мен артықшылықтар.
Дипломатиялық өкілдіктің иммуниеттері мен артықшылықтары.
Иммунитеттер мен артықшылықтар дипломатиялық өкілдікке егеменді мемлекетті танытатын орган ретінде халықаралық құқық нормаларымен белгіленіп берілген (1961 жылғы Вена конвенциясының 20-28 баптары).
а) Дипломатиялық өкілдіктің үй-жайына қол сұқпаушылық.
Мекен етуші мемлекеттің билік етушілері өкілдік басшысының рұқсатынсыз өкілдіктің үй-жайына кіре алмайды. Олар сонымен қатар бұл үй-жайларды әр түрлі басып кіруден қорғауға немесе зиян келтіруден және өкілдіктің тыныштығын бұзудың немесе ар ожданын қорлаудың алдын алу үшін тиісті шаралар қолдануға міндетті.
Өкілдіктің үй-жайы, оның ішіндегі мүлік сонымен қатар көлігі тінтуден, реквезициялаудан, тәркілеуден және атқару әрекеттерінен иммунитетке ие.
б) өкілдіктің үй-жайы нақты қызметтің түрлеріне салынатын салықтардан басқа, барлық салықтардан, алымдардан және баж салығынан босатылады.
в) өкілдіктің архиві мен құжаттары әр қашан және орналасуына қарамастан қол сұқпаушылыққа ие.
г) өкілдік өз үкіметінен мекендеуші мемлекетте немесе үшінші мемлекетте орналасқан өз мемлекетінің басқа өкілдіктерімен, консулдықтарымен еркін байланыс жасай алуға тиіс.
д) өкілдіктің ресми корреспонденциясы қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық почта ашылуға, қамауға алуға жатпайды. Өкілдік байланыстың барлық түрін, сонымен қатар дипломатиялық курьерлерді кодталған және шифрленеген депештерді, дипломатиялық вализаларды қолдана алады.
Вализа сөзі valіsa - чемодан деген француз сөзінен шықты; және дипломатиялық корреспонденциядан, документтерден тұратын және арнайы өкілеттті тұлғамен (дипкурьер) немесе шығарып салусыз әдеттегі байланыс каналымен жеткізілетін және ашлуға, қамауға алуға жатпайтын жабық және сүргі салынған немесе мөр басылған қапты (чемодан, сумка, пакет т.б.) білдіреді.
е) өкілдік өзінің үй-жайларында және көлігінде (автомобиль және т.б) өз мемлекетінің жалауын және эмблемасын қолдануға құқылы.
Дипломатиялық агенттер мен персоналдың жеке артықшылықтары мен иммунитеттері
«Дипломатиялық агентң термині мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктері мен дипломатиялық персоналдың мүшелерінің жалпы аты ретінде қолданылады, яғни дипломатиялық рангі бар дипломатиялық өкілдіктің басшылары мен персоналдың мүшелерінің атауы үшін.
Дипломатиялық агенттердің жеке артықшылықтары мен иммунитеттеріне мыналар жатады:
а) жеке басқа қол сұқпаушылық. Дипломатиялық агент қандай жағдайда болмасын қамауға алуға жатпайды. Мекендеуші мемлекет оған лайықты құрметпен қатынасуы және оның жеке басына еркіне, ар-ожданына қарсы мекендеуші мемлекеттің мемлекеттік билік органдарынан болсын, сонымен қатар басқа тұлғалардан болсын озбырлықты болдырмау үшін тиісті шаралар қолдануы керек.
б) резиденциясына (тұрғылықты орнына), мүлкіне және корреспонденцияға қол сұқпаушылыққа ие.
Дипломатиялық агенттердің жеке меншік резиденциялары (тұрғын орны) дипломаттық өкілдіктің жайына сияқты қол сұқпаушылыққа орналасқан жеріне қарамастан ие: өкілдіктің ғимаратында, жалға алған жайда немесе қонақ үйдің номері. Оның қағаздары, корреспонденциясы, мүлкі, сонымен қатар көлік транспорты қол сұқпаушылыққа ие. Оларға тінту және басқа мәжбүрлеу әрекеттерін қолдануға болмайды.
в) қылымыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан иммунитет.
Дипломатиялық агенттің үстінен тергеу органдарымен қылмыстық іс қозғалмайды, ол жауапқа тартылмайды, ол сот органдарымен сотталмайды, ол куәгер ретінде сотқа жауап бермеуі керек; ол айыпқа немесе өзге де әкімшілік шараларға тартылмайды.
Дипломатиялық агент сонымен қатар азаматтық юрисдикциядан иммунитетке ие. Мекендеуші мемллекетте азаматық юрисдикция дипломатиялық агентке тек 1961 жылы Вена конвенциясының 31 бабында көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады, мысалы мұрагерлік туралы талап арызды бергенде және дипломат мұраны орындаушы немесе мұрагер болған жағдайда, мекендеуші мемлекеттегі дипломаттың ресми қызметіне байланыссыз кәсіби немесе коммерциялық қызметіне қатысты талап арыз берілгенде.
г)салық иммунитеті. Дипломатиялық агент жанама салықтарды, жеке табысқа салынатын салымдарды, нақты қызмет түрлеріне салымдарды қоспағанда барлық салықтардан, алымдардан және баж салықтарынан, соның ішінде жеке және мүліктік салықтардан босатылады.
д)міндеттерге иммунитет.Мекендеуші мемлекет дипломатиялық агенттті барлық мемлекеттік және еңбектік міндеттерден олардың сипатына қарамастан, және әскери міндеттерден (реквизиция, контрибуция және әскери орналастырулардан) босатуға міндетті.
е) кедендік артықшылықтар. Мекендеуші мемлекет дипломатиялық агентке өкілдіктің қажеттігіне арналған, сонымен қатар дипломаттың жеке қолдануына арналған заттарды алып келуге рұқсат етеді. Осы заттар тасымалдау, сақтау және осыған ұқсас қызметтерден басқа кедендік салықтардан, алымдардан және баж салымынан босатылады.
Дипломатиялық агенттің жеке жүгі, мемлекеттің заңымен немесе карантиндік ережемен алып кіру және алып шығуға тыйым салынған заттардың барына түйінді негіз болмаса, тексеруден босатылады.
Дипломатиялық агенттің жеке артықшылықтары мен иммунитеттері оның жанұя мүшелеріне егер олар дипломатиялық агентпен бірге тұрса және мекендеуші мемлекеттің азаматтары болмаса тарайды (1961 жылғы Вена конвенциясының 37 бабы).
Әкімшілік-техникалық персоналдың және оның жанұя мүшелерінің иммунитеттері мен артықшылықтары дипломатиялық персоналдың иммунитеттері мен артықшылқтарына теңестіріледі, әкімшілік және азаматтық юрисдикцияға иммунитет тек әкімшілік-техникалық персоналдың өз қызметінің міндеттерін атқарғанда ғана қолданылады.
Дипломатиялық өкілдіктің басшысының артықшылықтары мен иммунитеттері.
Дипломатиялық өкілдіктің басшысы дипломатиялық агентке берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді толық көлемде иеленеді; осымен қатар ол өз мемлекетінің жалауын көтеруге, діни дәстүр жасау үшін кішкентай шіркеу иеленуге, баспаларды алуға, мемлекетің өкілі ретінде өзіне құрмет көрсетілуге құқылы.
Иммунитеттер мен артықшылықтарды иеленуге құқығы бар әрбір тұлға оларды мекендеу мемлекеттінің территориясына келген кезден бастап иеленеді, яғни шекарадан өткен кезден бастап, егер тұлға мекендеуші мемлекеттің территориясында орналасып қойса, онда сол мемлекеттің сыртқы істер министірлігіне оның тағайындалуы туралы ескерткен кезден бастап аталған құқықтарға ие болады.
Егер дипломатиялық агент үшінші мемлекеттің территориясы арқылы алдын ала келісіп (егер оған транзиттік виза берілген болса) өтетін болса үшінші мемлекет оны тағайындалған орнына жету үшін немесе одан қайту үшін қажетті қол сұқпаушылық және басқа да иммунитеттермен қамтамасыз етеді.
Иммуниететер мен артықшылықтардың күші оны пайдаланатын тұлға өз қызметін тоқтатқанда және сол тұлға мекендеуші мемлекеттен кеткенде немесе белгіленген қызмет мерзімі аяқталғанда тоқтатылады.
Артықшылықтар мен иммунитеттер дипломатиялық агентке лауазымды тұлға ретінде беріледі, сондықтан ол олардан өз мемлекетінің үкіметінің рұқсатынсыз бас тарта алмайды. Өзінің дипломатиялық агентінің артықшылықтары мен иммунитеттерінен тек қана аккредиттаған мемлекет бас тарта алады.
Мекендеуші мемлекетке қатысты дипломатиялық агенттің міндеттері.
1961 жылғы Вена конвенциясына сәйкес дипломатиялық агенттер:
1. мекендеуші мемлекеттің заңдары мен үкімдерін сыйлауға;
2. мекендеуші мемлекеттің ішкі істеріне араласпауға;
3. мекендеуші мемлекеттегі барлық ресми істерді оның сыртқы істер министрлігі арқылы немесе аккредиттаған мемлекет пен мекендеуші мемлекеттің арасындағы тиісті келісім бойынша басқа министрліктер арқылы жүргізуге;
4. өкілдіктің үй-жайын өкілдіктің функияларына сәйкес келмейтін мақсаттарда қолданбауға (мысалы қылмыскерге баспана беру);
5. радио хабарларды мекендеуші мемлекеттегі өкілетті органдардың келісімімен ғана орнатуға және пайдалануға міндетті.
БҰҰ және басқа ұйымдардың жанындағы мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері
Мемлекеттің сыртқы қатынасқа түсудегі шетелдік органдарына БҰҰ-ң және басқа халықаралық ұйымдардың жанындағы мемлекеттің тұрақты өкілдіктері жатады. Осы органның құқықтық статусы 14 наурыз 1975 жылғы мемлекеттің әмбебап сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастағы өкілдіктер туралы Вена конвенциясымен реттеледі.
Мемлекеттің тұрақты өкілдіктері бұл халықаралық ұйымдарда өз мемлекетін таныстыратын және белгілі бір қызметтерді атқаратын мемлекеттік органдар.
Халықаралық ұйымдардағы мемлекеттің өкілдіктері (1975 жылғы Вена конвенциясының 6 бабы) келесі функцияларға ие:
а) ұйымдарда жіберген мемлекеттің өкілдігін қамтамасыз етеді;
б) ұйым мен жіберген мемлекеттің арасында тұрақты байланысты ұстанады;
в) ұйымдарда және оның шеңберінде келіссөз жүргізеді;
г) ұйымның қызыметі жөнінде жіберген мемлекттің үкіметін ақпаратпен жабдықтайды;
д) жіберген мемлекетті ұйымның қызыметіне қатыстырылуын қамтамасыз етеді;
е) ұйымға деген қатынасында жіберген мемлекеттің мүдделерін қорғайды;
ж) ұйыммен қызыметтесу арқылы және оның шеңберінде ұйымның мақсаттары мен қағидаларының жүзеге асырылуына атсалысады7
Атап өткен функциялар барлық әмбебап халықаралық ұйымдардың жанындағы, соның ішінде БҰҰ жанындағы мемлекеттердің өкілдіктері үшін де қатысты.
БҰҰ жанындағы тұрақты мемлекеттік өкілдіктер және олардың қызметшшілері негізінде дипломатиялық өкілдіктер (елшілік және миссия), олардың дипломатиялық персоналы мен басқа қызметкерлері ие болатын иммунитеттер мен артықшылықтарды қолданады.
Халықаралық ұйымның жанында мемлекеттер өздерінің бақылаушыларын ұстай алады. Бақылаушылар халықаралық конференциялардың жұмысына да қатыса алады.
Бақылаушылар - халықаралық үкіметаралық ұйымдардың, халықаралық конференциялардың қызыметіне шектеулі түрде қатысатын мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, ұлт-азаттық қозғалыстардың өкілдері.
Бақылаушылар шешім шығаруға, жұмыс органдарының қалыптасуында және олардың қызметіне қатыспайды. Бірақ олар органдардың отырысына қатысуға (Бас Ассамблеяның отырысында, Қауіпсіздік Кеңесте, бас комитеттерінде және басқаларда) күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша талқылауға қатысуға және өз ұсынысын енгізуге, ұйымдарда өз өкілдіктерінің құжаттарын таратуға және ұйымдардың материалдарын алуға құқықлы.
Бақылаушылардың тұрақты миссиялары мына функцияларды атқаруға тиіс (1975 ж. Вена конвенциясы 7 бап):
а) жіберген мемлекеттің өкілдіктерін қамтамасыз етуге, оның ұйымдағы мүддесін қорғауға және ұйыммен байланысты қамтамасыз етуге;
б) ұйым қызметінің мәнін анықтау және өз мемлекетіне бұл қызмет жөнінде хабарлау;
в) ұйыммен қызметтесуге жәрдемдесу және онымен келісім шарт бекіту.
1975 жылғы Вена конвенциясы бойынша халықаралық ұйым жанындағы бақылаушылардың тұрақты миссиялары, халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдіктің құқықтық жағдайына теңестірілген артықшылықтар мен иммунитеттерді қоса құқықтық мәртебеге ие.
Арнайы миссиялар.
Арнайы миссиялар мемлекеттің сыртқы қарым-қатынасқа түсудегі уақытша шетелдік органдарына жатады. «Дипломатиялық миссияң терминінің бірнеше мағынасы бар.
Біріншіден, бұл термин дипломатиялық функцияны орындау мағынасында қолданылады.
Екіншіден, миссия деп іске сенімді немесе уәкіл басқаратын дипломатиялық өкілдікті айтамыз.
Үшіншіден, бұл термин өз үкіметі жүктеген арнайы, бір ретті міндетті атқаруға жіберілген өкілдік немесе делегация.8
Арнайы миссия бір мемлекеттен басқа мемлекеттерге уақытша және өкілдік негізде болатын, белгілі бір міндеттерді немесе нақты сұрақтарды қарастыруға жіберіледі.
Арнайы миссиялар мемлекеттегі юбилейлік салтанаттарға қатысу үшін, халықаралық мәжіліс дайындау үшін, халықаралық келісім бекіту үшін, саяси негіздегі келісімдер бекіту үшін қолданылады.
1969 жылғы 8 желтоқсанда БҰҰ-да арнайы миссиялар жөнінде конвенция қабылданды.
Конвенцияның 3 бабына сәйкес бір мемлекет басқа мемлекетке арнайы миссияны мемлекеттер арасында дипломатиялық және консулдық байланыс болмаса да жібере алады. Мемлекеттер арасында дипломатиялық қатынастар үзілсе де, арнайы миссиялардың қызметі бірден тоқтамайды.
Арнайы миссияны көпсанды делегация таныта алады; миссияны бір тұлға да іс жүзіне асыра алады (арнайы өкілетті, ерекше тапсырма бойынша елші және т.б.)
Арнайы миссияның өкілеттігін мемлекет басшысы, үкімет басшысы, сыртқы істер министрі немесе арнайы миссияның міндеті мен оның дәрежесіне байланысты тиісті министрліктің министрі анықтайды.
Арнайы миссияның басшылығында мемлекет басшысы немесе үкімет басшысы тұруы мүмкін. Бұл жағдайда мисссия ең жоғарғы дәрежеде болады, себебі арнайы өкілеттік қажет етілмейді. Делегация құрамына оның мүшелері, кеңесшілер және эксперттер кіруі мүмкін.
Арнайы мисссияның ерекше белгілері:
а) әдетте арнайы миссиямен мемлекеттер алмасады;
б) арнайы миссияның қызметі уақытша сипатта болады және миссиялар нақты мәселелерді шешу үшін құрылғандықтан мақсатты бағытқа ие;
в) қысқа уақыт аралығында қызмет істейді, алдына қойған міндетті шешу миссия қызметінің аяқталу уақыты болып табылады;
г) миссияны басқаруға және құрамына бұрын соңды дипломатиялық статусы болмаған саяси қызметкерлер қатыса алады (танымал ғалымдар, парламентарий, әскери басшылар). Екі немесе бірнеше мемлекеттер үшінші мемлекеттің келісімімен, оның территориясына арнайы миссия жібере алады.9
Миссияның басшылары мен мүшелеріне шетел мемлекетінің территориясында 1961 жылғы Вена конвенциясында көзделген иммунитеттер мен артықшылықтар беріледі.
Консулдық құқық
Қазіргі мемлекет аралық қатынастарды екі негізгі топқа бөлуге болады:
а)Саяси қатынастар
б)Экономикалық және мәдени қатынастар
Сөзсіз мұнда саяси қатынастар басты роль атқарды. Саяси қатынастардың элементтері ретінде құқықтық, дипломатиялық және әскери байланыстар болады. Олардан туындайтын элементтер экономикалық және мәдени қатынастарға кіреді.
Мемлекет аралық қатынастарды былай шартты түрде бөліп, бұл аяларда қызмет көрсететін шет мемлекеттердің сыртқы қатынас органдарын 2 негізгі топқа бөлуге болады: дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер.
Консулдық мекемелер.
Егер де дипломатиялық өкілдіктер ең алдымен мемлекет аралық қатынастардың саяси аспектілерімен айналысса, консульстволар мемлекеттердің экономикалық, құқықтық және олардан туындайтын байланыстарды үзбеу және дамыту үшін құрылады.10
Мемлекет арасындағы консулдық қатынастар әдетте дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан кейін пайда болады. Бірақ дипломатиялық қатынастар болмаса да, консулдық қатынастар арнайы келісім негізінде пайда болуы мүмкін. Дипломатиялық қатынастардың үзілуі консулдық қатнастардың бірден үзілуіне әкеліп соқпайды.
Дипломатиялық өкілдік жоқ мемлекеттерде мекендеу мемлекетінің келісімімен консулға дипломатиялық функциаларды атқаруға жол беріледі.
Мемлекеттердің консулдық қатынастары арнайы консулдық мекемелерімен (консульстволар) және дипломатиялық өкілдіктердің жанындағы консулдық бөлімдерімен жүзеге асырылады.
Консулдық құқық - бұл консулдық мекемелерінің қызметін, олардың персонал мүшелерінің мәртебесін, функцияларын, құқықтар пен міндеттерін реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың жиынтығы.11 Яғни консулдық құқық халықаралық құқықтың бір саласы болып табылады. Консулдық құқықтың қайнар көздері: халықаралық әдет-ғұрып, халықаралық шарттар.
Консулдық құқықта халықаралық әдет-ғұрып халықаралық шарттар сияқты маңызды орын алмайды.
Мемлекет арасындағы консулдық құқық қатынастарын реттейтін халықаралық шарттардың (көпжақты да, екі жақты да) қатарынан екі жақты консулдық конвенциялар мен келісімдер негізгі орын алады.
Консулдық мәселелер бойынша халықаралық көпжақты шарттардың ішінде 3 негізгі консулдық конвенциялар бар. Олардың екеуі аумақтық сипатта: 1911жылғы консулдық функциялар туралы Каракас Конвенциясы және 1928 жылғы консулдық шенеуніктер туралы Гавана Конвенциясы; ал, универсалды құжат ретінде 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы болып табылды. 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1993 жылы 31 наурызда қосылды.
Қазақстан Республикасында консулдық қызметін реттейтін құқықтық базасы құрылды.
Қабылданған нормативтік құжаттардың қатарынан бірнешеуін атап кетуге болады, олар: 5 наурызда 1993 ж Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрінің бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің консулдық басқармасы туралың Ереже; 1997 жылы 29 қаңтар «Қазақстан Республикасының құрметті (штаттан тыс) консулы туралың ғ254 Ереже; 1999ж 27 қыркүйек Қазақстан Республикасы Президенті ғ 217 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық Жарғысы.
Консулдық өкілдіктер (мекемелер) - бұл өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен азаматтарын, экономикалық және тағы басқалар мүдделерін қорғау мақсатымен мекендеу мемлекеттің территориясында оның келісімімен құрылған бір мемлекеттің арнайы органдары.
Консулдық мекемелердің дипломатиялық өкілдіктерден елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы, консулдық мекемелер мекендеу мемлекеттің барлық аумағында емес, тек бір ғана алдын-ала анықталған аймақта қызмет жасайды. Бұл консулдық аймақ мемлекеттердің келісімі негізінде анықталады.
Аккредитация берген мемлекеттің мекендеу мемлекетінде бір ғана дипломатиялық өкілдігі (елшілік, миссия) болады, ал консулдық мекемелер бірнеше консулдық аймақтарда құрылып, саны бірнеше болуы мүмкін.
Консулдық мекемелерді 2 түрге бөлуге болады:
Дипломатилық өкілдіктердің консулдық бөлімдері
Жеке консулдық мекемелер
Жеке консулдық мекемелер келесі класстарға бөлінеді.
Бас консульстволар
Консульстволар
Вице консульстволар
Консулдық агенстволар
«Консулдық мекемең деген термин бас консульствоға, вице-консульствоға және консулдық агенстволарға қолданылады (1963ж Вена конвенциясы 1б. 1т.)
Консулдық мекеменің сыныбы, консулдық аймақтың шекарасы және консулдық мекеменің орналасу жері сияқты мәселелер мемлекеттерінің келісімімен анықталады.
Бас консульстволар негізінен ірі саяси және экономикалық маңызы бар мекендеу мемлекеттің орталықтарында құрылады. Оның құрамына бірнеше консулдық аймақтар кіре алады.
Консульстволар мен вице-консульстволар мемлекеттің кішірек аудандарында ашылып, бір ғана консулдық аймақ шегінде қызмет жасайды.
Ал, консулдық агенстволар қазіргі халықаралық тәжірибеде сирек құрылады.
Консулдық агенттер консулдық аймақтың белгілі бір жерлерге тағайындалуы мүмкін. Олар берілген аймақтағы консулдың бұйрықтарын орындайды және оған бағынышты болады.
Консулдық өкілдіктерді сыныптары әртүрлі консулдар басқарады.
Консул - ол бір мемлекетпен, консулдық функцияларын орындау үшін басқа мемлекетке тағайындалған лауазымды тұлға.
Консулдық лауазымды тұлғаның 4 сыныбы бар.
Бас консул
Консул
Вице консул
Консулдық агент
Бас консул бас консульстваны басқарады. Сәйкесінше, консульство мен вице-консулствоны консул мен вице консул басқарады, консулдық агентствоның басында консулдық агент тұрады.
Консулдық класстарды консулды жіберген мемлекет өзінің ұлттық заңда көрсетілген тәртіппен береді.
Консулдық лауазымды тұлға болып (штаттық консул) әдетте тек жіберген мемлекеттің азаматы бола алады және олар өз мемлекеттің мемлекет қызметкерлері болып табылады.
Бірақ консул болып мекендеу мемлекетінің азаматы не үшінші мемлекеттің азаматы бола алады. Мұндай консул құрметті немесе штаттан тыс консул деп аталады. Штаттан тыс консул өкілдік ететін мемлекеттің мемлекеттік қызметінде тұрмайды бірақ оның тапсырмасы бойынша белгілі бір консулдық аймақта консулдық функцияларын атқарады. Бұл қызмет үшін штаттан тыс консул жалақы алмайды. Бірақ ол консул сияқты аккредитация берген мемлекеттің заңында белгіленген тарифіне сәйкес азаматтар, заңды тұлғалардың сұрауы бойынша ресми әрекеттері үшін олардан алымдарды ала алады.
Консул тек өз аймағының жергілікті билік органдарымен ғана жүйелі байланыста болады. Ал мекендеу мемлекеттінің орталық органдарымен консулдық функцияларға қатысты сұрақтар бойынша өз мемлекеттінің дипломатиялық өкілдігі арқылы байланысады.
1963ж Вена Конвенциясы мен орнатылған тәжірибеге сай консулдық өкілдігінің негізгі функциялары болып:
Өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен азаматтарының мүдделерін қорғау.
Екі мемлекеттің арасындағы сауда, экономикалық, мәдени, ғылыми және т.б байланыстардың дамуына жәрдемдесу.
Консулдық аймақтың өмірі туралы саяси, экономикалық, ғылыми және құқықтық ақпаратты заңды түрде жинау мен өз мемлекеттінің тиісті ведомстволарымен таныстыру.
Консулдық аймақта тұратын өз мемлекет азаматтарының тізімін жүргізеді және оларға қатысты әкімшілік пен нотариялдық функциялары атқарады (туу, өлім, неке қию немесе ажырасу туралы куәліктерді беру)
Өз мемлекетінің заңды түлғалары мен азаматтарына көмек беру және жәрдемдесу, мекендеу мемлекетінің сотында немесе басқа мекемелерінде өз мемлекеттің азаматтарына өкілдікті қамтамасыз ету.
Виза, паспорт және азаматтыққа байланысты куәліктерді өз азаматтары мен шетел азаматтарына беру.
Өз мемлекетінен мекендеу мемлекетіне келген теңіз кемелерге және өз мемлекетінде тіркелген әуе кемелерге және олардың экипаждарына қадағалау мен тексеру жүргізу, теңіз және әуе кемелеріне және олардың экипаждарына көмек көрсету, кеме құжаттарын қарау және рәсімдеу, жолда болған әр түрлі оқиғаларды тергеу капитан мен кеме командасының арасында дауларды шешу және т.б.
Консулдық легализация, яғни мекендеу мемлекеті билігінен шығатын құжаттарға қол таңбалардың растығын қол және мөр қою арқылы растау.
Консулдық өкілдіктердің функциялары келесі жағдайларда тоқталады:
Екі жақтың келісімі бойынша аймақта консулдық мекеме жабылған жағдайда.
Екі мемлекеттің арасында әскери дау болған жағдайда.
Консулдық аймақ орналасқан территория үшінші мемлекетке өткен жағдайда.
Консулдың фунциялары келесі жағдайларда тоқталады:
Өз мекмлекетіне қайта шақырылса немесе отставкаға кетсе және оны басқа консулмен ауыстырса.
Консулды «Persona non gratаң деп жарияласа.
